Сайлау құқықтық қатынастары



Сайлау құқықтық қатынастары.
Сайлау құқықтық қатынастарының субьектілері
Сайлау құқықтық қатынастарының мазмұны.
Сайлау құқықтық қатынастарының обьектілері.
Сайлау құқықтық қатынастарын топтастыру
Ресей Федерациясындағы сайлау жүйелері.
Құқықтық қатынастар сайлауды құқықтық реттеу механизімінде маңызды орын алады. Олар сайлау құқығының бір жақты ережелеріне әлеуметтік толықтырулар енгізіп және сайлау үдерісіне қатысушылардың тәртібін іске асырады.
Сайлау құқығы мен заңдарын реттейтін ғалымдар сайлау құқығының табиғатына, оның ішкі құрылымына, сайлау үдерісінің субьектілері мен олардың құқықтыраның кепілдіктеріне басты назар аударады. Ал сайлау құқықтық қатынастарына көңіл бөлінбейтіндіктен, олар қоғамдағы саяси өзгерістердің бұл саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеуші, құқықтық қолданбалы және құқықтық қорғау қызметін қосатын, сайлау құқығының нормаларын іске асыратын, заңды механизімдерін қарастырады. *(10).
Азаматтардың ресми сайлау құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін сайлау құқықтық қатынастарының мәні зор. С.С. Алексеевтің құқықтық қатынастарға берген сипаттамасы бойынша, құқықтық реттеу механизмінің негізгі элементі ретінде сайлау құқықтық қатынастары:
Біріншіден, сайлау заңының жеке нормаларының әрекеті белгілі бір мезгілде таралатын, тұлғалар ауқымын тіркейді;
Екіншіден, сайлау үдерісінің субьектілеріне тиісті тәртіптің заңды құрылымын анықтайды;
Үшіншіден, азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етудің арнайы заңды құралдарын іске асырудың шарты болып табылады.
Яғни, сайлау құқықтық қатынастары сайлау туралы заңның сайлау тәжірибесімен тұрақты байланысын қамтамасыз етудің әмбебап құралы, әлеуметтік-саяси үдерістің сайлау компаниясын қалыптастыратын, нақты сайлауды ұйымдастырудың нормативтік үлгісін түзейтін жалғыз тәсіл.
Соған орай, конституциялық нормалар негізінде қалыптасқан құқықтық қатынастар қатысушылардың қатаң дербес құқықтық қатынастарының жоқтығымен сипатталады. Сонымен бірге, олар өздеріне қатысты заңдардың мазмұны мен құрылымына тікелей әсер ететін, жоғарғы нормативтік мүмкіндікке ие. Бұл қатынастар басқа қоғамдық қатынастардың бастапқы нормативтік – құқықтық қамтамасыз етілу негіздерін анықтайтын, құқықтық реттеу обьектілерінің маңыздылығымен негізделген, ерекше, ресми – құқықтық дәрежесін ерекшелейді. Азаматтардың сайлау құқығын қарастыратын, РФ конституциясының 32-бабын іске асырумен байланысты құрылатын, конституциялық-құқықтық қатынастар барлық сайлау құқықтық қатынастарының ресми- құқықтық негізі ретінде рөл атқарады. *(11).
Азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ететін және мемлекеттің міндеттерін көрсететін, конституциялық – құқықтық қатынаста азаматтардың және басқа да сайлауға қатысушылардың күнделікті әрекетінде, сайлау құқығын іске асыру үшін міндетті шарт болып табылатын, барлық сайлау құқықтық қатынастарында әлеуметтік –саяси мән қамтылған.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Сайлау құқықтық қатынастары.

Құқықтық қатынастар сайлауды құқықтық реттеу механизімінде маңызды орын
алады. Олар сайлау құқығының бір жақты ережелеріне әлеуметтік толықтырулар
енгізіп және сайлау үдерісіне қатысушылардың тәртібін іске асырады.

Сайлау құқығы мен заңдарын реттейтін ғалымдар сайлау құқығының
табиғатына, оның ішкі құрылымына, сайлау үдерісінің субьектілері мен
олардың құқықтыраның кепілдіктеріне басты назар аударады. Ал сайлау
құқықтық қатынастарына көңіл бөлінбейтіндіктен, олар қоғамдағы саяси
өзгерістердің бұл саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеуші, құқықтық
қолданбалы және құқықтық қорғау қызметін қосатын, сайлау құқығының
нормаларын іске асыратын, заңды механизімдерін қарастырады. *(10).

Азаматтардың ресми сайлау құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін
сайлау құқықтық қатынастарының мәні зор. С.С. Алексеевтің құқықтық
қатынастарға берген сипаттамасы бойынша, құқықтық реттеу механизмінің
негізгі элементі ретінде сайлау құқықтық қатынастары:

Біріншіден, сайлау заңының жеке нормаларының әрекеті белгілі бір
мезгілде таралатын, тұлғалар ауқымын тіркейді;

Екіншіден, сайлау үдерісінің субьектілеріне тиісті тәртіптің заңды
құрылымын анықтайды;

Үшіншіден, азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етудің арнайы заңды
құралдарын іске асырудың шарты болып табылады.

Яғни, сайлау құқықтық қатынастары сайлау туралы заңның сайлау
тәжірибесімен тұрақты байланысын қамтамасыз етудің әмбебап құралы,
әлеуметтік-саяси үдерістің сайлау компаниясын қалыптастыратын, нақты
сайлауды ұйымдастырудың нормативтік үлгісін түзейтін жалғыз тәсіл.

Соған орай, конституциялық нормалар негізінде қалыптасқан құқықтық
қатынастар қатысушылардың қатаң дербес құқықтық қатынастарының жоқтығымен
сипатталады. Сонымен бірге, олар өздеріне қатысты заңдардың мазмұны мен
құрылымына тікелей әсер ететін, жоғарғы нормативтік мүмкіндікке ие. Бұл
қатынастар басқа қоғамдық қатынастардың бастапқы нормативтік – құқықтық
қамтамасыз етілу негіздерін анықтайтын, құқықтық реттеу обьектілерінің
маңыздылығымен негізделген, ерекше, ресми – құқықтық дәрежесін ерекшелейді.
Азаматтардың сайлау құқығын қарастыратын, РФ конституциясының 32-бабын іске
асырумен байланысты құрылатын, конституциялық-құқықтық қатынастар барлық
сайлау құқықтық қатынастарының ресми- құқықтық негізі ретінде рөл атқарады.
*(11).

Азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ететін және мемлекеттің
міндеттерін көрсететін, конституциялық – құқықтық қатынаста азаматтардың
және басқа да сайлауға қатысушылардың күнделікті әрекетінде, сайлау құқығын
іске асыру үшін міндетті шарт болып табылатын, барлық сайлау құқықтық
қатынастарында әлеуметтік –саяси мән қамтылған.

Сайлау құқықтық қатынастарының табиғыты мен әлеуметтік мәнін ашу үшін
олардың конститутивтік белгілеріне тоқталу қажет. Сайлау құқықтық
қатынастары құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады және олар кез-
келген құқықтық қатынастарға тән барлық қасиеттерге ие. Алайда, олардың
өздеріне ғана тиісті белгілері болғандықтан, құқықтық қатынастардың дербес
түрі болып табылады.

Сайлау құқықтық қатынастарының ерекшелігі әлеуметтік-саяси мазмұнды
қамтиды. Ол арқылы РФ Конституциясының 3-бабында қарастырылған, халық
билігі, референдум мен еркін сайлау іске асырылады. Демократиялық сайлау
арқылы мемлекеттік және жергілікті билікке халық билігін ұластыратын
азаматтардың қатысуын заң жүзінде қажет ет отырып, сайлау құқықтық
қатынастары РФ-ның билігін іске асыруға септігін тигізіп, демократиялық
жүйенің барлық институттарының қалыптасуы мен қызмет етуінің маңызды заңды
бөлшігі болып табылады.

Әрине, сайлау барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың барлығы
бірдей заңдастыруды қажет етпейді. Олардың кейбіреулері саяси күштердің
сайлау алаңында іске асатын ішкі шаруасы болатындықтан, құқықпен
реттелмейді және саяси құқықтық қатынастарға жатқызылмайды. Осылайша, саяси
партиялар мен қозғалыстардың сайлау блоктарын құру мақсатында серіктес
іздестіру тәсілдері, үміткерлерді іріктеу нұсқалары және тағы басқа
әрекеттер құқықтық реттеуді қажет етпейтіндіктен, сайлау құқықтық
қатынастарымен қамтылмаған.

Сайлау құқықтық қатынастарының ресми қызметі сайлаудың ұйымдастырылуы
мен өткізілуін құқықтық қамтамасыз етумен қатар, сайлау арасында
азаматтардың сайлау құқығын іске асырудың тиісті жағдайларын қалыптастыруға
да таралады. Олардың қатарына сайлау-шыларды үздіксіз тіркеу жүйесінің
қызмет етуімен, сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті мен
сайлау жүйесін дамытудың федералдық және аймақтық іске асырылуымен және
жасалуымен, сайлаушылар мен олардың еркі туралы ақпаратты өңдеу және
сақтаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізумен байланысты сайлау
құқығымен реттелген қатынастар жатады.

Сайлау құқықтық қатынастары азаматтардың мемлекеттік билік пен
жергілікті басқару органдарына сайлауына байланысты конституциялық құқығын
іске асырады. Олар сәйкес конституциялық–құқықтық қатынастан туындап, оны
сайлауды ұйымдастыру мен өткізу барысында, сайлау арасындағы кезеңде
дамытады және жетілдіреді. Сайлау құқықтық қатынастары шеңберінде
азаматтардың сайлау құқығының іске асырылуына алғышарттар жасалады және
ресми билік оны ұстанушы мен жалғыз қайнарынан сайланатын мемлекеттік және
жергілікті органдарға, лауазымды тұлғаларға өтуі іске асырылады.

Сайлау құқықтық қатынастарының құрылымы сайлау нәтижелері бойынша ресми
биліктің берілуіне орай қалыптасатын, құқықтық ресми қатынас ретінде
олардың табиғатымен анықталады. Ресми түрде бастапқы нұсқада олардың
қатысушылары негізгі кепілдіктер туралы федералдық заңда көрсетілген.
Сайлау үдерісінің субьектілері мыналар: сайлаушылар, сайлау коммисиялары
мен олардың мүшелері, сайлау бірлестіктері (блоктар), бақылаушылар, сенімді
тұлғалар. Бір жағынан, сайлау құқықтық қатынастары сайлаушылар, үміткерлер
мен сайлау коммисиялары секілді тұлғаларсыз өмір сүре алмайды, екінші
жағынан, бұл субьектілердің құқықтық қатынастарға қатысушылардың арасында
болуы олардың сайлау құқықтық қатынастары ретінде сипатталуымен үздіксіз
байланыста. *(12).

Сайлау құқықтық қатынастардың негізгі субьектілері сайлаушылар мен
мемлекттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланатын
үміткерлер екендігі сөзсіз. Олар сайлау құқықтық қатынастардың негізгі
қатысушылары, бұл құқықтық қатынас түрінің құрылымы, мазмұны мен қарқыны
субьектілерге байланысты. Дегенмен, азаматтардың сайлау құқықтарын іске
асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін, сайлау коммисияларының қызметі де аса
маңызды. Себебі, олар сайлаудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизімін
құрайды және қызмет атқаруына септігін тигізеді.

Сайлау құқықтық қатынастардың заңды құрылымы жағынан ол материалдық
және Іс жүргізушілік құқықтық қатынастың кешені болып табылады.
Әдебиеттерде бұл қатынастар, ең алдымен, Іс жүргізушілік қатынастар ретінде
көрсетіледі.

Азаматтардың сайлау құқығының қарқынды сипаты мен сайлау табиғаты заңды
қорғаныстың тәсілдерімен байланысты, Іс жүргізушілік сайлау құқықтық
қатынастарын түзейтін, бірқатар сайлау әрекеттерін іске асыруды
қалыптастырады.

Сайлау құқықтық қатынастарын сотпен қорғау артықшылығы сайлау кезіндегі
кикілжіндерді дер кезінде қарастыруды қамтамасыз ететіндей, соттың жұмысын
ұйымдастыруға міндеттелетін негізгі кепілдіктер туралы федералдық заңда
көрсетілген. Сайлау нәтижелері туралы сайлау комиссияларының шешімдері тек
сот тәртібінде ғана жоққа шығарылу мүмкін. Сонымен, сайлау құқықтық
қатынастарының заңды мәні бар салдары сот шешімі негізінде ғана қайта
қарастырыла алады.

Сайлау құқықтық қатынастарының жеке ерекшеліктерін талдау барысында
сайлау комиссияларының негізін құрайтын қоғамдық қатынастарға әсер етуші
элемент болып табылатын, сайлау заңының нормаларымен анықталатын жағдайды
ескеру керек. Сайлау заңы азаматтардың конституциялық саайлау құқықтарын
іске асыру үшін қажетті алғышарт болып табылатын және мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының демократиялық сайлау негізінде
өңделуін қамтамасыз етеді. Сайлау заңы болмаған жағдайда сайлауды
ұйымдастыру мен өткізу кезінде азаматтардың сайлау құқықтарын іске асырудың
міндетті алғышарты ретінде сайлау құқықтық қатынастарының өмір сүруі мен
дамуы мүмкін емес.

Сайлау заңының жеке заңды құрылымы болмағандығын ескерсек, сайлау
құқықтық қатынастары негізінде туындаған түрлі салалардың нормалары кешенін
қамтитындықтан, азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруды қамтамасыз
етумен байланысты тығыз бірлікпен сипатталады, ал дербес алғанда олар
конституциялық, әкімшілік, қар-жылық, қылмыстық, еңбек, азаматтық іс-
жүргізушілік және тағы басқа құқықтық салалармен байланыса алады.

Сайлау құқықтық қатынастарының ерекшелігі құқықтық қатынас-тардың ішкі
құрылымында, құрылымдық ұйымдастырылуында, яғни субьектілерде, мазмұн мен
обьектілерде.

Сайлау құқықтық қатынастарының субьектілері

Сайлау құқықтық қатынастары қатысушылардың көптігімен сипатталады.
Алайда, бұл құқықтық қатынастың түрінде мемлекеттік және жергілікті билік
органдарына сайлауды дайындаумен және өткізумен байланысты, құқықтар мен
міндеттерді ұстанушылар ретінде болуы субьектілерге ортақ құбылыс. Сайлау
құқықтық қатынастарының субьектілері негізгі 4 топқа бөлінеді. Олар жеке
және ұйымдық, саяси және әкімшілік. Олардың үйлесілімдігі сайлау құқықтық
қатынастарының күрделі құрамын, олардың мазмұны мен құрылымын анықтайды.
*(13).

Кеңесу дауысына ие сайлау коммисиясының бақылаушылары мен мүшелері
сайлаушылар, үміткерлер, тіркелген үміткерлер, сенімді тұлғалар ретінде
сайлау құқықтық қатынастарына түсетін құқығы мен бостандықтарды негізгі
ұстанушылар бірінші топқа кіретін азаматтар болып табылады. Негізгі
кепілдіктер туралы Федералдық заң қабылданғаннан кейін бұл топқа заңның 18-
бабына сәйкес сайлау өткізілетін жерде тұрақты тұратын шетел азаматтары да
кіреді.

Екінші топқа саяси сипат алатын азаматтардың заңды тәртіпте тіркелген,
сайлау бірлестіктері мен олардың блоктары (саяси партиялар, саяси ұйымдар,
саяси қозғалыстар) кіреді. Сайлау бірлестіктері мен олардың блоктары –
сайлау құқығы мен сайлау компаниясында дербес қатысушы ретінде жұмыс
істейтін, ұйымдық субьект. Сайлау өткізудің жеке кезеңдерінде сайлау
бірлестіктері (блок) тікелей емес, өзінің құзыретті өкілдері арқылы
құқықтарын іске асыра алатынын ескеру керек.

Заң туралы әдебиеттерде кездесетін пікір бойынша, сайлау құқықтық
қатынастардың ерекше, құзыретті субьектісі ретінде халық- мемлекеттік және
жергілікті өзін-өзі басқаратын органдарын қалыптастыру саласында құқықтық
субьективтілікке толық ие, Ресей Федерациясының билігін ұстанушы және
жалғыз өзі бостандыққа ие болып табылады. Алайда бұл пікірмен келісу қиын,
себебі, халық адамдардың ортақ тарихи және территориялық белгілердің
бірлестігіне ие әлеуметтік қауымдастық болғандықтан, қатысушылардың міндеті
заңның жеке тұлғалануы мен ресми нақтылықты талап етпейтін, саяси
қатынастардың субьектісі ретінде қарастырылу мүмкін. Ал құқықтық
байланыстары жағынан, еркін сайлауға қатысу құқығы халықтың ерекше
танылуына қатысты емес.

Халық әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде биліктің жалғыз қайнар көзі
болып табылады. Бірақ бұл биліктің сайланбалы мемлекеттік және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарына берілуі халыққа емес, Ресей Федерациясының
азаматтарына тиісті сайлау құқығын іске асыру арқылы орындалады.
Азаматтардың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына
сайланатын және конституциялық сайлау құқықтарының жалғыз иегерлері
екендігі кездейсоқ емес.

Сайлау құқықтық қатынастардың субьектілері тобына түрлі мемлекеттік
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, бұқаралық ақпарат
құралдары, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сонымен бірге, лауазымды
тұлғалар кіреді. Оларға ортақ белгі- сайлау заңының бұзылуына кедергі
келтіру мен қажетті жағдайда тұлғаларды жауапқа тарту, сайлауды ұйымдастыру
мен өткізуге қолайлы жағдайлар жасауын – тұлғалар ретінде ғана сайлау
құқықтық қатынастарына түседі.

Сайлау құқықтық қатынастары субьектілерінің бұл тобында басты рөлді
сайлау комиссиялары атқарады. Олардың басты міндеттері сайлауды дайындау
және өткізу, Ресей азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру мен қорғау.
Мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдары, мекемелер, ұйымдар
мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтіндіктен, олардың лауазымды тұлғалары
сайлау комиссияларына құзыреттерін іске асыруға септігін тигізулері қажет.
Ал бұқаралық ақпарат құралдары РФ-ның актілері, субьектілері мен негізгі
кепілдіктері туралы заңда көрсетілген тәртіппен сайлау комиссияларының
ақпараттарын жариялауға және сайлау компанияларының үгіт-насихат жүргізуіне
теңдей мүмкіндік беруге міндетті. *(14).

Сайлау құқықтық қатынастарына сот органдарының қатысуына ерекше
тоқталған жөн. Олар РФ-да сайлаудың кез-келген деңгейінде азаматтардың
сайлау құқықтарына әмбебап кепілдік жасайды, азамат-тардың сайлау
комиссиялары мен басқа субьектілердің қатысуымен кез-келген сайлау
мәселелерін қарастыруға құқылы. Сот органдары сайлау туралы заңның
бұзылуына сайлау құқықтық қатынастарының басқа қатысушыларының бастамасы
бойынша ғана іске қосылмай, прокурор, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, мемлекеттік билік органдары, сайлау бірлестіктері (блоктар)
сайлаушылар, сайлау бірлестіктерінің арыздары бойынша сайлауды белгілей
алады.

Бұл топтың ерекшелігі – олар өз құзыреттері шегінде ғана сайлау
құқықтық қатынастарына қатыса алады. Бұл жағдайға көңіл аудару қажет,
себебі, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының өз құзыреттеріне
қарамастан, сайлау белгілеуден бұлтарған жағдайлары кездеседі. Бұл
шешімдердің негізі ретінде органдар сайлау заңында тыйым салын-бағандығына
сілтеп отыр. Алайда, сілтеменің сайлау туралы заңдардың талаптарына сәйкес
емес, оның мазмұнына негізделмеген, сайлау құқықтық қатынастарының бұл
субьектілерінің құзыреттерін реттеудің айрықша рұқсат берілген әрекеттер
тәсілін есепке алмайды. Мұндай әкімшілік бұзушылық сайлау құқықтық
қатынастарының шегінде ресми билік өкілдерінің қызметтерінде заңды
құқыққа үміткер еді.

Сайлау құқықтық қатынастарының мазмұны.

Сайлау құқықтық қатынастарының мазмұны қатысушылардың субьективтік
құқықтары мен заңды міндеттерін құрайды. Сайлау құқығы мен олардың
кепілдіктері (міндетердің арнайы заңды түрі ретінде) құқықтық
қатынастарының негізгі құрауышын қалыптастырады. Олар арқылы құқықтық
қатынастардың субьектілерінің және міндетті тәртібінің үлгісі анықталады.
Сонымен бірге, құқықтық қатынастардың мазмұны бірдей емес, оның түрлі
құбылыстары бар екендігін ескерген жөн. Сондықтан, құқықтық қатынастардың
заңды мазмұнымен (міндеттер мен құқықтардың бірлігі) қатар, материалдық
мазмұнды ажырату қажет. Құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны
субьектілік құқықтар мен заңды міндеттер шегінде сайлау құқықтық
қатынастарының субьектілерінің тәртібінде көрініс табады. Материалдық
мазмұн әлеуметтік-саяси үдерістердің, компания шегінде өтетін нақты
қатынастармен сайлау құқықтық қатынастарды байланыстырса, заңды мазмұн
заңды және нақты сайлау қатынастарының байланыс механизміне қызмет
көрсетеді, сайлау құқықтық қатынастарының материалдық мазмұнының
сәйкестігін қамтамасыз етудің құқықтық құралы болып табылады.

Сайлау құқықтық қатынастарының заңды мазмұны қатысушыларға тәуелсіз, ал
материалдық мазмұн, керісінше, әр бір нақты жағдайда, сайлау үдерісі
субьектілерінің тәртіп құрылымы мен сипаты бойынша әлеуметтік
толықтырулармен аса ерекшеленеді. *(15).

Сайлау құқықтық қатынастар шегінде субьективтік құқықтар олардың заңды
мазмұнының элементі ретінде азаматтардың сайлау құқығы арқылы іске асады.
Негізгі кепілдіктер туралы федералдық заңның 2 бабына сәйкес оларға
азаматтардың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына
сайлау мен сайлану, үміткерлерді (үміткерлер тізімін) ұсыну, сайлау алды
үгіт-насихат жүргізу, сайлау нәтижелерін, сайлау комиссиясы жұмысына
бақылау жүргізу, сайлау нәтижелерін анықтау құқықтары жатады. Бұл тізімге
сайлауды белгілеу туралы сотқа өтініш жазу, сайлау комиссиясының құрылуы
мен жұмысына қатысу, үміткерлер мен сайлау бірлестіктерінің сайлау
компанияларын қаржылық қамтамасыз ету және тағы басқа құқықтар кіреді.
Сайлау құқықтарының сипаттамасы үшін ерекшелік – олар федералдық заңдармен
ғана белгілену мүмкін. Ол туралы РФ конституциясында, адамның құқықтары мен
бостандықтарын реттеу Ресей Федерациясының қарауында болу мүмкін; - делінсе
(71бап), құқықтары мен бостандықтардың шектелуі елдің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, басқа адамдардың құқығы мен заңды мүдделерін, денсаулығын,
конституциялық құрылым негіздерін қорғау мақсатында қажетті болған шекте
ғана федералдық заңдармен іске асырылу мүмкін (55бап).

РФ субьектілерінің заңдар деңгейінде азаматтардың сайлау құқығын
құқықтық реттеу амалдары ресейлік азаматтардың конституциялық дәрежесіне
сәйкес келмейді және сайлау құқықтық қатынастарының заңды мазмұнына
құқықтық әсер ету ретінде қарастырыла алмайды. Осыған орай,
республикалардың, аймақтар, облыстар мен РФ-ның басқа субьектілерінің заңды
билік органдарының құқықшығармашылық қызметінің салдары болып табылатын,
азаматардың сайлау құқығын іске асыру мен қорғанысты қажет етуі керек. Олар
сайлау құқықтық қатынастарының заңды мазмұнының негізгі құрауышы ретінде
қарастырған дұрыс.

Сайлау құқықтық қатынастарының қатысушыларының міндеттері құзыретті
тұлғаның мүддесіне сәйкес сайлау әрекеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге
бағытталған, міндетті тәртіп мөлшерін танытады және азаматтардың сайлау
құқығынан туындайды. Заңды міндеттер сайлау комиссияларына, мемлекеттік
және жергілікті басқару органдарына жүктеледі, қажетті жағдайлар жасау
арқылы азаматтардың сайлау құқығын іске асыруға кепілдік жасайды. Олар
сайлауды белгілеу, сайлау аймақтарын түзу мен үміткерлерді тіркеу,
сайлаушылар тізімін құру, дауыстарды санау, сайлау нәтижелерін анықтау,
азаматтардың сайлау құқығын бұзған үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту
міндеттерін атқарады.

Сайлаушыларға қарағанда, міндетті тұлға түрлі сайлау әрекеттерін іске
асыру барысында өзінің мүдделерін көздемей, сайлау құқығын иеленушілер үшін
қызмет атқарады. РФ Конституциясының 2-бабы бойынша, адам оның құқығы мен
бостандықтары ең жоғарғы құндылық, ал адам мен азаматтардың құқығы мен
бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау мемлекеттің, оның органдары мен
лауазымды тұлғалардың ең басты міндеті болып табылады. Соған орай, сайлау
комиссияларының, мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының міндеттерін азаматтардың
сайлау құқықтарының кепілдігі дәрежесіне ие. Яғни, сайлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Демократия және оның түрлері
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
Қазақстан - тәуелсіз, унитарлық мемлекет
Пәндер