Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат



КІРІСПЕ

І ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі
1.2 Озат педагогикалық тәжірибені үйрету мен жинақтау. Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру мен бақылау

ІІ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАР. ДЫҢ ӘРЕКЕТІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.
2.1 Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
2.2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
2.3 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалдаудың жаңа технологиясы

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

V ҚОСЫМША
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болдаы. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогереске ие. Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық - әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді.
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
1. Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
2. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
3. Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.
4. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.
5. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.
6. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
7. Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
8. Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.
Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.
П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж.
12.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.
13.«Сынып жетекшісі», Алматы, 2003
Н.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы», 1999 ж.
15. Бержанов Қ., С. Мусин «Педагогика тарихы», Алматы, 1984 ж.
16.«Мектеп» журналы, Шымкент, 2005 ж.
17.«Бастауыш мектеп» № 7 , Алматы, 2005 ж.
18. Жрлабаев М.«Педагогика», Алматы, 1992 ж.№
19.«Бастауыш мектеп» № 9, Алматы, 2005 ж.
2О.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Шымкент, 2005 ж.
21.Болдырев Н.И. Класс жетекшісі . -Алматы: Мектеп, 1980.
22. Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тэрбие ісі жөніндегі
орынбасары. Алматы, Әлем, 2000.
23.Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы заңы" 1999ж. 24.Қазақстан Республикасыньщ Гуманитарлык білім беру тұжырымдамасы
1994 ж. 25..Синица И.Е. Педагогтық эдеп және ұстаздық шеберлік. А. 1987ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 бет

І ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-11
1.2 Озат педагогикалық тәжірибені үйрету мен жинақтау. Оқушылардың білім,
білік дағдыларын тексеру мен
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11 -14

ІІ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАР- ДЫҢ ӘРЕКЕТІН
ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.
2.1 Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы,
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-17
2.2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен
формалары ... ...17-19
2.3 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және
бағалдаудың жаңа
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 19-21

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22-23

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .24

V
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...25-2 7

КІРІСПЕ

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді
қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан
факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия)
қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болдаы. Егер
бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі,
педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан
педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында
оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін
түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері
баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін
жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме,
мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің
көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика
үлкен прогереске ие. Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық -
әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық
идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана
туындап келді.

І ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ

үшін ішінара Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық
зерттеудің қай – қайсысында да қолданыс табады. Себебі, педагогикалық
құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді
үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға, ғылым сабаққа
қатысы отырып, оқушылардың егер мұғалім сабақ материалын қызықты түрде
баяндаса, жым – жырт отырып, зейінді тыңдайтынын аңғарады. Одан әрі
зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белсенділікпен
көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады;
жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя отырып,
сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келеді және т.б. Ал кейбіреулер сабаққа
деген енжарлығы мен зейінсіздігін байқатады. Осы құбылыстарды бақылау
зерттеушіге алғашқы болжамдарын қорытындылауға мүмкіндік береді. Оның мән –
мағынасы келесідей болуы ықтимал: 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың
мазмұндығына байланысты, 2) сабақта зейінділік және белсенділік танытқан
оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша нақты
теориялық ой – пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің
көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі.
Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы
түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына
қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу – тәрбие
процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың
таным іс - әрекеті, оқушылар зейін жандандыру, балалар ұжымының іс -
әрекеті және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді
(кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының
мінез – құлқын бақылау) зерттеу бақылау әдісі қолданылады. Бақылау
нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді,
схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу
және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдарды арнайы күнделікке,
хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалдама
мәліметтерімен толықтырады. Оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің, ата –
аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға
қорытынды жасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады.
Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында
болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға
болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез – құлқын,
түрлі іс - әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға
болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып
жүргізіледі.
Бағалау әдісі – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.
Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының
оқу – таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту процесінің міндеттерін
оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын,
білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне
тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру,
тәрбиелеу және дамыту.
Баға – оқушы білімінің басты көрсеткіші.
Бағалау дегеніміз - өлшем.
Өлшемді дұрыс қолдану – шәкірт білімін әділ анықтайтын қазылық жол. Оны
ойластырмай, үстірт жүргізуге болмайды.
Бағалау бес баллдық жүйемен де ұстаздың ауызша мадақтауымен де жүзеге
асырылады.
Баға жазба жұмыстарынан, ауызша жауаптарға, түрлі тексеру жұмыстарына,
дәптер тазалығына, каллиграфия көркемдігіне қойылады. Соның ішінде екі баға
қою реті бастауыш сыныптарда да кездеседі.
Екі баға қою мынадай жағдайларда да болуы мүмкін. Мысалы, сабақ үстінде
оқушының тапсырманы орындағаны, дұрыс жауабы үшін тиісті бағасын алғаннан
кейін де кейбір жұмыстар атқарып, өзінің біліктілігін көрсетсе, журнал
мазмұнына қарап, жауап сәйкес келетін тақырып тұсына екінші рет баға
қойылдаы. Сонымен қатар мұғалім бақылау диктанттарын да жүргізеді және онда
грамматикалық тапсырмалар беріледі. Осы жұмыстарға екі баға қойылады.
Бағалаудың бірнеше тәсілдері бар. Солардың бірі- тест және рейтинг.
Тест. Профессор Ш.А. Амоношвили бағалау-баға берудің ісмерлік нәтижесі,
үрдіс,іскерліктің қорытындысы , шарттық формальдық түрі екендігін айтқан.
Тест- ағылшын сөзі-сынау,тексеру дегени мағынаны береді.
Тесттердің біздің өмірімізде қолданыла бастағанына көп болған жоқ.
Тесттік ббақылау жүйесі-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетін
арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін,
шығармашылық әрекетін белсендіретеді. Оған қоса оқушылардың алған
білімдеріндегі олқылықтарын анықтайды, уақытты тйімды пайдалануға мүмкіндік
береді.
Тест ең алғаш рет 1864 жылы Англияда жеке тұлғаның даму деңгейін өлшеу
әдісі ретінде енгізіліп әуілі психология саласында дамыған. Ол 19 ғасырдан
бастап психология және педагогикалық тест болып бөлінді.
Тест мақсатына қарай мынадай түрлері бар:
а) жеке-дара топтық обьектіні таңдщап алу.
ә) іс-әрәкетінің сипатына жазбаша, ауызща, әрекет орындалу формасы.
б) табиғи(сынып) зертханалық жағдайда жүргізу орнына
в) кинотест, телетест.
г) сөздік-сандық,кеңістік-графикалық көрсету формасына қатысты.
Формасы мен құрылымына байланысты тест сұрақтары мына талаптар бойынша
құрастырылады, олар:
-логикалық байланыстарға берілген есептер;
- ситуациялық есептерді берілген үрдістегі модельді , нақты жағдайға
қатысты шешу;
-бірнеше ұсынылған жауаптың ең жақсысын таңдап алу.
-берілген тапсырмадан дұрыс, дұрыс емес жауапты белгілеу;
-бір жолда бірнеше жауаппен берілген тапсырмалар арқылы негізінде
жазылған тест, әр тапсырмаға байланысты дщұрыс жауапты таңдап алуы керек;
Тесттік тапсырманы құрастырудың әдістемесі, олар:
1.Тексеруге алынған ауқымның тапсырмалары көп болса, соғұрлым оның
сенімділігі жоғары.
2.Әр тапсырманы жан-жақты өңдеу,оған енетін сұрақтарды тиянақты және
бірнеше қайтара тексеру, бұл тесттің сенімділігін анықтауға мүмкіндік
береді.
3. Тәжірибеге сйене отырып әрбір тапсырманың қиындық дәрежесін анықтау.
4. Нәтижесін есептеуді жеңілдету, берілген әрбір үлгі және трафарет
арқылы есептеу.
Рейтинг – ағылшын тілінде torat – бағалау немесе жетістік өлшемі
деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүиесінің артықшылықтары:
1) Оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне
ықпал етеді;
2) Пәндерді оқытуды ізгілендіру ұстандымына жәрдемдеседі;
3) Оқу жұмысында мұғаліммен оқушының ынтымақтастығын
қалыптастырады;
4) Рейтингтік бақылау қызметі диагностикалық, тәрбиелеуші,
дамытушы, бақылаушы және басқарушы ролн де атқара алад;.
5) Рейтингтік жүие оқушылардың танымдық іс-әрәкетіне тікелей
саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ой
әрекетінің сипаттамаларын көрсететін жүйелі байланыс сапасын
арттырады;
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен
қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген
құбылыстардың мәні мен септері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға
келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа
деген әртүрлі мінез – құлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеуші бұл
құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін мұғалімнің ойымен
салыстырғанда жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен әңгімелесудің бірден – бір
жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін түсіндіріп беруге ұмтылады.

Бақылау ммәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен
толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда
негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен
тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып
жетекшілер, мектеп басшылары мен ата – аналар және басқа да қажетті
адамдармен дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы
шәкірттер зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек
десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас
тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті,
зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хаптнамаға жазылады. Кейде зерттеушілерге елеусіз
жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі
эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана
нәтиже береді.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, эксперимент процесті
зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық экспериментерге сүйеніп,
зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары
мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеудің нәтижелері әдеттегі
жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан
эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі –
экспериментті, екіншісі – бақылау объектісі деп аталады. Эксперименттік
объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша,
ал бақылау объектісінде - әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға
сәйкес жүргізіледі. Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып
ұжымын, мектептен тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы
эксперимент объектісі етіп, ал екіншісі бір топ оқушылардың, немесе толық
сынып ұжымын сол сияқты өндірістік звеноны немес бригаданы объектісі етіп
алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментті және бақылау
топтарындағы, сыныптарындағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа
жағынан теңдестіріліп алынған жөн. сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің,
білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді
эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам
жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері
қолданылып келеді. Олардың бірі – табиғи эксперимент – бұл сыныпты, бүкіл
ұжымда оқу – тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу
үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған
болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы,
педагогикалық ғылыми – зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың
немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру
эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын ұйымдастыру формалардың
принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент
жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау
мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдісетрі мен
тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық
құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымының бір топ бала бөлініп
алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай
түрін лабараториялық эксперимент деп атайды.
Әрбір эксперименттің мақсаты зерттелетін тақырыптың сипаты мен
мазмұнына, ал мерзімі – мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми – зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже
береді. Бірақ, эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып
жинақтау үшін бақылау, әңгіме, құжаттаремн танысу, сияқты зерттеу әдістері
де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық құралдардың да
кеңінен пайдаланылғаны жөн.
Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын – ала зерттеу мақсаты белгіленген
мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс - әрекеті. Бұл сипаттағы
эксперименттер әр түрлі жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта
жасау, бақылау эксперименттері.
Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті – зерттеу жұмыстарының
бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен
танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің
өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа
әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым – оқушылардың өзіндік
бақылау әдістерін қаншалықты білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз
оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.
Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғанын
анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту – қайта жасау
экспериментіне кіріседі, яғни алдын – ала түзілген жоспар бойынша
оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін
ендіреді. Егер нәтиже намды болып шықса, алынған көрсеткіштер теориялық
талдаудан өтіп, бұл әдістің мектеп жұмысында қолданылуы, жөнінде қажетті
қорытындылар жасалады.
Бұл проблема жөнінде зерттеу барысының келесі кезеңі аталған
эксперимент бойынша жетіскен көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы көпшілік
мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет бақылау экспериментінің жәрдемімен
шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа мектептер мен мұғалімдердің
тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың
дрыстығын негіздесе, зерттеуші ең соңғы деректерді бір ғылыми тұжырымға
жеткізіп, қорына өз жаңалығы етіп қосады.
Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін зерттеу
әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп
құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс – құжаттарын көздеп отыру үлкен
маңызға ие. Мысалы, оқушылардың күнделікті сабақ бағаларының оларпдың жалпы
үлгеріміне ықпалын білу үшін мектеп журналымен, өткен жылдардағы
табельдермен танысып шығу орынды. Мектеп кітапханасындағы балалардың
оқырман карточкасымен танысу олардың қызығу өрісінен хабар береді. Үй
тапсырма дәптерін көре отырып, зерттеуші баланың үйге берілген жмыстарды
орындауға деген қатынасын байқайды. Белгілі бір тақырыпта еркін шығарма
жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын
болжауы мүмкін және т.б.
Мектеп жұмыстарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағы ешбір күдікті
мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұ лмектеп және мектептен
тыс тәрбие мекемелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп
құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу –
тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме
мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің
баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің
баяндамалары мен ғылыми мақалалары жатады.

1.2 ОЗАТ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҮЙРЕНУ МЕН ЖИНАҚТАУ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ
БІЛІК ДАҒДЫЛАРНЫН ТЕКСЕРУ МЕН БАҚЫЛАУ.

Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік,
дағдыларды меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз
ету міндеттерін шешуді көздейді. Басты кезекте бастауыш сынып оқушыларының
игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін зерттеуді қажет етеді. Бұл
зерттеуде оқушы игерген білім, білік, дағдылар жүйесін тексеру мен
бағалаудың рөлі ерекше.
Әр пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қойылатын талаптар
бұрынғы бағдарламаларда да болады. Бірақ, ол талаптар білім мазмүнының
жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана анықталғандықтан, оқу үрдісін
оқушылардың жеке бас ереккшеліктерін (қабілетіндегі, икемділігіндегі, жалпы
дамуындағы т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
Жаңа оқу бағдарламалары жобасында бастауыш білім мазмұны оқушылардың
білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгейімен
беріледі:
1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі
(немесе деңгейі).
2. Оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажетті деңгейі
(міндетті деңгейі).
Бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс.
Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім, білік,
дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Іс жүзінде осы екі деңгейдегі білім мазмұны бастауыш сатыдағы
мемлекеттік білім стандартының негізі болып табылады.
Оқушылардың меңгерген білім мен біліктерінің міндетті деңгейіндегі
талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап,
тексеруге болады.
Тапсырмалар міндетті деңгейіндегі талаптардың мазмұнын толық
қамтитындықтан, олардың орындалу нәтижесі пәнінен алған оқушы білімі мен
біліктердің объективті жағдайын көрсетеді.
Бұл тапсырмалар нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады:
оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың
себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын
белгілейді.
Қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесінде оқушының игерген білім, білік,
дағдыларын тексеру мен бағалаудың бірнеше формалары бар: осыған орай
бақылап – бағалаудың бес баллдық жүйесінің басқа формалары мен түрлері
анықталып отыр. Мысалы: тестік жүйе, рейтингтік жүйе.
Одан басқа бастауыш сынып оқушыларының білімін бақылаудың түрлеріне
күнделікті бақылау, тақырыптық бақылау, жатады және тексерудің бұл
көрсетілген түрлері ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Осылардың әрқайсысына
қойылатын талаптар жүйесін анықтайық.
Баға – оқушы білімінің басты көрсеткіші.
Бағалау дегеніміз - өлшем.
Өлшемді дұрыс қолдану – шәкірт білімін әділ анықтайтын қазылық жол. Оны
ойластырмай, үстірт жүргізуге болмайды.
Бағалау бес баллдық жүйемен де ұстаздың ауызша мадақтауымен де жүзеге
асырылады.
Баға жазба жұмыстарынан, ауызша жауаптарға, түрлі тексеру жұмыстарына,
дәптер тазалығына, каллиграфия көркемдігіне қойылады. Соның ішінде екі баға
қою реті бастауыш сыныптарда да кездеседі.
Екі баға қою мынадай жағдайларда да болуы мүмкін. Мысалы, сабақ үстінде
оқушының тапсырманы орындағаны, дұрыс жауабы үшін тиісті бағасын алғаннан
кейін де кейбір жұмыстар атқарып, өзінің біліктілігін көрсетсе, журнал
мазмұнына қарап, жауап сәйкес келетін тақырып тұсына екінші рет баға
қойылдаы. Сонымен қатар мұғалім бақылау диктанттарын да жүргізеді және онда
грамматикалық тапсырмалар беріледі. Осы жұмыстарға екі баға қойылады.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және
шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен
тәрбиенің практикасын жан – жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми
мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық
озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын
алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай
тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең
зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің
өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі
мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу
тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне
байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың
немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу
материалдарына талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады.
Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі
әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде
оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен
іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен
елеулі кемшіліктіреді көре бастайды. Ол үшін мұғалім педагогикалық
әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография
жасайды.
Педагогимкалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін - өзі іс жүзінде
көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зертеп, жинақтау – озат
тәжірибені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады.
Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау этаптарынан
өтеді:
1. Іс – тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беттерін
сыныптардағы сынып жетекшілермен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың
қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және белсенділігі
туралы әңгіме жасалады. Зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.
2. Оқу – тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы 2 – 3 жылдардың
ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, сынып
жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып
журналы, оқушылардың дәптері, рефераттары, техника және көркем
шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және
педагогикалық тақырыптарға жасалған баяндамалары, журнал
беттерінде жарияланған мақалалары және басқа еңбектері.
3. Алдын – ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына
кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.
4. Зерттеу сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе
тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс нәтижелері тәжірибесі
зерттелетін мұғалімнің жұмысымен салыстырылады.
5. Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас
тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына
кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесізерттелетін мұғалімнің
ісімен салыстыраылады.
Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей
зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми зерттеу
институтының жазба пікірі бойынша Педагогикалық оқуларға, егер көлемді
болса баспаларда жариялауға ұсынылады.
Мұғалім озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің
тәжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас
бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының
элементін енгізеді. Озат идеяларды және педагогикалық тәжірибені енгізу мен
таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы
насихатталынады.
Ауызша насихат – бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде, аудандық
әдістемелік кабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында
өткізілетін арнайы мәслихаттарды, семинарларда озат тәжірибе туралы
лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озат мұғалімдердің
жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар
өзара пікір алмасып, оқу – тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын
белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында
әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық – педагогикалық
еңбектер, ғылыми - әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады.
Педагогикалық озат тәжірибені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске
енгізуде, әсіресе, Педагогикалық оқулардың маңызы өте зор. Педагогикалық
оқуларды өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған
жақсы тәжірибе оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және
таратылады.
Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу – тәрбие жұмысының озат
әдістерін біліп қана қоймай, оларды практикада тыңғылықты игеру қажет.
Педагогикалық озат тәжірибені практикаға енгізудің кейбір жолдары:
1. Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық әдістер, жақсы
тәжірибелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды
мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми - әдістемелік
ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.
2. Педагогикалық озат тәжірибені терең зерттеу және оқу – тәрбие
процесін енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне
(бір – екі бастауыш сынып мұғалімдеріне, бір – екі жоғары сынып
пән мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелікпрән
бірлестігі жетекшілермен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол
педагогикалық кеңесте бекітіледі.
3. Мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысна
басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды
жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап
отырады.
4. Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың
оқу – тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.
5. Озат тәжірибе педагогикалық практикада өз орнын берік алғаннан
кейін, оқу – тәрбие процесіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу
қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің, сонан соң кең
түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.
Көптеген өмірлік маңызы бар күрделі проблемалық мәселелерді терең
зерттеп, жинақтау жеке адамның немесе кейбір мектеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулер түрлері
Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық диагностика үрдісі
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Педагогикалық психология ғылым ретінде
Білім беру сапасының мониторинг жүйелері
Эмпирикалық зерттеу әдістері, педагогика ғылымындағы рөлі
Оқушылардың білімділігінің педагогикалық диагностикалаудың әдістері мен құралдары
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Пәндер