Қабыршақ қанаттылар отряды саналуандылығы және Қазақстанда кездесетін түрлері


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қабыршақ қанаттылар отряды саналуандылығы және Қазақстанда кездесетін түрлері
Қабылдаған: Төлебаев Н.
Орындаған: Жураханова Н.
Тобы: ЖБИ-011.
Түркістан - 2012 ж.
Жоспар
1 Қабыршақ қанаттылар
2 Астық сұр көбелегі
3 Капуста қоңыр көбелегі
4 Түн көбелектері
5 Махаон көбелегі
6 Аполлон көбелегі
7 Адмирал көбелегі
8 Дән қоңыр көбелегі
9 Жапырақ ширатқыш көбелектер
10 Шаң көбелектер
11 Геликонидтер көбелегі
12 Қалақай көбелегі
13 Мақтаның күйе көбелегі
Пайдаланылған әдебиеттер
Қабыршақ қанаттылар
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше: λεπίς, көне грекше: λεπίδος - қабыршақ және көне грекше: πτερόν - қанат) - жәндіктер класының бір отряды.
Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.
Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұз. 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос «жалған» аяқтары болады.
Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі - жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік - жұмыртқасының әр түрлі пішінді болуы.
Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т. б. қоректенеді.
Қабыршақ қанаттылырды 3 отряд тармағына бөледі: жақты көбелектер (Lacіnіata) ; тең қанаттылар (Iugata) және әр түрлі қанаттылар (Frenata) . Қазақстанда кездесетін негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар, т. б. Қабыршақ қанаттылырдың өте сирек кездесетін кейбір түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мыс., Тянь-Шань аполлоны, өкшелі сұр көбелек, жолақты тораңғы көбелегі, махаон көбелегі, т. б. Қабыршақ қанаттылырдың 1 мыңнан астам түрлері - екпе өсімдіктердің зиянкестері. Олардың жұлдызқұрттары өсімдіктерді жейді. Әсіресе күздік дақылдар және бидай қоңыр көбелектері, дән қоңыр көбелегі, беде, жоңышқа, капуста, күнбағыс қоңыр көбелектерін атауға болады. Қабыршақ қанаттылырдың орман ш-на зиян келтіретін түрлері де көп (қарағай көбелегі, сақина көбелегі, т. б. ) . Ал кәдімгі күйе көбелектері үйде, қоймада тіршілік ететіндіктен түрлі тағамдар мен теріден тігілген және жүннен тоқылған киімдерді, жиһаз көбелегі ағаштан жасалған жиһаздарды бүлдіреді. Қабыршақ қанаттылырдың табиғатта пайдасы да бар. Мыс., олар гүлді өсімдіктерді, әсіресе, гүлі түнде ашылатын өсімдіктерді тозаңдандырады. Қабыршақ қанаттылырдың кейбір түрінің жібек пілләсі пайдаланылады (тұт, емен, айлант жібек көбелектері)
Астық сұр көбелегі
Астық сұр көбелегі, дән сұр көбелегі (Apamea anceps) - дәнді дақылдар зиянкесі, қоңыр көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Олар бидайды, қара бидайды, аздап арпаны, кейде жүгеріні зақымдайды. Ұз. 15-18 мм,
Беде қоңыр көбелегі, зығыр қоңыр көбелегі (Chlorіdea dіpsacea) - қоңыр көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Қазақстанның далалы және орманды-далалы белдемдерінде кездеседі. Қанатының жайғандағы ұз. 30 - 35 см-дей. Көбелек 600 - 700, кейде 1500 жұмыртқа салады. Оны жарып шыққанжұлдызқұрт жасыл не қызғылт сұр түсті (ұз. 21 - 40 мм) .
Беде, зығыр, соя, мақта, кендір, арахис, күнбағыс, темекі, көксағыз, т. б. дақылдардың жапырағын, тұқым бүрін, тұқымын жеп қоректенеді, топырақ арасында (2 - 5 см тереңдікте) қуыршаққа айналады. Одан шыққан көбелек мамыр айының басында (оңт. аудандарында) не аяғында (солт-те) ұша бастайды. Жылына 2 - 3 рет ұрпақ береді. Негізгі күрес шаралары: Б. қ. к. қуыршаққа айнала бастаған кезде егістікті қопсыту, оның шөбі алынғаннан кейін сүдігер жырту, тех. дақылдар мен бұршақты өсімдіктер себілген жерлерге инсектицид (хлорофос, метафос, т. б. ) шашу.
Капуста қоңыр көбелегі
Капуста қоңыр көбелегі (Barathra brassіcae) - түн
көбелектер тұқымдасына жататын капуста (сондай-ақ темекі, күнбағыс, қызылша, т. б. ) зиянкесі.
Қанатын жайғандағы ұзындығы 50 мм, алдыңғы екі қанаты қоңырқай сұр түсті, бүршік тәрізді екі ақ дағы бар, артқылары - ашық түсті. Жұлдызқұртының ұзындығы 50 мм, түсі сұр жасыл, жасыл не қоңырқай. Жұлдызқұрты көпқоректі, көбінесе капустаны зақымдайды. Қазақстанның батысы мен солт-нде, орт. және оңт. -шығысында көп таралған. Капуста қоңыр көбелегі қуыршақ түрінде топырақ арасында қыстайды. Республиканың оңтүстік және оңүстік-шығысында, жылына екі рет ұрпақ бере алатын жерлерде, көбелектері мамыр айында ұша бастайды. Қазақстанның солт-нде ол жылына бір рет қана ұрпақ береді, көбелектері шілде айының басында шығады. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ұшады. Жұмыртқаларын 40 - 60-тан топтап капуста жапырақтарының астыңғы жағына салады. Жұлдызқұрттары 6 - 15 күннен кейін пайда болып, жапырақтардың төменгі жұмсақ жақтарын жеп, өсімдік бойына тарап кетеді. Ересек жұлдызқұрттары қауданның ішкі қабаттарына еніп, жол салады және оларды өздерінің нәжісімен ластайды. Мұндай қаудан шіріп, жағымсыз иіс шығарады және жеуге жарамсыз болады. Күресу шаралары: агротехникалық шаралар, биологиялық және химиялық препараттарды қолдану.
Түн көбелектері
Түн көбелектері, қоңыр көбелектер (Noctuіdae) - қабыршаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 15 тұқымдас тармағына жататын 25 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда шөлді аймақтардан басқа барлық жерлерде тараған 250-ден астам түрі бар.
Қанатының жазылғандағы ұзындығы 25 - 40 мм аралығында (Бразилияда тіршілік ететін ең үлкені - Thysanіa agrіppіna, оның қанатының ұзындығы 300 мм-ге жуық), денелерін түк басқан, түсі сұрғылт немесе қоңырлау. Алдыңғы қанаттары ұзынша, үшбұрышты, сұр не қоңыр, кейде ашық немесе металл түсті болады. Қанатының үстінде 3 дөңгелек тәрізді таңбалары және бірнеше иректелген көлденең жолақтары бар. Артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда ақшыл келеді. Түн көбелектері атына сай түнде не алакөлеңкеде ұшады. Жұмыртқаларын өсімдікке, өсімдік қалдықтарына немесе топырақ арасына салады. Жұлдызқұрттарының денесі түксіз, тықыр. Құрттары қызғылт қоңыр, қоңыр түсті болады, топырақ арасында жатады. Қуыршақтары (барлық түрлерінің 1 3-і) сирек жұлдызқұрттар, жұмыртқалары қыстайды, кейбір түрлерінің қыстап шығатыны анықталмаған. Түн көбелектері - ауыл шаруашылық мен орман ағаштарының, бақша дақылдарының қауіпті зиянкестері (мыс., күздік қо-ңыр көбелек - өсімдіктердің жер асты бөліктерін; капуста қоңыр көбелегі - капустаны зақымдайды) . Жұлдызқұрттары өскіндермен, жапырақтармен және жемістермен қо-ректенеді. Т. к-мен күрес жолдары: егістіктерге агротех. шаралар: тұқымды себер алдында өңдеу; инсектицидтермен бүрку; биол. әдісті, яғни көбелектердің кейбір түрлеріне қарсы пайдалы жәндіктерді (трихограмма, бракондар) қолдану. Т. к-нің 2 түрі: өкшелі сұр көбелек (Perіprema delphіnіі) және тораңғы көбелек (Catocala optіma) - өте сирек кездесетін түрлер ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Махаон көбелегі
Махаон - желкенділер тұқымдасына жататын көбелек. Қанаттарының құлашы 80-90 мм. Еуразия, Солтұстік Африка және Солтұстік Америкада таралған. Жылы аймақтарда 2-3, солтүстікте бір рет тұқым береді. Ұшу мерзімі: мамыр-маусым және шілде-тамыз. Жұмыртқаларын бір-бірлеп
шатырша гүлдерге салады. Қуыршағы қыстайды. КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген.
Желкенділер көбелегі отряды
Желкенділер - жәндіктер класының көбелектер отрядына жатады.
Дүние жүзінде 550, ал ТМД жерінде 35 түрі кездеседі. Қазақстанда тіршілік ететін көбелектердің ішіндегі ең әдемісі. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Іле-Балқаш бассейнінде шөптесін өсімдіктер арасында жиі кездеседі. Дернәсілі суда өсіп, дамитын пайдалы жәндіктер. Қанатының Ұзындығы 90 мм келеді. Қанаттары әр түрлі түсті өрнектермен кестеленген. Ересектерінің алдыңғы аяғы жақсы дамыған, онда екі тырнақшалары бар; артқы қанатының ішкі жағы оюлы. Көбелек жұлдызқұртының басында шанышқы тәріздес бездері бар. Бұлардан өздеріне тән иіс шығады. Қуыршағы бұршақталып келген, төсеміне басымен жоғары болын бекітіледі. Жетісу өңірінде кездесетін Аполлон, Махаон, Александр деген түрлері "Қызыл кітапқа" енгізілген.
Аполлон көбелегі
Аполлон -желкенділер тұқымының көбелегі. Қанат құлашы 70-90 мм. Негізінде Еуропаның таулы аймақтарындаКавказ, Батыс Сібірде таралған. Жазық далалық аймақтарда сирек кездеседі.
Маусым-қыркүйекте ұшады. Жұлдыз құрттары қоян қырықабатының жапырақтарымен қоректенеді; бастапқы сатыларында жұлдыз құрттар топтасып тіршілік етеді. Пілләмен қоршалған қуыршақтары топырақта болады. Жұмыртқадан шықпаған жұлдыз құрттар қыстайды. ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілген
Адмирал көбелегі
Адмирал (лат. Vanessa atalanta) - көбелек - нимфалидтер тұқымдасы. Қанат құлашы 6 см. Алдыңғы қанатының үсті қара-ақтаңбалары және қызыл қисық орналасқан қызыл жолағы ал шетінде қызыл жолақтар байқалады.
Бүкіл Еуропамен Азияда таралған. Жұлдыз құрттары қалақай жапырақтарына оранып кейде қуыршақ сатысында жапырақта тіршілік етеді. Оңтүстікте жылына екі ұрпақ береді жазғытұрым (қыстақтан кейін) және шілде-кыркүйекте. Алыс жерге көшіп-қонады.
Дән қоңыр көбелегі
Дән қоңыр көбелегі - қабыршақ қанаттылар отрядының түнде ұшатын қоңыр көбелек тұқымдасы.
Қазақстанда ең көп тарағандары кәдімгі дән қоңыр көбелегі (Hadena bsіlіnea) және сұр дән қоңыр көбелегі (H. sordіda) . Кәдімгі дән қоңыр көбелегі барлық жерде кездеседі. Бидай, қарабидай, кейде жүгері, көп жылдық астық тұқымдас шөптердің зиянкесі, ал сұр дән қоңыр көбелегі Қазақстанның дала, орманды дала аймақтарында (солтүстік облыстарда) тіршілік етеді, жаздық бидай зиянкесі. Қанатының жайылғандағы ұзындығы кәдімгі дән қоңыр көбелегінде 40 - 42, сұр дән қоңыр көбелегінде 38 мм-дей. Көбелекмасаққа, кәдімгі дән қоңыр көбелегі сонымен қатар өсімдік жапырағына, сабағына жұмыртқа салады. Жұмыртқа 13 - 14 күнде жұлдызқұртқа айналады, оның ұзындығы 28 мм-дей. Жұлдызқұрт алғашқы түрінде қызғылт сары, екінші түрінде сары түсті болады. Жылына бір рет көбейеді. Топырақта қыстап, көктемде қуыршаққа, жазда (маусым - шілде айларында) көбелекке айналады. Арылу шаралары: астықты дер кезінде жинау, бастыру, егістікті дер кезінде жырту, бидай егістігі мен астық тұқымдас шөптерді химиялық дәрі-дәрмектермен өңдеу.
Жапырақ ширатқыш көбелектер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz