Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология


Бөлім 1. Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология.
Глоссарий :
Вязь - ерекше декоративті жазба
Календарь - латынша «calendae”, яғни “әр айдың бірінші күні” деген сөзінен шыққан
Палимпсестер - пергаменттің үстіне бірнеше рет қайта жазығлған қолжазбалар
Палеография - жазу-сызу материалдары мен оньщ құралын, жазу мен өрнектеу ерекшеліктерін зерттейді
Папирология - папирустардағы жазу-сызуды зерттейді.
Хронология - уақыт өлшемі туралы ғылым
Эпиграфика - тас плиталардьщ, металдың, сүйектің, ағаштың, саз балшық бұйымдардың үстіндегі жазуларды зерттейді
Тақырып 1. Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеография ғылымының дамуы.
Дәріс мақсаты: Қосалқы тарихи пәндерге жеке-жеке түсінік бере отырып, олардың бір-бірімен байланысының негізін ашып көрсету; студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеография ғылымының дамуы.
2. Кирилл жазуы графикасының дамуы. Устав. Жартылай устав. Жедел жазу. Қолжазбаның материалдары. Палимпсестер.
3. Ресейде қағаз өндірісінің дамуы. Дәптерлер мен қолжазба көлемі.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) : Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеография ғылымының дамуы. Бүгінде тарихи ғылым бірқатар жалпы тарихтық, сондай-ақ арнаулы және қосалқы тарихи пәндерді қамтиды. Жалпы тарихи пәндер бүтіндей алғанда қоғам дамуын немесе жеке елдер мен халықтардың тарихын зерттейді. Арнаулы пәндер болса, қоғамдық өмірдің жеке жақтарының тарихын-экономикалық, саяси, әскери, материалдық, мәдениет пен құқық, қоғамдық ой тарихын қарастырады. Бірқатар тарихи пәндер тарихы зерттеудің әдістемесі мен техникасының жалпы да жеке мәселелерін тұжырымдайды. Мұндай ғылыми пәндер қосалқы пәндер деп аталады.
Қосалқы тарихи пәндердін арасында түп дерек тануға ерекше орын беріледі, мұның міндеті тарихи түп деректерді тауып анықтау, оларды ғылыми жүйеге келтіру, сын кезімен талдау, зерттеу мен пайдалану методтарын түжырымдау, әрі, ақырында адамзаттың, өткен шағының тарихын баяндау үшін түп дерек бере алатындардың бәрін, нақтылы да жан-жақты алып анықтап шығу болып табылады.
Кейбір қосалқы тарихи пәндер өз алдына неғұрлым тар мақсаттарды қояды. Бүлардың бірі тарихи түп деректердін, жеке түрлерін зерттеумен шұғылданады. Мәселен, эпиграфика тас плиталардьщ, металдың, сүйектің, ағаштың, саз балшық бұйымдардың, үстіндегі жазуларды, папирология - папирустардағы жазу-сызуды, ал нумизматика басқа міндеттермен қатар - мәнеттердегі мәтіндерді зерттейді. Жекелеген қосалқы тарихи пәндер өзінің назарын жазба түп деректердін, сыртқы белгілерін зерттеуге аударады. Палеография, мәселен, жазу-сызу материалдары мен оньщ қүралын, жазу мен өрнектеу ерекшеліктерін, сфрагистика - баспасөздерді, оның қосымша документтерін, ал геральдика - гербтерді, орта ғасырларда кеңінен таралған ерекше айырым белгілерін зерттейді.
Қосалқы тарихи пәндердің ерекше бір тобы жазба тарихи түп деректердің жеке түрлерінің ғылыми сын тәсілдерін түжырымдайды. Бұған, мәселен, актыларды зерттейтін дипломатика және әдеби шығармалардьщ мәтіні тарихына өзінін, назарын аударатын текстология жатады.
Тарихи түп деректерді зерттеу ушін деректерді тұжырымдауды өз алдына міндет етіп қоятын бірқатар тарихи пәндерді атаған жөн. Бұлардың қатарына, ең алдымен, белгілі бір тарихи оқиғалардың, уақытын анықтаумен шұғылданатын тарихи хронология, өлшемдер және ақша есебі системасын зерттейтін метрология жатқызылады. Түп деректердің ғылыми сыны үшін тарихи өткен шақтың географиясын қалпына келтіретін тарихи география және онымен тығыз байланысты жеке географиялық атаулардың этимологиялық құрылымын, маңызын әрі қайсыбір тілге жататындығын зерттейтін тарихи топонимика көп деректер береді. Тарихи түп деректерді зерттеу үшін рулардың, әулеттер мен жеке адамдардың шығу тегі мен тарихын зерттейтін генеология сияқты қосалқы тарихи пән де маңызды мәліметтер береді.
Палеография дегеніміз - жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән түрі. Ол ғылыми пін ретінде ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Францияда пайда болған.
Палеография дегеніміз жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі су белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Палеографияны білу қолжазбаны дұрыс оқып шығуға, оның пайда болған уақыты мен орнын, автордың аты-жөнін, оның дұрыстығын немесе жалғандығын, мәтін тарихын анықтауға көмектеседі.
Палеография - παλαiοs - «ежелгі» және γραϕω - “жазамын” деген грек сөздерінен шыққан. Сондықтан бұл ғылым ежелгі қолжазбаларды зерттеумен шұғылданды.
Ғылыми пән ретінде палеография XVIII ғасырдың бірінші жартысында Францияда пайда болды, бірақ бұған дейін палеографиялық талдау тәсілдері практикалық мақсаттарда қолданылып келді. XIX ғасырдың бірінші жартысында қолжазбалардың палеографиялық ерекшеліктеріне ғалымдар ерекше көңіл аудара бастады, ал ғасырдың орта кезінде-ақ ең ежелгі славян қолжазбаларына бағалы палеографиялық байқаулары бар А. В. Горскийдің, К. Невоструевтің еңбектері пайда болды.
1885 жылы И. И. Срезневскийдің палеография жөнінде алғашқы оқу құралы жарияланды, ал содан сод бірқатар оқулықтар меп еңбектер, соның ішінде Е. Ф. Карскийдің, Н. П. Лихачевтің, И. С. Беляевтың және А. И. Соболевскийдің еңбектері жазылды.
Кеңестік ғалымдар да палеографияға әрқашан да үлкен көңіл бөліп отырды. 1918 жылы В. Н. Щепкиннің орыс палеографиясы жөніндегі оқулығы басылды, ал 1928 жылы Е. Ф. Карскийдің курсы қайта басылды. Ұлы Отан соғысынан кейін Н. С. Чаев пен Л. В. Черепниннің (1947 оқулықтары, сондай-ақ бірнеше палеографиялық альбомдар жарияланды.
1966 жылы М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьевтің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Орыс палеографиясы» деген арнаулы құралы даярланды.
Кирилл жазуы графикасының дамуы. Устав. Жартылай устав. Жедел жазу. Қолжазбаның материалдары. Палимпсестер. Кирилл жазуының графикасы әр түрлі кезеңдердң өзгерістерге ұшырап отырды. Оның сан алуан түрлерінің ішінен ғалымдар үш негізгі типті - устав, жартылай устав, жедел жазу түрлерін бөліп көрсетеді.
Устав. XIV ғасырдың аяғына дейін үстемдік еткен устав баппен сәнді жазылатын болып келді. Мұндағы әріптердің бәрі суретке салынғандай, ап-айқын болып шығады. Бұлар тіп-тік, қатаң геометриялық формада болады. Ең ежелгі уставта бұл - квадраттар болды деуге болады, ал кейініректе жоғары қарай созылған тік төрт бұрыш болып келеді. Әріптің жоғарғы жағы, әдетте төменгі жағынан кішірек болады. Шиыршықтар тік сызыққа жайымен келіп қосылады. Әріптің жолдан шығуына, әдетте, жол берілмейді.
Мәтінде әріптер өзара қосылмайды, олардың ара қашықтығы әрқашан бірдей, мәтіннің сөздер мен сез тіркестеріне бөлінуі әлі жоқ. Қысқарту өте сирек кездеседі: қасиетті деген сөздерде ғана (құдай, рух және басқалар) жол беріліп, олар міндетті түрде титло астына алынады; жиекке шығарылатын әріптер көп болмаған.
Устав жазба ескерткіштері аз сақталған, ал ежелгілері - XI-XII ғасырдағылары - бірен-саран болып келеді. Бұлар: Остромиров евангелиесі (1056-1057), Святослав Изборнигі (1073-• 1076), Новгород Юрьев монастырына (1130) ұлы князь Мстиславтың грамотасы, Варлаам Хутинскийдің қосымша беті (1192) және басқа да бірнеше ескерткіштер.
Устав жазба өте тиімді болғандықтан, кітап қолжазба гра-фикасында бұлар кейінгі ғасырда да, тіпті XVII ғасырға дейін пайдаланылды.
Жартылай устав. Азаматтық әдебиет дамып, іскерлік тұрғыдағы жазу-сызу таралуына байланысты XIV ғасырдың жартысынан бастап XV ғасырдың аяғына дейін тұрақтап келген жартылай устав пайда болды. Бұл әбден айқын жазу болғанымен неғұрлым жедел, сондықтан да соншалықты ұқыпсыз жазу еді.
Жартылай уставта әріптерді жазудың геометриялық, сымбаттылық принципі бұзылады. Айқын тік сызық орнына қисық сызыққа, тік төрт бұрыштар орнына - үшкір бұрыштарға, ал жаймен өту орнына түзуге қисайтып апарып қоса салуға жол беріледі. Әріптер көлбейлете жазылады.
Әріптердің арасы алшақтай түседі. Көп сөздер қысқартылып, әріптер титло астына түсіріліп жазылады. Жекелеген жағдайларда мәтін сөздер мен сөз тіркестеріне бөлінеді.
Жедел жазу. Жазу процесін едәуір тездетуді талап еткен кітап және іскерлік жазу-сызудың одан әрі дамуы XV ғасырда жедел жазудың пайда болуына жол ашты, бұл москвалық, киевтік және батыстық немесе белорустік болып бірте-бірте бөліне түседі. Жедел жазу, атап айтқанда москвалық жедел жазу, жартылай уставтан шықты, бірақ одан айырмасы: әріптерінін, тұрқы аласа, ені кеңірек созылып, шиыршықтап жазылған, пропорциональды емес болып келеді. Қалай басып, қалай созып жазам десе де, бұл жазу үшін еркіндік тән, жеке әріптердін, варианттары көп-ақ және оны жеңілдету үшін уақыт етуі. мен байланысты өзгерістер де тез болып тұрған.
XVI ғасырдан бастап-ақ және одан соңғы жерде әріптерді біріктіріп жазу соның ішінде жолдағы әріптерді жол үстіндегі таңбамен қосу (шалып алу) барған сайын айқынырақ байқалады, көбіне титлосыз және қысқартуларсыз жазылатын анық әріптер саны көбейе түседі.
1710 жылы азаматтық шрифтерді енгізу орыс жедел жазуын дамытуда жаңа кезеңнің негізін қалады, мұның өзі осы заманғы жазуға барған сайын жақындай түсті. Бұл жазуға тән белгілер - жеке әріптердін, жазылуын унификациялап, оңайлату, қысқарту, ал XVIII ғасырдың аяғынан бастап, шалып жазылатын әріптердің жойылуы сөздерді байланыстырып жазу, тексті қатаң ереже бойынша, сөздер мен сөз тіркестеріне бөлу және бас әріптерді қолдану.
Қазан төңкерісі орыс графикасын дамытуда жаңа кезең ашты. Орыс жазу ережесінің кең реформасын жүргізді. Алфавиттен көптен бері-ақ дербес маңызынан айрылған і, ь, о (фита), v (ижица) әріптері алынып тасталды. Бірқатар әріптердің жазылуында күш пен уақытты үнемдеу мақсаты байқалды. Бұл әріптерді қолбыратқан және олардың оқылуын қиындатқан барлық артық элементтерді жоюдан көрінеді.
Жоғарыда көрсетілген тенденциялардың бәрі осы заманғы жедел жазуда онан әрі дамытыла түсті. Егер де бұл кезенде графика оңайлай түссе, оның есесіне қол жазуынын, жеке түрлері саналуан да күрделі бола түседі. Мұның үстіне тексті бейнелеудің жаңа тәсілдері - стенография, машинага басу түрлері пайда болды. Бұлар негізделген принциптерді оқып үйрену біздің ғылыми пәніміздің міндетіне кіреді.
Алғашқы кездерде Ресейде шетел өндірісінің қағаздары пайдаланылды: XIV-XV ғасырларда - итальян, XV ғасырда - негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды. XVI-XVII ғасырда Ресейде өз қағаз өндірісін қолға ала бастады. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана мұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын - қағазды қолдану -Ресейдің экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.
Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкінлік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады.
Пікірталас өткізу: Жаһандастыру үрдісінің оң және теріс жақтары. (Топты екі жақты пікірді жақтаушыларға бөліп пікір бөлісу. )
Тақырып 2. Жазу құралдары, материалдары және әшекейлері.
Дәріс мақсаты: Жергілікті жерлердегі жазу құралдарының, жазу материалдарының, қолжазбалардың даму кезеңдерін түсіндіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 . Жазу материалдары мен құралдары.
2. Қолжазбалардың форматы мен әшекейі.
3 . Тарихи зерттеулер үрдісінде палеографияны қолдану.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезистер) : Жазу материалы мен құралы. Ежелгі қолжазбалардың басым көпшілігі пергамент пен қағазға жазылған. Сонымен қатар, қайың кабығы да қолданылды. Пергамемтті жасап шығару үшін төлдін, (бұзаудың, қозының т. б. ) терісін алды да, оны мүқият өңдеп шықты. Сөйтіп, жазу үшін әдемі мықты және қолайлы, бірақ төтенше қымбат материал алынды. Бір теріден 2-3 парақ пергамент жасап шығаруға болатын сді. XI-XII ғасырлардағы орыс қолжазбалары Византиядан, Батыс Еуропаның, басқа елдерінен әкелінген пергаментке жазылған. XIII ғасырдан бастап, тұрмыста жергілікті пергамент қолданыла бастады.
Күнделікті тұрмыстық сипаттағы жазбалар үшін XI-XV ғасырларда ежелгі Русьте өңделген қайың қабығын қолданған, демек оның ішкі ылғал бетіне үшкір таяқшамен (сүйек немесе металл) мәтіндер тырналып түсірілген. Қайың қабығы - өте нәзік материал. Бірақ оның дымқыл жерде жақсы сақталатындығы мүлдем кездейсоқ жағдайда белгілі болған. Сондықтан да 500-ге жуық қайың қабығы грамоталары бізге дейін жетіп отыр, бірақ олардын саны әрине бұдан әлдеқайда көп болған ғой.
XIV ғасырдың бірінші жартысында жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла басталды. Қағазға жазылған ең ежелгі документтер: Семен Гордыйдың ағалы-інілі Иван және Андреймен жасасқан шарты (1341), Ярославск Спасск монастырына (1345 жылдар шамасы) Нижегород князі Василий Давыдовичтің жолдаған сыйлық грамотасы, XV ғасырдағы қолжазбалардың-көп бөлігі қағазға жазылған, ал XVI ғасырда сирек жағдайда гана қолданылады.
Алғашқы кездерде Ресейде шетел өндірісінің қағаздары пайдаланылды: XIV-XV ғасырларда - итальян, XV ғасырда - негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды. XVI-XVII ғасырда Ресейде өз қағаз өндірісін қолға ала бастады. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана мұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын - қағазды қолдану -Ресейдің экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.
Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкіндік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады.
Пергамент пен қағазға мәтіндер сиялармен жазылды, бұлар темірден, тері илейтін заттардан, шие желімінен және басқа материалдардан жасалып шығарылды. Бұлар өте тұрақты болды да, ғасырлар бойы сақталды. Қолжазбаларда немесе кітаптарда тақырыптар немесе бас әріптер сырмен, көбіне қызыл сырмен жазылған (осыдан барып орыстың «красная строка» деген сөзі - «жаңа жолдан» бастау келіп шыққан) . Ерекше кітаптар мен маңызды грамоталар желімге езілген алтын түсті немесе күміс түсті бояумен жазылды.
Алғашқы кездерде қаздың қауырсыны (бұлар XIX ғасырдың ортасына дейін) қолданылды, аққу мен «түйе құстың» қауырсыны да сирек те болса қолданылды. XVI ғасырда әуелі контурларды суреттерді жиектеу үшін, ал XVII ғаеырдың аяғынаи бастап жазу үшін де қарындаштар пайдаланыла бастайды. XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап болат қаламұштар пайдаланыла бастайды.
Қолжазбалардың форматы мен әшекейі. Ең ежелгі қолжазбалардың мәтіндері дәптерге қатталған парақтьщ екі жағына бірдей жазылды. Бұлардьщ әрқайсысы төрт қос парақтан (16 беттен) тұрды. Егер қолжазба көлемді болса, дәптерлер кітап болып тігілді. Ұзақ сақталуы үшін ол түптелді. Қүнды кітаптар күміс немесе алтын жалатылып, қымбат тастармен әшекейленген былғарымен қапталып түптелді. XIII ғасырдан бастап ромбы және жүрекше тәрізді таңбалы ірі торда Византия үлгісі бойынша жасалған өрнектеу (тиснение) қолданыла басталды. XVI ғасырдан бастап бұл неғүрлым астарлы да күрделі бола түседі, XVII ғасырдың орта шенінен бастап алтындап салған ернектер үшырайды. Осылайша түптелген кітаптарды бұзылудан сақтау үшін, бұларға кейде сирақтар жасаған (бастышегелер қаққан) .
Қымбат кітаптардың иелері, оның әрбір бетінің өзі көркем шығарма түрінде болуы үшін қап жасаған. Мұны жақсы қағазға әсемдеп жазылғандығынан ғана емес, сондай-ақ арнаулы әшекейлермен безендірілгендігінен де көруге болады. Қолжазбаның немесе тараудың, немесе кейде тіпті абзацтың басында заставкалар, яғни парақтың бүкіл енін, ал биіктігі жағынан кейде оның үштен біріне дейінгісін алып жатқан безендірілген өрнектер жасалды. Қолжазбаның қалған бөліктері инициалдармен, яғни әсем етіліп жазылған және әшекейленген бас әріптермен көріктендірілді. Қейде кітаптың жиегіне («жиектегі гүлшелер»), кітап соңына да әшекей жасалды.
Осы аталған ою, әшекейлердің бәрі белгілі бір стильде болды. XI-XII ғасырларда стильдеген нәрселер кірістіріліп жазылған (негізінен алғанда өсімдік дүниесі), ең қарапайым геометриялық фигуралардан тұратын көне орыс немесе көне Византия ою-өрнегі басым болды. XIII ғасырдан бастап оюларда ұлттық, халықтық сарындардың ықпалы мен сюжеттері орын алды. Өзара өрімделген белдіктер мен бұтақтардың фонында рамка ішінде және одан тыс фантастикалық жануарлар - аждаһалар, грифтер, арыстандар бейнеленді. Ою-өрнектің мұндай стилі ғажайыптық (тератологиялық) деп аталады.
XVI ғасырдың ортасынан Ресейде басталған кітап басудың жағдайларына орай жаңа ою-өрнек туды. Әшекейлер тек екі түсте- аққа қарамен немесе керісінше қараға ақпен жасалды. Бейнелердің көпшілігі аралықтарына стильденген гүлдер және басіқа өсімдіктер салынған геометриялық формалар, әсіресе дөңгелектер мен квадраттар болады. Штрихтар қолданыла бастайды.
Бұдан әрі кітап басудың жетіле түсуі ою-өрнекті күрделілендіруге мүмкіндік берді. Оқырмандардың талғамына сәйкес (XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап) ою-өрнек үш түсті болды да, өнер үстемдік еткен стильдердін, - XVII ғасырда - барокко, XVIII ғасырда- рококо, ал XIX ғасырдың басында --ампира стильдерінің ықпалына ұшырады.
Кітаптан айырмашылығы- грамоталар парақтың бір жақ бетіне жазылды, мұны қолайлы болу үшін екіге немесе үшке тіліп бөлді. Егер де осындай бір парақ жетпесе онда бұған екінші, үшінші парақтар жапсырылды. Сонда лента («столпец») болып шықты, мұның екінші жағына дьяктар өз белгілерін, ал түзетуге жол бермеу үшін жапсырылған жерлеріне «скрепа» жасады. «Столпецтер» XVI-XVII ғасырларда Москва приказдарының іс жүргізу практикасында әсіресе кеңінен қолданылды. Бұлардың көпшілігі мазмұны жағынан өзара байланысқан документтердің бүтін сериясынан тұратын. Мүндай «столпецтер» көбіне 15-20 м, тіпті одан да ұзын болатын. Сондай-ақ жеке документтердің көлемі де бұдан кем болмайтын, көбіне бұдан әлдеқайда артып кетіп те отырды. Вязьбен жазылған мәтіндері бар алғашқы орыс қолжазбалары XIV ғасырдьщ аяғына жатады. XV ғасырда вязь өте кеңінен таралады, ал XVI ғасырда кейбір ірі қалаларда - Мәскеуде, Новгородта, Псковта - вязь жазуынын, өз стилі қалыптасады.
Тарихи зерттеулер үрдісінде палеографияны қолдану. Графиканың даму заңдарын анықтай отырып, палеография ең алдымен қолжазбаны дұрыс оқуға және алғаш қарағанда оқуға қиын болып көрінетіндей жерлерді ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл үшін қолжазбаны оқығанда графика туралы жоғарыда келтірілген материалға сүйенген жөн. Сонымен бірге жеке палеографиялық белгілер мен олардың жиынтығы тек филологиялық қана емес, сонымен бірге тарихи көзқарас тұрғысынан да маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың бірі құжаттардың шығу уақыты туралы мәселе болып табылады.
Түп деректің пайда болған уақытын оның графикасы әрдайым онша дәл көрсете бермейді. Бұл бұрын қолжазба пайда бола алмайтын межені анықтай алады.
Осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен пергаменттің жасалған уақытын анықтау қиын емес, өйткені әдетте, ол жатып қалмаған да, шығарылған бойда пайдаланылған, сондықтан осы жолмен де оның шыққан уақытын білуге болады. Қағазда жазылған текстер судағы таңбалар бойынша неғұрлым дәл даталанады. Бұл үшін даталанбаған қолжазбалардың судағы таңбаларын уақыты дәл көрсетілген жоғарыда аталған альбомдардың судағы таңбаларымен салыстыру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz