Киім қию этикасы мен мәдинеті (Дизайн)


Ф-ОБ-009/16
Кіріспе
Киімнің ынғайлылығы әрі тиімділігімен қатар, бүгінде оның эстетикалық және мәдени қасиеттерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу. Дипломдық жобадағы «Қазақтың ұлттық ер киімдерін жаңа заманауи сән ағымына сай қазақша ұлттық стилінде жасалған «Алашұлы» атты сән үлгісінде таңдалынып алынды.
Дизайн (design) - ағылшын тілінен аударғанда жобалау, сызу, ойлап табу, сондай-ақ жоба, сызба, сурет деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде бұл термин өндіріс бұйымдарын әрі ыңғайлы, әрі әдемі көркемдеп жобалау дегенді білдіреді Киімнің ынғайлылығы әрі тиімділігімен қатар, бүгінде оның эстетикалық және мәдени қасиеттерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу. Біздің мақсатымыз, қазақтың және өзге ұлттардың сән үлгілері өнерінің тарихи сыры мен оны дамытушы киім дизайнерлердің мәнін ашу болып табылады. Бүгінде киім дизайнердің сән үлгілерге, яғни, халық өнеріне қосқан өзіндік ерекше өрнегін, жаңалықтары мен ой-кеңестерін зерделеп, талқылап, бұл киім үлгілері саласындағы қосқан шығармашылық үлесіне арнайы баға беру, әлі күнге дейін шын мәнінде қолға алынған жоқ. Костюм дизайн өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды және аса қажетті сала. Міне, осы сән коллекциялық үлгілерінде ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар, бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі адамдардікі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жәйіттері алға тарта бастауда. Оқу құралы болашақ маманның киім әзірлеу барысында шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға әсер етеді, киім стилі мен сән ұғымы жөнінде мәліметтер беріп, жаңа үлгідегі моделдер мен киім жиынтығын әзірлеуде, шығармашылық іс - әрекеттің негізгі қағидалары, киім жобалау ерекшеліктері жөнінде білім береді.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты: болашақ мұғалімге киім қию этикасы мен мәдинеті жөнінде білім беру, көркемдік талғамын қалыптастыру, алған білімдерін жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс мекемелердің оқу тәрбие үлгісінде қолдана білуге үйрету:
Ф-ОБ-009/16
- жаңа үлгідегі киім үлгілерін әзірлеуге студенттердің шығармашылық іс - әрекетіне жетекшілік жасауға студенттерді дайындау;
- киімді жобалау мен көркемдеп сәндеудің негізгі қағидалары, әдістерімен таныстыру;
- қазіргі заман сән ағымын талдап, зерделеп, белсенді түрде меңгеруге, әрі халық дәстүрін қолдана білуге жағдай жасау;
- мәдениет пен тұрмыстық жағдайға сәйкес, жаңа киім үлгілерін әзірлеуге кәсіби білімі мен дағдысын қалыптастыру;
- белгілі кейіпкерді ойлап шығаруға шығармашылық қабілетін, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту әрі жетілдіру.
Осы курсты меңгеруде студенттер костюм композициясы мен көркем кейіпкерді құрастыру ерекшеліктері, форманың кеңістікте қабылдануы, костюм графикасы мен сурет салу ерекшеліктеріне үйренеді.
Пәнді оқу барысында студенттерге қойылатын талаптар:
- лекция сабақтарында берілген әдебиеттерді зерделеу әрі талдау;
- костюм композициясы ережелері мен заңдылықтарын танып білу;
- практикалық сабақтарда ұсынылған тапсырмаларды орындау;
- мода журналдары мен танысып, соңғы сән бағытындағы өзгешеліктерді зерделеу және салыстыру;
- киім үлгілері мен адам тұлғасының эскизін салып үйрену.
Жалпы киім ұғымы - адамдардың уақытқа қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнеленетін сәнмен тығыз байланыста болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат - міндеттердің ең баты - өз ісін, өнерін жалғастыратын салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойы - пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл адамзат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл - ойымен мәдениеттің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл өзгерістер, көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамымен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі - әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алды мен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу - қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріспен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп, жүннен тоқып, тігіп киетін болған, кейін бертін келе матаға жүн салып сыратын болады. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа қыдыруға, саяжай мен курорттарға.
Ф-ОБ-009/16
Студенттердің лекция барысында алған білімдері мен практикалық дағдысы негізінде орындалған шығармашылық жұмыстарының нәтижесі бойынша графикалық жұмыстардың көрмесін ұйымдастырып, киім үлгілерін демонстрациялауға болады.
Ф-ОБ-009/16
I Бөлім. «СЕМСЕР» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. «СЕМСЕР» киімінің үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер.
Біздің елімізде киімді модельдеудің мемлекеттік маңызы зор. Модельдеу бір жағынан, әртүрлі киімдегі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырса, екінші жағынан адам талғамын арттырып отырады.
Костюм - бұл киім, бас киім, аяқ киім мен қол қап және т. б. бұйымдардың жиынтығын құрайды. Адам тұлғасының формасын шығаруда костюм белсенді роль атқарады. Костюм арқылы адамның сырт көрінісін анықтауға, өзгертуге, ерекшелеуге болады: тұлғаның табиғи нәзіктілігі мен жеңілдігі, форманың монументалдығы, бет әлпеттің пішімі, өңінің қызыл шырайлылығын немесе аққұбалылығын, тіпті қара өңділігін. Костюмнің көмегімен адамның табиғи сырт келбетін өзгертуге болады: тұлғаның көлемі мен бойының биіктілігін көзбояушылық әсер арқылы ұлғайтуға немесе кішірейтуге немесе олардың қатынасын өзгертуге, кемшіліктерді жасыруға болады. Сонымен қатар, костюмнің түстері арқылы көздің, шаштың және беттің түсін айқындап, адамның ішкі жеке маңыздылығын бейнелейді. Ұқыпты әрі жинақы адамның костюмі болбыр, ұқыпсыз адамның киімінен өзгеше болып келеді.
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы болып табылады. Костюм арқылы адамның ішкі жан дүниесі - темпераменті, рухани және ақыл ойы, эстетикалық талғамы мен тәрбиесін айқындауға және анықтауға болады. Қазіргі өндіріс саласында модель, модуль сөзі кеңінен қолдануда.
Модель - өлшем, бейне, норма деген мағына береді, модуль - бұл киім, аяқ киім, бас киімдерді; белгілі бір бұйымның түрі мен маркасын сериялы шығаруға эталон ретінде қолданылады. Модель - латын тілінен аударғанда - ʺүлгіʺ деген мағынаны білдіреді. Өндірісте сериялы нақты киім шығаруда киім моделі үлгі болады. Сондықтан киімді модельдеу - бұл жаңа киім үлгілерін әзірлеу барысы. Киімді моделдеу процесінің басты мазмұнын - композиция құрайды. Киімнің әсемділігі мен мәнділігін композициялау өнерінің арқасында іске асады, яғни киімнің жеке бөліктері және олардың түсі мен формасы, материалының өзара үйлесімділігін костюмнің әсемділігін құрайды. Композицияның негізгі компоненттеріне мыналар жатады: көркемдеу стилі, силуэт пен сызықтар, материал пропроция, түс әшекей. Тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Олар сәулет өнерінде, тұрмыстық бұйымдарда байқалады. Белгілі бір стильдің озінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады. Бұл өзгерістер белгілі бір уақыт аралығында байқалады және ол киім тарихында сән ағымы яғни «мода» деп аталады.
Ф-ОБ-009/16
Мысалы тымақ, найман тымақ, қыпшақ тымақ, адай бөрік, қызай бөрік, ноғай бөрік тағы сондай сияқты кейде географиялық мекен атына қарайды ерекше үлгіге бөлінеді: Қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерінің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Мысалы шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы етек жеңдері ұзын ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі осы жүздің киімдерімен бар жағдайды жасап отырған. Өз құрамына көптеген тайпалар мен халықтарды енгізген және еуроазия даласы тарихында маңызды роль атқарған қазақ этносы, халықтардың бірі болып табылады. Ежелгі және орта ғасырлық Қазақстанның қазақ халқының қалыптасу және бірігу үдерісіне осы тайпалар халықтардың әлеуметтік тарихи даму барысында тудырған тарихи этникалық нақтылы көп санының қатысу ортақтығы қазақ халқын мәдени мұраның мирасқоры деп қарауға негіздеме береді.
Қазақстандағы оңтүстік өңірде шапанның да, ішіктіңде, ойып етек түрлері кездеседі. Ондай ойық кейде тұра арт бойдың етегінен, кейде екі жақ шабудың үстінен жасалады да айналасы жұрындалып, кестеленіп, әдемі өрнектер мен әшекейленеді. Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен трико, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбас, қырмызы, көк мауыт сияқты ширақы маталардан, қой, ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға молдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы етік қонышының ішіне салынатыны да бар, кейде қоныштың сыртындада жүреді. Жеңіл шапан мен бешпеттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алады. Шалбардың балағы екі жағынан ойық болып, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді, көрікті киімдердің бірі болып саналады. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуден бірнеше метр оралған. Белдік пен кісені қайыстан, қабатталған былғары, білезіктермен, терме, белбеулер де болған.
Әйелдер киімдері де әр айшықта әр түрлі болған. Олардың түрлері де әр алуан болған. Солардың ішінде қазаққа тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, кебіс, мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйелдер киімдері әшекей ажар жағынан жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер қарт бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтар мен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін көкірекшесімен кеудесін қатты тартып тастап жүрген. Қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипаты мен сыры мен, сұлулығы мен сәнімен сан
Ф-ОБ-009/16
ғасырлық тарихтық куәсі ретінде бізге жеткен асыл мұра, ерекше өнер түрі. Модаға байланысты киім жаңарып және жетіліп отырады. Әрбір мода бағытына сай киімнің мынадай сызықтары айқындалады: силуэтті, констру ктролы және сәндік.
Силуэт сызықтары - иық сызығы, бел сызығы және бұйымның төменгі сызығы (киімнің орналасу деңгейіне және қыналу дәрежесіне қарай) . Осы негізгі үш сызық арқылы киімнің силуэтін айқындап, оның мәнділігін арттырып пропроционалдығын ашып көрсетеді. Констру ктролы сызықтар -бұл бұйымның негізгі формасын шығаруға қатысатын сызықтар жатады, атап айтсақ: иық сызығы, бүйір сызығы, бел сызығы, жең ойындысы мен жаға ойындысы, бүкперлер мен қатпарлар.
Сәндік сызықтар - олар түрлі әшекейлердің (кестелер, мережкалар, шымшымалар, бүрмелер және т. б. ) сонымен қатар сәндік бөлшектер (жағалар, манжеттер, қақпақтар және т. б. ) арқылы киімге түседі. Сәндік - констру ктролы сызықтар киім формасын шығаруда негізгі роль атқарады. Констру ктролық сызықтар көбіне сәндік те рольді атқарады. Мысалыға: жағаның, қақпақтың, қалтаның жиек, рельефті сызықтары әрі констру ктролы, әрі сәндік сызықтар болып саналады. Киімдегі сызықтардың ерекше маңыздылығымен анықталады: олар көлемді формаға біздің назарымызды аудара отырып, түрлі эмоциялық күйге ұшыратады. Мысалы: көлденең сызықтар - бір қалыптылықты, вертикалды сызықтар - биікке бағыттап, қисық сызықтар - қимыл қозғалысты, көлбеу сызықтар - тұрақсыздықты білдіреді. Түрлі кейіпкердің киімін әзірлеу үшін эмоциялық күйді білдіреді. Киімнің композициялық шешімін табуда эстетикалық талаптарға сай келу үшін констру ктролы сызықтар сәнді констру ктролы рольді атқару тиіс. Сондықтан ондағы сызықтар вертикальды, горизонтальді, диагональді және қиғаш қисық сызықтар болуы мүмкін.
Композицияның басты элементтерінің бірі киім элементтерінің пропроциясы мен киімнің адам денесіне пропроционалды қатынасы. Киімнің силуэтіне және жалпы композициясына адам тұлғасының қатынасына сай бұйымның ұзындығы мен енін анықтап бел сызығының деңгейін белгілейді. Мысалы: ұзын бойлы толық әйелге, қысқы киім қонымсыз болады, себебі пропроциялық қатынас өзгеріп, дене тұлғасы қысқарып көрінеді, тіпті қысқа бойлы әйел көйлегі квадрат ауыр секілді көрінеді. Ал жас әрі бойы орташа, толық емес әйелдерге мұндай көйлектер жарасымды келеді.
Киімді композициялауда матиралдың сыртқы корінісі көркемдік қасиетке ие олар: матаның фактурасы, суреті түсі. Тандалған алғаш модельге сай киімдегі мата суретінің көрерменге әсерін ескеру қажет. Мата суретінің ерекшелігі болашақ бұйымның кострукциясын анықтауға әсер етеді. Киімді көркем кострукциялауда мата түсі үлкен роль атқарады. Белгілі бір түстер арқылы адамның жеке ерекшеліктерін айқындауға немеве оны керісінше жоғалтуға болады.
Ф-ОБ-009/16 .
Композиция өнері дегеніміз ол латынның «compositio» «ойлап табу», «құрастыру» деген созінен шыққан ұғым. Композиция сабақтары тақырыпқа сай түрлі сызықтар, таңбалар арқылы түрлі көлемдегі пішімдер арқылы образды айқындау. Пішімдерді стилизациялау арқылы бір немесе екі түс беру берілген тақырыптың мазмұнын ашады. Түрлі көлемді бұзу, сындыру, өзгерту және түрлі сызықтар арқылы образ жасау мен әдемілік пен әсемдік әлемін алып келеді. Осы процестер бейнелеу өнеріндегі «Композиция» пәнінің тақырыбын кеңейтіп дамыта түседі. Табиғат әлеміне тән композициялық бастама (бүтіндік, симетрия, ырғақ) өнерде өзіндік ерекшелігі мен сипатталады. Композиция - барлық өнер түріне тән. Композицияның бастауы архитектуралық құрылыс негізінде, музыкалық және әдеби шығармалар, мүсіндеу (скультура), кескіндеме (картина), театр құрылымдары мен кинофильмдер енгізінде жатыр. Танымал суретшілердің өнерпаздық өрлеуін талдап айғақтайтындай, олардың теориялық еңбегін - композиция заңдылықтарының негіздері деп мыналарды атауға болады:
- Бүтіндік заңы.
- Үлгі заңдылығы.
- Қарама - қарсылық (контраст) заңдылығы.
- Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы.
Бүтіндік заңының сақтылуының нәтижесінде өнер шығармалары бір тұтас қалпында қабылданады. Бүдіндік заңының мәні композицияның тұтастығын көрсетеді. Бұдан біз композицияны жеке дербес биліктер жиынтығы ретінде қабылдау еместігін байқаймыз. Үлгі заңдылығы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгісінің нақтылы берілуін, композициядағы іс - әрекеттің өрістеуін көрсетеді. Қарама - қарсылық заңдылығы түс қарама - қайшылығын, обьект пішінінің айырмашылығын, көңіл қарама - қайшылығын, бейнеленетін адамдардың психологиялық жағдайының бейнеленуін қарастырады. Композицияның барлық заңдылықтары мен адамдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы - суретші туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын, ондағы жоғары көркем шеберлікті байланыстырады.
Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.
Ерлер бас киімдері:
1. Айыр қалпак
2. Бөрік
3. Тақия
4. Құндыз бөріктер және т. б Ф-ОБ-009
Қазақтың ұлттық киімдері - халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Тігілген матасы, ою-өрнегі мен ондағы әшекей тастарының өзі көп нәрседен хабар беріп, киім иесінің кім екенін елге танытып тұрады. Үлкен талғампаздықпен, әрі аса тапқырлықпен тігілген ұлттық киімдеріміздің бірі - сәукеле.
Сәукеле - ұзатылар қыздың бас киімі. Қалыңдық болғанда бір-ақ рет киетін оны қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін арнайы алдын-ала тіктіреді. Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлері очеркінен» «Күйеу қалыңдығына ұрын келіп кеткеннен кейін қалыңдықтың ата-анасы көптеген кілем, шапан, ішік сықылды жасау әзірлей бастайды, зергерлерге сәукеле жасатады» деген жолдарды кездестіруге болады.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған салт-дәстүр, әдет-ғұрып - асыл қазынамыз. «Халқым қандай десең, салтымнан сұрап біл» дейтін қазақ салт-дәстүрден кенде емес. Мән-мағынасы тереңде жатқан салтымыздың бірі - сәукеле кигізу.
Сәукеле - тек сәндік үшін киілетін бас киім емес, бұлғақтап өскен оң жақтағы өмір мен ақ босаға аттар арасындағы қимас та, қызықты сәттің, жаңа өмірге жасалар қадам .
Камзол - қазақ әйелдерінің киімінде камзолдың орны ерекше болған. Ол да әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқарған. Әйелдің сырт киімі болып табылатын бұл камзолды тек қазақ қана емес, басқа да түркі халықтарының тұрмысына кездестіуге болады.
Әйелдердің камзолы қысқа жеңді немесе жеңсіз болып тігіледі. Өйткені, мұндай камзолдар жұмыс істеуге өте ыңғайлы, ешқандай кедергі келтірмейді. Әйелдердің күні ұзақ үй шаруасымен айналысып, кіріп-шығып жүретінін ескерсек, бұл камзолдар иесін суықтан қорғайды, оның үстіне оның иіліп-бүгіліп жұмыс істеуіне өте қолайлы келеді.
Ф-ОБ-009/16
Камзолдардың материалы көбіне түкті пүліш маталар болады. Бархыттан, шұғадан да тігіледі. Ал, түсіне келсек, ол міндетті түрде бір түсті матадан тігілген. Онда да шымқай қанық түстер таңдалады. Әйелдердің жасына қарай камзол түрі де өзгеріп отырған. Қыздар мен жас келіншектер көбінесе алқызыл түсті камзолдар киген. Мұның өзі жасыл дала, көгілдір ауа астында көзге отттай басылып, алыстан мен-мұндалғандай болған. Ал, орта және одан жоғары жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті камзолдар киеді
Көйлек - әйел әдемілік деген ұйыммен егіз жаратылғаны анық. Әйел затын әдемі ететін оны жан дүниесі ғана емес, көзге көрік, көңілге өрт құятын киім екендігі даусыз. Неше түрлі қос етек көйлекті қыздар тобын қызықпай, құмартпай көру бозбалалар мен жігіттерге мүмкін болмаған. Қырды өртейтін қызғалдақтардай алаулап, көзге оттай басылатын мұндай көркем көйлектер -қазақтың ұлттық киімдерінің басты бөлігі болып табылады. Халық әніндегі: “Қос етек, бұраң бел, қуалай соғар қоңыр жел” деген сазды жолдарды елтімей айту мүмкін емес. Шынында жеңіл де төгілген жібек, шәйі көйлектер кеудеге самал соққандай сезімдер ұялатар еді.
Әйел көйлегін пішудің екі түрі болған: бірі-ұзыннан тұтастай пішу де, екіншісі-мықынға дейін бөлек пішіп, кейін қосып тігу. Қазақтар әйел көйлегінде міндетті түрде жең болуын ойластырған. Сол жеңнің өзіне бір немесе екі қатар желбір жасау арқылы да көркемдік жағы қарастырылады. Тұтастай тігіліп, мойнынан тобыққа дейін төгіліп тұратын көйлектер әдетте ерекше мәнді жағдайларға арналады. Әсіресе, қалыңдықтардың немесе дәулетті адамдардың қыздары мен келіндерінің көйлектері осылай тігіліп, бір қараған адамның назарын өзіне аударуды мақсат етеді.
Көйлектерді сыртынан біз бұған дейін толық сипаттап кеткен камзолдар толықтырып тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz