Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І. Қазақстан аумағының табиғатының
қалыптасу кезендері . . . 4
1. 1. Қазақстан аумағының жер бедерінің
жалпы ерекшеліктері . . . 4
1. 2. Қазақстан аумағының геоморфологиялық
- геологиялық тұрғыдан зерттелуі . . . 8
1. 3. Қазақстан республикасының
геотектоникалық құрылысы . . . 17
ІІ. Қазақстанның пайдалы қазбалары . . . 28
2. 1. Пайдалы қазбалардың түзілу
зандылықтары мен ірі кенді аймақтары . . . 28
2. 2. Қазақстанның жанғыш пайдалы
қазбаларының кен орындары . . . 42
2. 3. Химиялық шикізаттар, агрорудалар мен
құрылыс материалдары . . . 50
2. 4. Қазақстанның қара металдар және
түсті металл кен орындары . . . 74
Қорытынды . . . 97
Пайдаланылған әдебйеттер тізімі . . . 98
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай.
Қазақстан аумағында жер қойнауынан қазылып алынатын хром, темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металлургия, машина өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуғам қолайлы жағдай туғыза отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді.
Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және шетедік компанияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металлургияны дамыту мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Қазақстанның физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктерне негізделіп пайдалы қазбалары түзілу жолдарына қарай топтастыру;
- Көкшетау, Тянь-Шянь, Шыңғыстау-Тарбағатай, Балқаш, Жоңғар, Кенді Алтай, Мұғалжар, Герциндік Шыңғыстау, металогенді белдеулерде таралған қара, түсті және сирек кездесетін металлдардың кендерінің пайда болу жолдарын айқындау;
- Ежелгі Шығыс Европа платформасы мен эпигерциндік Тұран плитасының Қазақстан аумағындағы биогенді және хемогенді жолмен түзілген пайдалы қазбаларының маңызды кен орындарына шаруашылық тұрғыдан баға беру;
- Қазақстан аумағындағы қара және түсті металдардың, жанғыш және кенсіз пайдалы қазбалардың ірі кен орындарын анықтау.
Бітіру жұмысын жоғарыда аталған мақсаттарға сай төменгі міндеттерді шешуді көздейді:
- Қазақстанның физикалық-географиялық орындарының ерекшеліктерімен геологиялық тұрғыдан зерттелуін;
- Қазақстан аумағының геологиялық құрылысының ерекшелігі мен
геологиялық даму тарихын;
- пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары мен металогенді аймақтарын;
- Жанғыш пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен маңызды кен
орындарына;
- қара және түсті металдармен кенсіз пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін, түзілу жолдары мен мен маңызды кен орындарын ;
- құрылыс материалдың кен орындарына кешенді сипатама беріп геологиялық құрылысының ерекшелігін анықтау.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы :
Бітіру жұмысын жоғрғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, орта мектептің мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Қазақстан аумағының физикалық-географиялық орыны, геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларының түзілу заңдылықтары қарастырылып геологиялық картасы мен кестелер берілген.
Екінші тарауда Қазақстандағы ірі мұнай, газ, тас көмір, қара түсті металдар мен кенсіз пайдалы қазбалардың кен орындарына сипаттама беріліп, олардың қорына шаруашылық тұрғыдан баға беру мәселелері қарастырылған.
1 . Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері.
1. 1. Қазақстан аумағының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.
Қазақстанның физикалық-географиялық орны . Қазақстан Евразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Жер көлемі 2 млн. 724 мың шаршы шақырым. Дүние жүзілік мүхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Жер бедері солтүстіктен-оңтүстікке және батыстан-шығысқа қарай биіктейді. Аумағының ірі жер бедерінің күрделі болып келуіне, мұхиттардан қашықта орналасуына байланысты климаты қоңыржай шұғыл континентті. Континенттігі батыстан шығысқа солтүстіктен оңтүстікке қозғалған сайын артады. Қазақстан аумағын қоңыржай белдеудің орманды дала, шөл және шөлейт зоналарының шегінде орналасқан. Таулы аймақтарында биіктік белдеулік айқын байқалады.
Шекарасы. Қазақстанның шекарасының ұзындығы 15000 шақырым шамасында. 12000 шақырым құрлықпен, 3000 шақырымы Каспий, Арал теңіздері арқылы өтеді. Оның ішінде 6160 шақырымы Ресей, 1140 шақырымы Қытай Халық Республикасы, 3050 шақырымы Орта Азия Республикалары арқылы өтеді. (Қырғызстан 1000, Өзбекстан 1600 шақырым) шекарасы төмендегі табиғи мысалдар: Батыс шекарасы Каспий теңізі арқылы Орал сырты, Торғай үстірті, Мұғалжар таулары, жалпы сырт арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасы Үстірт, Тұран ойпаты, Піскен, Талас, Қырғыз, Күнгей, Теріскей, Іле Алатауы, Кетпен, Жоңғар Алатауы арқылы өтеді.
Қазақстанның аумағының ірі болуына байланысты жер бедері алуан түрлі. Оны геотектоникалық құрылысымен аумақтың геологиялық даму тарихымен түсіндіруге болады. Негізі алуан түрлігі ірі тегіс ойпаттар мен жазықтардың кезектесіп келуімен ерекшеленіледі. Батысындағы Маңғыстау түбегінде еліміздің ең терең Қарақия ойысы (-132 м) Қарлы жарықтарға Қуылды (-57 м) ойыстар орналасқан. Шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулардың биіктігі 5000 метрден асады. Ең биік нүктесі Хан Тәңірі 6995 м (7840 м) мен Қарақияның биіктік айырмасы (7128 м) . Жер бедерінің күрделігі жергілікті климатпен табиғи ландшафтларының алуан түрлі болуына ықпал етеді.
Қазақстанның жер бедерінің үш түрлі ерекшелігі бар.
1. Еліміздің көп бөлігін Каспий маңы, Тұран және Батыс Сібір ойпатының Қазақстанды бөлігі Ембі, Жалпы сырт, Торғай үстірті, Бетпақдала үстірттерінің алып жатуы. Каспий маңы ойпаты теңіз денгейінен -28 м. төмен жатқан ежелгі теңіздің табанының көтерілуінен түзілген. Көп бөлігін құмдар мен сортандар алып жатыр. Ойпат солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа Каспий теңізіне дейін аласарады. Солтүстік шығысында Орал Мұғалжар тауларында шектесер тұста Орал алды немесе Ембі, Жалпы Сырт үстірттеріне оңтүстік-шығысында үстіртпен Маңғыстау тауларына ұласады.
Мұғалжар тауының шығысында эпигерциндік платформаның синиклизатциясында Торғай үстірті орналасқан. Ол ежелгі мұз басулардың нәтижесінде Мұғалжар тауынан ысырылған тау жыныстарының жинақталуынан түзілген. Ол батыстан шығысқа қарай аласарып тік беткейленіп Торғай иінімен Батыс Сібір ойпатына ұласады, биіктігі 300-400 м Батыс Сібір ойпатының оңтүстігінде Сарыарқа, шығысында Алтай тауларымен шектесіп, Оңтүстіктен солтүстікке 200-100 м біртіндеп аласарады. Ежелгі мұз басулардың әсерінен түзілген Мареналы шөлдер мен шөл аралық иіндерде шағын тұзды көлдер кездеседі. Қазақстанның шөл және шөлейтті оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы эпмгерциндік платформалы аймағында Тұран ойпаты орналас-қан. Ойпаттың шығысында Сарыарқа, оңтүстігінде Тянь-Шань, батысында Үстірт, солтүстігінде Торғай үстірті мен Мұғалжар таулары мен шектеседі. Ойпат ежелгі Тетис теңізінің таратылуынан түзілгендіктен ойпаттың аумағында Арал маңы, Қарақұм шөлдері орналасқан. Жер бедері толқынды жалды болып келеді. Сарысу, Сырдария өзендерінің аралығында құмды шөлдер сазды шөлдермен алмасып отырады. Батыс Сібір мен Тұран ойпатын Торғай иірі жалғастырады.
Тұран ойпаты Арал теңізіне қарай еңіс болып келеді. Тұран ойпатының шығысында Шу өзенінің сағасында сусымалы құм жолдарынан тұратын Мойынқұм үстірті орналасқан. Оның орташа обсолюттік биіктігі 400 м шамасында, Мойынқұмда сусымалы құм шағылдары мен сазды алқаптар кездесіп отырады. Мойынқұмның шығысында Балқаш жазығымен Сары есік атырау құмды шөлдері орналасқан.
Үстірт Бетпақдаланың жер беті тегіс ішінара толқынды жазық болып келеді. Тұран ойпатының батысы мен Каспий теңізінің аралығындағы кең алқапты обсолюттік биіктігі 200-300м-ге жететін үстірт алып жатыр. Ойпаттарда тік беткейлі жыралар мен жер бедері тегіс болып келеді. Ескі арналар жыралары ментілімденген. Каспий маңы ойпатының солтүстік шығысында абсолюттік биіктігі 250-300-ге жететін төбелі Ембі үстірті, төбелі жонды Жалпы сырт орналасқан.
2. Қазақстанның аласа тау аймақтарының жер бедерінің екінші ерекшелігі. Қазақстанның орталығмен солтүстік батысында аласа таулы аймақтың алып жатуы, аласа таулар ірі ойпаттардан бөлініп жатыр. Шығысында Сарыарқа, батыстан-шығысқа 100 км созылып, шығысында Сауыр-Тарбағатай жотала-рына ұласады. Батысындағы ені 600-700 метр, шығысында 200-400 метр шақырымға жетеді.
Сарыарқа каледон герцин қатпарлығында түзіліп бұзылуға ұшыраған ежелгі таулы аймақ болып табылған. Батысындағы орташа биіктігі 500-600 метрге, шығысы біршама биік ежелгі тау сілемдеріне Ұлытау (1131 м), Көкшетау (947 м), Ақсорап (1565 м), Қызыларай (1559 м), Шыңғыс-тау (1300 м), Қызылтас (1283 м), Ақшатау (1304 м), Жорға, (1082 м) т. б. Таулардың аралығы ежелгі кристалды жыныстардың үзілуінен түзілген аласа ұсақ шоқылар бар. Сарарқаға ұқсас аласа таулар Маңғыстау түбегінде де бар. Олар әктастан тұратын Ақтау және Қаратау абсолюттік биіктігі 556 метр. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде жер қыртысының иіндерінде терең Қарақия, Қарны жарық, Қуанды ойыстар орналасқан. Батыс Сібір және Каспий маңы ойпаттарының аралығында Орал тауының жалғасы аласа Мұғалжар тауы орналасқан.
3. Жер бедерінің үшінші ерекшелігі Қазақстанның қиыр шығысымен оңтүстік шығысында биік және орташа биік тау жүйелерінің таралуы. Қазақстанның шығысында батыс және оңтүстік Алтай мен Сауыр-Тарбағатай, оңтүстік-шығысында Жетісу жотасы мен солтүстік Тянн-Шань жоталарының тізбегі орналасқан. Алтайдың Қазақстандық бөлігі үш бөліктен тұрады. Батыс немесе Кенді Алтай, оңтүстік Алтай және Қалба жотасы, олардың арасында ірі тектоникалық иіндер бөліп жатыр. Олардың биіктігі 3400 м асады. Шығыстан батысқа қарай біртіндеп аласарады. Зайсан және Алакөл тектоникалық иіндерінің аралығында Сауыр-Тарбағатайдың барлық жоталары орналасқан. Олардың орташа биіктігі 2000-2500 метрден аспайтын орташа биік тауға жатады. Тарбағатай (2992 м) тастау Сауыр 3816 м. Бұл тау жоталары кайно-зой эрасының төрттік дәуірінде текшелі Орқаш тау болуымен ерекшеленеді.
Алакөл және Іле ойыстарымен Балқаш ойысының аралығында бірнеше тау жоталарының тізбегінен тұратын Жоңғар Алатауы орналасқан. Әр тау жоталарының аралығын тау аралық тектоникалық иіндер бөліп жатыр. Абсолюттік биіктігі 4446 м (4442 м) . Бесбақан шыңы, орташа биіктігі 4000 метрге дейін жетеді. Қазақстанның аумағына Тянь-Шаньның солтүстік тармақтары кіреді. Олар Кетпен, Іле сырты, Алатау, Қырғыз Алатауының Қаратау жотасы, Теріскей Алатауындағы биіктігі 5000 метрге жетеді. Сонымен қатар Тянь-Шаньның солтүстік батысы сілемдері Қаратау, Шу, Іле, таулары, Ташкент маңы Алатауы немесе Піскен жотасы кіреді. Орташа обсалюттік биіктігі 2500 метр.
1. 2. Қазақстан аумағының геомарфологиялық- геологиялық тұрғыдан зерттелуі
Жазықтар мен таулы жерлердің жер бедерін жүйелі түрде зерттеу өткен ғасырдың ортасынан басталады. Ол кезде геомарфология атауы әлі қалыптасып үлгермеген. Дегенмен, сол уақыттан бастап алғашқы ғылыми жинақтар Тұранның құрылысымен қалыптасуы геологиялық құрылымы жайлы И. В. Мушкетов (1886-1906 ж. ж) «Түркістан» атты еңбегінде көрсетілген. Сонымен қатар Қарақұмның жер бедерін зерттеуге арналған В. А. Обручевтің, Л. С. Берегтің еңбектеріде өзінің мәнін жойған жоқ. Тұранның геологиялық даму тарихы жайлы деректер «Арал теңізі» атты монографиялық еңбекте көрсетілген (1908 ж) .
Таулы аумақтардың оррографиясы мен геологиясы жайлы ғылыми көз қарастар П. П. Семенов Тянь-Шаньскийдің, Н. А. Северцовтың, А. П. Федченконың, И. В. Мушкетовтың зерттеулерінде қамтылған. ХХ ғасырдың басында Л. С. Берг пен Н. А. Тихонович өздерінің ғылыми зерттеулері негізінде Қазақстанның жер бедерінің түзілуі жайлы тұғырнама қалыптастырып, жер бедерін түзілу жолдарына қарай топтастырды. Қазақстанның солтүстік-шығысын зерттеген Н. А. Тихонович әдебиетке «Ұсақ шоқылар» деген атау енгізді. Оның ойынша бұл атау бір кезде өте қарқынды дамыған биік таулардың соңғы даму сатысы. Алғашқы геомарфологиялық аудандастыруды Л. С. Берг жүргізді [1]
Орта Азия мен Қазақстанның жер бедерін зерттеуде үлкен үлес қос-қан. И. П. Герасимов, Б. А. Петрушевский, С. Ю. Геллер, В. Н. Кунин, Л. Г. Гаель, М. П. Петров, Д. С. Коржинский, Н. Г. Кассин, Г. Ц. Медоевтар, Герасимовтың еңбектерінде үлкен территориялық және әдістемелік маңызы бар (1937, 1943, 1946, 1947) . Олар нақты біраймақтың материалдары негізінде алғаш рет Қазақстанның жер бедерінің морфоқұрылымдық және морфомүсіндікер екшеліктерін ескере отырыпжіктеді. Қазақтың ұсақ шоқыларының көп қабаттылығының қалыптасуы оның мезозойлық пенеплен және эрозиялық үрдістердің әсерінен бөлшектенуі жайлы тұғырнаманы 1940 жылдары Г. Ц. Медоевтың өзінің еңбектерінде көрсетті. Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З. А. Сваричевский (1940, 1958, 1916, 1965 жж. ) Е. Е. Милановский (1961, 1967 жж) К. В. Никифорова (1960 ж), В. И. Бабак (1964, 1968 жж), зор үлес қосты. Олардың еңбектерінде ұзақ жылдар бойыжүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жинақталған маңызды геоморфологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық деректер бар. «Орта Азия мен Қазақстанның жазықтары мен таулары» атты монография шықты.
Қазақ КССР ғалым академиясының геология ғылымдары инситутының геоморфология бөлімі Г. Ц. Медоевтың жетекшілігімен 20-жыл көлемінде геологиялық-геоморфологиялық түсірілімдер жасады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының алғашқы масштаюы 1:1. 5 геоморфологиялық картасы жасалды. 1991 жылы шыққан бұл картада өте құнды ғылыми және бибилографиялық деректер бар.
Қазақстан Республикасының алып жатқан орасан зор аймағы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан күрделі құрылымға ие. Оның геологиясын, тектоникалық құрылымын пайдалы қазбаларын зерттеуде әр түрлі биологиялық ұйымдарының белді ғалымдары атап айтсақ А. А. Абдуллин, А. Д. Архангельский, В. Ф. Бесполов, Р. А. Барукаев, Ш. Е. Есенов, Н. Г. Кассин, Н. Н. Костенко, Г. Ц. Медоев, К. И. Сәтпаев, Е. Д. Шдыгин, Г. Н. Щерба, Б. А Федорович, А. Л. Яншин т. б. Геологиялық құрылымда жекелей зерттеулер түрІ кең. Жылдардағы әдебиеттердің шығуына мұрындық болды. Оның ішінде КСРО геологиясы (1967-70 ж. ) А. А. Абдуллин, В. Ф. Беспаловтың монографиясын тектоникалық карталарын «Қазақстан геофизикалық мәліметтер бойынша Қазақстанды аудандастыру», «Қазақстанның полеозойға дейіңгі полеозой кезінде» т. б. әдебиеттердің шығыуына себепкер болды. Қазақстанның геоло-гиялық тарихы Н. Г. Кассиннің (1947), Е. Д. Шлыгиннің (1952, 1969) жылдағы еңбектерде жақсы қамтылған. Ертедегі мәдениеттің тамаша өкілдері ғылымының көптеген салаларынан, әсіресе жер жөнінде едәуір құнды еңбектер қалдырғаны мәлім.
Бұхарада туып өскен ұлы ғалым Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037) «ләпидариясында» (ләпіс-латын тілінде тас деген сөз) сол кездегі белгілі болған минералдарды 4-топқа бөледі: 1. тас және жер құраушылар:2. күкірттер мен жанғыш қазындылар; 3. тұздар; 4-металдар. Сол дәуірдің өзінде бар-лық елдерде тараған ләпидарияда геология жайында алғашқы деректер берілген. Ал Ибн-Синанның замандасы Әл-Бируни (973-1048) «Асыл тастар» атты кітап жазды. Онда көптеген минералдардың қасиеттері мен әсемдіктері баяндалған. Бұл кітаптың көптеген құнды жақтары болса да идеялық мазмұны діни көз қарастан аса алмаған.
Діннің ықпалы ғылымның дамуын баяндатқан. Осының салдарынан ондаған ғасырлар бойы қазақ жерінде де геология ілімінің дамуы тақырауға ұшыраған. [2]
ХVІІІ ғасырдан бастап өлкеміздің қазба байлықтарын зерттеушілер қазақ жері және оның қойнауындағы байлықтар жайлы бірталай жазба мәліметтер қалдырған. Солардың бірі И. И. Лепехиннің «Росия мемлекетінің рудалы өлкелеріне саяхат» («Ежегодник», выпуск №16, Санк-Петербург, 1873г) деген еңбегі. Онда «Чудь» дәуірінің Қазақстан жеріндегі іздері іспетті. Көне замандағы тау кең өндірісінің орындары жайлы жақсы деректер бар.
Шынын -да да мұнда мыңдаған жылдар бұрын қазылған карьерлер республика аумағында көп кездеседі, кейбіреулерінің көлемі де үлкен. Руда іздеудің, кен орнын ашудың негізгі қола дәуірінен басталады. Сол дәуірдің өзінде мыс пен қа-лайы қосындысынан әр-түрлі қару-жарақтар жасалған. Көне дәуірдің куәлері әсіресе Алтайда жиі ұшырайды. Геолог С. С. Черниковтың есебі бойынша сол дәуірдің өзінде Алтай мен Қалбадан жыл сайын бес тоннаға жуық қола өндірілген көрінеді. «Чудь» дәуірінің адамдары кен орындарын іздестіру мен руда өндіру жұмысын қатар жүргізген. Жер бетіне жақын жатқан желілі кендерді тастан жасалған құралдар мен қазып алған.
Сондай тас құралдарының бірі Атбасар ауданының Есіл совхозына жақын жердегі бағзы заманынан қалған шұңқырдың ішінен де табылды. Басқа кен орындарында да осындай руда өндіру құралдары жиі кездеседі. «Чудь» дәуірінің адамдарының руда қазудағы тағы бір ерекшеліктері, олар рудасы алын-ған жырларды бос топырақтар мен толтырып отырған. Сондай жыралардың тереңдігі он метрге дейін жете-ді де, екі руда желісінің енінен аспайды. Руда қазушы әрі байытушы, әрі металл қортушы болған. Кен орнын барлау, оны қазу, руданы байыту және қорыту жұмыстары бірге жүргізілген.
Осыған орай кен орнын барлаған жерлерде қоқыстармен бірге құмыра ыдыстың сынықтары да кездеседі. Қалдық қоқыстарда он проценттен астам мыс бар екендігі анықталады. Ойдым-ойдым болып кездесетін қоқыстар қалдығы ондаған шаршы шақырымнан астам аралықта бір қабаттағы жыныстар бойынан ғана кездесіп отырады. Бағзы заманындағы тау-кен жұмысы көп кездесетін жерлері: Жезқазған, Көпқазған, Алтынқазған, Әулиетас, Қроғасын, Берқара, Успенка, Александров, Шатыркөл, Майқайын, Гүлшат, Текелі, Көктас-Жартас, Алтай, Сайақ, Маңғыс-тау тағы басқа орындар. Аталған төңіректерде ұсақ карьерлердің саны көп. Саяқтағы көне заман карьерлері бір-бірімен тіркес жатыр, олардың ұзындығы 7 км, Маңғыстауда 2 км шамасында.
Маңғыстау жеріндегі көне заман көздері жақсы сақталған, олардың дені жер бетіне айқын көрініп жатады. Міне осы «Чудь» дәуірінен кейін қазақ жерінде тау кен өндірісі XVІІІ-ғасырдан қайта басталады. Бұл кезде қазақ даласына орыс империясының алғашқы экспедициялары шыға бастайды. Ол экспедициялардың негізгі міндеттері қазақ жерін орыс патшаларына қосу үшін ең алдымен қазақ елінің ішкі экономикасын зерттеп саяси-әлеументтік жағдаймен танысу еді. Бірақ бұл экспедициялар құрамына кірген орыс оқымыстыларының көпшілігінің алға қойған мақсаттары бұдан мүлде басқаша болатын, олар патша өкіметінің отаршылық саясатына араласпай, қазақ жерінің байлығын зерттеуге кіріскен адамдар еді. Қазақстанға аттандырылған алғашқы экспедитция І Петрдің тікелей нұсқауымен ұйымдастырылды. Бұл экспедициалар геологиялық барлауларын Ертіс өзенінің бойымен Зайсан көліне дейін, Тарбағатай және Жоңғар таулы сілемдерін шолып өтіп, көптеген геологиялық, архелогиялық және этнологиялық материалдар жинады. 1733-1771 жылдар аралығында Ресей ғылым академиасы ұйымдастырған экспедициалар Қазақстанның батыс өңірін зерттеді. Оларды сол кезде танымал болған атақты ғалымдар И. Г. Гмелин, П. С. Паллас, И. Ф. Фальк т. б. басқарған. 1755-1771 жылдарда Орталық қазақстан өңірін әскери топографтар экспедициясы зерттеді. Бұл экспедициясы Батыс Қазақстан жерін Ұлытау өңіріне дейін шолып өтіп көптеген геологиялық, этнографиялық мәліметтер жинаған. Жергілікті тұрғындардың көмегі мен сол кездегі табылған кен орын-дарын картаға түсірген.
Экспедиция өзі жинаған деректерге сүйене отырып, Жезқазғаннң Ұлытау өңірінің, тағы басқада кен орындарының қоры туралы алғашқы мәліметтер келтіреді. Н. А. Рычковтың жол дәптеріне Ұлытау өңіріндегі көптеген өзендердің (Кеңгір, Сарыкеңгір, Жезді, Ұлыжыланшық) бойында кездесетін ертедегі руда өндірген шұңқырлар мен «чудь» дәуірінің қазбалары жайлы құнды мәліметтер бар. Онымен қоса Н. Рычков жергілікті тұрғындардың мәліметіне сүйене отырып, мыс пен қорғасынның, алтын мен күмістің мол қоры осы Ұлытау төңірегінде бар екендігін анықтаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz