Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1Есірткі мен психотроптық заттардың түрлері мен сипаттамасы . . . 6
1. 2 Есірткі заттарына байланысты жасалған қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы . . . 13
П ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ ҚЫЛМЫСЫН ТЕРГЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ
2. 1. Есірткіге байланысты қылмыстық істі дәлелдеуге жататын жағдайлар . . . 24
2. 2. Есірткі заттардың заңсыз айналымы бизнесімен шүғылданатын қылмыскерлерді ұстау . . . 25
2. 3. Болжамдарды құру және тергеуді жоспарлау . . . 29
2. 4. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарын тергеуде куәлардан жауап алу . . . 34
2. 5. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын қылмыскерлердің тұрғын-жайында тінту жүргізу . . . 39
Ш ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ ҚЫЛМЫСЫН ТЕРГЕУДІҢ КЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ
3. 1. Есірткілердің және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен айналысатын тұлғаларды танытуға көрсету . . . 44
3. 2. Беттестіру, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тергеу әрекеттері . . . 45
3. 3 Есірткілік заттардың заңсыз айналымын тергеу барысындағы тергеуші мен анықтау органының өзара байланысы . . . 48
- Есірткіге байланысты қылмысты болдырмау мақсатындағы ішкі істер органдарының шаралары . . . 51
- Сараптама тағайындау және жүргізу . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР . . . 65
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылып отырған диплом жұмысы қазіргі қоғамдағы маңызды әлеуметтік және құқықтық мәселелрдің бірі ретінде танылатын есірткі қылмысын анықтау, ашу және тергеу. Ұлттық генофонды сақтау, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер жайындағы мәселе қайсібір қоғам мүшесін де толғандырмай қоймайды. Жұмыста дау-дамайлы, шешімін таппаған қылмыстық істерді қосымша зерттеу және тиімді ұсыныстар жасау мақсатында есірткі заттарының заңсыз айналымымен тікелей байланысты қылмысты ашу мен тергеудің тактикалық ерекшеліктері қарастырылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу мәселелері қазіргі заман үшін маңызды әлеуметтік және құқықтық проблемалардың бірі.
Елбасы нашақорлық пен есрткі саудасымен күресті басты стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде былайша атап өткен: « . . . есірткі мәртебесінің анағұрлым биікке көтеріліп кеткенінін соңғы ғасыр әрі сезінуге, әрі мойындауға мәжбүр етті. Есірткі жеке адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін «дәрі-дәрмек» болудан алыс, енді көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігіне тұрақты түрде төнген әлеуметтік қоғамдық қатерге айналды». Қалыптасқан жағдайдың күрделілігі және халықаралық есірткі индустриясынан туындап отырған Қазақстанға да қатысты қатердің деңгейін ескергенде, есірткіге қарсы күрес және оны бұғаулау әдістері біз үшін кезек күттірмейтін әрі өмірлік маңызы бар мәселенің бірі болып табылады [1] .
Қазіргі кезде заңсыз есірткі айналымының ғаламдық жүйесіне кірген Қазақстан Азиядан Еуропаға жүк тасымалдайтын бірден-бір қолайлы дәліздің рөлін атқаруда. Есірткінің ошағы - Ауғанстанда өндірілетін есірткінің 5-15 пайызы әйгілі Жібек жолымен, яғни қазақ даласы арқылы өтеді. Бұл Ауған апиыны тасымалданатын әлемдегі негізгі үш бағыттың бірі. Еліміздегі барлық құқық қорғау органдары жабылып, заңсыз айналымнан 28 тоннаға жуық есірткі тәркіленген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп.
Қазақстан Республикасы есірткі сататын қылмыстық топтар үшін Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыс Азияда шығарылатын героиннің, апиынның және басқа да есірткілердің Еуропаға тасымалдаудың кеңістігі болды. Ауғанстандағы есірткі өндірісі бизнесінің ауқымды өсуі героиндер қойылатын каналдардағы қысымды жоғарылатқан. Мұның өзі есірткі тұтынушылар үшін есірткі табуда, алып келуде және өткізуде әртүрлі жолдар іздеуге мәжбүр етті. Бұл бағыттағы есірткіні тасымалдауда темір жол және автокөлік транспорттары қолданылып, ”Жібек жолы” атауын алып отырмыз.
Соңғы жылдары Ауғанстан мен Пәкістан аумағынан төнген қауіптің ұлғаюына байланысты Үкімет нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы басты үш бағытқа негізделген іс-шараларды қолға алды. Бірінші бағыт -АҚШ, Германия, Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінің арнайы қызметтерімен бірлесіп Ауған және Пәкістан жерінен Қазақстанға бағыт алатын есірткі трафигінің жолын кесу үшін ынтымақтастық әрекеттер жүргізу. Екінші бағыт - оңтүстіктегі шекарада бақылауды және жедел іс-қимыл жасауды күшейту. Үшінші бағыт - еліміздің аумағында, әсіресе Алматы; Шымкент; Астана қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру.
Қазақстандықтардың гүлденуі, өсіп дамуы, ұлттық қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының жақсаруы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу - Үкіметтің алдына қойған басты міндеттің бірі болып табылады.
Қоғам үшін негативті салдары аса ауыр болатын әлеуметтік құбылыстардың ішінде есірткілерді және есеңгірететін заттарды таратумен, сатумен, тұтынумен байланысты әлеуметтік құбылысты айтуға болады. Соңғы кездері елімізде есірткінің шырмауына түскендердің саны күрт өсіп кетті. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша 2011 жылы 1қаңтардағы жағдай бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды теріс пайдаланатын 54669 адам, оның ішінде 4743-і әйел, ал 3836-ы кәмелетке толмағандар, олардың ішінде 723 он төрт жасқа дейінгі жасты қоса алғандағылар есепте тұрады. Қазақстанда ресми деректер бойынша 55 мыңға жуық нашақор бар. Яғни нашақорлар жасарып барады деген сөз. Бүгін таңда нашақорлықтың асқынғаны сонша, қазір «наша», «есірткі егеніміз не» деп сауал қоюдың өзі ерсі болып қалды. Мектеп жасындағы баладан сұрасаңыз да оның не екендігін, түр-түсіне дейін мүдірмей айтып береді. Бұл мәселе қоғамдағы әлеуметтік- психологиялық жай-күйге, ұлттың әлеуметтік-құлықтылық, генетикалық келешегіне орасан нұқсан келтіреді. Сол себептен, БҰҰ есірткі заттар туралы 1961 жылғы Бірыңғай конвенциясында есірткілер жеке адамдар үшін үлкен зиян және адамзат үшін әлеуметтік, экономикалық қауіп көзі болып табылады делінген [1] .
Есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді заңдастыруға қарсы күрсе саласындағы өзара іс-қимыл мен қабылданған шаралар жеткіліксіз болып қалды.
Есірткіге байланысты, сонымен қатар құрамында есірткі бар заттарды қолдану әсерінен жасалатын қылмыс саны тоқтамсыз өсуде. Қылмыстық топтарды және құрылымдарды көп жағдайда қылмыстық ортаның белсенділігі, билік басындағы қылмыстық жолға түскен лауазымды тұлғалар, солардың ішінде құқық қорғау органдарында істеп жүрген немесе бұрынғы қызметкерлер басшылық етеді.
Зерттеу мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысында қылмысты ашу мен тергеудің сот, тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеуге негізделген теориялық тынымды жетілдіру және есірткі қылмысымен күресуге бағытталған ұсыныстарды жүйелеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесідей міндеттер алға қойылды:
- есірткі қылмысын ашу мен тергеуде құқық қорғау органдарының өзара әрекетін, бірігіп жүргізетін жұмыстарын айқындау;
- есірткі қылмысымен күреске әсер ететін факторларды анықтап, тиісінше талдау.
Зерттеудің пәні - есірткі қылмыстарының алдын алу, ашу мен тергеуде ұйымдастырушылық - тактикалық ерекшеліктер, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және оларды тиімді қолдану мәселесі құрайды.
Зерттеудің объектісі - Есірткі қылмысын ашу мен тергеудің криминалистикалық құралдары, әдіс-тәсілдері, оның ішінде криминалистика ғылымындағы соңғы жетістіктерді пайдалану нәтижелері.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Диплом жұмысының әдістемелік базасы ретінде ғылыми танымның ортақ диалектикалық әдіс алынды. Сондай-ақ арнайы әдістер ретінде жүйелік-құрылымдық, логикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Бұл зиянды әлеуметтік құбылыспен жан-жақты күресу керек. Құқық қорғау органдарының барлық бөлімдері бұл қылмыстармен күрес жүргізуде өзінің күштерін, мүмкіндіктерін біріктіру керек. Есірткі саудасымен күрестің күшейтілгеніне дәлелдің бірі - ар-намысын бір тиынға сататын құқық қорғаушылардың қатары сиреп келеді.
Есірткі заттарды сатумен байланысты қылмыстарды тергеуде криминалистикалық әдістемелік ұсынымдарды даярлау қажет. Сонымен бірге, бұл қылмыстардың алдын-алу қажет. Есірткі қылмысын ашу мен тергеу және алдын алуда осы мәселелерді одан әрі теориялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына ұластыру көзделеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы тақырыптың сипатына, орындалу деңгейіне, зерттеу мақсаты мен ішкі логикалық байланысына негізделген. Диплом жұмысы: кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Есірткі мен психотроптық заттардың түрлері
Есірткілік тәуелділікке ұшыраған кезде, жалпы жағдайдың нашарлайтыны белгілі. Сонымен бірге, тұтынушылар үнемі жеткізушілерді, есірткі заттардың сататын жерлері, притондардың қайда екенін жақсы біледі. Нашақор, әдетте еш жерде жұмыс істемейді, ал есірткіні тұтынуға әуестік күннен күнге арта түседі, соның салдарынан нашақорлар есірткі заттарын сатуға көмектесе бастайды. Бұның бәрі есірткіні тұтынуға жаңа тұлғаларды тартумен ұштасады. Сонымен бірге, нашақордың барлық қылмыстық байланыстары олардың бұрыннан келе жатқан таныстарына әкеледі, олар туралы мәліметтерді тек кінәліден ғана емес, оның жақындарынан және көршілерінен алуға болады. Қылмыстық істер бойынша барлық ұсталғандардың есірткі тұтынатындығын тексеру керек, сол үшін наркологиялық сараптама жүргізіледі, кінәлінің медициналық құжаттары талап етіледі, куәлардан жауап алынады.
Тергеушілер үшін есірткілерді дайындау, оларды ұрлау тәсілдерін білудің, әртүрлі саладағы мамандардың, сарапшылардың көмектерінің үлкен маңызы бар.
Есірткілерге қатысты қылмыстарды тергеу тәжірибесі көрсеткендей, есірткілердің заңсыз айналымда кең тарағаны - конопля мен мак шикізаттарынан дайындалған және өңделген есірткілік заттар. Есірткі белсенділігін арттыру, қабылдау мен тасымалдау ыңғайлылығы үшін өсімдік шикізаты өңдеуге ұшырайды. Мысалы, конопля өсімдігінен алынған есірткі затына мыналар кіреді: ұсақтау, кептіру, електен өткізу, престеу, экстракциялау, булау және басқа да манипуляциялар. Коноплядан, өңдеу тәсіліне байланысты үш негізгі есірткі заттарын алады: марихуана, гашиш және гашиш майы.
Марихуана - конопляның кез-келген сортына жататын, кептірілген немесе кептірілмеген жоғарғы жапырақтары мен сабақша қалдықтарынан жасалған қоспа.
Гашиш - конопля өсімдігінен айырып алынған тозаңнан, смоладан арнайы жасалған қоспа немесе конопля өсімдіктерінің жоғарғы жақтарын алып, өңдеу жолымен дайындалған қоспа (ұсақтау, електен өткізу және т. б. ), ол үшін оның нақты бір қалыптық түрде болуы шарт емес, олар таблетка, престелген плитка, паста, ұнтақ және басқа түрде де болуы мүмкін.
Гашиш майы - конопляның кез-келген түрлері мен сорттарына жататын өсімдіктерден әртүрлі еріткіштермен немес майлармен алынған ерітінді.
Ацетилдендірілген опийді қолдан дайындау белгілеріне (опий немесе мак сабаншасы экстрактыны ацетилдендіру арқылы алынатын полусинтетикалық зат, өзінің құрамында моноацетил морфин, диацетилморфин, ацетилкодеин не болмаса олардың қоспалары бар) сезіктілерде мак сабандарының, олардың тұнбаларының, опийдің, экстракциялық опийдің, әртүрлі органикалық еріткіштердің (ацетон, этанол, этилацетат, толуол, 645, 646, 647, 648, 650, Р-5 еріткіштер), қоңыр түсті сұйықты сіңіріп алған тампондардың, бинттердің, сонымен қатар уксустық ангидрид (сіркесу қышқылының иісі бар сұйықтар) және хлорлық ацетил еріткіштерінің бар болуы.
Есеңгіртетін заттарды есірткі заттарынан ажырата білу керек, өйткені есеңгіртетін заттар ҚР ҚК 259-266 баптарымен қарастырылған қылмыстардың затына жатпайды. [2, 6] Әдетте, адам шамадан тыс қабылдаған кезде психиканы тежейтін немесе бәсеңдететін қарапайым дәрі-дәрмектер (клофелин, димедрол мен ішімдіктің қоспасы және т. б. ) . Көрсетілген сипаттар тұрмыстық химия құралдары да ие бола алады (мысалы, ацетон, хлороформ, эфир), олардың буын жұту да сондай әсер береді. Есеңгірететін заттар: клофелин - кез-келген пайыздағы алкогольдік қоспа; димедрол мен алкогольдің қоспасы; барбитурато-алкогольдік қоспа; хлороформ; эфир; толуол; хлорэтил; азот шала тотығы; тропандық топқа жататын алкалоиды бар өсімдіктердің спирттік экстракттері; ксенон.
Есірткі заттарын шығу тегіне байланысты мынадай топқа бөлуге болады:
- табиғи есірткілік заттар;
- жинақталып жасалған және жартылай жинақталып жасалған есірткілік затар;
Өз кезегінде табиғи есірткілік заттар, неден дайындалғанына байланысты былай бөлінеді:
- а) көкнәр (апиын) - ұйқылық көкнәр, көкнәр шыбықшалары, сығымждалып жасалған көкнәр, морфин, героин;
ә) сора- марихуана, гашиш (анаша) майы;
б) кокаин бұталары - кокаин бұталарының жапырақтары, крэк;
в) эфедра (шыршалық) -эфедрин, невритин;
Жинақталған және жартылай жинақталған есірткілік заттар - аналгетиктер, депресанттар, қоздырғыштар. Адам организміне кейбір есірткі заттардың әсері өте қауіпті. Сот-тергеу тәжірибесінде көп кездесетін есірткі заттарға мыналар жатады:
- табиғи есірткі заттар: апиын, ол апиындық көкнәрден тікелей жасалады. Ол үшін піспеген көкнәрдің қабығына кесінді жолақ жасайды, одан сүтке ұқсас сұйық шығады да біраздан кейін қоңыр түске айналады. Мұны қабықтан өткір пышақпен сылып алады, бұл апиынның шикізаты. Бұдан лабораторияда морфин жасап шығарады. Оның түсі ақ, иіссіз ұнтақ, одан таблетка мен ине салу үшін сұйықтық жасайды. [5, 58б. ]
Құрамында есірткі бар емдік дәрі-дәрмектердің ацетилденген апиынды ерекшелеуге болады, ол апиынды, мак сабынының тұндырмасын ацетилдеу арқылы алынатын зат.
Марихуана (каннабис) - құрамында тетрагидроканнибинол бар конопляның гүлді, жемісті, жапырақты кез-келген түрі мен сорттарының жоғарғы бөліктерінен тұратын ылғал немесе кептірілген өсімдік затын білдіреді. Өсімдік затының түсі - ашық жасылдан сұр түске дейін. Жемістерінің өлшемі 1, 5-2 мм, дөңгелек жаңғақшаларды білдіреді. Құрамында тетра-гидроканнибинолдың болуы - зерттеліп жатқан затты осы есірткі затына жатқызу үшін негізгі шарт болып табылады. Тұтыну тәсілі -шегу.
Жыл сайын дәстүрлі өсімдік есірткелерін қайта өңдеу, сонымен қатар зертханаларда синтездеу арқылы дайындалған ондаған жаңа есірткелер пайда болады. Қазақстанда есірткелердің заңсыз айналымының басқа тенденциясы - бұрын сатып алушы табылмайтын қымбат есірткелердің кокаинның пайда болуы. Әлеуметтік және эконоомикалық өзгерістерге, дәулетті адамдардың пайда болуына байланысты кокаин тобына жататын есірткелер Латын Америкасы елдерінен контрабандалық жолмен әкеліне бастады.
Синтетикалық және жартылай синтетикалық есірткелерді дайындау жасырын зертханаларда қарапайым жағдайда жүзеге асырылады. Осындай есірткелерді дайындау ерекшелігі - есірткелерді өндірудің тек соңғы 15 циклі ғана жасырын зертханаларда жүзеге асырылатындығында. Бастапқы сатысы заңды зертханаларда жасалынған.
Прекурсорлар (жартылай өнімдер) - есірткі заттарын дайындау үшін пайдаланылатын заттар, есірткі заттарын дайындаған кезде, оның толықтай немесе жартылай молекуласына айналады. Мысалы, бұл топқа антранилдік қышқыл, аллилбензил, бензальдегид, фенил -2-пропанол, ангидрид сірке суы, эфедрин және басқалар.
Реагенттер - реакцияға қатысатын заттар, бірақ олар ақырғы өнімнің бөлігі болмайды. Есірткі заттарын дайындау кезінде реагенттер ретінде келесілер қолданылуы мүмкін: сіркелік, бор, тұз қышқылдары, аммоний, аммоний гидрохлорид, иод, поташ, ас содасы, қызыл фосфор және б.
Еріткіштер - басқа заттарды, олардың химиялық құрамын өзгертпей ерітетін, экстрагирлейтін, бөліп алатын заттар. Олар да ақырғы өнімнің бөлігі болмайды. Есірткі заттарын дайындау кезінде пайдаланылатын еріткіштер тобына ацетон, бензин, этанол, метанол, хлороформ, толуол, изооктан, гексан, ацетонинрил, дихлорэтан т. б. енеді.
Есірткі заттарын талан-таражға салушылардың негізгі контингенті медбикелер. Қылмыстардың көбі, олармен ауруханаларда және мед. клиникаларда (онкологиялық орталықтарда, онкология, хирургия, гинекология) жасалған. Одан кейін, басқа да медицина қызметкерлері, әртүрлі мамандық иелері, дәрігерлер, дәріхана қызметкерлері. Осылардың жартысына жуығы есірткі заттарын өздері қабылдау үшін ұрлағанына назар аудару қажет.
Әсерлік күші бойынша морфиннің егу ерітіндісінің мөлшері, салмағы осыған тең апиынға қарағанда 10-20 есе асып түседі. Табиғи есірткілердің қатарына кодеин жатады - дәрі және егу ерітіндісі ретінде шығарылатын иіссіз ақ кристалдық ұнтақ, дәрісі ақ түсті, дәмі ашқылтым. Кодеиннің анальгетикалық әсері морфиннің әсеріне ұқсас, бірақ күші әлдеқайда төмен. Әдеттену сирек пайда болады, өйткені қатты әсерге жету үшін бұл есірткіні көп мөлшерде қабылдау керек. Өсімдік есірткілерінін кең тараған түріне каннабис препараттары жатады: марихуана (жарг. - травка, дурь, план, клевер, божья травка, сено, нот, грае, хей, виир), гашиш - анаша (жарг. - наша, опимси, план, дурь, черенушка) . Олар заңсыз есірткінің біршама кең тараған түрі болып табылады, нашақорлардың арасында гашиш майы, мак сабаны, экстракциялық апиын, кокаин бұтағының жапырағы, кокаин сықпасы, эпедрон (жарг. - коктейль, Джеф, Эфенди, мулька, космос) кең тараған.
Күшті әсер ететін синтетикалық есірткілерді (табиғи және жартылай синтетикалық есірткілерден айырмашылығы) зертханада жасайды. Метадон мен мепиридинды шектен тыс қабылдау кең етек алды. Метадонның химиялық құрамы героин мен морфиннен өзгеше, бірақ түсетін нәтижесі ұқсас. Соңғы онжылдықта метадон емдік мақсатта кең қолданылуда, себебі абстенция синдромын ескертеді, перроралдық қолданудағы созылмалы нашақорлықты емдеу үшін тиімді, тамыр ішіне енгізуді қажет етпейді. Ресейде Мемлекеттік Думаның кейбір депутаттары есірткілерді заңдастыру және метадон бағдарламасын енгізу туралы айта бастады. Олардың ойынша, бүл есірткінің «қара базарын» жояды, ЖИТБ мен (СПИД пен) гепатитгің одан әрі жайылуын ескертеді. Бірақ метадоннан дене тәуелділігі пайда болады, метадондық қиналыс героиндықтан әлдеқайда күштірек. Халықаралық тәжірибеден есірткілерді заңдастыру нашақорлық пен есірткі саудасының өсуіне ықпал ететіндігі белгілі болды [6, 7-17 бб. ] . Осындай саясаттың бой көтеруі біздің республикамыз үшін де қауіпті, өйткені бұрынғы ССРО шекараларын тас қылып бекіту қиынға соғады, Қазақстан халқының жартысының туыстары Ресей мен басқа да ТМД елдерінде тұрады.
Құрамында есірткі бар емдік дәрі-дәрмектерден ацетилденген апиынды ерекшелеуге болады, ол апиынды, мак сабанының тұндырмасын ацетилдеу арқылы алынатын зат.
Героин - апиын өнімінің бірі, 1893 жылы морфиннен алынған. Марихуана (каннабис) - құрамында тетрагидроканнабинол бар конопляның гүлді, жемісті, жапырақты кез-келген түрі мен сорттарының жоғарғы бөліктерінен тұратын ылғал немесе кептірілген өсімдік затын білдіреді. Өсімдік затының түсі - ашық жасылдан сұр түске дейін. Жемістерінің өлшемі 1, 5-2 мм, дөңгелек жаңғақшаларды білдіреді. Құрамында тетра-гидроканнабинолдың болуы -зерттеліп жатқан затты осы есірткі затына жатқызу үшін негізгі шарт болып табылады. Тұтыну тәсілі - шегу .
Жыл сайын дәстүрлі өсімдік есірткілерін қайта өңдеу, сонымен қатар зертханаларда синтездеу арқылы дайындалған ондаған жаңа есірткілер пайда болады. Қазақстандағы есірткілердің заңсыз айналымының басқа тенденциясы - бұрын сатып алушы табылмайтын қымбат есірткілердің (кокаин) пайда болуы. Әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге, дәулетті адамдардың пайда болуына байланысты кокаин тобына жататын есірткілер Латын Америкасы елдерінен контрабандалық жолмен әкеліне бастады. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және ТМД баска елдері халықаралық есірткішілермен Батыс Еуропа елдеріне қарай есірткілер тасу транзиті үшін пайдаланылады, оған ССРО-ның тарқап, шекаралық бақылау жүйесінің қирауы ықпал етті.
Интерпол мәліметтері бойынша, 90-жылдары Еуропада тәркіленген кокаинның 62, 8% Колумбиядан келген. 80-жылдары АҚШ пен Канада базарларына түскен тазартылған кокаинның 70-тен 80% дейінгісі Колумбияда өндірілген. Колумбияда кокаин өндірісін және оның экспортын негізінен екі ірі «наркокартел» (медельиндік пен кали) бақылайды. Сарапшылар, Колумбиялық есірткі бизнесінің жасырын зертханалары жылына 350 тонна есірткілер шығара алады деп есептейді.
Кейбір есептер бойынша жыл сайын Боливияда, Перуде және Колумбияда есірткі бизнесінен 1, 9 миллиард долларға жуық табыс табады, кокаин өндіруші елдер есірткі саудасы есебінен валдық ұлттық өнімнің 20% алып отырады. Есірткі бизнесіне 1, 8 миллион адам қатысады, 300 мың гектар жерде көк егіндіктері бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz