Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау


Нормативтік сілтемелер
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ17. 01. 2014ж. http://www. nationalbank. kz/?docid=636&switch=kazakh 6-7 б.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол http://www. nationalbank. kz/?docid=636&switch=kazakh 7-8 б.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС 1. 4. 002-2012) ».
- Қазақстан Республикасында дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлкеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010 ж.
Анықтамалар
Әдiс - оқушылардың оқу танымдық қызметiн ұйымдастыруда мұғалiм жүргiзетiн iс-әрекеттер жиынтығы.
Тәсiл - осы әдiстiң бiр элементi, құрамдас бөлшегi. Қазақ тiлi сабақтарында мұғалiм түрлi әдiстердi: материалдарды түсiндiру, оны талдау, жаттығу, дәлелдеу, жаттықтыру, қорыту секiлдi көптеген әдiс-тәсiлдердi қолданады.
Тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әркеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсатты тұлға қалыптастыру болған әлеумметтік процесс
Ойын - адамдар генiнде қаланған инстинктi жеткiзушi. Балалар ойнау арқылы өмiр тәжiрбиесiмен танысады, ересектердiң қимылын қайталайды, сол арқылы өмiрге қажет қимылды, iс-әрекеттi және ойлау, сөйлеу дағдыларын меңгередi.
Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі
Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адам миына сақталып, қайтададан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін үдерісс.
Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым - қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» «әрекет жасау» дегенді білдіреді.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР МЖМБС- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ҚР-Қазақстан Республикасы
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. ЕлбасымызН. Ә. Назарбаев Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан халқына Жолдауында: Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен «дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда [1, 2-3 б. ] .
Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз [2, 7 б. ] .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. «Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8 бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық жерлеріне шығу деп аталып отыр. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [3, 15 б. ] .
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым - қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интеративтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау; өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау; [4, 10 б. ] . Мұнда негізгі және жетекші үрдіс іс - әрекетті оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір - біріне, топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа үдеріссуальдық біліктілігін, ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс - әрекеті, өзара қарым - қатынасы және сана - сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс - әрекеті қалыптасады. Сонымен қатар, оқушы айтайын деген ойын, бiрiншiден, жасқанбай жеткiзе бiлуi; екiншiден, сөйлемдердi дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшiншiден, сөйлеу мәдениетiнiң алғашқы қарапайым элементтерiн меңгеруi; төртiншiден, қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай бiлуі тиiс. Қазіргі кезеңде, Оқушылардың ана тілінде өз сөзін түсінікті, тартымды жеткізу дағдылары нашар қалыптасқан. Мұны мектеп бітіріп келген оқушылардың сөйлеу деңгейінен-ақ байқауға болады. Сонымен қатар, бөбектердің мектепке алты жастан қабылдануы да бұл проблемеға орасан зор көңіл бөлуді талап етіп отыр. Оқушылардың сөйлеу дағдысын кіші жастан бастап қалыптастыру жөнінде ғылыми зерттелген әдістеменің жоқтығы мұғалімдерге қиындық туғызуда. Бұл айтылғандар зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану үрдісі
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектепте қазақ тілі пәнін оқыту.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдануға байланысты лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді оқып, талдай келе, зерттеу жұмысымыздың теориялық негізін анықтауға пайдалану;
- Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесін жасау;
- Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерінің ұтымды түрлерін айқындау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдануға байланысты алынған тұжырымдар мен қорытындылар қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiн теориялық тұрғыдан толықтырады, сонымен қатар сабақта жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселесіне үлес қосады.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдануға арналған нәтижелердi бастауыш мектеп мұғалiмдерi мен әдiскер ғалымдар қолдана алады. Жұмыста ұсынылған тапсырмалар мен жаттығуларды, сабақ үлгiлерiн мектеп мұғалiмдерiнiң күнделiктi оқыту үдерісiнде пайдалануына болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 Бастауыш мектепте интерактивті әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдірудің теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш мектепте интерактивті әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдірудің маңызы және педагогикалық негiзi мен тәрбиелік мәні
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсариннен бастап, А. Байтұрсынов, Т. Шонанұлы, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Балақаев еңбектерінде, соңғы жылдары М. Жұбанова, С. Рахметова, М. Жазыбаев, И. Ұйықбаев, С. Қазыбаев, Р. Әміров, Т. Әбдікерімова, Г. Уайсова, Ә. Жұмабаева т. б. ғалымдардың знрттеулерінде әр түрлі бағытта ғылыми түрде көрініс тапты. М. Қ. Жұбанова мен Ә. Е. Жұмабаевалардың ғылыми жұмыстарында көрсетілген бастауыш мектептің сауат ашу кезеңінде жүргізілетін, оқушылардың тілін дамыту туралы пікірлері біздің жұмысымыз үшін құнды болды. Бірақ М. Қ. Жұбанова сауат ашу кезеңдерінде қазақ тілінің дыбыстарын үйрету мәселесін зерттеу жұмысының нысаны етіп алса, ал Ә. Жұмабаеваның ғылыми жұмысы сауат ашу кезеңінде оқушылардың тілін дамытуды қарастырған. Бұл жұмыстарда арнайы бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тақырыбына тоқталмаған. Қазақ балаларын оқытудың көлемі қандай шағын болғанын мынадай бір мысалдың өзінен көруге болады: қазақ балаларына арналған Орынбор мектебі 19 жылдың ішінде небары азды-көпті 48 адамды, қазақ интеллигенциясының алғашқы өкілдерін даярлап шығарды. Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырайлар да сол дәуірдің- қазақ даласында орыстың озық әдебиеті мен мәдениеті әсерін жая бастаған дәуірдің -жемісі болды. Өткен ғасырда Қаақстандағы қоғамдық ой-пікірлердің даму тарихы, негізінен алғанда, осы есімдермен байланысты.
Қазақстандағы педагогикалық ой-пікір ХІХ- ғасырдың екінші жартысында негізінен қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян-қолтық, өзекті байланыста дамып жатты [5, 148-149 б. ] .
Мұндай қажеттілікті Елбасының қазақстан халқына арналған Жолдауындағы бүгінгі қоғам «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген сөздерінен де, ҚР-ның «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтары негізінде, жастарды өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттерінен де байқауға болады.
Демек, қазақ халқының егеменді ел жағдайындағы әлеуметтік өмірі мен тұрмысында болып жатқан өзгерістерге байланысты отбасы тәрбиесіне жаңа талаптар қойылады. Әрбір отбасының бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен педагогикалық білімін арттыру, қоғамдық тәрбиемен үйлесімді бірлігін қамтамасыздандыру тундайды [6, 4-5 б. ] .
Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар. ХХ -ші ғасырдың 20- жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б. Е. Райкон, К. Н. Ягодовский, М. М. Пистрак т. б. оқыттудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30 - жылдары М. М. Пистрак, П. Н. Шимбирен, И. Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жасады.
50 - жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д. О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әркет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзінен негізге алады. Д. О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөледі: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
50 - жылдардың аяғы, 60- жылдардың басында орыс ғалымдары Е. Я. Голант, С. Г. Шановаленко, Н. М. Верзидин білім көзін негізе алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлген болатын.
Оқыту әдістерін жіктеуде, сірә, мына мәселелерді есекеру қажет:
- Әрбір әдіс оқыту үдерісінде дидактикалық міндетті шешеді;
- Мұғалім мен оқушылардың өзара байланыс іс-әрекеті таным қабілетін дамытудың негізгі құралы;
- Әрбір автордың пікірін ескеріп, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру.
Сонымен, қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларын жаңарту кезінде оқыту әдістерін терең зерттеп олардың ғылыми негізделген жіктеуін жасау ғалымдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі [7, 242-251 б. ] .
Зерттеуші ғалымдар өз еңбектерінде бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытудың, оларды дұрыс сөйлеуге, жазуға үйретудің қажетті, маңызды мәселе екендігін баса көрсеткендерімен оның салаларына, әсіресе кіші жастағыларды алдымен ауызша дұрыс сөйлеуге үйрету мәселесіне тоқтала қоймағандары байқалады.
Тiлдi үйрету әдiстемесi психологиямен, педагогикамен және лингвистикамен тығыз байланысты. Осыған орай қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi дидактикалық заңдылықтар мен ережелерге сүйене отырып, қазақ тiлiн оқытудың мазмұнын, құрылымын, әдістерін, принциптерiн және ұйымдастыру формасын белгiлейдi.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм мазмұнын жетiлдiру, арттыру үдерісiнде жаңаша әдiс-тәсiлдердi қолдану - бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Себебi, дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісi - бiлiм мазмұнын сапалы меңгертетiн бiрден бiр жол. Мұғалiм сабақ барысында әдiстердi, техникалық құралдарды орынды қолдана бiлсе, оқушының бiлiмдi игеруi қарқынды жүредi. Оқушының сауатсыздығы мұғалiмнiң тәжiрибесiздiгiнен, оқыту мақсатына сәйкес әдiс-тәсiлдердi дұрыс қолданбауынан келiп шығады. Демек, сабақтың нәтижесiздiгi мұғалiмнiң әдiстердi бiлмеуiнен ғана емес, бүкiл сабақ барысында бiр ғана сүреңсiз әдiстi қолдануынан. Себебi, бүкiл сабақ бойында бiр ғана iс-әрекеттi (мысалы, жаттығу жұмыстарын немесе мұғалiмнiң монологтi сөзi) орындаған оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы бәсеңдеп, бiлiмдi игеру деңгейлерi төмендейдi. Сондықтан мұғалiм оқыту үдерісiнде қандай әдiс-тәсiлдердi қолданатындығын алдын-ала ескеруi қажет. Дұрыс iрiктелген әдiс тек оқушының бiлiмдi игеруiне ғана әсер етiп қоймайды, сонымен қатар оның шығармашылық қабiлеттерiн де арттырады. Осыған орай оқыту барысында қандай әдiстер тиiмдi, қай әдiстi қай әдiстен кейiн қолдану қажет деген мәселе - бүгiнгi күннiң талабында тұрған өзектi мәселе. Педагог - ғалымдар оқыту барысында әдiстердi пайдалану мұғалiмнiң алдына қандай оқыту мақсатын қойғанына байланысты екендiгiнде деп есептейдi. Олай болса, оқыту әдiстерiн жинақтауда, анықтауда мұғалiм мен оқушының арасында қандай iс-әрекеттiң орындалатыны, мұғалiм оқушының қандай қабiлетiн жетiлдiретiнi маңызды рөл атқарады. Сондықтан әрбiр педагог - ғалым бiлiм мазмұны мен оқыту мақсатына қарай оқыту әдiстерiн анықтауда өзiндiк көзқарас ұстаған. Мысалы, Д. Әлiмжанов, Ы. Маманов салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгiмелесу, жаттығу, көрнекiлiк т. б. әдiстерiн тиiмдi десе,
А. Әбiлқаев: Оқушылардың бiлiм алу кезеңiне қарай - мұғалiмнiң сөзi, әңгiме, көрнекiлiк, жаттығу; Оқушылардың қатысу дәрежесi мен сыныбына қарай - актив, пассив, тапсырманы орындау; Оқушылардың жұмыс сипаты мен орнына қарай - бақылау тапсырмалары, жұмысты жазбаша орындау, жұмыстың ауызша орындалуы, - деп әдiстердi оқушының бiлiм алу, қатынасу, орындау жұмыстарына қарай екшеп, саралады.
Ә. Исабаев: Қазақ тiлiн педагогикалық жақтан үйрету әдiстерiне: қазақ тiлiн әдебиет материалдарымен байланыстырып өту, түсiнiксiз сөздердi үйрету, диалогтық және монологтық сөйлеудi үйрету, ауызша түсiндiру, ауызша мазмұндау және мәнерлеп оқыту әдiстерiн; Қазақ тiлiн теориялық жақтан үйрету әдiстерiне: әңгiме, хабарлау, тәжiрибе, түсiндiру және кiтапты пайдалану әдiстерiн; Қазақ тiлiн теориялық - практикалық жақтан үйрету әдiстерiне: талдау, тiлдiк материалдың түрiн өзгерту, мазмұндау, сөйлем құрау, шығарма, көшiру, диктант жаздыру әдiстерiн жатқызды .
Әдістердің бір ізге түсе қоймағанын айта келе әдiс дегенiмiз - оқушылардың оқу танымдық қызметiн ұйымдастыруда мұғалiм жүргiзетiн iс-әрекеттер жиынтығы. Әдіс-(Метод; грек, methodos - теория6 3л3м6 зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген әдістерді саналы түрде қолдану-жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т. б. жатады. [8, 36 б. ] . Тәсiл - осы әдiстiң бiр элементi, құрамдас бөлшегi. Қазақ тiлi сабақтарында мұғалiм түрлi әдiстердi: материалдарды түсiндiру, оны талдау, жаттығу, дәлелдеу, жаттықтыру, қорыту секiлдi көптеген әдiс-тәсiлдердi қолданады. Орынды және дұрыс, бiрiнен кейiн бiрi орнымен қолданылған әдiс-тәсiлдер ғана сабақтың алдына қойылған мақсатын ақтайды, оқушылардың шығармашылық қабiлетiн жетiлдiредi. Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда пайданылатын негiзгi әдiстер төмендегiдей:
Интерактивтi әдiстер - соңғы кездері кеңінен қолданыс табуда. Ол әсіресе белгілі бір пәнді жаңа технологиямен оқытуға көшу барысында жиі қолданылуда. Интерактивті әдіс кіші жастағы оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыруда да өнімді нәтиже беретін әдістің бірі деп есептейміз. Бұл әдіс әсіресе бастауыш мектеп оқушыларына сабақ үстiнде еркiндiк беруiмен құнды. Оқыту барысында оқушылар бiр-бiрiмен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседi және осы арқылы бiр-бiрiн оқытады, үйретедi. Интерактивтi сөзiнiң өзi ( латынша interaction ― интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етудi бiлдiредi.
Күн өткен сайын ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес ғажаптарға жол салып келеді. Өзге өркениетті мемлкеттерден қалып қоймай, білім беру саласын жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім!, -деп ұлы жазушымыз М. Әуезов айтқандай тәуелсіздік алған еліміздің өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым мектеп тұрады.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлкеттің ең маңызды стратегиясы болып отыр [9, 10 б. ] .
Бастауыш мектеп оқушыларын ауызша сөйлеуге дағдыландыруда интерактивтi әдiстер арқылы балалар сабақта белсендi iс-әрекеттер жасап, өтiлген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шешеді, бiрiн-бiрi оқытады, үйретеді. Интерактивтi әдiстер арқылы өтiлген сабақтарда оқушылардың үш жақты белсендiлiгiн арттыруға болады. Ол үшiн төмендегiдей мәселелер ескеріледі:
Оқушылардың қимыл белсендiлiгiн арттыру жолдары;
- Оқушылар түсiнбеген жерiн орнынан тұрып, екiншi оқушыдан еркiн сұрауы;
- жақсы оқитын оқушы өзiнiң микротобындағы нашар оқитын оқушыларға үйретуi, оқушылар тапсырма бойынша бiр-бiрiмен (өздерiнiң микротаптарында) сөйлесiп, ақылдасып отыруы;
- Оқушылардың тапсырманы орындап болғаннан кейiн өзара бiрiн-бiрi тексерi.
2) Оқушылардың әлеуметтiк белсендiгiн арттыру жолдары:
- Оқушылар өзара оқушы-оқушы не оқушы-мұғалім түрiнде бiр-бiрiне сұрақтар беруi;
- Бастауыш мектеп оқушылары сабақта өзара пiкiрлесiп отыруы;
- қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары жауап беру еркiндiгi болуы;
3) Оқушылардың танымдық белсендiгiн арттыру жолдары:
- Оқушылар қарсы жақтың пiкiрiне өзiндiк пiкiр айта алуға;
- Келiспеген жағдайда өзiнiң көзқарасын дәлелдеуге;
- Өзiнiң микротобындағы жолдастарының сөздерiне қосымша не пiкiрге қосылатыны жөнiнде өзiндiк пiкiр бiлдiруіне еркіндік жасалуы;
4) Оқушылардың қатысымдық белсендiгiн арттыру жолдары:
- Сабақ барысында оқушылар бiр-бiрiмен еркiн тiлдiк қатынасқа шығуы;
- Жауаптарын бiрге жоспарлауы;
- Сөйлеген сөздерiн нақты әрi қысқа жеткiзуi;
- Айтар ойларының әсерлiгi болуы;
- Сөйлеген сөздерiнiң жаргон, диалект, бөтен сөздерден таза болуы қажет.
Оқушылардың белсенділігін күшейтетін интерактивті әдіспен қатар дәстүрлі ойын әдісі болып табылады. Ойын - әсіресе кіші жастағы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға әрі қолайлы, әрі тиімді әдістердің бірі.
Ойын - адамдар генiнде қаланған инстинктi жеткiзушi. Балалар ойнау арқылы өмiр тәжiрбиесiмен танысады, ересектердiң қимылын қайталайды, сол арқылы өмiрге қажет қимылды, iс-әрекеттi және ойлау, сөйлеу дағдыларын меңгередi.
Ойын балалардың қиялынан туындайды, ойын - бала шығармашылығы. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, олар ойнау үдерісiнде «басқа әлемге» енедi.
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері өте көп. Ойын - қанағаталу үшін жасалатын іс - әркет. Ойын туралы көптеген теориялар бар [10, 415 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz