Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

І - бөлім. Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі.

1. 1. Қаржылық есеп берудің түсінігі мен мақсаты . . . 5

1. 2. Қаржылық есеп берудің негізгі саналық сипаттамалары . . . 6

1. 3. Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және

өлшеу . . . 10

ІІ - бөлім. Қаржылық есеп берудің ұсынылуы және оның пайдаланушыларға қажеттілігі .

2. 1. Қаржылық есеп беруді ұсыну және оған қойылатын талаптар . . . 14.

2. 2. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі қаржылық қорытынды есептің атқаратын ролі . . . 26

ІII - бөлім. Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылық пен оны дамыту жолдары.

3. 1. Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер . . . 29

3. 2. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сай есеп беретін CAP және CIPA сертификаттарымен бағаланған бухгалтерлерді дайындау бағыттары . . . 34

Қорытынды . . . 39

Пайдаланған әдебиеттер . . . 40

Қосымшалар . . . 41

Кіріспе.

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп - бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі - жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.

«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол аштық. ҚР-Елбасшымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. » деген еді. Осы жайттардың барлығын ескере отырып мен өзімнің курсттық жұмысымды бухгалтерлік есебімізді қалай жетілдіру керек екендігін және қаржылық есеп беруімізді халықаралық стандарттарға (Х. Қ. Е. С ) сай етіп жасағанда кәсіпорындарымыз қандай артықшылықтар мен кемшіліктерге тап болатының айтсам деймін.

Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Х. Қ. Е. С - қаржы есептігінің баршамызға ортақ және бірдей ұғынуға қажетті осы заманғы стил ретінде, капиталды ықпалдастыру, экономиканы шапшаң дамыту үшін негіздемеге қызметін атқарады. Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігінің және инвестиция тартуының, соның нәтижесі ретінде, бүкіл Қазақстан экономикасының өзекті негізі боп табылады. Ал Х. Қ. Е. С - ын білу онымен жұмыс істеу осы заманғы бухгалтер мен аудиторлардың ғана емес, сонымен бірге басшы беделінің қажетті сапалық белгісіне айналып отыр.

Курсттық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негіздері, екінші бөлімінде қаржылық есеп беруді ұсыну және оның пайдаланушыларға қажеттілігі болса, ал үшінші бөлімінде ХҚЕС -ке өткендегі артықшылықтар көрсетіліп (қосымша1) оны одан әрі дамыту жолдары ұсынылады

І - бөлім. Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі.

1. 1. Қаржылық есеп берудің түсінігі мен мақсаты

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субьектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және обьективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабактастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:

  • қаржылык есеп берудің мақсаттары;
  • бухгалтерлік есеп пен каржылык есеп берудің негізгі принциптері;
  • қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары. Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субьектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткең оқиғаларды бейнелейді.

Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды:

- кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;

- субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (акшалай қаражат пен олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент) қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналғаң - қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен шығару) ;

- субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;

- басшы органдардың жұмысын бағалауға.

1. 2. Қаржылық есеп берудің негізгі саналық сипаттамалары

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субьект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуіне мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәлеметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субьекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдай туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәлеметтерді ұсынуы тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық . Кезкелген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамассыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалығы мен мазмындылығын артыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелік. Пайдаланушы субьекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың теңденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелігін сақтау мүмкіндігі артады.

Есеп беруге қойылатын ең басты талап тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлек мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Баланысты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттарды баланысқа дейін қажет өңдеулерден өтеді.

Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады) .

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап) .

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріліді. (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т. б. )

Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің талдау жасалынады. Жасалған балансты және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін, арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңінің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырылып отырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолын анықтайды. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.

Ν2″Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету″(2БЕС) ; ″Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру″(3БЕС) және ″Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру″(4БЕС) арқылы жүзеге асады.

Стандартта негізгі қызметтен келген табыстар мен шығындардың әр түрлі баптарын, төтенше жағдайлардан түскен табысты не шығынды, тоқтатылған операцияларды және есептік бағалаудағы өзгерістерді, есепке алғанда есеп саясатын және қаржы есебін берудегі елеулі қателердің түзетілуін ашу тәртібі анықталады.

Жылдық есептік меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға:салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша) ; жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен есебін де береді.

Кәсіпорындар(бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері белгілейді.

Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.

Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бугалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

1. 3. Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және

өлшеу

Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқтғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық ситаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элеметтерін атайды.

Субьектінің қаржылық жағдайын бағалаумен тікелей байланысқан элементтер бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады. Кірістер мен шығыстар - кірістер мен шығыстар жайлы есеп беруде субьектінің көрсеткіштерінің өлшемімен тікелей байланысқан элементтер. Ақша қозғалысы туралы есеп беруді және меншікті капиталдағы өзгерістер жайлы есеп беруді бухгалтерлік баланс элементтерінде болған кірістер мен шығыстар өзгкрістері туралы есеп элементтері көрсетеді.

Субьектінің қаржылық жағдайы бағасына тікелей байланысты элементтер болып активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал табылады.

Активтер- болашақта табыс әкелетін, құндық бағасы бар өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар. Бұл ресурстар ұйыммен бақыланады. Активте бекітілген болашақ экономикалық пайда - ақша түсіміне немесе баламаларына тура немесе жанама ететін әлеует.

Активке айналған болашақ экономикалық пайда мыналардың нәтижесінде алынуы мүмкін:

1. егер актив жеке немесе субьект өткізетін дайын өнім өндірісінде басқа активтермен үйлесіп пайдаланылса;

2. басқа активтерге айырбасталса;

3. міндеттемелерді өтеу үшін қолданылса;

4. субьектілерді меншіктеушілер арасында бөлінеді.

Міндеттеме - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде пайда болған және құндық бағасы жеке тұлға немесе ұйым пайдасына белгілі бір әрекет етуші мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша және басқасын төлеуге, әлде өтеу экономикалық пайдалы активтің кемуіне немесе ресурстың жылыстауына әкелетін белгілі бір іс - қимылдан қағыс қалуға міндеттілік.

Міндеттемелерді өтеу былайша атқарылады:

  1. ақша төлеумен;
  2. басқа активтерді берумен;
  3. қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен;
  4. бір міндеттемені екіншісіне ауыстырумен;
  5. міндеттемелрді жарғы капиталына аударумен.

Меншікті капитал- міндеттемелерді есептен шығарғандағы актив.

Акционерлік қоғамдардың бухгалтерлік балансында меншікті капитал, бөлінбеген табыс, бөлінбеген табыс есебінен пайда болған резервтік капитал, сондай- ақ меншікті капиталда қолдауды қамтамасыз ететін түзетуді көрсететін сома, акционерлер салған қаражат ретінде сынып тармақтарына бөлінеді. Бұл тұжырымдамалар басқа субьектілерге де сай келеді.

Қаржы-шаруашылық қызметін бағалаумен тікелей байланысқан қаржылық беру элементтері мыналар::

1. кірістер-меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ, меншікті капиталдың көбеюіне әкелетін активтің немесе олардың құнының артуы не болмаса міндеттемелердің азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың өсуі.

2. шығыстар-меншіктеушілер арасындағы бөлуге байланысы жоқ, меншікті капиталдың кемуіне жетелейтін, активтердің немесе олардың құнының азаюы не болмаса міндеттеменің ұлғаюы түрінде есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың азаюы.

Қаржылық есеп элементтерін мойындау, тану -мойындаудың мынандай критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін баптың нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі:

1. бапқа бйланысты кез-келген болашақ экономикалық пайданы субьект алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар;

2. обьектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар.

Қаржылық есеп элементтерін бағалау-ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық есептерде мойындалады және мыналар бойынша бағаланады:

•Бастапқы бағасымен. Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен тараптардың келісімі мен белгіленген ағымдағы құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелер-міндеттемеге айырбасталып немесе кей жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған түсім сомасы бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау үшін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі.

•ағымдық құнымен. активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы бойыншакөрсетіледі, міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;

•Өткізудің ықтимал құнымен. Активтер сатудан алынуы мүмкін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер-оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражат;

•Дисконтталған құн. Активтер субьектінің қалыпты қызметі барысында активтерді гинерациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің дисконтталған құны болып танылатын ағымдағы құны бойынша;

•Баланстық құнымен. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік баланста көрсетілетін құны.

ІІ - бөлім. Қаржылық есеп берудің ұсынылуы және оның пайдаланушыларға қажеттілігі .

2. 1. Қаржылық есеп беруді ұсыну және оған қойылатын талаптар .

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін ″Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы″ Заңға, 24 ″Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру″ бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субьект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті.

Есепті кезеңдегі түгендеу санын, оның жүргізілеті күнін, оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субьект белгілейді. Субьект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалыптастырылады:

• жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында, алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек;

• субьект мүлікті жалға, сатуға, сатып алуға, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субьектінің қайта құрылуына тапсырғанда;

• материалды-жауапты тұлға ауысқанда;

• талан-тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде, сондай-ақ құндылықтар бүлдіргенде-мұндай фактілерді дереу түгендеу;

• төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу;

• тарату балансы жасалмастан бұрын субьектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда) ;

• негізгі құралды және тауарлы-материалдық қорларын қайта бағалауда субьектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтеғрі шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т. б. салдарынан болуы мүмкін.

Ал, бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды дәлдеу үшін де қажет. Текскрудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.

Түгендеу-бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түрінем, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлк есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық есеп беру түсінігі
Каржылык есеп беру элементтері жайлы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ
Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өту кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер
БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ МЕН БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық және халықаралық стандарттары
Халықаралық аудит стандарттарының мәні
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz