Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы



1. Дарвинизм ілімінің 1.даму кезеңі.
2. Эволюцияньщ қазіргі заманғы теориясы.
3. Ағза мен қоршаған ортаның бірлестігі.
Эволюциялық зерттеудің филогенетикалық бағыттарының бір саласы Жер бетіндегі бар организм топтарының арасындагы туыстық қарым-қатынастарды орнату болды. Сонымен бірге, әртүрлі туыстардың құрылымдарының ұқсастыгы олардан әуел бастан бір тектен шықкандыгының дәлелі. Демек, эволюцияның жанама дәлелі болып табылады. Салыстырмалы морфология мен эмбриология салаларында таксондар арасындағы геологиялық байланыстар кеңінен зерттеле бастады. Бұл саладағы ғалымдар ашқан жаңалықтар палеонтологтар ашқан жаналықтармен косылып органикалық дүниенің табиғи жүйесін, систематикасын жасауға негіз болды. Геккель көпшілік мақұлдаған үшжақты параллелизм әдісін ойлап тапты. Ол салыстырмалы морфология, эмбриология және палеонтологиялық зерттеулердің мәліметтерін салыстыра отырып түрлерді систематикаға орналастырды. Мысалы, салыстырмалы морфологня бойынша омыртқалы жануарлар топтары қаңқасының, ішкі органдарының қан айналымының тыныс алуы мен басқа жүйелерінің құрылысының ұқсастығы-гомологтығы анықталды. Омыртқалылар эмбриогенезі кезінде органдар жұрнақтары пайда болуында. дамуындағы параллелизм құбылысын байқауға болады.
1. Иорданский Н.Н. Основы эволюционного учения. М.:- «Просвещение», 1979.
2. Токин Б.П. Общая эмбриология. 2-е издание М., 1970.
3. Уоддингтон К. Морфогенез и генетика. М., 1964.
4. Бодемер Ч. Современная эмбриология М., 1971.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы «Биология» кафедрасының «_»_2009ж.
мәжілісінде талқыланды және № хаттамамен бекітілді.
Кафедра меңгерушісі: б.ғ.к., доцент Ч.Асабаев
Құрастырған:
Аға оқытушы Бекболатова К.А

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Лабораториялық жұмыс №3
Лабораториялық жұмыс тақырыбы: Эволюция ілімінің Дарвиннен кейінгі
дамуы
І.Жұмыстың жоспары:
1. Дарвинизм ілімінің 1-даму кезеңі.
2. Эволюцияньщ қазіргі заманғы теориясы.
3. Ағза мен қоршаған ортаның бірлестігі.
2.Жұмыстың мақсаты: Эволюциялық тұрғыдан сұрыптаулардың маңыздылығын
тусіндіру.
З.Студенттердің алдын-ала менгеріп келуі тиіс дағдылары:
1 Лабораториялық сабаққа арналған дәптер;
2.Бақылау сұрактары бойынша конспекті жазу,
3 Лабораториялық жұмыстың барысық оқыпмеңгеріп келу,
4 Лабораториялық сабақты лекция материалдарымен байланыстыра білу
5Лабораториялық жұмыс қорығыңдысын шығара білу:
4. Студенттердің алдын - ала біліп келуі тиіс мәліметтері:
І.Табиғи сұрыптаудың алғашқы зерттеулері мен тұр туралы түсініктің
орнығуы.
2. Дарвинизм ілімінің 1-ші даму кезеңі. Эволюциялық биологияның
қалыптасуы.
3. Дарвинизм ілімінің 2-5 даму кезеңі.
4. Эволюцияның синтетикалық теориясы.
5. Қысқаша теориялық мағұлмат:
І.Эволюциялық зерттеудің филогенетикалық бағыттарының бір саласы Жер
бетіндегі бар организм топтарының арасындагы туыстық қарым-қатынастарды
орнату болды. Сонымен бірге, әртүрлі туыстардың құрылымдарының ұқсастыгы
олардан әуел бастан бір тектен шықкандыгының дәлелі. Демек, эволюцияның
жанама дәлелі болып табылады. Салыстырмалы морфология мен эмбриология
салаларында таксондар арасындағы геологиялық байланыстар кеңінен зерттеле
бастады. Бұл саладағы ғалымдар ашқан жаңалықтар палеонтологтар ашқан
жаналықтармен косылып органикалық дүниенің табиғи жүйесін, систематикасын
жасауға негіз болды. Геккель көпшілік мақұлдаған үшжақты параллелизм әдісін
ойлап тапты. Ол салыстырмалы морфология, эмбриология және палеонтологиялық
зерттеулердің мәліметтерін салыстыра отырып түрлерді систематикаға
орналастырды. Мысалы, салыстырмалы морфологня бойынша омыртқалы жануарлар
топтары қаңқасының, ішкі органдарының қан айналымының тыныс алуы мен басқа
жүйелерінің құрылысының ұқсастығы-гомологтығы анықталды. Омыртқалылар
эмбриогенезі кезінде органдар жұрнақтары пайда болуында. дамуындағы
параллелизм құбылысын байқауға болады. Ен соңында, палеонтологиялық
жаңалықтар омыртқалылар организмінде қаңқа әлементтері гомологиялық
белгілер ретінде қалыптасқанын көрсетті. Осы мәліметтердің бәрі
омыртқалылар типінің бір тектен шыққандығының дәлелі.
2. Дарвиннің эволюция монофилитекалық жолмен, дивергенция арқылы
жүрген деген қағидасын дәлелдеу үшін омыртқасыздар мен омыртқалылардың
филогенетикалық туыстығын дәлелдеу керек болатын. Бұл мәселені орыс ғалымы
Александр Ковалевский ойдағыдай орындап шықты Оны дәлелдеу үшін
ланцетниктің эмбрионалды дамуын зерттеді. Ол жануарларды зерттеген француз
Катрфаж азғындаған омыртқалыларға жататын деген болатын. Ковапевский
ланиетникте омыртқалыларға тән нерв түтпінің, хорданың, қан айналу
жүйесінің, желбезектерінін қалыптасуын, сонымен бірге омыртқасыздарға тән
жұмыртқа белінуін, денесінің сементті құрылымын, зәр шығару жүйесінін де
омыртқасыздарға тән екендігін көрсетті. Ковалевский омыртқасыздар мен
омыртқалылардың филогенетикалық тұыстығын асцидияны зерттеу арқылы да
дәлелдеді. Асцидияның бастапқы онтогенезі бұрынғы тектерінің
филогенетикалық дамуын қайталағандай әсер қалдырады. Асцидияны бұрын
моллюскаларға жатқарып келген болатын. Ковалевский онын лнчинкасы
ланцетінік личинкасы сняқты омыртқалы жануарларға тән дамитындығын
көрсетті. Эволюция нәтижесінде асішдиялар гектері тіршіліккс көшкешне
байланысты хордасы мен нерв түтіктері жойылын кетедк З.Тұқым қуалаушылық
аппараттың кызметінің ішкі дүниесіне үңілсек. онда келесі деректермен
келісуге тура келеді. Гендер ағзадағы белгілі ақуыздардың синтезделуін
кадағалайды. Ал олардың ерекшеліктері ағзаның сыртқы көрінісіндеі
белгілерді анықтайды. Сонымен. ақуыздар ағзаның моргенездік дамуында
белгілі бағыт береді. Ал, ол белгілердін қаншалықты дәрежеде дамитыны
қоршаған ортаның эсеріне тікелей байланысты. Сондықтан, ондай факторларға
байланысты, әр тен әр жағдайда өз фенотиптік көрісінің көптеген варианттары
болады. Олардын қайсысы көрінетіні аталған орта әсеріне байланысты. Ағза
бұл кезде морфологиялық, физиологиялық, қылықтық немесе экологиялық
сипаттамалары бойынша өзгешілікте болуы мүмкін. Осы фенотиптердің жиынтығын
аталған ағза үшін қалыпты реакция мөлшері деп атайды (Бір генотиптің
бірнеше фенотиптік көрінісін қалыпты реакция деп атайды).

Поликуклеотидная цепь А Пслкнуклеотидкая цепь 8

2-сурет. ДНК молекуласының химиялық құрылымының сызба нұсқасы.
Бұл кезде көрінген өзгешілік түрі жеке-дара тұқым қуаламайды, сол
аталған қалыпты реакциялық фенотиптердің жиынтығы тұқым қуалайды. Немесе,
ағзаның орта әсеріне берер жауабының шектелген мөлшері тұқым қуалайды.
Қалыпты реакция қабілеті ағзалардың өмір үшін күресінде оте үлкен
маңызы бар. Белгілі орта жағдайында ол реакция бедгілі фенотиптің
қалыптасуына жағдай жасайды. Бұл фенотиптік өзгешіліті өзгергіштік деп
атауға болады. Бірақ, тұқым қуалаушылық өзгергіштіктен айырмашылығы, оның
жаңа белгі емес екендігінде, өйткені бұл белгінің көріну мүмкіншілігнің
барлық варианттары алдын ала генотипте бағдарланып қойылған. Ол өзгешілік
ағза үшін көптеген ортаның өзгеру варианттарына бейімділікті күшейту үшін
жасалған. Осы аталған өзгергіштікті модификациялық өзгергіштік деп атайды.
Модификациондық өзгергіштік ағзаның бейімделуін күшейтуге сұрыптау арқылы
әсер етуі мүмкін, бірақ эволюциядық ілгерілеуге себеп бола алмайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Модификациялық өзгергіштік деп қандай өзгергіштікті атайды?
2. Қалыпты реакция деп нені атайды?
З. Цитоплазматикалык тұқым куалаушылық калай іске асады?
4. Плазмогендер қандай гендер?
5. Генотип пен фенотиптің қандай айырмашылығы бар?
6. ДНК-ның редупликациясының қандай эволюциялық мәні бар?
7. ДНК мен РНК-ның азоттық негіздерінде кандай айырмашылық бар?
8. Нуклеотидтер қандай мономерлерден тұрады?
9. Нуклеотидтер өзара қандай байланыста болады?

Тақырып бойынша ұсынылған әдебнеттер гізімі:
1. Бляхер Л.Я. Проблема наследования приобретенных признаков. М.:-
1971.
2. Иорданский Н.Н. Основы эволюционного учения. М.:- Просвещение.
1975.
3. Лобашов М.Е. Гентика. 2-е издание Л., 1967.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы Биологая кафедрасының
28тамыз 2009ж. мәжілісінде талқыланды және №1 хаттамамен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі: б.ғ.к., доцент Ч.Асабаев
Құрастырған: Аға оқытушы Бекполатова К.А

Лабораториялық жұмыс №4
Лабораториялық жұмыс тақырыбы: Неоламаркизм және оның пайда болу
себептері
І. Жұмыс жоспары:
1. Неоламаркистердің ғылыми эксперименттерге сүйенудегі қателіктері
2. Салыстырмалы морфология, эмбриология, жасуша туралы теория
3. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы
2. Жұмыстың мақсаты: Ғылыми эксприменттерге сүйене отырып
зерттеулердің эволюциялық мәнін түсіндіру
3. Пререквизиттер: Эволюция ілімі пәнінің пререквизиттері болып
мектеппен жоғары оқу орындарындағы билогия, генетика, микробиология,
молекуларлықбиология пәндері саналады. Эволюция ілімінің басты маңызы -
тірі дүние дамуының заңдылықтарын зерттеу. Қарапайым тірі заттардан бастап
биосфераға дейінгі тірі материяның барлық өзгерісін органикалық эволюцияның
сатылық күрделену арқылы түсіндіру.
4. Постреквизиттер: Эволюция ілімі көптеген практикалық мәселелерді
шешеді. Ол селекцияның ғымыми негізі, көптеген медицина мәселелерін, ауыл
шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктері ауруларын анықтауға мүмкіндік
береді.
5. Студенттерің алдын - ала менгеріп келуі тиіс дағдылары:
1 Лабораториялық сабаққа арналған дәптер;
2.Бақылау сұрақтары бойынша конспекті жазу;
3 Лабораториялық жұмыстың барысын оқып меңгеріп келу.
4 Лабораториялық сабақты лекция материалдарымен байланыстыра білу.
5 Лабораториялық жұмыс қорытындысын шығара білу;
6. Студенттердің алдын - ала біліп келуі тиіс мәліметтері:
1. Неоламаркизм ағымының пайда болу себептері.
2. Неоламаркизмнің ғылыми негізінің осалдығы.
3. Неоламаркистердің ғымыми эксперименттерге сүйенудегі
қателіктері.
4. Неоламаркистердің эволюциялық осалдықтары.

6. Қысқаша теориялық мағұлмат:
1. Дарвиннің эволюциялық теориясының қабылдануынан кейін ламаркизмнің
ілімінің қайта жандануының себебі оның көтерген пастулаттарының
қарапайымдығында. Көптеген терең ғылыми зерттеулерге сүйенбей тұжырым
шығаруға құмар ғалымдар оларды көп уақытқа дейін өз идеяларына өзек етіп
ұстады. Бұл ғалымдар модификациялық өзгерігіштікті тұқым қуалаушылық
өзгергіштіктен ажырата алмады. Олар сыртқы қоршаған ортаның әсерінен
болатын жеке ағазының бейімделу кезінде ұшырайтын өзгерістерін тұқым
қуалаушылықпен шатастырды. Көптеген палеонтологтар қазба жұмыстарынан
табылған деректерді қорытындылай отырып кейбір ағазалардың паралелді даму
жолдарын тапты. Ондағы, уақытша, даму үрдісінің бірдейлігіне сүйене отырып,
эволюцияны алдын ала бағытталған жоспармен жүреді деп қате тұжырымға
келді. Соңында, Ламаркқа ұқсап, тірі материяның ішінде даму үрдісін
реттейтін немесе алдын ала бағыттайтын күш бар деді Неоламаркизмнің
біртұтас ғылыми негізі жоқ. Неоламаркисттердің әртүрлі өкілдері ол ағымның
белігі бір бөлігіне қарайды, не автогенездік (эволюцияның алдын ала
бағыттылығы мен прогресске ұмтылуын дәрістейтін), не эктогенездік (қоршаған
ортаның өзгерісіне қарай ағзаның өзгеретіндігін дәрістейтін) ағымға.
Автогенездік идеяларды палеонтолог Э.Коп (батмогенез - ағазалардың
прогресске ұмтылуы). О. Шиндевольф ортогенез теориясының авторы Т.Эймер,
аристогенез теориясының авторы Г.Осборн, заңдылық бойынша жүретін эволюция
теориясының авторы Л.Берг болды. Аталған теориялардың барлығында тірі
ағзаға алдын ала белгіленген ішкі ұмтылыс прогреске, күрделенуге және
жақсаруға деген бағдарламалар бар деп көрсетіледі. Бұл теориялар Ламарктың
теориясынан ешқандай өзгеріссіз деуге болады. Олар біртұтас ламаркизмнің
бір ғана бөліктері болып табылады.
2. Эктогенездік идеяларды тұтынатын ғалымдар Э. Геккель, Э.Коп,
Г.Спенсер, К. Негели, Ф. Вайденрайх, Е.Смирнов, Л. Давиташвили. Ф. Лысенко.
Ф. Лысенко өткен ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекті физиолог
ғалым. Ол генетика ғылымын түптен жоққа шығарып, өсімдіктердің
өзгерушілігінің басты себебін тек қоршаған ортаның әсерімен түсіндірген.
Оның пікірі бойынша, өсімдіктерді бір-бірімен телген кезде тұқым қуалайтын
өзгергіштік пайда болады. Қоршаған орта ағзаға әсер етеді деді. Онда
соматикалық өзгергіштік пайда болады. Соның нәтижесінде ағза жаңа жағдайға
бейімделеді. Ол пайда болған белгі бір себептен жыныстық жасушаларға
беріледі деді (соматикалық жасушалар солай адекватты индукция әсерін
көрсетеді екен). Келесі ұрпақта сол белгі қоршаған ортаның әсерісі көріне
береді (1-сурет).

1-сурет. Е- қоршаған ортаның 5 ағзаның сомасына әсері; Р және М -
пайда болатын модификациялық өзгерістер; 81 -келесі Ғ ұрпаққа берілетін (р)
ағзаның жыныстық жасушаларда (§) өзгеріс тудыратын соматикалық индукция.
Мысалы, көлеңкелі және күншуақты жерде өскен өсімдіктерде болатын
фенологиялық өзгешіліктерді олар тұқым қуалайды деп түсіндірді. Шын
мәнінде, бұл әр ағзаның бейімділік қасиетіне байланысты болатын қалыпты
реакциясы. Сан алуан өзгергіштік себептердің ішінде, жоғарыда аталғандай
соматикалық жасушалардың жыныстық жасушаларға әсер етуін қазіргі
эволюциялық теорияда жоққа шығармайды. Бірақ, бұл құбылыс жаппай жағдайда
болатын түрөзгергіштіктің себебі емес. Ол тек ерекше жағдайда болатын
өзгерістердің бір түрі ғана. Өйткені, ағзадағы гаметалар көптеген зиянды
әсерлерден жақсы сақтаулы болады.
Эволюциялық идеялардың дамуына салыстырмалық анатомияның пайда болуы
үлкен әсер етті. Бұл ғылым саласы батыс еуропа елдерінде 17 ғасырда дами
бастады.
Француз ғалымы П. Белон өз еңбектерінде систематикалық таксондардың
өзара ұқсастықта болатыны жайлы пікір айтты. Оның көтерген идеясын ұлы
неміс ақыны және өз уақытының жаратылыстанушысы В. Гете жалғастырды. Гете
өсімдіктерде кездесетін метаморфоздық өзгергіштіктерге түсініктеме берді.
Ол эволюция кезінде қандай мүшелердің қандай мүшелерден дамуы мүмкін екені
туралы гипотезалар түзді. Олардың шығу тектері бір деген уәж айтты. Ол идея
кейін гомологиялық және анологиялық мүшелер туралы ұғымдарға айналды.
Салыстырмалы морфологияның дамуына француз ғалымдары Э.Ж.Сент-Илер мен
Ж.Кювье үлкен үлес қосты. Сент-Илер органдар құрылымының бір типтілігі
концепциясын шығарған. Ол концепция бойынша бар жануарлардың құрылыс
жоспары бір. Мысалы, адамның қолы құстың қанатына сәйкес аттың алдыңғы
аяғына сәйкес. Ондай ұқсастықтар тек қаңқаларында ғана емес бұлшық
еттерінде де, нервтерінде де бар. Ж.Кювье организм бөліктерінің бір-бірімен
корреляциясын анықтап, салыстырмалы морфологияда аса ірі жаңалық ашты.
Салыстырмалы анатомия мен морфологиямен қатар, салыстырмалы эмбриология
дами бастады. Эмбриологиялык зерттеулер мен ондағы басты қағидаларды, көне
грек ғалымы Аристотель айтқанын білеміз. Бұл идеялар қайта жанданып
қарқынды дами бастады.
19 ғасырдың екінші жартысында К.Бэр өз зерттеулерінің нәтижесінде
жоғарғы сатыдағы және төменгі сатыдағы ағзалардың алғашқы эмбриондық
дамулары өте ұқсас болатындығын дәлелдеді. Эмбрионалдық даму кезіндегі
типтік, туыстық, түрлік одан кейін жеке индивидиумдық белгілердің
реттілікте қайталанатынын анықтады. Іс жүзінде ағзаның эмбрионалдық даму
кезінде филогенездік жолды қайталайтындығы ашылды. Бірақ, бұл пікір
тұжырымдалынып айтылмады. Аталған идея параллеизм деп қалыптасты.
Жасуша теориясын неміс ғалымдары Шлейден мен Шванн ашты. Теория
негізінен үш қағидадан тұрды: а) жасушалар тек олардың бөлінуі арқылы ғана
пайда болады; б)организм түгелдей жасушалардан тұрады;

в) көпжасушалы организмдер жалғыз ғана жасушаның зиготасынан дамып
жетіледі. Эволюционистер осы арқылы көпклеткалы организмдердің бір жасушалы
организмдерден пайда болғандығын дәлелдеді. Эволюциялық тұрғыдан алғанда,
жасуша теориясының басты маңызы өсімдіктер мен жануарлардың жасушалардан
тұратындығын дәлелдеуінде. Демек, олар туыстар және арғы шығу тегі бір
деген сөз.
Жасушаның ашылуы жаңа ізденіс салаларының (цитология, физиология)
дамуына себеп болды. Биологиялық проблемалар жан-жақты зерттеле бастады.
Мұндай қарқынды даму барысында идеалисттік және метафизикалық тұрғыдағы
ілімдердің ірге тастары шайқала бастады. Олардың константты және догмалық
теориялары бұрынғы күштерінен айырыла бастады.
3. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы көбіне табиғи сұрыптаудың
теориясы деген атпен белгілі. Бұл сол кездегі және болашақ жаратылыстану
ғылымының дамуы үшін орасан зор маңызы зор еңбек болып табылатын. Дарвиннің
табиғи сұрыптау теориясы тек биология ғылымы үшін емес, сонымен қатар,
жалпы материалисттік көз қарастағы философияның дамуының негізі болды. Бұл
ашылым өз дәуірінің мүмкіншілігінен әлде қайда алға қарай бағытталған
ғылыми ой еді.
Дарвиннің теориясы өзінің алдындағы ситематиктердің жасаған
еңбектеріндегі ең прогрессивті мәндерін сараптау мен қатар нақты ғылыми
деректерге сүйенген еңбек болып саналады. Ол алдыңғы эволюциониеттердің
жіберген қателіктеріне ғылыми негізделген түсініктеме берді және табиғаттың
даму заңдылықтарына нақты жауап берді Ол жауаптар ойдан емес, сол табиғатта
болып жатқан даму үрдістеріндегі зандылықтарды дұрыс сараптаудан және өзі
жүгізген ғылыми зерттеулерден алды. Оның толық және ғылыми негізденген
еңбегі 1859 жылы жарық көрді. Ол Табиғи сұрыптаудың нәтижесінде түрлердің
пайда болуы немесе өмір үшін күрестегі оңтайлы нәсілдердің сақталуы деп
аталды. Дарвиннің алдында осы бағытта жарық көрген еңбек А. Уоллестікі еді.
Ол осы эволюциялық ілімге жақын көз қараста жіктеу жүргізіп өз ойын
тұжырымдады. Бірақ, Дарвиннің еңбегі әлде қайда толық және жан-жақты
негізделген болатын.
Эволюциялық теориясы ағзалардың даму үрдісінің қоршаған ортаның
әсерінен тыс жағдайда жүре алмайтыны және жаңа пішіндердің пайда болуы да
үзіліссіз болатын кұбылыс екенін дәлелдеді. Дарвин жаңа түр мен
популяциялық ұғымдарды эволюциялық үрдістен бөлек алып қарауға болмайтынын
көрсетті. Өйткені, барлық даму үрдістері осы аталған таксономикалық
"бірліктермен тығыз байланысты. Үйретілген ағзалардағы және табиғаттағы
өзгергіштіктерді және сұрыптаудың эволюциялық мәнін ашканнан кейін, Дарвин
сол даму үрдісінін маңызды шарты болып табылатын өмір үшін күрес
концепциясын тұжырымдады. Дарвинше. өмір ушін күрес- ағзалардың шексіз
мөлшердегі ұрпақ қалдыруға ұмтылысы. Өмір үшін күрестің пайда болуы осы
көбеюге деген ұмтылыстан пайда болады. Көптеген ұрпақтың барлығы тірі
қалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар
Эволюциялық идеяның туылуы
Эволюциялык идеялар
Дарвиннен кейінгі кезенде эволюциялық ілімнің дамуы
Эволюция теориясы
Филогенетика казыргы кезеңі
Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық
Пәндер