Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін XV-XVIІI ғ.ғ. Қазақтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын, таптық құрлымын жан-жақты сарапқа салып, талдау және қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
I.ТАРАУ ХҮ.ХҮІІІ ғғ. Қазақтардың экономикалық жағдайы ... ... ... 6
1.1 Мал және егін шаруашылығы: түрлері, құрлымы ... ... ... ... ... ... ..6.16
1.2 Сауда мен қолөнерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.20
II . ТАРАУ ХҮ.ХҮІІІ ғғ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1 ХҮ.ХҮІІІ ғғ. қазақ қоғамындағы билеуші әлеуметтік топтар ... ... ... .20.27
2.2 ХҮ.ХҮІІІ ғғ. Қазақ қоғамындағы төменгі әлеуметтік топтар және олардың жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51.54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55.57
Қазақ хандығы этногенездік тұрғыда Қазақ халқының ағымын білдіреді. Қазақ ру-тайпаларының бірігуімен үлкен территорияны биледі. Тарих ғылымында XVI — XVII ғ.ғ. Қазақстанның Әлеуметтік және Экономикалық жағдайын зерттеу арқылы білуге болады. XVI-XVII ғ. Қазақ қоғамы бір қалыпты дамыды. Қазақтардың негізгі шаруашылығымен айналысты, қалған бір бөлігі егінішілікпен айналысса, қала тұрғындары негізінен қолөнер, сауда, құрылыстармен айналысқан. Қазақ хандығында да басқа Орта Азия мемлекеттері сияқты өзіндік ерекшеліктері болды. Осыған байланысты Қазақстанда сол ғасырларда алғашқы патриархалдық -феодалдық қатынастар сақталып отырды. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін әрдайым Шайбанилермен талас- тартыс болып тұрды. Қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі болып өмір сүрді[1].
Көшпелі Қазақтар төрт түлік мал ұстаған мысалға, жылқы, қой, сиыр, түйе баққан. Жылқы мен қой көшпенділер арасында ең маңызды мал болған. Олар экстенсивті мал шаруашылығымен айналысқан. Егіншілер бұлар кедейлер немесе қала тұрғындары отырықшы "отырықтар", "жатақтар" айналысқан. Егіншілер тары, арпа, бидай, жүгері түрлерін екті. Қазақтарда негізінен қоғамда екі таптан тұрды. Олар "ақсүйектер" бұған хандар, сұлтандар және қожалар жатқан. Екінші тап "қара сүйек" деп аталды. Бұларға бай, би, батыр, кедей құл, күң, малшы, жалшы, егінші жатқан. Қазақ хандығының XVI — XVII ғ.ғ. Әлеуметтік және Экономикалық тұрғыдан қалалар зор маңызды роль атқарды. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Қазақ хандығының билік орнатуымен бұл жерлерде әрбір хан тұсында өз атына ақша бастыру зор роль атқарды. Қалаларда басқа мемлекеттермен байланыстар орнатылды[2]. Сол кезде Орыс мемлекетімен сауда қарым қатынастары орнатыла бастады.
Қалада тауар-ақша, сауда, қолөнер түрлері дамыды. Отырар, Сауран, Яссы, Сайрам қалалары осы ғасырларда архитектура құрылысы тұрғыда гүлденген дәуірлері болды. Бұл қалалардың әрқайсысы саяси тұрғыдан ерекшеліктері, экономикалық өзгешеліктері, Әлеуметтік тұрмысы өркендеген кезеңдерінің бірі болған.
1. «Қазақ ССР тарихы», 5 томдық, -Алматы 1982.
2. «Қазақстан тарихы», 2 томдық, -Алматы 1957.
3. Сонда 135 бет.
4. «Қазақстан тарихы очергі», -Алматы 1993. 150 бет.
5. Бартольд.В.В. «История орашение Туркестана». Москва 1963. 225-226 бет.
6. Сонда 230-232 бет.
7. Байпақов К, А. Нұржанов, Ұлы жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан, Алматы: Қазақстан 1992, 203-б.
8. Акишев К.А. Байпаков К.Н. «Кярязы Саурана, -Алма-Ата» 1973. 73-75 бет.
9. Материалы по истории казахской ханств в ХҮ-ХҮІІІ вв. Алматы 1959.222 -с.
10. Сонда 224 б.
11. Абилтайн М, ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ қоғамы,-Түркстан 2002,21-б.
12. Сонда 25-б.
13. Абусейтова М.Х. «История Казахстана и Центральной Азии» -Алматы 2001. 384-386 бет.
14. Кляшторный С.Г, Султанов Т.И «Казахстан: летопись трех тысячалетий» -Алматы 1992. 346-348 бет.
15. Бартольд В.В Царемония при дворе узбекских в XVII веке, -Москва 1964, 395 бет.
16. Сонда 395 бет.
17. К. Акишов «Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии» - Алматы 1983. 56-57 бет.
18. Сонда 65-67 бет.
19. «Қазақ ССР тарихы»- Алматы 1957. 143-144 бет.
20. Сонда 145 бет.
21. «Археологические памятники Казахстана» АК. Н.К им. Ч. Валиханова.- Алматы 1978, 392-394 бет.
22. Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б Древные города Казахстана.- Алма-Ата 1989, 25-26 бет.
23. Р.З Бурнашева «Прошлое Казахстана археологическим источникам» -Алматы 1976. 59-60 бет.
24. Сонда 62 бет.
25. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Алматы 1992, 23-26 бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .3-5

I-ТАРАУ ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақтардың экономикалық жағдайы ... ... ... 6

1.1 Мал және егін шаруашылығы: түрлері,
құрлымы ... ... ... ... ... ... ..6- 16

1.2 Сауда мен қолөнерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..17-20

II - ТАРАУ ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰРЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .20

2.1 ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ қоғамындағы билеуші әлеуметтік
топтар ... ... ... .20-27

2.2 ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ қоғамындағы төменгі әлеуметтік топтар және олардың
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...28-50

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51-54

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55-57
Кіріспе
Қазақ хандығы этногенездік тұрғыда Қазақ халқының ағымын білдіреді.
Қазақ ру-тайпаларының бірігуімен үлкен территорияны биледі. Тарих ғылымында
XVI — XVII ғ.ғ. Қазақстанның Әлеуметтік және Экономикалық жағдайын зерттеу
арқылы білуге болады. XVI-XVII ғ. Қазақ қоғамы бір қалыпты дамыды.
Қазақтардың негізгі шаруашылығымен айналысты, қалған бір бөлігі
егінішілікпен айналысса, қала тұрғындары негізінен қолөнер, сауда,
құрылыстармен айналысқан. Қазақ хандығында да басқа Орта Азия мемлекеттері
сияқты өзіндік ерекшеліктері болды. Осыған байланысты Қазақстанда сол
ғасырларда алғашқы патриархалдық -феодалдық қатынастар сақталып отырды.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін әрдайым Шайбанилермен талас- тартыс болып
тұрды. Қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі болып өмір сүрді[1].
Көшпелі Қазақтар төрт түлік мал ұстаған мысалға, жылқы, қой, сиыр,
түйе баққан. Жылқы мен қой көшпенділер арасында ең маңызды мал болған. Олар
экстенсивті мал шаруашылығымен айналысқан. Егіншілер бұлар кедейлер немесе
қала тұрғындары отырықшы "отырықтар", "жатақтар" айналысқан. Егіншілер
тары, арпа, бидай, жүгері түрлерін екті. Қазақтарда негізінен қоғамда екі
таптан тұрды. Олар "ақсүйектер" бұған хандар, сұлтандар және қожалар
жатқан. Екінші тап "қара сүйек" деп аталды. Бұларға бай, би, батыр, кедей
құл, күң, малшы, жалшы, егінші жатқан. Қазақ хандығының XVI — XVII ғ.ғ.
Әлеуметтік және Экономикалық тұрғыдан қалалар зор маңызды роль атқарды.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Қазақ хандығының билік орнатуымен бұл
жерлерде әрбір хан тұсында өз атына ақша бастыру зор роль атқарды.
Қалаларда басқа мемлекеттермен байланыстар орнатылды[2]. Сол кезде Орыс
мемлекетімен сауда қарым қатынастары орнатыла бастады.
Қалада тауар-ақша, сауда, қолөнер түрлері дамыды. Отырар, Сауран, Яссы,
Сайрам қалалары осы ғасырларда архитектура құрылысы тұрғыда гүлденген
дәуірлері болды. Бұл қалалардың әрқайсысы саяси тұрғыдан ерекшеліктері,
экономикалық өзгешеліктері, Әлеуметтік тұрмысы өркендеген кезеңдерінің бірі
болған.
Тақырыптың өзектілігі. XVI —XVII ғ.ғ. Қазақ хандығы саяси тұрғыда ең
мықты мемлекеттің біріне айналды. Қазақстанның сол ғасырларда қазақ
қоғамның әлеуметтік және экономикалық тұрмысын зерттеуде сол кездегі атақты
ғалымдардың еңбектерін қарастырып зерттеуде оң көзқараспен қарап,
әлеуметтік-экономикалық тұрмысын қарастырамыз. Қазақстанда қаладағы тауар-
ақша, қолөнер, сауда түрлерімен бірге қалалардың өсуіне қарамастан Қазақ
халқы мал шаруашылығымен негізгі бөлігі айналыса берді. Біз де осы
ғасырлардағы ең бір күрделі және тартысты болған Қазақ хандығының
қоғамындағы өзгешеліктерді тақырып етіп диплом жүмысына негіз етіп алып
отырмыз. Кеңес тарихында бұл мәселелер аз зерттелген жоқ. Қазіргі егеменді
Қазақстан тарихында да бұл тақырып зерттелуде. Осы кездегі Қазақстанның XV-
XVIІI ғ.ғ. Әлеуметтік — экономикалық тұрмысы саяси өрбуі диплом жұмысында
кеңінен қарастырылады.
Диплом жұмысының тарихнамасы.
Қазақ хандығының көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан және егіншілік
шаруашылық түрлерінің дамуы салық түрлерінің төленуі, құмырашылардың өнері,
саудагерлердің қалаларға келуі, тауар-ақша айналымының артуына байланысты
қазақтардың өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. 1997 жылы Алматыда
жарық көрген еңбек "Культура и История Центральной Азий и Казахстана
проблемы и перспективы иследование" өз үлесін қосады.
Бартольд В.В. История орошения Туркестана Москва 1963 жылы жарық
көрген еңбекте Қазақстанның егіншілік аудандарын зерттеп, біздің
тақырыбымызға байланысты біраз мағлұматтар қалдырды. Осы еңбекте әрбір
Сырдария алқабындағы қалаларда шұрайлы жерлерде, суармалы жерлерде егістік
түрлері қалай дамығандығын көрсетеді.
Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан летопись трех тысячалетий
Алма-Ата 1992 год. Бұл еңбекте Қазақ қоғамындағы таптық мәселелерді айрықша
көрсетеді. Пищулина К. А. Казахстан XVI — XVII веках атты еңбегінде
Қазақстанның қалаларынын тұрмысын, маңызын, саяси тұрақгылығын жазып, бұл
қалалардың әскери-саяси ролін кең көлемде талқылайды. Осы еңбектерді
еншілеп атап өткіміз келеді.
Диплом жұмысының максаты мен міндеті.
Диплом жұмысы Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін XV-XVIІI ғ.ғ.
Қазақтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын, таптық құрлымын жан-
жақты сарапқа салып, талдау және қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың
жағдайы диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Диплом жұмысының кұрылымы.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау "әр тарауда екі параграфтан",
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде Қазақстанның XV-XVIІI ғ.ғ. тарихына қысқаша
тоқталып, шолу жасадық. Сондай-ақ кіріспеге қойылатын талаптарға сай
тақырып өзектілігі, мәселенің зерттелу дәрежесі, яғни тарихнамасы берілді.
Диплом жұмысының мақсаты айқындалды. Жұмыс соңында қорытынды жасалып,
пайдаланылған әдебиет тізімі берілді.

1. Мал және егін шаруашылығы: түрлері, құрлымы
Орта ғасырлық Қазақстан аймағында қазақ мемлекетінің өмірге келіп,
дамуы қазақ эпосының өркен жаюындағы ұзақ жолында оның бірегей құралып
қалыптасуы мен бірігіп нығаюы түтастығын сақтап қалуы үшін аса зор маңызды
болды. Жазба материалдарда кейінгі орта ғасырлық ірі мемлекет — Орталық
Азия аймағында евразия халықтары мемлекеттері жүйесінде елеулі роль
атқарған қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. XV ғ. ортасынан
бастап XVII ғ. дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық
дәрежесімен ерекшелінетін шын мәнінде бірыңғай саяси жүйе тұрғысында
тіршілік етті. Ол өмірге келу өркендеу және күлдырау кезевдерін басынан
өткерді, ал XVII ғ. жеке-жеке хандықтарға жүздердің жайлаған жерлері
шегінде ыдырады. Бұл хандықтардың жерлері негізінен алғанда сыртқы саяси
оқиғалардың ықпалымен өзінің нобайын талай рет өзгертті. Бірақ мүндай
өзгерістер әрдайым дерлік қазақ этносы жайлаған жерлерде Ертіс пен
Қараталдан, Сырдария мен Жайыққа, Алтай мен Тянь Шаньнан, Каспий мен Аралға
дейінгі аралықта орын алып отырды. Дегенмен орта ғасырларда қазақгардың
этникалық және мемлекеттік территориялары, әдетте осы аймақтағы басқа
халықтардікі тәрізді өзара дәл келе бермегендігі сөзсіз [1].
Сол дәуір жазба материалдарының мағлұматтарына қарағанда ХV-ХVІІ ғ.ғ.
қазақ хандығының жайлаған жерлері әр кезенде-ақ отырықшы аудандардағы
сияқты Ұлы, Орта, Кіші жүздердің негізгі жайылымдары мен көшіп-қону
жолдарының шекаралары аралдығындағы қазақтардың этникалық аймағынан кем
болған.
Хандықтардың басқарушылары өз бетінше дербес сыртқы саясаттарын
жүргізді, ал олардың қол астындағылар көрші халықтармен, орта және орталық
Азиямен, Ресей мемлекеті мен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және
мәдени байланыстар жасап отырды. Бұл қарым-қатынас көбінесе шағын
шапқыншылықтар мен созыңқылы соғыстар салдарынан күрт үзіліп қалатын. Ал
мұндай соғыстардың шекаралық жерлер үшін дау жанжалдардың барысында
тайпалар мен рулардың орын ауысуы жиі етек алып қортысында сол аймақ
халықтарының мемлекеттілік және этникалық территориялары қалыптасқан. Соның
өзінде қазақ хандарының басқасын айтқанда ұзақ мерзімді этно-саяси және
шаруашылық мәдени дамудан өту арқылы жалпы мемлекеттілікке және бірігуге
дап-дайын тұрған жерлерді жиыстырып біріктіргенін атап өту маңызды[2].
Мал шаруашылығы: XV-XVII ғ. далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық
саласы ретінде басым тұрғы да — тарихи қалыптасқан, құлан дала мен жартылай
шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және
жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталды. Малдың негізгі түлігі қой,
жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде негізінен алғанда отырықшылықты
жерлерде өсірілді. Маусымдық жайылымдарда "көктеу, жайлау, күздеу, қыстау"
алмастырылып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық
айналымы орнықты. Сонымен ондаған, ал көптеген жағдайда жүзден астам
ауылдардан құралуы ықтимал әрбір ру белгілі бір географиялық жер көлемі
шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдық қоныстардың ара
қашықгығы оңтүстікте 200-300 шақырымнан Жетісудың ендік бағыттындағы
далалық аудандарында 800-900 шақырымға дейін созылды. Қоныс орнын
таңдау, әрине тек дәстүр мен шаруашылықтық
мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен бірге хандықтағы саяси жағдай да тәуелді
болды [3].
Мешеу көшпелі мал шаруашылығы кең көлемді жайылымдық жерлердің болуын
талап етті, ал олардың әрдайымғы жетіспеушілігі көршілер арасында соғыстар
мен дау-жанжалдар туғызып отырды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына
мейлінше тәуелді еді. Жем шөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп
жайылды. Мысалы, Ибн Рузбихан көшпелілер үшін Сырдария жерінің өте бағалы
екендігін көрсете келіп Сейхун төңірегінің бәрі "Қамыспен көмкерілген, мал
азығы мен отынға бай" - деп жазды. Қыс сұрапыл болған жылдары малдың жаппай
қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп көбі
отырықшылыққа ауысатын.
Баяу дегенімен, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің
формасы мен өнім өнімділігі жақсара түсті; қолайлы жылдары "ауа - райы
жағдаймен бірге халық өмірінің саяси жағдайы жағынан" мал басы үдемелі
қарқынмен өсіп отырды[3].
"Қазақтардың XVI ғ.ғ. көптеген мал, ат, түйе болған" - деп жазды
Сейфи. Ірі қара мал қазақтарда көп қолданылмады, өйткені ірі қара малдары
жылдық көшіп қону мерзіміне өте қолайсыз еді. Ет және сүт ас тағамдары
болды, тері және жүннен киімдер тоқылды және аяқ киім, ыдыс табақтарға
қолданды. Ең негізгі роль жылқы орын алды. Бұған сәйкес М. Хайдар Дулати
былай дейді Қасымхан тұсында өте жақсы роль атқарған. Біз дала
тұрғындарымыз бізде қымбат зат, тауар, тағы басқа өзгешелік жоқ дейді.
Біздің негізгі байлығымыз жылқы, олардың еті терісі бізге ең жақсы тамақ
киім болады. Ең өзгешелігі қымыз сусыны болып табылады. Жергілікті
жылқылардың асыл тұқым түрлері өте шыдамды болып келетін олар табиғаттың
суық, ыстығына төзімді болатын. Қазақтар арасында түйенің жүні мен сүті
кең көлемде қолданылған. Көшпелі елдер шаруашылығында жылқының маңызды
болу қазақ жылқылары ең бағалы сапасы оның тебін тебе алатындығы болды. Ат
қазақтың негізгі қатынас құралы болды. Бірақ ат тек салт қатынасқа қана
пайдаланылды. Салт атпен жүруге тек ерлер ғана емес, әйелдерде шебер болды.
Қазақ шаруашылығың мұндай өркендеуі Қазақстан жерінің кеңдігі де жағдайлы
болды. Қазақ халқының шаруашылық тұрмысында қой ең маңызды орын алды: қой
терісінен тон, шалбар тігіп киді, қой жүнінен киіз басты. Қой көрші
елдермен арадағы сауда-саттық жұмысында айырбас құрал да болды. Қойға қазақ
халқы металл, қару-жарақ, сән-салтанат бұйымдарын сатып алып отырды. Қой
ақша орнына жүрді, түрлі товарлар бағасының өлшеушісі болды[5].
Қазақ халқы қой мен жылқыдан басқа түйе, ешкі, сиырда өсірді. Түйенің
ең қымбаты нар деп саналды. Өйткені оның жүні сапалы, биязы болатын,
сондықтан ол биязы шекпен тоқуға пайдаланылып отырды "қазақ қойының жүні
қылшықты болғандықтан шекпен тоқуға келмейтін болды". Түйеге көбінесе жүк
артылды [4].
Ибн Рузбиха Исфаханидің айтуынша түйе жылқылармен бірге арбаларға
артылған үй және үй заттарын көшіп қону үшін транспорттық көлік ретінде
қолданылған.
Ешкі көп өсірілмеді. Қазақстан жағдайында мал өсіру шаруашылығы мал
жайылымдарын жайлау, күзеу, қыстау бөліп отыруды керек қылды. Бұлардың
аралары бір-біріне өте шалғай болатын еді. Мал күздігіні оңтүстікке қарай
айдалды, ал жаз шығысымен солтүстік аудандарға жайылымға шығарылды [5]
Қыстаулар, яғни малдың қысты күнгі жайылымдары әбден таңдалып алынып
отырды. Оты мол және Солтүстік-Шығыс пен Оңтүстік-Батыстан соққан желдер
қарын айдап кетіп, қар жататын жерлер жақсы қыстау деп есептелетін болды.
Өйткені тек осындай жайылымдарда ғана мал қыстыгүні қыстап шығатын
еді. Қысқы борандарда шалықтайтын төбе-төбе құмы бар, жал-жал қамыстары
бар жерлер ең қолайлы қыстаулар болып табылады.
Осы жағынан басқа жерлердің бәрінен де, Каспий теңізі мен Арал
теңізінің аралығындағы жерлер, Қарақұм және Сырдария мен Жайықтың төменгі
жақтары көбінесе қолайлы келеді.
Жазғы жайылымдарға суаты мол жерлер керек еді. Мұндай жерлер осы күнгі
Қазақстанның көбінесе солтүстік және батыс аудандарында болатын. Сондықтан
көшіп-қону көбінесе меридиан бағытымен болып отырды.
Орта жүзбен Кіші жүз аудандарында көшіп-қону өрісі орта есеппен 700-
900 километрдей болып жүрді. Ал кейбір рулар жылма-жыл 1000 километрден
астам жерге де көшіп отырды. Көшіп қону өрісі онша шалғай болмаған Ұлы жүз
бен Жетісу аудандары еді. Оңтүстік Қазақстанда бір-бірімен іргелес жатқан,
ауа-райы мен өсімдігі әр түрлі болып келетін жерлерде бар. Бұл арада
айналасы 200-300 километр жер ішінде сахарадан бастап басынан қары
арылмайтын биік тау баурындағы Алпі шабындықтарына дейін құбылып жатқан
әртүрлі жерлерді көруге болады. Көптеген жағдайларда далалы жерлерде
дөңгелекті транспорт түрі кең қолданылды. Барлық қыстау жерлерде малдарға
су тапшылығы болады, осыны ескере қазақтар жер мен шөптің бетін қар жапқан
кезде ғана жолға шығып отырған. Олар қар үйінділерін дөңгелектете қойып қар
бар жерлермен жүріп отырған, әйтпесе сусыз қалулары мүмкін болатын [6].
Мал шаруашылығымен шұғылданатын көшпелі елдің өмірі үлкен қауіп-
қатерлерге соғып отырады. Қасқыр қауіпі малдың аяғын аттап басқызбайды. Қыс
күндерінде далада күн тосын жылынып, онан кейін қатты суық түсіп кететін
кездер де аз болмайды. Мұндай кездерде жер мен қарды қарып мұз басып
жылқының тұяғы тебіндеуге жарамай қалады. Мал оттай алмай, бірнеше күн
ішінде қырғынға ұшырайды. Осындай мұз түсіп, мал қырылды жұт деп
аталады.
Мұндай күйге көшпелі шаруа қар қалың жауып тебіндегі малдың қорек
алуына қиыншылық болған жағдайда да ұшырап отырды. Мұндай апаттардан
сақталу үшін азды-көпті шөп, қамыс дайындалатын болды. Бірақ олар, тек аз
уақытқа ғана жетіп отырды. Міне осындай дайын шөп тоқ болып қалған
кезеңдерде үй ішіндегі адамдар тегісімен мал тебініне шығатын болды.
Қолдарына күрегі мен шотын, балтасы мен сүйменін алып мұз жарып, күрек
аршыды, сөйтіп малдың қорек алуына көмек беріп отырды. Бірақ мұның көмегі
де шамалы болды.
Мал жылдың үштен біріндей уақыт ішінде "қазаннан наурызға" дейін
қысталатын болды. Наурыз айының ортасынан бастап жайлауға шығу қамы
істелді. Жайлауға шығарда жолға арналған жеңіл-желпі жолым үйлер, жаздық
шағын таулық үйлер жүйеге артыла салатын, болды. Ғасырларға созылған
көшпелілік тәжірибесінің арқасында қазақтар көшпелі тұрмысқа қолайлы болып
табылатын - киіз үй түрін жасап шығарды. Оның салмағын кеміту жағы үй
тігуге керек, бірақ қырда тапшы болатын ағашты аз жұмсау және қымбат
киімдерді кем кетіру тағы да мұнда түгел есепке алынды. Осындай көп жылдар
бойы ізденуден келіп, қазақ өз киіз үйін күннің ыстығынан, түннің
салқынынан, дауылдан, жауыннан, шаңнан жақсы қорғайтын етіп жасауды
үйренді. Орташа үй екі түйеге артылатын еді. Тек сұлтандар мен байлардың
салтанатты ақ боз үйлердің әрқайсысы 20-30 түйеге артылды.
Жаңа қонысқа көшу кезінде бар жақсысын киінген әйелдер мен балалары,
үй жиһаздарымен бірге түйеге орналасып алып жайқалған малды көшті
салтанатпен бастайтын болды. Көшке ере атпен айдаған мал жүріп отырды. Алға
жолдың жайын байқау үшін, шалғыншылар жіберілді. Ал жердің отын байқап,
дамылдап мал шалдырып өтуге лайықты жер белгілеу үшін алда көшбасшылар
түрін отырды [7].
Көшпелілердің бұлайша жазғытұрым ғана қолайлы болды. Бұл кездерде күн
сайын көшіп отыру адамға да, малға да, жайлы болатын болды. Өйткені әрбір
10-15 километр жерден кейін тоқтап өтіп отыру жеңіл болды. Ал күн ысып, жер
кепкеннен кейін көшу де қиындай беретін болды. Малы көп көштер бір
құдықтан, екінші құдыққа қарай бір-біріне жалғасып көшіп отырды.
Жазғы жайылымдарда қойдың, түйенің немесе жылқының қондануы семіруі
көңілдегідей болмаған кездерде, әр түлік мал өз алдына жайылымға
шығарылатын болды. Жазғы жайылымдарда ел маусым айынан қыркүйекке дейін
болды. Қыркүйектің екінші жартысынан бытырап өріске шығып кеткен малдар
ауылдың жанына қайтадан жинастырылып, көшпелі шаруалар өздерінің малдары
мен оңтүстікке, қысқы жайылымдарға қарай бет алатын болды. Малды жеке үйдің
меншіктенуі нығая келе қыстайтын қоныстар жеке ауылдардың меншігіне беки
бастады. XVII ғ. әрбір ауылдың ата мүрасы есебінде саналатын өз қыстауы
болды. Бұл кездерде бай ауылдар жалпы қауымнан бөлектеніп көшетін болды.
Сұлтан ауылдарының бөлек көшуі жалпыға бірдей салтқа айналып кетті. Міне
мұның бәрі жердің ру меншігінде болуының бұзыла бастағанын көрсетеді.
Экстенсивті мал шаруашылығы қазақтарда жұтқа тәуелді болды [8].
Егін шаруашылығы.
Қазақстанның ұлан байтақ кең жерлерінде егіншілік мәдениеті кейбір
аудандарда ертеден болып келді. Бірақ егіншілік кәсібі қазақ шаруашылығында
екінші дәрежелі ғана орын алып отырды және оның өзі де барлық жерде болған
жоқ. Отырықшы егіншіліктің негізгі мекені Жетісуда және Оңтүстік
Қазақстанның Сырдарияға таяу жерлерінде болды. Егіннің көп
салынатын жерлері Сырдария, Ангрен, Шыршық, Арыс аудандары
Қаратау алқаптары Атбасар даласы болды.
Мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі елдердің азынаулығы ғана
егіншілікпен айналысты. Мал өсіруші қауымдардың тұқымдық астықты басқа
затқа алмастырып алып отыратыны - әдет еді. Ал астықтың өзін Қазақстан мен
Өзбекстанның егінші аудандарынан малға, әсіресе қойға айырбастап алып
отырды. Бірінші Петрдің Тәуке ханмен келіссөзге жіберген адамы Федор
Скибин, қазақтың XVII ғасырдың аяғындағы шаруашылық тұрмысы жайында
"Қазақтардың егіндік жерлері олардың қоныстарында болады, егіндері
мандымсыз, жылқылары мен қойлары көп, ал айырлары аз, тамақтары ет пен сүт"
болады деп жазды.
Қазақ бидай, тары еккен, ал оңтүстік аудандарда жүгері де еккен
екен. Егіннің қолдап суырланып және жердің құнарлылығын
арқасында астық мол шығып отырыпты [9].
Отырықшы егін аудандар Cолтүстікте де болды. XIX ғасырда Солтүстік
Қазақстан арқылы өткен саяхатшылар ескі замандағы жер суару каналдарын
көрген: ал осы жер суландыру ісіне жергілікті өзендер пайдаланылыпты. Бірақ
бұл сияқты ерте замандағы мәдениет ошақтары ХІП-ХІУ ғасырлардағы Моңғол
шапқыны кезінде бұзылып қалды. Сөйтіп отырықшы егіншілік мәдениетінін жеке
ошақтары мен Шу өзенінің оңтүстігінде және Сырдарияның бойында ғана аман
қалды. Дегенмен отырықшы егіншілік кері кете берді. Оның кері кетуіне
әсіресе соғыс әрекеттері және XVIII ғасырдың 20 жылдарындағы жоңғарлардың
шапқыншылығы кезінде қазақтың амалсыз қоныс аударулары себеп болды. Бұл
кері кету XVIII ғасырдың басында да тоқтамады. Жоңғарлардың шапқыны
Жетісудің соңғы егіншілік ошақтарын бұзып кетті.
Аздаған егіншілік кәсібі Қазақстанның басқа аудандарында да болды.
Күйсіз шаруалардың елеулі қосымша азығы - әсіресе тары болатын, жердің
қыртысы екі елідей ғана аударылып тым пайыз жыртылушы еді. Екінші жылы ол
жерге тағы да тары егіліп, осы екінші егін алынғаннан кейін оны көп жылдар
бойына жыртпай тастап отырды [10].
Егіншілік мұндай ескі түрі, әсіресе Сағыз өзенінің бойында көпке де
сақталып келді. Оңтүстік егін көбіне суарылып егілді. Солтүстікте егінді
суармай егуге де болатын еді.
Мал баққан қазақтардың егіншілік құрал-саймандары тым жарамсыз еді.
Жер өңдейтін негізгі құралы жер ағашпен кетпен болды. Егінді көбіне тіпті
жалғыз күрекпен немесе кетпенмен де егіп жүрді. Тырманың орнына бір буда
шыбық жұмсалды. Тарыны ақтау үшін оны әуелі қайнатып, содан кейін қазанға
қуырып алып, ағаш келіге түйетін болды.
Егіншілікпен көбінесе кедейлер тәуелді адамдар шұғылданды. Бұлардың
бірқатары келе-келе біржолата отырықшылыққа айналып кетті [11].
Егер кедейдің өз малы болмаса, ол бай туысқанына барып одан бір екі
өгіз немесе түйе күш майын алып отырды. Оның ақысына жатақ-кедей байға
бірнеше десятина жер айырып беретін болды және алған астығының үштен
екісінің жартысын беретін болды. Міне бұл малсыз кедейлерді жұмыс істеуінің
кіріптарлық бір түрі болды, орыстың "исполыцина" дегені де осы сияқты
болатын.
Феодалдар ру басы шонжарлар арасынан шыққан малды байлар да бірте-
бірте егін сала бастады. Олар егінді жатақ туысқандарына тегін ектіріп алып
отырды. Өздері жаз шыға малымен бала шағасымен жайлауға шығып кетті,
жатақтарды егін егу және егін күту жұмысына қыстауға тастап кетіп отырды.
Бай кедей жатақ туысқанына жаздыгүні күші мен суын пайдалану үшін
бірнеше жұмыс малын және сауын малдарын да тастап кетіп отырды. Бірақ
есесіне егін алынған барлық астық мал берген байдікі болып есептелді,
жатақ өзінің бай туысқанының бергеніне риза болуға тиіс болды.
Егін жұмысына құлдар мен еріксіз жүрген тұтқындар пайдаланылып
отырды. Олардың егіп шығарған астықгары қожаларының меншігі болып саналды.
Малшы шаруалар кейде тарылып малдың жазғы
жайылымдарына апарып егудің өзі пайдалырақ болады деп біледі.
Бұдан шаруашылықтың жалпы сипатына да жер өңдеу тәсіліне де,
егінші кедейлер мен оның дәулетті туысқандарының арасындағы
қатынастарына да келетін ешбір зиян болмады.
Оңтүстік аудандарда егіншілік дамығандықтан қауымдық мал
жайылымдарының жалпы қорларынан бөлек-бөлек егіндік жерлер бөлініп
шығарылды. Бұл жерлер көбінесе өзендердің жағаларынан олардың сала-
салаларынан, тұщы көлдер төңірегінен бөлініп отырды. Бұлар суаруға қолайлы
жерлерде болды. Егіншілер қауым болып жер суару жүйелерін жасады. Бас
арықтар қазып су бөлетін тоғандар байланыстырды тағы басқаларын істеді.
Байлар бұл жұмыстарға қатыспады олардың орнына арық қазу жұмыстарында
олардың кедей туысқандары істеді, бұлардың еңбегі үшін бай мықтағанда ас
жеткізіп беріп отырды.
Бірнеше жыл егін егілгеннен кейін жер тозып немесе су жайылып
сортандатып кететін болды. Сол кездерде егіншілер егінге қолайлы тың жер
тауып жыртуға тиісті болды. Бірақ үнемі бүйте беруге болмады, өйткені
ұзамай-ақ жақсы деген егіндік жердің көпшілігі әркімнің қолына түсіп кетті.
Сондықтан егіндік жерді пайдалану мерзімін соза түсу керек болды. Мұның
үшін жерді тыңайту керек болды жер тыңайтқанда қысты күні қойды егіндік
жерде ұстап тыңайтты. Егіндік жерді әдетте жылма-жыл онда егін егіп отырған
адамдар пайдаланып отырды[12].
Отырар ауданында ХУІ-ХУІІ ғ. археологиялық тексерулер нәтижесінде
бүкіл аумақты Темір-Арықысы қамтамасыз етілген құрылысы Арыста болған
магистральді каналдың ұзындығы 40 км. болған. Түркістан аумағында жерлер
каналдар арқылы пайдаланылды. Сауран аймағында XVI ғ. кәрізді системасы
қолданылды. Зайн-адину Васифидің айтуынша - "Бұндай кәріздік системаны
дүние аралаған адамдар басқа жерде кездестірмеген". Оның айтуынша
кәріздердің үстерінен қамалдар салынған ішінен 200 гязды құдықтар қазылған.
Бұл кәріздерде су қоймалары сақталған. Кәріздердің бірінде шарбақ салынған
бау-бақшалар, жүзімдер және шаруашылық құрылыстары бар. Бұлардың
қалдықтары бүгінгі күнге дейін сақталған олар өте шеберлі түрде жасалған.
Құрылыстары уақытты тазалау үшін өте қиын болды және адам өміріне қауіпті
болды.
Васифидің айтуынша — "Құдық ішінде ауа қалмады және жұмыс істеу мүмкін
емес еді". Құдықтың бір шетінен арық көлемінде жол қаздық, бұдан бір
қолдай тері өткіздік, басына ұсталық мехтерді байлап ауа жібердік, ал
ұсталар мен жерқазушылар жұмыс істеді. Жер қазушылар жанбастарына екі
асқабақтан байлап жұмыс істеді. Бұл егерде су атқылап тола қалған жағдайда
батып кетпеу үшін.
Сығанақ аудандарында Ибн Рубихананың айтуынша — "Сырдария, Қаратау
өзендерінен өзіндік арықтар арқылы егіншілікке қолданды". Археологиялық
зерттеулер нәтижесінде Сырдарияның сол жақтағы орта ғасыр қалаларында
"Аркук, Өзкент, Аққорған" суару жүйелері магистральді түрде қолданылған.
Суармалы жерлер тағыда Сайрам, Аркук, Рана, Кұлтөбе т.б. қалаларда кеңінен
дамыған. Лиманды жерлерде ирригациялық суару түрлері жақсы дамыған[15].
ХУІ-ХУП ғ. Қазақстанның үлкен бөліктерінде егіншілік онша дамымады.
Егіншілік пен малдан айырылған кедейлер ғана айналысты. Бұларды жатақ -
отырықшы деп атаған. Бұлар мал пайдаланған күнде де көшпелі және жартылай
көшіп қонып отырған. Малшаруашылығымен айналысатын байлар жаздық жайлауға
көшкенде кедейлерге жерді бөліп беріп отырды, олар қысқа дейін бұл жерлерге
егін егіп қорғап отырды. Егіншілікке бидай, тары, жүгері еккен.
Жер шаруашылығының негізгі құралдары шот, кетпен, ағаш сахасы және
бөренелер болған. Олар егінді қолмен еккен жерді жылқыларға соқаны байлап
жыртқан. Бидай ұрықтары жерге шұңқырларында сақталған дуалдарын күйдірген.
Бұларды суару үшін атпа қолданған. Бұл ағаштан ісінген құрал сайман. Ағаш
қалыптары суды айнала көтеріп алаңға айналып құяды, одан кейін су егіс
жерлеріне ағады. Суаруға тағы да су алу үшін үлкен шігірлер пайдаланылды
бұл үлкен дөңгелектен жасалған жанжағы жеріден қапталған және құмыраларды
байлаған. Бұл дөңгелек шігір арқылы өзендер ден су алған[13].

1.2 Сауда мен қолөнерінің дамуы
Қазақтардың әлеуметтік-экономикалық тарихы көптеген жылдары бойы өз
дисскуссиясын табалмай келеді. Әлі де қазақтардың медиевистік мәселелері
қол жазба деректердің жетіспеуі болып табылады. Зерттеушілер қазақтардың
әлеуметтік-экономикалық қатынастарын патриархаттық-феодалдық жекеменшіктер
бұлар жоқ деп есептейді. Жер тек бұларға өз жер игеру түрінде ғана
қолданылып қоймай және жағдайларын жасады. Өзгешелігі малға қарағанда
қанаушылық топқа бөлінді. Шаруашылықтың бірінші түрлері "Экстенсивті
көшпелі және жартылай көшпелі" болып табылады. Қазақтар алғашқы класстық
түрлерінде болған делінеді. Екіншісі олардың "абсолюттік көпшілігі".
Бұлардың ерекшелігі шаруашылық мәдени түрлері болды. Егіншілік темптері
қоғамдық-экономикалық дамуы патриархалдық институтта болды. Негізгісі
Әлеуметтік-экономиалық тұрғыдан қазақ қоғамы феодалдық болды.
Қазақтарда басқа халықтар сияқты көшпелі, жартылай көшпелі тұрғыдан
әлеуметтік-экономикалық прогресс адам қоғамында заңды түрде бағынды.
Феодалдық өзіндік XVI - XVII ғ.ғ. қазақтарда жерге көшпелі, жартылай
көшпелі түрлері, өзінің ерекшеліктері болды. Сыртқы түрлері қоғамдық-
туысқандық жайылымдарды игеруде феодалдық қатынас дамыды, көшпенділерге бір-
бірімен тайпалық қауым болып отырды. Байлар мен жай халықтың жайылымдарға
теңдігі әр түрлі болды. Осы кезде қазақ хандығының барлық жерлері хандікі
деп есептеді. Хан бұл жерлерді Ұлыстарға және Сұлтандарға, өзінің әулетіне,
туысқандарына бөліп беріп отырды. Ибн Рузбихананың айтуынша Қазақ хандығы
бірнеше әкімшіліктерге, ұлыстарға бөлінді. Олардың басында сұлтандар тұрды.
Әр ұлыста өзінің сұлтандары болды, бұл сұлтандар Шыңғысханның ұрпақтары
болды. Бұл сұлтандар өзінің халқымен өз жерлріне орналасты, бұл жерлер
бұрын Жошы хан және Шайбани хан жерлері болатын. Массалық көш кезінде
жартылай көшпенділердікі жерінде олар бүкіл отарымен бірге көшті[14].
Отар көшпелі және жартылай көшпелілерде және қазақтарда индивидуалдық
тұрғыда болды. Үлкен отар мал бұрын игеріп, феодалдық қауым жайылым
жерлерін өздері мүдделі болып есептеді. Мұхаммед Хайдардың айтуынша
қазақтар Қасымхан кезінде қыстаққа жылжып отырған. Жайылымдарды пайдалану
барлық қауымға тең болды. Бірақ ең шұрайлы жерлерді феодалдар иеленді.
Бұндай арнайы форма түрілері жер-жайылымдар Қазақстан территориясында
XVI - XVII ғ.ғ. әдет-ғұрыптарын жалғастырды, тек кейбір саяси тұрғыдан ғана
өзгертіліп отырды. Бұл негізінен феодалдар үшін ұтымды болды. Бір беделді
феодал Оңтүстікте жерлерге өзінің мүддесін сақтады. Әрбір феодал өз
үстемдігін жүргізді, жер айналасы жайылымдар, және т.б. Бұл бүкіл қала
өмірін бағындырды, қолөнер, сауданы бағындырды. Сырдария маңындағы
қалалар, қорғандар жер шаруаашылығымен тығыз байланысты болды. Көптеген
тұрғындар жер шаруашылығымен айналысты, қалғандары қалалардағы жергілікті
феодалдарға тәуелді болды. Олар бұл жерлерде өзінің шаруашылығын
шаруаларға, кедейлерге арендаға берді[11].
Оңтүстік Қазақстан территориясы Қазақ хандығына кіруімен Сырдария
қалалары жерлері ханның туыстарына берілді, көшпенділік феодалдық қоғам
қалыптасты.
XVI - XVII ғ.ғ. ең негізгі Сойыргал жүйесі болды. Бұл жүйе бойынша
жерге мұрагерлік құқық берілді. Сойыргал жүйесі бойынша бүкіл қалалар,
жерлер, ауылдар феодалдың қолында болды. Феодал бүкіл ұлыстардың басшысы
еді. Аудандарды, қалаларды, егіншілік жерлерді бергенде хандар феодалдардан
қолдау алып отырды. Жергілікті қолдаушылар хандарды қолдап, өздерін
салықтан босатып отырды. "Тархандар", Арнун қаласы қалалық қолдаушылар
Мұхаммед Шайбаниге қолдау көрсетіп, ол хан болғаннан кейін бұл жердегі
халық барлық тархан болды. Бұл тархандыққа феодалдар мүдделі болды,
қолдарында барлық жерлері бар. Кедейлер, шаруалар барлығы феодалдарға
тәуелді болған соң, олардың жерін арендаға алғаннан кейін ешқандай
тархандыққа ие бола алмады. Өзгеше құрметке діни адамдар ие болды. Шейх-ал
ислам Садр ал-ислам, Қазий, шейтер, молдалар, ханға әр түрлі жағдайда көмек
беріп отырды. Бұларға жауап ретінде жергілікті салық түрлері егіншілік
жерлер сыйға тартылды. Мысалға Шайбанилік Абдаллах-хан екінші XVI ғ. Қожа
Ахмет Ясауи кесенесінде Түркістанда вакфтік грамотасы белгілі. Вакфтік
жерлер негізінен ең шұрайлы жерлерден берілді. Вакф топтары феодалдық топ
болды. Олар салық имунитетін жайғастырды. Вакфтік жерлерде діни адамдар
көптеген бөліктеріне ие болды. Егіншілік жерлерге, жайылымдарға жекеменшік
ретінде берілді. Оңтүстік Қазақстанда діни ағымдар саяси тұрғыдан өте күшті
болды, идеологиялық тұрғыдан халықтың мүддесіне өзінің зор әсерін тигізіп
отырды [15].
II- ТАРАУ ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЛЫМЫ

2.1 Қазақ қоғамындағы билеуші әлеуметтік топтар
XVI - XVII ғ.ғ. Қазақ халқы бұрынғысынша ру-руға бөлінген еді. Бірақ
бұл ру, тапқа бөлінбеген алғашқы-қауым XVI - XVII ғ.ғ. Қазақ қоғамы екі
тапқа бөлінді. Ақсүйек, Қарасүйек деп бөлінді. Ақсүйектерге: Хандар,
Сұлтандар, "Төрелер" және Қожалар жатады. Қарасүйектерге байлар, билер,
батырлар, кедейлер, құлдар, күңдер, малшылар, жалшылар, егіншілер кірді.
Ақсүйектер немесе қазақ аристократиясы еді. Олар баяғы монғол шапқынының
кезінен бері -қарай жеке бір топ "ақсүйектер" тобы болып құралып алған еді.
Ақсүйектер немесе "төрелер" Шыңғысханның ұрпағы болып есептелетін Хандар
мен Сұлтандар ғана кіретін болды. Ал "ақсүйектердің" өздері келіп "нағыз
төре" және "шала төре" болып екіге бөлінді. "Нағыз ақсүйектер" — ата-анасы
феодал аристократиядан шыққандар ғана болды. Егерде шешесі жай халықтан
шыққан болса, онда оның баласы Сұлтан деп аталғанмен де, феодалдық
пәрменділіктен ең жоғарғы сатысы болып табылатын хан тағына мінуге жол жоқ
болды. Бұлар "шала төрелер" болатын. Қазақтың "қатын алма, қайын ал" деген
мақалы осыдан шыққан болатын. Сұлтандар өздерінің арғы аталарының шежіресін
бөлек жүргізді. Олардың қол астындағы адамдар болып есептелетін басқа
қазақтың бәрінен де үстем болды[5].
Сұлтандардың өкіметі атадан балаға мұра болып қалып отырды. Сұлтандар
өз қоластына қараған руларды соттай алатын және жазалай алатын болды. Жұрт
жиналған жиындарда, тағы басқа салтанатты жағдайларда "ақсүйектердің" бәрі
тек ақ киіздерге ғана отыратын болды. Ақсүйек адаммен "ханмен, сұлтанмен"
кездескен жерде сонадайдан тоқтап, қолдарын кусырып, бастарын иіп, "Алдияр
тақсыр, алдияр тақсыр" деп сәлем беруге тиісті болды. Сұлтандар
қазақтардың көбінесе, әр түрлі азық-түліктей алымдар алып қанады. Мұндай
қанауға қауымдық жерді сұлтандардың ру билерімен бірге билеп-төстеуі негіз
болды.
Жоғары дәрежелі мұсылман дінбасылары "қожалар" да қоғамның жоғарғы
тобына жататын болды. Олар "ақсүйектер" жігіне кірген жоқ, бірақ өздерінің
саяси жағдайына қарағанда жай халықтан гөрі сұлтандарға жақын болды.
Дегенмен қазақ арасында, өзбектер арасындағыдай қоғамдық көрнекті орын
алған жоқ.
Сұлтандар тобына жатпайтын қазақтың бәрі де бір сөзбен қарашы, қара
халық деп аталды. Бірақ қарашылардың өздері де тап жағынан қарағанда
біріңғай бұқара болған жоқ[11].
Қазақ қоғамының тағы бір ірі феодал тобы батырлар болды. Батыр деген сөз
қазақ тілінде, әншейін таппен байланысы жоқ сөз сияқты пайдаланылатын
болғанмен, бұрынғы қазақ қоғамында батырлардың шын жағдайы басқаша болған.
Батырлардың шығуы өткен патриархтық - рулық құрылыстан басталды. Ол кезде
бұлар әскербасылар еді. Берірек келе қазақ қоғамының феодалдануы үстінде
батырлар өз халқының феодал езушілері болып кетті[16].
Сыртқы жаулармен арпалысқан күрес жағдайларында, әсіресе XVII ғасырда
Жоңғарларға қарсы күрес жылдарында батырлар әскер жасақтарының басшысы
есебінде үлкен қызмет атқарды. Өсіп келе жатқан әскери бекзадалар соғыс
олжаларынан ғана байыған жоқ. Батырлар әскер жасақтарының уақытша бастығы
болғаннан кейін, қазақ қауымдарының тұрақты басшысы болып кетті. Олар тап
жөнінен еңбекші шаруа бұқарадан бөлініп шықты, сөйтіп олардың қоғамдағы
жағдайы ру билерінің жағдай ына жақындай түсті.
Саны көп феодалдар тобының тағы бірі — бірнеше мың малы бар бірақ би
де емес, батырда емес, байлар болды. Олар мал-мүлкінің көптігіне сүйеніп,
малшы қауымдардың кедейлерін-өз ағайындарын қанады. Байлар кедейлерді
қанағанда экономимкадан тыс зорлау
жолымен
қанады. Бірақ малы көп байлар мен кедейлердің арасындағы қарым-қатынас
патриархтық-рулық қалдықтарымен және патриархтық-рулық түрлерімен бүркеліп
отырды.
Жаңа феодал-шонжарлар осылайша бірте-бірте қалыптасты. Бұл
шонжарлардың ыкпалы және өкіметі бірден-бірге күшейе берді. Қазақтардың
көпшілігі, бұрынғыша басы бос, қауымдық жерде пайдалануға ерікті
болғанымен, олардың бұрынғы теңдігі жойылды. Малшы қауымыда тапты қоғамның
құдіреті күшті жаңа заңы туды. Мұны қазақтар "Байдың ісі — пәрменмен,
жарлының ісі — дәрменмен" деген мақалмен суреттелді. Феодал шонжарлардың
нығаюымен қатар көшпелі малшылардың феодалдың - тәуелді топтары да шығып
көбейе берді [16].
Қазақ хандығының құрылуымен қатар Қазақ хандарының биліктері Мұхаммед
Хайдардың айтуынша кедейдің баласы Мұрындық болды, одан кейін Жәнібектің
баласы Қасым болды, одан кейін Мамаш болды, содан соң олардың үрім
бұтақтары хандық билікті жалғастырды. Қазақ хандығында таққа мұрагерлік
арқылы беріліп отырды. Қазақ даласының дәстүрі бойынша хандық билік үлкен
ұлына немесе ағасына беріліп отырды. Бұл дәстүр кей кездері бұзылып отырды.
Кейбір кездері хандық таласқа беделді сұлтандар да өзіндік билік
әрекеттерін жасап отырды. Мысалға XVI ғасырда хандық билік Керей ханның
балдарынан Жәнібектің балдарына ауысты. Осы кезден бастап ұзақ уақыт бойы
хандық билік Жәнібек ханның ұрпақтарының қолында болды.
Деректерде хан таққа отырған кезде оның билігін тану үшін сайлауда
хан, билер, сұлтандар, феодалдар тарапынан танылуы тиіс болды. Шешуші
рольді хандық ақсүйектер атқарды, оның байлығы, ықпалы, феодалдық
жақтастары. Хандық билік азаматтық, әкімшілік, әскери биліктерді басқарды,
дінге тиіспеді. Хан ақсүйектер арасында қылмыстық істерде қылмыскерлерді
соттап, жазалап отырды және әскер жинап отырды. Хандық істерге оның
туысқандары ғана ықпал етпей, ХҰІІғ. Ортасында билерде өз ықпалдарын
жүргізді.
Феодалдық аристократияның ең жоғрағы табы Сұлтандар болды.
Бұл атаққа тек қана Шыңғысхан ұрпақтары ғана ие болды. Бұл
атақпен бірге олар феодал ақсүйектері болып және барлық
байлықтарға ие болуға құқығы болды. Сұлтандар хандық
жиналыстарға жыл сайын шақырылып отырды. Әрбір сұлтан бір
ұлысқа ие болды. Әр ұлыстың өз рулары, қауымы, территориясы,
жерлері, тұрақтары болды. Хандар сұлтандармен бірге биліктерін
бөлісіп отырды. Сұлтандарға өзінің барлық иеліктерінде әкімшілік,
сот билігі тікелей сұлтанға қарады. Олар барлық ауыртпалықтан
босатылған болатын. Сұтандардың үстемдігі тек қана хандық туыс
болғандықтан ғана емес олар өз ұлысында өзінің мықты әскері
болды[17].
XVI - XVII ғ.ғ. қазақ тарихының материалында статистикалық тұрғыдан
ұлыстардың сандарын білуге болатын еді. Негізгі материалдар санағы "Михман-
наме-ий Бүхар" Ибн Рузбиханың еңбектерінде көрсетіледі. Онда әйелдер,
балалар үлкен еркектердің санын көбейтеді. Әрбір ұлыста Жәнібек сұлтанның
ұлдары Жаныш және Таныш елдерінде елу мың қазақ жауынгерлері болған. Басқа
бір сөзінде Ибн Рузбихан Жаныш ұлысында 30 мың қазақ болған, олардың
құлдары болған дейді. Басшы болып, Сұлтан болып қоймай, басқа да туыс
сұлтандар жоғарғы билікке ие болды[12].
Қазақ даласында ханды хан деп мойындаудың екі салты — салтанатты
сайлау салты және ақ киізге салып хан көтеру салты сақталып отырды.
Былайынша, хан сайлау салты жаңа ханның таққа отыруға заңды жолы бар бола
тұрса да, ол жолға тіпті ешкім таласпаған жағдайларда болып отырды.
Хан сайлауы күнілгері белгіленген жерде болатын сол жерге шонжарлар
жиналатын. Төсеулі киіздерге келіп маңызданған, паң сұлтандар, билер
және басқа атақты адамдар, өзара ру-рудың ағалық жолына қарай отырысатын
еді. Шонжарлардың сыртын ала қалың жай халық тұратын болды. Сайлау
жиналысын ең жасы үлкен сұлтан ашатын. Онан кейін қазақ аристократиясынан
шыққан басқа адамдар сөз алып сөйлейтін. Басында сақталған қатаң тәртіп
көпке созылмай, жиналыс сағат сайын қыза түсетін. Қызуына келе түсе
таласып, шуласып, біріне-бірі сөз бермейтін. Кейде бұл таластар қатарынан
бірнеше күнге созылатын. Ақырында келіп шонжарлардың, сұлтандардың,
билердің, батырлардың көпшілігі бір пікірге келетін еді немесе ең күшті
феодал партиясы жұрттың бәріне өз деген істететін еді.
Осы кезде ең даңқты атадан шыққан, қазіргі қоғамдық жағдайы жағынан ең
беделді, бірнеше сұлтандар мен билер жаңа ханға барысты. Жаңа сайланған
ханды құттықгап, олар оны ақ киізге салып, бастан асыра жоғары көтеріп,
қайтадан жерге қоятын болды. Ақ киіз жер бетіне тиер тиместен жүгіріп
келген өзге бір топ жұрт оны тағы да көтеріп, қайтадан жерге қоятын болды.
Хан көтеру салтанатының ақырында үлкен той болатын болды. Бұл тойларға көп
мал, көп жылқы, қой сойылып отырды. Мұндай тойлар еңбекші халыққа қымбатқа
түсетін әдет еді. Өйткені ол той негізінде сол халықтың қаражатына
жасалатын еді.
Мемлекеттің басшысы және жоғарғы билік иесі болып отырған ханның
тұрақты соғыс күші болу керек болды. Бейбітшілік уақыттарда ханның
қарамағында оның шамалы жасағы ғана болып отырды. Ондай жасақ хан жасағынан
саны аз болғанымен әрбір сұлтанда да болып отырды. Хан мен Сұлтан
жасақшылары "Төленгіттер" деп аталды. Олар ханның немесе Сұлтанның сенімді
адамдарынан алынды, олар өз билеушісінің басып қорғайтын қорғаушы болды.
Сонымен қатар оларға алым-салық жинау сияқты әр түрлі мемлекет тапсырмалары
да тапсырылып отырды. Төлеңгіттер XVII ғасырда басыбайлы адам болған жоқ,
"ақсүйектің" айрықша бір тәуелді адамдары сияқты болды. Олардың жағдайы
өзбектерде болған, ал одан бұрын монғолдарда болған нөкерлердің жағдайына
жақын болды. Одан берірек келе, XIX ғасырда "ақсүйек" шонжарлар саясат
жағынан шойырылып, соғыс көмекшісінен гөрі үй қызметшісіне көбірек мұқтаж
бола бастаған кезде өз қауымынан бөлектеніп, бұл төленгіттердің жағдайы
крепостнойлардың жағдайына жақындай бастады[18].
Ханның табысы өз шаруашылығынан, соғыстан түскен олжалардан, отырықшы
егінші елдер мен көшпелі елдерден жиналған салықтардан, хан қоластына
қараған қауымдарының беруге тиіс міндетті шығындардан құралып отырды. Басты
салықтар Құранда көрсетілген мал-мүліктің 140 бөліміндей болатын-зекет
және астықтың 110 бөліміндей болатын - ұшыр "десятина" болды. Бұл салықтар
барлық қауымдардан алынып отырды. Көшпелі қазақтардың ескіден келе жатқан
бір міндетті шығыны хандар мен сұлтандардың өз қоластындағы халықтардан
алатын түсім салығы болды. Хан қырда ел аралап жүріп, қоластындағы
ауылдарға түсетін. Олар хан мен оның жора-жолдастарын осы арада жатқан
кезінде қонақ асы беріп, күтуге міндетті болатын еді. Мұның үстіне хан мен
сұлтандар және билер қоластындағы қауымдардан "ықтиярлы" сыйлықтар алып
отыруға ерікті болды.
Хан өзінің үкіметтік қызметін қырдағы жайлауларды аралап жүріп
атқарды. XVI ғасырдың аяғынан бастап хандықтың орталығы Түркістан қаласы
бола бастады[18].
Қырға шыққан хан ордасы тұрақтаған жерге, оның төңірегіндегі рулар мен
ауылдардың шағым-арыз берушілері келетін болды. Хан ордасының қасына апарып
сұлтандар мен билер де үйін тікті, сол арада шағым-арыз берушілердің де
үйлері болатын болды. Бірнеше күн ішінде киіз үйден үлкен қала құралды.
Ескі дәстүр бойынша хан жанында жүрген ауқатты қымыз ашыту үшін, хан
ордасына ере үйір-үйір биелерін айдап жүрді. Хан мен оның сұлтандары және
билерден құралған жәрдемшілері сот құрды, жазалыны жазаға тартты. Хан мен
сұлтандарға тиісті салықтар мен сыйлықгарды жинау үшін хан ордасынан жан-
жаққа төлеңгіттер жіберіліп отырды. Қауымдардың немесе рулардың арасындағы
дау-жанжалдарды хан атынан тергеу үшін, сұлтандар мен беделді билер де осы
жерден жіберіліп отыратын болды. Кей рулар жанжалдасып қалған кезде оларға
төреші болатын, олардың арасында жүретін адамдар да солар болды. Хан мен
сұлтандардың билігі күшейсе де одан қауым жиналыстары жойылған жоқ. Маңызды
істер жөнінде ауылдар мен аймақтарда жиналыстар болып тұрды[19].
Хан ордасында да қазақ шонжарларының ірі-ірі сұлтандардың, батырлардың
және билердің жиналыстары, сьездері болып тұрды. Ауылдар мен аймақтарда
болған жиналыстарға осы рудың саналы, еркектерінің бәрі де қатыса алатын
болды. Бірақ малды жеке меншіктену орнап, жүрттың бірі бай, бірі жарлы
болғаннан кейін бұл жиналыстарда малшы қауым мүшелерінің бұрынғы теңдігі
жойылды. Осыдан келіп "үркер жиылып ай болмас, кедей жиылып бай болмас"
деген мақал туды. Дауды бітірер кезде, бай өзінің ғана даусымен
пайдаланбады, оның сөзін одан қарызға мал алған, онда жұмыс жасап жүрген
кедейлерде сөйлейтін болды. Қазақтарда "Төр кімдікі болса билік сонікі"
деген мақал болып кетті.
Әр сұлтанға бағынышты оң мың жанүя болды. Мұхаммед Хайдардың айтуынша
"қазақ хандығында миллион көшпенділер болды" — дейді. Хандықта билік
басқаратын он сұлтан болған бұлар ірі-ірі ұлыстарды басқарған негізінен
Шыңғыс ұрпағы жүзден астам болған. "Зийа ал-Кулуб" деректемесінде Тәуекел
хан болып сайланғаннан кейін Қожа Исхакпен бірге жүз жиырма сұлтан болған
делінеді. Кейбір сұлтандар Тәукенің актісінде болмаған. Хандар мен
сұлтандардың билігімен әскери тұрақтылық жиналды. Ибн Рузбиханның жазуы
бойынша қазақтарда, қазақтардың әдеті бойынша оларға жау шапса барлық рулар
бірігіп бір ұлыс болып тойтарыс береді[20].
Қазақ қоғамында маңызды рольдерді билер атқарды. Би термині ескі түрік
тілінде "бек" деген мағынаны береді. Махмуд Ибн Валидің айтуынша XVII
ғасырда Билерді жоғарғы әмірлерді немесе сенімді адамдарды атаған. Билер
алғашқы кезде феодалдық билік болса, рулар-тайпалардың басшысы болса,
кейінен құқықтық заң адамдары болды. Билердің әсері ақсақалдар арасында өз
сенімдерін, ықпалдарын өз ру жүздеріне жүргізді. Әскери жорықтар кезінде
билер әскерді басқарған және әкімшілік жүйені де орнатты. Хандықта бүкіл
мемлекеттік сот өзінің негізгі орны болмады. Адамның құқығы әдеттегідей
болды. Негізгі соттық жүйе патриархалдық және шариат түрінде жүргізлді.
Негізінен Сұлтандар, билер, кейбір кезде бірнеше билер соттайтын болған.
Егер әр жүз арасында дау-жагокал туындаса, ақсақалдар араласып, соттайтын
болған. Негізінен соттың кәсіби негізіне ұстаушылар билер болды. Әрбір
болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақтардың шаруашылығы және патриархалдық - феодалдық қатынастары
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері
Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Қазақстан тарихы - дәрістер
Дәстүрлі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы
Хан билігінің саяси жүйедегі алатын орны
Пәндер