Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар.

2. Тергеуді жоспарлау.

3. Алғашқы тергеу әрекеттері.

4. Келесі тергеу әрекеттері.

Бөтен мүлікті ұрлауды тергеу әдістемесі.

1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар.

Заңсыз біреудің үй - жайына, бөлмесіне немесе басқа да қоймасына кіре отырып ұрлық жасағаны үшін заңда ауырлататын жауаптылық көрсетілген. Осымен ол алаяқтықтан немесе қорқытып алушылықтан ажыратылады. Көбіне ұрлық жасалатын жерлерге: дүкендер, қоймалар, басқа да бағалы және құнды заттар сақталатын әр түрлі орындар, азаматтардың пәтерлерінен және қора - ауруларынан, сондай - ақ вокзалда, пойызда қол жүктерін, адамдардың көп жиналған жерлерде қалтадан ұрлық жасау жатады. Ұрлық затына ақша, әшекей бұйымдар, күрделі техникалық заттар: телевизор, компьютерлер, көлік құралдары, қымбат ыдыстар, қымбат коллекциялық заттар, көне жазулар және антиквариат және т. б жатқызуға болады. Ұрлықжасаудың негізгі түрлері:

1) бөтен мүлікті үй - жайдан ұрлау:

- бұзу арқылы;

- бұзусыз.

2) сенімділікті пайдалану арқылы жасалынатын:

- үй - жайға кіру арқылы;

- үй - жайға кірмей.

3) үй - жайға кірумен байланысты емес жасалынған ұрлықтар:

- қалтадан ұрлау;

- макүнемдердің қалтасынан алып қою;

- чемодан, сумка, велосипед және заттарды ұрлау.

4) вокзалда жүк сақтау автоматты камераларынан ұрлау.

5) автокөліктерден ұрлық жасау.

Ұрылар үй - жайға құлыпты, есікті, терезені бұзу немесе қабырғаны, төбесін, еденді қирату арқылы енеді. Мысалы: бөлмеге төбені жарып - сындыру арқылы ену оқиғасы орын алғанда төмендегідей заттың дәлелдемелер мен іздер анықталуы мүмкін. Ұрылардың бүркемелеу заттары ретінде емшектегі баланы, гүл шоқтарын, кішкентай иттерді, мысықтарды пайдаланғанын байқауға болады. Ұрлықтың жасалу тәсілін анықтау оны әшкерлеу үшін елеулі болып келеді.

2. Тергеуді жоспарлау.

Осындай санаттағы істер бойынша типтік болжамдардың үш түрі болады: а) ұрлық шынында да болған; б) ұрлық болмаған, арыз жасаушы арам ниетсіз жаңылысқан; в) ұрлықты жасағансу, қылмыстық іс қозғауға қажетті және тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау үшін кепек түпнұсқалық мәліметтерге мыналар жатады:

1) мемлекеттік, қоғамдық және басқа да жалпы мүлікті ұрлау жөнінде лауазымнан объект басшысынан немесе ұрлық фактісін тікелей тапқан тұлғадан келіп түскен хабар.

2) үй иесінің немесе басқа да тұлғалардың пәтерден ұрлық жасалғандығы туралы арыз жасауы.

3) сапар кезінде қол жері ұрланғандығы жайлы жолаушыдан келіп түскен арыз. Арыз жасаушыдан жауап алу, куәларды анықтау және олардан жауап алу, көлік құралы қызметкерлерінен жауап алу, іщдеу салу жоспарлары іске асыру жоспарланады.

4) көлік құралы ұрланғандығы жайлы көлік иесінен келіп түскен арыз. Ұрлықтың анықтау жағдайлары, ұрланған көлік құралының белгілері туралы арызданушыдан жауап алу, оқиға болған жерді қарау, куәгерлер мен куәлардан жауап алу жоспарланады.

5) анықтағансәттен бастап, қалтаға түсу жайлы арыз жасау. Ұрлық затты, оны анықтау жағдайлары бойынша арыз берушіден жауап алу, кінәліге іздеу салу, кейде жәбірленушінің өзінің қатысуымен.

6) анықтау органының ынтасымен. Тергеу жоспары жедел іздестірушілік шараларымен ұштастырылады.

7) қылмыскерді ұрлық үстінде немесе жасағаннан кейін бірден ұстау. Ұстағаннан жауап алу және жеке басын, үй - жайын тінту жоспарланады.

3. Алғашқы тергеу әрекеттері.

Арыз берушіден немесе ұрлаған мүліктің иесінен жауап алумен ұрлық жасау жағдайларын, ұрлаған мүлік атауы, саны мен белгілерін, сезікті тұлғаларды айқындау мақсаты көзделген. Іздерді объектіге енген жерден іздеген жөн. Есіктерде, терезелерде, балконда және оларды мұқият қарау - қылмыскердің қол іздеріне табуға мүмкіндік береді. Осындай қылмысқа байланысты жағдайларды анықтау мақсатында ұрлық жасалған бөлмемен қатар, маңкайында кірген немесе шығып кеткен бөлмелер деқараудан өткізіледі. Оның себебі қылмыскерлер ұрланған заттарды түсіріп алуы, тастап кетуі немесе жасыруы мүмкін. Қалтаға түскен кезде ұрыны ұстау оқиғасын тергеудің алғашқы кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар. Ұрлық үстінде ұстау - қалтаға түскен ұрыны әшкерлеудің ең ұтымды құралы. Қалтаға түсуші ұрыны қылмыс үстінде ұстау кезіндегі алғашқы тергеу әрекеттері:

- жеке басын тінту; ұсталған жерді қарау;

- ұсталғанның жеке басын және мекен - жайын анықтау;

- барлық жәбірленуші мен куәгерді айқындау және олардан жауап алу;

- ұсталғаннан жауап алу;

- заттық дәлелдемелерді қарау; қылмыс құралдарын, бүлініс іздері орналасқан қол заттары мен киімдер.

- ұсталған тұлғаның пәтерін және ұрланған заттардың сақтау орындарын тінту.

Ерекше маңызды болып келетін қылмыскердің жеке басын тінту арқылы қылмыс құралы, ұрланған заттар мен құндылықтар табылуы мүмкін. Дереу барлық жәбірленушілер мен куәлар айқындалып, ұсталғаннан жауап алынысымен, осы тергеу әрекеттері солармен жүргізіледі. Ұрлық жөніндегі істер бойынша анықтаушы органдардың жедел іздестірушілік шаралары сезіктіні әр түрлі криминалистикалық тіркеулермен тексерумен, ұқсас тәсілмен жасалған ұрлық туралы тіркеулік және архивтік мәліметтерді талдаумен, сезіктіні синтетикалық портреттер көмегімен іздеумен, қылмыскерлер және ұрланған заттардың белгілері жайлы басқа да полиция қызметкерлерін бағдарлаумен көзге түседі, ұрланған заттарды саудалауы ықтимал жерлерге бақылау орнату.

4. Келесі тергеу әрекеттері.

Мұндай тергеу әрекеттері қатарына алдымен тінтуді жатқызуды болады. Тінтуге сезікті немесе айыпталушының үй - жайы және қора - ауласы жатады; тінту айыпталушыға дем берушілердің және басқа да қарым - қатынастағы тұлғалардың мекен - жайларында жасалынуы керек. Негізгі іздер объектілері - ұрланған мүлік және қылмыс құралы. Ұрлықты бір топ адам жасағанда, сезікті мен айыпталушыдан жауап алу кезінде әдеттегі сұрақтармен қатар, топтың әрбір мүшесінің рөлі анықталады; топты ұйымдастырушының жеке басы және атқаратын рөлі айқындалады, сондай - ақ дем беруші тұлғалардың, яғни ұрлық объектісі мен жәбірленушінің мінез - құлқы туралы ақпарат ұсынған, қылмыс құралы мен қаруын тауып берген және ұрланған заттарды жасырып немесе саудалауға алдын - ала серт берген жеке басы анықталады. Ұрлықты жасағансуды әшкерлеу де өз ерекшелігімен мынадай фактілерді жасыру мақсатында жасалады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
Криминалистика пәнінен дәрістер
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлық
Ұрлық объектісі - меншік
АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ
Ұрлықты тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар
Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz