Қазіргі тәрбиенің түрлері және оны ұйымдастыру әдістемесі


ҚАЗІРГІ ТӘРБИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс әрекетке осы заманғы көзқарастың ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік және сол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың біртұтас жиынтығы болып табылады.
Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т. б. ұғымдардың жан-жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін демократия-ландыруға мүмкіндік береді. Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді. Білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі, орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда.
Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республика-сының білім беру ұйымдарында 2006-2011жылдарға арналған республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды.
Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Мектептердің, кәсіптік мектептер пен колледждің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.
Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді. Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, оларға мыналар кіреді:
● тұлғаға қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан жаңа талаптар жүйесі
туындауы;
- тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіздігі.
● қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;
- оқыту рөлінің жоғары бағаланып және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуындағы тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
- педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі;
- әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;
- адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
- бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері ықпал етуі;
- тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
- педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі;
- балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі;
- еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы;
- балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі (клубтар, үйірмелер, секциялар т. б. ) және олардың іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі осы заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізін мен мемлекеттік саясатын құрай-тын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс.
Бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр. Тұжырымдама Қазақстандағы тәрбие саясатының Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын алу» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ - ның алдын алу » туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары, 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Тұжырымдамасы анықтаған негізгі қағидаларын дамытады және т. б. Тұжырымдама тәрбиенің жалпыұлттық басымдылық екендігін айқындайды. Ұсынылып отырған тәрбие Тұжырымдамасы білім беру ұйымдарын біріңғай жүйелі басқарудың құрамдыжүйесінің элементі болады. Осы дайындалған Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жоспары әзірленеді.
Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері .
Кезінде орыстың әйгілі педагогы К. Д. Ушинский еуропа халықтарының тәрбие саласында педагогикалық формулаларының ұқсастығына қарамастан, әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше мақсаттарының, сол мақсаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының болғанын айтқан. «Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген ол. Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу - тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді - деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім - тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. «Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір - бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады».
Олай болса, жасөспірім бойына халқымыздың салт - дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда басты мақсат - мұраттарымызға айналып отыр. Ол үшін өз елін, өз жерін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп-қастерлейтін азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамыту - мектептердің басты міндеті болмақ. Өз ұлтының келешегі мен бүгінінен бейхабар азаматтан қандай жақсылық күтуге болады. Ұрпақ тәрбиесі келешек ұлт тағдыры, олай болса тәлім - тәрбиеде бүкіл халықтың қолдауы қажет. Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел болып, өркениеттілігімізді көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің бүкіл халықтық бағдарламасын жасау керек. Сол бағдарламаны үлкен де кіші де, зиялы қауым да орындауы міндетті болуы тиіс. Сонда ғана біз «бесігімізді» түзей аламыз. Оның алғашқы түрлері бар, олар «Атамекен», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», «Алтын көмбе» бағдарламалары. «Әдеп әліппесі» (бастауыш мектеп), «Әдеп пен жантану» (орталау мектеп), «Қазақ этнопедагогикасы» (жоғары мектеп) пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады. Республикада білім беру мазмұнын жаңарту, жаңа буын оқулықтары мен кешендерін жасау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып- тарында жаңа оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және төл оқулықта - рымен қамтылып, соның негізінде оқуға көшкен. Сондай-ақ, барлық мек - тептердің 1-11 сыныптарында «Валеологиядан» факультативтік курстар оқытылуда. «Жасөспірімдердің адамгершілік - жыныстық тәрбиесі» негізінде бағдарлама әзірленуде.
Жас ұрпақты нашақорлық індетінен сақтау, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде зиянды заттарды қолдануды болдырмау» бағдарламасы 1999/2000 оқу жылынан бастап 1-11 сыныптарда арнайы курс ретінде енгізілді.
Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен оқушылар қарым - қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата - аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік - экономикасын жетілдіру кезеңі мен нарық экономикасы жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ. Келешекте кез келген техникалық білімді меңгертуде тірек болатын ең жалпы, іргелі политехникалық білімнің маңызы артпақ. Олай болса заман талабына сай компьютер тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақты даярлау - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі бола бермек.
Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер, гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері.
Жалпы адамзаттық дамудың техникалық, экономикалық және мәдени - рухани қарқынды кірігулері (интеграция) әлемде ешбір ұлт, ешбір халық өзімен-өзі томаға - тұйық дамымайтындығын, оның есік терезесі әлемдік тәжірибеге әрқашан ашық болу керектігі бүгінде еш дау тудырмауы керек. Осыған байланысты ұлттық мектебімізді халықтық педагогикаға негіздей отырып, оны әлемдегі басқа да озық педагогикалық идеялармен байытып отыру - нағыз өркениеттіліктің белгісі. «Қазақстанның халық педагогикасы мен ұлт мәдениетінің озық дәстүрлерін батыс және шығыс үлгілерімен ұштастырып, қазақтың ұлттық мектебін қалыптастыру мақсатында 1993 жылдан бастап норвегиялық Штайнер мектептері Ассоциациясының мұғалім - өкілдері Штайнер мектептері педагогикасын қолдану жөнінде, Евразиялық ассоциация, Алматы қалалық білім беру басқармасымен бірлесе отырып №123 қазақ орта мектебінде 1993/94 оқу жылында 1 «а» сыныбы Вольдарф педагогикасының элементтерін пайдаланып оқытатын сынып етіп ашылды. Оқу жоспарларына мемлекеттік стандарттан тыс мүсіндеу, кескіндеме, қолөнер пәндері енгізілді және қазіргі уақытта 5 сыныпта, яғни орта буында Вольдарф педагогикасының әдістемесімен оқытуды одан әрі жалғастыруда және бастауышта 1 «а» сыныбы жаңадан ашылды.
Вольдарф педагогикасының элементтерін сабақта пайдалану тәсілдері мектеп ұстаздарына және оқушыларға ұнайды. Оқушыларды адамгершілікке, жеке тұлға болуға тәрбиелеуде оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіоуге көп көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде».
Вольдарф жүйесінің ерекшелігі «Р. Штайнер антропософия негізінде танымдық күштерді, өнерге қабілеттіліктерді, сезімдерді адамгершілік бастауларын және діни сезінулерді біртұтас қарап, қамтитын педагогика жасаған. Антропософия - діннің бір түрі емес немесе дайын көзқарастар жүйесі емес, дүние мен адамды тану жолы».
«Демек, ХХІ ғасырдағы мемлекеттердің ерекшелігін саяси немесе экономикалық жүйе белгілемейді, ең алдымен сол елдердің мәдени - өркениетті төлтумалығы белгілейді.
Түптеп келгенде, білім мен тәрбие дегеніміздің өзі, кең мағанасында, мәдениет атты ұлы құбылыстың аясында көрініс табады. Мәдениет, негізінен, этностық жады арқылы ұрпақтан - ұрпаққа беріледі. Мұндай киелі эстафетаны өміршең ету біздің әрқайсымыздың ең асыл мұратымыз болуы тиіс».
Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір - бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Тәрбиелік іс - әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал ажсайды;
- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т. б. ) пайдаланылады.
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық: оқу барысында шәкірт әртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тәрбие процесі оқушының тұлғалық сапа - қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі) ;
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші) ;
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді) ;
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады) .
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды) ;
- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал) ;
- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші - мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы - оқушы) ;
- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
-тәрбиеші тұлғасы - тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі - мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт - бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті) ;
- қарама - қайшылықты болуы (қарама - қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады) .
Тәрбиенің негізгі қайшылықтары оқу - тәрбие процесінде кездесетін келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған дайындауға арналған әдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың әлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тәуелді шегерілуі; адамның табиғатпен белсенді, әрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта - ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет тәжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі және т. б.
Яғни, тәрбие процесі оқу процесімен қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz