Ұлпалар туралы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ұлпалар туралы ілім
1.1 Ұлпалар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Эпителиалдық ұлпа эпителий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Эпителийдің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4 Эпителийлердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Бездік эпителийге жалпы сипаттама
2.1 Бездік эпителий туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Эндотелий ұлпасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Дәнекер ұлпасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Кіріспе
Гистология (грекше histes — ұлпа, logos — ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәлімет бар.
Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады (гректің "китос"— қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р. Гук "клетка" деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы клетканың ашылуы емес.
Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер анатомиясы" деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы" деген еңбегін де Лондонның Королевалык қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе, Грю өсімдіктердің микроскопиялық күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің әр түрлі беліктерінің күрамында көпіршіктердің болатынын анықтайды. Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын зерттеген XVII ғасырда зерттеуші А. Левенгук болды, бірақ та ол өзі ашқан жаңалықтарынын маңызын үғына алмады. А. Левенгук жануарлар клеткаларында эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш зерттеп көрді. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта шын мағынасындағы клетка осы ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға белгісіз болды.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ. Нұғматжанов. С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. Қайнар-1969.( стр.115-199).
2. Афанасьев Ю.И. Гистология / Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина. – М.: Медицина, 2002. – 744 с.: ил.
3. Афанасьев Ю.И. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии. /Ю.И Афанасьев и др.– М.: Медицина, 1999. – 328 с.: с ил.
4. Елесеев В.Г. Гистология / В.Г. Елесеев, Ю.И. Афанасьев, Е.Ф. Катовский. – М.: Медицина, 1989.
5. Рябов К.П. Гистология с основами эмбриологии./К.П. Рябов. – Минск: «Высш. Школа», 1990. – с.119-254.
6. Мануилова Н.А. Гистология с основами эмбриологии. /Н.А. Мануилова. – М.: «Просвещение», 1973. – сс. 3-50, 162-271.
7. Заврзин А.А. Основы сравнительной гистологии. / А.А. Завар-зин. – Л.: ЛГУ, 1983.
8.Шубникова Е.А. Функциональная морфология тканей. / Е.А. Шубникова. – М.: Изд. МГУ, 1981. – 328 с.
9. Шубникова Е.А. Эпителиальные ткани./Е.А.Шубникова. – М.: Изд. МГУ, 1996. – 256 с.
10. Хэм А. Гистология: в 5-ти т. / А. Хэм, Д. Кормак.. – М.: Мир, 1982– 1983.
11. Алмазов И.В., Сутулов Л.С. Атлас по гистологии и эмбриологии. / И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов. – М.: Медицина, 1978.
12. Аргингазина Р.А. Гистология, цитология и эмбриология. /Р.А. Аргингазина, А.Б. Сарсекенова. – Усть-Каменогорск. Изд. ВКГУ, 2003. 11 с.
13. Короткова В.М. Медицинская биология и генетика. Биология клетки. Методические указания. /В.М. Короткова. – Усть-Каменогорск, Изд. ВКГУ, 2003. 60 с.
14. Быков В.Л. Частная гистология человека. 2-е изд. / В.Л. Быков. – СПб.: Сотис, 1997.
15. Винников Я.А. Эволюция рецепторов./Я.А. Винников. – Л.: Наука, 1979. – 144 с.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Ұлпалар туралы ілім
1.1 Ұлпалар туралы түсінік

... ... 4
1.2 Эпителиалдық ұлпа эпителий
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Эпителийдің классификациясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Эпителийлердің түрлері

... .10
2. Бездік эпителийге жалпы сипаттама
2.1 Бездік эпителий туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.2 Эндотелий
ұлпасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15
2.3 Дәнекер ұлпасы

... ... ... ... ...16
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22
Кіріспе
Гистология (грекше histes — ұлпа, logos — ілім, ғылым) жануарлар
ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым. Жалпы организмді
ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн
Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде
кездеседі.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты
зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа
топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан
басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол
туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде
көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз.
Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы
микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған
делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген
мәлімет бар.
Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде
қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы
өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан
тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады
(гректің "китос"— қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р. Гук "клетка"
деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы
клетканың ашылуы емес.
Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын
зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі
түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер анатомиясы" деген
кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер анатомиясының
бастамасы" деген еңбегін де Лондонның Королевалык қоғамына тапсырады.
Мальпиги, әсіресе, Грю өсімдіктердің микроскопиялық күрылысын зерттей жүріп
өсімдіктердің әр түрлі беліктерінің күрамында көпіршіктердің болатынын
анықтайды. Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын зерттеген XVII ғасырда
зерттеуші А. Левенгук болды, бірақ та ол өзі ашқан жаңалықтарынын маңызын
үғына алмады. А. Левенгук жануарлар клеткаларында эритроциттерді,
сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш зерттеп көрді. Сонымен
XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта шын
мағынасындағы клетка осы ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға белгісіз болды.
1. Ұлпалар туралы ілім
1. Ұлпалар туралы түсінік
Гистология жануарлар организмдерінің түрлі ұлпаларының құрылысын,
кызметін және дамуын зерттейтін ғылым.
Ұлпа дегеніміз белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас
тарихи қалыптасқан клеткалар мен клет-кааралык заттардың комплексі.
Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде
Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификацмясын ұсынған болатын.
Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық керген өзінін
гистология оқулығында пайдаланған. Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топка
бөлген:
1. Эпителиалдық ұлпалар.
2. Дәнекер ұлпалары.
3. Бұлшык ет ұлпалары.
4. Нерв ұлпасы.
Ұлпалардын осы төрт типін А. А. Заварзин екі топқа біріктіруді
ұсынған:
1. Жалпы маңызды ұлпалар. Бұған эпителиалдық ұлпалар мен дәнекер
ұлпалары жатады.
2. Мамандалған ұлпалар (бұлшык ет ұлпасы мен нерв ұлпасы). Эволюция
процесіңде алдымен жалпы маңызды ұлпалар пайда болған, "мамандалған
ұлпалар" филогенетикалық дамудың кейінгі кезеңінде бөлініп шыққан. Әрбір
ұлпаның құрамында дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі клеткалық элементтер
кездеседі.
Шала жіктелген клеткаларды А. А. Заварзин камбиялык клеткалар деп
атаған. Камбиялық элементтерден жоғары дәрежеде жіктелген, мамандалған
элементтер пай-да болады. Камбиялық клеткалар көбейе алатын болса,
мамандалған клеткалар ондай қабілетінен айрылған.
XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болатын. Ал
XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар еңгізілді —
штативі азды-көпті жетілдірілді. Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр кешкен
ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана
бермеді.
XVII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде өсімдіктер клеткасын зерттеуде
елеулі жаналықтар болмады. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының
қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар өз назарын клетканың
ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада
ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрык көпіршігі
деп атады. Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы. Р. Броун ашты.
Осыдан соң клетканың қалған құрылымьш атау үшін Я. Пуркинье протоплазма
(1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830 жылдары өсімдіктер
анатомиясьш зерттеу ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Егер де XIX ғасырдың
басында клетканың өзінің не екендігі, өсімдіктердің клеткалық қүрылысының
маңызы жөніңдегі мәселе әлі де анық болмаған болса, өткен ғасырдың
екінші ширегінің бас кезінде жағдай баскаша өзгерді. Клетканың барлық
өсімдіктер организмінің қүрылымдық элементі екендігі белгілі болды.
XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы
клеткалық қүрылыстын өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән
екенін көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп
еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркииье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе
Валентинмен) адам мен жану-арлардың әр түрлі үлпаларын зерттейді. Пуркинье
микро-скопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық
техниканың да негізін салушылардың бірі болды.
Иоганнес Мюллер мектебі ғылым тарихында ерекше орын алады. Оның
шәкірттері: Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың, гистологияның негізін
қалаушылардын бірі А. Келликердін, Э. Дюбуа-Реймонның, Р. Вирховтын, Э.
Геккельдің, И. М. Сеченовтың енбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839
жылдары немістін екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн
көптеген деректік материалға сүйеніп клеткалық теорияны жасады. Т. Шванн
клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсал-дық құрылымдық компоненті
деп қарастырды.
Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі клеткалар қүрылымы жоқ
заттан пайда болады деп қате түсінген. Клеткалық теория барлық тірі
табиғаттың біртүтас екендігін көрсетеді. Оның биологияның дамуына ғана
емес, философияның да дамуьша үлкен прогрессивтік әсері болды.
Ф. Энгельс клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы жаңалықтың
(энергиянын түрақтылық заны, клеткалық теория және Ч. Дарвиннің эволюциялық
ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан
соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клетка клеткадан ғана пайда болады
деген корытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.
Қазіргі кездегі клеткалық теорияның негізгі қағидалары мьгаалар:
1. Клетка — тіршіліктің ең нәзік әрі кішкене бірлігі
(единицасы);
2. Түрлі организмнін клеткалары қүрылысы жағынан ұқсас;
3. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді;
4. Көп клеткалы организмдер клеткалар мен олардың туындыларының
жиынтығы.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел дамыды. Клеткалық
теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар қүрамы және олардың
гистогенезі түбегейлі зерттелді. Осымен бірге Еуропада Гассельдің,
Келликердің, Лейдигтің және басқалардың алғашқы гистология жөніндегі
оқулықтары щықты.
Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі XIX
ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады. Осы
кезде жақсартылған иммерсиялык объективтер тәжірибеге енгізіліп,
микроскоптың үлкейтіп көрсету мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар — формалин
(Блум 1893), хром қышқылы (Ганновер 1840) жәие пикрин қышқылы (Ранвье 1865)
тағы басқалары қолданыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы елеулі
жаңалық микротомның шығуы, оны Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац жасап
шығарған. Осы қүралдың гистология тәжірибесіне енуі клеткалар мен
ұлпалардың нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік берді. 1876 жылы клетка
орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи аппараты ашылды. Осы
органоидтардын ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен кызметіне
байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті.
Клеткалық теорияның қалыптасуьша клетканың бөлінуі жайындағы
жаңалыктың ашылуы игі әсерін тигізді. Клетканың тікелей емес бөлінуі
жөніндегі алғашқы мәлімдемені 1873 жылы Шнейдер жасаған. Оның бүл жаңалығы
кезінде тиісті бағасын ала алмады. Сонымен бірге автордын өзі де жаңалығшшң
универсалдық зор маңызын жете ұғына қоймаған болатын. Бүдан кейінгі жылдары
клетка бөлінуінің жаңа әдістері туралы көптеген ғылыми еңбектер жарияланды.
1874 жылы Н. Д. Чистяков митоздық бөлінудің бірнеше фазаларьш жазды.
Ол жанадан пайда болған клеткалардың ядросы аналық клеткалар ядросының
бөлінуінің нәтижесінде пайда болатынын түсінді. Бірақ та Н. Д. Чистяков
бөліну фазаларының тәртібін толықтай біле алмады. 1875 жылы клетка
бөлінуінің жаңа ашылған әдісіне арналған бірнеше енбектер басылып шықты. Э.
Страсбургер бірнеше өсімдіктер митозын баяндауға арналған "Клетканың
бөлінуі және клетканың пайда болуы" деген моногра-фиясьш жарыққа шығарды.
Страсбургер өсімдіктермен бірге шеміршек клеткаларының, асцидий
жүмыртқасының бөлінулерін де қарастырды. Түрлі организмдердің тікелей емес
бөлінуі ортақ заңдылықпен жүретінін Страсбургер дүрыс түсінді. Бірақ
та митоздың жеке детальдарына баға берген кезде ол еңбегінде көптеген
кателер жіберді.
1978-1879 жылдар кариокинез ашылуының шарықтау кезеңі болып саналады.
1878 жылы Страсбургердін "Клетканың бөлінуі және үрықтану жөнінде" деген
екінші монографиясы шықты. 1879 жылы В. Шлейхердің, П. И. Перемежконын және
В. Флеммингтің осы тақырыпқа арналған еңбектері жарық көрді. Флемминг
өзінің "Клетканың субстанциясы, ядросы және клетканын бөлінуі" деген 1882
жылы шыққан монографиясында кариокинез жөнінде шықкан жүмыстарды қорытты.
Осы кездегі қолданылып жүрген кариокинезге байланысты көптеген терминдер
Флеммингтің осы монографиясында қолданылады. Мысалы: тікелей және тікелей
емес бөліну, митоз және амитоз, ядро торы, хроматин мен ахроматин,
экваторлық пластинка, аналық және балалық жұлдыздар. "Кариокинез" деген
терминді казіргі мағынасында пайдаланған да Флемминг.
"Профаза", "Метафаза" және "анафаза" деген терминдерді Э. Страсбургер
1884 жылы, "телофаза" деген тер-минді 1894 жылы Гейденгайн үсынған.
Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бүл сала Ресейде де дами
бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864),
Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томскі (1883)
университеттерінде және Санкт-Петербургтің Дәрігерлік-хирургиялық
академиясында (1869) гистология кафедралары ашылды. Осы кафедралардың
алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович, Ф.
Н. Заварыкин, К. А. Аршптейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған
еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И.
Бабухин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік қүрылымын
анықтаған, балықтардың электрлік органдарынын гистофизиологиясын, кез
бүршағын және иіс-сезім органьш зерттеуге арналган енбектері осы күнге
дейін маңызын жойған жоқ. А. И. Бабухин өзінің гистофи-зиологиялық бағытын
одан әрі жалғастырған көптеген шәкірттерін (И. Ф. Огенев, А. А. Колосов, Н.
А. Арсеньев) кдлдырды.
Қазан гистологтар мектебін ашқан К. А. Арнштейн (1840-1919). Оның
негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан
нейрогистологтар мектебіне жататындар: А. С. Догель, А. Е. Смирнов, Д. А.
Тимофеев,
Б. А. Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы басқа көрнекті мамандар.
Санкт-Петербург университетіиде гистология кафедрасын 1864 жылдан
бастал академик Ф. В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол морфологиядағы
гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф. В.
Овсянников әр түрлі жануарлардын нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген.
А. С. Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург гистологтар
мектебін ашкан ғалым. Ол өз еңбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв
жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А. С. Догельдің шәкірттерінің бірі —
академик А. А. Заварзин (1886-1945) болды.
Санкт-Петербург гистологтар мектебінің негізін қалаушылардың бірі М.
Д. Лавдовский (1847-1963) қуықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының
ре-генерациясы мен дегенерациясы жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Ол
Ресейдегі салыстырмалы гистология мен микро-физиология саласында да
танымал.
Орыс гистология ғылымының негізін салушылардың бірІ — орталық нерв
жүйесінің нәзік құрылысын зерттеумен есімі танылған Н. М. Якубович (1817-
1879). Киев университетінің гистология, эмбриология және салыстырмалы
анатомия кафедрасын ұйымдастырған П. И. Пере-межко (1823-1863). Оның
негізгі енбектері клетканын белінуіне арналған. Кенес өкіметінің гистология
мектебі цитологияның, гистологияның онан әрі дамуына үлкен үлес қосты (Д.
А. Тимофеев, А. Н. Миславский, А. А. Заварзин, Б. И. Лаврентьев, Н. Г.
Хлопин, А. В. Румянцев және т. б.).
Б. И. Лаврентьев пен А. А. Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы
морфологиясын, А. В. Немилов пен А. В. Румянцев ішкі секреция мүшелерішң
қүрылысын, Н. Г. Хлопин үлпалардың қүрылысы мен дамуын, Г. Н. Хрущев
лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен
табыстарға жетті. Қазақстан галымдары да: академик Ф. Мүхамедғалиев,
Қазакстан ҰҒА-ның кор-респондент мүшелері Т. Масенов, А. М. Мырзамадиев, А.
Ракышев, профессор Г. Мұсағалиева, биология ғылымдарынын докторы, профессор
М. Нүрышев т. б. гистология мен цитологиянын дамуына белгілі дәрежеде
өздерінін үлестерін қосты.
Гистология кептеген биологиялық пәндермен, жалпы және салыстырмалы
анатомиямен, эмбриологиямен, физиологиямен, биохимиямен,
зоологиямен тағы пәндермен тығыз байланысты.
1.2 Эпителиалдық ұлпа эпителий
Эпителиалдық үлпаны шекаралық ұлпа деп те атайды. Эпителий деген
термин гректің екі сөзінен құралған "Эпи"— үсті және "телий"— еміздікше
яғни еміздікшелерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді. Дәнекер ұлпалар
еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, бүл терминді
алғаш рет Рюйеш қолданған.
Эпителий денешң барлық сыртқы беті мен серозалық кабықшаларды каптайды
және организмнің көптеген бездерін құрайды. Эпителиалдық ұлпа клеткалардан
— эпите-лиоциттерден тұрады. Эпителийге мына төмендегі белгілер тән:
1. Эпителий — организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бөліп тұратын және
олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.
2. Эпителийдің клеткалары қабат құрап орналасады.
3. Эпителиалдық ұлпаның негізгі массасын клеткалар
кұрайды.
4. Эпителий үнемі сыртқы ортанын әсерінде болады, соған
байланысты олардың регенерациялық (қалпына келу) кабілеті жоғары.
5. Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық
және апикальдық бөліктері құрылысы мен кызметі жағынан бірдей болмайды.
Мысалы ішектің эпителиалдық клеткаларының апикалык бетінде микробүрлер
болады, ішкі торлы аппарат ядронын үстіңгі аймағында орналаскан, ал
клеткалардын базальдық бөліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың
элементтері болмайды.
Эпителий клеткаларының полярлы болуы олардың шекарада орналасуына
байланысты.
6. Эпителий базальдык мембрананың үстінде жатады.Базальдык
мембрана эпителий клеткалары мен оның астыңдағы дәнекер клеткаларьшың
тіршілік әрекеттерінін әсерінен пайда болады және осы екі үлпаны, бір
жағынан, бірін-бірінен бөліп, екінші жағынан, оларды біріктіріп,
біртүтас комплекс құрайды. Эпителийдің коректенуі базальдық
мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі.
Эпителийдің түрлері:
а — бір қабатты жалпақ; б — куб төрізді, а — цилиндр тәрізді, г — көп
қатарлы кірпікшелі эпите-лий. 1 — базальдық мембрана, 2— дәнекер ұлпа, 3—
кірпікшелі клеткалар, 4— бокал тәрізді клет-калар, 5— аралық клеткалар.
7. Эпителийде нерв талшықтары көп болады, ал кан мен лимфа тамырлары
болмайды. Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер
үлпасын қорғау. Сонымен бірге кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық
клеткалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.
1.3 Эпителийдің классификациясы
Эпителиалдық ұлпалардың шығу тегіне, кұрылысына және атқаратын
қызметіне негізделғен олардың түрлі классификациясы бар.
Морфологиялық классификация
Эпителийдің күрылыс ерекшелігіне неғізделғен. Бүл классификация
бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп кабатты деп бөледі. Бір қабатты
эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді
клеткаларының пішініне қарай жалпак, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп
ажыратады (суретте көрсетілген).
Онто және филогенетикалық классификация
Эпителийлер классификациясының бұл түрі, олардың белгілі бір ұрықтық
жапырақшадан шығу тегін еске алып Н. Г. Хлопин ұсынған. Ол эпителийлердің
төмеңдегі типтерін ажыраткан:
1. Эктодермадан пайда болатын эпидермалык эпителий (жабындылық
эпителий, тері бездері, ауыз куысының эпителийі, сілекей бездері);
2. Энтодермадан дамитын энтородермалық эпителий (ішектің,
бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);
3. Мезодермадан пайда болатын целонефродермалық эпителий (жыныс
бездерінің, бүйректің эпителий мен мtзотелий);
4. Нерв түтігінің бастамасьшан дамитын эпендимоглиялық эпителий
(эпендима);
5. Мезенхимадан түзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы
екі түрін зерттеушілердің көпшілігі эпителийлер қатарына
жатқызбайды. Жұлын каналы мен ми қарыншаларының астары —
эпендиманы — нерв ұлпасьша, ал қан тамырларының астары эндотелийді дәнекер
үлпасына жаткызуды орьнды деп санайды.
Функциялық классификация
Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады.
1. Жабушы тері эпителийі;
2. Кілегей кабықшалардың эпителийі;
3. Дененің екінші қуысын астарлап түратын серозалық
қабықшаларының эпителийі (плевралық, перикардиялық және құрсақ
куыстарының);
4. Ішкі органдардың паренхимасының эпителийі (альвеолалық,
бүйрек, эпителийі, гонодалар мен бездердің эпителийі т. б.).
1.4 Эпителийлердің түрлері
Целомдық эпителий
Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының,
серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардын беттерін астарлап түрады.
Серозалық қабықшалар мен қуыстар эпителийінің целомдық деп аталуы ол
дененің екінші қуысы немесе целомды астарлап түратындыгына байланысты.
Мезодерманың туындысы болғандыктан, мезотелий деп аталады.
Мезотелий — жалпақ клеткалардың жүқа қабаты. Клеткаларынын жиегі тегіс
болмай, ирек-ирек болып келеді. Олардың кейбірі екі немесе үш ядролы.
Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде
микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителийдік
қатарына жатпайды. Біріншіден, олардын клеткаларының ішкі ортада
орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий
клеткаларының өзара байланыстары жеңіл үзіледі. Бұл қасиет эпителийлерге
тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі оның клеткаларының көбеюінің
нәтижесінде жүреді. Мезотелийдің басқа ұлпалардан пайда болмайтыны және
оларға айналмайтыны бұның жоғары дәрежеде мамаддалғанын көрсетеді.
Мезотелий клеткала-рының арасында десмосомалык контактілер болады. Мезо-
телийдің ерекше қасиеттерінін бірі оның клеткаларының дене қуысына түлеп
түсетіндігі. Мезотелий клеткаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий
дене қуысы мен үлпалар арасында "сероза — ғематолимфалық тосқауыл" түзеуге
қатысады. Ішкі мүшелер бірімен-бірі косылып, бітісіп-жабысып қалмауына және
олардың орын ауыстырып козғалуына мезотелий қолайлы жағдай туғызады.
Мезотелийдің физиологиялық регенерация қабілеті өте жоғары.
Бір қабатты куб пішінді эпителий
Эпителийдіи бұл түрі организмде сирек кездеседі. Ол аналық жыныс безін
қаптайды, бүйректін жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердін ұсак
өзектерін (бауырдың, үйқы безінің, сілекей бездерінің) астарлап тұрады.
Қалқанша безінде де байқалады. Бүйрек канал-шықтарының эпителийінің бос
бетінде микробүрлер бола-ды. Клеткаларының үлкендігі бірдей, ядросы
цитоплазмасының ортасьшда орналасады.
Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий
Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бүнын негізгі функциясы — ылғал
беттерді қорғау. Бүл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін
атқармайды.
Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі үқсас. Кейбір бездердін
өзектерівде кездеседі. Кепшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді
эпителий өзгеріске үшырап, корғау қызметтерімен бірге секрет бөлу және
сіңіру функцияларын да атқарады. Секреторлык және сіңіруші клеткалардан
түратьш бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан
оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектін түрлі бөлімдеріндегі эпителиалдық
клеткалардың қүрылысы бірдей емес, жалпы алганда оларды екі топқа бөлуге
болады:
1. Ішектің куысындағы қорытылған өнімдердің сіңуін қамтамасыз
ететін клеткалар.
2. Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық
клеткалар. Ішек эпителийінің сіңіруші клеткаларын жарык микроскоппен
қараганда сызылған жүка қабатпен қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне
қарап, оны щеткалық көмкерме деп атаған. Электрондық микроскоп бүл
қүрьшымның плазмалемманын өсінділерінен түзілгенін анықтайды.
Әрбір есіндінін көлденең өлшемі 0,1—0,2 мкм, ал үзыңдығы 1—3 мкм, Осы
ультромикроскопиялык құрылымдар микробүрлер деп аталған. Микробүрлердің
биіктігі мен бір клеткадағы саны айнымалы. Эмбриондық клеткаларда олар
аз болады. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің саны көбейеді.
Олар ішек эпителийішн сініру
бетін 25—30 есе арттырады. Ішек кабырғасындағы ас қорытылуьшда
жиналған түрлі заттар адсорбцияланады, кейін пиноцитоз арқылы клетканың
цитоплазмасына түседі.
Қоректі заттарды сіңіруге қатыса отырып, бүл эпителий ас корыту
жолындағы бактериялардың дене ішіне өтуіне кедергі болады. Сонымен бірге
осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы әсерінен
корғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиалдық астарының бір қабатты
цилиндр тәрізді клеткаларшшң ара-сында клеткаларды механикалық және
химиялық зақымдардан қорғайтын шырыш бөлетін бір клеткалы бездер болып
есептелетін көптеген бокал тәрізді клеткалар кездеседі.
Ішек эпителий клеткалары мен базальдық мембрананың арасындағы байланыс
жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы мен эпителийдің үдемелі
жұмысы клеткалардын тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің құрамьшда
көбею қабілетінен айырылмаган крип-таларда орналаскан, шала жіктелген
клеткалар болады. Бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар өліп,
түлеген клеткалар орнын басады. Ішек эпителийінід барлық клеткалары 30—36
сағаттың ішінде жаңарады.
Көп қабатты эпителий
Көп қабатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz