Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі


Мазмұны
Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
І-тарау Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан
мәселесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
ІІ-тарау Екінші майданның дипломатиялық тарихы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
2. 1. Екінші майдан мәселесінде АҚШ және Ұлыбритания
дипломатиясының позициялары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
2. 2. Екінші майдан мәселесінде Кеңес Одағының көзқарасы _ _ _ _32
2. 3. Екінші майдан мәселесі бойынша Тегеран конференциясының
шешімдері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 36
2. 4. Екінші майданның ашылуы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _42
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 48
Сілтемелер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 52
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Жалпы адамзат тарихындағы ең ірі оқиға екінші дүниежүзілік соғыс екені белгілі. Мұнда соғыс әрекеттері мен әдістерінің ең жоғарғы үлгілері мен көріністері байқалды. Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дипломатия мен саяси ойындардың ең белсенді үлгілері мен әдістері байқалған болатын. Осы кездегі халықаралық қатынатардың даму жағдайы мен көрінісін айқындау бүгінгі тарих ғылымы айналымында маңызды орындары иемденеді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Германия және оның одақтастарының агрессиялық саясатын тоқтау бағытында әлемдегі бейбіт жағдайды сақтауға ұмтылған және өзіндік ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қолға алған державалар бірнеше келісөздер, хаттар мен кездесулер процесінің нәтижесінде ғана біріккен түрде қарсыластық әрекетіне көшеді.
Мұнда одақтастардың біріккен әрекетінің көрінісі антигитлерлік коалицияның құрылып, одақтасудың нәтижесінде екінші майданның ашылуы болып табылады. Аталған екінші майданның дипломатиялық көрінісі мен тарихы қандай сипатта және қандай ерекшеліктермен жүргізілді және оның екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы халықаралық қатынастардың көрінісіне әсері - бүгінгі күні өзіндік ғылыми орынды иемденетін мәселе болып табылады. Сондықтан екінші майдан дипломатиялық тарихы тақырыбындағы жұмысты зерттеу барысында бірнеше өзекті мәселер алға қойылды - бұл жұмыстың ғылыми айналымдағы орнын анықтауға мүнкіндік береді. Екінші майданның құрылуы барысында оған қатысушы державалардың қандай позициялар мен мақсаттарды ұстанды, екінші майданның құрылуына әсер еткен факторларды анықтау, және екінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық тарихының дамуындағы екінші майданды құру келіссөздерінің орнын анықтау жұмысты басты өзекті мәселелері болып табылады. Сонымен қатар екінші майданның құрылуы екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіне өзіндік әсер етті ме, жалпы екінші майдан дипломатиясы кейінгі тарихи қалыптың жағдайына әсер етті ме, деген мәселерді де анықтау алға қойылған.
Зерттелу дәрежесі. /Тарихнамасы/ Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбында әдеби және ғылыми айналымдарда бірнеше жүздеген еңбектер жарық көрген болатын. Мұндай зерттеулер мен еңбектер арасында өзіндік бірегей ғана эпизодтар мен оқиғалардың да барысын зерттеуге бағытталғандарын кездестіруге болады. Екінші дүиежүзілік соғыстың дилпломатиялық келісөздеріне, халықаралық жағдайына байланысты бағытталған бірқатар құжаттар жинақтары, ірі зерттеулер де жарық көрген. Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыстың барысын сипаттайтын жекелеген адамдардың естеліктері мен мемуарлары да маңызды болып табылады. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстың толық көрінісін сипаттап, жан-жақты дипломатиялық құжаттармен, баспасөз беттеріндегі мақалалармен, жалпы бірнеше түрлі деректермен және зерттеулермен зерттелген екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ең ірі еңбек КСРО-ның Әсекери министрлігінің жетекшілігімен және бірқатар кеңестік тарихшылардың үлесімен он екі томдық «История второй мировой войны» атты еңбегі болып табылады. Еңбекте деректердің және көзқарастардың түрлілігі мен жан-жақтылығы және оларды қолдану жағдайының жоғарғы дәрежесі байқалады. Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тарихнамадағы ірі еңбектердің бірі осы аталған ірі зерттеу иемденеді, мұнда екінші майданның ашылуына арналған дипломатиялық келіссөздер де жетекші орында қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу тек кеңестік деректермен, көзқарастармен, зерттеулермен анықталып ғана қоймай, шетелдік деректер және зерттеулердің бірегей түрде қоланылуымен байқалады.
Л. А. Безыменскийдің жеке зерттеуінен шыққан «Тайный фронт против второго фронта» еңбегі, екінші майданның құрылу барысына тоқтала отырып оған құрылған қарсы әрекеттер басымдылығын анықтап көсетуге бағыттаған. Сонымен қатар мұнда тарихи зерттеулерде кездесе бермейтін фактілердің көрінісі қолданылған.
Тақырыптың деректік негізін толықтыратын еңбек: «Преписка председателя Совета министров СССР с президентами США и примлерминистрами Виликобритании во время Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. » болып табылады, мұнда одақтастардың бір біріне хаттары мен келісімдері айқын суреттеледі, бұл еңбектегі ерекше тұстар екінші майдан мәселесінің одақтастар басшыларының хаттарынан қандай маңызды мәселеге айналғанын көруге болады.
Сонымен қатар жұмыстың деректік негізін «Советский союз на междунородных конференциях период великой отечественной войны 1941-1945 гг. » құжаттар жинағы да толықтыра түсетіндігі айқын, мұнда екінші майданның ашылу алғы шартына арналған конференциялардың барысы да айқын көрсетілген, Кеңес Одағының екінші майданның ашылу мүдделілігін көрсетеді.
Шетелдік зерттеушілердің бірі Хастингс Макстың «Операция «Оверлорд»: как был открыт второй фронт» еңбегінде тікелей екінші майданның ашылу барысына тоқталып, оның маңыздылығын сипаттайды. Екінші майданның ашылу жоспарларын көрсете отырып, оның орындалу барысына үлкен назар аударады. Сонмен қатар мұнда шетелдік көзқарастардың да негізін байқауға болады.
В. Д. Дмитревичтің «Тайное стоновится явным: Деятельность дипломтии и разветки западных держав в годы второй мировой войны» еңбегінде тек батыстық дипломаттардың іс әрекеттері мен мақсаттарын көрсетеді және мұнда батыс дипломаттарының екінші майданға байланысты көзқарастары мен әрекеттері байқалады, сонымен қатар зерттеу кеңестік идеологияның құлау шағында жарық көргендіктен барынша тарихи обьективтілікке жақын келген еңбектердің бірі болып табылады.
1925-1945 жылдар аралықында Кеңес Одағының сыртқы істер комиссариятында маңызды дипломат ретінде танылған, ал кейініректе тарихшы танылған М. М. Майскийдің «Воспоминания советского дипломата» еңбегі 1925-1945 жылдар аралығындағы Кеңес Одағының сыртқы істерінің барысын суреттейді. Аталған еңбек өзіндік естеліктер ретінде жазылғандықтан белгілі дәрежеде дерек ретінде де қолданысқа түскен болатын.
«История междунородных отношений и внешней политики СССР» зерттеуінің бірінші томы И. А. Кирилиннің жетекшілігімен бірнеше кеңестік тарихшылардың зерттеуі арқылы 1917-1945 жылдар аралығындағы кеңес одағының халықаралық қатынастарын және сыртқы саясатын суреттейді. Мұнда екінші майданның дипломатиялық тарихына да аса үлкен көңіл бөлініп жазылған.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатиялық жағдайларды толығымен зерттеп, өзіндік тарихнамалық бағытты байқатқан тарихшы зерттеуші В. М. Бережников, бірқатар еңбектерін екінші майданның ашылуындағы дипломатиялық жағдайларға, антигитлерлік коалицияға қатысты шығарған болатын, олар: «Дипломатической миссией в Берлин, 1940-1941 - Тегеран, 1943. » зерттеуінде 1940 жылдан 1943 жылға дейінгі дипломатиялық әрекеттерді, келіссөздерді өзара одақтасуларды зерттеп сипаттайды; «Рождение коалиции» зерттеуі антигитлерлік коалицияның пайда болуындағы дипломатиялық алғы шарттар анықталып, зерттеуге бағытталған; «Страницы дипломатической истории» еңбегінде екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатиялық ойындар мен саяси қарым қатынастардың сипаты жасалып, оларды анализдеу көрсетілген.
С. Боротынскийдің «Дипломатия периода второй мировой войны междунородные конференции 1941-1945 г. г. » зерттеуінде екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы халықаралық конференциялардың барысына тоқтала отырып, мұндағы дипломаттардың позицияларын анықтау арқылы сыртқы саясаттағы мақсаттарын көрсетуге тырысады, сонымен қатар мұнда екінші майданның ашылуына маңызды септігін тигізген Тегеран конференциясы да және оның шақырылуындағы алғы шарттық дипломатиялық тарих та анықталып зерттелген.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі екінші майданның дипломатиялық тарихын суреттейтін және толық тақырыптық сипатын ашатын зерттеу И. Н. Земковтың «Дипломатическая история второго фронта в Европе» еңбегі болып табылады, мұнда екінші майданның ашылуындағы дипломатиялық әрекеттер мен саяси келіссөздер барысы айқындалып, оларға тарихи анализдеу мен талқылау жоғары дәрежеде анықталып жазылған. Автор өзіндік тарихи обективтілікке жетудің жолын салып, деректердің түрлілігімен және оларды қоланудағы тарихи әдістердің ерекшелігімен айқындалады.
Зерттеуді тақырыптық сипаты жағынан сәйкес келетін, зерттеуші және тарихшы В. М. Кулиштің «История второго фронта» зерттеуі болып табылады, мұнда жалпы екінші майданның тарихын жан жақты зерттеуге ұмтылыс жасалған. Сонымен қатар аталған автордың «Раскрытая тайна. Предистория второго фронта в Европе» зерттеуіндегі тарихи дәлеледер мен деректердің қосымша түрлілігі арқылы тарихи обьективтілікке жетуге ұмтылыс жасалған.
Екінші дүиежүзілік соғыстың кезіндегі халықаралық конференциялардың құжаттық сипатын жасаған «Тегеран - Ялта - Потсдам. Сборник документов» еңбегі болып табылады. Еңбек деректік дүниесімен құнды болып табылады.
Деректік құжаттардың жинағы ретінде М. Е. Сучковтың құрастыруымен және И. Н. Яковлевтің редекциялығымен «Хрестаоматия по новейшей истории, 1917-1945 г. г. » еңбегі екінші майданға қатысты барлық құжаттық деректерді жинақтауға бағытталған.
Сонымен қатар жұмыстың жазылу барысында деректік құндылық ретінде У. Черчильдің «Вторая мировая война» естеліктік еңбегі қолданылды, мұнда Ағылшын премер министрі, тікелей екінші майцданның дипломатиясына қатысқан тарихи тұлғаның естеліктері болғандықтан құндылығы жоғары болып табылады.
Осындай мазмұнда 1925-1945 жылдарда Кеңес одағының ірі дипломаты және саяси тұлғасы И. М. Майскидің «Воспоминания советского дипломата» естеліктері жазылған болатын, аталған еңбек жұмыстың обьективті қаралу мақсатында дерек ретінде қаралған болатын, яғни жұмыстың құжаттық деректерден тыс екінші майданның дипломатиялық тарихын көріністік сипатпен суреттеуге септігін тигізеді.
Деректер. Екінші майданның дипломатиялық тарихы тақырыбының деректік құрамына тоқталатын болсақ, мұнда түрлі дерек көздерінің қолданылғанын байқауға болады. Екінші майдан мәселесіне байланысты одақтас державалардың басшылары арасындағы келіссөздер, кездесулер нәтижесіндегі құжаттар мен өзара хаттар және конференциялардың құжаттары мен хаттамалары болып табылады. Сонымен қатар жұмыстың толыққанды терең зерттелуі үшін бірнеше тұлғалардың, екінші майдан мәселесіне тікелей қатысушы, тұлғалардың жеке естеліктері мен мемуарлары да өзіндік орынды иемденеді. Осылайша дерек көздері төмендегі құрылыммен топтастырылды:
- И. В. Сталин, У. Черчиль және Ф. Рузвельттің екінші майдан жөніндегі хаттары.
- АҚШ және Ұлыбритания үкіметінің Францияға басып кіруінің шешімі. (1943 ж тамыз-желтоқсан)
- Штаб басшыларының бірікке комитетінің Кайрда қабылданған шешімдері. (1943 ж 5 желтоқсан)
- Штаб басшыларының біріккен комитетінің одақтастардың экспедициялық күштерінің қолбасшысы Д. Эйзенхауэрге арналған дерективасы
- У. Черчильдің «Вторая мировая война» атты естеліктері
- М. М. Майскийдің «Воспоминания советского дипломата» атты естеліктері.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі екінші майданның ашылу дипломатиясының тарихын түрлі дерек көздері мен зерттеулер арқылы обьективті тарихи шындыққа жету жұмыстың басты алға қойған мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер негізге алынды:
- Антигитлерлік коалицияның құрылуы мен оның екінші майдан мәселесінің шығуына әсерін көрсету.
- Екінші майдан мәселесіне одақтас АҚШ және Ұлыбритания басшылары мен дипломаттарының позициясын анықтау.
- Екінші майдан мәселесіндегі Кеңес Одағының рөлін көрсету.
- Екінші майдан мәселесі бойынша кездесулер мен конференциялардың шешімдерін анықтау.
- Екінші майдан мәселесіне байланысты Тегерен конференциясының орнын көрсету.
- Екінші майданның ашылуы және барысындағы келіссөздердің нәтижесін анықтау.
Жұмыстың құрылымы. Екінші майданның дипломатиялық тарихы тақырыбын толық және жан-жақты қарастырудың мақсатында және тарихи обьективтілікке жақындау үшін, сонымен қатар жұмыстың ғылымилығын байқату барысында тақырыптың аясында бірнеше жүйелі бөлімдерге бөліп қарастыру анықталған.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың ғылыми тұрғыдан қарағандағы сипаты анықталып, оған жан-жақты ғылыми сипттама берілген, мұнда тақырыптың өзектілігі - тақырыптың ғылыми айналымдағы орнын анықайды; жұмыстың зерттелу дәрежесі - жұмысқа байланысты қолданылған зерттеулер мен еңбектерге тарихнамалық сипаттама берілген және дерек көздеріне түсінік жасалған; жұмыстың мақсаты мен міндеттері - тақырыптың зерттелу барысындағы мақсаттар мен міндетер айқындалып қойылған; жұмыстың құрылымы - жұмыстың құрлысына тоқтау жасалынған; тақырыптың географиялық шеңбері - екінші майданның дипломатиялық тарихы өзінде қандай георафиялық аймақтарды қамтитындығын анықтайды; хронологиялық шеңбері - екінші майдан мәселесінің шығу уақыты мен ашылу кезінің аралығын, кезеңдерін көрсетеді.
Негізгі бөлім, тақырыптың, зерттеудің негізгі мәтініне құралған, ол өзінде екі тарауды қамитиды. Бірінші тарау - Антигитлерлік коалицияның ашылуы және екінші майдан мәселесі - мұнда ұлы отан соғысының басталуынан кейінгі АҚШ және Ұлыбритания мемлекетерінің арасындағы келісөздер және антигитлерлік одақтың құрылу барысы анықталған, сонымен қатар мұндағы КСРО-ның одаққа тартылу мен одақтастардың Гитлерлік басқыншылыққа қарсыласу жоспарларының дайындалу барысы, ұзақ кездесулер мен келіссөздердің нәтижесінде құрылған антигитлерлік коалиция одағының құрылуы көрсетілген. Екінші тарау - Екінші майданның дипломатиялық тарихы - тақырыптың негізін ашушы тарау болғандықтан бірнеше тармақтарға бөлініп қарастырылған, олар: екінші майдан мәселесінде АҚШ және Ұлыбритания дипломтиясының позициялары - батыстық мемлекеттердің екінші майданның ашылуына байланысты көзқарастары түрлі келіссөздер барысындағы жағдайлармен көрсетіледі және сыртқы саясатындағы көздеген мақсаттарын анықтауға мүнкіндік береді; екінші майдан мәселесінде Кеңес Одағының көзқарасы - мұнда кеңестік дипломаттарының екінші майданның ашылуыына негізделген келісөздердегі әрекеттері мен көзқарастары айқындалған және жалпы екінші майданға негізделген сыртқы саясаттағы әрекеттерін анықтай отырып, Кеңес өкіметінің сыртқы саясаттағы мақсаттарын анықтау алға қойылған; екінші майдан мәселесі бойынша Тегеран конференциясының шешімдері - екінші майданның ашылуына сонғы келісім нүктесін қойған одақтастардың Тегерандағы кездесулері мен келіссөздерін анықтап көрсеткен, жалпы бұл конференцияның маңыздылығы мен екінші майданның дипломатиялық тарихындағы ерекше орнын анықтай түсу байқалады; екінші майданның ашылуы - екінші майдан ашылу барысы мен әректтері тарихи сипатта анықталған және екінші майданның ашылу жағдайлары мен жоспарларының сипаты берілген.
Қорытынды бөлімінде жұмысқа толық қанды ғылыми қорытынды жасалып, ғылыми түйіндеме жасалынған, яғни жалпы зерттеудің соңғы ғылыми түйіндемесі анықталған. Сонымен қатар жұмыстың әр тарауына арналған жүйелі қорытындылау жасалынған.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Екінші майданның дипломатиялық тарихы өзіндік хронологиялық шеңберді иемденеді, яғни жылдар аралықтарын қамтиды. Екінші майдан мәселесі антигитлерлік коалиция құрылу барысында пайда болған мәселе болып табылғандықтан, оның шығуын екінші дүниежүзілік соғыстың Ұлы Отан соғысы кезенінен басталған деп анықтауға болады. 1941 жылдың шілде айының өзінде ақ И. В. Сталин, яғни екінші майданның ашылуына одақтастардың ішіндегі ең мүдделісі, У. Черчильге хаттарында екінші майданның ашылуын ұсынған болатын. Ал екінші майданның дипломатиялық тарихы оның ашылуымен аяқталады деуге толыққанды болады. Сондықтан Еуропадағы «Оверлорд» және «Энвил» операцияларының басталуымен, яғни Д. Эйзенхауэр қолбасшылығымен ашылған екінші майдан екінші майдан дипломатиялық тарихының аяқталуына әкеледі. Сонымен екінші майданның дипломатиялық тарихы 1941 жылдың шілде айы мен 1944 жылдың мамыр айлары аралығын қамтиды. Екінші майданның дипломатиялық тарихын бірнеше кезеідермен де қарастыруға болады, олар:
- Бірінші кезең, 1941 -1943 жылдар аралығын қамтиды - мұнда екінші майданның ұсынылуынан бастап, Тегерен конференциясына дейінгі аралықты қамтиды.
- Екінші кезең, 1943 жылдағы қараша айын қамтиды - мұнда Тегеран конференциясына толыққанды жеке тоқталуға болады, себебі Тегеран конференциясы екінші майданның дипломатиялық тарихында басты орындарды иемденеді.
- Үшінші кезең 1943-1944 жылдар аралығын қамтиды - мұнда Тегеран конференциясынан кейіннен бастап, екінші майданның ашылып, алғашқы қадамбарын бастағанға дейінгі аралықты қамтиды.
Жұмыстың зерттелу әдістері. Екінші майданның дипломатиялық тарихы тақырыбын зерттеу барысында бірқатар ғылыми зерттеудің әдістері қолданылды. Екінші майданның дипломатиялық тарихы ғылыми обьективті зерттеле отырып, дерек көздері мен зерттеулерді салыстыру әдісі және екінші майданның дипломатиялық тарихына қатысушы одақтастар мемлекеттерінің басшыларынның дипломатиялық қызметін талдау және мәрелеу әдістері қолданылған.
І-тарау Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан
мәселесі
1941 жылы 7 желтоқсанда, сағат 7, 55 минутта Жапонияның суасты флоты және авиациясы күтпеген жерден американдық Перл Харбор теңіз базасына басқыншылық жасады. Тынық мұхитындағы күштердің негізгі мазмұны Жапонияның әскери күштерінің мүддесіне орай өзгертілді.
8 желтоқсанда АҚШ және Ұлыбритания Жапонияға ресми түрде соғыс жариялады. 11 желтоқсанда Германия АҚШ-қа соғыс жариялады және осы мәлімдемеден соң оның артынан АҚШ-қа Италия, Болгария, Венгрия, Румыния, Словакия, Хорватия және Маньчжоу-Го мемлекеттері соғыс жағдайын жариялаған болатын. АҚШ пен Ұлыбритания қатарында соғысқа Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Оңтүстік Африка одағы, Коста Рика, Никарагуа, Сальвадор, Гандурас, Гайти, Доминикан Республикасы, Куба, Панама, Гватемала, Голландия енген болатын. Жапонияға сонымен қатар Польша, Эфиопия, Белгияның эмигранттік үкіметі, «Еркін Франция» қозғалысы және Қытайдың Гоминдандік үкіметі соғыс жағдайын жариялаған болатын. 6 желтоқсанда Ұлыбритания Венгрия, Румыния, Финляндияға соғыс ашқан еді. АҚШ-тың соғысқа енуі, соғыстың көлемдерінің кеңеюіне әкелді, бұл соғыста жаңа шайқас алаңдарының ашылуына әсіресе Тынық мұхиты аймағында шайқастардың жүргізілуіне алып келген болатын.
1941 жылы 11 желтоқсанда Германия, Жапония, Италия жаңа әскери пакт жасады, ол Үштік пактісіне толықтырушы келісім болды. Жаңа келісім шартында одақтастар Ұлыбритания және АҚШ-қа қарсы барлық күштерімен жеңістік нәтижеге дейін соғысу қажет және ешқандай да себептермен бейбіт келісімге келмеуі керек болатын. Жапония Тынық мұхитындағы алғашқы қарсыласулар мен шайқастарда АҚШ-тан басым келді.
Алайда осыған қарамастан АҚШ және басқа да мемлекеттердің соғысқа енуі жалпы күштердің қатынасын антигитлерлік коалициясының мүддесіне орай шешті. 1942 жылдың көктемінде агрессор мемлекеттерге қарсы 29 мемлекет тұрды. Антигитлерлік коалицияның кеңейгеніне қарамастан ол заңды түрде рәсімделмеген. Тіптен АҚШ пен Ұлыбритания арасында да ресми түрде одақ құрылмаған, тек ғана Ұлыбритания АҚШ-тың ленд-лиз жөніндегі заңының таралуына рұқсат еткен болатын.
АҚШ-тың Германия және Жапонияға қарсы соғысқа шығуы Ұлыбритания тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Черчилль Рузвельтке тезарада кездесіп, біріккен түрде стратегиялық соғысты жүргізу үшін келіссөздерді ұйымдастыруды ұсынды. Рузвельт бұл ұсынысты қабылдайды.
1941 жылы 12 желтоқсанда Черчиль АҚШ-қа «Герцог Иоркский» линкорнда жолға шықты, бұл ағылшын премьер-министрінің Вашингтонға алғашқы сапары болатын. 1941 ж. 22 желтоқсанынан - 1942 ж. 14 қаңтар аралығанда өткен Вашингтон конференциясында (ресми аты «Аркадия») Рузвельт пен Черчилль арасында тығыз байланыстар орнатылды. Олар әдетте екеуі ғана соғысты жүргізуге байланысты және соғыстан кейінгі жүиені орнату мәселелерін шешетін. Вашингтон конференциясында соғысты жүргізуге байланысты жалпы жоспар жасалынды, мұнда одақтастардың басты қарсыласы Германия болып белгіленді, сонымен қатар соғысты жүргізудегі басты әдістер ретінде: Германияны әуеден бомбылау арқылы әлсірету; блокадалауды жүргізу, кеңес Одағына әкери көмек беру және тағы басқа әрекеттер белгіленді. Англо-американдық әскерінің 1942 және 1943 жылғы Еуропа континентіндегі компаниясы жоспарланбады. Еропадағы екінші майданның ашылуы жөніндегі мәселенің орнына әскердің Солтүстік Африка территориясына түсіру талқыланып, жоспарлар түзілген болатын.
Біріккен әскери әрекеттерді жүргізу мақсатында Біріккен штаб басшыларының комитеті Вашингтонда құрылды, оның ресми әрекеті 1942 жылдың қаңтарында басталды.
Ағылшын және американдық үкіметтер Кеңес өкіметін Вашингтон конференциясында қабылданған шешімдермен хабарламады, осылайша ағылшын-американдық коалицияның қатысушылары әскери және саяси мәселерді шешуде Кеңес одағының әрекеттенуі байқалды.
Алайда АҚШ және Ұлыбританияның жүйелі сепаратистік әрекеттеріне қарамастан антигитлерлік коалиция құрылды және кеңейтілді. Бұл әсіресе 1 қаңтар 1942 жылы 26 мемлекеттің Бірікке Ұлттар Декларациясын қабылдағанда байқалды. Оның мәтінін Рузвельт пен Черчилль жасады және Кеңес үкіметінің бірқатар жөндеулер мен толықтырулар енгізгенінен соң ұсынылған болатын. Антигитлерлік коалицияның қатысушы мемлекеттерінің тізімі ішінде басты орындарды - КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай мемлекеттері иемденді.
Осылайша тең құқылы, тәуелсіз анщтигитлерлік коалицияға қатысушы мемлекеттер арасынан белгілі бір топ құрылды, ол агрессиялық фашиятік блокқа қарсы әскери және саяси әрекеттер жүргізуге басты рөлдерді иемденді. Сонымен қатар олар соғыстан кейінгі бейбіт халықаралық қатынастарды орнатуды жоспарлаған болатын. 26 мемлекеттің ішінде Франция аталған жоқ, мұндай жағдайға американдық үкіметтің тікелей қыспағы әсер етті. Себебі 1941 жылы АҚШ үкіметі мен Голльдің басқаруымен жүрген Франция ұлттық комитетінің арасында француздік Сен-Пьер, Микелон аралдарын америка әскерінің басқыншылығы жөнінде ауыр дискуссия өткізілген болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz