Түргеш қағанаты туралы



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Түргеш қағанатының қалыптасуы
2 Түргеш қағанаттың күйреуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)
Түргеш қағанатының қалыптасуы
Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісу- да өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінін әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он жебе» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырғанАшина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тай- пасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған'5, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек «женілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен армия ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жаткан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ- ло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады.
Бұл күш Баға-тархан (моге-даған) деген атағы бар Үшлік (Учжилэ)17 бастаған түргештер болды. Бытыранкылық және Хусэлоқағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған окиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Хусэло жеңілместен бұрын-ақ Үшлік өз жерлерінде әрқайсысы 7 мың адамнан 20 түтіктік күрды. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгітқаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан18 (олар мұнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен)19. Шежіреде айтылғанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Түрфан) жәнеТинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан». Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одак құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері (басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне (қара түргештер, бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сүлықгы (Сулу) отырғызды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010
2.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1- кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: “Білім”, 2002.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Түргеш қағанатының қалыптасуы

2 Түргеш қағанаттың күйреуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне
жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі.
(Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері
этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған
кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған
болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты
"сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Түргеш қағанатының қалыптасуы

Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісу- да өз үстемдігін
орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері
қаған билігінін әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-
көп себепші болды. Он жебе құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан
емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа
отырғанАшина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне
қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-
Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тай- пасының басшысы бастаған
тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған'5, бірақ шежірешінің сөзіне
қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса
керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері
өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай
болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек женілді дейді де қояды.
Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік
Хусэлоның бастауымен армия ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы
керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жаткан кездің өзінде қағанатта
жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ- ло батысқа
жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады.

Бұл күш Баға-тархан (моге-даған) деген атағы бар Үшлік (Учжилэ)17
бастаған түргештер болды. Бытыранкылық және Хусэлоқағанның қашып кетуі
жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған окиға емес еді.
Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер
VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты
және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында
болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты
тайпалар саны көбейді. Хусэло жеңілместен бұрын-ақ Үшлік өз жерлерінде
әрқайсысы 7 мың адамнан 20 түтіктік күрды. Бұрын Шудың солтүстік-батыс
жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп
атады; Күнгітқаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай аталатын
тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан18 (олар мұнда XI ғасырда да тұрған,
мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен)19. Шежіреде айтылғанындай, батыс түрік
жерлері шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен),
батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу
(Түрфан) жәнеТинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан. Бұл
екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің
барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери
одак құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір
түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері
(басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның
нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне (қара түргештер, бұлар өз
ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш
(чэбиши) тайпасының өкілі Сүлықгы (Сулу) отырғызды.

Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің
болғанын көрсетеді. Жаңа Тань тарихында былай делінген: Шығындар
(ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы
жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған
олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде
бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады. Дау-жанжалдар қара түргештер
мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы
Сұлық-қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиеленісе түсті.
Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында Сөгенің (Сақалдың) ұрпақтарын
сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу (Сулуқ) үлысын қара рулар (қара
түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне- бірі
сенбейді22. Түргеш шонжары шумекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу- Янь-Цюэлю-
чо) хатында да осы туралы айтылады: Біз далада, толқып туратын елде тудық,
біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...23[1]

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта
Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында
болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер
болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның
ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені
жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке
(еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-
қаған Қытайимпериясымен және Согдмемлекетімен саяси бірлестік құрып,
арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-
қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргешмемлекетінде ішкі бірлік
болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды.
Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында
түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан
әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар
арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің
батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана
қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды
жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты
өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.

Қағанаттың күйреуі

Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында
өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен 
Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. 

Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер 
қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай
империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағыуәлилары 748 жылы өз
әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға
асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751
ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында
зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту
сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық
жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп
кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін
әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының
әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Бытыраңқылық және Хусэло кағанның кашып кетуі жағдайында түргеш-тердің
көтерілуі күтпеген жерден болған окиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының
кұрамына кіретін, халкы көп тайпа болған түргештер VI ғасы-рда-ақ Шу-Іле
кос өзені аралығындағы үлкен аймакты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Түрік тектес түргеш тайпалары
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Түргеш қағанаты туралы мағлұмат
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Түргеш қағандығының территориясы, орталығы
Көне түркі дәуіріндегі Қазақстан туралы
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Пәндер