Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік . психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс . тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің әрекеті, өмірдің киын жағдайларына душар болған адамдарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету аркылы сипатталады.
Кез - келген қоғамда өмірде әртүрлі қиыншылыққа тап болған адамдар қатары жеткілікті. Осындай жағдайларға душар болған адамдардың ел қатарлы өмір сүруі үшін, қоғамда өз орнын табу үшін және осы қоғамда өзінің құқықтарын корғай білу үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі әрекет етеді.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет көрсету -тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа бағыты екенін анықтау. Сол арқылы әлеуметтік қызмет көрсету сферасының маңыздылығын және оның мәнін жете түсіну.
Қазіргі жағдайда қандай мемлекетті алып карасақта, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінсіз саясат жүргізбейді. Өйткені бүгінгі таңда әркімге әлеуметтік көмёк көрсету қажет.
Бүгінгі таңда әркім әртүрлі жағдайларға байланысты қиыншылыққа тап болады. Көбі еліміздегі жүргізіліп отырған жаңа реформаның салдарынан қиын жағдайларға душар болып отыр.
Солардың арасында тұрғындардың кейбір санаттарына әлеуметтік қызмет көрсетуге зәру адамдар, отбасылар мен адамдар тобы көп.
Қазіргі заманда басына түскен ауыртпалыкпен күресуге әрбіреуінің күш - жігері жете бермейді. Көпшілігі өзіне - өзі деген сенімділігін, жақсы өмірге деген үмітін жоғалтып алды.
Әсіресе қарт адамдардың қал - жағадйы мүшкіл. Олардың қартаюына байланысты мүмкіндіктері шектеліп, олар біреуге тәуелді болып қалады.
Қарт адамдардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету олардың толыкканды өмір сүруінің кепілі. Кейбір қарт адамдар денсаулығына байланысты қоғамдық өмірден шеттетіліп қалады. Сонымен қатар, қарт адамдарға психологиялық тұрғыдан да демеу көрсетудің маңызы зор. Өйткені қарт адамдардың психологиясы, жас келген сайын өзгеріп, олардың ішкі және сыртқы жан дүниелеріне тікелей ықпал жасайды.
Осындай жағдайларда бұл адамдарға біреулердің көмектесуі қажет. Мұндай жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын білудің маңызы зор.
Яғни, әлеуметтік жұмыстың клиенттерін аныктап, оларға қажетті көмек деңгейін анықтап алу, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жұмысын тиімді етеді деген пікір пайда болады.
Қарт адамдардың қоғам өміріне араласып кетуін қамтамасыз ететін ұйымдардың бірі - әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері. Олар қарт адамдардың күнделік ті сұраныстарын мен қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай сонымен қатар, олардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында да қызмет атқарады.
Қарт адамдар үшін ең маңыздысы олардың күтімдерін қамтамасыз ету.
Кез — келген шараның жүзеге асуы үшін, ең алдымен оның бағыты мен мақсатын анықтап алу қажет.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың мағынасын ашу.
Дипломдық жұмыстың тапсырмасы:
1. Қарт адамдардың проблемаларын анықтау.
2. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасын ашу.
3. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың сапасын жақсартуға ұсынылатын ұсыныстар
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: қарт адамдар
Дипломдық жұмыстың зерттеу болжамы: егерде қарттар мәселелерін анықтап, олардың қолайлы жолдарын қолдансақ, онда қарт адамдарды оңалту жеңіл өтеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу көзі: әлеуметтік жұмыс, психология, геронтология салалары бойынша әдебиеттер, ғылыми еңбектер мен зерттеулер
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Дипломдық жұмыстың зерттеу құрамы: кіріспе, екі бөлімнен, ұсыныстардан, корытынды және пайдаланған әдебиеттер

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Закон РК от 21 июня 1991г№ 692-ХІІ О социальной защищенности инвалидов в РК. ЭБД «Юрист»,2007
2. Закон Республике Казахстан от 30 июня 1992г,№ 1468-ХII О соцальной защите граждан, пострадавших вследствие эклогического бедствия в Приаралье. ЭБД «Юрист»,2007
3. Закон Республике Казахстан от 18 декабря 1992г,№ 1787-ХII О соцальной защите граждан, пострадавших вследтвие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне
4. Закон Республике Казахстан от 20 июня 1997 года О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан. ЭБД «Юрист»,2007
5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 1999 года №394 Вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. ЭБД «Юрист»,2007
6. Анатомия человека., М, 1973
7. Анатомия и физиология человека., М,1978
8. Анатомия человека., М, 1973
9. Анатомия и физиология человека., 1978
10.Городская программа по социальной защите населения.. Усть -
Каменогорск, 2002ж
1І.Жұмағұлов Қ. Әлеуметтік қамсыздандыру А., 2006ж
12.Право социального обеспечения / учебное пособие. Буянова М.О., Кондратеьева З.А./М,1997
13.Сонина В,А, Государственная политика в сфере бесплатного обслуживания: УРОКИ И перспективы М.,1994
14.Сансызбаева Г.Н Система Социальной защиты населения и ее проблемы А., 1998
15.Теория социальной работы Под редакцией Е.И.Холостовой М., 1999г.
16. Социалъная защита —М , 1998
17. Социальная защита инвалидов в Республике Казахстан А., 2006
18. Методическое указание по социальному работу Территориально - медико - социального центра «Ульба» Усть - Каменогорск,2004
19.Проблемы старения под ред.Фирсова.В.А. М., 1984
20.Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы М., 1999
21.Аймауытов Ж. Психология А., 1995
22. Амосев Н.М.Преодоление старости М., «Будь здоров» - 1996
23.Курбатов В.Н. Социальная работа М., - 1999.
24.Павленюк П.Д. Основы социальной работы Учебное пособие М.,1995
25.Государственный стандарт РК., Астана 2006

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы Ульба орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің әрекеті, өмірдің киын жағдайларына душар болған адамдарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету аркылы сипатталады.
Кез - келген қоғамда өмірде әртүрлі қиыншылыққа тап болған адамдар қатары жеткілікті. Осындай жағдайларға душар болған адамдардың ел қатарлы өмір сүруі үшін, қоғамда өз орнын табу үшін және осы қоғамда өзінің құқықтарын корғай білу үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі әрекет етеді.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет көрсету -тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа бағыты екенін анықтау. Сол арқылы әлеуметтік қызмет көрсету сферасының маңыздылығын және оның мәнін жете түсіну.
Қазіргі жағдайда қандай мемлекетті алып карасақта, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінсіз саясат жүргізбейді. Өйткені бүгінгі таңда әркімге әлеуметтік көмёк көрсету қажет.
Бүгінгі таңда әркім әртүрлі жағдайларға байланысты қиыншылыққа тап болады. Көбі еліміздегі жүргізіліп отырған жаңа реформаның салдарынан қиын жағдайларға душар болып отыр.
Солардың арасында тұрғындардың кейбір санаттарына әлеуметтік қызмет көрсетуге зәру адамдар, отбасылар мен адамдар тобы көп.
Қазіргі заманда басына түскен ауыртпалыкпен күресуге әрбіреуінің күш - жігері жете бермейді. Көпшілігі өзіне - өзі деген сенімділігін, жақсы өмірге деген үмітін жоғалтып алды.
Әсіресе қарт адамдардың қал - жағадйы мүшкіл. Олардың қартаюына байланысты мүмкіндіктері шектеліп, олар біреуге тәуелді болып қалады.
Қарт адамдардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету олардың толыкканды өмір сүруінің кепілі. Кейбір қарт адамдар денсаулығына байланысты қоғамдық өмірден шеттетіліп қалады. Сонымен қатар, қарт адамдарға психологиялық тұрғыдан да демеу көрсетудің маңызы зор. Өйткені қарт адамдардың психологиясы, жас келген сайын өзгеріп, олардың ішкі және сыртқы жан дүниелеріне тікелей ықпал жасайды.
Осындай жағдайларда бұл адамдарға біреулердің көмектесуі қажет. Мұндай жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын білудің маңызы зор.
Яғни, әлеуметтік жұмыстың клиенттерін аныктап, оларға қажетті көмек деңгейін анықтап алу, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің жұмысын тиімді етеді деген пікір пайда болады.
Қарт адамдардың қоғам өміріне араласып кетуін қамтамасыз ететін ұйымдардың бірі - әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері. Олар қарт адамдардың күнделік ті сұраныстарын мен қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай сонымен қатар, олардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында да қызмет атқарады.
Қарт адамдар үшін ең маңыздысы олардың күтімдерін қамтамасыз ету.
Кез —келген шараның жүзеге асуы үшін, ең алдымен оның бағыты мен мақсатын анықтап алу қажет.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың мағынасын ашу.
Дипломдық жұмыстың тапсырмасы:
. Қарт адамдардың проблемаларын анықтау.
2. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасын ашу.
3. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың сапасын жақсартуға ұсынылатын ұсыныстар
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: қарт адамдар
Дипломдық жұмыстың зерттеу болжамы: егерде қарттар мәселелерін анықтап, олардың қолайлы жолдарын қолдансақ, онда қарт адамдарды оңалту жеңіл өтеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу көзі: әлеуметтік жұмыс, психология, геронтология салалары бойынша әдебиеттер, ғылыми еңбектер мен зерттеулер
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Дипломдық жұмыстың зерттеу құрамы: кіріспе, екі бөлімнен, ұсыныстардан, корытынды және пайдаланған әдебиеттер
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі
Қарт адамдардың проблемасы XX ғасырдың әсіресе, соңғы онжылдың әлеуметтік феноменіне айналып отыр. Қарттық жеке адамның дамуындағы ұзақ та мәнді үрдіс, әлеуметтік даму үрдісі бағытының өзгеріс бағытының индикаторы макроқұрылымдық деңгеиде жүзеге асады, ғасырлар тоғысындағы әлеуметтік саясаттың негізін салды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, егер Батыс елдерде 1990 жылдары зейнеткерлік жастағы адамдар саны барлығы 18% болса, 2030 жылдары ол көрсеткіш 30 % артпакшы екен.
Көршілес Ресей елінің статистикалық мәліметтері бойынша, 1939 жылы карттар саны барлық тұрғындардың 4% болса, 1996 жылы осы аталған көрсеткіш 12% артып отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтамасына сүйенсек, мемлекеттегі 65 - тен асқан адамдардың саны 4% болса, жас саналады, ал бұл көрсеткіш 7 пайыздан артық болса қартайған деп саналады. [15,224-226]
Тұрғындардың еңбекке қабілетті қабатына түсетін күш көбейеді, өйткені олар еңбекке жарамсыз карттарды аспауға мүдделі болып келеді. Қазірдің өзінде бір қарт адамға 1,8 жұмыс істейтіндер келеді.
Дамыған мемлекеттерде 65 жастан асқан қарт адамға 4-5 жұмыс істейтін адамдар келеді екен.
Міне, сондықтан кездейсоқ емес 1991 жылы БҰҰ қарт адамдарға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Принципін қабылдаған жоқ, 1992 жылы - он жылға Қартаю проблемаларына байланысты 2001 жылғы кезеңге дейінгі ғаламдық мақсаттар практикалық стратегиясын қабылдады, ал 1999 жылды БҰҰ халыкаралық карттар жылы деп кабылдады.
Жер бетіндегі тұрғындардын козғалыс тенденциясы олардың кеңістіктегі және уақыттағы өмір сүру дәрежесін зерттей отырып, танымал А.Сови былай деп көрсетті, тұрғындардың қартаюы қазіргі үлкен феномендердің бірі болып табылады. Осы аталған құбылыстың кеңінен таралуы және қоғамдық -экономикалық деңгейге байланыстылығы көптеген авторлардың ол өзінің табиғи жағынан жетістікті құбылыс екеніне сендірді.[15,245]
Қазіргі замманның атаулы өзгерісі ретінде, ол демографиялық қатынастардың жаңа даму сатысының бастамасын сипаттайды және шынайы деморафиялық, -экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік - психологиялық, мәдени және медициналық салдар туғызады.
Дүниежүзі халық тұрғындардың демографиялық құрылымының тамырының қозғалысы, яғни демографиялық пирамиданың селдіреуі үрдісі жүруде, осы мәселе дүниежүзілік қоғамның бастысы болып отыр. Осы мәселемен күресуге он жылдан астам уақыт өтті. Қартаю мәселесі халықаралық ұйымдар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қарастыру объектісі ретінде XX - ғасырдың 80 - жылдардан бері келе жатыр.
Европада өткен ғасырдың 70 - жылдарынан бастап, қоғамның қартаюы салдарынан шынайы әлеуметтік және экономикалық салдары болатынана көздері жеткен. Көптеген ғылыми сипозиумдарда, прессаларда, саяси арыздамаларда бұл үрдіс әлеуметтік, экономикалық және мәдени кұбылыс ретінде каралады. Көп жағдайларда бұл үрдіс әлеуметтік дамуға, гүлденуге, әлеуметтік жаксаруға, ұрпактар арасындағы байланыстарға, технологиялық даму мен инновацияға қауіп төндіреді.[20,158]
2001 жылы дүние жүзіндегі тұрғындар саны 6,2 млрд. адамға жетті, ал әрбір жер бетіндегі Оныңышы адамнын жасы 60 жас және одан ересек болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымның ұзақмерзімдік болжамына сай 2025 жылы дүниежүзілік тұрғындар саны 1950 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе, ал қарт адамдардың саны —есе, ал қартайған адамдардың саны (80 жастан асқандар) 10 есеге артады.
Қоғамның қартаюы салдарын көптеген қоғамның мамандарының және қоғам кайраткерлерінің —ғалымдардың, практиканттардың, саясаткерлердің, экономистердің, әлеуметтанушылардың және т.с.с. зерттеу объектісіне айналды.
Олардың көпшілігін мына сұрақтар мазалайды: қоғамның қартаю үрдісі қоғамға қалай ықпал етеді, ол әлеуметтік дамуға қалайша ықпал етеді?
Ең алдымен аталған мәселе қоғамның әлеуметтік дамуына тікелей ықпал ететіні айдан анык жағдай.
Сонымен, қоғамның қартаюы жеке адамдардың дамуымен қатар жалпы барлық тұрғындардың дамуындағы қосалкы элемент болып қала береді. Қоғамның дамуында, жастық, орта жастық, қарттық және қартайғандық кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.
Соңғы екеуінің арасындағы шекара шартты түрде деп айтуға болады.
Қоғамның қартаюынын белгісі ең алдымен, оның кұрылымына олардың қатысуы, сонымен қатар , бұл көрсеткіш пайызбен анықталады, ал қарт адамдар қатарына 60 - 65 жастағылар жатады. Ал өте қартайған адамдар қатарына 80 жастағы және одан асқан адамларды жаткызамыз. Олардың қоғамның кұрылымға қатынасы жалпы сандық көрсеткіштерге қатысты, сонымен қатар 60 жастағылар және одан ересектер есебіне сай анықталады. [16,142]
Қоғамдық - экономикалық қоғамның зерттеулерінде қоғамның жалпы құрылымындағы зейнеткерлік жастағылардын есебінен анықталған. Кейбір жағдайда демографиялық қартаюды анықтаудың басқа әдістерін қолданады. Мысалы, қарт адамдардың санын жастар мен балалар санына қатысты анықтайды.
Россет бойынша, тұрғындардың қартаю үрдісі, 60 жас және одан ересек адамдардың кұрылымын төрт фазамен анықтайды:
1) демографиялық қартаюдың белгілерінің болмауы - 8% - дан төмен;
2) демографиялық жастық пен қарттық арасындағы ерте өтпелі күй фазасы-8- 10%;
3) демографиялық жастық пен қарттық арасындағы кеш өтпелі күй фазасы-8 - 10%;
4) демографиялық қартаюдың күйі - қоғамдағы жалпы адамдардың 12%
және одан артық.
Соңғы статистикалық мәліметтер, дамыған елдер мәліметтерінен алынған, осы үрдістің енді бір фазасын көрсетуге мәжбүр етеді. Осы фазаға демографиялық қартаюдың 60 жастағы және одан ересек адамдардың саны 15% - дан асып кеткенде көрінеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша қарттық жас тек 65 - тен басталады, осы жастан асқандардың көрсеткішін жастарға шағып есептейді де, үш фазаны атап көрсетеді. Жас қоғам деп, 65 жас және одан ересектер саны 4 пайыздан төмен болса, орта жаста деп - 4 - 7 пайыз болса, қартайған деп - 7 пайыздан жоғары деп көрсетеді. Демогарфиялық терең қартаюдың табалдырығы деп тұрғындардың жалпы құрылымының 10 пайыздан астамы қарт адамдар болса танылады. [15]
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері
Қазіргі дамыған әлеуметтік ғылымда қарттық жайлы үш бағытты бөліп көрсетуге болады. Олар:
-қартықты биологиялық және психологиялық өлшемдермен үрдіс ретінде зерттеу;
- қартайған адамдардың әлеуметтік рольдер мен әлеуметтік -экономикалық мәртебесі мәселелерін институционалдық тұрғыдан қарастыру;
- қарттық туралы әр халықтарға тән әртүрлі тарихи - мәдени сараптамалар жасау.
Осы бағыттар шеңберінде әлеуметтік - геронтологиялык білімнін модельдер жасалуда, олардың пәндері ретінде әлеуметтік тарихи динамикадағы қартаю үрдісі, сонымен қатар қарттар тәжірибесіндегі әлеуметтік жағдай мен психологиялык тәжірибені арнайы әлеуметтік жастық топ, ретінде қарастыру қажет.
Қарттықты өмірдің соңғы мәресі ретінде карастыру өзгеріссіз калып отыр.Тек қана картык жастық табалдырығы ғана өзгеріп отыр. Мәселен, 1962 жылы геронтологтар сипозимумы жастық градицияны төмендегідей бекітіп еді:
- 60 - 75 қарттайғандар;
- 75 - 90 кәрілер;
- 90 - жастан жоғары ұзак өмір сүрушілер.
Өркениет орташа өмір сүру жасын - 70 жаспен қамтамасыз етті, ал тарихи уакытқа дейін бұл көрсеткіш - 35 жас қана еді.
Қоғамдағы қартаю мәселелерін геронтология ғылымы зерттейді, ол қарттықты биологиялык, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан зерттей отырып, олардың пәнаралық байланысын анықтай отырып зерттеу аумағын анықтайды. [14,25]
Биологиялық тұрғыдан қарстырған кезде, карттықтың физиологиялыкқ жағы, ал психологиялық тұрғыдан - картыктың ойлау және психикалық аспектілері қарастырылады, ал әлеуметтік тұрғыда - әлеуметтік контестегі қарттық зерттеледі.
Бұл өлшемдер, өз кзезегінде үш әртүрлі бағытты иемденеді:
- қартайған адамдардың жеке бастық қобалжуы, (бұл жерде қарттық отбасы, қоғам және мәдениетті тұтастай алғанда әлеуметтік шеңберде қарастырылады);
- қарттайған адамдардың қоғамдағы ұмтылыс дәрежесін анықтау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясаты деңгейінде карттық проблемалары мен оларды шешу жолдарын зерттеу.
Қарттыққа қатысты әлеуметтік экспектация, қараңғы түстерге боялып. қарттық кедейілікпен, нашар тұрғын үймен, быт - шыт медициналық қызмет көрсетумен, әлсіз денсаулықпен және әлеуметтік ескерілмеумен сипатталады. Қалыптасқан стереотиптер өз кезегінде, қартайған адамдардың дүниетанымына ықпал етеді: белсенді қартаю, пассивтілік пен аурашаңдылық мөлшер ретінде қарастырылады.
Мәселен К.Винтор қартайған адамдар жайлы стереотипті пікірлер жинағын атап көрсетеді:
1) барлык карттар бір - біріне ұксас;
2) картайған адамдар әлеуметтік тұрғыдан ескерусіз қалады;
3) олардың көпшілігінің денсаулығы әлсіз;
4) жұмыстан босатылу әйел адамдарға карағанда, ер адамдарды қатты күйзелтеді;
5) көптеген қарт адамдар өз отбасыларын шектелген;
6) қарт адамдар жыныстық өмірге қызығушылық танытпайды және оған қабілетті емес;
7) қарт адам оқуға қабілетті емес;
8) жас келген сайын ақыл - ойлық сапа төмендей түседі. Қазіргі қоғамдағы қартаю салдарынан проблемалардың төрт тобын атап көрсетуге болады. Олар:
Біріншіден, бұл мына сипаттамаларды қозғайтын демографиялық және
макроэкономикалық проблемалар:
- тууды көрсететін көрсеткіштер;
- өмір сүру ұзақтылығы, әсіресе, ұзақ өмір сүрудің жоғары шегі, сонымен қатар, соған жетемін деген қарттар саны;
- әртүрлі ұрпақтар арасында материалдық ресурстарды тарату;
- қартайған адамдар зейнеткерлердің өмір сапасын жақсарту және қажетті стандарттарды қамтамасыз етуде ұжымдық жауапкершілікке деген жауапкершілік;
- еңбек ету өнімділігінің деңгейі.
Екіншіден, әлеуметтік қатынастар сферасында атаулы өзгерістер болады:
- отбасылық - туыстық қарым - қатынас кұрылымында:
-әртүрлі ұрпактардың бірін - бірі қолдау құрылымында;
-болашак мамандыкты таңтау сипатында;
- потенциалдық еңбекпен камтамасыз ету кұрылымында:
Үшіншіден, демографиялық кұрылымның өзгеруі еңбек нарығына ықпал етеді:
-саналы және дене еңбегі қатынастарында өзгеріс болады және қоғамның еңбек әрекетіне деген қарым - қатынасы;
- қартайған шақта еңбек етушілерді кайтадан мамандандыру қажеттілігі туындайды;
- қартайған еңбек адамдарының қарым - қатынасы өзгереді және зейнеткерлікке шығу жөніндегі жұмыс берушілердің еңбек әрекетіне деген қарым —қатынасы өзгереді;
- қартайған шақта адамдардың кәсіби бағыттылығы мәселесі туындайды;
- ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы тепе - теңдік бұзылады, өйткені қартайған шақта ер адамдарға қарағанда әйел адамдар көбірек болады;
- бастауыш және орта білім беру ұзақтылығы көбейеді, яғни, өндірістегі еңбекпен қамтылмаған жас адам мен белсенді қарт адам арасындағы қатынастар өзгереді;
- жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік пробелмалардың сипаты өзгереді және оны шешу үшін жаңа ізденістерге қажеттілік туындайды;
- зейнеткерлікке шығудың жастық шекарасы артады.[15],[16]
Төртіншіден, өзгерістер қартайған адамдардың функциональды қабілеттерін және денсаулықтарының күйін өзгертеді, оның салдарынан әлеуметтік қызметтері үшін күрделі ықпал етеді. Мысалы, мыналарды күтуге болады:
- қартайған адамдардың алынған білімдерінің функциональды түрде ұсталады, қарта адамдардың іскерліктерә мен дағдыларының, сонымен қатар негізгі және қосымша ғылымдады меңгеруге, жаңа кәсіби білімдерді меңгеруге мүмкіндіктері кеңейеді;
-қарт адамдар еңбек нарығында және макро - немесе микродеңгейлерде қоғам өмірі үшін қажетті ресурстар болып келеді;
-қарт адардарға көмек көрсету мен оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің қажеттіліктері де өзгереді:
- қарт адамдарға әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудің тиімділігі мен нәтижесі, жиілігі өзгереді.[15,154]
Әрине біз атап өткендеріміз, қоғам өмірінің объективті өзгерсітерінің толык емес тізімі. Осы аталғандарға сонымен қатар, субъективті факторлардың кең гаммасын. адамның ішкі дүниетанымының өзгерісін, қай ұрпақтың өкілі болмасын, яғни карттар қоғамына қатыстылардың барлығының ішкі әлемі жайлы білу де маңызды.
Ғалымдардың басқа топтары, керісінше, қарт адамдардың бар болуы қазіргі қоғамның дамуының факторы деп есептейді. Қартайған қоғамдағы өмір курсын өзгерту қажеттілігігі аталап көрсетіледі - және ең алдымен әлеуметтік белсенділіктің түрлері мен көбейту есебінде, яғнм еңбектік, саяси, қоғамдық және басқа да әлеуметтік рольдердің түрлілігін өзгерту есебінде деп көрсетеді.
Кейбір аймақтарда жүргізілген қарт адамдардың әлеуметтік ұстанымдары атты зерттеулер нәтижесінде, ересек ұрпақ тұлғаларының проблемалары анықталды. Олардың қатарына:
-өмірлік жетістіктерге деген, пессимистік көзқарастар, сананың фрустациясы;
-қазіргі билік басыларына деген негативті қатынас (бұрын жақсы болып еді);
-мемлекет саясатына деген субъективтік қызығушылықтың жоғарлығы және оған ықпал ету мүмкіндігін төмен бағалау;
-өмірге көңілдің толмаушылығы;
-өмір стандарттарының төмендеу: кедейшілік, маргинальдылықты кәдімгі дүниедей қабылдау.
Адамдардың бұл санаттарына жататындарда, жалпы және топтық нормаларға, дәстүрлерге деген жоғары бағынушылық, борыштық сезімнің жоғары бағасы, өзін өзі кұрбан ету және матеиралдық құндылықтарға деген қарым - қатынастың салдырлығы басым келеді.
Қарт адамдардың мүмкіндіктері мен қабілеттіліктері қоғамға материалдық және рухани пайда әкеледі, сонымен коса оның дамуының белгілі факторына қоғамның қарт адамдарға стереотипті қатынастар мен қарт адамдарды әлеуметтік корғауға дайындығына байланысты.
Осы тұрғыда мынандай маңызды сұрактың туындауы мүмкін: жаңа жағдайлардағы әлеуметтік дамудың негізгі мүмкіндіктері қандай болмақ?
Дүниежүзілік бірлестіктің қарт адамдар орны мен рольдеріне қатысты концептуалды көзкарастары Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарында Қартайған адамдар өмірін толыққанды жасау деген атаумен орын тапты. Осы құжаттың жалпы мағынасы берік әлеуметтік дамудың негізіне, онда қарт адамдар, қоғамнын ауыртпалығы ретінде емес, позитивті фактор ретінде қабылданады.
Қарт адамдар өміріне жақсы жағдай жасау мықты әлеуметтік дамудың басты мақсаты, сонымен қатар, жоғары деңгейде әлеуметтік даму қызығушылығындағы Дүниежүзілік кездесудің кұжаттарының қортындысы ретінде Үкімет пен мемлекет міндеттері қатарына қарт адамдарға ерекше көңіл бөлу мен оларға қамқор болумен сипатталады.
Соның ішінде, қарт адамдарды олардың құқықтары жайлы құлақтандыру, соның ішінде тегін заңгерлік көмек, басқа да әлеуметтік көмектерге физиологиялық қол жеткізуді қамтамасыз ету ерекше аталып көрсетілген.
Соңғы жылдары қарттар күнінің аталып өтуі жасырын емес. Жыл сайын Халықаралық қарттар күнін атап өту, қартайған шақтағы адамдар мен олардың жетістіктерін демографиялық мойындау, яғги келесі жүзжылдыкта жалпыға бірдей дүниенің дамуы кызығушылығында қоғамдық, экономикалық, мәдени және рухани дамуының мүмкіндіктерінің дамуына жол ашу болып табылады. [13,256]
Қарт адамдарды қолдау мақсатындағы тиімді шаралар іздеу мен жүзеге асыру бүгінгі әлеуметтік әрекеттің мағынасын ұлттық деңгейде көтереді. Геронтолог - ғалымдар арасында ұлттық әлеуметтік саясатты кайтадан карастыру ұсынысы бар. Ол мәселе әсіресе, қарт адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік амортизцияларын толтыруға арналған.
Бұл мыналарды өзгертуден туындайды:
-қартаюдын калыпты, патологиялық және оптимальды үрдістерін айыра білу;
-жеке тұлғалык әргүрлілікті есепке алу (қарт тұрғындардың гетерогенділігі);
-қарт адамдардың потенциалды кор қабілеттіліктерінің ыңғайлысын есепке алу;
-қорлық қабілеттіктердің жастық жаму мүмкіндіктері мен қоршаған ортаға өзгешіліктерін есепке алу:
-пысықталған теория мен практиканы есепке алу, сонымен қатар жеке және қоғамдық білім орын толтыратын жастық мүмкіндіктің шектелуін толықтыру;
-жастық негативтік өзгерістерді есепке алу;
-қарт адам психикасының ыңғайлылығы мен созылмалылығы.
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы
Қарт адамдардың әртүрлі болуы олармен әлеуметтік жұмыс істеудің әртүрлілігін қажет етеді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік саясаттың стратегиясы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру үш элементтен тұрады: селекция, оптимизиция және компенсация.
Енді осы аталғандарға жеке —жеке тоқталып өтеміз.
Ресей ғалымдарының пікірінше, селекция қарт адамдардың жасы келген сайын өмірінің стратегиялық маңызды элементтерін немесе негізгілерін іздестіруді білдіреді.
Мұнда жеке бас сұраныстары нағыз шындыкпен сәйкестендірілуі қажет, бұл қарт адамдардың өз өмірін бакылау мен қанағаттану сезімін сезінуге мүмкіндік беретін еді.
Оптимизация әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың көмегімен қарт адамдар өздерінің қосымша мүмкіндіктерін ашады, өз өмірлерін сандық және сапалық қатынастарда теңестіруіне жол ашады.
Компенсация - бұл қосымша көздерді жасау, бейімделу үрдісінде жастық шектелуді казіргі жаңа мнемоникалык техникалар мен технологияларды колдану аркылы толыктыру. Мысалы, есте сактауды жақсарту, естуді жақсарту және т.б.
Осылайша, егер қоғам қарт адамдарға әлеуметтік практика стратегиясын қабылдауға дайын тұрса, онда қоғамдық пайдалылық пен нәтижеліліктің артатыны сөзсіз. Мұнда қоғамның даму факторы қалай ықпал етсе, солай қарт адамдардың өмірі жақсарады.
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасаудың- мәні неде? Жалпы қарт адамдармен жұмыс жасаудың қажетілігі қанша? Оның маңыздылығы неде? Тізе берсек осы сияқты сұрақтар туындай береді.
Ең алдымен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері тораптарын жасау, тұрғындар арасындағы қарт адамдардың маңызды қабаты ретінде олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, пайдалы байланыстар табу, олардың қалыптасуына қолайлы жағдай жасау және оларды қажетті деңгейде қолдау үшін жақсы атмосфера туғызумен сипатталады.
Әлеуметтік жұмыс үшінші жастағы адамдардың жағымды потенциалдарын шығаруға ықпал ету, сол арқылы ұлттық саясат пен әлеуметтік бағдарламаларды қартайып келе жатқан ұрпақтың қажеттіліктерін қанағатандыруға бағыттау, жинақталған практикалық тәжірибені бағалауға көмек болады.
Қарт адамдармен жұмыс істеудің арасында мңызды орынды қарт адамдармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері алады. Казіргі таңда Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсетудің мынандай бөлімдері жұмыс істейді:
1) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі;
2) күндізгі бөлімдегі әлеуметтік қызмет көрсету;
3) жедел әлеуметтік көмек көрсету бөлімі.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету мыннадай қызметтерді жүзеге асырады:
- үйге азық –түлік, ыстық тағам және алғашқы қажеттіліктердегі заттарды жеткізу;
- тұрғын - үй төлемдерін, коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ықпал ету;
- үй - жайында пайдаланган заттар мен нәрселерді жууға, химиялық тазартуға және жөндеуге беру;
- медициналық көмек алуға әрекеттесу, соның ішінде сауықтыру - алдын алу мекемелеріне, басқа да стационарлық мекемелерге жетекету;
- әлеуметтік - медициналық экспертизадан өтуге әрекеттесу;
- санаториялық - демалу мекемелеріне жолдама алуға, соның ішінде жеңілдікпен жолдамалар алуға көмектесу;
- зейнеткерлік камсыздандыру сұрактарын шешуге және басқа әлеуметтік төлемдерді алуға көмек көрсету:
- үйді жөндеуді, отынмен қамтамасыз етуді, үй алдындағы телімдерді өңдеуді, су жеткізуді қамтамасыз ету;
- кітаптармен, газет - журналдармен камтамасыз ету және концерттерге, киносеанстарға және көрмелерге баруын ұйымдастыру;
- хат жазуға, құжаттарды толтыруға соынн ішінде үйді айырбастау және жекешелендіру және тағы да солсикты кұжаттарға байланысты шараларды атқару.[7,15-18]
Қазіргі таңда мыңдаған жалғыз қарт адамдарға үйден қызмет көрсетіледі. Шамамен әрбір мың адамдның ішіндегі 100-іне үйде қызмет көрсетеді.
Үйде қызмет көрсетлітін қызметтердің көпшілігі тегін аткарылады, кейбір қызметтерді зейнеткерлер өздері төлейді, Бірақ олар өз зейнақыларына қызмет көрсетілгені үшін қосымша акы алады.
Қызмет көрсетуден түскен қаржы, орталык есебіне түседі де, оны қарай дамытуға бағытталады. Осы еспке түскен қаржы есебіне әлеуметтік қызметкерлер үшін арнайы киімдер, аяқ киімдер алынады, ал ауылдық жерлер үшін - велосипедтер алынады: ал қаржының бір бөлігі сыйақыға жұмсалады.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталыктарының көпшілігінде стационарлық, бөлімдер жұмыс істейді. Онда қарт адамдар бір аптадан үш айға дейін бола алады.
Күндізгі бөлім қарттардың жалғыздығымен, момындығымен күреседі. Мұнда дәрігерлік алды көмек, тегін және жеңіл тамақтану, еңбек терапиясының әртүрлі түрлерін меңгеру (колөнер, шеберлік және т.б.) мүмкіндіктері болады. Күндізгі бөлім клиенттері мейремдарды, туған күндерді және т.б.б атап өтеді. Ресей тәжірибесі бойынша Еңбек мен әлеуметтік камсыздандыру Минитстрлігінің зерттеулеріне сай, күндізгі бөлімге келушілердің басты мотивтері 74 пайызы қарым - қатынас жасау; 26 пайызы —тегін тамақтану; 29 пайызы - ас дайындау үрдісінен босатылу мүмкіндігі үшін екен.
Ал осы көрсеткіштер біздің елімізде де осындай деңгейде емес екеніне кім кепіл. Мұндағы ұқсастықтың басты себебі ең алдымен адамдардың ұқсастығы.[8,56]
Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары зейнеткерлердің тұрғылықты жерлеріне байланысты, олардың қызығушылықтары деңгейінде әртүрлі клубтарды ұйымдастырады.
Жедел әлеуметтік көмек көрсетудің басты міндеті - қажетсінетіндерге жедел қолдау көрсету.
Осы аталған әрекеттің негізгі бағыттары мынандай:
- ыстық тағаммен немесе азық - түлікпен камтамасыз ету;
- ақшалай және заттай көмек көрсету;
- медициналық - әлеуметтік бөлімдерге жіберу;
- тұрмыстық, заңгерлік, психологиялык көмек көрсету, жұмыс іздеу және тіркелуте әрекеттесу;
- тұрмыстық техника мен шаруашылық бұйымдарын прокатка алуын ұйымдастыру;
- өзара көмектесу кассасын және т.с.с кұру.
Өз тұрмыс жағдайын ұйымдастыруда, шаруашылығын жүргізуде киыншылыққа ұшырайтындарғ, қандай да бір себептермен интернат -үйлерінде тұрғысы келмейтіндергеәлеуметтік кызмет көрсету орталықтары аймактық базаларында немесе денсаулық сақтау мекемелерінде арнайы медициналық - әлеуметгік бөлімдер ұйымдастырылады, онда ең алдымен жалғыз басты зейнеткерлер, соның ішінде өз - өзіне қызмет жасай алмайтын қарт адамдар жіберіледі.
Ресейде әлеуметтік көмектің түрлерімен жылына 6-7 млн пайдаланады. Қазақстан Республикасы территориясы бойынша бұл көрсеткіш 1 —,5 млн-ға дейін жетеді.
Сонымен қатар, Тащев тобы жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі, қарт адамдар 31 түрлі әртүрлі қызметтерді қажет етеді онда азық —түлікті жеткізуден бастап, шаштараздық қызмет пен моншаға жетектеуге дейін [203; 12].
Республикамызда және көршілес Ресей елінде факті түрінде 2-4 түрлі қызмет көрсетумен шектеледі. Бірақ осы аталған қызмет түрлері барлық қажет ететіндер мен тілек білдірушілерге жетпей де қалады.
Мәселен, ыстық тағамды жеткізіп беруде қарт адамдардың 24 пайызы қажетсінеді, ал осы қызмет түрімен тек 2,5 пайыз адамдар ғана қолданады. Бөлмеге ылғалды жинастыру жасауды 88 пайыз қарт адамдар қажет етсе, нақты түрде бұл көмекті тек 28 пайыз қарт адамдар ала алады.
Тұрғындардың қартаюына байланысты туындап отырған, әлеуметтік проблемелардың көптүрлігі мен көпкырлылығы, тек қана қарт адамдарға деген әлеуметтік көмектін минимальдісін кепіл етіп қоюды ғана талап етпейді, сонымен қатар, қартайған шақтағы жеке бастық потенциалын жүзеге асыруды
Міне сондыктан. психологиялык - педагогикалык, әлеуметтік - мәдени, реабилитациялық, кеңестік және басқа да бағыттағы стационарлық емес әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерін кеңінен дамыту қажет.
Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері арасында тұрғындарды әлеуметтік корғау жүйесіндегі стационарлық мекемелер алады. оның негізгі түрі - үй -интернаттар. [19]
Қазірі таңда аталған мемлекет қызметіне зәру адамдар саны артпаса, кеміп отырған жоқ. Мәселен, қарт адамдардың шамамен 35 пайызы осындай мекемелердің қызметіне зәру.
Өкінішке орай, қарттардың барлығын үй - интернаттармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған қарамастан үй - интернаттарға тап болу үшін қарттар кезекте тұр.
Соңғы жылдары елімізде Ресей және басқа да дамыған елдер тәжірибелеріне сүйене отырып, қарттарға арналған ақылы мини -пансионаттра қызмет ете бастады. Онда өзіне көрсетілетін қызмет түрлерін төлей алатындар немесе балалары бап қарт адамдар кабылданады. Яғни, үй жағдайында қарт адамды күте алмайтындықтан, олар қарт адамды әлгідей мекемелерге орналастырып, ондағы көрсетілетін қызмет түрлеріне ақы төлейді.
Қарт адамдарды үй - интернаттармен қамтамасыз ету еліміздің аймағында біркелкі емес. Мұның себептері көп. Солардың ішінде негізгілерін атап өтетін болсақ, яғни демографиялық жағдай, тұрғындардың өмір сүру дәстүрлері мен бейнесі болып отыр.
Қарттардың үй - интернаттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру даулы мәселе. Мәселен, бізде 32 орындық үй - интернаттар 60 - жастан асқан адамдар саны 1000 адамнан асатын болса ғана ашылады. Ал немістің көрнекті әлеуметтанушысы ЭйтерХ. үй - интернаттарға зәруліктің халыкаралық көрсеткішін былайша көрсетеді:60 тан асқан 100 адамға 40 - 66 орындық үй - интернат. Міне осы аталған екі көрсеткіштің өзі - ақ, еліміздегі әлеуметтік көмек көрсету мекемелерінің толық дамымағанын көрсетеді.
Осы қажеттіліктер деңгейі, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық факторына байланысты өзгеріп отыралы.
Соңғы жылдары үй- интернаттар жұмысын ұйымдастыруға койылатын талаптар күрт өзгеріп отыр. Мұның себебін А.В.Бабушкин былайша атап көрсетеді:
- осы мекемелерге түсетін контингенттердін бірден картаюы, ең алдымен жаңадан түскендер өте ересек жастағылар;
-олардың арасындағы ауыр наукастардын көбеюі:
-түскендердің әлеуметтік құрамын ың өзгеруі, олардың көпшілігі -зйнетакы алады;
-медициналық және әлеуметтік, сонымен қатар басқа да қызмет түрлеріне деген талаптардың жоғарылауы.
Қарт адамдардың үй —интернаттарға түсу себептері де, өзгерді. Негізгі себебі - денсаулығының нашаралауына байланысты үнемі медициналық көмекті қажет ету, Осыдан барып карттарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету үй - интернаттары гериатарлыққа, яғни көп мөлшерде медициналық қызмет көрсету мекемесіне айналып кетеді. [14,127]
Үй - интернаттардың көпшілігінде қарт адамдар жылдар бойы тұратын тұрақты баспанасына айналады. Осы мекемені ұйымдастырудан, оның сыйымдылығынана, орналасуынан, жобасынан, қызметкерлердің қарым -қатынасынан, медициналық көмектен, сыртқы дүниемен қарым - қатынас деңгейінен, мәдени шаралардың үйымдастырылуынан қарт адамдардың физиолониялық және психикалық денсаулығы байланысты.
Шағын үйлерді карттар өздері үйренген пәтерлік үйлер жағдайына жақындату оңайға түседі. Ал ірі мекемелерде мәдени - тұрмыстық және медициналық көмектерлі ұйымдастыру оңайға түседі. Өйткені мұндай үйлерде қарым - қатынас жасау онайға түседі және мұндай үйлер экономикалық тұрғыдан тиімді келеді.
Сонымен қатар, қарт адамдарға арналған уй - интернаттардың орналасқан жері де маңызды. Зерттеушілердің пікірнше, қарт адамдарға арналған үй -интернаттар кала маңында, шудан аулак жерде орналасқан жөн дейді.
Карт адамдарды үй - интернаттарға орналастырудың тағы бір ең маңызды жағы, оларды карттар үй - интернаттарына бейімдеу. Өйткені ересек адамдардың қандай да бір ортаға бейімделуі ауыр болады. Яғни өзінің өмір кызығушылықтарын және тәртібін жаңа жағдай мен мекеменің жұмыс тәртібіне бағындыру қажеттілігі қарттарға киындық туғызады.
Қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсету орталығына дайындау, сол орталық жайлы оған ақпарат беруді сол карттың туыстары, дәрігерлер және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері жүзеге асыруы тиіс. Қарт адамның өз ар —ожданын сактап калуына, оған еркіндік беру, яғни, өзінің бөлмелес көршісін таңдап алу, үй —интернатқа өзінің сүйікті заттарын алып келуге рұқсат беру сияқты құкыктарын беру қажет.
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы
Соңғы жылдары басқа елдердегі сияқты біздің елімізде де жалғыз басты адамдардың саны күннен күнге артуда. Мұның басты себебі, қарт адамдардың жалпы санының көбеюінен туындап отыр. Қарт адамдардың көбеюі әлеуметтік саясаттың түп - тамырымен өзгеруін талап етеді. Бұл әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз корғалған сантарғы адамдар үшін өте маңызды. Мұндай адамдар қатарына ен алдымен, қарт адамдарды және мүгедектерді жаткызуға болады.
Планетамыздың халкы қартаюда. Сонымен қатар ол үрдіс жылдам жүруде. Дүние жүзі бойынша егер 1950 жылы 60 жас шегіндегі адамдар-саны 200 млн болса, 1992 жылы ондай адамдар саны - 400 млн - ға жетті, ал 2001 жылы әрбір Оныңшы адам қарт адам саналады. Ғалымдардың болжамы бойынша 2025 жылы аталған адамдар саны 1,2 млрд - қа жетпек.
Қазақстан Республикасы бойынша қарт адамдар саны, яғни зейнеткерлер саны шамамен 2 млн - ға жуық екен. [14,28]
Қазіргі күрделі кезеңде зейнеткерлерді ауызға алсак, олардың бүған дейін ел алдындағы еңбеңгін бағалап, карттарға қамқорлық көрсету керек.
Атаңа не істесең, алдыңа сол келер демекші, біз ата —ана парйзймен кейінгі толқын парызын жете бағалап, өскен халықтын ұрпағымыз. Сондықтан зейнеткерлерге жасалған қамқорлықты кең мағынасында қабылдайды.
Өкінішке орай, казіргі кезде қазақ санасына сыйлайтынын карттар үйлері, пайда бола бастады. Ал, тәжірибеде қарт адамдар өмір тауқыметін кайыспай көрсету мен қиыннан жол -табуды ойластырудың таптырмас маман екендігін бірі біліп, бірі білмес.
Осындайда Жан Жак Руссоның Жастық шақ - даналықты меңгеруге арналған уақыт, кәрілік - оны қолдануға арналған уақыт деген сөзін еске түсіруге болады.
Өткен жылдар легін ой елегінен өткізер болсақ, қарттардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында қыруар шаруалар тындырылған. Қарттарға қамқорлық тек мемлекеттің мойындағы ғана міндет болмай, бәрімізге ортақ болғаны абзал.
Әр жылдың 1 - қазанының Халыкқралық егде адамдар күні болып жариялануы адамдардың барлық буынына қатысты. ол алдыңғы ұрпақтың Отан куатын, ғылымы мен мәдениетін өркендету жолындағы жан қиярлық еңбегін мойындау.
Тек мойындап кою аз, сол үшін, оларды кұрметтеу де керек. Қазақстанда қарт адамдарды корғау ерекше орын алған.
Қазақстанда 1 млн. 629 мың зейнеткер бар десек, соның ішіндегі 34301 Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Ал олардын 12218 - і Ұлы Отан соғысының мүгедектері. Республика көлеміндегі барлық зейнеткерлер құрамын сараптайтын болсак, олардын 38656 - ы Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы және майдандағы еңбектері үшін марапатталғандар, 144648 зейнеткер соғыс кезінде 6 айдың шамасында еңбек еткенмен, ескеруісз калғандар. [19,72]
Қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты қариялар саны күн санап көбейіп келеді. Қазір Қазақстан Бойынша қала, аудан орталыктарында 35 қарттар мен мүгедектерге, 26 жүйкелері тозған үлкендерге арналған үйлер бар. Үкіметтің толық қамқорлығына алынған осындай карттар мен мүгердектер үйінде 4684 зейнеткер мен 9690 мүгедек өмір сүруде. Солардың 350 —ден астамы Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жалғызбасты карттарға үйле қызмет көрсетіледі. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардын үйреншікті әлеуметтік ортада болуына колайлы жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасау. Жергілікті атқарушы органдар үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді дербес немесе әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері аркылы ұйымдастырылады.
Әлеуметтік қызметкерлер аптасына екі рет жалғызбасты жанның үйіне барып, азық - түлік, дәрі - дәрмек сатып алып беру, коммуналдық төлемдерін төлеу, үйін тазалау сынды жұмыстарын жүзеге асырады. Және қарттарға қоғамдық көліктерде жеңілдетілген тарифпен жүру қарастырылған.
Қазақстан әлеуметік қызмет көрсетудің бірден - бір - жолы - зейнетақы тағайындау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 - бабына сәйкес Қазақтсан республикасының азаматы жасына келген, наукастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамыздандырылуына кепілдік беріледі. Қазақстан Республнкасында зейнетакымен камсыздандыру туралы заңының 9 - бабына сәйкес 2001 жылғы 1 - шілдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 53 жасқа толғанда зейнетакы тағайындалалы.
Қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің маңызды жолы - бұл қарттарды медициналық әлеуметтік ұйымдарға қабылдау болып табылады. МӘҰ денсаулығының жай - күйі бойынша басқа адамның тұракты күтіміне және медициналық көмекке мұктаж қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің уақытша немесе тұракты тұруына арналады. Қарттар үйіне карттарға тегін медициналык көмек көрсетіледіә. Мерекелік шаралар, олимпиадалар ұйымдастырылады. Мереке күндерінде сыйлықтар беріледі. Баларымен кездесуге, хат жазуға, қоғамдық жұмыстарға қаьысуға мүмкіндіктер берілген. Ай сайын зейнетакысының 25 пайызы қолдарына табыс етіледі.
Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қарт ерке дейді қазақ. Көне көздер бір айтпайды, бір айтса алыстан орағытып дөп айталган әдеті ғой. Мұнда біздің қартайған ата - аналарымыздың алдындағы парызымызды ескертіп тұрғаны айтпаса да белгілі.
Өмірдің күзі – кәрілік әр адам баласының басына түсетін кезең. Осы кезеңді мәнді де мағыналы өткізудің амал – тәсілдерін қарастыру мәселесі дүние жүзі ғалымдарының негізгі зерттеу объектілерінің біріне айналғаны қашан. Ал Батыс елдері кәрілікпен күрес жолында бүгінде арнайы бағдарламалар бойынша нақты іске көшкен. Мәселен, ЮНЕСКО - ның Ұрпақ жалғастығы бағдарламасы бойынша әр мекемеге бірлі - жарым қарт қызметкерді жұмысқөа тартып, олардың өмірлік бай тәжірибесімен жас мамандарды тәрбиелеу тәсілін біраз елдер қолға алған. Әр ел қарттарының кәрілік кезеңін жеңілдетуге айрықша көңіл бөлуі керек.
Шет елдермен салыстырғанда Қазақстанда қарттардың ұйымы немесе бірлестігі санаулы. Біреу ғана деуге болады. Ол Кеңес Одағы тұсында құрылған Еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің ерікті қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы.
Батыстың өзімшіл психологиясы казіргі жастарға әсер етпей койған жоқ. Олар қартайған әке - шешелерінен бас тартып, караусыз калдыруға бой үйрете батады. Қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты қариялар саны күн санап артып келеді. Қазір Қазақстан бойынша қала, аудан орталықтарында 356 карттар мен мүгедектерге, 26 жүнкелері тозған үлкендерге арналған үйлер бар. Үкіметтің толык қамкорлығына алынған карттар мен мүгедектер үйінде 4684 зейнеткер мен 9690 мүгедек өмір сүруде. Солардың 350 - ден астамы Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Арнайы медициналық кабинеті, күзеті және бос уақыттарында шахмат, үстел теннисін ойнайтын кабинеттері бар тұрғын үйде зейнеткерлерді әлеуметтік жағдаймен қамтамасыз етудің бар шарасы жасалынған. Зейнеткерлер коммуналдық төлем төлемейді.
Қазір мүндай үйде тұрғысы келетін қарттар саны жоқ жалғызбастыларға жергілікті әлеуметтік камсыздандыру мекемелерінде арнайы бөлімдер құрылған. Әр қалада он жалғызбасты жанның үйіне барып, азық - түлік, дәрі - дәрмек атып алып беру, коммуналдық төлемдерін төлеу, үйін тазалау сынды жұмыстарын жүзеге асырады.
Елімізде Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымынан басқа қарттар ұйымы немесе бірлестіктері жоқ. Зейнеткерлікке шықканнан кейін өздерін қоғамға керексіз жандай сезінетін қарттарымызға мұндай ұйымдар қажет. Мәселен, шет елдерде қарттардан құрылған ансамбльдер мен театрлар жұмыс істейді. Бізде Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық шаралар әлі жетілдіре түсуді қажет етеді.
Кесте 1
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлер
2000
2001
2002
2003
2004
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінің саны (үлкендерге, барлығы)
56
51
52
53
56
Бұның ішінде: орын, мың
14,5
13,5
13,4
13,4
13,9
Мүгедек балаларға
арналған интернат үйлерінің саны, барлығы
18
17
17
17
17
Бұның ішінде: орын, мың
3,3
3,2
3,1
3,1
3,1
Өмір сүретін мүгедек балалар, мың, адам
3,1
2,9
2,7
2,7
2,9
Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша
Осы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі меншік нысанына және ведомстволык бағыныстылығына, қарамастан, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың (бұдан әрі - МӘҮ) қызмет тәртібін, мүгедектерді қабылдау, ұстау және МӘҰ-нен шығару шарттарын айқындайды.
МӘҰ денсаулығының жай-күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж карттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің (бұдан әрі - қамқорлықтағы адамдар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналады.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұксас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айкын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұкпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖКТБ болуы үйде қызмет көрсетуте карсы айғақтамалар болып табылады.
МӘҰ заңды тұлға болып табылады және кұрылтайшысы оны колданыстағы заңнамаға сәйкес құрады.
МӘҰ өз қызметін кұрылтай кұжаттарына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.
МӘҰ өз қызметінде Казакстан Республикасының колданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік кұкықтық актілерін, осы Үлгілік Ережені басшылыққа алады.
МӘҰ-ның негізгі міндеттері қамқорлықтағы адамдарға үй жағдайларына жақындатылған жағдайлар туғызу, оларға әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оналту іс-шараларын жүргізу болып табылады.
МӘҰ функциялары:
1) қамқорлықтағы адамдардың дербес құкықтылығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz