Жаһандану үдерістері аясындағы Қазақстандағы исламдану үдерістері



1. Жаһандану үдерістері аясындағы Қазақстандағы исламдану үдерістері
2. Қазақстандағы исламдану
Әділетті әлем үшін халықаралық қоғамының төрағасы, белгі-лі малайзиялық қоғам қайраткері және саясаттанушы Чандра Мұзаффардың айтуынша, «жаһандану адамзаттың алдына қойылған ең салмақты талаптардың бірі болуы мүмкін». Шындығында, үшінші мыңжылдықтың басында мұсылман әлемі дәл осы жаһандану үдерістерінің ықпалынан туындаған түбегейлі өзгерістердің белдеуінде тұр. Оның қазіргі кезеңінде қатынастарының жаңа құралдары саласындағы технологиялық прогрестің нәтижесінде мүмкін болған халықаралық исламдық ұйымдардың әрекетінің едәуір кеңеюі етек алуда. Бұрын тек жергілікті қауымдарға ғана бағдарланған көптеген діни орталықтар мен қозғалыстар жаһандық деңгейге шыға отырып, өз мүмкіндіктерін кеңейтті. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде басталған бұл ірі ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мұсылман әлемі халықтарының қоғамдық өмірінде діннің рөлінің едәуір артуына әкелді және бұл қоғамның рухани өмірінде тікелей көрініс тапты. Әрине, осыған ұқсас үдерістер планетаның өзге аймақтарында да орын алуда, алайда мұсылман әлеміндегі оқиғалар басқаларымен салыстырғанда, онда діннің маңызды рөл атқаруымен ерекшеленеді. Мұндағы діннің ықпалы қандай мәселелердің қойылуына және олардың қалай іске асуына байланысты әлеуметтік-саяси қозғалыстардың өздерінің нысаны мен мазмұнының көп келбеттілігінен туындаған күрделі кескінінен көрініс табады. Бұл тұрғыдан алғанда діннің жаһандануы қалыптасып қойған діни ахуалдың жаһандық қайта құрылуы үдерісі ретінде түсіндіріле алады және бұл үдеріс ретінде өз бойына мынадай үш аспектілері қарастырылады. Біріншіден, ол жекелеген діни ұйымдардың міндетті түрде болатын өзгерістерін білдіреді. Екіншіден, діни-құқықтық доктриналардың, ғұрыптар мен діни практиканың әдістерінің мазмұнында жаңа сипаттамалар пайда болады. Үшіншіден, жаһандану қандай да бір дін өкілдерінің өздерінің бойындағы, әсіресе олардың интеллектуалдық келешектері тұрғысындағы өзгерістермен қатар жүреді. Алайда жаһанданудың пайдасы мен зиянын пайымдай отырып, жоғарыда пікірі келтірілген автордың артынша, оның пайдалы аспектілері – тек жанама өнім ғана, ал оның әуел бастапқы ниетінің – барынша пайда табу қазіргі адамзаттың барлық әлеуметтік зұлматтарының себебі деген қорытындыға келеміз [1]. Мұның барысында біз «жаһанданудың аспаннан ақша жаудыратын тікұшақ емес екендігін» (Милтон Фридман) де естен шығармауымыз керек. Жаһандану дін мен мәдениеттің кейбір жағымды салдарларына әкелгендіктен, оны толығымен теріске шығаруға болмайды. Қазіргі уақытта жаһанданушылық үдерістердің ықпалымен мұсылмандарда трансұлттық саяси өзіндік сананың қалыптасуы жүруде. Әрине, ешқандай да мұсылман елінің немесе умманың (үмбеттің, қауымның) әлемде, тіпті көршілес елдерде болып жатқан нәрселерден тыс қала алмайтыны түсінікті.
Әдебиеттер
1. Қараңыз: htpp: // www. Islamonline.net
2. Қараңыз: htpp: // sonaks.net/articles/342762
3. Қараңыз: htpp: // www.ipr.kz/projects/2/2/30
4. Қараңыз: htpp: // i-p-ru/page/stream-trends/index-11520.html

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жаһандану үдерістері аясындағы Қазақстандағы исламдану үдерістері
Әділетті әлем үшін халықаралық қоғамының төрағасы, белгі-лі малайзиялық қоғам қайраткері және саясаттанушы Чандра Мұзаффардың айтуынша, жаһандану адамзаттың алдына қойылған ең салмақты талаптардың бірі болуы мүмкін. Шындығында, үшінші мыңжылдықтың басында мұсылман әлемі дәл осы жаһандану үдерістерінің ықпалынан туындаған түбегейлі өзгерістердің белдеуінде тұр. Оның қазіргі кезеңінде қатынастарының жаңа құралдары саласындағы технологиялық прогрестің нәтижесінде мүмкін болған халықаралық исламдық ұйымдардың әрекетінің едәуір кеңеюі етек алуда. Бұрын тек жергілікті қауымдарға ғана бағдарланған көптеген діни орталықтар мен қозғалыстар жаһандық деңгейге шыға отырып, өз мүмкіндіктерін кеңейтті. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде басталған бұл ірі ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мұсылман әлемі халықтарының қоғамдық өмірінде діннің рөлінің едәуір артуына әкелді және бұл қоғамның рухани өмірінде тікелей көрініс тапты. Әрине, осыған ұқсас үдерістер планетаның өзге аймақтарында да орын алуда, алайда мұсылман әлеміндегі оқиғалар басқаларымен салыстырғанда, онда діннің маңызды рөл атқаруымен ерекшеленеді. Мұндағы діннің ықпалы қандай мәселелердің қойылуына және олардың қалай іске асуына байланысты әлеуметтік-саяси қозғалыстардың өздерінің нысаны мен мазмұнының көп келбеттілігінен туындаған күрделі кескінінен көрініс табады. Бұл тұрғыдан алғанда діннің жаһандануы қалыптасып қойған діни ахуалдың жаһандық қайта құрылуы үдерісі ретінде түсіндіріле алады және бұл үдеріс ретінде өз бойына мынадай үш аспектілері қарастырылады. Біріншіден, ол жекелеген діни ұйымдардың міндетті түрде болатын өзгерістерін білдіреді. Екіншіден, діни-құқықтық доктриналардың, ғұрыптар мен діни практиканың әдістерінің мазмұнында жаңа сипаттамалар пайда болады. Үшіншіден, жаһандану қандай да бір дін өкілдерінің өздерінің бойындағы, әсіресе олардың интеллектуалдық келешектері тұрғысындағы өзгерістермен қатар жүреді. Алайда жаһанданудың пайдасы мен зиянын пайымдай отырып, жоғарыда пікірі келтірілген автордың артынша, оның пайдалы аспектілері - тек жанама өнім ғана, ал оның әуел бастапқы ниетінің - барынша пайда табу қазіргі адамзаттың барлық әлеуметтік зұлматтарының себебі деген қорытындыға келеміз [1]. Мұның барысында біз жаһанданудың аспаннан ақша жаудыратын тікұшақ емес екендігін (Милтон Фридман) де естен шығармауымыз керек. Жаһандану дін мен мәдениеттің кейбір жағымды салдарларына әкелгендіктен, оны толығымен теріске шығаруға болмайды. Қазіргі уақытта жаһанданушылық үдерістердің ықпалымен мұсылмандарда трансұлттық саяси өзіндік сананың қалыптасуы жүруде. Әрине, ешқандай да мұсылман елінің немесе умманың (үмбеттің, қауымның) әлемде, тіпті көршілес елдерде болып жатқан нәрселерден тыс қала алмайтыны түсінікті. Өзекті әлемдік мәселелерді пайымдау жедел жүріп жатыр, халықаралық үкіметтік емес исламдық, оның ішінде жастар және әйелдер ұйымдарының саны мен сапалық деңгейі артты және олар Исламның дамуына, жаңа жағдайлардағы мұсылман бірдейлігінің жасақталуына пәрменді ықпал етуде. Оның үстіне ислам жаһандануға баламалы әлеуметтік үдерістер ұсынбайды және исламның ішіндегі көптеген дәстүрлер оған табиғи түрде қарсы болғанымен, ол жаһанданудың қарсыласы бола алмайды. Сонымен бір мезгілде соңғы кездері батыстық журналистиканың жетістіктері мен тәжірибесін пайдаланатын әл-Жазира сынды сапалы панарабтық БАҚ арқасында жалпы ортақ мәдени-ақпараттық, идеологиялық және тіпті теориялық (мазхабтардың жақындасуы) кеңістіктің қалыптасуы жүруде. Олардың ықпалы тек араб елдерімен ғана шектелмейді, оларды барлық ислам әлемінің өкілдері көреді, өйткені араб тілі көп жағдайда барлық мұсылмандардың және, әсіресе, ислам элитасының ұлтаралық тілі болып қала береді. Өз кезегінде Бүкіләлемдік ғаламтордың (WWW) арқасында барлық әлемде Исламды түсіндіріп, таратуы орын алуда. Ал Facebook әлеуметтік торабы арабтың Ашулы күнін күллі әлемге таратты. Дегенмен, әзірге мұсылмандардың бұқаралық санасы жаһандануды мейлінше жағымсыз қабылдайды. Бұл салмақты пайымдауды қажет етеді, өйткені нәрселердің жағдайы ислам әлеміндегі жаһанданудың келешектерін күрделілендіріп жібереді. Қазіргі ислам ренессансы мен жаһандану үдерістері Қазақ- станды да айналып өтпеді. Қазақстанның исламдану айғағын бүгін ешкім де теріске шығара алмайды. Егер ЕО елдері үшін исламмен қатынас - өз бірегейлігін сақтап қалу мәселесі болса, Қазақстан үшін мұндай мәселе жоқ. Алайда бүгінгі күні республикада діндарлардың саны халықтың ең кедей бөлігінде көп болуына байланысты діни-идеологиялық шекараның әлеуметтік шекарамен сай келу қауіпі, қазақстандық сарапшы Тимур Козыревтің пікірінше, мұсылман қауымының толық әлеуметтік құрылымына қоғамның қалған бөлігін қарсы қою қиынға соғады. Оның үстіне конфессияаралық қатынастарға қарағанда, зайырлылық-ислами қатынастар анағұрлым маңызды және дінге қатысты ішкіқазақ бірлігінің мәселесі дәл осы тұғырда тұр [2]. Сондықтан Қазақстанға өз исламына бағдар ұстануға тура келеді және ол қазақы болғанымен, дәстүрлі исламнан алшақтай қоймайды әрі өзін бүкіл мұсылман әлеміне қарсы қоймайды. Онсыз елдің қоғамдық өміріне мұсылмандық құндылықтардың ену сценарийін біз үшін басқа күштер мен басқа идеологтар жазып беретін болады. Әрине, Қазақстанда қызмет етіп отырған заңнаманың шеңберінде елдің саясатына исламның араласуы мүмкін емес және қажет те емес. Алайда қоғамның бір бөлігі діннің мемлекет істеріне тікелей араласуын толық қалыпты нәрсе деп ойлайды. Саясатқа қатысудың мұндай формаларын, ұсталған исламистердің санына қарағанда, әлі жеткіліксіз (маргиналды) деп есептеуге болады. Заңды ислам ұйымдарының өздерінің де ел басқаруға жанама болса да қатысуға үлкен бейілдігі жоқ. Болмайды, бірақ қатты қаласаң, болады деген ұстынды, практика көрсетіп отырғандай, билік пен азаматтар арасындағы қатынасқа қолдануға әбден болады. Қалауы болса діни көшбасшылар мен ұйымдар елдің саяси өміріне мейлінше белсенді қатыса алады. Алайда соңғы кездері Атырау мен Таразда орын алған оқиғалар барысында мынадай сауал туындайды: Мұндай ахуал әлі қанша уақытқа созылады? Елдің өмірінде дін қандай орын алуы керек?. Мемлекеттік құрылыстың бұл өзекті сұрақтары саяси исламның экспорттық нұсқасымен ұшырасқан елдің күштеу органдарының алдына мемлекет пен дін құндылықтары жүйесі сәйкестігін кім реттейді деген сұрақты тартады. Бұл кімнің, әрине, мұның бәрінен бұрын мұқтаж болушы, яғни мемлекеттің өзі болғаны дұрыс. Қазіргі саяси ислам термині батыстық журналистикада көбіне теріске шығарушы коннотацияға ие болмағанның өзінде, күмәнділіктің реңкін білдіреді. Бұл түсінікті де - исламдық құндылықтарды саясатқа енгізу қажеттілігін жариялау көп жағдайда бұл саясаттың өзінің радикалдануын білдіреді. Мұның расталуын қазіргі заманғы тарихтан көптеп табуға болады. Мысалы, ең танымал ислами саяси ұйымдардың бірі - Ихван аль-муслимин (Мұсылман ағайындар) исламды сенім әрі мемлекеттілік, кітап әрі қылыш және өмір тәртібі деп түсініп, дін бауырларының ұстанатын осы ұстындарынан өзге негіздерге құрылған кез келген басқа мемлекеттік құрылысты теріске шығарады. Қазақстанда исламданған азаматтардың үлесін анықтау мейлінше қиын. Егер Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) өз намазқандарын 11 миллион деп есептесе (бұл мұсылман дінін дәстүрлі санайтын елдегі ұлт өкілдерінің санымен бірдей), ал Қазіргі Қазақстандағы діни фактор әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері бойынша (мұны еліміздің 14 облыстық орталықтарын, солтүстік және оңтүстік астаналарды қамтып, 2011 жылдың жазында Саяси шешімдер институты жүргізді) Исламды қазақстан- дықтардың 63,5 % ұстанады [3]. Қоғам өміріндегі діннің белгілі бір пайдалылығын мойын- дай отырып және діннің бекіткен адамгершілік нормалары мен қағидаларын ішінара немесе сөзбен бөлісе отырып, қазақстандық- тардың басым бөлігі дін олардың өмірі мен қылықтарын белгілі дәрежеде анықтап отыруы тиіс деп есептейді. Осындай сырттай- діни қоғам радикалды идеяларды қабылдай ала ма? Американдық зерттеуші Грэхем Фуллердің саяси ислам саяси бұрмаланған мұсылмандардың мәдени жамылғысы деген саяси исламға берген анықтамасынан шығар болсақ, әбден мүмкін. Оның үстіне, Қазақстанда бұл діннің саяси сахнаға шығуы үшін қажетті барлық шарттар формальді түрде бар. Егер, әрине, бұл үдерісті мұхиттың арғы жағындағы зерттеушінің жоғарыда келтірілген пікірі тұрғысынан түсінер болсақ. Урбанизация үдерісі, әсіресе ауыл тұрғындары есебінен қалалық қазақтардың санының өсуі және ауыл халқының өмір деңгейінің салыстырмалы түрде төмендігі мұндай ортада әлеуметтік құрылысты түзету туралы идеялардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Жаһандану жағдайында бизнесті ұйымдастыру
Жаратылыстану менің өмірімде
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Білім беру бағдарламасы мазмұны мен құрылымы
Пәндер