Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс



Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс Астанадан Сәуле телефондады. «Аға, әкейдің бір қолжазбасы Сізде жүретін еді ғой. Бір жігіт барады. Мүмкін болса сол кісіден қолжазбаны беріп жіберсеңіз. Бір әжетке жаратсам ба деймін». Амандық-саулықтан соң осындай өтініш айтқан Сәуле қарындасым – тамаша балалар ақыны, жаны жайсаң аға Әнуарбек Дүйсенбиевтің қызы. Телефоны түспегірдің кісіні ойға батырғаны. «Қу тіршіліктің қым-қуытымен жүріп бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіріп, өмірге жолдама әперген, әсерге бөлеп, балалар әдебиетіне бағдар сілтеген ағаны ұмытқаным қалай?» – деймін ойланып. Ішкі үнім өктем шығады, сыртым бәсең… Апыр-ай, апыр-ай! Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ақынның хаты өлмейді» деген жақсы мәтел бар. Сәулесін түбіне түсіріп, артылса айналасына себездейтін білте шамның жарығындай да азаматтар бар ғой арамызда. Асылы, ел тірегі, өнер пырағы ондай азаматтар болмаса керек. Ел ырысы, өнер құты – күн шұғыласы, болмағанда ай жарығындай алыс-жақынды бірдей нұрландырып, жан шуағын молынан шашатын жандар болар, сірә?! Көрнекті балалар ақыны, марқұм Әнуарбек Дүйсенбиев алысты алаламай, жақынды жат тартпай – хал-хадари бәрін бірдей аялауға, жан шуағын үлкен-кішіге бірдей шашуға тырысатын аяулы жан еді. Азаматтығы мен ақындығы қатар өркендеп, құп жарасып, шын мәнінде «жайсаң» атанып өткен адам жайында аз-кем әңгіме айту, сыр бөлісу парыз! Әнуарбек ақында мынадай өлең бар: Сұрама менің жасымды, Санама ақты шаштағы. Кеудеге сүйе басыңды, Сырыңды түгел аш-дағы! Осы өлеңді оқыған сайын ақынның өз табиғатын көргендей боламын. Бейне автопортреті секілді. Үлкенге «Әнеш», кішіге «Әнаға» атанған, сүйсе – беріле сүйетін, сенсе алғаусыз сенісетін, алаңсыз ақкөңіл ақынның тұп-тура өзі, жан сыры, өлеңде жанына дейін сәулеленген адами портреті бұл! Ол өмірде де, өнерде де жалған кісілікке жоламай, табиғи – ерке де еркін қалпында ғұмыр кешті. Өтебай Тұрманжанов, Сапарғали Бегалин, Мұзафар Әлімбаев сынды әріптес ағаларына керемет еркелейтін ол Мұқағали Мақатаев, Жақан Смақов, Мүбарак Жаманбалинов, Қадыр Мырзалиев, Зейнолла Шүкіров, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Қабдыкәрім Ыдырысов секілді, алым-берім бірер жылды есепке алмағанда, «құрдастар» аталатын бір буын ақындар арасында ақ серкедей көрінетін, ал өзінен кейінгі жас буынды – Көпен Әмірбек, Асқаржан Сәрсеков, мені керемет еркелете білді. Портреттік өлеңге ұста Мұқағали Мақатаев Әнуарбек Дүйсенбиевті бас етіп, өзінің осынау құрбы-құрдастары тағдырын бала кезден тартып тамаша жасайтын. Тіпті Мұқаң осы өлеңінің ақын досының үйінде қаумалаған ортада оқып беріп, тұсауын кескендей болып еді-ау. Бәрі көз алдымда. Әне, Мұқағали таңғы ауадай тұнық үнімен өлең оқып тұр. Көктем кетті, күз, міне, жуықтады, Бармысыңдар, бауырлар, қырықтағы? Бәрің тірі қалдың ба, қарығанда Қырқыншы жылдардың суықтары? Туылып ек айлар сап арамызға, Айлар салып, әріге барамыз ба?! Бұйырмасын, түсінсем, осы біздер, Шыныменен біреуге ағамыз ба?! Кеше еді ғой, Құдай-ай, кеше еді ғой, Дүйсенбінің, Мына дәу, шешегі ғой! Мынау әзер қаз басқан төрт жасында, Мұхамеджан қартыңның мешелі ғой. Тағдыр бізден бәрін де аямаған: Жылатқан да жұбатқан, аялаған, Ата-қаздан айырылған балапан ек, Аспан асты, жер үстін саялаған. Арманымыз жұлдызға жуық болып, Апыл-тапыл күн кештік суып, тоңып. Шаруасы шалқайған шағын үйдің, Шаңырағына шаншылдық уық болып… Данадай өлең оқыған Мұқаш енді бірде баладай достары көзіне қарайды. Достары ақынды бірі сүйіп, бірі құшақтап, бірі қолын қысып, қызу құттықтап гуілдесіп кетті. Әнағаң Дүйсенбиевтің көзінде Төлеген талмай жырлаған моншақтар тұрды кірпігіне ілініп. Шамасы шалдуар да, ызғар қарыған жетімсіз балалық шағы есіне түсті-ау. Бәрі ошарылып, аруағыңнан айнала-йын Рәбиға жеңгем жайған ақ дастарқан басына қарай бұрылды. Құйындай құйқылжып өте шыққан жылдарын сағынды ақындар. Үсті-үстіне құйылды шарап. Бокалдар сыңғырлады.Әнуарбек әп-әдемі дауысымен «Бір бала-ай»-ға басты. Мұңды өлең, мұңды ән өзара қабысып, бөлмені сағыныш кернеді. Соғыс жылдарының иіні бүтінделмеген жоқшылығы, майданға кеткен әкені сағыну күрсінтіп салды ақын ағаларды. Ұмытпасам, алқа-қотан отырған сол бір қырықтағы азаматтардың бәрінің де әкесі соғыстан қайтпаған, тағдырлас жандар еді. А деп аузын ашса көмейі көрінетін, ән-жырға көмекейі бүлкілдеп қоя беретін қайран да жаны жайсаң ағалар-ай! Тұлғасына кісі сүйсінген Мұқаш аға тау тұлғалы, ал Әнағаң одан да биік, одан да жауырынды, «екі иығына екі кісі мінгендей» алыбыңыздың өзі. Достары «Гулливер лилипуттар арасында жүр» деп мазақтайды оны. Мазағы мадақ сияқты қабылданатын. Өйткені Әнағаң – сәбиден тартып күллі балалардың сүйікті ақыны. Өлең іздеп, өлеңіне кейіпкер іздеп, ақын балабақшаларға жиі баратын. «Бала тілі – бал!» – сәбилерді сөйлететін былдыратып, тәрбиешіге айналып ойнататын, өлең жаттататын жас достарына, сонан соң сәби мінезін өлеңге мінсіз «көшіріп», сыңғырлаған сұлу поэзия жасайтын балғындарға! Содан да «алып – ергежейлілер арасында» (Джонатан Свифт) деп жүргені достарының. Бәріміз де іздегенде сәбилерді ойнатып өлеңдетіп, ойлантып жүрген сәттері балабақшадан кездестірер едік Әнағаңды! Ол өлеңді өмірдің өзінен алып осылай жазатын. Бәлкім, балаларға арнаған, балалар өмірінен алып жазған өлеңдерінің өміршеңдік сипаты да осында жатқан шығар. Ақынның анасы Сәндібала шешей кезінде жыр дүлдүлі Жамбылмен өлеңмен есендес¬кен, ауыл-аймақтың алым-берім өлеңшілерін шөке түсірген недәуір ақындық қуаттың адамы еді. Әкесін соғыс жұтқан «Дүйсенбінің шешегін» (М.Мақатаев) қайтсем жеткіземін деп қайғы жұтып, уайым шегіп, күнкөріс қарекетімен ақындықтан алыстап кеткен жан. Жалғыз ұлының артында қалып, аяулы ананың «аһ» ұрып арманда қалып, шерменде халде өлеңмен күңіреніп жоқтау айтып отырғанын талай көріп, тоқтау айтып жұбатып едік аяулы ананы. Ақын анасы Сәндібала тамағына ақындық ұя салған шешен әңгімешіл кісі еді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Бала деп соққан бауырмал жүрек
4-Тамыз, 2011 Тұғырлы тұлға 1,670 рет оқылды

Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс Астанадан Сәуле телефондады. Аға, әкейдің бір қолжазбасы Сізде жүретін еді ғой. Бір жігіт барады. Мүмкін болса сол кісіден қолжазбаны беріп жіберсеңіз. Бір әжетке жаратсам ба деймін. Амандық-саулықтан соң осындай өтініш айтқан Сәуле қарындасым - тамаша балалар ақыны, жаны жайсаң аға Әнуарбек Дүйсенбиевтің қызы. Телефоны түспегірдің кісіні ойға батырғаны. Қу тіршіліктің қым-қуытымен жүріп бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіріп, өмірге жолдама әперген, әсерге бөлеп, балалар әдебиетіне бағдар сілтеген ағаны ұмытқаным қалай? - деймін ойланып. Ішкі үнім өктем шығады, сыртым бәсең... Апыр-ай, апыр-ай! Қазақта Жақсының аты өлмейді, ақынның хаты өлмейді деген жақсы мәтел бар. Сәулесін түбіне түсіріп, артылса айналасына себездейтін білте шамның жарығындай да азаматтар бар ғой арамызда. Асылы, ел тірегі, өнер пырағы ондай азаматтар болмаса керек. Ел ырысы, өнер құты - күн шұғыласы, болмағанда ай жарығындай алыс-жақынды бірдей нұрландырып, жан шуағын молынан шашатын жандар болар, сірә?! Көрнекті балалар ақыны, марқұм Әнуарбек Дүйсенбиев алысты алаламай, жақынды жат тартпай - хал-хадари бәрін бірдей аялауға, жан шуағын үлкен-кішіге бірдей шашуға тырысатын аяулы жан еді. Азаматтығы мен ақындығы қатар өркендеп, құп жарасып, шын мәнінде жайсаң атанып өткен адам жайында аз-кем әңгіме айту, сыр бөлісу парыз! Әнуарбек ақында мынадай өлең бар: Сұрама менің жасымды, Санама ақты шаштағы. Кеудеге сүйе басыңды, Сырыңды түгел аш-дағы! Осы өлеңді оқыған сайын ақынның өз табиғатын көргендей боламын. Бейне автопортреті секілді. Үлкенге Әнеш, кішіге Әнаға атанған, сүйсе - беріле сүйетін, сенсе алғаусыз сенісетін, алаңсыз ақкөңіл ақынның тұп-тура өзі, жан сыры, өлеңде жанына дейін сәулеленген адами портреті бұл! Ол өмірде де, өнерде де жалған кісілікке жоламай, табиғи - ерке де еркін қалпында ғұмыр кешті. Өтебай Тұрманжанов, Сапарғали Бегалин, Мұзафар Әлімбаев сынды әріптес ағаларына керемет еркелейтін ол Мұқағали Мақатаев, Жақан Смақов, Мүбарак Жаманбалинов, Қадыр Мырзалиев, Зейнолла Шүкіров, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Қабдыкәрім Ыдырысов секілді, алым-берім бірер жылды есепке алмағанда, құрдастар аталатын бір буын ақындар арасында ақ серкедей көрінетін, ал өзінен кейінгі жас буынды - Көпен Әмірбек, Асқаржан Сәрсеков, мені керемет еркелете білді. Портреттік өлеңге ұста Мұқағали Мақатаев Әнуарбек Дүйсенбиевті бас етіп, өзінің осынау құрбы-құрдастары тағдырын бала кезден тартып тамаша жасайтын. Тіпті Мұқаң осы өлеңінің ақын досының үйінде қаумалаған ортада оқып беріп, тұсауын кескендей болып еді-ау. Бәрі көз алдымда. Әне, Мұқағали таңғы ауадай тұнық үнімен өлең оқып тұр. Көктем кетті, күз, міне, жуықтады, Бармысыңдар, бауырлар, қырықтағы? Бәрің тірі қалдың ба, қарығанда Қырқыншы жылдардың суықтары? Туылып ек айлар сап арамызға, Айлар салып, әріге барамыз ба?! Бұйырмасын, түсінсем, осы біздер, Шыныменен біреуге ағамыз ба?! Кеше еді ғой, Құдай-ай, кеше еді ғой, Дүйсенбінің, Мына дәу, шешегі ғой! Мынау әзер қаз басқан төрт жасында, Мұхамеджан қартыңның мешелі ғой. Тағдыр бізден бәрін де аямаған: Жылатқан да жұбатқан, аялаған, Ата-қаздан айырылған балапан ек, Аспан асты, жер үстін саялаған. Арманымыз жұлдызға жуық болып, Апыл-тапыл күн кештік суып, тоңып. Шаруасы шалқайған шағын үйдің, Шаңырағына шаншылдық уық болып... Данадай өлең оқыған Мұқаш енді бірде баладай достары көзіне қарайды. Достары ақынды бірі сүйіп, бірі құшақтап, бірі қолын қысып, қызу құттықтап гуілдесіп кетті. Әнағаң Дүйсенбиевтің көзінде Төлеген талмай жырлаған моншақтар тұрды кірпігіне ілініп. Шамасы шалдуар да, ызғар қарыған жетімсіз балалық шағы есіне түсті-ау. Бәрі ошарылып, аруағыңнан айнала - йын Рәбиға жеңгем жайған ақ дастарқан басына қарай бұрылды. Құйындай құйқылжып өте шыққан жылдарын сағынды ақындар. Үсті-үстіне құйылды шарап. Бокалдар сыңғырлады.Әнуарбек әп-әдемі дауысымен Бір бала-ай-ға басты. Мұңды өлең, мұңды ән өзара қабысып, бөлмені сағыныш кернеді. Соғыс жылдарының иіні бүтінделмеген жоқшылығы, майданға кеткен әкені сағыну күрсінтіп салды ақын ағаларды. Ұмытпасам, алқа-қотан отырған сол бір қырықтағы азаматтардың бәрінің де әкесі соғыстан қайтпаған, тағдырлас жандар еді. А деп аузын ашса көмейі көрінетін, ән-жырға көмекейі бүлкілдеп қоя беретін қайран да жаны жайсаң ағалар-ай! Тұлғасына кісі сүйсінген Мұқаш аға тау тұлғалы, ал Әнағаң одан да биік, одан да жауырынды, екі иығына екі кісі мінгендей алыбыңыздың өзі. Достары Гулливер лилипуттар арасында жүр деп мазақтайды оны. Мазағы мадақ сияқты қабылданатын. Өйткені Әнағаң - сәбиден тартып күллі балалардың сүйікті ақыны. Өлең іздеп, өлеңіне кейіпкер іздеп, ақын балабақшаларға жиі баратын. Бала тілі - бал! - сәбилерді сөйлететін былдыратып, тәрбиешіге айналып ойнататын, өлең жаттататын жас достарына, сонан соң сәби мінезін өлеңге мінсіз көшіріп, сыңғырлаған сұлу поэзия жасайтын балғындарға! Содан да алып - ергежейлілер арасында (Джонатан Свифт) деп жүргені достарының. Бәріміз де іздегенде сәбилерді ойнатып өлеңдетіп, ойлантып жүрген сәттері балабақшадан кездестірер едік Әнағаңды! Ол өлеңді өмірдің өзінен алып осылай жазатын. Бәлкім, балаларға арнаған, балалар өмірінен алып жазған өлеңдерінің өміршеңдік сипаты да осында жатқан шығар. Ақынның анасы Сәндібала шешей кезінде жыр дүлдүлі Жамбылмен өлеңмен есендес - кен, ауыл-аймақтың алым-берім өлеңшілерін шөке түсірген недәуір ақындық қуаттың адамы еді. Әкесін соғыс жұтқан Дүйсенбінің шешегін (М.Мақатаев) қайтсем жеткіземін деп қайғы жұтып, уайым шегіп, күнкөріс қарекетімен ақындықтан алыстап кеткен жан. Жалғыз ұлының артында қалып, аяулы ананың аһ ұрып арманда қалып, шерменде халде өлеңмен күңіреніп жоқтау айтып отырғанын талай көріп, тоқтау айтып жұбатып едік аяулы ананы. Ақын анасы Сәндібала тамағына ақындық ұя салған шешен әңгімешіл кісі еді. Жансарайы кең, ақылды адам. Ақындықты анадан алған Әнуарбек Дүйсенбиев еңбекке ерте араласыпты. Қарғадай болып шеккені қара бейнет. Журналистикаға да ҚазМУ-де оқып жүріп жегіліп кете барған. Ілкіде Қазақстан пионері газетінде Мұқан Иманжановтай ұстаз жанына ілесе жүріп қалам ұштаған ол өзінен жасы үлкен талай жас ақынға жолашар жазған. Бертінде Балдырған журналында жас дарын табу, оны поэзияға баулу, олардың өлеңін өз өлеңіндей қуана жариялауды жақсы дағдыға айналдырған. Ұзақ жыл Балдырған журналын басқарған Мұзафар Әлімбаевтың өзі бірде Әнуардың жас дарын іздеудегі елгезектігіне, талапкер туындысын ұштай жариялауда талмайтын табандылығына тәнті қалып әңгімелегені бар. Балдырған журналы, Қазақстан пионері - оның қанат қатайтқан, қалам ұштаған ақындық мектебі, кісілік медресесі. Әнуарбек әдебиетке осылай келген, жастарды әдебиетке осылай әкелген еді. Басқасын былай қойып, қантуыстық жөнінен оған үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ағайынды Көпен екеуміз ақынға осы жылғамен келіп жантуысып кетіп едік.Өзімізді әлі күнге Әнуарбек Дүйсенбиевтің туған інісіне балаймыз.Әлдебір көрмәдік бөлектей бастаса көңілімізге келеді... Ақын бол, жазушы бол - оның атын қалдырар, атағын аспандатар, дүниеден көшсе аруағын сыйлатар санаулы туындысы болады. Том-том асыл дүние қалдыру - бірыңғай алтын құсар алпауыт болмаса, басқаға мүмкін емес. Осы өнерлік өлшеммен қарағанда М.Иманжанов, М.Әлімбаев сынды ұстаз-ағаларды тәнті еткен Автобуста өлеңінен бастап Әнуардың Шірік алма, Күшті болсам егер мен?, Не деу керек?, Жалқау, Білгіш, Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ, Менікі де, оныкі де - біздікі аталатын өлеңдері бүгінгі талапқа толық жауап берер, ертеңге еркелеп, бар жауапкершілікпен кетіп бара жатқан классикалық өлеңдер деп еркін айта аламын. Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек? - болып басталатын Не деу керек? бүгін де, ертең де, арғы күні де сәбилерге әдеп әліппесін үйрете береді. Бақшада бұл өлеңді бала айтады, балаға қосылып тәрбиеші айтады. Үйде бұл өлеңді бала айтады, балаға қосылып ата-ана айтады. Тілі тәтті, тәлімі мықты, ырғағы құйылып тұрған ұлттық тәрбиені сәби, бала бойына табиғи жолмен әдемі сіңіретін мұндай жанды байланысқа құрылған тәлім-өлең көбірек керек қазақ балаларына! Өлеңде өзге ақында кездесе бермейтін бір өзгешелік бар. Өлең сәбиге сұрау салу формасында жазылған. Өлең-сұрауға сәби жауабы: Рахмет! - деп барып жеу керек! Өлеңнің ерекшелігі - бала, тіпті сәби психологиясына бейімделе жазылуында. Тәрбиеші не ата-ана өлеңді оқи бастағанда әлі хат танымайтын сәби селт етіп тыңдай қалады. Өйткені өлеңде елітіп, еліктіріп алып бара жатқан ерке мінез бар. Ол өзіне сәбиді бірден тарта баурап алады. Ал салмақ, ең бастысы - салмақ сәбиден күтер жауапта. Сәбидің не айтары (жауабы) тағы белгілі. Сәби, қайталап айтсақ, Рахмет! - деп барып жеу керек! - дейді. Сонда бір өлеңін сұрағын бір адам айтып, жауабын сәби беріп жатады. Өлең екі орындаушыға - бірі ересек, бірі сәби - екі жаттаушыға арналған болып шығады сонда. Онымен де шектелмей, өлеңнің табиғатына зер салсақ, әлгі өлеңді орындаушы екі кісі бір сәт өлеңді шығарған(жазған) авторға мойынсерік болып қабатына келіп тұра қалғандай болады. Өлең - баланы өлең шығаруға баулиды, ақынталап мінезге тартады. Сәби солай, өлеңмен өседі. Міне, бір өлеңнің талбойында балалар ақынына тән, аса қажетті, оңайлықпен уысына түсе бермейтін қаншама шеберлік кілті - көркемдік компоненті табылып жатыр?! Бірде ақыннан өлең жазғанда кейіпкер атын қалай таңдайтынын сұрағам. Ол: Балалар поэзиясында кейіпкер есімі шартты келеді. Мен өлеңдеріме кейіпкер етіп айналамда жүрген дос-жарандарымның атын ала беремін. Мысалы, біраз өлеңдерімнің кейіпкері - Әсет. Кәдімгі мына Әсет Бейсеуов! дегені бар. Шірік алма өлеңінің де кейіпкері - Әсет. Атақты сазгер Әсет Бейсеуовпен ағалы-інілі дерлік туыс әрі ауылдары жалғас жатқан бір ауданнан. Әнуарбектің Ақ мамам өлеңіне ән жазған да - Әсет Бейсеуов! Қалжыңдап Әсет атын бала кейіпкерге айналдырып, мазақтама өлең жазып жүргені. Әсет өзінің жылы ұясынан бөліне шығып, Зәмзура есімді келіншекпен көңіл қосқаны бар. Біздің Рәбиға жеңгеміз сондай әдемі. Ал Зәмзура одан да әдемі. Зәмзурадай ғажап сұлу әйелді көрген емен. Бет-біткеннің ғажабы. Сұлулық тәңірісі секілді. Әнағаң Әсет інісіне жылы ұясын бұзғаны үшін де ағаға тән адалдық, бала ақынына тән тазалықпен ұрысқан еді кезінде! Айтқалы отырғанымыз, айтулы сазгердің отбасылық жағдайы емес, тағдыр деген қызықтың аңқылдаған Әнағаңды Зәмзурамен басқа бір қиырдан әкеліп қиыстырғаны. Біздің Сәуле қарындасымыз Зәмзураның ұлына (бұрынғы ерінен) тұрмысқа шығатын болды. Ағамыз қарауытып жүріп көнді, қарауытып жүріп той өткіздік. Тағдыр! Әнағаң айықпас сырқаттан миына қан құйылып есінен тана құлағанда күзетісуге ауруханаға бірге барып ақын жайын дәрігер аузынан есітіп бірге қайтқанда Әсеттейін асылдың қабырғасы сөгілгеніне куә болдым-ау. Сөйткен Әсет аға да жоқ мынау жалғанда! Сабазым-ай! Қаралы жиын үстінде Ендігі кезек менікі...-деген Әсет аға. Әй, қоя тұр, алдымен біреуіміз өліп алайық деп Әсетті тыйған Оспанхан Әубәкіров ше? Күлкі күлігі еді-ау, шіркін! Бәрі бір ауылда мөлдіреп туа қалған, бәрі де Алматы іргесі - Қастек, Қарақастек, Қарғалыдан бірінің ізін бірі баса түлеп ұшып, қаз-қатар жарыса ұшып, жарыса қонып - жараса тіршілік кешті. Қанаттас қанат қағып, қатар жүріп маздап жанып, тамаша бір шығармашылық жасаған жайсаңдар еді-ау. О, жарықтықтар! Өнер адамдарының тіршілік түйткілдерін айтып кеттік пе?! Ол да керек. Дегенде шығармашылығы туралы сөйлеу уәжіп. Асылында, балалар әдебиетінде -ақындық бақыт дегеніңіз - аз сөзді, көп мағыналы тапқырлық. Балалар әдебиетіндегі тапқырлық - сәбимен сырласу, баламен бала бола білу, соның салдыр-салақ ісінен, кір батпақ ізінен мазақтама өлең түзу, тәтті тілінен бал тамызу немесе үлгілі ісінен өлеңдетіп өнеге өрбіту, оң ісі түгілі теріс ісінен де тәлім түю! Өлшем дейсіз бе, талап-тілек дейсіз бе, осының бәрі Әнуарбек Дүйсенбиевтің жоғарыда аталған асыл өлеңдерінде мөлдіреп тұр. Шірік алма өлеңіндегі Әсет - қазақ балалар әдебиетінің тамаша кейіпкері. Балалар әдебиетінің талабы - он шумақ өлең жазып бала жанына ұялар бір сурет, жадында қалар бір деталь таппасаңыз - еңбегіңіз еш, он жол өлең жазып, сөзбен бір-екі сурет салып, бір-екі деталь дарытсаңыз - бағыңыздың жанғаны! Әнуарбек өлеңдерінде бұл бұлжымас мінез, табиғи ақындық қасиет! Шірік алма өлеңінің өміршеңдік сыры да осында! Өлеңді оқып отырғанда көз алдыңыз суретке толады. Бала кейіпкер өзімшіл мінезімен езуіңізге күлкі үйіреді. Балапан алақанын жайып алма сұрап тұрған інісі тағы бар. Айтары жоқ, тамаша өлең! Балаларға арналған өлең ә деген сәттен, алғашқы жолдан басталады. Алғашқы жол сылбыр болып шықса немесе міндетсіз жай тұрса - бала оқырман ол өлеңді өлтірсең де оқымайды. Балалар үшін туған Әнуарбектің бір ертегісі: Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ - Дүкенде тұрып ұрысты, - деп оқыс басталады. Бала түгілі Сіздің өзіңіз елең ете қаласыз. Елеңдейтініңіз - қиыспас нәрсе қиысып тұр. Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ - дүкенде жай тұрмай сөреде қиқылдасып, кеңірдектесіп ұрсысып тұр. Мен мамамның баласы, Жоқ, сен емес, мен маманың баласы... - деп сәбидің өзара ұрсысатыны бар емес пе? Сәбилердің сол мінезін еске салғандай. Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақтың ұрсысы өлеңді қызық етіп, баланы қызықтырып Сиырға барып жүгінумен аяқталады. Өйткені Бәтеңке де, Шұжық та, Балқаймақ та сиырдан өндірілетін еді... Міне, өлең. Бала психологиясына жетік ақын оларды өзара ұрыстырып алып, сәбиді өміртанымға жетелеп отыр өзінің қызықты өлеңімен. Балалар өлеңі осылай жаратылса - жарасымды, осылай оқыс басталып, ойнақы өрістеп, өміртаныммен түйінделіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ә. Дүйсенбиевтің қазақ балалар әдебиетінің тарихындағы өзіндік орны
Қазақ балалар поэзиясының көрнектi өкiлi - Жақан Смақов
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Балаларға арнап жазған өлеңдері
«Адасқандар». романнан повестке
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлерін саралау
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлері
Ертегi естiмеген баланың ертеңi қандай болады?
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Пәндер