Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы


Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы
Жоспары:
1. Көркемдік-гуманитарлық цикл пәндерінің арасындағы ішкі байланыстар.
2. Шығарманы таңдау және орындауда оқушылардың іс-әрекет түрлері
Көркемдік-гуманитарлық цикл пәндерінің арасындағы ішкі байланыстарды анықтау, ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Музыканың басқа өнермен байланысы. Шығарманы тыңдауда, орындауда оқушыларды музыкалық өнерге тарту жолдары ретіндегі музыкалық іс-әрекет түрлері. Музыканың шығармашылық, эмоциональдық-құнылық қатынасының дамуындағы, көркемдік талғамын, танымдық қажеттілігі мен қызығушылығын тәрбиелеудегі іс-әрекет түрлері. Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер. Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті. Соның нәтижесінде қазақ елінде мазмұнды, мағыналы, айтар ойы бар құнарлы музыка мәдениеті қалыптасты.
Қазақтың ұлттық музыка өнері ғасырдан-ғасырға дәуірлеп келе жатқан сарқылмас өнер. Уақыт зымырап, жылдар жылжып өткен сайын тамырын тереңге тартып, өрісін кеңейтіп, барынша даму үстінде. Бұған барша халықтың көзі әбден жетіп отыр.
Өзінің эмоциалық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциалық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциалық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар - Е. Брусиловскийдің «Қыз жібек», А. Жұбановтың, Л. Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.
Қазақтың халық әндерін мәтіндік жалпылығына және музыканы айту мәнеріне қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, балалар, лирикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық тағы сол сияқты әндер деп бөлуге болады. 60-70-жылдары республикада еуропалық инструменталды музыканың ең күрделі жанрларының бірі - Г. Жұбанова, К. Қожамяровалардың классикалық туындыларына жақын симфоникалық күй туды. Ұлттық аудиторияның ерекше ықыласына бөленген қазақтың монодикалық музыкасының оркестрі мен хоры болды. Ерекше кең таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен орындалатын оқымысты-фольклористің қолдауымен құрылған «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрін атап өту керек. Бұл ұжымның айрықша, қайталанбас бейнесін дирижер, композитор, жетекшісі және домбырашы Н. Тлендиев жасаған еді.
Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда - мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г. Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.
Қазақстан Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Г. Есімова, Ә. Дінішев, Г. Қыдырбекова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова және әлемдік музка мәдениеті жұлдыздарының бесігі саналатын М. Бисенғалиева, Э. Құрманғалиева, апалы-сіңлілі Нақыпбековтер, И. Мұратбекова, Қ. Жолдыбаева, Т. Ержанова сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны. Бүгінгі күні республикада республикалық музыкалық ұжымдары белсенді жұмыс атқаруда: екі опера және балет театры, мемлекеттік филормония, ұлт аспаптар академилық оркестрі, бидің академилық театры, би және аспаптар ансамблдері және басқалар. Зайырлы Қазақстанның рухани-мәдени өмірінің ең белді шағы республикалық және халықаралық Конкурстар мен Фестивальдар . Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық театр, опера және балет театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» және т. б. қойылымдардан бастап дами басталды.
Мемлекеттік академиялық би театрының репертуарында (1967 ж негізі қаланған, көркемдік жетекшісі халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты, профессор Б. Аюханов) классикалық балет миниатюралар, «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, әлемдік хореографиялық бірактілі балеттері болды. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблінің негізін қазіргі эстрадалық хореографиялық билері құрайды.
Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру - музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.
Тәрбиенің аса маңызды құрамы -өнер. Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын-музыка өнерін айтамыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, оардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы міңез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.
Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Өскелен ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде, бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы -музыкалық өнер . Соның ішіндегі бастауыш мектеп оқушыларының бастапқы музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық -педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі. Жалпы музыкалық білім беру, музыка өнері арқылы мектеп оқушыларына музыкалықтәрбие берудің педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикаық тұрғыдан негіздеп, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету қажет.
Музыка өнері арқылы оқушылардың музыкалық білім білім берудегі мол мүмкіндіктерді және оларды мектептердің оқу- тәрбие үрдісінде толық пайдаланбауы; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми -педагогикалық негізін жасау қажеттілігі педагогика ғылымында бұл мәселенің белгілі деңгейде зерттелмеуі; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыруды тиімді әдістемелермен қамтамасыз ету мен оның іс-тәжірибе жүзінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.
Музыкалық тәрбие негізінен жалпы білім беретін мектепте сыныптық- сабақ жүйесібойынша іске асады. Оқушыға музыкалық тәрбие беруде оқытудың принциптерін және әдіс-тәсілдері, соңғы технологияларды шебер қолдану ең қажет нәрсе болып табылады. Сонымен қатар сабақты дидактикалық ойындар, өзіндік жұмыс, ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттер болып табылады. Музыка сабағында оқушыларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін қарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің бірі.
Жалпы музыкалық білім беру арқыы мектеп оқушыарынымузыкалық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі тиімді болуы мүмкін, егерде:
- мектеп оқушыларын музыкалық мәдениетке тәбиелеудің ғылыми -педагогикалық және әдістемелік негіздері анықталса.
-Мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық мәдениеттіікке тәрбиелеу тиімдіігінің өшемдері көрсеткіштері мен деңгейлері аңықталса.
- оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларын музыка өнері арқыы музыкалық мәдениеттілігін қаыптастырудың музыкалық-педагогикалық шартары белгіленсе;
- оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны құрыыап, тәжірибелік-педагогиалық тексерістен өткізіп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана мектеп оқушылараның музыкалық мәдениеттілікке қалыптастырудың нәтижелілігі арта түседі.
Сонымен бірге,
-музыка пәні арқылы мектеп оқушыарының музыкалық мәдениетін қалыптастыру ғылыи-педагогикалық тұрғыда негізделеді;
-мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка пәнінің мүмкіндіктері, өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталады;
-музыка пәні арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қаыптастырудың педагогикалық шартары негізделінеді.
Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие-бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқыы дмытады және адамның дамуына басшылық жасалады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира бйтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесән жинақтап, өзіндік ерекшелікткрімен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасайды.
Бүгінгі заман талабы- еліміздегі болып жатқан саяси экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістерге байлансты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі биік, шығармашылықпен қызмет атқара алатын, қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға икемдеу, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің ақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті -қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.
Мектептегі оқушыларға беріетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары арқылы, яғни музыкада-дыбыс арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытады. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады.
Қазіргі кезде жапы білім беретін мектептерді оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметті, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудіді қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тарбие беру қажет. М. Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке- жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, коп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұл тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші бланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, беинесін сақтап дамыта алатыны белгілі. Ал, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрін, қай саласын болсада сол фольклорымыздан тауып, ажырата аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбинің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз. Әл- Фараби бабамыз музыканың адам психологисына әсері жөнінде- « Музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен лаззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты ойатады, қиалға жетелейді» - деп пікір айтқан. Халқамыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар.
Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалақ жырлар, тұрмыс салт жырлары, лирикалық әндер т. б міне осы фольклорымызбен- ақ ұлттық болмысымызды қалыптастыратын тәлім- тәрбие беріп отырған тарйхи шындық.
Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. Атап айтар болсақ С. Ұзақбаева өз зерттеулерінде музыкалық фольклорымыздың педагогикалық мүмкіндіктерін және әдіс тәсілдерін ашып көрсетті. Ал, музыкаық фольклорымызды күнделікті оқу тәрбие барысында қолдану мақсатында жалпы білім беретін мектептердің музыка сабақтарының бағдарламалары жсалды.
1994 жылы А. Райымбергенов және С. Райымбергеноваларды бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арнаған «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаны ерекшелігі блаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру. Бұл бағдарлама авторлары, белгілі музыка зерттеушісі, А. Мұхамбетова- «Баланын генетикалық мүмкіншіліктерін ұлттық дәстүр арқылы жеңіл ашуға болады, бұл жүйе балаға төңіректегі ортаны игеруге, қабылдауға көмектеседі» - деп аитқандай, халқымыздың дәстүрлі, рухани байлығына сүйене отырып және халық педагогикасының даму жетістіктерін ескере отырып, жаңа педагогикалық жүйе негізінде жасаған.
1955 жылы М. Балтабаев, Д. Берденова, У. Серікболовалардың бастауыш мектепке арналған «Елім- ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Осы бағдарламаның кіріспесінде белгілі ғалым М. Балтабаев- «Білім беретін жүиеге дәстүрді қоса кіргізу керек және бөлек этнографилық бөлшек түрінде емес, халық шығармашылығын біртұтас көркем ретінде беру қажет»- деп ерекше атап айтады. Бағдалама «Сарарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елімай» тақырыптары аясында өрбиді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz