Қазақ — Қазақстан Республикасы


Қазақ - Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт. -батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н. М. Карамзин, А. Вамбери, т. б. ) . Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В. Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы - әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос - касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы - 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.
Мазмұны
[жасыру]
- 1 Қазақ этнонимын шығу тегі1. 1 Кавказ болжамы1. 2 Моңғол болжамы1. 3 Енесай болжамы1. 4 Қарлық болжамы1. 5 Парсы болжамы1. 6 Түрікмен болжамы1. 7 Қыпшақ әлеуметтік болжамы1. 8 Басқа мәліметтер
- 2 Пайдаланған әдебиет
[өңдеу] Қазақ этнонимын шығу тегі
Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.
Қазақ хандығы.
[өңдеу] Кавказ болжамы
Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т. б. ) Шығыс Ромей Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойыншаКазахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығымезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ) . В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенініңтөңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос - касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді«Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав(1022) князь дері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы - 9 ғ. басында монах Епифанийкелтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах , казахия , касак , кашак , касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т. б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
[өңдеу] Моңғол болжамы
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ. ) моңғ. хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
[өңдеу] Енесай болжамы
Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым - «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихифонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
[өңдеу] Қарлық болжамы
И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.
[өңдеу] Парсы болжамы
Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т. б. ) атап көрсетті.
[өңдеу] Түрікмен болжамы
[өңдеу] Қыпшақ әлеуметтік болжамы
Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
[өңдеу] Басқа мәліметтер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz