Шәкәрім поэзиясындағы діни көзқарастар



Шәкәрім поэзиясындағы діни көзқарастар

Шәкәрім шығармалары адам баласының шын бақытын табуға, өмірдің мәнін ұғынуға жетелейді. Еңбектерінде бір ғана ұлттың емес, адамзат баласының тағдыры үшін алаңдап, ғалымдар «абсолюттік күш иесі» деп атайтын Алла тағаланың өзінен барша жан иелері үшін мінәжат қылып, солардың бақыты үшін өмір бойы еңбек еткені көрінеді.
Шәкәрім атамыз бүкіл ғұмырын келешек ұрпақ, яғни сіз бен бізге сарп етіп, артына сарқылмас мол мұра қалдырып кетті.

Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл тұл [1, 9].

«Мәңгілік өлмейсің»,– деген сыр жолдары – өзінен кейінгі жастарға мәңгі үлгі болар өсиеті екенінің айқын дәлелі.
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері сырға толы дейтініміздің де өзіндік бір себебі бар. «Сыр» деген сөз қазақ халқында «жұмбақ» деген сөздің баламасы ретінде қолданысқа ие. Бір сөзбен айтқанда бұл сөздер синонимдер деуге келеді» [2, 81б.]. Бірақ түпкі мағынасында екеуінің көкпен жердей айырмашылығы бар. Суреттеу арқылы адам ақыл ойының ұшқыр болуына жол ашу. Ол ойлануды қажет етеді. Сырдың, жұмбақтың шешімін әлбетте дұрыс ойланған адам шешеді. Адам баласын өмірде бақытты болуға бастайтын, рухани өрлеуге жетелейтін, адамгершіліктің ең биік шыңына шығарар ең бірінші себепшісі – ақыл-ойы. Өзінің әрбір сөзінде ғұлама атамыз адам баласын ойлануға шақырады. Сол ойы арқылы хақиқатқа жетуді мақсат етіп қояды.
Демек, Шәкәрім атамыздың өлең сөздерінің сыр деп аталу себебі оның өмірдің мәнін таразылай алғандығына байланысты болып отыр. Ең алдымен, Абай атамыз өмірдің мәні, яғни өмірдегі шынайы қызық туралы:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті [3, 49б.], - деп, өмірдегі мәндер туралы ишаралап кеткен. Адам өмірінің мәнді болуы үшін адам қалай өмір сүруі керек? Абай атамыз:

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек [3, 78б.], –

Осыған қарап отырып, түйетін ойымыз даналар өмірдің мәні Құдайға құл бола білу мен халыққа қызмет етуде, ақылды болуда дейді. Мәселен, Шәкәрім атамыз:

Мен жомартпын Жар нұрына,
Алса екен деп барша жан.
Жетсе көзің бұл сырыма
Ой өрісін қылма тар [1, 245б.], - деген.

Діни ілімде адам өмірінің мәні – мінсіз, бояусыз, шынайы махаббатқа жету, махаббат жолында жоғарыда айтылған кедергілерді жеңу арқылы ақиқатты тану:

Ғашық болмай танымаспын, Алла, сені,
Не қылсаң да ғашық қылғай, Паруардигар [4, 60б.].

Хақ исламның да негізі осы, Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. – өзі осыған шақырған: «Алланы тану – арманым; дінімнің негізі – махаббат, махаббатсыз ешбір іс орындалмас; құралым – білім, білімсіз амалды Құдай қабыл алмайды; сабырлық – менің киімім, сабырсыз иман толық болмайды; кәсібім – жиһад (нәпсімен күресу), бұдан қашқандар қор болады; ойым – Құдайды ойлау; өнерім – дүниені тәрк қылу; байлығым – Алланың қазынасына сену; көзімнің нұры, көңілімнің шырағы – намаз; көңілімнің миуасы – Алланы еске алу; кедейлігіме мақтандым; уайым-қайғым – үмметімді ойладым; мақсатым – Алланың дидарын көру» – дейді хадисінде [5].
Адамның асылындағы келбеті де осы махаббат арқылы ашылмақ, кемелденбек. «Адамды сүюден» (Абай) басталатын бұл сезім кедергілерді жеңе отырып, ең жоғарғы дәрежесі – Алланы сүюге жетеді. Л.Толстой бұл сезімді: «Чувство, разрешающее все противоречия жизни человеческой и дающее наибольшее благо человеку» деп анықтайды. Оның адам өміріндегі маңызын да түсіндіреді: «...Понял я теперь, что кажется только людям, что они заботой о себе живы, а живы они одною любовью. Кто в любви, тот в Боге и Бог – в нем, потому что Бог есть любовь» [6, 37б.].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Шәкәрім. Иманым. - Алматы: Арыс, 2000.
2. Қадырұлы Б. Шәкәрім дүниетанымындағы сыр түсінігі. // Шәкәрім
Құдайбердіұлының рухани мұрасы. -Алматы, 2007.
3. Құнанбайұлы Абай. Шығармалары. ІІ том. - Алматы, 2005.
4. Қожа Ахмет Ясауи. Хикметтер. / Ауд. Ә.Жәмішұлы. – Алматы: Өнер,
1995.
5. Мұсылман күнтізбесі. 2006-2007, 8 көкек.
6. Антология мысли. Л.Н.Толстой. – М., 1998.
7. Қабдолов З. «Сөз өнері». Алматы, Қазақ университеті, 1993
8. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. ІІ томдық. – Алматы, 2007.
9. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара
сөздер. Құраст. М.Жармұхамедов, С. Дәуітов, [А.Құдайбердиев]. –
Алматы: Жазушы, 1988. – 559 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ХҚТУ-нің дінтану

мамандығының 1 курс студенті

Ибадулла Нұрсұлтан

Шәкәрім поэзиясындағы діни көзқарастар

Шәкәрім шығармалары адам баласының шын бақытын табуға, өмірдің мәнін
ұғынуға жетелейді. Еңбектерінде бір ғана ұлттың емес, адамзат баласының
тағдыры үшін алаңдап, ғалымдар абсолюттік күш иесі деп атайтын Алла
тағаланың өзінен барша жан иелері үшін мінәжат қылып, солардың бақыты үшін
өмір бойы еңбек еткені көрінеді.
Шәкәрім атамыз бүкіл ғұмырын келешек ұрпақ, яғни сіз бен бізге сарп
етіп, артына сарқылмас мол мұра қалдырып кетті.

Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл тұл [1, 9].
 
Мәңгілік өлмейсің,– деген сыр жолдары – өзінен кейінгі жастарға
мәңгі үлгі болар өсиеті екенінің айқын дәлелі.
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері сырға толы дейтініміздің де өзіндік
бір себебі бар. Сыр деген сөз қазақ халқында жұмбақ деген сөздің
баламасы ретінде қолданысқа ие. Бір сөзбен айтқанда бұл сөздер синонимдер
деуге келеді [2, 81б.]. Бірақ түпкі мағынасында екеуінің көкпен жердей
айырмашылығы бар. Суреттеу арқылы адам ақыл ойының ұшқыр болуына жол ашу.
Ол ойлануды қажет етеді. Сырдың, жұмбақтың шешімін әлбетте дұрыс ойланған
адам шешеді. Адам баласын өмірде бақытты болуға бастайтын, рухани өрлеуге
жетелейтін, адамгершіліктің ең биік шыңына шығарар ең бірінші себепшісі –
ақыл-ойы. Өзінің әрбір сөзінде ғұлама атамыз адам баласын ойлануға
шақырады. Сол ойы арқылы хақиқатқа жетуді мақсат етіп қояды.
Демек, Шәкәрім атамыздың өлең сөздерінің сыр деп аталу себебі оның
өмірдің мәнін таразылай алғандығына байланысты болып отыр. Ең алдымен, Абай
атамыз өмірдің мәні, яғни өмірдегі шынайы қызық туралы:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті [3, 49б.], - деп, өмірдегі мәндер
туралы ишаралап кеткен. Адам өмірінің мәнді болуы үшін адам қалай өмір
сүруі керек? Абай атамыз:

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек [3, 78б.], –

Осыған қарап отырып, түйетін ойымыз даналар өмірдің мәні Құдайға құл
бола білу мен халыққа қызмет етуде, ақылды болуда дейді. Мәселен, Шәкәрім
атамыз:

Мен жомартпын Жар нұрына,
Алса екен деп барша жан.
Жетсе көзің бұл сырыма
Ой өрісін қылма тар [1, 245б.], - деген.

Діни ілімде адам өмірінің мәні – мінсіз, бояусыз, шынайы махаббатқа
жету, махаббат жолында жоғарыда айтылған кедергілерді жеңу арқылы ақиқатты
тану:

Ғашық болмай танымаспын, Алла, сені,
Не қылсаң да ғашық қылғай, Паруардигар [4, 60б.].

Хақ исламның да негізі осы, Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. – өзі осыған
шақырған: Алланы тану – арманым; дінімнің негізі – махаббат, махаббатсыз
ешбір іс орындалмас; құралым – білім, білімсіз амалды Құдай қабыл алмайды;
сабырлық – менің киімім, сабырсыз иман толық болмайды; кәсібім – жиһад
(нәпсімен күресу), бұдан қашқандар қор болады; ойым – Құдайды ойлау; өнерім
– дүниені тәрк қылу; байлығым – Алланың қазынасына сену; көзімнің нұры,
көңілімнің шырағы – намаз; көңілімнің миуасы – Алланы еске алу; кедейлігіме
мақтандым; уайым-қайғым – үмметімді ойладым; мақсатым – Алланың дидарын
көру – дейді хадисінде [5].
Адамның асылындағы келбеті де осы махаббат арқылы ашылмақ,
кемелденбек. Адамды сүюден (Абай) басталатын бұл сезім кедергілерді жеңе
отырып, ең жоғарғы дәрежесі – Алланы сүюге жетеді. Л.Толстой бұл сезімді:
Чувство, разрешающее все противоречия жизни человеческой и дающее
наибольшее благо человеку деп анықтайды. Оның адам өміріндегі маңызын да
түсіндіреді: ...Понял я теперь, что кажется только людям, что они заботой
о себе живы, а живы они одною любовью. Кто в любви, тот в Боге и Бог – в
нем, потому что Бог есть любовь [6, 37б.]. Шәкәрім:

Жарға ғашық болғаныма
Таңғалатын түк те жоқ,
Жер жаралмай тұрғанында
Менде асықтың нұры бар [1, 244б.],

– деп бұл ғашықтық, махаббаттың адам болмысында әуелден бар құбылыс,
ол ешкімді таңғалдырмауы, жаңалық болмауы тиіс дегенді айтады.
Профессор З.Қабдоловтың пікіріне сүйенсек, ...Әдебиетте іргелі де
күрделі екі-ақ сұрақ тұрған және тұра бермек.
Бірінші. Адам тіршілік ету үшін өмір неге жайсыз? Осыған кім жазықты?
Екінші. Адам жайлы өмірге қайткенде жетпек? Ол үшін не істеу керек?..
[7, 67б.]
Міне, осынау қағидаға тереңірек үңілсек, өмірдегі, кез келген
қоғамдағы, арғы-бергі тарихымыздағы Жақсылық пен Жамандықтың күресіне куә
боламыз. Тіпті, бір-бірімен еш уақытта ымыраға келмейтін бұл екеуінің
күресі бұл өмірде, қоғамда тіршілік ететін адамның өз бойынан да
кездеседі,– дейді М.Хамзаұлы. Ал біз жақсылық пен жамандық бұл өмірде
тіршілік ететін адамның өз бойында да кездеседі дегеннің орнына, ең әуелі
адам өз бойындағы жақсылық пен жамандықты жеңу керек деп айтар едік.
Адамның келешек тағдыры, бағы оның қаншалықты рухани кемелденуіне
тәуелді. Рухани жетілмейінше, қандай материалдық, техникалық игілік жасалса
да жер бетінде мамыражай, бейбіт тіршілікке қол жеткізу мүмкін емес. Ал сол
мамыражай өмірге қол жеткізу үшін, яки рухани кемелдену үшін адам ең әуелі
өз бойындағы барлық қарама-қайшылықтардың (нәпсі-рух, сүю-жек көру,
еңбекқорлық-еріншектік, достық-қастық, жақсылық-жамандық т.б) жаман
жақтарын жеңіп, жақсы жақтарын асқақтатуы керек.
Өзгеден мерейім үстем болса екен деушілік, пайдакүнемдік, өзгенің
абырой-беделін көре алмаушылық, күндеушілік, қамшының сабындай қысқа
ғұмырда бір-бірімен итше ырылдасу, жеке тілек-мақсаттың алдында іргелі ой-
әрекетті жығып беру немесе маңдайға жазылған өлшеулі ғұмырды мәнді, маңызды
өткізуге, рухани жан әлемінің тереңдігі мен сұлулығына ұмтылыс жасау – бәрі
де адам бойынан табылатын қасиет, сипаттар. Демек, адам бойында жақсылық
пен жамандық тең, қатар тұрады. Ал оның қайсысын таңдап, қайсысының жолымен
жүру адамның өзіне байланысты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірдің мәнін сипаттау арқылы оны былай деп
ашықтайды:

Өмірден мақсат – хақиқат,
Соны ізденіп алмақ.
Нәпсіге еріп болма мат
Ол сені отқа салмақ [1]

Құран сырын, хадистердің мазмұнын терең түсінген Шәкәрім өз оқырманын
қамшының сабындай қысқа ғұмырын шайтанның азғыруынан сақтанып, ар-иманмен
өткізуге шақырады: Нәпсіге еріп болма мат, ол сені отқа салмақ. Қоғамдағы
көптеген кесапаттардың, қайшылықтардың, азғындаушылықтың салдары
надандықтың, қараңғылықтың себебі деп түсіндіреді. Шәкәрім осы хақиқаттың
не екенін жақсы білген және осы бір құпияға толы хақиқат жәуһарын барынша
байыппен түсіндіруге тырысады.

Жас алпыстан асқан соң,
Өлімге аяқ басқан соң.
Тіршіліктен оянып,
Көзімді ашық ашқан соң.
Хақиқаттың қымызын
Ішіп бүгін мас едім.
Тазалап жүрек ындызын,
Нәрестедей жас едім.

Мұндағы хақиқат дегені шынайы тура жол, алдандырмайтын, ең тура
шындыққа жетелейтін негізгі мән. Шәкәрім Хақиқатты Құдай Тағала деп
біледі, оны Жар ретінде сипаттайды. Жоғарыдағы өлеңдегі Хақиқаттың
қымызы деген жүректерге түсетін Құдайдың нұры. Бұл өлең оның парсы ақыны
Хожа Хафизден тәржімалаған жыры. Шәкәрім Хафиз өлеңдерін зерделей отырып
Шығыс шайырының дүниетанымдық ой тереңдігін, хақты сүю, адамшылық,
махаббат, дүние, ғалам жайлы ойлар желісінен өзіне жақындық, оның ішінде
рухани үндестік табады. Өйткені Хафиз ғазалдарында Хаққа деген махаббатты,
дүние жалған, адам жан дүниесінің күрделілігі, тазалық жолы, өмір, өлім,
жан тазалығын жырлайды.
Шәкәрім аудармасындағы ерекшелік ғазал қазақ тілінің табиғатына жақын
аударылған. Мысалы, қымыз сөзін өте ұтымды қолдана білген. Түпнұсқадағы
шарап сөзін қымыз сөзімен жеткізуге тырысқан ақынның бұл артықшылығы
басқа да аудармаларда көзге ұрып, ерекшеленіп тұрады. Қазақ халқының
менталитетіне бертінге дейін шараптың жат болғандығын ескерсек, Шәкәрімнің
тұрмыс-тіршілігімізге таныс қымыз сөзін қолдануы жарасымды шыққан.
Алайда, мұндағы мәселенің шынайы шараппен де, кәдімгі қымызбен де тікелей
қатысы жоқ. Шәкәрімнің өзі Хафиздың басқа да ғазалдарын аударғанда: Оның
арақ дегені – ақыл, ғылым; хақиқатта жар – дос дегені [1],–деп,
түсінік беріп кететіні бар.
Дегенмен ақын сопылық қалыпта емес, қазақи өлеңге, қазақи ұғымға сай,
ұлттық поэзия тудырып оқырманына ұсынған. Сопылық поэзияның бай мазмұны мен
түрі қазақ ақындарының жақсы мен жаманды сынау, ізгілікті насихаттау, адам
өмірінің мәнділігі, өмір мен өлім жайында, алланың құдыреттілігін
баяндаудағы шығыстық әдеби тәсілдер мен амалдарды көркемдік құрал ретінде
пайдаланған. Осылайша ақын қазақ поэзиясын мазмұн мен түр жағынан,
танымдық, тәлімдік жағынан сапасын арттырған. Сопылық танымның қыр-сырын
терең білген Шәкәрім де қазақ поэзиясының кеңістігін кеңейтіп Иманым
атты  жинағында астарлы сөз тіркестерін қолдану арқылы жаңа мағыналық
айшықпен ажар қосқан. Ол осындағы өлендердің әр шумағы мен тармағындағы тың
теңеулер мен метафора,  символдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
Шәкәрім және Гете: поэзиядағы көркемдік пен таным үндестігі
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Әдебиет - адам факторының бейнелеушісі
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Абайдың ақындық мектебі
Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Пәндер