Әбу Наср Әл-Фараби



1. Әбу Наср Әл.Фараби өмірбаяны
2. Әбу Наср Әл.Фараби пікірлері
ӘБУ НАСР Мұхаммад Ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан, ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Ә.Н.әл-Ф. – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезінде дәл келді. Ә.Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, мед...
Тарихта аса қастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ қызметі мынаған саяды: Ол бірінші рет «ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін» негіздеп, оны жеке ғылыми пән деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты аралық мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, Ә.Н. әл-Ф. өзінің «ғылымдар тізбесі» деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, оптика, математикалық астрономия, музыка, шеберлік амалдары туралы ғылымдарды қосады. Бұдан Ә.Н. әл-Ф. математиканы оның кең ауқымды қолданбалы салаларыныңсыз жалаң ғылым ретінде елестете алмайтыны көрінеді. Математиканың қолданбалы салаларының ішінде «шеберлік амалдары туралы ғылым» болып есептеледі.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘБУ НАСР әл-ФАРАБИ

ӘБУ НАСР әл-ФАРАБИ
ӘБУ НАСР Мұхаммад Ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950,
Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан, ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл,
философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында
дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран,
Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Ә.Н.әл-Ф. – түркі
ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама.
Оның заманы Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың
экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезінде дәл келді. Ә.Н. әл-Ф. Орта
Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез
есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен,
қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық
тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика,
этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, мед...

Тарихта аса қастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім
мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ қызметі мынаған саяды: Ол бірінші рет
ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін негіздеп, оны жеке ғылыми пән
деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты аралық
мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, Ә.Н. әл-Ф. өзінің ғылымдар
тізбесі деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, оптика,
математикалық астрономия, музыка, шеберлік амалдары туралы ғылымдарды
қосады. Бұдан Ә.Н. әл-Ф. математиканы оның кең ауқымды қолданбалы
салаларыныңсыз жалаң ғылым ретінде елестете алмайтыны көрінеді.
Математиканың қолданбалы салаларының ішінде шеберлік амалдары туралы
ғылым болып есептеледі. Оның білім мен тәрбие әдістемесіне байланысты
Рухани шеберлік амалдарының кітабы атты жеке еңбегі де бар. Онда
математика саларында қолданылатын әдістемелік амалдар туралы шебер
айтылған. Ә.Н. әл-Ф, өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардан өзгеше, білім мен
тәрбиенің ерекше мән берді. Тәрбие мен білім жас ұрпақтың қос қанаты деп
аталды. Ол тәрбиесіз берілген білім адамзатты күйретеді деп көргендікпен
ескертті. Бұған адамзат тарихы өзінің басынан өткен ащы тәжірибесінде көз
жеткізуде. Бүгінгі қоршаған табиғи, рухани ортаның бұзылуы адам мен
табиғатты экологиялық апаттың ең шеткі құлау құрдымына алып келді. Бұл
тәрбиеден ажыраған білімнің салдары сондықтан Ә.Н. әл-Ф. тәрбиелеуші
білімнің ғылыми негізін қалаған екінші ұстаз атанды. Ә.Н. әл-Ф. сезім мен
ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесі жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып
отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал
қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету
жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана, рухани салауаттылыққа жол ашылмақ.
Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп
ескертеді. Ә.Н. әл-Ф. ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа
платоншылдық көзқарастарға сүйенеді. Оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің
философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат еңбегінде
аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз
пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді. Бірінші шарт –
философиялық ағымдарды тану жеті нәрседен тұрады:
• Философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні ;
• Оның шыққан қаласы;
• Философияға мекен (медресе) болған орнының аты;
• Философиялық ағымды тудыаған басты себеп;
• Философиялық талдауға түскен мәселелер;
• Философияның алға қойған мақсаты туралы;
• Философияның практикалық мәні, нәтижесі;
Оның пікірінше, тұңғыш рет филсофиялық бағыттың алғаш негізін қалаушы –
грек философы Пифагор, яғни Пифагористер мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі
грекиядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз
пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт - өткендегі іріфилософтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын,
мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық
шығармалардың, яғни формальдық дәлел (логика), силлогизм, аналитикалық
мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт – философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт – филсофия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия
ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат – жаратқан иені
тану. Ол өзі – ауыспайтын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Медицинаға қосқан үлесі
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Әл- Фарабидің өмірі туралы ақпарат
Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ирандағы Фараби туындылары
Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы
Пәндер