Білім беру жүйесі лекция тезистері


ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1-лекция. Тақырыбы: Әлемдік білім беру жүйесіндегі технологиялық үрдіс.
Жоспары
1. 1. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы.
1. 2. Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастар
Қазіргі кезеңдегі психологиялық, педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ұғымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Анлияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдеріне тарады.
«Технология » ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды карастырып көрелік:
Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз - оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы .
Технологияның анықтамалары:
- Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғүрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым қатынасты, бүкіл оқытуүрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;
- Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру
тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.
ЮНЕСКО-ның құжатында педагогикалық технологияға мынадай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Ш. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М. Монтессори технологиясы, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т. б.
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғьмды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі - мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.
Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мүғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасаған болатынбыз:
Мектеп мүғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану.
Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Ал, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мүғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей алады.
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген:
- Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б. Т. Лихачев) ;
- Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикадажүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В. П. Беспалько) ;
- Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, үйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттіңжан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В. М. Монахов) ;
• Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық кұралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М. В. Кларин) .
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл: «педагогикалық технологиялар» - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудын өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды» (М. М. Жанпейісова) .
Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М. Жанпейісованың, Ә. Жүнісбек пен Қ. Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды.
Соның бірі - деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы
Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу процесіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды.
Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері - нәтижелілігі және қолдануға жарамдылығы.
Бір технологияның екіншісінен айырмасы - оны қолданудың кәтижесінде оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз осы.
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтері және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеу және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірынғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
“Білім беру” ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсатына-біртұтас педагогикалық процесті тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол “педагогтар - оқушылар” жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.
Қазіргі уақытта педогогикалық технология ұғымы әртүрлі түсіндіріледі Көп тараған анықтама В. П. Беспалько ұсынған: ол педогогикалық технолгия оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негіздер) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүикіндік береді. Педогогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қортынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В. С), демек педогогикалық технологияда осы педогогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол:оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В. П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастырумен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В. М. Монахов) барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өз ара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қортындылау (Г. К. Селевко) . В. Н. Бордовская мен А. А. Реанның көрсетуіне білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелік іс-әрекеттеріне ол мақсат мазмұн әдістерін ұйымдастырудың белгі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстарына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г. М. Құсайыновтың себебіне педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа ол мұғалімнің жоспарланған оқытумен тәрбелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстазлың басшылығымен өзінің және өзара оқыту бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттіңсол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады
В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әректтің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі ьір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі әс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланыстағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне педогогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, үзгешігі осыдан түрады. Егер әдістеме «Әдістеме» деген ұғым оқытумен тәрбиелеу әдістерін оны жүзеге асырушы әректінен тыс тұтаас комплектісі қолдану процедурасын көрсетеді, онда педогогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педогогикалық міндет тек қана оған сай кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технолгогиялар көмегімен тиімді шешіліуі мүмкін.
Демек барлық педогогикалық технологиялардық негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ берумен ұстаздың жоспарлаған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады
2-лекция. Тақырыбы: Білім беру ісіндегі «технология» ұғымының генезисі, шығу себептері және қазіргі жағдайы
Жоспары:
2. 1. Технология және әдістеме.
2. 2. Білім беру технологиясы және оған тән педагогикалық құбылыстар.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикі заттың қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім «шығуында» белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп айтады.
Әлеуметтік технология деп онда бастапқы да соңғы нәтиже болатын адам болады, ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік технология ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметтік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әскерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын алдын ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді атап кетеді. Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөздікті енгізу «индустриялық » технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б. ) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В. П. Беспалько, И. И. Пидкасистый және т. б. ) қолдайды. Білім беру сатысындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т. А. Ильина) ұжымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелінетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде жасалынады ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшем жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау технологиясы, информативтік-оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рентингілік оқыту технологиясы және т. б. ) (Г. К. Селевко) .
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктері мен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуалдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадитмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде эжеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатыны мен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. ХҮ ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді.
«Білім беру» ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына-біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол «педагогтар-оқушылар» жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В. П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады джеген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В. С. ), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Г. М. Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден бюасқа ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сай кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz