Әл-Кинди


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе .

  1. әл- Киндидің өмірі.

II. Негізгі бөлім .

  1. әл-Киндидің еңбектері
  2. әл- Кинди философ ретінде Аристотельді құрметтеуі
  3. әл- Киндидің бүгінгі күн үшін көтерген мәселесі
  4. әл- Киндидің « уақыт туралы пікірі»

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Әл-кинди

(800 жылы туған)

Толық есімі Абу-Юсуф Якуб бну-Искак ал-Кинди - Иемендегі Кинди аймағының басшыларының ұрпағы. Әкесі Куфаның (Ирак) әмірі қызметін атқарған. Оның туған жылы 800, ал қайтыс болған жылы туралы екі түрлі пікір бар: бірі 860 жылы десе, екінші деректерде 879 жыл. Демек, әл-Кинди не 60, не 79 жыл ғұмыр сүрген. Туған жері - Басра, білімді Бағдатта алып, есейгенге дейін осы қалада болғам.

Арабтың алғаш философы атанган ол-Кинди сол кезде халиф әл-Мамунның (813-833) және оның інісі халиф әл-Мутасимнің ұнатқан адамы болган. Халифтермен мұндай жақындастықтың басты себебі, әл-Кинди мутазилиттер ілімімен тығыз байланыста болған еді. Тарихтан белгілі, әл-Мамун халиф заманының алдыңғы қатарлы зиялы адамы ретінде мутази-литтерді барынша қолдап, қорғаған еді. Діни фанатиктер мутазилиттермен өш болатын.

Әл-Кинди жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Оның қалам тартпаған білім саласы жоқ десе де болгандай. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, оның еңбектерінің ұзынырғасы 238-ге жеткен. Әл-Кинди еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, мегеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Мұның бәрі бір төбе іс болса, әл-Киндидің ерен ерлігі Аристотель еңбектерін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, яғни герменевтикалық талдау беруінде. Ол Аристотельдің «Метафизикасын», «Поэтикасын», «Категориясын» және «Екінші Аналитикасын» аударып, оларға түсініктер берген. Одан өзге әл-Кинди Птолемей, Эвклидтің шығармаларына түсінік жазған.

Әл-Кинди еңбектері Еуропада X-XI ғасырда латын тіліне аударылып, оны ғалымдар (итальян ғалымы Корден) әлемдегі аса үздік жиырма ойшылдың бірі деп мойындаган. Алайда оның шығармалары бізге дейін жетпеген, жоғалған деп есептелген. Отызыншы жылдары неміс шығыстанушысы Х. Риттер Стамбулдан әл-Киндидің 29 трактатын тапқан. Солардың ішіндегілерден орысшаға аударылғандары:

1. Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгерудегі қажеттілік туралы трактат;

2. Алғашқы философия туралы трактат;

3. Пайда болу және жойылудың ішкі әрекеттік себептерін
түсіндіру туралы трактат;

4. Бес мән туралы кітап.

Демек, біздің қолымызда араб философы әл-Киндидің әзірге орыс тілінде төрт трактаты бар. Әл-Киндидің аталған төрт трактатына қысқаша жеке-жеке тоқталайық.

«Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгерудегі кджеттілік туралы трактатына» қысқаша шолу.

Әл-Кинди философ ретінде Аристотельді аса құрмет тұтқан, оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек. «Әрине, әрбір істің басшысы Алла, - дейді әл-Кинди, - ал бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде . . . ». Ол Аристотель шығармаларын төрт түрге бөліп, топтаған. Бұл философ еңбектерін түсіну үшін жасалған тәсіл.

Бірінші топтамаға логика, екіншіге физика туралы кітаптар енген. Үшінші топтама -- өздігінен өмір сүріп, нақтылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсілінде болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші топтама - нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітап.

Логика туралы кітаптар - сегіз. Алғашқысы «Категориялар» деп аталады. Мұнда сөз ұғымдар (категориялар), субстраттар және сипаттар (атрибуттар) туралы. Субстрат дегеніміз - субстанция (зат) . Сипат (атрибут) дегеніміз - акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып, не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша, тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын (кеңістік), уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану (обладание) және орын алу немесе орналасу.

Логиканың екінші кітабы «Түсініктеме» деп аталады. Бұл еңбекті кейбір кейінгі зерттеушілер «Герменевтика» деп те атап жүр. Мұнда әл-Кинди бастауыш және баяндауыш, яғни субъект және предикат туралы айтылған дейді.

Үшінші кітап - «Екінші Аналитика» немесе «Аподейктика», яғни дәлелдер туралы деген сөз.

Логиканың бесінші кітабы - «Топика», ол деген сөз - «Орын туралы», яғни пікір айтудағы ортақ мәселелер.

Алтыншы кітап - «Софистика», демек, ақыл айтушылар туралы.

Әл-Киндидің жетінші кітабы - «Риторика», яғни шешендік сөз туралы.

Соңғы, сегізінші кітап - «Поэтика», яғни поэзия туралы.

Міне, осылайша, әл-Кинди грек философы Аристотельдің логика туралы сегіз кітабын атап өткен.

Физика туралы кітаптар, әл-Кинди айтуынша, жетеу: біріншісі - «Физика», екіншісі - «Аспан туралы» кітап, үшіншісі -

«Пайда болу және жойылу туралы», төртіншісі - «Ауадағы және жердегі құбылыстар», бесіншісі - «Минералдар туралы», алтыншысы - «Өсімдіктер туралы», жетінші - «Жануарлар туралы».

Үшінші топтағы кітаптарға әл-Кинди мыналарды атайды (олардың саны төртеу) . Алғашқысы - «Жоқ туралы», екіншісі - «Қабылдау және қабылдану», үшіншісі - «Түс көру және ояу болу», төртінші - «Ғұмырдың ұзақтығы және қысқалығы».

Төртінші топтағы кітапқа «Метафизиканы» жатқызған.

Одан әрі әл-Кинди этика мәселесіне тоқталып, Аристотельдің өзінің ұлы Никомахқа арнаған кітабы туралы әңгімелейді де, қайтадан аты аталған кітаптарға талдау жасаған.

Әл-Кинди айтып отырған Аристотель шығармаларының бәрі грек тілінен орысшаға аударылған. Мәскеуде «Философиялық мұралар» сериясымен Аристотельдің төрт томдық шығармалар жинағы басылып шыққан. Осы жинаққа енген «Саясат» деген еңбекті әл-Кинди сөз етпеген. Оның екі себебі болуы мүмкін, бірі - әл-Кинди трактаты бізге толық жетпеуі, екіншіден - «Саясаттың» араб философына беймәлім болуы.

Әл-Киндидің бұл трактатының құндылығы сонда, ол Аристотельдің барлық шығармаларына араб тілінде түсініктеме берген. Яғни Аристотельдің барлық шығармалары араб тіліне сол кезде аударылған. Сөйтіп, Аристотель Еуропаға арабтар арқылы жеткен. Аристотель тануды тұңғыш бастаған араб философы әл-Кинди, оның дәлелі - жоғарыда айтылған трактат.

«Алғашқы философия туралы» трактатында мынандай мәселелерге тоқталған:

1. Философияның мәні туралы. Адамзатқа біткен барша өнердің ішінде философия өнерінің орны ерекше. Ол шындықты танудағы адам қабілетінің мөлшерін білдіреді. Өйткені нағыз философия дегеніміз - ақиқатты тану. Бірақ нақтылы шындықты біз себепті тапқанда ғана тани аламыз. Қандай істің болсын себебінің өзі - ақиқат, өйткені болмыс ақиқат болмаса, шыңдық ретінде өмір сүре алмас еді. Нәрсенің, затгың барлығы - оның ақиқаттығында. Ақиқаттың қасиеті - оның танымдылығында, яғни нәрсе ақиқат ретінде танылуы қажет. Демек, әл-Кинди айтуынша нәрсенің, істің танылымы оның нақтылығының барлығында яки шындығында. Бұл күні бүгінге дейін құндылығын жоймаған терең ой. Бар болудың өзі - ақиқат, ал бар нәрсенің танылуы - табиғи іс.

2. Әл-Кинди «алғашқы философия» деген түсінік ұсынып, оған
талдау берген. Нағыз биік әрі ізгілікті, әрі рухани философия, ол қандай да ақиқаттың себебі болатын алғашқы ақиқат туралы ғылым. Әл-Киндидің «алғашқы ақиқат» дегені туралы әлі де болса ойланған жөн. Әйтеуір, белгілі болғаны: ал алғашқы философия -алғашқы ақиқат туралы ғылым. Сірә, бүл жерде философия мен жеке ғылымдар арасындағы субординация аңғарылатынға ұқсайды. Себеп тек философиялық ұғым емес, ол жеке ғылымдарда, айталық, физикада да бар, ал себептің философиялық табиғаты
алғашқы ақиқатқа байланысты анықталмақ.

Әл-Кинди айтады: қандай болсын себеп - не материя, не форма немесе харакет басы (қозғалыс басы) немесе аяқталу (заттың), өзімен өзі болып қалыптасу мақсаты. Осыларды тану үшін төрт сүрақ қойылады: бұл деген бар ма? Бұл не? Ол қандай? Неге осылай? Әрі қарай әл-Кинди осы төрт сұраққа талдау жасауға көшеді.

3. Таным туралы. Адам танымының екі түрі бар. Бірінші -сезімдік таным. Екінші таным - ақылмен тану. Бұл философиядан аз-кем хабары бар адамдарға түсінікті. Танымның екі түрін философияның оқулықтарынан оқып алуға болады. Мәселе сонда, осы жайды әл-Кинди IX ғасырда айтып отыр.

4. Әл-Кинди бүгінгі күн үшін де маңызды мәселе көтерген. Нәрсе (зат) өзінің мәнінің пайда болуына өзі себеп бола ала ма, жоқ па? Нәрсе өз мәнінің пайда болуына себеп бола алмайды. Бірақ нәрсе өз мәнінен пайда болмаса, онда ол өзге нәрсе мәнінде болуы керек қой. Ол мәселе қалай шешімін таппақ? Егер нәрсенің өзі де, оның мәні де болмаса, ол нәрсе қалай пайда
болмақ? Егер нәрсенің өзі болмай, оның мәні болса, ол ештеңе де емес (ничто) . Ал ештеңе емес нәрсенің пайда болуына себеп бола алмайды. Бұл мәселеде, әрине, сүрақ көп. Нәрсенің пайда болуы және пайда болмауы сыртқы және ішкі себептерге қатысты. Ол жағын әл-Кинди қозғамаған.

Одан әрі ол мән, субстанция, акциденция, бүтін, жалғыз, қатынас, айырмашылық, қайшылық, тыныштық, қозғалыс, басқа да философиялық ұғымдар мен түсініктер туралы ой-пікірлерін білдірген. Сірә, бұл жұмыс төлық аяқталмаған күйінде бізге жеткенге ұқсайды. Солай бола тұра, бұл трактатты қазіргі оқырмандарға философия пәнін меңгеруде міндетті өдебиет
ретінде ұсынуға әбден болады.

«Пайда болу және жойылудың ішкі өрекеттік себептерін түсіндіру
туралы трактат» жөнінде

Әлемде мәңгілік ешнәрсе жоқ, бардан жоқ, жоқтан бар пайда болып сапырылысып жатады. Заттың (бардың) пайда болуы және жойылуы қозғалыс арқылы түсіндіріледі.

Қандай қозғалыс болсын ол белгілі бір орынға байланысты, өйткені қозғалыс, негізінде, алыстау (өсу) немесе азаю (өшу), немесе айналымға түсіп, өзгеру, немесе пайда болу, немесе жойылу. Қозғалыс, ол кісінің айтуынша, субстанционалды (мәнді) немесе акцвденциалды болады. Субстанционалдық қозғалыста заттың (нәрсенің) мәні өзгеріске түседі, ал акциденциалдық қозғалыста заттың (нәрсенің) мәні өзгеріске түспейді, оның сипаты ғана өзге күйге ие болады. Одан әрі қарай әл-Кинди пайда болу мен жойылуға бастайтын қозғалыстың себебін қарастырған.

I. Материя туралы пікір

Материя туралы мынандай ой-пікірлер айту керек. Материя дегеніміз -қабылдайтын, бірақ өзі қабылданбайтын шындық. Материя дегеніміз - өзіне ие, бірақ өзі иелікті қажет етпейтін шындық. Материя дегеніміз әртүрлі күйге түсіп, бөлшектене береді, бірақ ол осылай болғанымен, материя өзі өз қалпын үнемі сақтайды. Қандай нәрсе болсын бәрі материядан құрылған. Материя дегеніміз жойылып кетпей, қарама-қайшылықта бола алады. Материяның ешқандай анықтамасы жоқ.

II. Форма туралы пікір

Форма деген мәселеге келсек, ол туралы әртүрлі нәрсені айтуға болады. Формалар екіге бөлінеді: бірі - сезімдік таным арқылы белгілі болатын форма, екіншісі - дерексіз көптеген нәрселерге ортақтықты білдіретін форма . . .

Қарапайым материяда ішкі мүмкіндік (потенция) бар, соның нәтижесінде материядан әр түрлі заттар (нәрселер) пайда болады, осы заттар тудыра алатын мүмкіндікті форма дейміз. Демек, форма дегеніміз - мүмкіндік. Мысалы, жылылық пен құрғақтықты қоссақ, от пайда болады. Сонда материя қарапайым жылылықта және қарапайым құрғақтықта болса, ал форма - от. Бұл жердегі мүмкіндіктің мәні сонда, жылылық пен құрғақтық бірігіп, материяны отқа айналдырады.

ІІІ. Қозғалыс туралы пікір

Қозғалыс алты түрге бөлінеді: біріншіден, пайда болуға; екіншіден, жойылуға; үшіншіден, өзгеріске түсуге (құбылуға) ; төртіншіден, ұлғаюға; бесіншіден, азаюға; алтыншыдан, бір орыннан екінші орынға ауысуға (одан әрі әл-Кинди осыларға талдау берген, ол қазіргі кезде жұртшылыққа белгілі мәселелер. - Ғ. Е. )

IV. Орын туралы пікір

Орын туралы философтардың пікірлері әртүрлі. Кейбіреулер орын деген жалпы жоқ дейді. Кейбіреулер (мысалы Платон) орын деген дене дейді. Өзгелер орьш деген бар, бірақ ол дене емес деген. Аристотельдің айтуынша, орын деген бар және нақтылы.

Орын болса, ол қандай, оның мәні неде? Сондықтан да біз мәселені оның барлығынан бастап отырмыз. Біздің пікірімізше, дене ұлғаяды, кішірейеді немесе қозғалады. Мұның бәрі қажеттіліктен туған. Осы әрекеттерде дененің алатын кеңістігі бар. Осы дененің нақтылы алатын кеңістігін біз орын дейміз (әл-Кинди орын туралы айтқанда, философияца кейінірек қолданылған «кеңістік» дегенді айтпайды, бірақ та оның «орын» туралы пікірлері қазіргі кездегі философиядағы «кеңістік» ұғымына жақын.

V. Уақыт туралы пікір

Уақыт туралы да философтардың пікірлері әртүрлі. Кейбіреулердің айтуына қарағанда, уақыт дегеніміз - қозғалыстың нақты өзі, өзгелердің пікірінше, уақыт деген қозғалыс емес. Сондықтан біз осы екі пікірдің қайсысы теріс, қайсысы дұрыс екенін анықтауымыз қажет . . .

Ескертпе: Төменде әл-Киндидің «Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгерудегі қажеттілік туралы трактатын» және «Бес мән туралы кітабын» орыс тілінен қазақ тіліне тұңғыш рет аударып, оқырман қауымға ұсынып отырмын.

«Таза ағайындар» еңбегі сол кезде кеңінен таралып, тіптен ол XIII ғасырдың өзінде дін иелеріне біршама беймазалық әкелген. Бұлардың еңбегі мұсылман Испаниясындағы мәдени жетілуге айтулы ықпалын тигізген. Оны Испанияға таратушы арабтың испандық ғалымы Мұслим бну-Мұхаммед ал-Маджрит (1005 жылы өлген) .

«Таза ағайындар» негізінен мутазалиттер ілімін жалғастыра отырып, дін мен философияны ажыратып, олардың бірлігін зерттеп, ғылым мен білімнің еркін өсуіне жол ашқан. Олар діндердің бірігіп, ақиқат іздеуіне шақырған. Бұлардың айтуынша, шындық араб шариғаты мен грек философиясының білімінде деген. Кейін осы идеяны Фома Аквиант . . . негізінде жүзеге асырды. Яғни католик діні мен грек философиясын (Аристотельді) біріктіріп, дүниетанымының іргесін қалады. Сондықтан кезінде «таза ағайындар» жолдамасы деп айтылатын еңбекті дін басшылары отқа өртетіп отырған.

«Таза ағайындардың» елу бір томдық энциклопедиясының құрылымы кейін Еуропада ғылымдар классификациясын жасауда таптырмайтын «методикалық әрі методологиялық» құралға айналды. Айталық, олардың герменевтика деген білім саласы Батыста арнайы философиялық тәсілге әрі философияның бір ағымына айналды. Еуропада Ф. Шлегель, Шлейермахерлерден басталып, В. Дильтей психология саласында қолданса, Гуссерль болса сананың интенционалдық сәтін түсіндіруде, Хайдегтер тілдің мәнін түсінуде, ал философиялық мәнде итальяндық заң тарихының маманы Э. Бетти «Герменевтикалық манифесте» (1954 ж. ) және «Түсінік туралы жалпы теория» (т. 1. 2. 1956 ж. ) еңбектерінде герменевтиканы тарихи және гуманитарлық ғылымдардың методологиясы ретінде қарастырған. Неміс философы Гадамер болса герменевтиканы тек гуманитарлық ғылымдар әдісі ғана емес, онтология, яғни болмыс туралы ілім ретінде қолданған.

Гадамердің басты еңбегі «Ақиқат және тәсіл. Герменевтикалық философияның негізгі сипаттары» (1960) орыс тіліне аударылған.

Міне, осы проблеманы таза ағайындар X ғасырда пән ретінде
оқытудың негізін жасаған. Мен қазақ философиясын, оның ішінде Иассауи, Абай, Шәкәрім сияқты ойшылдар дүниетанымын шын зерттеуде герменевтикалық тәсілді қолданудамын.
Мұндай істің нәтижелері баршылық. Герменевтикалық тәсілмен
жұмыс атқарып, тамаша еңбек жазған - қазақстандық ойшыл ақын Олжас Сүлейменов. Ол «Аз и Я» кітабында герменевтикалық тәсілдің предметі ретінде тілді алған. «Аз и Я» - этимологиялық еңбек қана емес, ол тілдік лексиканы түсіндіруші еңбек.

«Таза ағайындар» қызметімен араб философиясының алғашқы (бірінші) кезеңі аяқталып, енді ғылым мен философия Орта Азия, Иран, Қазақстанда гүлдене бастайды. Оның саяси себебі, араб халифаты тұтастығын жойып, жеке-жеке мұсылман мемлекеттері пайда бола бастаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл- киндидің өмірі
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
«Арабтардың философы» - әл – Кинди
Мұсылман әлемінің философиясы
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Дін философиясы. Философия танымы
Орта ғасыр философиясы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ислам мәдениеті
Мұсылман әлемінің философиясы. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мүламмед ибн
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz