Қиын балаларды тәрбиелеу


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Жалпы психология
кафедрасы меңгерушісі
п. ғ. д., профессор Торыбаева Ж. З.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қиын балаларды тәрбиелеу
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы
Орындаған: Дүйсенова Қарлыға
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. д., профессор м. а. Мұсабекова Г. Т.
Түркістан - 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1 Қиын бала және оның пайда болу себептері . . . 6
1. 2 Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктері . . . 12
1. 3 Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық тұрғыда талдау . . . 19
2 ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 29
2. 1 Қиын балаларды психодиагностикалау жолдары, әдістемелері . . . 29
2. 2 Қиын балаларды тәрбиелеу және коррекциялау жолдары, әдістемелері . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» [1] -деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім - ол адамзаттың қас жауы»[2] дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді.
Қоғамымызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, жезөкшелік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр. Сондықтан қазір жалпы білім беретін мектепте «қиын» баланы қайта тәрбиелеу мәселесі - аса өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік проблемаға айналды.
Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.
Жас ұрпақ тәрбиесі, жастардың рухани және дене дамуына байланысты қамқорлық - қоғамымыздың маңызды мәселелерінің бірі. Бұл талап өзгеріссіз Қазақстан Республикасының үкімет құжаттарында, президент Н. А. Назарбаевтың баяндамаларында көрініс табады . Бұл - үлкен мемлекеттік мәнге ие. Үкімет шешімі мұғалімдер, ата-аналар мен тәрбиешілердің жас ұрпақты тәрбиелеу әдістері мен формаларын нығайтуын көздейді. Бұл жағдайда педагогикалық ұжым қиын деп аталатын балаларға ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Оқушылардың осы категориясымен тәрбие жұмысының тиімділігі үш міндеттің, яғни баланың жеке тұлғасын меңгеру, қиын аталуының факторларын анықтау, тербиелеуші күштердің сақтандыру жеке түзету іскерлігі жүйесін өңдеумен тығыз байланысты. Соңғы кездегі ғылым және тәжірибе адамдарының ой-толғаулары мен күштерінің құралы да осы болып табылады.
Әдебиеттер талдауы қиын оқушылармен жұмыста педагогикалық ұжым, оның ішінде педагог-психолог үлкен рөл атқаратындығын көрсетті. Мұғалім қоғам алдында жас ұрпақ тәрбиесінің сапалы болуына жауап береді. Мұны Ы. Алтынсарин[3], Н. К. Крупская[4], А. С. Макаренко[5], К. Д. Ушинский[6], К. Д. Шацкий[7] және т. б. қолдады.
Егер бұрын педагогикалық әдебиеттерде мұғалімдердің қиын оқушылармен күресінің қажеттілігіне көңіл бөлінсе, ал соңғы он жылдықтағы зерттеулер қиын тәрбиеленетін оқушылардың алдын алудың, тәрбиелік-сақтандыру және түзету жұмыстарының ғылыми негізделген формаларын, педагогикалық ұйымдастырудың жүйесін тұрақты іздеумен ерекшеленеді.
Осыған байланысты мектеп мұғалімдерін теориялық негізделген, тәрбиелік - сақтандыруға бағытталған тәжірибелері бар зерттеулер қызықтырады. Олардың ішінде А. А. Алемаскин, В. Н. Аванесова, А. С. Белкин, Э. П. Костяшкин, А. И. Кочетов, А. К. Қарабаев, О. В. Крушельницкая, Н. Л. Пряжников, Н. В. Элиасберг және т. б. зерттеулері ерекше мәнге ие.
Қазақстанда қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен Г. А. Уманов[8], Л. К. Керимов[9], Е. Батталханов [10], А. Байтабанова[11] т. б. ғалымдар айналысқан.
Қиын балалармен жұмысты мектепте негізінен сынып жетекшісі мен психолог бірігіп жүргізеді.
Балалар дамуындағы жас кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеру - мектептің алдында тұрған күрделі проблемалардың бірі. Өйткені, мектепте оқитын шағында балалар өмірінде ерекше орын алатын жеткіншек жасында ағзада қайта құру процестері жүреді. Психолог оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсетуі керек. Мектеп психологтары осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр баланың өзінің алдында тұрған қиындықтарын зерттеп, мән- мағынасына толық түсініп алуы қажет.
Жеткіншек жастағы балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеушілер Р. Байярд, Д. Байярд [12], Т. В. Драгунова [13], А. Е. Личко [14], М. Кле [15], М. Реттер [16], Л. С. Выготский [17], П. М. Якобсон [18], И. С. Кон [19] т. б. осы кезеңде бала ағзасында болатын көптеген физологиялық процестер олардың жан қасиеттеріне күрделі әсерін тигізетінін дәлелдеген. Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс - тәсілдер жүйесі қазіргі жан - жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар И. В. Дубровина, З. А. Малькова, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Родионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников, И. О. Татур, М. Р. Битянова, Л. И. Прихожан, Р. С. Немов, В. Г. Гильбух, Е. И. Рогов, Р. Римский, С. Римская т. б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелер анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар, әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшіліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген.
Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектікке өтуіндегі проблемалары көрсетілді. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен, оларға әр баланың алдында тұрған проблемаларды ескере отырып, оларға дәл және тиімді көмек көрстеуге, әр баланың проблемасының ерекшіліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Сондықтан, әр психолог жұмысқа даярлықты өзінің шамасы келгеніше толық қамтуға тырысуы керек.
Зерттеу мақсаты : қиын балаларды тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Зерттеу нысаны : қиын балаларды тәрбиелеу.
Зерттеу пәні : педагог-психологтың қиын балаларды тәрбиелеу бойынша жұмыс жүйесі.
Зерттеу міндеттері :
- тақырып бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді теориялық талдау;
- қиын бала ұғымының мәнін ашып, анықтама беру;
- қиын балалардың шығу себептерін зерттеу;
- мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық тұрғыда талдау;
- қиын балаларды тәрбиелеудің психодиагностикалық және коррекциялық әдістемелерін анықтап, эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы:
- қиын балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері анықталды;
- қиын бала ұғымының мәні ашылып, анықтама берілді;
- қиын балалардың шығу себептері айқындалды;
- мінез-құлқында қиындығы бар оқушылар психологиялық тұрғыда талданды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы : қиын балаларды тәрбиелеудің психодиагностикалық және коррекциялық әдістемелері анықталып, реттеліп, жүйеге келтірілді. Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін мектепте педагог-психолог жұмысында пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: тұлғаның өз өмірінің субъекті туралы, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, қиын балаларды тәрбиелеу туралы философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулер, тәрбие туралы үкімет бағдарламалары т. б.
Зерттеу әдістері: тақырыпқа орай әдебиеттерді талдау, бақылау, әңгіме, анкета, эксперимент т. б.
Зерттеу базасы: Түркістан қаласындағы М. Әбенқызы атындағы мектеп.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 9 кестемен, 2 суретпен өрнектелген.
1 ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қиын бала және оның пайда болу себептері
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын бала ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (П. П. Блонский) [18] . Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр.
«Қиын» бала ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін - ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін - ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін - ол белсенді, бағынбайтын сотқар бала.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандардың зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Орыс ғалымы П. П. Блонский бала психикасының өзгермелі екендігін түсіндірді: «Қиын бала, бұл ең алдымен кәдімгі бала, оған табиғи қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол педагогикалық қараусыз қалған. Сондықтан, оны дені сау қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу керек» -деді. Ол: «Қиын баланы дұрыс бағаламаудан сақтандырады, қиын балаларды анықтауда көп нәрсе мұғалімнің өзіне, оның көзқарасына байланысты», - дейді [18, 236-б] .
«Қиындықпен тәриелену» мәселесі Г. А. Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттелген[19] . Өзінің зерттеулерінде «қиын бала» ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық жапа шеккендерді жатқызады. Г. А. Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады.
«Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Жалпы алғанда, былай айтсақ болады: қиын бала - педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған, мінез-құлқында, жүріс-тұрысында ауытқушылықтары бар бала.
«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін», - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз) . Балаларда ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.
Л. С. Выготский «қиындықпен тәрбиеленумен» күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» (1936ж. ) еңбегінде ол былай жазады: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы»[20] . да нәтижеге жетуге болады. Л. С. Выготский жеке адам тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі - аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.
«Қиын» оқушыларды ғалымдар екі топқа бөледі: біріншісі - тән кемтарлығы және жан-жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар (1-суретке сәйкес) .
Сурет 1. Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушылар
Жоғарыдағы тән кемтарлығынан пайда болатын қиын балалар өзін көпшіліктен аулақ ұстайды да, жалғыздыққа бой алдырады. Осының салдарынан мінез-құлқы тез өзгеріп, психикалық ауытқулар пайда бола бастайды. Бұл кей кездерде трагедиялық жағдайларға алып келіп жатады. Мұны дер кезінде байқап, алдын алмаса ушығып кететін процес. Міне, осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін ата-ана мен ұстаздар қауымы оқушыны жіті бақылап, оның тәрбиесіне, іс-әрекетіне, сондай-ақ, мінез-құлқына ерекше мән беруі міндетті.
Ал отбасында, мектепте тәрбиеден шет қалған қиын балалардың мінез-құлқындағы қиыншылықты жеңу де оңайға соқтырмасы анық. Бұл проблемаларды болдырмау үшін ең алдымен оқушымен күнделікті жүйелі жұмыс жүргізіліп тұруы абзал. Мектепте болсын, үйде болсын оқушыға түрлі тапсырмалар беріп, оны орындау барысын қадағалап тұрса, баланың басқа жағымсыз іс-әрекеттер жасауға уақыты бола бермейді. Мұнан шығатын қорытынды - баланы үнемі бақылауда ұстап, мінез-құлқына жіті көңіл -бөліп отырса, ешқандай қиындықтың болмайтыны шүбәсіз. Қазіргі кездегі біздің қоғамда бұл жағы ақсап жатады да, көше кезген бұзық балалардың көбеюіне әкеп соқтырады.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырады.
Бала мінез-құлқының қиын болып келуі бірнеше факторға байланысты:
Биологиялық фактор - анасының баласына жүкті кезінде денсаулығы дұрыс болмағандықтан, бала туғаннан жүйке ауруымен көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылған ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр, баяу қозғалады. Сонымен қатар, әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақатталудан, уланғыш заттар зияны әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған.
Үйшілік факор - жанұяда бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп жазықсыз бала қылмысқа ілікгеді. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Баласының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған.
Мәселен, рухани байлықтан материалдық байлықтың жоғары тұрған қазіргі нарық заманында, көп жағдайда ата-аналардың өз балаларына көбірек көңіл бөлуге уақыты мен мүмкіндігі бола бермейді де, бар жауапкершілікті мұғалімдерге жүктей салады. Міне, мектептегі қиын балалардың саны осындай жауапсыздықтан арта түсетіндігін шегелеп айтқымыз келеді. Біздің ұтылып отырған жеріміз де осы. Себебі, бүгінгі көпшілік ата-ананың ұғымы бойынша, баласының қарны тоқ, көйлегі көк болса болды, білімге, тәрбиеге назар аудармау белең алып барады.
Сонымен қатар, тұлғаның қалыптасуына кері әсерін тигізетін тағы бір жайт-баланың әкесі мен шешесінің көзқарасы бір-бірімен сәйкес келмеуі. Соның кесірінен бала ата-анасының біреуінің ғана тәрбиесін көріп, яғни толық емес отбасында тәрбиеленеді. Мұндай жанұяларда сотқар балалардың тәрбиеленіп шығуы қазіргі таңда үйреншікті жайға айналғандай. Бұл жағын таратып айтпаса да түсінікті. Себебі, отбасындағы ата-ананың толық болмауы бала тәрбиесіне айтарлықтай зиянын келтіреді. Мәселен, ұл бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше деген секілді. Біздің анықтауымызша, ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ал ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екіжүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Географиялық фактор - бірінші қауіпті экологиялық аймақта ұзақ уақыт өмір сүрген жергілікті экологияның әсерінен ананың, баланың денсаулығы өте нашар, бірнеше дәрігерлік тіркеуде тұрады. Қалаға көшіп келудегі бірден-бір себеп-жергілікті экологияның әсерінен баланың ананың денсаулығының нашарлауы.
Ұсақ әлеуметтік фактор - баланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жанжалдасуы, ұрып-соғу т. б. ) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.
Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін басқалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік басым болады, "Қиын" жеткіншектерде жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады.
Бала тәрбиесінде аса мұқияттылықпен мән беретін жайттардың бірі - баланың шектен тыс ерке немесе шолжаң болып кетпеуін қадағалау. Ерке өскен бала әдетте ешкімді тыңдағысы келмейді де, түрлі қиындықтарға тап болады. Өзінше шешім қабылдай алмай, түрлі қылмыстар жасауы әбден мүмкін. Көп жағдайда төбелесуге бір табан жақын тұратын сотқар балалар да осылардан шығады. Сонымен қатар шылым, алкогольдік ішімдіктерге әуестенгіш болып келеді. Мадақтау мен мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ештеңеге қол жеткізе алмайды. Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік сезімдері қалыптасады.
Сонымен қатар осыған қарама-қарсы болып келетін енжар балалар да мектеп қабырғасында бүгінгі күндері көптеп кездесіп жүр. Енжар балалар әдетте ынтасыздық, алаңғасарлық сияқты бала бойындағы түрлі қасиеттер негізінде пайда болады да, өзін қоршаған ортадағы адамдардан аулақ ұстауға дағдыланады.
«Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады, ұжымдық түрдегі жұмыстар әсер етеді, өзіне сенімсіздік көрсетеді», -дейді В. Г. Степанов[20] .
Ал И. А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді[21] . Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:
1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамай-ақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz