Қарым-қатынастың өзара әрекеттестік қызметі
1. Қарым.қатынастың өзара әрекеттестік қызметі (интерактивті жағы).
Әлеуметтік бақылау және әлеуметтік нормалар. Қарым.қатынас процесіндегі ролдер. Тұлғааралық әрекеттесу стратегиясы.
2. Вербальды емес қарым.қатынас қызметі.
Вербальдық емес қарым.қатынас тәсілдері мен техникалар.
3.

Қарым-қатынасқа түсетін кезде, я болмаса басқа дамға сұрақпен, бұйрықпен, бір нәрсені түсіндіру немесе суреттеу кезінде адамдар өз алдына басқа адамға ықпал ету мақсатын қояды. Яғни, одан өзіне керекті жауап алу үшін, тапсырманы орындату үшін, осы күнге дейін түсінбегенін түсіну үшін басқа адамға ықпал етеді. Қарым-қатынас мақсаты адамдардың бірлескен іс-әрекет қажеттіліктерін бейнелендіреді. Бұл жерде қарым-қатынас тұлғааралық әрекеттестік ретінде, яғни адамдардың бірлескен іс-әрекет процесінде қалыптасатын байланыстар және өзара ықпал ету жиынтығы ретінде шығады.
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайында өтеді. Әлеуметтік норма негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік норма дегеніміз – қоғамда қабылданған мінез-құлық үлгілері. Қоғам әлеуметтік норма ретінде өзі қабылдаған , қолдау көрсеткен, таратқан және әр адамнан күтетін мінез-құлық үлгілерінің ерекше жүйесі. Оларды бұзу нормадан ауытқыған мінез-құлықты жөндеуді, түзетуді қамтамасыз ететін әлеуметтік бақылау механизмдерін қосады (сынау, жазалау, жақтырмау). Өзара әрекеттестік процесін де әлеуметтік бақылалу қарым-қатынас жасаушы адамдардың “орындаған” рөлдер репертуарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Психология ғылымында роль деп әркімнің сол әлеуметтік позицияны алатын,әркімнен қоршағандардың күтетін нормативті қолдаған мінез-құлық үлгісін айтамыз (қызметі бойынша, жас және жыныстық ерекшелік бойынша, отбасында алатын орнына, т.б. байланысты). Бір адамның өзі әр түрлі қарым-қатынас ситуациясында әр түрлі рөлдерді орындайды. Мысалы, адам қызмет бабы бойынша директор бола тұрса да, ауырып қалғанда ауруддың рөлін ойнайды. Рөлдік позициялардың көптігі олардың қақтығысып қалуын, яғни, рөлдік конфликтілерге әкелуі мүмкін. Мысалы, мұғалім өз баласының мінезіндегі кемшіліктерді біле тұра, қаталдау болу керек екенін біледі, бірақ оның анасы ретінде ол кей кезде әлсіздік білдіріп, осы жағымсыз қасиеттердің бекіп қалуына ықпал етеді. Әр түрлі рөлдерді орындайтын адамдардың өзара әрекет етуі рөлдік күтулермен басқарылады. Істегісі келе ме, жоқ па бірақ адам қоршағандардың одан үлгіге сәйкес мінез-құлық күтеді.
Соынмен, қарым-қатынас процесінің табысты болуының қажетті шарты болып өзара әрекет етуші адамдардың бір-бірінен күтетін мінез-құлқының сәйкестігі табылады.
Қарым-қатынастың интреактивті жағы – адамаралық қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанада жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.

Қарым-қатынастың өзара әрекеттестік қызметі (интерактивті жағы).
Әлеуметтік бақылау және әлеуметтік нормалар. Қарым-қатынас процесіндегі
ролдер. Тұлғааралық әрекеттесу стратегиясы.
Қарым-қатынасқа түсетін кезде, я болмаса басқа дамға сұрақпен,
бұйрықпен, бір нәрсені түсіндіру немесе суреттеу кезінде адамдар өз алдына
басқа адамға ықпал ету мақсатын қояды. Яғни, одан өзіне керекті жауап алу
үшін, тапсырманы орындату үшін, осы күнге дейін түсінбегенін түсіну үшін
басқа адамға ықпал етеді. Қарым-қатынас мақсаты адамдардың бірлескен іс-
әрекет қажеттіліктерін бейнелендіреді. Бұл жерде қарым-қатынас тұлғааралық
әрекеттестік ретінде, яғни адамдардың бірлескен іс-әрекет процесінде
қалыптасатын байланыстар және өзара ықпал ету жиынтығы ретінде шығады.
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайында
өтеді. Әлеуметтік норма негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік норма дегеніміз – қоғамда қабылданған мінез-құлық
үлгілері. Қоғам әлеуметтік норма ретінде өзі қабылдаған , қолдау көрсеткен,
таратқан және әр адамнан күтетін мінез-құлық үлгілерінің ерекше жүйесі.
Оларды бұзу нормадан ауытқыған мінез-құлықты жөндеуді, түзетуді қамтамасыз
ететін әлеуметтік бақылау механизмдерін қосады (сынау, жазалау, жақтырмау).
Өзара әрекеттестік процесін де әлеуметтік бақылалу қарым-қатынас жасаушы
адамдардың “орындаған” рөлдер репертуарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Психология ғылымында роль деп әркімнің сол әлеуметтік позицияны
алатын,әркімнен қоршағандардың күтетін нормативті қолдаған мінез-құлық
үлгісін айтамыз (қызметі бойынша, жас және жыныстық ерекшелік бойынша,
отбасында алатын орнына, т.б. байланысты). Бір адамның өзі әр түрлі қарым-
қатынас ситуациясында әр түрлі рөлдерді орындайды. Мысалы, адам қызмет бабы
бойынша директор бола тұрса да, ауырып қалғанда ауруддың рөлін ойнайды.
Рөлдік позициялардың көптігі олардың қақтығысып қалуын, яғни, рөлдік
конфликтілерге әкелуі мүмкін. Мысалы, мұғалім өз баласының мінезіндегі
кемшіліктерді біле тұра, қаталдау болу керек екенін біледі, бірақ оның
анасы ретінде ол кей кезде әлсіздік білдіріп, осы жағымсыз қасиеттердің
бекіп қалуына ықпал етеді. Әр түрлі рөлдерді орындайтын адамдардың өзара
әрекет етуі рөлдік күтулермен басқарылады. Істегісі келе ме, жоқ па бірақ
адам қоршағандардың одан үлгіге сәйкес мінез-құлық күтеді.
Соынмен, қарым-қатынас процесінің табысты болуының қажетті шарты болып
өзара әрекет етуші адамдардың бір-бірінен күтетін мінез-құлқының сәйкестігі
табылады.
Қарым-қатынастың интреактивті жағы – адамаралық қарым-қатынастың,
адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге
арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек
мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу
жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен
әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанада жеке адамаралық қарым-
қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің
қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Тұлғааралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей
болады:
Әр түрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа
түсуінде бірнеше маңызды әлеуметтік мотивтер айқындалған.
1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві);
2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);
3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция);
4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм);
5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік).
Әр түрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін
әрекеттесуді координат жүйесінде (1-сурет) тұрғызуға болады.
1СУРЕТ қарым-қатынас стратегиялары
У осінде - өз мақсаттарына, Х осінде басқалардың мақсаттарына
бағытталған әрекеттесу стратегиялары тұрғызылған. Әрбір шкалада максимум
(ең жоғарғы) және минимум (ең төменгі) бағытталу деңгейлері анықталады.
Бастапқы әлеуметтік мотивацияға байланысты қатынасушылардың (әрекетке
түсушілер) бес негізгі стратегиясын белгілеп көрсетуге болады.
Қ нүктесі қарсы әрекет (бақталастық, конкуренция) толығымен өз
мақсатына бағытталу.
А нүктесі – аластаушылық, басқаның жетістігін төмендету мақсатымен, өз
мақсатын жоғарылату (индивидуализм, агрессия).
К нүктесі көнгіштік стратегиясын көрсетеді (альтруизм мотиві). Бұл
жағдайда адам өз мақсаттарын басқаның мүддесіне айырбастайды (көндіреді).
Ы нүктесі – ымыраға келу (компромисс), жетістіктер арасындағы
айырмашылықты неғұрлым төмендету. Шартты теңдікке жету үшін өз мақсаттарын
толық іске асырмау (теңдік).
Б нүктесі – бірлескен әрекет (ынтымақтастық) әрбір қатынасушының
мүддесін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бұл жағдайда әлеуметтік
мотивтердің екеуінің біреуі (кооперация мен бәсекелестік) іске асырылады.
Соңғы стратегияны әрекеттесу нәтижелілігі тұрғысынан да,
әрекеттесушілердің өзара қарым-қатынасы мен өзін сезінуі тұрғысынан да ең
нәтижелісі деп қарастыруға болады. Сонымен бірге іске асырылуы тұрғысынан
ең қиыны, себебі қарым-қатынасқа түсушілерден, басқаның мүддесін түсіне
білу, туындайтын қарам-қайшылықтарды шеше білу талап етіледі. Көбінесе,
адамдарды бірлескен әрекет жасатуға үйрету, белсенді әлеуметтік-
психологиялық біліммен қаруландыру әдістері арқылы шешілетін дербес
психологиялық міндет.
Әрекеттесу процесінің маңызды сипататмаларын қарастырудың бірнеше
жолдары ұсынылған. Мәселен, Т. Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің
әрбір бөлек актісінің мынандай элементтері бар: а) әрекет етуші; ә) басқа
обьект (әрекет бағытталған обьект); б) нормалар (әрекеттің
ұйымдастырылуындағы); в) құндылықтар (әрбір әрекеттсушінің қабылдағандары);
г) ситуация – жағдай (әрекет жасалынатын кездегі). Бұл өте абстрактылы
теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды.
Екінші бір түрі, әрекеттесу сатыларын қарастырумен байланысты. Поляк
социологы Я. Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В. Н. Панферов та
(1987) қарастырады.
Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактылы талдауда
– қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуацияны есептеу және
әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады (Берн, 1988). Осы әдіс
кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактылы талдау бойынша
әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның біреуінде болады (2 схема).
Шартты түрде бұл позицияларды – Ата-ана, Ересек, Бала деп делгілеуге
болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы Қалаймын!, Ата-ана
позициясы Керек!, Ересек позициясы Қалаймын мен Керектің бірлесуі.
Әрбір әрекетте мінез-құлық пен әрекеттің өз стилі болады. Негізінен
стиль үш түрлі: ритуалды (салт-жоралары), манипулятивті және гуманистік
болып ажыратылады. Ритуалды стиль негізінде стильді ситуациямен
сәйкестендіру қажеттігінен анық көрінеді. Стиль әдетте белгілі мәдениетпен
анықталады. Мысалға, амандасу стилі. Американдық мәдениетте Хал қалай?
дегенде өте жақсы деген жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне
жауап беріледі, хал нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ
мәдениетінде аралық стиль қалыптасқан. Қазақтар көбіне жаман емес,
орташа, жайлап жүріп жатырмыз деген жауаптар береді. Бір салттың адамы
екінші бір салттың жауабын естігенде түсініспеушілік туындауы мүмкін.
Манипулятивті және гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік
психологиядағы өздігінен үлкен проблема болып есептеледі.
Әрекеттесудің инвариантты сипаттамаларын қарастыруды Р. Бейлс 4
категорияның көмегімен көрсетеді: позитивті (оң) эмоциялар аймағы,
негативті (теріс) эмоциялар аймағы, проблемаларды шешу және проблемаларды
қою аймақтары. Өз кезегінде әрбір категория бірнеше маңызды көріністермен
айқындалады (схема түрінде 2-суретте көрсетілген).
Әрекеттесуді талдау категориясы Маңызды мінез-құлықтық көріністер
Оң эмоциялар аймағы Ынтымақтастық, шиеленісті шешу,
келісім
Проблеманы шешу аймағы Ұсыныс, нұсқау, пікір басқалардың
бағдары
Проблема қою аймағы Мәлімет туралы өтініш, пікір айтуға
ұсыныс, нұсқауға ұсыныс
Теріс эмоциялар аймағы Келіспеушілік, шиеленіс тудыру,
қарама-қарсылық көрсету
2 сурет. Әрекеттесудің сипаттамалары
Нақты әсерлесу барысында әрбір категориялық көрінуінің жиілігі мен
формасын тіркеп жазып отырып, оның ерекшеліктерін түсінуге болады. Мысалы,
қарым-қатынас қандай сферада өтуде, неге бағытталған, қатысушылардың
өздерін ұстауы үйлесімді болды ма, әлде бір-бірінен алыстауға бағытталды
ма, тағы сол сияқтылар. Осындай ерекшеліктер педагогтық әсерлесу барысында
да көрініс береді (мысалы, сабақ үстінде мұғалім мен оқушы).
Қарым-қатынастың хабар алмасу қызметі (коммуникативті жағы). Вербальды
қарым-қатынас. Тіл. Сөйлеу механизмдері.
Пысықтау сұрақтары:
1. Қарым-қатынастың хабар алмасу қызметі.
2. Вербальды қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіздер және оның
құралдары қандай?
3. Сөйлеу мен тілдің өзара байланысын ашып көрсетіңіздер.
4. Сөйлеудің физиологиялық механизмдерін талдаңыздар.
Дәріс 5, 6 (2 сағат) Вербальды емес қарым-қатынас қызметі.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдері мен техникалар. Вербальдық
емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың
маңызды компоненті болып табылады. Мамандардың берген бағасы бойынша қарым-
қатынас процесіндегі хабардың негізгі бөлігін жеткізудің және қарым-қатынас
серігінің бейнесін нақты құрудың негізгі көзі болып табылады.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А.
Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы
вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика
(ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 папйызы – дауыстың
интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас
процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге
байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан
астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі
сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.
Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе
эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың
ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.
Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-
реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы
қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы).
Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің
ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс
үнінің жоғарылығы, қаттылығы)
Экстралингвистикалық қарым-қатынас құралдарына: сөздегі кідірістер мен
адамның психофизиологиялық көріністері (күлкісі, жылау, жөтелу, дем алу,
қыңқылдау, т.б.).
Проксемикалық құралдар – қарым-қатынасқа түсушілер үшін маңызды
хабардан тұратын қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт ситуациялары.
Такесикалық қарым-қатынас тәсілдері дегеніміз қарым-қатынас серігіне
қол тигізу: қол алысу, арқасынан қағу, құшақтау, сүю т.б.
Коммуникативті техникалар – қарым-қатынас ситуацияларының элементеріне
әсер ету, түсіндіру және қабылдау тәсілдерінің жиынтығы (серіктес бейнесін
дәл құрастыру, контакт орнату, басқанны түсіну, хабар мен эмоцияларды
жеткізу, өзараәрекеттесушілердің мінез-құлқына әсер ету және өзгерту,
т.б.). Айтылған техникалар вербальдық және вербальдық емес болып бөлінеді.
Вербальды емес коммуникативті техникалар дегеніміз - өзара әрекет
етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды
ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербальды емес
қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинестикалық,
тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады.
Кинесика – адам сезімдері мен эмоцияларының сырт көріністерін
зерттейтін ғылыми білім аумағы. Оның ғылыми обьектісі ретінде ым-ишара,
қимыл-қозғалыс, пантомимика және көз арқылы білдіру (көз арқылы контак
жасау) шығады.
Ым-ишара – хабар алмасуда аса үлкен роль адамның ішкі эмоциялық
жағдайын бет бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы арқылы бейнелеуге байланысты.
Адамға әсер ету құралы болып табылады. Оған қуану, таң қалу, ашу-ыза,
қайғыру, қорқыныш эмоциялары жатады. Жағымды эмоциялар (махаббат, қуану,
т.б.) нақты білдіріледі және оңай танылады. Жағымсыз эмоциялар (ашу,
жиіркену, қайғыру) қиын танылады. Ым-ишараның анағұрлым мәнерлі элементтері
қас пен ерін болып табылады. Олардың қалпының немесе пішінінің шамалы ғана
өзгеруінің өзі эмоцияның түбегейлі өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты
адамның жүздеген эмоциялардың реңктерін өзгерту мүмкіндіктері бар. Мысалы,
Л.Н. Толстой күлкінің 97 түрлі реңін айырып жазған.
Адамның көзі ым-ишара бұлшықеттерінің жұмысымен тығыз бірлікте қызмет
етеді. Адам көз қарашығының мөлшерін, көздің маңайындағы бұлшықеттердің
жұмысын басқара аламайды. Қарым-қатынас серігінің шынайы сезімдері мен ой-
толғаныстары жайлы маңызды хабарлардың бұлағы көз болып табылады. Мысалы,
егер де серіктес әңгімелесушінің көзімен әңгіменің үштен бір бөлігінен аз
уақыт байланыс жасаса, онда ол қандай да бір хабарды жасырғысы келетіні
немесе өзін кінәлі сезінетіні немесе ұят, сенімсіздік білдіретіні
анықталды.
Бейтаныс адамның көзбен байланысының ұзақтығынан оның әлеуметтік
статусын анықтауға болады. Жоғары әлеуметтік сатыда тұрған адамдар
(басқарушы, лидер) қарым-қатынас серігне ұзақ уақыт қарайтыны дәлелденген.
Сезімдердің, көңіл-күйлердің көптеген көріністері адамның қимыл-
қозғалыстарынан анықталады. Қимыл-қозғалыс алфавитін, грамматикасын
білу адамды кітап сияқты оқуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік қимыл-
қозғалыстар, ым-ишараларға қарағанда аз мөлшерде сапалы түрде бақылауға
алынады.
Вербальдық емес қарым-қатынас саласындағы мамандар А. Пиц, Дж.
Ниренберг және Г. Калеро қимыл-қозғалыстардың толық классификациясын
береді.
1. Ашық қимыл-қозғалыстар және сенім, ықылас қимыл-қозғалыстары
алақанның визуалдық бақылауы үшін жеңілдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ,
қандай да бір аяқ-қолды айқастырудың болмауымен ерекшеленеді, қолды кеудеге
қою мен серіктесіне қолды тигізумен ерекшеленеді. Мұндай қимыл-қозғалыстар
серіктестің психологиялық ашықтығы мен адалдығын дәлелдеп, оның тең құқылы
өзара әрекеттесуге дайын екендігін көрсетеді.
2. Жабық қимыл-қозғалыстар немесе адал емес қимыл-қозғалыстар
жоғарыда суреттелген. Олар қарым-қатынаста екінші (жасырын) мақсат бар
екендігін көрсетедеі, серіктестің қарама-қайшы психологиялық міндеттерді
шешкелі тұрғандығын көрсетеді.
3. Бағаладу қимыл-қозғалыстары (иекті қасу, сұқ саусақты беттің
бойымен созу, тұрып ары-бері жүру және т.б.) серіктестің сенімсіздік
білдіріп тұрғандығын көрсетеді.
4. Сенімділік қимыл-қозғалыстары (орындықта отырып ары-бері теңселу,
саусақтарды күмбез түрінде біріктіру, мұрынның ұшына қол тигізу)
серіктестің өз мүмкіндіктеріне өте сенімді екендігін көрсетеді, өзін жақсы,
жайлы сезініп тұрғанын және өзін басқалардан жоғары сезініп тұрғандығын
көрсетеді.
5. өзіне сенімсіздік және шыдамсыздық (неврозность) қимыл-
қозғалыстары (қол саусақтарын алйқастыру, алақанды шымшылау, саусақтармен
үстелдің бетін ұру және т.б.).
6. Күту қимыл-қозғалыстары алақандарды үйкелеу, ылғал алақандарды
матаға сүрту, т.б.
7. Мойындамау (отрицание) қимыл-қозғалыстары (денені артқа еңкейту,
қол мен аяқты айқастыру, мұрынның ұшына қол тигізу және т.б.) серіктестің
сенімсіздігінің тұрақты көрініс тапқандығын көрсетеді және фактілер мен
дәлелдерге негативті қатынастың деңгейіне жеткендігін көрсетеді.
Такесика – адам психикасының көріністерін серіктестердің жанасуын
зерттейтін ғылыми аумақ. Жанасу қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалдық
жақындығының деңгейін және статустық-ролдік бағытын бейнелейді.
Коммуникативті жанасулардың көптеген түрлерінің ішінде қол алысудың
мәні үлкен.
Мамандар қол алысудың үш түрін анықтайды: тең құқылы, өктем етуші,
елгезек (тіл алушы).
Тең құқылы қол алысу (қатты, алақан түзу беріледі, еденге тіке).
Өктем етуші қол алысу (қол жоғары жақтан беріледі, алақанды төмен,
әңгімелесушінің қолы кідіруі мүмкін) серіктестің өзі туралы ойы өте жоғары
екендігі туралы айтады, өзара әрекеттесу кезінде оның мақсаттылық пен
өктемдікке бел байлағандығы туралы айтады.
Елгезек қол алысу (қол солғын түрде төменнен, алақан жоғары беріледі)
серіктестің өктемдігін мойындауға дайын тұрғандығын бейнелейді.
Қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін праксемика деген
ғылыми аумақ зерттейді (ағылшынның proxiti - жақындық).
Тұлғааралық кеңістік зоналарға бөлінеді:
Сырластық зонасы (0-45 см) жақын адамдармен қарым-қатынас жасау үшін
арналған (жақындармен, сүйіктілермен). Бұл зонаға қарым-қатынас жасау үшін
сенімділік, тактильдік байланыс пен жәй сөйлеу тән.
Жеке зона (45-120 см) жақсы таныс адамдармен қарым-қатынас жасауға
арналады (достармен, ұжымда істескен адамдармен)
Әлеуметтік зона (120-400 см) іскерлік қарым-қатынасты жүргізу үшін аз
таныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған. Бастықпен оның қол
астында жұмыс істейтіндермен қарым-қатынас жасағанда әлеуметтік зонаны
пайдаланады. Түрлі кездесулер жасау үшін пайдаланылады.
Көпшілік зонасы (400 см, жоғары) үлкен аудиторияларда қарым-қатынас
жасару үшін арналған. Қарым-қатынас серіктерінің бірінің коммуникативті
арақашықтықты бұзуы қарым-қатынастың психологиялық жағдайының төмендеуіне
әкелуі мүмкін.
Қарым-қатынастың маңызы мен түрлері. Қарым-қатынастың көпқырлылығы.
Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат
қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-
қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.
Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни
индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға,
ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен
мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның)
психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең
алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті
қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік
қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: Өндірісте адамдар
тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен
өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре
алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға
түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана
олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады.
Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну
қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген
нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің
арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік
психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды
зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ
аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда
ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс
орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды
бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір
нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.

Адамдардың толық немесе жартылай әлеуметтік және сенсорлық жағынан
оңашалану жағдайында болған адамдардың психикалық ерекшеліктерін бақылауға
арналған көптеген зерттеулердің нәтижесі мынаны көрсетті: ол қағида бойынша
қабылдау, ойлау, есте сақтау, эмоционалдық процестердің, т.б. бірқатар
бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты аса белгілі эксперименттердің бірі
американың әйгілі зерттеушісі Геронның басшылығымен жүргізілген (1956 ж).
Зерттеушілер тобына төлем ақыға оңашаланған камерада неғұрлым ұзақ уақыт
өткізу ұсынылған. Арнайы құрылғылардың көмегімен (көзілдірік, сенсорлық
изолятор және т.б.) қоршаған дүниемен қарым-қатынас жасау минимумға жетелеп
түсірілді. Адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жойылды.
Зерттеушілердің көбі бұл экспериментті алғашқыда оңай ақша табу мен демалу
тәсілі дегенге сенді. Алайда, тек кейбіреулері ғана мұндай жағдайда 2-3
күнге дейін өмір сүруге шыдам білдірді. Анағұрлым мықтылары 6 тәулікке
шыдап, мұндай жетістікті үлкен батырлық деп есептеген. Өйткені
зерттелінушілердің 80 пайызынан артығы галлюцинацияның құрбаны болып,
дененің екіге бөліну, рухтың денеден бөліну сезіміне душар болды,
көбісі қарапайым арифметикалық және логикалық есептерді шеше алмады және
т.б.
Оңашалану (изоляция) жағдайында адамның дауыстап, өз-өзімен, қоршаған
заттармен, жануарлармен және ойдан шығарылған әңгімелесушілермен
сөйлесетіні байқалған. Осы тәріздес жағдайларға өз еркімен немесе
кездейсоқтықта қоғамнан және тұлғааралық қарым-қатынастан айрылған адамдар
мысалы: (теңіздер мен мұхиттарда жалғыз саяхаттаған, полярлық жағдайда
қыстағандар, үңгірлерді зерттеушілер,жер сілкінісі кезінде үйінділер
астында, елсіз аралдарда қалғандар, жеке камераға қамалғандар т.б.) дәлел
болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын
жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын
аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді
Дзен деп атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ
адамның денесі мен рухани жағынан дамып жетілу жолындағы күрделі
қиындықтарды жеңуге тура келеді. Бұл сынақ бойынша адамның ешкіммен қарым-
қатынас жасауына тыйым салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде
тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде Моритао делініп, адам
өзімен-өзі тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның
рухани дамуы тежеліп, жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін тататын болады.
Тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй
кешіп, кез-келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде одан орасан зор ләззат
алып, жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын
көрінеді. Бұл жайттардан біздер адамның кез-келген іс-әрекетінде тілдесіп
сөйлеу, қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар әрекет екендігін тереңірек
ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасамаса, онда оның
өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді
Қарым-қатынас іс-әрекеттің тиімді болуының маңызды факторы болып
табылатындығы туралы ХІХ ғ. аяғында француз физиологы Фере, ал кейіннен Ф.
Олпорт ашқан еді. В. Меде мен В.М. Бехтерев И.Н. Лангемен бірігіп
әлеуметтік фасилитация феноменін суреттеген (ағылшынның facilitate -
жеңілдету). Индивидтің іс-әрекетінің жылдамдығы мен өнімділігінің
жоғарылауы сол индивидтің әрекетіне бақылаушының немесе бақталас түрінде
шығатын шынайы қатысушылардың немесе оның санасында басқа адам бейнесінің
болуына байланысты. Таныс емес адамдардың енжар қатысуының өзі адамның іс-
әрекетінің нәтижесіне әсер ететіндігі анықталған. Қасындағы адамдар ұқсас
жұмыс істегенде немесе олар жұмыс үстінде бір-бірімен қарым-қатынас
жасағанда мұндай әсер күштірек болады. Ұжымдық іс-әрекеттердің жекелеген іс-
әрекеттерге қарағанда анағұрлым өнімді болатындығы В.М. Бехтерев
эксперименттерінің қатарында көрсетілген. Басқа зерттеушілердің
эксперименттерінде шешім қабылдауда топтық тәсілдің жекелеген тәсілден
артықшылығын дәлелдейтін нәтижелер алынған. Алайда ғылымда басқа адамдармен
нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-әрекетнәтижесіне кері әсер
ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер анықталған. Осыған орай
әлеуметтік ингибиция феномені айқындалған. Әлеуметтік ингибиция (латынның
inhebere – тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе қиялдағы)
қатысуының орындалып жатқан іс-әрекеттің сапасы мен жылдамдығының
нашарлауына әкеледі.
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет
және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында
күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу
және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы
дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі
организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи
қажеттілігімен бірдей.
Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса
маңызды. Мұны госпитализм деп аталған құбылыстан білуге болады. Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдарында балабақшадағы балалардың жақсы тамақтанып,
жақсы күтім жасалғанға көңіл бөлінген. Алайда жақын арада мұның жеткіліксіз
екендігі анықталды: балалар аурушаң болып даму деңгейінде артта қалды.
Олардың қимыл-қозғалысы дамымай сөйлеу әрекеті қалыптасқан жоқ. Оның себебі
тәрбие ықпалының жеткіліксіз, аз болғанында еді. Госпитализм құбылысын жеңу
жолы әр баламен жекелеп жүйелі түрде қарым-қатынас орнату, қоршаған
заттармен баланың әрекетін ұйымдастыру болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара
әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар
алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz