Нарықта ұсыныс


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Нарықта ұсыныс
- Нарықтың өте қысқа мерзімді кезең
- Вальрас бойынша тепе - теңдік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықта ұсыныс
Нарықта ұсыныс әрқашанда сатушылар (фирмалар, тауарлар мен қызметтерді өндірушілер) тарапынан орын алады. Ұсыныс дегеніміз сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті. Ұсыныс көлемі - бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. Ал ұсыныс бағасы - бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атаймыз: баға жоғары болғанда (басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді. Мысалы, 20 теңге бағамен сатушылар Х тауарының 2 бірлігін сатады, 30 теңге бағамен - 4 бірлікті, ал 50 теңге бағамен Х тауарының 6 бірлігін сата алады. Бұл тура байланыс мына формуламен беріледі:
Qs = f(P),
мұндағы, Qs - ұсыныс көлемі (supply) ; Р - баға (price) .
Өндірілген өнім санының бағаға тура байланыстылығын график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады. Ұсыныс қисығы дегеніміз ұсыныс заңын сипаттайтын графикалық көрініс, сатушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатқысы келетінін көрсететін қисық сызық. Әдетте, біз тік оське тәуелсіз айнымалыны (бағаны), ал көлденең оське тәуелді айнымалыны (ұсыныс көлемін) қоямыз (сурет 1) . Көрсетілген қисық оң көлбеулі және өспелі болып келеді.
0 2 4 6
Сурет 1. Ұсыныс қисығы (ұсыныс көлемінің бағаға тәуелділігі)
Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; д) сатушылардың саны; т. б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады. Ал ұсыныс функциясы дегеніміз ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік және ол былайша формуламен беріледі:
Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В),
мұндағы, Pr - ресурстардың бағалары; К - технология; Т - салықтар мен субсидиялар; N - сатушылардың саны; В - басқа да факторлар.
Әрине, бұл жерде де баға факторы ең маңызды болып табылады және бағаның өзгеруінен ұсыныс қисығының бойында өзгеріс орын алып, нәтижесінде ол ұсыныс көлемін өзгертеді (сурет 15 a) . Ал бағадан тыс факторлардың өзгеруі салдарынан ұсыныстың өзі өзгереді де, нәтижесінде ұсыныс қисығы толығымен оңға және солға жылжиды. Мысалы, өндіріс факторларына деген бағаның өсуінен ұсыныс қысқарады және қисық S жағдайынан S 1 жағдайына солға ығысады, және керісінше, өндіріс факторларының бағасы төмендегенде ұсыныс артады да қисық S жағдайынан S 2 жағдайына оңға жылжиды (сурет 1ә) .
Сурет 2. 5 а Ұсыныс қисығы Сурет 2. 5 ә Ұсыныс функциясы
Сонымен, ұсыныс туралы мынадай қорытындыға келуге болады: ұсыныс қисығының бойымен жылжу ұсыныс көлемінің өзгерісін сипаттайды: тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын (басқа факторлар тұрақты болған жағдайда), ұсыныс көлемі де соғұрлым жоғары болады, және керісінше, тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, ұсыныс көлемі де соғұрлым төмен болады. Ал ұсыныс қисығының оңға немесе солға жылжуы ұсыныстың өзгерісін бейнелейді: ол ұсыныс функциясын анықтайтын факторлардың өзгеруінен орын алады.
Ұсыныс функциясын толығырақ талдау үшін уақыт факторын да есепке алған жөн. Әдетте, өте қысқа мерзімді, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер бөліп көрсетіледі. Өте қысқа мерзімді уақытта өндірістің барлық факторлары тұрақты болып табылады, қысқа мерзімді уақытта бірқатар факторлар өзгермелі (шикізат, жұмыс күші және т. б. ), ал ұзақ мерзімді уақытта барлық факторлар өзгермелі (өндірістік қуаттар, саладағы фирмалардың саны және т. б. ) болып табылады.
Сурет 2. Өте қысқа мерзімде (а), қысқа мерзімде (б) және ұзақ мерзімде (в) баға мен ұсыныс көлемінің өзгеруі
Нарықтың өте қысқа мерзімді кезең
Нарықтың өте қысқа мерзімді кезеңі жағдайында сұраныстың өсуі (төмендеуі) бағаның өсуіне (төмендеуіне) алып келеді, ал ұсыныс көлемі өзгеріссіз қалады (сурет 2 a) . Қысқа мерзімді кезең жағдайында сұраныстың артуы кезінде бағалар да және өндіріс көлемі де өседі, өйткені фирмалар өзгерген сұранысқа байланысты бірқатар факторларды өзгертіп үлгереді (сурет 2 б) . Ал ұзақ мерзімді кезең кезінде сұраныстың өсуінен ұсыныс көлемі оған қарағанда едәуір ұлғаяды, ал бағалар бұл жерде өзгере қоймайды немесе мүлдем өзгермейді (сурет 2 в) .
Біз енді сұраныс пен ұсыныс мәселесін жеке жеке талдап алғаннан кейін, олардың өзара әсерлесуін қарастыруға көшеміз. Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының бір жазықтықтың бойында қиылысуы кезінде сұраныс пен ұсыныс теңеседі де нарықтық тепе - теңдік пайда болады. Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысуын кейде «Маршалл кресі» деп те атайды. Өйткені, кезінде неоклассикалық теорияның негізгі өкілі Альфред Маршалл (1842 - 1924 жж. ) өзінің 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» деген еңбегінде алғаш рет микроэкономикалық тұрғыдан шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану және пайдалылықты арттыру мәселесін қарастыра отырып сұраныс, ұсыныс, баға және нарықтық тепе - теңдік деген ұғымдарды қолданған деп айтылады. Сондықтанда, бұл жерде А. Маршаллды микроэкономиканың атасы деп айтуға толық негіз бар.
Бірақ нарықта сатып алушылар мен сатушылардың келісімді жүзеге асыруға дайындықтары әртүрлі болып табылады. Нақты келісім-шарт (сату-сатып алу) берілген ағымдағы бағамен белгілі бір игілікті сатып алу көлемі мен сату көлемі теңескен жағдайда ғана орындалады және де сол сияқты, сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы теңескен жағдайда да орын алады. Егер, сұраныс қисықтары мен ұсыныс қисықтары нарықтың қатысушылары бір бірімен өзара айырбас операциясына түсу шартын көрсетсе, онда бұл қисықтардың өзара әрекеттері тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемі түрінде айырбасты жүзеге асырудың нақты кәдімгі нәтижесін де сипаттайды. Оның графикалық көрінісі төменде көрсетілген . Графикке байланысты, Тепе-теңдік нүктесі Е әрпімен беріледі (латынның Equilibrium сөзінен) . Сол тепе-теңдік нүктеде тепе-теңдік баға:
P E = P S = P D, (мұндағы, P E - тепе-теңдік баға; P S - ұсыныс бағасы; Р D - сұраныс бағасы) және тепе-теңдік көлем:
Q E = Qs = Q D , (мұндағы, Q E - тепе-теңдік көлем; Q S - ұсыныс көлемі; Q D - сұраныс көлемі) қалыптасады. Нарықта қалыптасқан мұндай жағдайды нарықтық тепе - теңдік деп атайды.
Сонымен, нарықтық тепе - теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе - теңдік баға және тепе - теңдік көлем табылады. Тепе - теңдік баға - бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе - теңдік көлем - бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Осыған сәйкес, екі ұғым пайда болады. 1) Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) - бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы. Төмендегі графикте тұтынушының ұтымын P max EP E ауданы арқылы сипаттауға болады . Өз кезегінде, бұл тепе-теңдік бағаның (P E ) тұтынушының төлей алатын максималды бағасынан (P max ) төмен екендігін көрсетіп тұр.
2) Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) - бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы. Графикте, өндірушінің ұтымын P min EP E ауданы арқылы сипаттауға болады . Сәйкесінше, 0P E EQ E ауданы өндірушінің жалпы түсімін көрсетсе, ал 0P min EQ E тіктөртбұрыштық ауданы өндірушінің жалпы шығындарын көрсетеді. Яғни, жалпы түсімдер мен жалпы шығындар арасындағы айырманы өндірушінің ұтымы деп те сипаттауға болады.
Нарықтың даму шеңберінде сатушылар мен сатып алушылар өзара бейімделу үстінде болады. Бұл жерде бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар қажетті ақпараттармен тез алмасуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, нарықтағы бағалар нарықтық тепе-теңдікті үнемі ауытқытып отырады. Мысалы, төмендегі график арқылы артықшылық және тапшылық деген ұғымдарды түсіндіруге болады. Егер нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда жоғары P 1 баға кезінде тауардың артықшылығы орын алады, ол АВ кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P 1 > P E және Q S > Q D болған кезде ұсыныс сұраныстан артық болады. Сатушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл артықшылық бағаны төмендетуге мүмкіндік жасайды. Ал егер керісінше, нарықтағы қалытасқан баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда төменгі P 2 баға кезінде тауардың тапшылығы орын алады, ол CF кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P 2 > P E және Q D > Q S болған кезде сұраныс ұсыныстан артық болады. Енді сатып алушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл тапшылық бағаны жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Тек соңында Е нүктесінде ғана сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелік күштері теңесіп тұрақты тепе-теңдік баға орнайды. Ол тепе-теңдік баға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторлардың біреуі өзгергенде дейін қысқа мерзімді кезеңде сақталып тұрады.
Біз енді білеміз, кез келген тауар нарығында икемді бағалардың көмегімен өзгеріп отыратын сұранысқа ұсыныстың тұрақты түрде бейімделіп отыруы жүріп отырады. Уақыт өткен сайын ұсыныс толығымен өз сұранысын табады да нарық балансталған жағдайда болады. Бірақ, бара бара жағдайдың өзгеруіне орай сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс туындайды. Классикалық мектептің өкілдері, жоғарыда атап өткендей, сұраныстың пен ұсыныстың өзара бағалық және көлемдік жағынан бейімделуі арқылы нарықтық тепе-теңдіктің үнемі қалпына келіп отыруын бақылай отырып мынадай тұжырымға келген: нарық - бұл жоғалған тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіріп отыруға қабілеті бар өзін өзі реттейтін жүйе. Сондықтанда, микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.
Вальрас бойынша тепе - теңдік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz