Нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат



МАЗМҰНЫ


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


І. Тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Нормативтік.құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10


ІІ. Тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2.1 Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетілдіpу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Нормативтік құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІІ. Тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

3.1 Нормативтік құқықтық актілерді жариялаудың өзекті мәселелері ... ... ... 19


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Кіріспе
Нормативтік-құқықтық акт — казіргі мемлекеттердің негізгі деректерінің бірі. Онда көптеген жеке адам туралы маңызды көзқарастар оның мүдделері, қоғамдық қатынастардың қажеттіліктері көрсетіледі. Басқа құкық деректері (құкықтык дәстүрлер, соттық және әкімшілік прецеденттер) жалпы реттеушілік маңыздылыққа ие емес. Олар жекелеген. көмекші, не қоғамдық қатынастарды реттеудегі толықтырушы рөлдеріңде болады.
Нормативтік-құқыктык актілерде көпшіліктің және жеке адамдардың мүдделерін қорғайтын құқық нормалары бекітіледі және оларды нақтылы экономикалық, әлеуметтік, ұлітық және осы тарихи кезендердсгі халықаралық жағдайларға байланысты үйлестіреді.
Дүниежүзілік заң ғыпымдары кұқық деректерін құкық нормаларының мазмұндарынан бөлмей қарайды. Заңды нормалардың әдет-ғүрыпта, прецедентте, сот ісінде көрінуі, казуальдік, не барлық уакытта белгілі сипатта болмайды. Бұл нормалар біртіндегі жеке окиғаның қайталануының мөлшеріне сай, белгілі тәртіп жолын пайдапануына байланысты болады. Сондықтан, заңды нормалар көрсетілген нысацда, жалпы және жеткілікті турдегі белгілі көрінуді, іске асыра алмайды.
Қоғам өмірінің дамуымен, қоғамдық катынастардың қиындауымен міндетті бағыттар қоғамдық прогрестің тежеуіне айналды.
Жалпылама нормативті реттеуге көшу, эволюциялық жолмен іске асырылуда. Алғашқыда нормативтік реттеу, қоғам өміріндегі тек қана, тікелей мемлекеттік биліктің мүддесіне тиісті болды. Жекеше мүліктік және отбасылык катынастар. көгі уақыт бойында әдет-гұрып құқығымен сот жұмысының ықпалдарында болды. Уақыт өткен сайын, нормативтік-құқықтык реттеу өзіне қоғам өмірінің басқа аяларын бағындыра отырып. кеңейе түсті және қоғамдык катынастарды реттеудегі ең алдыңғы құқықтық нысанға айналды.[1]
Пайдаланған әдебиеттер

1. Төкіжан Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы – Алматы 2003, 212 бет.
2. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев Мемлекет және құқық теориясы – Алматы ҚазМЗУ-дың баспа полиграфия орталығы 1999 ж. 140-146 бет.
3. Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы
4. «Жеті Жарғы» 1998 ж. 94-95 бет.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
7. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
8. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
9. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.
Тарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен

мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 10

ІІ.
Тарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1 Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi
жетілдіpу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13
2.2 Нормативтік құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.16
ІІІ.
Тарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

3.1 Нормативтік құқықтық актілерді жариялаудың өзекті
мәселелері ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 23

Кіріспе
Нормативтік-құқықтық акт — казіргі мемлекеттердің негізгі деректерінің
бірі. Онда көптеген жеке адам туралы маңызды көзқарастар оның мүдделері,
қоғамдық қатынастардың қажеттіліктері көрсетіледі. Басқа құкық деректері
(құкықтык дәстүрлер, соттық және әкімшілік прецеденттер) жалпы реттеушілік
маңыздылыққа ие емес. Олар жекелеген. көмекші, не қоғамдық қатынастарды
реттеудегі толықтырушы рөлдеріңде болады.
Нормативтік-құқыктык актілерде көпшіліктің және жеке адамдардың
мүдделерін қорғайтын құқық нормалары бекітіледі және оларды нақтылы
экономикалық, әлеуметтік, ұлітық және осы тарихи кезендердсгі халықаралық
жағдайларға байланысты үйлестіреді.
Дүниежүзілік заң ғыпымдары кұқық деректерін құкық нормаларының
мазмұндарынан бөлмей қарайды. Заңды нормалардың әдет-ғүрыпта, прецедентте,
сот ісінде көрінуі, казуальдік, не барлық уакытта белгілі сипатта болмайды.
Бұл нормалар біртіндегі жеке окиғаның қайталануының мөлшеріне сай, белгілі
тәртіп жолын пайдапануына байланысты болады. Сондықтан, заңды нормалар
көрсетілген нысацда, жалпы және жеткілікті турдегі белгілі көрінуді, іске
асыра алмайды.
Қоғам өмірінің дамуымен, қоғамдық катынастардың қиындауымен міндетті
бағыттар қоғамдық прогрестің тежеуіне айналды.
Жалпылама нормативті реттеуге көшу, эволюциялық жолмен іске асырылуда.
Алғашқыда нормативтік реттеу, қоғам өміріндегі тек қана, тікелей
мемлекеттік биліктің мүддесіне тиісті болды. Жекеше мүліктік және отбасылык
катынастар. көгі уақыт бойында әдет-гұрып құқығымен сот жұмысының
ықпалдарында болды. Уақыт өткен сайын, нормативтік-құқықтык реттеу өзіне
қоғам өмірінің басқа аяларын бағындыра отырып. кеңейе түсті және қоғамдык
катынастарды реттеудегі ең алдыңғы құқықтық нысанға айналды.[1]

І. Тарау
1.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің
түсінігі мен мазмұны
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық
актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері
(әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды
реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде
жүмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың
мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи
диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық
жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде
нормативтік актілер тек мемлекеттік катынастарды реттеп, басқарып отырды.
Қоғамның басқа салаларындағы катынастарды әлеуметтік нормалардың баска
түрлері (мораль, әдет-ғүрып, дәстүр, діни т.б.) реттеп, басқарып отырды.
Кейін нормативтік актілер сол салалардағы катынастарды бірте-бірте өзі
реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде
құқықгық нормалар қатынастарды реттеп, баскарудың басым түріне айналып
отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда,
құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл
атқарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1.Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды.
Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2.Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы
қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3.Нормативтік актілердің мазмүны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл
болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар"акті" - деген атпен әртүрлі
мағынада қүжаттар шығарып жатады.
4.Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында
шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік
процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі,
соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының
өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді
қалыптастырады:
-мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
-мемлекет пен құқықгың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді
дамытады;
-құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
-рухани сана-сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъекгивтік өзгерістерді реттеп, басқару
үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бүл
процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
-құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
-лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
-мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.
Сонымен, нормативтік - құқықтық актілер - ресми заңды нормативті
мемлекеттік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның
халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның
құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:
-нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе
жалпы халықтық референдумда қабылданған нормалар;
-нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар қүжаттары ерікті орындалмаса,
оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
-нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т.б. болып
шығады, олардың занды нысандары болады;
-нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі кдтынастарды реттеп,
баскдрады.
Нормативтік актілердің түрлері:
- заңды күшіне карай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар және
заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын нормативтік
актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғамның салаларына сәйкес;
- нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады:
қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар)
нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: занды шығарушы органдардың актісі;
заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол
қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды кдмтиды. Заң
қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы"— деуге болады. Заңның белгі-нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге
тиісті);
- заңды ешкдндай орган тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамта- масыз етіледі.
Заң арқьілы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеггік билік, саясат іс жүзіне
асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен қүқықгары, демократияның баскд
да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару кизметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т.). Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы
қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және мекемелік актілер. Жалпы қоғамдық
актілер - мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші бар актілер
(Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары). Жергілікті басқару
органының актілері — маслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары.
Ведомстволық актілер министрліктердің бүйрыктары, шешімдері,
инструкңиялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін
актілер.
Сот билігінің актілері - Конституцияның 75-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік акгілерінің және
халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға
қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сотгың
шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері,
талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында
барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.
Сот төрелігінің қағидалары:
- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша,
ол жасалған қьілмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір қүқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дөлелдеуге міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының
пайдасына қарастырылады.
- Заңсыз тәсілмен алынған айғақгардың заңды күші болмайды.
- қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді
(Конституцияның 77-бабы).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі
мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің
мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік
береді).
Конституциялық бақылау Кдзақстан Республикасыңда Конституциялық Кеңестің
күзыретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып саналады,
Конституцияның үстінен қарауды және оның тікелей ықпалын қамтамасыз етуді,
азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқыктары мен бостандықтарын қорғауды,
биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т.б. жауапты қызметтерді атқарады.
[2]

Қазақстан Республикасының Конституциясы
Конституциялық заңдар
жай заңдар

Референдум нәтижесінде қабылданған заңдар
Билік (өкімет) органдары қабылдағандары
Заң күші бар Президент жарлықтары

Конституция
Кодекс
Жарлық
Қаулы
Ереже
Тәртіп реті ( жөн - жоба)
Заң
басқалар
Заң

Азаматтар
Шетел азаматтар
Азаматтығы жоқтар

1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері
Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан
жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне
қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы сан алуан
нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және
заңды тұлғаларға өте киын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік
актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері
болады:
1) Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация:
Инкорпорация - нормалардың мазмүнын өзғертпей саласалаға бөліп, алфавит
бойынша, норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы
нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:
- ресми инкорпорация ~ мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа
сілтеме жасауға болады;
- бейресми инкорпорация - жеке және занды түлғалардың жасаған жинақтары,
оған сілтеме жасауға болмайды;
- хронологиялық инкорпорация — норманың қабылданған уақыттарына сәйкес
жүйеге келтіру;
- жүйелік инкорпорация - қүкьіқгың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне
сәйкес нормаларды жинақгау; бүл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі
ең күрделісі — заңдардың жинағы (свод законов). Басқа жинақтардан заң
жинағының ерекшеліктері:
1). Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте
бекітіледі.
2). Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері
болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып,
қоғамдағы қүқық толығымен жаңарып шығады.
3). Жинаққа қоғамдағы ескірмеген, заңды күші бар нормативтік актілердің
барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе - заңдар жинағын жасау мемлекеттердің көпшілігінде
кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік
жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актілерді сала-салаға топтастырып,
реттеп, тізім жасап жатыр.
Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне
сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді,
кемшіліктерін жоя алмайды.
Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды,
қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге
айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің
құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып
саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған
мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік ақт құқық
шығармашылықгың бір түрі деуге болады.
Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды
реттеп, басқару мазмұнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды,
олқылықты, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән
ерекшеліктері:
1). Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан
консолидация заң шығармашылықтың бір түрі.
2). Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері
жойылады. Оның орнына біріккен нормативтік актінің заңды күші келеді.
Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу
процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады, Біздің Қазақстан
мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Кодификация - нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми
түрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың
қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң
шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.
Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны
өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықгары
толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас
кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар,
бөлімдер, баптар. Бірақ олардың арақатынасы тұрақгы, ықшамды, ғылыми
байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске
асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор.
Сонымен кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1). Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық
кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, қүқыктың салаларына сәйкес біртұтас
кодекс болып шығуы.
2). Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі
өкілеттігіндегі мәселе.
3). Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.
Кодификацияның түрлері: Конституция, Кодекс, ережелер, жар- нама, әскери
заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т.б.
Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен
қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі
-барлық нормативтік актілерді жинақгау, сақгау, бақылау және оларды
пайдалану, қолдану жұмыстарын жеңілдету тәсілі.
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік
органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың
міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке
тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті
құжаттарын, естеліктерді, ғылыми- техникалық, мәдени, білім жетістіктерін
мәңгі сақгауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға
болады.
Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру
әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға
алып, қатаң тәртіп орнатьіп, құқықтық нормаларға жедел түрде түсінік беруді
кдмтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды
толық есепке алып, жинақгап отырады.
Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:
- кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;
- картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері,
уақьггы, нөмірі;
- автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т.б.;
- компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдап,
сақталатын жүйе.[2]

ІІ. Тарау
2.1 Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетілдіpу
      Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi дамыту
қоғамның ақпараттық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, e-қызмет көрсетулердi
тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құзыретiн белгiлеу, сондай-ақ е-Үкiметтің
жұмыс iстеу жағдайларында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру
бөлiгiнде ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын
болады.
      Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру
жөніндегі іс-шараларды iске асыру жүйелілiк, объективтiлiк және Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкес принциптерi
бойынша жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекеттiк органдардың e-қызметтер көрсетуi үшiн құқықтық негіз
қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы әртүрлi аспектiлердi
реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына талдау жасау
жүзеге асырылатын болады және е-Үкiметтiң жұмыс iстеу тәртiбi мен
жағдайларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер кешенi әзiрленедi.
      Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында е-қызмет
көрсетулерді қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсетулер мен
әкiмшiлiк процестердi жүзеге асыру регламенттерiне талдау жүргiзiлетiн
болады, соның негiзiнде тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.
      Базалық құрамдас бөлiктер мен ведомстволық ақпараттық жүйелердi
құрған кезде бiрыңғай көзқарасты жүзеге асыру және олардың үйлесiмдiлігін
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң
деректерi мен сервистерiн ықпалдастыру бiрыңғай тетiгiн қамтамасыз ететiн
ұлттық технологиялық стандарттар әзiрлеудi жәненемесе халықаралық
технологиялық стандарттар қабылдауды көздейтiн e-Үкiмет инфрақұрылымының
бiрыңғай әдiснамалық базасы әзiрленетiн болады.

Е-Үкiметтiң қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және
АКТ саласында бiлiм деңгейiн көтеру жөнiнде
жұмыстар ұйымдастыру
      АКТ-ны пайдалануда халықтың түрлi әлеуметтiк топтары мүмкiндiктерiнiң
тең болмауы e-Үкiметтiң бастамаларын iске асырудағы негiзгi кедергілердiң
бiрi болып табылады. Ақпараттық теңсiздiктiң жоғары дәрежелi басымдығы бар
әлеуметтiк проблема екенiн мойындау және оны рет-ретiмен жою стратегиясын
әзiрлеу қажет.
      АКТ саласындағы кәсiби бiлiмдi жетiлдiру жолымен "адами капиталға",
әсiресе өскелең ұрпаққа инвестиция салу әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды еңсерудiң басты бағыты болып табылады.
      АКТ саласында бiлiмдi көтеру мен компьютерлiк сауаттылықтың бiрыңғай
саясаты iске асырылатын болады, ол мынадай iс-шаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілер
Нормативтік актілерді жіктеу туралы жалпы түсінік
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
Конституциялық құқық қайнар көздері
Құқық нысаны құрылымдағы нормативтік құқықтық актілер
Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары
Құқықтық нормалар құқықтық
ҚР тұтынушылар құқығының қорғаудың құқықтық аспектілері
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Пәндер