Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Алғашқы қалыпты (форманы) даярлау

Автоформа режимінде форма жасау

Конструктор режимінде форма құру

Формаға өзгертулер енгізу, батырма және суреттер қосу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Access-берілгендер базасын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі қызметкерлер мәліметтерін енгізу, жоғары оқу орындарындағы студенттер жайлы мәліметтер жазу және т. с. с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек. Оқушылар берілгендер базасын құруды; толтыруды білуі; олардың дұрыс толтырылғандығын бақылай білуі; берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс.

Бұл әдістеме әртүрлі тақырыптарда автоматтандырылған каталогтарды құру үшін мәліметтер қорын басқару жүйесінің қолдану технологияларының сұрақтарын қолдану жолымен іске асырылады. МҚБЖ-сі білім және ғылым, өнеркәсіп процестерінде маңызды орын алады. Қазіргі кезде қай мамандық иесін алатын болсақ та оның айналысатын мамандығы туралы ақпараттар жинақталуы мүмкін. Бұл бағдарлама реляциялық мәліметтер базасына жатады. Ең алғаш мәліметтердің реляциялық моделі деген термині IBM фирмасының қызметкері Эдгард Коддтың статьясында пайда болды . Эдгард Коддтың көптеген мәндердің арсындағы байланыстарды өсіру идеясының негізі реляциялық мәліметтер қорының концепциясының пайда болуына әкелді, яғни екі кестенің арасында логикалық байланыстар бар болса, екі өлшемді кестелердің жиынтығы болады дейді.

Мєліметтер ќорыныњ негізгі ұғымдарымен таныcу;

Мәліметтер базасы (МБ) - информациялық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір мән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер базасы реляциялык, база болып саналады.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі (СУБД) - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрдс бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

Microsoft Access-Windows ортасында жұмыс жасайтын, 32- разрядты, реляциялық СУБД, яғни мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық СУБД мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Access кестесін басқа компьютердегі немесе сервердегі мәліметтермен байланыстыруға және де мұнда Paradox Dbase СУБД-ларында жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Access мәліметтері Ехсеl кестелерімен де оңай әрекеттесе алады.

Алғашқы қалыпты (форманы) даярлау

Ассеss-те МБ-мен жұмыс жасауға арналған графикалық интерфейс құрастырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Олардың ең маңыздысының бірі мәліметтерді енгізу - шығару формалары болып саналады. Формалар МБ-ын өңдеудің негізгі қызметтерін: жүйені іске қосу, қарау, іздеу, түзету істерін жүзеге асырады. Формаларды құрастыру тұтынушы талаптарына сәйкес Ассеss құралдары арқылы жасалады. Форма жасау барысында: формаға енетін мәліметтер қай кестеден алынатындығы, атап айтқанда кестенің қай өрісі, қандай графикалық элементтер- сызықтар, жазулар, суреттер енгізілетіндігі анықталады.

Бір кесте негізінде жасалатын форма біркестелік деп аталады. Форманы жасау үшін бірнеше тәсіл қолдануға болады:

  1. Кірістіру - Форма командаларын орындау;
  2. Кірістіру - Афтоформа командаларын орындау;
  3. Ассеss обьектілерінің ішінен «Формалар» бөлімін таңдап, Жасау батырмасын шерту.

1 және 3- жағдайда жұмыс форманы құру режимін таңдаудан басталады. Жаңа форма жасау сұхбат терезесі 2- суретте көрсетілген. Режимді таңдап алған соң, форманың қандай кесте негізінде құрылатындығын көрсету керек.

Форма шебері форма жасау барысында форма негізін құрайтын кестені, кестенің қажет өрістерін, безендіру стилін таңдауға, формаға ат қоюға мүмкіндік береді.

Форма шебері режимінің бірінші қадамын форма негізін құрайтын кестені және сол кестенің қажет өрістерін таңдау керек (3- сурет) .

батырмасын басу арқылы белгіленген өрісті, ал >> батырмасын басу арқылы > барлық өрістерді формаға енгіземіз. < және << батырмалары кері қызмет атқарады, сәйкесінше белгіленген өрісті формадан алып тастайды.

1- сурет. Форма режимін таңдау терезесі

Форма шебері режимінің екінші қадамында формадағы мәліметтердің орналасу түрін таңдаймыз: олар- бір бағана, таспалық, кестелік, тураланған. (3- сурет)

Келесі қадамда форманың стилін таңдаймыз (4- сурет) . Бір стильден екінші стильге ауыса отырып, ең үйлесімді деген стильге тоқтауға болады. Ал соңғы қадамында формаға ат беру керек. Ассеss жүйесі оны автоматты түрде жасай алады. Форма шеберінің кез келген қадамын Дайын батырмасын шертіп, форма жасауды тоқтатуға немесе Ары қарай батырмасын баса отырып жалғастыруға болады.

2- сурет. Форманың түрін таңдау терезесі

Автоформа режимінде форма жасау.

Автоформа: бір бағаналық, Автоформа: таспалы, Автоформа: кестелік режимі көркемдеу стилі алдын- ала айқындалған барлық өрістерлі кіргізетін формалар жасайды. Экранда толықтырылған форма шығады.

3- сурет. Мәліметтердің орналасу түрін таңдау терезесі

Конструктор режимінде форма құру.

Конструктор режимі форма жасауға ғана емес, бар форма мәтінін өңдеуге мүмкіндік береді. Конструктор режимінде форманы өңдеуге арналған келесі мүмкіндіктер бар:

  • форма тақырыбы- форманың басында орналасады;
  • жоғарғы колонтитул- форманың жоғарғы бөлігінде, мұнда жалпы

тақырыпты, графалар тақырыбын, мерзімді орналастыруға болады;

  • мәліметтер аймағы- кестенің немесе сұраныстың жазбалары,

қайталанбайтын өрістердің мәндері орналасады;

  • төменгі колонтитул- форманың төменгі бөлігіне шығады;
  • формадағы ескертпе- форманың соңына шығады.

Бұлардың кейбірін қосу немесе алып тастау үшін Түр - Колонтитулдар және Түр - Тақырып - Форматының ескертпесі командаларын орындау керек. Форманы Ашу батырмасы арқылы қараған кезде «Жоғарғы колонтитул» және «Төменгі колнтитул» жолдары көрінбейді. Әр формаға ат беріледі. Ассеss автоматты түрде форма аты ретінде форма макетінің «Қолтаңба» (Подпись) қасиетінде жазылған мәтін пайдаланылады. Егерде бұл «Қолтаңба» жолында ат берілмеген болса, онда оның орнына форма аты пайдаланылады. Формада бастапқыда, әдетте, тек мәліметтер аймағы ғана көрінеді.

Форманы жасау кезінде қажетті іс әрекеттер жасау үшін Конструктордың аспаптар тақтасын қолданамыз. Оны іске қосу Түр - Аспаптар тақтасы командасы арқылы жүзеге асады. Онда Формалар конструкторы тізімін таңдап, Баптау батырмасын басу керек. Экранның сол жағында орналасқан Конструктордың аспаптар тақтасындағы негізгі батырмаларын атап шығайық:

- Обьект таңдау

- Шеберлер

- Жазба

- Өріс

- Топ

- Өшіргіш

- Ауыстырғыш

- Жалауша

- Тізімі бар өріс

- Тізім

- Батырма

- Сурет

- Бетке бөлу

- Тіркемелер жиынтығы

- Сызық

- Тікбұрыш

- Қосымша элементтер

Бұл аспаптар тақтасының батырмаларын қолдана отырып, тұтынушы форма арқылы мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін өзіне ыңғайлы графикалық интерфейс жасайды.

Формада өріс жасау үшін Өріс, Тізімі бар өріс және Тізім сияқты элементтер тақтасының батырмаларын пайдаланамыз. Кесте үшін Конструктор режимінде форманы жобалай отырып жасауға болады.

Формаға өзгертулер енгізу, батырма және суреттер қосу

Форма жасаудың тәсілдерін және түрлерін үйрену, форма жасауға арналған аспаптар тақтасын меңгеру.

Аспаптар тақтасындағы “Батырма” аспапын таңдап, оны формаға орналастырамыз. “Батырманы” формаға орналастырғаннан кейін оның өлшемін тышқан батырмасын басып тұрып жылжытып, қалауымызша өзгертеміз. Тышқанды бір шерту объекті ерекшелейді, бұдан кейін оның өлшемі мен орнын өзгертуге болады. “Батырманы” формаға орналастырған кезде сұхбаттасу терезесі ашылады. Бұл терезеде батырма үшін дәреже және оның атқаратын іс-әрекетін анықтауға болады, мысалы “Формамен жұмыс” дәрежесін және “Форманы жабу” іс-әрекетін таңдаймыз . Сұхбаттасу терезесінің келесі қадамында батырмада сурет немесе мәтін болатындығын анықтау керек. Егер бар суреттерді қарау керек болса, «Барлық суреттерді қарау» жалаушасын белгілеу қажет, суреттерді көріп, қажеттісін таңдаймыз.

Сұхбаттасудың соңғы қадамында батырмаға ат беріп, Дайын (Готово) батырмасын басу керек (40-сурет) . Формаға орналастырған батырманың “оқиғасын” өңдеу процедурасын көру үшін Қасиеттер терезесінің “Оқиға” парақшасының Батырмаға басу оқиғасын таңдап, көп нүктесі бар төртбұрышқа басу керек. 41 суретте форманың жаңа түрі мен Батырмаға басу (Click) процедурасының мәтіні берілген.

Қорытынды

Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарам-қатынас пайда болуда.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндетті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп атап көрсеткендей-ақ, қазірі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіре отырып, жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе -әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндік аймақтарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау жайлы
Пәндік аймақтарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау
Берілгендер қорындағы кестеледі біріктірудің теориялық негіздері
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫ
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру
Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы
Жойылған мәліметтер қорлары
«Интернет ресурстары» мәліметтер қорын құру
«Жылжымайтын мүлік» қолданбалы программалық пакеті
Деректер қоры объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz