Жамбыл облысы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
І. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
1. 1. Облыстың географиялық орны, аумағы және шекаралары . . . 5
1. 2. Жамбыл облысының зерттелу тарихы . . . 5
1. 3. Жер бедері оны қалыптастыратын факторлар . . . 9
1. 4. Жамбыл облысының климаттық жағдайлары . . . 15
1. 5. Ішкі сулары (өзендері, көлдері) . . . 23
1. 6. Топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі
ландшафттардың құрамдас бөлігі ретінде . . . 27
II. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫ ЖӘНЕ
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
2. 1. Жамбыл облысы аумағының ландшафттары . . . 33
2. 2. Физикалық-географиялық аудандастыру принциптері . . . 36
2. 3. Физикалық-географиялық аудандастырудың таксономиялық
бірліктері және оларға сипаттама . . . 37
III. ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАУМАЛДАР
3. 1. Жамбыл облысының экологиялық жағдайы . . . 49
3. 2. Андасай мемлекттік табиғи зоологиялық қаумалы . . . 55
3. 3. «Берікқара шатқалы» мемлекеттік кешенді табиғи
қаумалы . . . 58
3. 4. «Қарақоңыз шатқалы» мемлекеттік табиғи ботаникалық
қаумалы . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 64
КІРІСПЕ
Жұмыстың көкейкестілігі: Кез-келген аймақтың физикалық-географиялық жағдайы сол жердің табиғи ландшафттасының структурасы мен ерекшелігіне және сондағы шаруашылық салаларының әсер етуіне байланысты дамиды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің қоғамдық өмірінде, саясатында, экономикасында, ғылыми-технологиялық саласында табыстарға жетті.
Соңғы жылдарда экономикалық қарқынды дамуы Қазақстан Республикасы 50 елдің қатарына жету міндеті қойылып отыр. Ел басының халыққа жолдауында бұл міндеттерді орындауға толық мүмкіндік бар екендігі аталды: саяси тұрақтылық, ұтымды географиялық жағдай, бай мәдени-тарихи мұра, ұлттық салт-дәстүр.
Экономиканың дамуында ғылымның маңызы үлкен. Физикалық-географиялық проблемасына қазіргі кезде көңіл кеңінен бөлінуде. Жақын және қашықтағы елдерде бұл проблемаға арналған еңбектер жылдан жылға көбеюде. Өйткені табиғатты және физикалық-географиялық комплекстерді (кешендерді) толық және терең зерттемей еліміздің табиғат ресурстарын шаруашылықта дұрыс пайдалануымыз мүмкін емес. Сондықтан, ғылыми физикалық-географиялық аудандастыру физикалық-географияның басты кезеңі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Жамбыл облысының физикалық-географиялық жағдайына жан-жақты сипаттама бере отырып, ландшафттық заңдылықтарды анықтап, жекелеген аумақтардың табиғаттағы ерекшеліктерін көрсету, процестер және факторлар мен кешендер арасындағы байланысты зерттеу.
Қойылған мақсатымызға байланысты зерттеу:
- Жамбыл облысының географиялық зерттелеу тарихы жазылды.
- Геологиялық - геоморфологиялық заңдылықтары жазылды.
- Геологиялық - геоморфологиялық зерттеулердің ландшафттарды түзудегі ролі.
- Гидро - климаттық факторлардың климатқа тигізетін әсері.
- Топырақ - өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі ландшафттардың құрамдас бөлігі.
- Ландшафттар мен физикалық - географиялық аудандастыру проблемалары.
- Табиғатты қорғау мәселесінде мемлекеттік қаумалдарға сипаттама берілді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Жамбыл облысы ландшафттары мен физикалық-географиялық аудандастырудың жүйесі берілді. Сол сияқты, облыс жеріндегі табиғаттың таксономиялық бірліктері жүйеге келтіріліп, оларға сипаттама берілді.
Жұмыстың практикалық маңызы: Физикалық-географиялық аудандастыру барлық уақытта ғылыми және практикалық мақсатқа жауап береді. Өйткені түрлі типтегі және масштабтағы территориялық табиғат комплекстерін (зона, провинция, аудан ж. т. б. ) географиялық құрылымдарын терең зерттеу оның міндеті. Табиғат компоненттері бойынша аудандастыру (мысалы, топырақ, климат) жеткіліксіз. Жамбыл облысының ландшафттары мен физикалық-географиялық кешендеріне сипаттама бергенде, антропогендік және техногендік әрекеттен болған өзгерістер көрсетілді. Жамбыл облысы табиғаттын сипаттап, жергілікті ерекшелігін көрсеткен еңбек мектептер үшінде қажет. Өз облысының географиясын өткенде мұғалімдерге методикалық құрал болады. Осы тақырып құрылымын басқа аудандарды жазғанда үлгі ретінде алуға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
1. 1. Облыстың географиялық орны, аумағы және шекаралары
Жамбыл облысы Орталық Азияның дәл ортасында, Евразия материгінің терең қойнауында, Қазақстан Республикасының оңтүстігінде, мұхит-теңіздерден шалғайда (3000 шақырым қашықтыта), қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Облыстың территориясы солтүстіктен- оңтүстікке қарай 410 км-ге, батыстан-шығысқа қарай 520 км-ге созылып жатыр. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала арасында 42 0 -22 / және 46 0 00 / солтүстік ендік пен 68 0 15 / және 75 0 55 / шығыс бойлық аралығында орналасқан. Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысын, оңтүстік - батысында Қаратау жоталарын, оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, Шығысында Шу - Іле таулары аралығында осы таулардың беткейлерінен қоса Мойынқұм құмын алып жатыр. Батысында оңтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Алматы облысымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектесіп жатыр.
Жамбыл облысы, алып жатқан ауданы, батыс Еуропаның Португалия, Грекия, Голландия мемлекеттерінің ауданың қоса есептегендегі ауданнан артық немесе үш Закавказье мен үш Балтық жағалауындағы мемлекеттердің ауданын қоса есептергенде көлемге теңеседі.
Облыстың құрылған мерзімі 1939 ж. 14 қазанда Жамбыл облысы құрылды. Жер көлемі 144, 3 мың шаршы шақырым. Жамбыл облысы әкімшілік - аумақтық бөлінісі жағынан 10 аудан және 4 қала (оның біреуі облыстық және республикалық маңыздағы қала), 10 округтік ауылдар, 12 поселкелік пунктер, 367 ауылдар бар. Халық саны 01. 01. 11 ж. мәлімет бойынша 1001, 01 мың адамды құрады. Облыс орталығы - Тараз қаласы
1. 2. Жамбыл облысының зерттелу тарихы
Облыс территориясын адамдар әлімсақтан бері мекендеген. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың сақталған іздері дәлелдейді. Тас ғасырдың ең көне ескерткіштері Қаратау маңынан табылып отыр. Қазақ жерінде бірте-бірте сақ тайпаларының ірі одақтары пайда бола бастайды. Мал жайылымдарын өзгертіп отыруға тура келеді. Сондықтан өзендердің Шу алқаптарын ғана емес, далалы шөлейт жерлерді, Тянь-шаньның биік тауларын игеру де қолға алынды.
Біздің заманымызға дейінгі 3- ғасырмен біздің заманымыздың 3-ғасыры аралығында тайпалардың ірі-ірі әрі тұрақты ерте тапттық бірлестіктері құрыла бастады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда Үйсін, Сырдария мен Қаратау өңірінде қанғұй (қаңлы) бірлестіктері өмір сүрді.
Сол уақыттан бастап Қытай саяхатшылары қазақ жері туралы мағлұмматар жинауға кіріседі. Қытай саяхаттшылары жинаған географиялық деректердің бәрі Орта Азия картасының негізіне алынды. Бұл карта үлкен Хан әулетінің дәуірінде (б. з. б. 200жыл мен б. э. д 9-жылы) құрастырылған. Картада қанғұйдың (Талас өзендерінің алқабы) жерлері көрсетілген.
Біздің заманымыздың 3- ғасырынан бастап, буддизм қанат жайған кезде Қытайлардың Азия туралы географиялық мағлұматтары буддистердің саяхаттары есебінен молықты. Мысалы: Сюань-Цзан (628-645) барған жерлердің ішінде Шу, Талас өзендерінің аттары аталады. Сюань-Цзань Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы бірнеше қалада болған. Қытайда шыққан «Таң әулетінің тарихында » сол қалалар атаулары келтірілген. Сюань -Цзанның баяндауы бойынша Талас қаласы ірі сауда аралығына айналып, онда көптеген елдердің көпестері жиналған. Қаланың аумағы 8-9 км \4-4, 5 пи болған [1] .
6-ғасырда Истемир қаған басқарған түрік әскерлері Іле, Шу өзнедерінің кешіп өтіп, Мойынқұмды оңтүстігінен орағыта, мидай дала арқылы Қаратау жотасына иек артқан. Талас өзенінің алқабындағы қалалардың аттарын әлдеқайда толығырақ қамтып, олар жөнінде баяндаған.
Ортағасыр дәуірінде Қазақстан территориясы туралы географиялық және картографиялық ұғымға көп жаңалықтар енгізілді. Сол кезде ашылған территоялық жаңалықттың қатарында айқындалған деректер де бар. Шу өзені, Талас алқабы, Шу-Іле, Тянь -Шань таулары туралы жалпы мағлұматтар берілді. Тараз, Баласағұн, Барысхан, Бискент және басқа қалалар жөнінде жазылды.
Жоғарыда айтылған Талас-Тараз 6-ғасырдан бері белгілі ежелгі қала, оны манғолдар Янги деп кейінірек Әулиеата аталған. Қала Қараханиттер үстемдік құрған кезде (10-12 ғ. ғ. ) дәуірлеп өркендеген. 13-14 ғ. ғ. Талас -Тараз қаласы манғол хандарының ордасы болған.
17 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей неғұрлым дәлме-дәл деректерге ие болғанды. Бұл мәліметтер «Үлкен чертеж кітабы» мен Москва мемлекетінің картасында бірсыпыра көрініс тапқан. Кітапта Қазақстан Территориясының оңтүстік шығысында Жайық өзенінен бастап Есіл мен Сарысу өзендеріне, Қаратау тауларына дейін көрсетілген. Сондай-ақ, осы атыраптағы негізгі өзендер Сарысу т. б аталған.
Картада Қазақстаның таулары мен қыраттары бейнеленген. Қаратау тауының ұзындығы 250 км деп көрсетілген.
Ремезов «Барлық Сібір қалалары мен жерлерінің сызығы» және «Бүкіл сусыз жер мен өтуі қиын тастақ даланың сызығы құрастырылған». Мұнда бірқатар маңызды обьектілер көрсетілген. Мысалы: Талас, Шу, Сарысу, көрсетілген. С. У. Ремезовтың жетістіктері мен кемшіліктері де болды. Мысалы: «Шу мен Талас өзендері бастауын Орталық Қазақстаннан алады» - деген шешімге келеді. С. У. Ремезов картада бірқатар өзендердің бойларында өсетін өсімдік дүниесін көрсетуге тырысқан. Мысалы: Сарысу өзенінің жағасында сексеуіл өседі деп мәлімдейді.
1717 ж. А. Бекович Черкаский Хиуаға аттанды. Экспедидция мүшелерінің бірі - И. Ренат тұтқынан келгеннен кейін Қазақсттаның картасын жасады. Онда Шу-Іле, Қаратау таулары бар [1, 2-3] .
18 ғ-дың аяғында жасалған Я. Баувердің картасының бір ерекшелігі онда су жүйелері толық бейнеленіп, негізгі өзен көлдерінің бәрі аталған. Сарысу Шу сияақты кіші өзендер де бейнеленген.
Қазақстанның ішкі облыстарының табиғат жағдайларын суреттей келіп, М. Поспелев пен Г. Бурнашев Орталық Қазақстан қыраттарының оңтүстік сілемдері мен Шу өзені бойында Бетпақдала шөлі жатқанын анықтады. Олар Бетпақдаланың оңтүстігінде Шу өзенінен ары солтүстіктен оңтүстіке қарай көсіліп құмайт шөл (Мойынқұм) алып жатыр.
Атақты саяхатшы ғалым Г. Н Потаниннің әкесі Хорунжий Н. И. Потанин 1830 ж. Семей - Орталық Қазақстан - Бетпақдала Мойынқұм -Шымкент маршруты бойынша саяхат жасады. Ол өз жазбаларында жолда 45 тау мен 20 өзен кездескенін көрсеткен. Автор оларға қысқаша орографиялық және гидрографиялық сипаттама берген. Шу өзені Ыстық көлден бастап ақпайды, өзеннің бастауы Қырғыз Алатауында деп байлам жасаған. Н. И. Потаниннің деректері ғылымда ашылған соңғы жаңалығы еді. 19 ғасырдың 40 жылдарында көптеген орыс экспедициялары Қазақстанға аттанды.
А. И. Шренк 1840-1843 жылдары Қазақтың ұсақ шоқылы аудандарында Сарысу өзені, Бетпақдала мен Шу Іле тауларында болған.
1888 және 1889 жылдары геодезист Ю. А Шмидт Қазақтың ұсақ шоқыларының оңтүстік - батыс шеті мен Шу өзені бойында болды. Ол жазба есебінде өзі болған жерлердің өте-мөте құнды сипатамасын және Шу өзенінің картасын қоса берген. Бұған қоса оның есебінде Саумалкөл көлінің, Сарысу көлінің, Сарысу өзенінің, Бетпақдала шөлінің сипаттамасы бар.
Ыстықкөл мен Шу өзенінің арасындағы байланысты анықтау Іле Алатауында П. П. Семенов жүргізген зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерінің бірі. 1865 жылы 24 қырқүйекте Іле Алатауына алғашқы сапарында тауға Қастек өзенінің бойымен Қаскелең өзенінің алқабы арқылы көтерілген саяхатшы Суықтөбе шоқысына шығып, Шу өзенінің бүкіл алқабын тұңғыш рет көрді. Осы сапарында саяхатшы сол уақытқа дейінгі жаңсақ пікірді жоққа шығарып, Шу өзені басын Ыстықкөлден алмайтынын анықтады. Шын мәнісінде өзеннің Ыстықкөл қырқаларын бойлай ағып, Боам шатқалына бағытын күрт өзгертетіні белгілі болды.
Сөйтіп бірінші рет Н. Потанин ашқан жаңалық ғылымда дәлелденіп, әрі қарай нақты шешімін тапты.
1864 жылы Северцев Тянь-Шань экспедидциясына аттанды. Өз сапарын Верный қаласынан бастап Шымкен Әулиеата қалаларының төңірегін, Меркі селосын зерттейді, Талас өзенінің басейініне зерттеу жүргізеді. Бұл араларда ол өзендердің геологиялық жаратылысын, табиғи ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеді. Сонымен қатар, ол Қаратау тауларына да сапар шекті.
«Түркістан өлкесіне саяхат» атты еңбегінде автор жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сан түрлі екенін әрі олардың бір-бірінен айырмашылығын қызыға баяндайды. Ол мың құбыла құлпырған қыр гүлдеріне, қол ұсынса кісі бойы жетпейтін алып өсімдіктерге, жермен жексен тырбық бұталарға қарап таңырқай зерттеді. Анда-санда жерде бір бұта ғана шыққан таптақыр құз жартасты тау беткейлерімен қатар ол түгін тартсаң майы шығатын қара топырақты жерлерге (Мерке атырабында) кезігеді. Н. А. Северцев бұл құнарлы өңірлер тау арасында мұз дәуірінен қалған сары топырақты аңғарлар деп қателесті.
1875 ж И. В. Мушкетов Тянь-Шаньның солтүстік шеті мен Жоңғар Алатауына үлкен саяхат жасап, Әулиеата қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын зерттеді.
Іле Қордай бойымен бастап солтүстіке қарай, Балқаш көліне дейін Верный уезінің солтүстік - батыс бөлігін зерттеген. Г. М. Тумин осы өңірдің геологиялық тарихы мен климат жағдайларына байланысты оның жері сұр топырақты және құмдақ болып келетінін атап көрсетеді.
1909 ж С. С. Неуструев Әулиеата уезінде жұмыс істеді. Оның экспедидциялары Талас өзенінің алабы мен атырауын, Талас тауларының солтүстік шығыс беткейін, Қаратау жотасының шығыс бөлігін, Билікөл көлінің табынан, Қырғыз жоталарының солтүстік беткейінен және Мойынқұм шөлін зерттеді. Ол топырақ түзілу мәселелеріне назар аударады. Нәтижесінде ол биік таулы жерлердің кәдімгі тегіс аймақтардың топырағын толық бейнелеп жазды.
1922 ж Мойынқұм шөліне маршруттық свелка жүргізген Н. Л. Корженевскийдің жетекшілік жасаған Мойынқұм экспедидциясы алғашқы геоморфалогиялық мәліметтер берді.
Қазақстаның оңтүстік облыстарының кламатын зерттеуде 1921 ж құрылғанан кейін 1925 ж «Орта Азиялық» деп аталған Түркістан метеорологиялық институтта үлкен роль атқарды. Гидралогиядан алғашқы арнаулы жұмыс ретінде Давыдовтың статьясын айтуға болады. Ол Әулиеата округінің жер беті суларына шаруашылық және магистральдық тұрғыдан баға береді.
Осы аймақтың өзендері мен көлдеріне Б. Х. Шлегель қысқа физикалық географиялық сипаттама береді. Оның «Орта Азияның су шаруашылығы» еңбегінде бассейіндерін, өзендердің типтерін, орташа жылдық шығынын анықтап береді.
20 жылдары Орта Азия мемлекеттік университеті Қазақстанның оңтүстік облыстарына геобатаникалық зертеулер жүргізді.
1921 ж В. С. Титов пен И. И. Гранитов Верныйдан Шу- Іле тауларына саяхат жасады. Сол жылы Аболин Ташкенттен Әулиеата уезіне саяхат жасады [2] .
Бірінші жолы Бурный станциясы маңындағы құрғақ әр түрлі шөпті өсімдіктерді зерттеді. Екінші саяхатында Папов қатысты. Экспедицияның міндеті Түркістан АССР-ы Жер Наркомының тапсыруы бойынша Жуалы ауданына егіншілікке байланысты топырақ ботаникалық зерттеу жүргізу болды.
1922 ж Талас өзені аңғарына топырақ - ботаникалық зерттеу болды. Оны Е. П. Коровин жүргізді. Шымкент темір жолы бойымен Бішкекке дейін келді.
1925 ж ВЦИК-і ерекше комиссиясы тапсырмасымен және қаражатымен Оңтүстік Қазақстанда жер игеруге байланысты құрылған Аболиннің жетекшілік етуімен арнайы экспедиция Билікөл ауданын, Аса өзенінің төменгі ағысын зерттеді.
1926 ж Аболиннің жетекшілігімен кең көлемде 2 бағытта зерттеу жүргізді: Шу отряды (В. П. Дробов, Н. А. Бушков П. А. Гомолицский және Б. А. Абдулин) Әулиеата уезінің шығысын, Алматы отряды (В. С. Титов, А, В. Мукля, А. Ф. Иоффе) батысын зерттеді.
1927 ж осы экспедиция жұмысын жалғастырып, Талас бойын зерттеді. Бұл экспедидциядан басқа САГУ-дың топырақ тану, геобатаника институты ғалымдарының эспедидциясы да зерттеу жұмысын жүргізді. М. В. Культиасов, Н. Г. Богданович құрамында болған экспедиция Жамбыл қаласы маңын зерттеді.
20 жылдың бас кезінде Түркістан ғылыми қоғамы мен орыс география қоғамының Түркістан бөлімшесі Мойынқұм құмына экспедидция жасады. Экспедиция аңдар мен құстардың коллекциясын жинады. Есептерінде жануарлардың тізімін, олардың таралуын жазған.
1926 ж бірнеше экспедиция Қаратауда жұмыс істеді. Билікөл, Алакөл, Ащыкөл, жағалауынан Кашкаров, Қаратаудың оңтүстік - батыс беткейін С. П. Наумов, Л. В. Шапошникова және В. С. Камилев зерттеді. Есептерінде рельефіне, климаты, топырақ өсімдік жамылғысына сипаттама жазды [3] . Қаратау - жаңа ірі рудалы аудан. Ол қазаннан кейін ашылды. Ащысай қорғасын, мырыш кен орны туралы В. Н. Вебер дұрыс пікір айтты. Одан кейін ол жерлерде Д. Н. Тарасов, В. Ф. Баспалов, Н. Л. Бублиенко, И. И. Мошкара жұмыс істеді. Кіші Қаратауда 1936 ж жоғарғы сортты фосфорит кен орны зерттелді.
Қаратаудың құрлысында негізгі рольді төменгі полеозой жынысы атқарады. 1931 жылдан бастап Бетпақдалада гидралогиялық зерттеу жұмыстарын Д. И. Яковлев жүргізді. Үлкен жетістігі Шу ойысының үштік және бор жыныстарындағы тұщы сулы артезиандарын ашты.
1. 3. Жер бедері оны қалыптастыратын факторлар
Жамбыл облысының жер бедері жазық болып келеді. Тау массивтері оңтүстігінен, шығыстан және оңтүстік батыстан қоршап жатыр. Оңтүстік шығысында Кіндіктас тауы жатыр. Кіндітастың солтүстігінде Шоқпар және Қопа ойысымен, оңтүстік, оңтүстік-батысында Шу оңғарымен шектелген. Ол бірнеше массивтерге бөлінеді. Солтүстік-шығысында Қордай үстірті, шығысында Желтау тауы, оңтүстік-шығысында Ырғайты, Ақалтас өзендері бассейндерінде Ырғайты үстірті, батысында Аққойлық қыраты жатыр. Кіндіктас тауларының беті каньон тәріздес аңғарлармен тілімделген. Шоқпар ойысының солтүстік батысында Шу, Іле өзендерінің су айырығында Шу-Іле таулары жатыр. Оңтүстік батыс жағы көтеріңкі Айтауда (1800 м) ол ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік-батысында Хантау (1053 м сұңқар) жалғасады. Одан әрі Желтау таулы үстірті жатыр. Солтүстік-батысында Бетпақдалаға ұласады. Облыстың оңтүстігінде Қырғыз Алатауы жатыр. Ол батысында Тектұрмас қыратынан басталады. Оның биіктігі біртіндеп биіктей береді. 1000-3000 м (Мақпал шыңы 3685) . Қырғыз Алатауының батысында беткейлердің ассиметриясы жақсы байқалады. Солтүстік беткейі тік және қысқа, оңтүстік беткейі ұзын және көлбеу. Қырғыз Алатауының жоталары тек оңтүстік-шығысында ғана қар сызығынан жоғары көтеріледі (3000-3800 м) . Оңтүстік-батысында Қаратау жоталары жатыр. Ол солтүстік батысында 700 метрден, оңтүстік-шығыста 1000 метрге дейін көтерілді. 43 0 40 / Қаратау екіге бөлінеді: Шығыс - кіші Қаратау және оңтүстік-батыс Қаратау.
Қартаудың рельефіне жергілікті халық жон деп атайтын суайырық жоталары тән. Палезойдың әк тастарынан тұратын тау массивтерінде карсталық рельеф формалары көп кездеседі. Қаратаудың оңтүстігіндегі тегістелген беткейден Боралдай жотасы шығып тұрады. Оның суайырығы жіңішке. Бұл жотаның беткейлері тік жартасты. Қаратауға солтүстік-шығысынан бордың үштік дәуірдің сазды-құмды қабаттарынан тұратын тау алды жазығы жалғасып жатыр. Мұнда рельефтің қыр деп аталатын формалары таралған, яғни, тік беткейлі, төбесі тегістелген қалдық тау. Ол жазықтардан 30-50м көтеріліп тұрады. Қазіргі Шу, Талас өзендерінің аңғарының рельефіне 2 терасса жайылмаға және терассалы және Шу аңғарында жайылма терассасасы Қамқалы ауданында өсіп 10-15 метрге жетеді. Үшарал маңында Таластың жайылмасы да осынша болады. Шу аңғарының оңтүстігінде Мойынқұм құмы жатыр (абс. биіктігі 200-800 метр) .
Мойынқұмның солтүстігі Шу маңы құмды жазық деп аталатын құм төбелер мен жоталар солтүстік-шығыс бағытта созылып жатыр. Мойынқұмның орталық бөлігі төбелі жоталы жазықтан тұрады. Рельефтің типтік элементі төбешіктер. Ол төбешіктердің арасында төмен түскен аймақтар болады. Оңтүстік-шығыс және солтүстік батыс бөлігінде төбешіктер жалдармен кезектесіп келіп өсімдік жамылғысымен жамылған. Құм жазықтардың 10%-ын жауып жатыр. Оңтүстік-шығыс Мойынқұм шөптің биік бөлігі. Ірі жалдардың биіктігі 20-40м-ге жетіп, төбелер тізбегін құрайды. Мойынқұмның оңтүстік-шығысында құмдар 10-20% осы жерден ағып жатқан Шу және Қорағаты өзендерінің аңғарының тереңдігі 40-60 м. Шудан солтүстікке қарай Бетпақдала жатыр. Облысқа оның оңтүстік-шығысы ғана кіреді. Бетпақдаланың оңтүстігінде солтүстік батысқа созылған Жамбыл, Қойжарылған, Майжарылған, Байқара, Шоғырлы таулары созылып жатыр. Батысында төбелі-жоталы жазық жатыр. Солтүстігінде салыстырмалы биіктігі - 450 м, оңтүстігінде 325-400 м. Оңтүстігінде Сарыой аңғарымен шектелген [1, 10-11] .
Физикалық геологиялық процестерге және морфологиясына байланысты рельефтің 3-типін; денудациялық-тектоникалық, денудациялық, аккумулиятифтік рельеф типтерін бөліп қарастыруға болады. (Сваричевская З. А. және Колецкая М. С. материялы бойынша) .
Денудациялық-тектоникалық рельеф. Бұл категорияға барлық қатпарлы құрылымдар жатады. Ол активті жаңа тектоникалық қозғалстың нәтижесінде пайда болған. Беткейлердің морфологиясы мен абсолюттік биіктігіне қарай рельефтің морфогенетикалық мынадай типьтерін бөліп қарастырамыз: биік таулы, орта және аласа таулы рельеф.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz