«Шағын және орта бизнес қызметінің аудиті.»


Казахстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Д. А. Қонаев атындағы университет
«Экономика және бизнес» кафедрасы
Тақырыбы:
«Шағын және орта бизнес қызметінің аудиті. »
050508 - Есеп және аудит
Орындаған: Кунтуов К. С.
Ғылыми жетекшісі: Табеев Т. П.
Алматы-2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 ШАҒЫН және орта БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Шағын және орта бизнестің мәні, маңыздылығы мен даму
бағыттары . . . 8 1. 2 Шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі . . . 14
2 Шағын және орта бизнисінің аудиті
2. 1 “Жолбарыс”ЖШС бизнесіндегі сипаты . . . 20
2. 2 Ұйымның шаруашылық жүргізу қызметіне талдау . . . 24
2. 3 Шағын және орта бизнес өндіріс саласындағы қаржылық
белсенділік әдісін жетілдіру . . . 30
3 ҚР шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
3. 1 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары мен
механизмдері . . . 38 3. 2 Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды
жетілдіру бағыттары . . . 50
3. 3 Шағын бизнесті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін Қазақстан
жағдайында қолдану мүмкіндіктері . . . 55
Қорытынды . . . 62
Қолданылған әдебиттер тізімі . . . 65
Кіріспе
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан шағын бизнестің мемлекеттің дамуында және экономикалық өмірінде алатын ролі зор. Қазіргі өркениетті дүниенің экономикалық құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі - шағын бизнес болып саналады.
Әміршілдік экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономиклық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта топтың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Тақырыптың өзектілігі . Шағын және орта бизнес-нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл сектор өзінің мәні бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары даму деңгейі нарықтық-бәсекелік шаруашылықтың қажетті бөлігі болып табылатындықтан, оның түрлі формаларын дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің кез-келген формасын дамыту негізінен жалпы елдегі, оның аймақтарындағы ішкі экономикалық жағдайлар және кәсіпкердің өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін берілген құқықтарын пайдалана алу қабілеті сияқты екі шартқа байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қажетті алғышарттардың қалыптасуына елімізде жүзеге асқан мемлекеттік меншікті ыдырату мен жекешелендіру процесі негіз болып, экономикада жеке сектор пайда болуына алып келді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің осындай экономикалық және әлеуметтік саяси қызметтері оның дамуын маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына қойып, Қазақстан экономикасын реформалаудың құрамдас бөліміне айналдырады. Шағын және орта кәсіпкерліктің болашағы зор. Бірақ, маңыздылығына қарамастан, бұл мәселе Қазақстанның экономикалық ғылымында жеткіліксіз зерттелген. Ал жарық көрген кейбір зерттеулерде көрсетілген мәселенің кейбір жақтары ғана қарастырылады, оның макроэкономикалық механизмдерін жетілдіру мәселесі толық зерттеле қойған жоқ.
Республикадағы нарықтық қатынастардың алға басып, экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарыстан шығу қажеттілігі шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту мәселелерін терең зерттеуді талап етеді.
Жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттері . Тақытыптың маңыздылығын, әрі жеткілікті деңгейде зертелмегендігін ескере отырып төмендегідей мақсат қойдық: Қазақстан, тіпті бұрынғы Кеңестер Одағы көлеміндегі табиғи байлығы мол, жаңа экономикалық жүйеге өту кезеңінің талаптарына сәйкес әкімшілік құрылымның өзгеруіне байланысты қосымша қиындықтарды басынан кешіріп жатқан шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының теориялық және ғылыми-практикалық мәселелерін зертеу арқылы нарыққа өту жағдайында оның макроэкономикалық тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау.
Осы мақсатқа жету үшін алдымыздағы төмендегідей міндет қойдым:
Қазақстанның нарықтық экономикалық жағдайында экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономика жағдайын жақсартуда және дағдарыстан шығу жолындағы алғышқы қадам ретінде маңызды фактор бола алады.
Кейінге қалтыруға келмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметке, шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету маңызды орынды алады. Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Ә. Назарбаевтің « Шағын кәсіпкерлік белсендіру мен мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту бойынша шаралар туралы» бұйрығында шағын бизнес субъектілеріне бүкіләлемдік жәрдемдесу, орта тапты қалыптастыру керектігіне мән берілгендігі кездейсоқ емес.
Бітіру жұмысының бірінші бөлімінде шағын бизнестің нарықтық экономикадағы қажеттілігі мен экономикалық мәні ашылған. Сонымен қатар шағын бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де осы бөлімге арқау болған. Мемлекет тарапынан шағын бизнестің дамуын құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету мәселесі де жұмыстың осы бірінші бөлімінде қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қазіргі даму барысына статистикалық мәліметтер негізінде саралау жүргізілген. Осы бөлімде шағын бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары мен механизмдерінің қазіргі жағдайына сипаттама берілген.
Жұмыстың үшінші бөлімінде шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі шаралар кешені қарастырылады. Ал жұмыстың қорытынды бөлімінде автордың өзіндік тұжырымдары мен ұсыныстары келтірілген.
1. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
1. 2 Шағын және орта бизнестің мәні, маңыздылығы
мен даму бағыттары
Қоғамымыздағы реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономиклық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта топтың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шағын және орта бизнес-нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл сектор өзінің мәні бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары даму деңгейі нарықтық-бәсекелік шаруашылықтың қажетті бөлігі болып табылатындықтан, оның түрлі формаларын дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің кез-келген формасын дамыту негізінен жалпы елдегі, оның аймақтарындағы ішкі экономикалық жағдайлар және кәсіпкердің өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін берілген құқықтарын пайдалана алу қабілеті сияқты екі шартқа байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қажетті алғышарттардың қалыптасуына елімізде жүзеге асқан мемлекеттік меншікті ыдырату мен жекешелендіру процесі негіз болып, экономикада жеке сектор пайда болуына алып келді. Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылы шілденің 4-ші жұлдызында қабылданған «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңында» көрініс алды. /1-43/
Соңғы уақытта шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 5 заңы, заңдық күші бар 7 қаулысы, сонымен қатар Қазақстан Республикасында шығын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға байланысты соңғы жылдары жүргізіле бастаған шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру және оны әрі қарай дамытуға байланысты қолайлы өзгерістер жасалынып жатыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік баяу қарқынмен және қайшылықты түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта нарықтық экономиканың ерекше секторы ретіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуының алғашқы қадамдары ғана жасалды. Әлі буыны қатып, бекімеген, дербес өмірге аяқ басқан кезеңде кемшіліктердің болуы табиғи нәрсе. Дегенмен, шағын және орта кәсіпкерліктің рөлін бағаламаушылық, оның техникалық-өндірістік және әлеуметтік-экономикалық әлуетін есепке алмау экономика экономикалық әдебиеттер мен нақты статистикалық деректер нарықтық экономикасы дамыған елдерде де шағын және орта кәсіпкерліктің рөлінің күшейгендігін көрсетеді. Шағын және орта кәсіпорындар санының өсіп, дамыған инфрақұрылым мен мемлекеттен қолдау тапқанда шағын және орта кәсіпкерлік экономикалық, әлеуметтік, сонымен қатар тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін шешудің маңызды факторына айналады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің осындай экономикалық және әлеуметтік саяси қызметтері оның дамуын маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына қойып, Қазақстан экономикасын реформалаудың құрамдас бөліміне айналдырады. Шағын және орта кәсіпкерліктің болашағы зор. Бірақ, маңыздылығына қарамастан, бұл мәселе Қазақстанның экономикалық ғылымында жеткіліксіз зерттелген. Ал жарық көрген кейбір зерттеулерде көрсетілген мәселенің кейбір жақтары ғана қарастырылады, оның макроэкономикалық механизмдерін жетілдіру мәселесі толық зерттеле қойған жоқ. /3-21/
Республикадағы нарықтық қатынастардың алға басып, экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарыстан шығу қажеттілігі шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту мәселелерін терең зерттеуді талап етеді.
Әлемдік тәжірибе, экономикалық дағдарыс жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қолдауға бағытталған саясат қана экономикалық өсуді жүзеге асыруда керекті нәтиже беретіндігін көрсетеді. Кәсіпкерлікті қолдау ең алдымен аймақ пен қалалардың міндеті болып табылады. Қазіргі кезде аймақтар еркіндік алып, орталық ұйымдарының ықпалынан шықты. Сондықтан нарықтың біртіндеп күш алып, қалыптасып келе жатқан уақытында территорияны әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамыту мәселесі толығымен аймақ (қала) әкімшілігіне жүктеледі.
Тауарлар мен қызмет көрсету нарығында монополистік құрылымдар мен шешуші деңгейде нарықтың сақталуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге көмектесетін шағын және орта кәсіпорындардың қажетті саны болғанда ғана аймақтағы (қала) тиімді нарық шаруашылығын жан-жақты қолдау қалалық, аймақтық және республикалық деңгейдегі жүзеге асырылып отырған мемлекеттік саясаттың жетекші мақсаттарының біріне жатқызылуға тиісті екендігін экономикалық өмірдің өзі дәлелдеуде.
Шағын бизнес кез келген елде болмасын мемлекеттік қолдауды қажет етеді, оның ерекшелігі, сонымен қоса әлсіздігі осы жерде.
Шағын құрылымның аз мөлшердегі және шектеулі қаржылық мүмкіндігі шағын фирмалардың ірі кәсіпкерлермен салыстырғанда өз ізін қалдырады. Сол себепті, шағын бизнеске жағымды экономикалық-құқықтық орта құру Қазақстандағы кәсіпкерлікті белсендіруде маңызды рөл ойнайды. Шағын бизнеске тек мемлекеттік емес, сонымен қоса жалпы қоғам бойынша кешенді бағдарлама кәсіпкер бойында қатал нарық жағдайында өзін-өзі дамыту мен дамуға икеделуге қабілетті «өмір сүру күші» пайда болуына көмектеседі. Мемлекет үшін бұл экономикада дағдарысты жұмсарту, өндірісті көтеру, әлеуметтік және саяси қарым-қатынастағы тұрақтылықты білдіреді. Шағын бизнесті дамыту мен оған қажетті ресурстармен (материалды-техникалық, кадрлық, қаржылық, ақпараттық және т. б. ) қамтамасыз етуге жәрдемдесетін әртүрлі бағдарламалардың мәні өте жоғары
Елімізде қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі - шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту стратегиялық бағыттарында көрініс тапты. Бұл жердегі бизнес (ағылшын: іс, кәсіп, қызмет) дегеніміз азаматтар мен азаматтар тобының рыноктық экономика жағдайында жеке мүліктік жауапкершілігі мен тәуекелі, қауіп-қатері негізінде пайда немесе экономикалық түсімнің өзге де нысанын алуға бағытталған дербес қызметі. Біздің пікірімізше, адам өміріне, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек игіліктерді алудың басты көзі өндіріс - экономиканың негізі. Кәсіпкерлік арқылы еңбек, жер, капитал тәрізді үш өндіріс факторының бірігуі жүзеге асырылады, яғни бұл ерекше факторды рынок шаруашылығының ерекше бөлшегі ретінде қарастыруға болады. Кейбір экономикалық әдебиеттерде өндіріс факторы ретінде еңбек, капитал, жермен бірге кәсіпкерлікті де қарастырады. Бұл тұжырымдардан байқағанымыз, рынок - еркін кәсіпкерлікке негізделген экономика, ал ол өз кезегінде кез келген әлеуметтік-экономикалық құбылыс сияқты уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Біздіңің пікірімізше, кәсіпкерлік дегеніміз жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе шаруашылық жүргізу құқығына негізделген, меншік түрінен тәуелсіз, тауарға (жұмыс не қызмет атқаруға) деген сұранысты қанағаттандыру барысында таза табыс табуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамалық қызметі. Кәсіпкерлік «бизнес» сөзінің қазақ тіліндегі синонимі. Кәсіпкерлік белсенділік пен тәуекелділікке бел буа білу - егіз ұғым. Сондықтан кәсіпкерлікті басқа экономикалық қызмет түрлерінен ерекшелейтін белгілеріне дербестік, жауапкершілік, тәуекелділік, іскерлік, белсенділік жатқызылады. Кәсіпкерліктің мәні рыноктың белгісіздік жағдайында өз меншігін, қолында бар қаражатын тиімді де ұтымды пайдалана білуінде болып табылады. Рынок үлгісіндегі басты тұлға кәсіпкер десек, ол - қарамағындағы мүліктерді заңды негізде пайдалануға, өзінің бастамасымен барлық шешімдерді қабылдауға және кез-келген әрекет жасауға құқықты заңды ұйым немесе жеке азамат. /12-77/
Кәсіпкерліктің даму тарихы орта ғасырлардан бастау алады. XVII ғасырдың орта шенінде халықаралық сауда саласында акционерлік компаниялар пайда болып, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында ол кеңінен дамыды. Экономикалық әдебиеттегі «кәсіпкер» ұғымы алғаш рет 1723 жылы Парижде жарық көрген коммерцияның жалпылама сөздігінде келтірілді. Онда «кәсіпкер» деп өзінің жауапкершілігіне өндіріс немесе құрылыс объектісін алатын адамды айтады. Экономикалық теориядағы «кәсіпкерлік» ұғымын алғаш XVIII ғасырда ағылшын экономисі Р. Кантильон енгізді. Оның тұжырымдауынша, кәсіпкер - мөлшері белгісіз, тұрақсыз табыс табатын адам, басты ерекшелігі - тәуекелге бел буатындығы, негізгі экономикалық функциясы - әр түрлі тауар нарығындағы ұсыныс пен сұранысты сәйкестендіру. Ол бизнесмендерді капитал салушыларға және өз еңбегі мен ресурсын пайдаланушыға бөлсе, ал экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілі А. Смит (1723-1790) кәсіпкерді қандай да бір коммерциялық идеяны өткізіп, пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттаған. Мұнда ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады, нәтижесіне өзі ие болады. А. Маршалл және оның ізбасарлары кәсіпкердің ұйымдастыру қабілетіне үлкен көңіл бөлді, сөйтіп, кез-келген адам кәсіпкер бола алмайды деп тұжырымдады Көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс бойынша, кәсіпкер белсенді, тәуелсіз, ұқыпты және өте сақ болуы керек, француз экономисі Ж. Б. Сэй (1762-1832) «өз қаражаты мен тәуекелі есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіретін тұлғаны» кәсіпкер деп тұжырымдайды. Неміс экономисі В. Зомбарт (1863-1941) кәсіпкерді «ерік-жігері мол, адамдарды үгіттей алатын және оларға өз тауарын сатып алғыза алатын белсенді ұйымдастырушы, сатушы» десе, австралиялық экономист И. Шумпетер (1883-1950) бизнес - бұл пайда және басқа да қосымша табыс табу мақсатында инновациялар жүргізу, ал кәсіпкер - «жаңа идеяларға бай, өндіріс факторларын үйлесімді пайдалана отырып, жаңа технологияларды енгізетін сол арқылы экономиканың дамуын қамтамасыз ететін тұлға», егер кәсіпкер инноватор функциясын атқаруды доғарса, онда ол өз мәртебесін жоғалтады деп сипаттаған. Көптеген кеңестік әдебиеттерде кәсіпкерді «капиталист» деп қарастырады. 90-ыншы жылдардан бастап кәсіпкерге жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. А. В. Сидорович кәсіпкерді «жеке меншік мүлкінің жауапкершілігі арқылы бәсекелік негізде табыс (пайда) табу мақсатымен дербес бастамалық іс-әрекет жасайтын шаруашылық жүргізуші субъект» ретінде сипаттасса, Е. Ф. Борисов «кәсіпкер - бұл баю мақсатында өндірістің барлық факторын пайдаланатын іскер адам» деп тұжырымдайды. А. Қаңтарбаеваның пікірінше, кәсіпкер қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіре отырып, жаңа рынок құратын, жаңа жұмыс орнын қалыптастыратын, инновацияларды ендіретін басқа кәсіпкерлердің өндірген тауарлары мен қызметтерін сатып алатын тұлға экономикада коммерциялық тәуекелмен байланысты инновацияларды енгізу арқылы өз пайдасын сәтті алуға талпынатын кәсіпкер неғұрлым көп болса, ондай қоғам соғұрлым баий береді.
Шынында, нарық ең тиімді кәсіпкерлік орта болып табылады. Кәсіпкерлік - нарықтық қатынастардың қасиеттері мен сапалық сипаттамасының жиынтығы. Сондықтан кәсіпкерліктің әртүрлі формалары мен түрлерін дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес.
Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклінің типтес фазаларымен байланысты болғандықтан, кәсіпкерліктің мынандай түрлерін бөліп айтуға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық.
Өндірістік кәсіпкерлік негізінен тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру мен тұтынуға; коммерциялық - оларды айырбастау мен тұтынуға; қаржылық - айналысқа, құндар айырбасына байланысты жүзеге асады. Кәсіпкерліктің бұл түрлерінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне байланысты әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болғанымен, олардың барлығы бірін-бірі толықтырып тұрады. Шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпкерліктің ерекше түрі болып саналмайды, бұл термин мөлшерлік көлем деңгейін ғана анықтайды, ал оның формасы кез-келген түрде: жекешелік, серіктестік, шектеулі жауапкершілікті қоғам ретінде болуы мүмкін.
Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық мәні: біріншіден, оның объективті түрде өмір сүруі және экономиканың секторы ретінде дамитындығымен; екіншіден, кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып табылатындығымен анықталады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті экономиканың секторы ретінде қарастыру қоғамдық өндірістің екі - техникалық-ұйымдастыру мен әлеуметтік-экономикалық жағының бірлігін анықтауға негізделген. Оның бірінші жағы өндіргіш күштер, яғни өндірістің материалдық-заттық элементтер жиынтығы, жұмыс күші мен өндірісті ұйымдастырудың түрі арқылы анықталса, екінші жағы - өндірістің қоғамдық түрін құрайтын өндірістік қатынастармен анықталып отырады.
Нарықтың монополистік емес құрылымын қалыптастыруда, экономикалық монополизмді жеңуде шағын және орта кәсіпорындар маңызды рөл атқарады.
Дамыған шет мемлекеттердің және Қазақстанның шағын және орта бизнесті критерийлерін төмендегідей анықтайды:/22-119/
Дамыған шет мемлекеттерде кәсіпорының шағын, орта не ірі бизнеске жататын әр түрлі критерийлерге сәйкес анықтайды. Атап айтқанда, жұмыспен қамтылғандардың санына қарай, негізгі қор мөлшеріне қарай, табысына пайдасына қарай. Кестеден көрініп тұрғандай Ұлыбританияда шағын кәсіпорындар санатына жылдық пайда мөлшері 250 мың фунт стерлинг болатын кәсіпорындар енгізілсе, Жапонияда шағын және орта бизнестегі кәсіпорындар санатына жұмыспен қамтылғандар саны 100 адамға дейін, ал капиталы 10 млн-нан 100 млн йенге дейін болатын кәсіпорындар енгізіледі. Еуропаның кейбір елдерінде шағын кәсіпорын критерийі ретінде капиталдың жылдық айналымының шекті мөлшері қолданылады: Италияда - 3 млрд лир, Францияда - 100 млн француз франкі, Канадада 100 адамға дейін жұмыспен қамтып, табысы 200 мың доллорды құрайтын кәсіпорындар шағын бизнес санатына жатады.
А. Н. Азрилианның жетекшілігімен жазылған экономикалық сөздікте шағын бизнеске мынандай түсініктеме беріледі: «ешбір монополистік бірлестікке тікелей кірмейтін және экономикада монополияларға деген бағынышты рөлді ұстанатын ұсақ және орта кәсіпорындардың жиынтығы». П. Д. Половинкиннің тұжырымдауынша, шағын бизнес бұл пайда табу мақсатында, өзінің бастамалық, инновациялық, тәуекелдік негізінде жауапкершіліктермен бірге жер, еңбек, капитал тәрізді өндіріс факторларын рационалды пайдаланатын және басты субъектісі кәсіпкер болып табылатын шағын кәсіпкерлердің кез-келген экономикалық қызметі.
Біздің пікірімізше, шағын бизнес дегеніміз әр елдің өзіне тән өлшемдер жүйесі бар (жұмысшылар саны, сатудан түскен кіріс көлемі, актив мөлшері, жылдық табыс және т. б. ) шаруашылық жүргізудің ерекше нысаны. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес, шағын кәсіпкерліктің субъектілірі болып жұмыскерлерінің жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі орташа есеппен жылына айлық есептік көрсеткіштің 60 мың мөлшерінен аспайтын актив ұстайтын кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар саналады. Орта бизнеске жұмыскерлердің жылдық саны 250 адамнан аспайтын әрі орташа есеппен жылына айлық есептік көрсеткіштің 325 мың мөлшерінен артпайтын актив ұстайтын, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар саналады. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанда қатардағы шағын бизнестің ұйымдық-құқықтық нысанының бірі - дара кәсіпкерлік. ҚР-ның 2006 жылғы 7 ақпандағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес дара кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың тәуекелділігі мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын және олардың өздерінің мүліктеріне негізделген табыс табуға бағытталған бастамалық қызметі. Біздің пікірімізше, дара кәсіпкер - заңды тұлға нышанынсыз және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға. Мұнда ескеретін бір жайт, бұл кәсіпкерлік әлеміне тек отандық тұлғалар ғана емес, шетелдік тұлғалар да қатынаса алады. /20-205/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz