Респираторлық аллергоздар



Дәріс жоспары:
1. Респираторлық аллергоздар туралы жалпы түсінік;
2. Бериллиоз дамуының этиологиялық факторлары ;
3. Патогенезі және патоморфологиялық сипаттамалары;
4. Респираторлық аллергоздардың клиникалық көріністері, ағымы және асқынулары ерекшеліктері;
5. Диагностикалық ерекшеліктері;
6. Бериллиоз кезіндегі ем, алдын.алу , еңбекке жарамдылық сараптамасы.
Респираторлық аллергоздар
Респираторлық аллергоздарға- патогенезінде шешуші роль аллергия болатын, ал клиникалық көрінісінде бірінші орынға тыныс алу мүшелері шығатын сырқат түрлері жатады.
Респираторлық аллергоздар – жинақтаушы түсінік. Ол жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық зақымдалуын (респираторлық аллергоздардың шағын формалары), бронхылық демікпе, және сирек сырқаттар: экзогенді аллергиялық альвеолит, аллергиялық пневмония, эозинофильді өкпелік инфильтратты жинайды.
Этиологиясы. Респираторлық аллергоздар барлық түрлерінде сенсибилизацияны тудырышы алларгендер болып, блоктаушы антиденелердің төмен синтезін тудыратын экзогенді табиғатты әлсіз антигендер табылады. Респираторлық аллергоздарда ағзаға аллергендердің негізгі түсу жолы – ингаляциялық.
Эпидермальды аллергоздың негізгі көзі болып табылады. : әртүрлі жануарлардың (мысық, ит,су шошқасы, құстар, қоян, жылқы, қой) жүні, түгі, қауырсыны, қайызғағы, экскременттері, сілекейі, май бездері бөлінділері. Эпидермальды аллергоздар жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының ауруларын, сонымен қатар, экзогенді аллергиялық альвеолитті туындатады («фермер өкпесі», «көгершін бағушы өкпесі», «попугайларды ұнатушы өкпесі»).
Өсімдіктер 3 тобы негізгі тозаңдық аллергия бөлушілер: ағаштар мен бұрақты ағаштар, дәнді –дақылды шөптер және арамшөптік өсімдіктер. өсімдік тоззаңына болған сенсибилизациядан респираторлық алларгоздардың түрлерінде көктем-жаз мезгілділігі байқалады. Ерте көктемде – ағаштардың тозаңына, жаздың басы ортасына қарай – дәнді-дақылдық шөптерге, жаздың соңы мен күздің басы- арамшөптерге сезімталдығынан болатын сырқаттар шиеленісе түседі. Тозаңдық және өсімдікті тағам аллергендері арасында тікелей байланыс бар.Мысалы: қайың тозаына сенсибилизация долғанда, алма, алмұрт, сәбіізге де реакция байқалады. Өсімдік тозаңына сенсибилизация кезінде респираторлық аллергоздар клиникасында мезгілдік риноконъюнктивит түрінде , сондай-ақ ауыр түрдегі тозаңдық бронхтық демікпе түрінде де көріне алады.
Мүктік және ашытқылық саңырау құлақтардың аллергендері бөлме ішінде де, сыртқы ортада да болады. Саңырау құлақтық аллергендеріне сенсибилизацияға ауыр түрднгі бронхылық демікпе, алвеолит дамуы сипатты.
Вирустар , вакциналар, химиялық заттар да респираторлық аллаергоздар дамуының этиологиялық факторы бола алады. Респираторлық аллергоздардың көп жағдайларында полиаллергия анықталады(аллергендердің бірнеше топтарына сенсибилизация).
Әдебиеттер:
негізгі:
1. Карабалин С.К. Медицина труда. – Алматы. 2010. -372 б.
2. Мамырбаев А.А. Основы медицины труда. – Актобе. 2010. -705 б.
3. Жұмабекова Б.К., Жаппарова Б.Т., Ғазалиева М.А. Кәсіби аурулар бойынша дәрістер курсы. Қарағанды, 2007ж.

қосымша:
1. Құлмағамбетов И.Р., Алиханова Н.А. Руководство по классификациям заболеваний. Караганда: Глассир, 2009. -540 б.
2. Артамонова В.Г., Мухин Н.А. Профессиональные болезни. М: Медицина, -2006. -432 б.
3. Косарев В.В., Лотков В.С. Профессиональные болезни. М., -2009. -349 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
• Мақсаты: Студенттерді респираторлы аллергоздар патогенезі,
патоморфологиясы, клиникалық көріністері, ағымы және асқынулары
жайлы түсінік беріп, диагностикасы, емі, алдын-алу шаралары,
дәрігерлік- еңбектік сараптамасымен таныстыру.

• Дәріс жоспары:
1. Респираторлық аллергоздар туралы жалпы түсінік;
2. Бериллиоз дамуының этиологиялық факторлары ;
3. Патогенезі және патоморфологиялық сипаттамалары;
4. Респираторлық аллергоздардың клиникалық көріністері, ағымы
және асқынулары ерекшеліктері;
5. Диагностикалық ерекшеліктері;
6. Бериллиоз кезіндегі ем, алдын-алу , еңбекке жарамдылық
сараптамасы.

• Дәріс тезистері:
Респираторлық аллергоздар
Респираторлық аллергоздарға- патогенезінде шешуші роль аллергия болатын,
ал клиникалық көрінісінде бірінші орынға тыныс алу мүшелері шығатын сырқат
түрлері жатады.
Респираторлық аллергоздар – жинақтаушы түсінік. Ол жоғары тыныс алу
жолдарының аллергиялық зақымдалуын (респираторлық аллергоздардың шағын
формалары), бронхылық демікпе, және сирек сырқаттар: экзогенді аллергиялық
альвеолит, аллергиялық пневмония, эозинофильді өкпелік инфильтратты
жинайды.
Этиологиясы. Респираторлық аллергоздар барлық түрлерінде сенсибилизацияны
тудырышы алларгендер болып, блоктаушы антиденелердің төмен синтезін
тудыратын экзогенді табиғатты әлсіз антигендер табылады. Респираторлық
аллергоздарда ағзаға аллергендердің негізгі түсу жолы – ингаляциялық.
Эпидермальды аллергоздың негізгі көзі болып табылады. : әртүрлі
жануарлардың (мысық, ит,су шошқасы, құстар, қоян, жылқы, қой) жүні, түгі,
қауырсыны, қайызғағы, экскременттері, сілекейі, май бездері бөлінділері.
Эпидермальды аллергоздар жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының ауруларын,
сонымен қатар, экзогенді аллергиялық альвеолитті туындатады (фермер
өкпесі, көгершін бағушы өкпесі, попугайларды ұнатушы өкпесі).
Өсімдіктер 3 тобы негізгі тозаңдық аллергия бөлушілер: ағаштар мен
бұрақты ағаштар, дәнді –дақылды шөптер және арамшөптік өсімдіктер. өсімдік
тоззаңына болған сенсибилизациядан респираторлық алларгоздардың түрлерінде
көктем-жаз мезгілділігі байқалады. Ерте көктемде – ағаштардың тозаңына,
жаздың басы ортасына қарай – дәнді-дақылдық шөптерге, жаздың соңы мен
күздің басы- арамшөптерге сезімталдығынан болатын сырқаттар шиеленісе
түседі. Тозаңдық және өсімдікті тағам аллергендері арасында тікелей
байланыс бар.Мысалы: қайың тозаына сенсибилизация долғанда, алма, алмұрт,
сәбіізге де реакция байқалады. Өсімдік тозаңына сенсибилизация кезінде
респираторлық аллергоздар клиникасында мезгілдік риноконъюнктивит түрінде ,
сондай-ақ ауыр түрдегі тозаңдық бронхтық демікпе түрінде де көріне алады.
Мүктік және ашытқылық саңырау құлақтардың аллергендері бөлме ішінде де,
сыртқы ортада да болады. Саңырау құлақтық аллергендеріне сенсибилизацияға
ауыр түрднгі бронхылық демікпе, алвеолит дамуы сипатты.
Вирустар , вакциналар, химиялық заттар да респираторлық аллаергоздар
дамуының этиологиялық факторы бола алады. Респираторлық аллергоздардың көп
жағдайларында полиаллергия анықталады(аллергендердің бірнеше топтарына
сенсибилизация).
Патогенез. Респираторлы жүйенің аллергиялық зақымдалуының негізінде, көп
жағдайларда, иммунопатологиялық механизм жатыр. Негізгі қиындатушы
фактордың бірі- аллергиялық ауруларға тұқымқуалаушылыұ бейімділік.
Респираторлық аллергоздардың көп жағдайында экзогенді жұқпалы емес
аллергендер әсерінен бұлтты жасушалар мен IgE-ге спецификалық базофильдер
бетінде синтезделуші және фиксацияланушы 1 типті иммунопотологиялық реакция
дамиды. Антигенқарастырушы клеткалар - өкпедегі дендритті жасушалар мен
Лангерганс жасушалары , Т-жасушаларды белсендіруші болып табылады.
Аллергеннің қайта экспозициясы – тыныс жолдары кілегей қабығындағы бұлтты
жасушалардың IgE- тәуелді активациясына алып келеді, соның әсерінен
түрөзгерген медиаторлар (гистамин, триптаза , эозинофильді хемотоксикалық
хактор т.б.) сыртқа шығуы , липидті (Д2 және Ғ2 простогландиндер,
тромбоксан А2 , тромбоциттерактивациясының факторы , В4,Д4,С4,Е4
лейкотриендер) және жоғары молекулалық ақуыздар (TL-4, IL-5 ,TNFa және т.б.
цитокиндер) медиаторлар синтезі активациясына әкеледі.
Медиаторлар тамыртарылтқыш әсер көрсетіп, тамырлар өткізгіштігін
жоғарытады(ісіну және тыныс жолдары кілегей қабаты қолыңдануы) ,
респираторлы тракт бездері секрециясын күшейтетін (ринорея, бронх
жасущаларының гиперсекрециясы, бронхтың тегіс бұлшық еттерінің спазмын
тудырады(бронхоспазм). Биологиялық активті заттармен шақырылатын афферентті
нерв талшықтары соңының стимуляциясы қышыну, түшкіру, жөтел тудырады.
Сонымен қатар, афферентті стимуляция (әсіресе, гистаминнің әсерінен)
жергілікті нейропептиттер (субстанция Р , тахикининдер) шығарылуы болатын
аксондық рефлекс күшеюі , өз тарапынан кейінірек бұлтты жасушалар
дегрануляциясына екеледі.
Сенсибилизацияланған ағзаға арнайы аллерген әсерінен кейін бірнеше
минуттар соң жедел атопиялық реакция дамиды, респираторлы тракттің жедел
фазалы аллергиялық реакциясының клиникалық көрінісін тудырады (мысалы,
түшкіру, ринорея, көмекейдің жедел ісінуі , жедел бронхоспазм)
Кеш фазасы дамуы қабыну жасушалары (СД4+,Т-2-лимфоциттер , эозинофильдер,
базофильдер, нейтрофильдер) аллергиялық реакция орнына келіп жетуімен
байланысты. Белсендірілген эозинифильдер , жоғары токсикалық негізгі
ақуыздарды бөлінеді( негізгі протеин , эозинофильді катионды протеин және
т.б.) , олар тыныс жолдарының эпителиіне, базальды мембрананың ,
респираторлы тракттің лимфоидты түзілісіне, тамырлар мен бронхтың бұлшық
еттеріне токсикалық әсер етеді.
Эозинофильдердің аллергиялық қабыну механизмдері ролі әлі толық
зерттелмеген .
Аллергиялық реакцияның кеш фазасында жоғарыда аталған салдарлары жоғары
тыныс жолдары аллергиялық қабынуының негізінде жатыр, қазіргі таңда
респираторлық аллергоздардың шағын формалары мен бронхтық демікпенің
дамуының негізгі патогенетикалық механизмі ретінде қарастырылады. Созылмалы
аллергиялық қабыну тыныс жолдары гиперреактивтілігі түзілуіне әкеледі,
антигенді емес әсерге (суық ауа, физикалық күштеме, өткір иіс т.б.)
респираторлық аллергоздардың симптомдарының бірі туындауы мен көрініс
береді. Преципитацияланатын Антигенмен қайта байланысқа түскенде түзілетін
иммундық комплекстерде де респираторлық аллергоздардың кейбір формаларының
патогенезінде маңызды рольатқарады. Тіндер зақымдалуы берсендірілген
комплемент немесе лейкоциттер бұзылғанда бөлінетін лизосомалық ферменттер
әсерінен болады. Жиі респираторлық аллергоздардан бұрын жоғары тыныс
жолдары инфекциялық аурулары болуы байқалады. Инфекциялық ауруда тыныс
жолдары эпителиі зақымдалады , осының әсерінен кілегейлі қабықтың
барьерлік функциясы төмендейді , экзогендік аллергендерге өткізгіштігін
жоғарылатады; кезбе жүйкесі ирритантты рецепроры жалаңаштануы тыныс
жолдарының барлық бөлімдерінің арнайы емес гиперреактивтігі жоғарылауы;
вирусты инфекция цАМФ концентрациясын төмендетеді, соның әсерінен
эндогенді және экзогенді катехоламиндерге В2-адренорецоптарлардың
сезімталдығы төмендеуі ; арнайы IgE көп мөлшерде шығарылуы болады.
Респираторлық аллергоздардың шағын формалары клиникалық көрінісі.
Аллергиялық ририттер жедел, жеделдеу, созылмалы болады. Жедел аллергиялық
ринит мұрын бітелу сезімі , ұстамалы түшкіру, мұрында қышыну, аз серозды
бөлінді (немесе көп серозды- сілекейлі бөлінді), қалыпты немесе
субфебрильді дене температурасы , қалтырау, нашар ұйқы, тершеңдік,
жоғарылаған нервтік қозғыштықпен сипатталады. Бұл симптомдар бірнеше сағат
немесе бірнеше күндер сақталады. Риносеопиялық зертеуде , мұрынның ісінуі
мен кілегейлі қабаттың көкшіл немесе боз түсті болуы байқалады. Мұрынның
кілегейлі қабатының тамыртарылтқыш заттарды жағу – аз эффектті.
Аллергиялық риниттің жеделдеу және созылмалы ағымында пароксизмальды
түшкіру, мұрынның түссіз сұйықтығы көп мөлшерде ағуы. Бөлінділермен қатар
мұрын аймағында қышыну болады, сондықтан науқас мұрын үсті терісін жиі
жиырады, (кролик мұрыны), жиі мұрынын қасиды(аллергиялық салют),
салдарынан мұрын ұшынан сәл жоғары көлденең складка пайда болады. Ейде
аллергиялық ринит асқынуы сілекейдің көп бөлінуінсіз өтеді. Қатар
конъюнктивит , беттің ісінуі мен бозаруы , көз астында қара дөңгелектер ,
бас ауруы ,жалпы әлсіздік тахикардия, теріде аллергиялық бөрітпелер
болады.Ринит асқынулары тек аллергиямен конттакттен емес, сонымен қатар
психогенді фактор, шаршау, ауа-райы өзгеруі, өткір иіс, суықтаудан да
болады. Науқастан риноскопиялық мұрын сілекей қабаты ісінуін . көгілдір
реңді бозарулармен сипатталады. Бұл симптомдар аллаергиялық ринит
клиникасыкөрінуінің қарсаңында пайда болады.рентген зерттеуде қосалқы
пазухалардың дұрыс емес контуры мен симетриялық қараю. Бұл өзгерістер
тұрақты емес.
Аллергиялық фарингиттер. Бұл сырқаттар жедел ісінуші мезофарингит немесе
инфильтративтіцианоздық мезофарингопатия түрінде өтеді. Жедел ісінуші
мезофарингитте ауыз-жұтқыншақтың ақшыл-сұр түсті кілегей қабатының
диффуздыісінуі болады. Ал , инфильтративті – цианоздық мезофарингопатияда
инфильтрация және тамырлық толықсу салдарынан мұрын- жұтқыншақтың кілегей
қабатында ісіну байқалады. Ал, фарингиттің 2 формасында да ауыру сезімі
болады. Жиі тамақта бөтен зат сезімі болады. Аллергиялық фариегиттің
өзіндік симптомы- арнайы фактор және арнайы емес әсерлерден де бола беретін
– жиі , құрғақ жөтел . Созылмалы ағымы да кездеседі, бұл, респираторлық
аллергоздардың басқа да формалармен қосарласып көрінуі.
Аллергиялық ларингит. Ағымы бойынша жедел және созылмалы. Жедел ағымда
ауру терең үрмелі жөтел,дауыс қырылдауы. Тамақты бөтен зат сезінуі,
көмекейде ауырсынуымен басталады. Ауыр жағдайда шулы, қиындатылған демалу
мен көмей стенозы, жөтел ұстамалары, периоральды стеанозбен дамиды. Стеноз
ұлғайса, демікпе күшейеді, шеттері цианоз, суық терлеу болады. Аллергиялық
ларенгитте стеноздың барлық 4 сатысы болады. Жиі рецидив келеді. Көбіне
қабынуға трахея мен бронхтар да қосылады. Созылмалы ағымда әлсіз дыбысталу
дауыс тебры өзгеруі, дисфония, жөтеліп тұру болады.
Аллергиялық трахеит. Құрғақ, қатты, терең жөтел ұстамалары, кеуде арты
ауырсынуы түнде жиі болатын сырылдармен сипатталады. Ауыру бірнеше айға
созылады және толқын тәрізді өтеді. Жөтел ұстамаларына қарамастан,
науқастың жалпы жағдайы аз өзгерген. Жиі аллергиялық трахеит жоғары тыныс
жолдары аллергиялық зақымдалуы симптоматикасымен өтеді. Егер аллергиялық
процеске бронхтар іліксе , онда өкпе үстінде сырылдар естілмейді.
Аллергияның обструктивті бронхитті қазіргі таңда бронхылық демікпенің
жеңіл варианты ретінде қарастырады., өйткені олардың этиол факторлары мен
патогенетикалық механизмдері толық сәйкес келеді. Аллергиялық рениттен
бронхтық демікпе тез дамиды, жиі бунық негізінде тұқымқуалаушылық жатады,
сондықтан оны мысалы: созылмалы инфекциялық риниттен ажырату керек.
Сондықтан ерте анықтау және емдеу, аллергиялық риниттің бронхтық демікпеге
өтуіне сақтайды.
Кәсіптік ринит – эпизодты түрде жұмыста алллергенмен контактте көрінеді,
ал мезгілдік алллергиялық ринит өсімдіктер гүл ашу кезеңінде көрінеді.
Кейінгі сатыларда кәсіби ринит жыл бойы, жұмыста және жұмыстан тыс өте
береді.
Диагноз. Респираторлық аллергоздардың шағын формаларын анықтау
анамнездік, клиникалық және лабораториялық мәліметтерді дұрыс бағалауға
негізделген. Тұрғын үй экологиясын анықтау. Науқасты жалпы қарау.
Аллергиялық этиологиялық науқастарда шеткері қанда әлсіз эозинофилия.
Барлық науқастар жалпы IgE анықтау міндетті.
Емі. Науқасты себепті-маңызды аллергенмен максимальды антигеннен
максимальды қорғап, сонымен қатар, үй жағдайын да сауықтыру қажет.
Респираторлық аллергоздар үшін антигистаминдік дәрілерді курсты қабылдау
тиімділігі дәлелсіз. Оларды тек аллергиялық ринит және конъюнктивит кезінде
жергілікті қолданады: левокабастин, ацеластин. Нj-гистамин рецепторларының
блокаторларын , вазоконстрикторлармен (псевдоэфидрин) бірге қолдануға
болады.ішке қабылдауға: актифед, клариназа, ринопронт, контак 400 бұл
препараттар риноконъюнктивитті поллинозда гүлдену мезгілінде (1,5 айдай),
және де гистаминтәуелді дерматоздарда( есекжем, Квинке ісінуінді, экземеда)
қолданылады. Ал, ринитте күніне 4-6 рет жергілікті кромоглицирин қышқылының
спрейін қолданады. 5 пайыздық эпсилон- аминокапрон қышқылды турундалар да
пайдалы. Токсикалық интраназальды кортикостероидтар : беклометазон,
дипропионат, буденозид, флюнизолид, флютиказон пропионат қолданылады.
Глюкокортикоидтарды мұрын жолдарына фрионды аэрозольдер немесе механикалық
ингаляция түрінде тәулігіне 1-2 рет қолданады.
Фитотерапия. Череда-10 г, солодка-20 г, лопух түбірі-20 г, девясил түбірі-
20г, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылау
Өнімдердің пестицидтермен ластануы
Экдативті-катаралды диатез (экд)
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Павлодар қаласының экологиялық жағдайына байланысты балаларда кездесетін аллергиялық аурулар
Аллергоздар
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕҢБЕГІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Тыныс алу жүйесі туралы
Пәндер