«Дефектология және логопедия негіздері»


«Дефектология және логопедия негіздері» № 2 семинар сабағы.
Тақырыбы: Дефектология негіздері
Жоспар:
2. 1. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігі.
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың түрлері, оның пайда болу себептері.
Мақсаты:
Мектепке дейінгі балалар денсаулығы және оның әртүрлі дәрежедегі, деңгейдегі дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық-физикалық дамуындағы ерекшеліктерімен таныстыру; осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық (түзету) тәрбиелеу жұмыстарын жүргізудің бағыттары мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Қысқаша териялық мәлімет:
Дефектология білім саласы ретінде әртүрлі категориялардағы кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу, олардың даму заңдылықтарын құру және оның жеке тармақтарының дамуы нәтижесінде құрылады. Бұл заңдылықтарды әртүрлі мамандар (педагогтар, дефектологтар, дәрігерлер, физиологтар, психологтар және т. б) кемтар баланы комплексті және жан-жақты зерттеу нәтижесінде ғана анықтай алады.
Дефектология бір-бірімен аралас психологиялық-педагогикалық және медициналық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.
Дефектология мен жалпы педагогиканың мақсат, қағидалары бір, дегенмен де кемтар балалардың дамуы, тәрбиесі, оқытудағы арнайы міндеттерден өзіндік тұжырымдар жүйесін жасайды.
Кемтар баланың әртүрлі жастағы психикалық дамуын зерттеу дефектологияны педагогикалық және балалар психологиясымен жақындатады. Балалар психологиясында баланың әртүрлі даму кезеңдеріндегі тұлға болып қалыптасу заңдарын құру - негізгі міндеті болып табылады. Педагогикалық психологияда жалпы мектептегі оқыту, тәрбиелеу процесіндегі тұлға қалыптастыру және білім, білік, дағдыларды игерудің психологиялық заңдылықтары зерттеледі. Сондықтан бұл екі ғылым да кемтар балалардың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады жєне дефектологияға қажетті материалдар бере алады. Ақыл-ойы дұрыс адамның психикасы мен психикалық дамуының жүру заңдылықтарын білмейінше, кемтар балаларды тәрбиелеу және оқытудың ғылыми жүйесін жасау мүмкін емес.
Дефектология дамуында ақаулығы бар балалардың дамуы, тәрбиесі, оқытылуы, зерттеу мәселелерімен шұғылданатындықтан тағы да бірнеше ғылымдардың көмегі қажет. Мысалы, невропатология (жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық ауруы туралы ғылым), патологиялық анатомия (ағза құрылысындағы ақаулықтарды зерттейтін ғылым), патофизиология (патологиялық процестердің жүру, даму және пайда болу заңдылықтары туралы ғылым), жалпы және медициналық генетика (тұқым қуалаушылық аурулардың заңдары туралы ғылым), психопотолия (психика дерттері, оның себептері, жүруі, алдын-алу және емдеу туралы ғылым), балалар психиатриясы ( балалар жасындағы психопатологиялық құбылыстарды зерттейтін ғылым) т. б., ал сурдопедагогика және тифлопедагогика үшін отоларингология (мұрын, құлақ, тамақ аурулары туралы ғылым) және о фтальмологияның (көру мүшелерінің аурулары туралы ғылым) мәліметтері маңызды.
Бұзылған психикалық функцияларды қайтадан орнына келтіру әдістерін қолдану кезінде патопсихология (мидың патологиялық жағдайдағы психикалық іс-әрекетінің өзгеруін зерттейтін психологияның саласы) көмектеседі.
Ғылыми негізді арнайы педагогиканы кемтар баланы жан-жақты емдік, физиологиялық, психологиялық зерттеулер құрады. Оларға дамуында әртүрлі кемістігі бар балалардың түзелу-ыңғайлану мүмкіндіктері мен кемістіктің негізін, құрылымын анықтау, арнайы оқыту-тәрбиелеуді ұйымдастыру мақсатында кемтар балаларды педагогикалық жіктеу мәселесін шешу, кемтар балаларды анықтап, есепке алу жатады.
Біздің елімізде кемтар балаларға білім беру жүйесін ұйымдастыру өкімет міндетінде. Дефектология мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын ғылыми және тәжірибе жүзінде шешіп отыр. Кемтар балалардың дефектісін түзету және дұрыс дамуына оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесінің ерте жүргізілуі әсер етеді.
Арнайы мектеп жұмыстарының негізгі қағидаларының бірі - кемтар баланы оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.
Кемтар баланың адамгершілік қасиетіне дұрыс көзқарас - барлық арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерінің міндетті де, жетекші қағидаларының бірі.
Дефектология жалпы және арнайы тәрбиенің қарым-қатынасы, ақаулықтың дамуын тежеу құралдары, психологиялық-педагогикалық құралдармен кемтар балалардың дамуын түзету мүмкіндіктерінің маңыздылыѓын қарастырады.
Арнайы дидактикалық жүйелер арнайы мектептің әрбір түріндегі оқытудың белгілі қағидаларын, оқыту процесін ұйымдастыру формаларын, оқыту тәсілдері мен құралдарын зерттейді.
Мектептегі оқытылып жатқан оқу пәндері арнайы оқулықтармен, әдістерімен, көрнекі және техникалық құралдармен сәйкес келеді. Кемтар балаларды оқытуда, олардың танымдық көзқарасын көтеруде педагогикалық құрал негізгі роль атқарады. Қажетті жағдайларда дєрігерлік-емдеу құралдарына көмекші, қосымша рөл беріледі. “Бәлкім, адамзат соқырлықты, кереңдікті, ақыл-ойы кемдікті ерте ме, кеш пе жеңеді, бірақ, медициналық және биологиялық тұрғыдан қарағанда әлеуметтік және педагогикалық жағынан анағұрлым ертерек жеңеді”, -деп жазды Л. С. Выготский .
Ғылымдардың негізін игеру барысында дамуында ақаулығы бар балалардың ақыл-ой тәрбиесі іске асырылады. Жалпы білім еңбек оқытуы және тәрбиесімен біртұтас. Дене тәрбиесі, бір жағынан, дене бітімі сапасын нығайту функциясын, кеңістікте бағдарлауын дамыту функциясын атқарса, екінші жағынан, ауырған дерттерінің зардаптарын түзету функциясын атқарады.
Жаттығуларға қажетті құжаттар. Негізгі мақсат саусақтарды жаттығу
- топ (пинцеттер, губкалар, прищепкалар и пипеткалар)
- топ (түрлі түсті моншақтар және түймелер)
осы екі топ қажетті құралдарды пайдалана түрлі жаттығуларды жаса
Бақылау сұрақтары:
- Арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерінің міндетті де, жетекші қағидаларының бірі, ол -
(Кемтар баланың адамгершілік қасиетіне дұрыс көзқарас - барлық арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерінің міндетті де, жетекші қағидаларының бірі) .
- Дефектілер сипатына қарай баланың даму процесі? (Дефектілер сипатына қарай баланың даму процесінде кейбіреуі толық түзеледі, енді біреулері ыңғайланады) .
- Психолог-ғалым Л. О. Бадалян өзінің еңбектерінде не жазды?(Жүйкедегі жеке бөліктердің жұмысындағы бұзылыстарға мән беру керектігінпсихолог-ғалым Л. О. Бадалянөзінің еңбектерінде жазады) .
- Туа пайда болатын кемтарлықтың себептері?(Туа пайда болатын кемтарлықтың себептері әртүрлі:бірінші топқа, жатырда өсіп келе жатқан нәрестеге теріс әсерін тигізетін, ауытқуларға әкелетін патогенді агенттерді жатқызады. Туа пайда болған кемтарлықтыңекінші тобынатұқым қуалаушылық арқылы ағзаның генетикалық зақымдануларын жатқызады ) .
- Кемтар балалардың негізгі категорияларына жататындар қандай топтар құрайды?(Кемтар балалардың негізгі категорияларына жататындар мынадай топтарды құрайды:
- есту ақаулықтары бар балалар(кереңдер, саңыраулар, кеш есту қабілетінен айрылғандар) ; көру ақаулықтары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер) ;
- сөйлеу ақаулығы бар балалар(логопаттар) ;
- ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар(ақыл-есі кем балалар, психикалық дамуы тежелген балалар) ;
- психофизиологиялық дамуында комплексті ақаулықтары бар балалар(керең, соқыр, мылқау, ақыл-ойы кем немесе соқыр, ақыл-ойы кем керең балалар - слепоглухонемые-орысшасы),
- тірек қозғалыс аппараты бұзылған балалар) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz