Қазақстан топырақтарын мелирациялау мәселелері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- МЕЛИОРАЦИЯЛАУ.
- МЕМЛЕКЕТ ТАРПЫНАН СУАРМАЛЫ ЕГ3НШ3Л3КТ3 ДАМЫТУ.
- ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан топырақтарын мелирациялау мәселелері
«Мелиорация» деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Мәселен, ауа-райын, дер бедерін т. б. әр аймақтардың табиғи орналасу жағдайларына байланысты топырақты мелирациялау (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы, ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерінде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни, сулану басым, ал булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады. Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдану құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.
Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану аймақтарында негізінен құрғақ дала, шөл дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақты ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суарады.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күні ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суайырмайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналасу атам заманан бері сумен байланысты. Дегенімен белгілі Қазан төңкерісінде дейін бұл өлкеле суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару - оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық - инжинерлік құрлыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытырыңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылды.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістеуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешкандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазақ пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын жан - жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы - аграном М. М. Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы - «Топырақтану ғылым әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес» деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзенінің бойын инжинер В. А. Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министірлігіне бекітуге апарады. Министірліктің жерді жақсарту бөлімінің бастығы князь Р. И. Мосальский бұл жобаға: «Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойына суару жобасы кімге қажет» Міне, осындай көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық «қамқорлық» жасағаны көрініп -ақ тұр.
Қазан төңкерісінен кейін жағдай өзгерді. Жерді суару, құрғақшылықпен күресу және шөл аймақтарда суарылған кезде ғана өсетін мақта егісінің көлемін, өнімін арттырып, шет елдерден мақта шикізатын тасуды тоқтату міндетін алға қойды.
1918 жылы 17 мамырда Лениннің қолы қойылған «Түркістандағы суландыру жұмыстарына 50 млн сом қаржы бөлу жөніндегі бұл жұмыстарды ұйымдастыру туралы» деген декретте былай делінген:
1. орыс тоқыма өнеркәсібін мақтамен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жұмыстардың жоспары бекітілсін, бұл жоспар мынадай:
а) Самарқан обылысының Ходжент уезіндегі Бетпақ даланың 500 мың десятина жерін суландыру, Бетпақ далаға қарама - қарсы, Сырдария өзенінің арғы жағында Дальверзин даласының 40 мың десятина жерін қамтитын ирригациялық жүйенің басты құрлыстарын қамтамасыз ету; б) Ферғана обылысының Үшқорған даласының 10 мың десятина жерін суландыру; в) Заравшан өзенінің арнасын реттеу жолымен мақта дақылына арнап 100 мыңдай десятина жерді босату үшін Заршаван өзеніндегі Дупилин көпіріалдынан су қоймасын салу; г) Шу өзені алқабында 94 мың десятина жерді суландыру үшін салынатын ирриграциялық жүйелердің құрлысын аяқтау (Ленин В. И., 1918 ж) .
Бұл ирригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін жер суландыру құрлыстарын кеңінен өрістеуге, суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Географияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын және топырақ пен судағы қректік заттарды пайдаланып, органикалық қосындылар өсімдік ұлпаларын құрайтын құрылыс материалы қызметін атқарады. Олар жинақтаған химиялық энергияны босатып алу үшін гетеротрофтар органикалық қосындыларды бастапқы бейорганикалық компонентерге - көміртегі диоксидіне, суға, нитраттарға, фосфаттарға және т. с. с. ыдыратып, осымен қоректік заттардың айналымын аяқтайды. Көптеген ауыл шаруашылығ тәжірибе станцияларында тыңайтқыштардың өсімдіктерге тигізер пайдасы жөнінде тәжірибелер өріс алып, оның әсерлері анықталды. Топырақтың жыртылған қабатындағы азот, фосфор, калий мөлшерлдері анықталды. Топырақтанудың алғашқы бұл бағытын негіздеушілер батыстың ірі оқымыстылары А. Тэер, Ю. Либих (неміс химиктері), М. Бертолло, Ж. Буссенго (Француз химиктері) болды. Бұлар топырақ өсімдіктері, тамырлары тарайтын орта, ол минералдық және органикалық заттардың қосындысынан тұрады деп пайымдайды. Топырақ қабатын олар тек жыртылған қабатпен шектеді. Топырақтарды олар сапасы жағынан жақсыға, ортасы жаманға бидайға, сұлыға, картопке т. б. жарамды деп бөлді.
Бұл құжат түркімен, өзбек, тәжік, қырғыз және қазақ халықтарының ғасырлар бойғы арманын іске асыру үшін жер суландыру құрлыстарын кеңінен өрістеуге, суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізеді. Энтузиаст аграном Бушуев пен инжинер- ирригатор Васильевтің көздеген ойлары дұрыс шешімін тапты. Ленин бұл декретте қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы декреттің өмірде жүзеге асуы үшін көптеген шаралар қолданды. Мысалы, 1918 жылдың тамызында Лениннің қолы қойылған хатта: «Түркістан өлкесінің басшыларына, Түркістан ирриграциялық жүйелерінде істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер басқа жұмыстарға жіберілмесін, оларға тұрған үйлер мен қоғамдық бөлмелер тез бөлінсін» делінген. Ленин осы күні И. С. Урицкийге телеграмма соғып, Петроградтан Түркістанның ирригациялық басқармасына жөнелтілетін жүктердің тоқтаусыз жеткізілуін талап еткен. Ирриграция жұмыстары Лениннің инциативасымен қолға алынып, бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынан да тыс қалған жоқ. Бұл жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электрлендіруімен, механикаландырумен қатар жерді мелиорациялау, яғни жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz