Өзбекстан, Өзбекстан Республикасы


Өзбекстан, Өзбекстан Республикасы
өз. O‘zbekiston Respublikasi - Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
- Жер аумағы - 442, 4 мың км2.
- Халқы - 24, 6 миллион (2000) . Негізгі халқы - өзбектер (75, 8%), онан басқа орыстар (6%), тәжіктер (4, 8%), қазақтар (4, 1%), татарлар (2, 4%), қарақалпақтар (2, 1%), т. б. ұлт өкілдері тұрады.
- Мемлекеттік тілі - өзбек тілі.
- Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады.
- Астанасы - Ташкент қаласы (2, 1 миллион адам) .
1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша - президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) - қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан(жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы - Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.
- Ұлттық мерекесі - 1 қыркүйек - Тәуелсіздік күні.
- Ақша бірлігі - сум.
Тарихы
Бухарадағы Исмоил Сомони кесенесі
Өзбекстан жерінадамдарежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олараңшылықжәне терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) болды. Қола дәуірініңсоңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер -Соғды, бастады. Б. з. б. 5 - 4 ғасырларда ел аумағыАхемен әулетібилеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы менБехистун сына жазуындаайтылады. Б. з. б. 330 - 328 жылдары жасады. Грек-македон империясыыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдердеБактрия, Кушан, Қаңлымемлекеттері өмір сүрді. 5 ғасырдың ортасында құрылып, түріктердіңқысымымен ыдырап кеткенақ ғұндар(эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. 6 ғасырдың қағанатықұрамында болды. 7 ғасырда ел аумағыБатыс түрік қағанатынабағынды. Осы кезеңдеҰлы Жібек жолыдамып, Самарқанд, Бұхара, т. б. қалалар ірі сауда орталықтарына айналды. Бірақ 7 ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкеніарабтаржаулап ала бастады. Халық жаппайислам дінінқабылдай бастады. Араб мәдениетінің ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. 9 ғасырдың басындаАраб халифатыыдырай бастады да, ел аумағындаСамани мемлекетіқұрылды. барынша дамыды. 10 - 12 ғасырларда ел аумағындаҚарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекетікезек-кезек билікке келді. 12 ғасырдың 2-жартысындаХорезм мемлекетікүшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. 13 ғасырда өзбек жеріШыңғысхан империясықұрамына кіріп, ел аумағындаШағатай ұлысықұрылды. 14 ғасырдың 2-жартысындаӘмір ТемірМауераннахр жерінде қуатты империя құрды. Оның астанасы - Самарқанд қаласы ірі сауда орталығына айналды. Үндістанмен, Қытаймен, ИранменжәнеШығыс Еуропаменарадағы тікелейсаудабайланысы елдің экономикалық және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді. Өзбек мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғылымменөнерсаласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін қуатты империя екіге бөлінді. Мауераннахрды Әмір Темірдің . Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде танылды. 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басындаОрта АзияныМұхаммед Шайбаниханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көшпелілердің жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде “Өзбек” этнонимі орныға бастады. Шайбани әулетіелдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. БірақСыр бойындағықалалар үшінҚазақ хандығына, сондай-ақ қазіргіИран, Ауғанстанаумағында құрылған мемл. бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің ыдырауына алып келді. 17 ғасырдың басындаБұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғасырдың басындаҚоқан хандығықұрылды. Хандықтар арасындағы халықты күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәденитұрмысыәрі қарай дамыды, ирригациялық құрылыстар жетілдірілді, а. ш. жақсарып, жаңа қалалар бой көтерді. 19 Азияға, оның ішінде Өзбекстанға да көз тігіп, қордалы шикізатпенпайдалы қазбаларкөзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан Ресей Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен дипломатикалық байланыс орнатуға тырысты. РесейбасқыншыларыОрта Азияжеріне басып кіріп, 1876 жылыТүркістан генерал-губернаторлығын(орталығы -Ташкентқаласы) құрды. Қоқан хандығы жойылып, оның -губернаторлығына берілді. Бұхар жәнеХиуахандықтарының аумақтары қысқартылып, өздері Ресей боданына айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақтатазалау заттары мен май . Орта Азия Ресейдің отарына, оның , өнеркәсіп бұйымдарын өткізу ауданына айналды. 20 ғ-дың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экон. және әскери стратег. мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-Ташкентт. ж-н сала бастады. 1917 жылғы қоғамдық- алып келді. “Шура-и-Ислам”, “Шура-и-Улема” ұйымдары, “Жас бұхаралықтар” қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 жылы 28 қарашада Қоқан қаласында құрылғанМұстафа автономиясынкөп таратты. Ташкентте, т. б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлтыжұмысшыларынөз жақтарына шығарып алған большевиктер т. ж. бойларындаКеңес үкіметінорнатты және 1918 ж. Автономиялы Кеңестік Социалистік . Бірақ ірі қалалар мен әскерибөлімдержоқ жерлердің барлығында сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді. 1920 жылы ІшкіРесейдегі Азамат соғысыаяқталғаннан кейінҚызыл қозғалысынкүшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқуларыҚызыл Армиятарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924 - 25 жылдары Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРОқұрамындаӨзбек КСР-іқұрылды. 1937жылы қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста болды. 2-дүниежүзілік соғысқаөзбек халқы да белсене араласты. 1991жылы 31 тамызда өткенӨзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясыелдің атауынӨзбекстан Республикасыдеп өзгертіп, 1 қыркүйектеелдің тәуелсіздігі .
Экономикасы
1000 сум - Өзбекстан ұлттық валютасының ең ірі банкноты аверс)
Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет.
1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияныңөндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметіжылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44, 4%-ын құрады. Ташкентавиациялық-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т. ” ұшақтары шығарылады. 1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қорыжөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 - 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия - Орталық және Бұхара-Оралқұбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т. б. өнімдерді сырттан алады.
саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.
Мәдениеті мен өнері
CамарқандтағыРегистан
Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б. з. б. 4 ғасырда салынған. ОларБактрия, Хорезм, Соғдияна, Ферғанаөңірінде жақсы сақталған. Қала салу өнері көне заманнан (б. з. б. 3 ғасыр) басталып, орта ғасырларда өркендей түсті. Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, т. б. қалалардың сәулеттік өнер элементтері (шаһристан, рабад, т. б. ) сол кезеңнің классик. үлгісіне жатады. Жергілікті қала салу мәдениетінде, негізінен, өрнек пенэпиграфикаәдісі қалыптасып, портал-күмбезді композиция пайда болды. Бейнелеу өнерініңтарихы тас дәуірінен бастау алады.
Шер-дормедресесі
Осы кезде көзешілік өнері пайда болып, қола дәуіріндежетілдірілді. Б. з. б. 1-мыңжылдықта металдан көркем бұйымдар жасау, б. з. б. 3 ғасыр мен б. з. 3 ғасыры аралығында бедерлеу өнері, монументті мүсін, саздан бояулы мүсін жасау дамыды. Ислам діні енген кезеңнен бастап сән және қолданбалы өнер өркендеді. 15 - 17 ғасырларда Самарқандта, Бұхарада кітап миниатюрасы гүлденді. 19 - 20 ғасырларда өзбек суретшілері ұлттық нақышты, дәстүрлі шеберлік өнерінің кәсіби мектебін қалыптастырды. Әсіресе, қазақтан шыққан Өзбекстанның халық суретшісіОрал Таңсықбаевөзбектің заманауи кескіндеме өнері мен пейзажының қалыптасуына әсер етті. Ташкентте респ. өнер музейі мен бірнеше көрме залдары жұмыс істейді. 1929 жылы әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқыӨзбек драма театрықұрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 жылы “Бухкино” серіктестігі құрылып, 1925 жылы “Өзбек мемлкино” тресі мен “Шарқ юлдузи” кинофабрикасы ашылды. 1937 жылы “Акт” атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді.
Әдебиеті
Өзбек әдебиетінің дамуынаауыз әдебиетімен шығыс халықтары әдебиетінің әсері мол болған. Жанрлық түрі бай ұлттық фольклорында халық тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға “Күнтуғимиш”, “Алпамыш”, “Гороглы”, “Юсуф пен Ахмад”, “Тахир мен Зухра”, “Арзигул”, т. б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті. 18 - 19 ғасырлардағы өзбек әдебиетінде Тұрды, Күлхани, М. Хорезми, Агахи, т. б. шығармалары елеулі орын алды. Ал Фурқат(1853 - 1909), Дилшад(1800 - 1905), Х. Хакизада Ниязи(1889 - 1929), С. Айни(1878 - 1954), А. Қадыри(1894 - 1940) шығармалары демократикалық-ағартушылық ағымның бастауы болып саналады. 20 ғасырдағы өзбек әдебиеті классиктеріҒ. Ғұлам(1903 - 66), Айбек(1905 - 68), А. Қаһар(1907 - 68), К. Яшен, Ұйғын, т. б. жазушылар туындыларында ел өміріндегі әлеуметтік-саяси өзгерістерді бейнеледі. Өзбек әдебиеті 20 ғасырдың 50 - 90-жылдары кәсіби-шығармашылық деңгейге көтеріліп, ақын-жазушылардың еңбектерін өзге ұлт тілдеріне аудару үрдісі жанданды. Мирмухаин, Зүлфия, А. Мұхтар, Шукурулла, А. Хашим, А. Саади, В. Абдуллаев, т. б. қаламгерлер өнімді еңбек етті. К. Мухаммади, К. Хикмет, Т. Момын, Х. Нәзірбалаларға арналған шығармалары арқылы танымал болды.
Табиғаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz