Салық міндеттемесінің есебі туралы


Кіріспе
І Негізгі бөлім.
1.1 Міндеттете тәсілімен табыс салығының есебі
1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты
есеп айырылысулар
1.3 Төлем көзінен ұсталатын салықтар
1.4 Жер салығы олардың меншік құқығын тұрақты пайдалану
Қорытынды
Әдебиеттер
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімің, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетгі болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады;
Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы жөне басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 64 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Негізгі бөлім.
1.1 Міндеттете тәсілімен табыс салығының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты
есеп
айырылысулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...15
1.3 Төлем көзінен ұсталатын
салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
1.4 Жер салығы олардың меншік құқығын тұрақты пайдалану ... ...38
Қорытынды
Әдебиеттер

Салық міндеттемесінің есебі.

Кіріспе
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін
салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді
белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы,
алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы
барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып
табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімің, оларды есептеу тәртібін,
салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін
анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте
белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне
төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және
аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының
өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын
объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге
міндетгі болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен
байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар
болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады;
Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу
объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық
базасының негізінде салық сомасы жөне басқа да төлеулердің мөлшері
анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық
деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік
сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық
кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол
кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын
салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.
Қазакстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және
тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың
атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне
қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

1.1. Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа
да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 "Бюджетпен есеп
айырысу" бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631
Төленетін ағымдағы табыс салығы", 632 "Кейінге қалдырылған табыс салығы",
633 "Қосылған құн салығы", 634 "Бюджетпен басқадай есеп айырысу" шоттары
кіреді.

Корпоративтік табыс салыгы. Корпоративтік табыс салығы бойынша
бюджетпен есеп айырысу 631 "Төлеуге жататын ағымдағы табыс салығы" деген
Пассивтік шотында жүреді.

Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық
салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жыдцық табыс жиынтығы мен
шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жұзеге асырмайтын, резидент
еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық Жылдық табыс
= - Шегерімдер
Салынатын табыс жиынтығы

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар,
көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің
алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп
айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде
шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден
түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер;
ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ
амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың
құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да
сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс;
дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға
беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды
тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның
қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен
кірістер және т.б. жатады.
Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып тастау
керек:
- дививиденттер, ҚР занды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары
төлем көзінен ұсталғандары;
- кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық
құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және
меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;
- әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда,
гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы
бойынша пайдаланылса;
- мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі
құралдардың күны;
- зейнетакыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған
инвестициондық табыстары.
Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты
барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы
бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-
ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы
қорларға салынған шығындар.
Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни
жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім
жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі,
бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.
Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.
Қызмет бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары
Қазақстан Республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:
- іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты
шығындары (билеттің құны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;
- шетелдік іс-сапарда жүрген кезіндегі тәулік шығындары Қазақстан
Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.
Алынған сіқы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы
қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер
жатады.
- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да,
депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса),
онда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта
қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған
сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе
орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге
еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде
шегерілуге тиіс.
Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да
шегерімге жатады:

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз
қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі
мөлшерлемесі пайдаланады.
Келісім-шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу
кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты
жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.
Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де
бұрындары күменді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе,
онда оның сол төленген деңгейінде шегерім жасауға рұқсат етіледі.
Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және
ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы —
негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері
көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде
шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы
қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш
жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп
таныған жағдайда шығады.
Резервтік (провизиялық) қорларға аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз
қызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын
жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар
сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Taп осындай құқықтар банктерге де,
ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық
лизингіні Заңды тұлға-резиденттеріне төлейтін, марапаттау және шегерімге
жатқызуға болатын сомасы қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредетивтері
үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу
тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының Ұлттык банкісі осы
жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша
анықтайды.
Ғылыми зерттеу, жобалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына
жасалған шығындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу,
оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс ілумен
- байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде - конструкторлық
жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған
шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған
жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.
Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шығыстарға шегеріс
жасау.Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру
төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар төлеген
сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру қызметі Қаржы
Министрлігінің қадағалауында болады. Банкі жүйесі де осы процесске қатысты
болғандықтан, оларды календарлық қосымша және төтенше жарнасын шегеріске
жатқызуына құқысы бар.

Әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар бойынша шегерімдер, Салық
төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала
тууына байланысты демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстарын есепті кезеңде
шегере алады. Қызметкерлердің денсаулығының зақымдауына байланысты (мертігу
т.б. с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан
айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда
белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.
Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық
жұмыстарына жұмсалған шығыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы
қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, жасақтау,
жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу
бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс
жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке
топты құрайды, бірақ амортиациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен
аспауы керек.
Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жүзеге асады,
ол кезде олардың:
- пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған табыстары;
- жылдық табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар
жеке көрсетіледі, тасталған табыстары қосылмайды.
Теріс бағамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң
бағамының айырмасынан алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық
салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз
кезігінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы
бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының
айырмасынаң шығады.

Ескерілмей қалған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің
шегеріміне жатқызылуы мүмкін. Құрылысқа алынған кредиттер (заемдар) бойынша
теріс бағамдық айырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында
пайда болады, онда ол объектінің құнына қоса алынады.
Айыппұлдар да, өсімдер де, олардың танылуына қарап шегерімге
жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.
Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген
шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс
анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және
басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы,
сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған
сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен
кезендер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.
Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезеңдер үшін төленген салық қай
кезеңде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.
Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге-салық
төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте
пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер
жатады.
Негізгі құрал-жабдықтардың мынадай түрлеріне амортизациялық
аударылымдар есептелінбейді: жер; өнім беретін ересек малдар; мұражай
құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдаланатын
автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; аяқталмаган күрделі
құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толығымен шегеріске
жатқызылган негізгі құрал-жабдықтардың құны; инвестициялық жобалардың
шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.
Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер
мөлшерлемесімен есептелінеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген
мөлшерлемесі "Негізгі құралдардың есебі" тарауында келтірілді.
Салық төлеуші өз еркі бойынша басқа да шектеу мөлшерлемесін қолдануына
құқылы, бірақ ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек.
Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған құрылыстардың шығыстары және
өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық құрал-
жабдықтардың құны; салық төлеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің
кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.
Ғимараттар, қондырғылар, құрылыстар объектілері бойынша амортизациялық
аударымдар жеке анықталады. Салықтық кезеңнің соңына топ ішіндегілері
бойынша баланстың құны анықталады:

Салықтық киеңнің басына топ ішшдегілердің баланстық құны (өткен салық
кезеңінің соңындағы топ ішіндегілерінің баланстқ құны, амортизациялық
аударым сомасының азайғаны, аенді у жүмйстярй. жүргоілгендері жэне ес&гЯрн
шыккандары ескёріліп, жасалкан һузетулері)
Салыкдъщ кезеңде келіп түскен тіркелген активтер мынадай құны бойынша:
адышан қ}яы - бастапқы құнынан алуға байланысты шығыстар, ендіру, салу,
монтаждау және орнату шығындары кіреді; жарлщ капипіаяыиа са.шм ретінде
алынган - қүны бойынша, азаматтык заңға сәйкес анықгалады; \тет алытан -
бастапқы құны бойынша, алыс-беріс актіоі бойынша аныкгалады, бірақ нарықгық
құнынан жоғары болмауы тиіс
J
Салықгық кезеңце есептен шыққантіркелген активтЬр мынадай құны бойынша: ■
еату жвне қаржшық лизингіге берген кезтде- сгту қүны бойынша; жар.шқ
кститалына салым ретінде берсен кезде-бастапқы құны бойынша, азаматтық
заңға сәйкео і анықгалады;
есептен шыіаріан. жогаміқаи, булінген хезіңде ( егерде сақтандыру корң. бар
болса) - қүны төленген сак?андыру сомасынан алынады, яғни сақгандыруі
келісімшартына, сактандыру ұйымдарыныңтелеген соіі^асы бойынша анықгалады;
'.: і есептен шыгврштн. ' ! жоіалтцан, булінген кезінде (егерде
сақтандыру қоры^с болса) - баланстық құнЕГ*г бойынша; 'і
тегін берген кезде - .1 баланстын. құны бойынша

Жарлық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған
кезде, олар келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құнын өсіреді. Ал
есептен шыққан кезде, олар сол баланстық құнын төмендетеді.
Қаржылық лизингіге берілген (қаржылық лизингі бойынша) тіркелген
активтердің лизингі алушының ішкі тобы бойынша баланстық құны есептелінеді.
Қаржылық лизингіге берместен бұрын тіркелген актив баланстық-құныңда
көрсетілген болса, онда оны берген кезде лизингі беруші өз балансынан
азайта алады.
Жөндетуге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер. Шегерім әрбір ішкі
топқа кіретін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбір
ішкі топқа қатысты рұқсат етіледі. Әрбір ішкі топ бойынша негізгі
құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы ішкі топтың салық жылының
аяғындағы құндық балансының 15 пайызының шегінде шегеріледі. Аталған шектен
асатын сома ішкі топтың баланстық құнын арттырады. Егер ол Республикалық
немесе жергілікті бюджеттерден алынған субсидиялардың есебінен жүргізілген
жөңдеу болса, онда олардың баланстық құны арттырылмайды және шығыстар
шегерімге де жатпайды.
Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі
шығыстар шегеруге жатпайды:
- жылдық жиынтық табысты алумен байланысты емес шығыстар;
- күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және
сатып алуға кеткен шығыстар;
- мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;
- жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық
Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге
жатқызылмайды;
Қазакстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары,
төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің басқа да сомасы;
- кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу,
пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;
- тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны.
Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық
жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік
қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зияны салық
төлеушінің келешектегі табысының есебінен етеу үшін үш жылға дейін төлеу
мерзімі кейінге қалдырылады.
Бағалы қағаздарды сатқан кезде шеккен зияны олардың құнын өсірудің
есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш
жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде 851 шоты дебеттеліп, 631
шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.
Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде
аванстық төлемін қоса алғанда 631 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.
851 шотының дебеті бойынша және 632 шотының кредиті бойынша кейінге
қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша
айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді.
Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 571 шоты
дебеттеліп, және 851 шоты кредиттеледі.
1.2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп
айырысулар.
Кейінге қалдырылған салыктың есебі үшін 632 "Кейінге қалдырылған табыс
салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің
талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары
көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп
стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы
бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы
айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.
Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық
табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал-
жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар
(жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды)
сату кезіндегі құнның, сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала
отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті
шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде
хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және
бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының
сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы
алшақтыққа әкеп соғады.
Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау
оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы
айырмашылықтары болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ
уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.
Тұрақты айырмашылықтар — бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және
бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері
мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс
табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және
бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Тұрақты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:

- жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің
кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне
жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу
және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады,
ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

- бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық
табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;
- нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары
бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол
шегерім құрамына енгізілмейді.

- қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік
есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық
табыстан шегеруге жатпайды;
- марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте
шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана
ескеріледі;
- несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизингі бойынша да, депозит
бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру
коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен
есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық
банкаралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.
Жоғарыда келтірілген шектеулерге қосымша, шегеруге жататын несие
(қарыз) бойынша марапаттаудың максималды сомасы, келесі сомада шектеледі:

- сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа
жатқызылады, ал салық есебінде — ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге
жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде
ғана жүзеге асуы мүмкін;
- кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен
күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде
есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.
- және басқа да шығыстары.
Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен
шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезенде, ал салық салынатын табысты
есептеген кезде басқа есептік кезеңде есептелінеді. Сондықтан бірінде
болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға:

- материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша жасалатын
амортизациялық аударымдар.
Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер
мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде
қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады.
Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін,
нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал
бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.
- бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық көлемде
алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;
- 15% асқан сомасы негізгі құралдың құндық балансына қосылып, одан
амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте
тап бұндай операциялар көрініс таппайды.
- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда
болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша
көрініс табады. Салық есебінде аталған зиянды құнның өсімінің есебінен
жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу
мерзімін үш жылға дейін созады;
- салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын
қоспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал
салық есебінде — шегерімге тек төленген салық қана алынады;
- теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады,
салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады, ал шектеулердің
сомасын мынадай жолмен анықталады:
Салық салынатын табыстың сомасынан 50%
алынады, ал олжылдық жиынтық табыспен
Оң бағамдық + шегерімнің (табыс пен шығыстың бағамдық
айырмасы айырмасы есепке алынбайды) айырмасынан
шығады
Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол
келесі салықтық кезеңдердің іздестіру барсында компенсацияланады. Құрылыс
салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің
кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның
объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады;
және басқа да.
Тұракты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп
саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген
өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты
айырманы қелесі есептік кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады.
Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады,
егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының
зерттеулерін жүргізсе. Уақытша айырма сомасынан салықтық эффектіні
бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын
табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем
болып саналады.
Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан
алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол
шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған
табыстармен бірге танылады.
Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық
эффектісі 632 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шотында көрініс табады.
Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес, олар кезең барысында, өзіне
мынаны енгізеді:
- салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет
етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша анықталады:
Бухгалтерлік Тұрақты Уақытша табыс айырмасы айырмасы
- уақытша айырманың салықтық эффектісі сол есептік кезеңде не
төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық
мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан анықтайды. Егер де
келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса,
онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.
- кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей
етіп түзетеді. Түзету сомасы 632 шотта көрініс табады.
2002 жылы корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30% құраған, ал
оның деңгейі 2003 жылы 32% деңгейінде белгіленді делік, онда олардың
уақытша салықтық эффектісі 45 мың теңге құрайды. Енді осы шартты мысалдың
негізінде 2002 ж. салықтық төлемнің қанша құрайтындығын анықтаймыз:
- төлеуге жататын табыс салығы (700,23x30%) = 210,07 мың теңге
бухгалтерлік табыс
1069,46 мың теңге
уақытша айырмасы
- 601 мың теңге
(-981 - (-217) - 81 - (-94) -550 - (-700))
тұрақты айырмасы
+231,77 мың теңге
(68 + 44 + 52 - 67,77 - (-135,54))

Салық салынатын табыс 700,23
мың теңге
(1069,46-601 +231,77)
- ағымдағы жылдағы уақытша айырмасының салықтық эффектісі: (192,32)
мың теңге ((601) х 32%);
- кейінге қалдырылған салықты түзету: (3) мың теңге (-4530% х 32% - (-
45)).
Келтірілген мәліметтердің негізінде келесі шоттар корреспонденциясын
құрастырамыз.

Қатар Шаруашылық операцияларының Сомасы, Шоттар
№ мазмұны мың тенгекорреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4 5
1. Есептелген корпоративтік табыс 210,07 851 631
салығы
2. Кейінге қалдырылган табыс салығын192,32 851 632
есептеу
3. Кейінге қалдырылған табыс салығын3 851 632
есепті кезеннің басына түзету

Кейінге қалдырылған табыс салығының сомасын есептеу (есепке алу) үшін
әрбір уақытна айырма бойынша жеке аналитикалық (талдамалы) негіздеме
жүргізіледі. Аналитикалық тізімдеменің есебі жоғарыда келтірілген мысалдың
негізінде келесі нысанда жасалады.
Уақытша айырмасының сомасының белгісін (таңбасын) салық салынатын
табысқа тигізінетін әсеріне қарап анықтайды Өйткені олар салық салынатын
табысты азайтуы да, көбейтуі де мүмкін. Біздің мысалда бірінші жолдағы
уақытша айырманы "- " таңбасымен белгілеген, өйткені салық есебіндегі
қосымша шегерімдер салық салынатын табысты азайтқан. Екінші және үшінші
жолдағы таңбасын (яғни, жөндеуге кеткен шығыстар мен салықтар)"+"
белгілеген, өйткені салық есебінде барлық шығыстар таныла бермейді,
бухгалтерлік есепте олар тұтастай көрініс тапқанымен, нәтижесінде, салық
салынатын табыс салығы жоғары болған, бухгалтерлік есептегісіне қарағанда.
Сондықтан таңбаны дұрыс қою үшін, әр уақытта салық есебін бухгалтерлік
есептің мәліметімен салыстырып отыру керек. Егер де уақытша айырма жойылған
кезде, онда оған қарама-қарсы таңбасы қойылады да, оған келесі шоттар
корреспонденциясы жасалады, демек 632 шоты дебеттеліп, 631 шоты
кредиттеледі. 632 шоты бойынша көп жағдайда кредиттік қалдық қалады, демек
ол келешекте төленетін салықтың міндеттемесін көрсетеді. Сонымен қоса, оның
дебеттік сальдосы да болуы мүмкін, егер де күн бұрын төлем жасалса. Бұл
кезде оң айырма қалыптасады және ондағы салық эффектісі 632 шоттың дебеті
және 851 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де бұндай дебеттік сальдо күмән туғызатын болса, онда олар шығын
ретінде танылады, демек ол 851 шотының дебеті мен 632 шотының кредиті
бойынша көрініс табады.

Бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған табыс салығын көрсету үшін
оларды қысқа және ұзақ мерзімділігі бойынша жіктейді (2-БЕС). Кейінге
қалдырылған салықты жіктеу активтердің немесе міндеттемелердің негізінде
жүзеге асады. Егер де уақытша айырма тауарлы - материалдық запастарға
қатысты болса, онда ол қысқа мерзімді болып есептелінеді, ал егер де ол
негізгі құралға қатысты болса, онда ол ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Егер
де уақытша айырмасын активтермен де, міндеттемелермен де байланыстыруға
болмаса, онда олардың жойылатын уақытын негізге алады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (125 бабы бойынша) кәсіпкерлік
қызметтен, сондай-ақ ғимараттарды, қондырғыларды сатқаннан шеккен зиянды
алдағы үш жылдың салық салынатын табысынан өтеуге рұқсат етіледі.
Тартқан зиянның келешектегі алынатын табысқа зачет етілуі кәсіпорынның
экономикалық потенциалына жол ашады. Осындай операцияның есебінен алынған
экономия есептік кезеңнің таза табысына енеді, бірақ ол жағдайда өзгеруі
мүмкін.
Салық төлемдері бойынша алған экономия таза табысқа енеді, мына
жағдайларды қоспағанда:

1. Салық төлемдері бойынша алынған экономия келесі есептік кезеңде өтелуі
күмәнді болса және ол кезде алынатын табыс зиянды жабуға жеткіліксіз болса,
онда бұндай зияндар зачетка жатқызылмайды.
2. Салық төлемдері бойынша алынған экономия, 632 шоттың кредитгік
сальдосынан асып кетсе, онда бұндай зияндар зачетқа жатқызылмайды.
Келешек табыс салығының есебінен өтелетін табыс салық сомасы есепте
жеке көрсетіледі, яғни 632 шоты бойынша жеке субшоты ашылады.
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. 2002 жылдың
қорытындысы бойынша негізгі жабдықтаушымен жасалған контрактінің шартын
сақтамағандықтан 2200 мың теңге зиян шегілген. Оның үстіне 2003 жылы
табысқа салынатын салық мөлшерлемесі 32% жеткен. Кейінге қалдырылған табыс
салығының кредиттік сальдосы (тізімдеме есебі бойынша) 2002 жылы 240,32 мың
теңге құраған. Бухгалтерлік зиян сомасы 1517 мың теңгеге жеткен, ал оның
уақытша айырмасы 683 мың теңге құрайтындығына сенімді болған.
Кәсіпорын болжамы:
І Нұсқа. Кәсіпорын 2003 жылы жабдықтаушылармен тиісті деңгейде қарым-
қатынасын құруға және қаржылық нәтижесінің оң болмайтынына толық сенім бар.
2 Нұсқа. Кәсіпорынның нәтижесі оң көрсеткіштермен аяқталатынына
сенімсіз, бірақ 632 шотының кредиттік қалдығы 240,32 мың. теңге құраған.
3 Нұсқа. Салық төлемдері бойынша алған (алатын) экономиясын (олжасын)
таза табысқа енгізген, бірақ қалыптасқан жағдайдың салдарынан есепті
кезеңде шегетін зиянын жабу мүмкіндігі неғайбіл болған. 632 шоты бойынша
кредиттік сальдо сақтық қағидасы бойынша жойьшып отырады.
Келтірілген әрбір жағдай үшін шоттар корреспонденциясын келтіреміз.
Қа-тШаруашылық операцияларынын мазмұны Сомасы,Шоттар
ар теңге корреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4 5
1. Кәсіпорын болашақ жылы жеткілікті 218,6 632 Кейінге 632 851
табыс алады және зиянның пайда 485,4 қал-
болған кезеңін таза табыстың дырылған табыс
экономиясына енгізеді: салығы бойынша
- салық эффектісінің уақытша шеккен зияны
айырмасының сомасына (638x32%) субшоты
- салық төлемі бойынша алынған 632 "Кейінге
экономиясының сомасына қал-
(1517 х 32%) (яғни, салық төлемінен дырылған табыс
үнемделген сомасына) салығы бойынша
шеккен зияны"
субшоты
Жиыны 704,0

Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаған кезде ол корпоративтік табыс
салығына әсер етпейді, бірақ қайта бағалаудың нәтижесінде салық салынатын
және бухгалтерлік табыстың арасында айырма болуы мүмкін. Бұндай орын алған
айырма салық есебінде көрініс таппайды, ол тек бухгалтерлік есепте ғана
көрсетілуі мүмкін. Ондай айырма тұрақты да, уақытша да болуы мүмкін.
Бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де амортизацияны есептеу үшін
әртүрлі тәсілдер пайдаланады: уақытша айырманы, ал қайта бағалаудың
нәтижесіндегі құндық өсімі — тұрақты айырманы туғызады.
Айырманың бұндай типі қабылданған есеп әдістемесіне тәуелді болып
келеді. Осындай айырманың болуына қарап, ондай айырма бухгалтерлік есепте
632 шотына жатқызылады, бірақ ол салықтық төлемде көрініс таппайды.
Мысалға, қайта бағалаумен байланысты, салық эффектісі 405000 теңге
сомасын құраған. Есептік жыл соңында төленуге жататын корпоративтік табыс
салығы 648000 теңге болған, оның 209000 теңгесі — салық эффектісінің
уақытша айырмасынан қалыптасқан. Енді біз осы операцияны көрсету үшін
келесі шоттар корреспонденциясын жасаймыз.
Қа Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы,Шоттар
тар теңге корреспонденциясы

дебет кредит
1 2 3 4 5
1. Ұзақ мерзімді активтерді қайта 405000 541 632
бағалаудың нәтижесінде алынған,
салык эффектісінің сомасы
2. Жыл соңында бюджетке төлеуге 209000 632 851 631 631
жататын, табыс салығынын сомасы: 439000
-салық эффектісінің уақытша
айырмасының сомасына
- төлеуге жататын корпоративтік
табыс салығының сомасына
Жиыны 648000

Басқа жағдайда қайта бағалаумен байланысты салық эффектісінің
потенциалдық сомасы қаржылық есеп берудің түсініктеме жазбасында ашып
көрсетілуі керек.
Қаржылық есеп беруде мына төмендегі ақпараттар ашып көрсетілуге тиіс:
әдеттегі қызметінен түскен табысына қатысты төленетін салық төлемдері
(салық төлемі бойынша үнемделуі); елеулі қателіктеріне түзетулермен, сондай-
ақ есеп саясатының өзгеруімен байланысты төленетін салық төлемдері (салық
төлемі боиынша үнемделуі); төтенше жағдайларға жататын салық төлемі (салық
төлемі бойынша үнем); қайта бағаланған активтерге жататын салық
тиімділіктері; салық төлемі мен бухгалтерлік кіріс арасындағы қатынасқа
ықпал ететін тұрақты айырмашылықтары және осы сияқты басқа да факторлары,
егер бұл есепті кезеңде қолданылып жүрген салық мөлшерлемесімен
(ставкаларымен) түсіндірілмейтін болса.

1.3 Төлем көзінен ұсталатын салықтар: Төлем көзінен ұсталатын салықтар
15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін
резидент еместердің де табысынан ұсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша төлем
кезінен ұсталатын табыстардың қатарына: -дивиденттер;
- депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға
салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып
банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттері
кірмейді);

- ұтыс;
- заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы
жинақтау қоры, төлейтін марапаттау сомасы кірмейді);
- бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.
Егер де ұтыстардан, марапаттаудан табыс салығы ұсталса және оларды
растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығының зачетына
жатқызылады.
Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде
салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен
корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.
Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс
түрлерінің қатарына мыналар жатады:
- өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табыстары;
- басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т.б. көрсеткен
қызметтерінен алынған табысы;

- мүліктердің құнының өсімінің арқасында алынған табыстары;
- талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;
- айыппұл және есімдерден түскен табысы, бұл айыппұлдар мен өсімдері өз
міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де
салынады;
- дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алған
табыстары;
- роялти нысанында алынған табыстары;
- жалға беруден алған табыстары;
- халықаралық тасымаддау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған
табысы;
- резиденттердің төлеген ұтыстары;
- тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;
- басқа да қызметтерден түсетін табыстары.
Қазақстанда қызмет ететін резидент еместердің алатын табысынан мына
төмендегі мөлшерлемеде табыс салық ұсталынады:
- дивиденттерден және қатыстық үлестерден алатын табысынан және сыйақысынан
— 15% (1);
- тәуекелділікті сақтандыру келісім-шарты бойынша төленетін сақтандыру
пайдасынан — 10% (2);
- қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру төлемінен — 5%
(3);
- халықаралық байланыста тасымалдау қызметін көрсеткен табысынан — 5% (4);
- осы Кодекстің 178 бабы бойынша алынатын табысынан — 20% (1-ші мен 4-ші
бабын қоспағанда) салықтар ұсталады (5).
Мыналар кірмейді:
- Қазақстан Республикасының аймағында сыртқы сауда операциялары бойынша
тауарларды жеткізумен байланысты төлемдер;
- банк-резиденттердің корреспонденттік шоттарын жүргізу және ашумен
байланысты көрсеткен қызметінен алынатын табыстар;
- бағалы қағаздарды сату кезінде олардың құнының есімінен алынатын
табыстар;
- мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
- шикі мұнай өнімдерінің сапасы бойынша төленетін төлемдер (Қазақстан
Республикасының тыс жерлерінде);
- сатып алушы-резиденттердің төлеген бағалы қағаздардағы қарыздар бойынша
есептелген марапаттау сомасы.
Мысал. Қазақстан Республикасының резиденттік емес шетелдік компаниясы
10000 доллар сомасына кәсіпорынды баскарудың қыр-сыры туралы кеңес берген.
Келісім-шарт талабы бойынша қажет соманы толық көлемде резидент емес
компания төлейді, ал Қазақстан Республикасының аймағында пайда болатын
салық бойынша барлық міндеттемелерін Қазақстан Республикасының резиденті
болып саналатын "Тасты" ЖШС орындайды. Бұдан басқа, "Тасты" ЖШС-гі резидент
емес компанияға тауарлары үшін дер кезінде төлемеген айыппұл санкциясын
төлеген, оның мөлшері 5000 доллар құраған. Айыппұл санкциясынан, яғни
резидент емес компаниядан салық ұсталынған. Айыппұл санкциясынан салық
шегеріліп, қалған сомасы резидент емес компанияға аударылды.

Резидент емес заңды тұлғалардың табысына салынатын салықтың тәртібі
Қазақстан Республикасындағы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады.
Резидент емес заңды тұлғалардың табысына тұрақты ұйымдардың қызметімен
байланысты барлық табыс түрі жатады.
Шегерімге табысты алумен байланысты тікелей шығыстардың барлығы
жатады. Резидент емес заңды тұлғалар өз шегерімдерін тұрақты ұйымның
шегеріміне жатқызуға құқығы жоқ, атап айтқанда:
- бұл резидент емес занды тұлғаның меншігін қолдану құқын ұсынғаны немесе
қолданғаны үшін роялти, гонорар, алымдар және басқа төлемдерді жасауға;
- көрсеткен қызметі үшін комиссиондық табыстарды алуға;
- осы резидент емес заңды тұлғаның ұсынған қарыздары (заемдары) бойынша
марапаттауды алуға;
- құжаттармен дәлелденбеген шығыстарды жасауға;
- және басқа да.
Резидент емес заңды тұлғалар салықты таза табыстан төлейді.
Халықаралық келісім-шарт бойынша арнайы ережелері. Халықаралық келісім-
шарттың ережелері салынатын салықтың екі жақты болмауын және бір жақтың
салық салудан қашуын болдырмау үшін жасалынады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Жеке тұлғалар бойынша
бюджетпен есеп айырысу есебі 634 пассивтік шотында жүреді.

Төлем квзінен алатын табысына салынатын салықтар. Төлем көзінде
салынатын салық салық төлеушінің табысына алынады, олардың қатарына:
- еңбеккерлердің табысы. Төлем көзінде салық салынатын, еңбеккерлердің
табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанда есептеген
жалақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында қарастырылған, салық
шегерімін азайтатын сомасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдык
игілік т.б. табыстары кіреді.
Еңбеккерлердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы
еңбеккерлердің табысына қолданатын мөлшерлеменің көмегімен есептелінеді.
Табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты
кредиттеледі;

- бір жолғы төлемдерден түскен табыс. Бұндай төлем түрлері алдын-ала
жасалған келісім-шарт бойынша анықталады.

- жинақтау зейнеткерлік қорларынан төленетін зейнеткерлік төлемдері,
бұл өз кезегінде айлық есептік көрсеткіштерді (АЕК) азайтады;

- жеке тұлғаға төленетін ұтыстар, марапаттаулар, дивиденттер, табыстың
бұл түріне 15% деңгейінде салық салынады;
- стипендия, бұларға да салық салынады, сондай-ақ стипендия мәдениет,
ғылым, т.б. кайраткерлерге арналады;

- сақтандыру қоры бойынша табысы.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салық
салынбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады: мүліктік
табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы
және жеке нотариустардың табысы және т.б.

Резидент емес заңды тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері.
Жеке шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі
қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттіқ және
резиденттік емес болып бөлінеді.
Салық салу мақсатында жеке түлға, егер де олар келесі
тұжырымдамалардың кез келгеніне жауап берсе, онда олар Қазақстан
Республикасының резиденті болып саналады:
- Қазақстан Республикасына заңды жолымен келген (тұрғылықты болу
үшін);
- Қазақстан Республикасына біршама уақытка келген;

- Қазақстан Республикасына 183 календарлық күнінен кем емес уақытқа
келген. Егер де Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлғасының тұрған
күні ағымдағы жылы 31 календарлық күннен кем болмаса және ағымдағы салык
кезеңімен аяқталатын, үш жылдық кезең ішіндегі календарлық күні 183-тен кем
болмаса, онда ол "біршама уақытқа келген" деген тұжырымдамаға сәйкес
келеді. Үш жылдық кезең ішіндегі 183 календарлық күнінің кезеңі төменде
келтірілген орташа коэффициенттер бойынша анықталады:

1 - ағымдағы салықтық кезеңдегі келген күндерінің санын есептейді;
13 - өткен салықтық кезенде бірінші болып келген күндерінің саны;
16 - өткен салықтық кезеңде екінші болып келген күндерінің саны.
Мысал. Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлға 2000 ж — 132
календарлық күн, ал 2001 ж - 105 календарлық күн, 2002 ж. — 130 календарлық
күн келіп тұрған.
Келу күндерінің саны келесі жолмен есептелінеді:
1x130 +13 х 105 + 16 х 132 =130 + 35 + 22 = 187 күн
Сонымен, шетелдік жеке тұлғаның келген күні 187 күн, ал ол 183 күннен
көп, демек оның келген күні біршама уақытқа келген деген тұжырымдамаға
сәйкес келеді және Қазақстан Республикасының ағымдағы жылы үшін ол тұрақты
келген болып саналады (салық резиденті).
Егер де жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса, онда оның
тұрған мерзіміне қарамастан, ол резидент болып танылады.
Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың,
қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын қүн бөлігінің
бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын
аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар
айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, керсетілген қызметтен
ұсталынады.
Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын
айналым және салық салынатын импорт болып табылады.
Сондай-ақ, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін
тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.
Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға
салық салынады.
"Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды,
ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының
меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Салық міндеттемесінің есебі
Салық міндеттемесінің есебі туралы ақпарат
Салық және салық салудың есебі
Резидент еместердің табыстарының салық есебі туралы ақпарат
Салық мекемесіндегі іс-тәжірибе есебі
: резидент еместердің табыстарының салық есебі
Салық туралы
Ақша қаражатының есебі туралы
Ақша қаражаттарының есебі туралы
Міндеттемелер есебі туралы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь