Cәкен Сейфуллин және фольклор



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
а) С. Сейфуллин және фольклор
ә) С. Сейфуллин шығармаларындағы фольклорлық
сарындар
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Сәкен (Садуақас) Сейфуллиннің туып, өскен жері - өзі сан рет ең тәтті жырларымен әлпештеп суреттеген сұлу Сарыарқаның сүбелі шүйгін бір арнасы Нұра, Есіл өзендерінің құбылаға қарай бет алған өрісінде Аба деген таудың бауыры. «Туған жер», «Жазғы кеш», «Нұра» атты өлеңдерде және «Тар жол, тайғақ кешу», «Сол жылдарда» атты прозалық шығармаларында Сәкен балалық, жігіттігінің ең бір ұмытылмас қызық шақтарын еске түсіріп, Есіл, Нұра өзендерінің сол жердегі елдік жайын суреттеп отырады.
Сәкеннің ата тегіне келетін болсақ, ол Орта жүз Алтай – Қарпық, Қарпықтан тараған Тоқа руынан. Сейфолладан жеті бала туған. Төртеуі ұл, төртеуі қыз. Ұлдар: Садуақас (Сәкен), Мәлік, Әбен, Мәжит. Қыздар: Рахима, Рахила, Сәлима. Қыздары мен Әбен ертеде өлген.
Сейфолланың әкесі Оспан, оның әкесі Жәнібек сөзге жүйрік, мықты, қайратты адам болса керек.
Сәкеннің бала кезінде Сейфолланың үй шаруашылығы жүдеу – жадаулы, бірде аш, бірде тоқ отыратын халде екен. Дәулетті жақын ағайындары қол ұшын беріп қарайласпаған. Кейін Сәкен Ақмола, Омбы қалаларына барып оқығанда қарайласатын ешкімі болмағандықтан жеке адамдарға сабақ беріп, күн көрерлік қосымша қаражат тауып отырған.
Міне, осындай отбасында (1894 жылы Ақмола уезі, Нілді болысының – қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының бірінші ауылында) туып өскен.
Сәкен ауылында күміс көмей, жез таңдай ақындар көп болыпты. Сәкеннің өмірді танып – білуінің, ақындыққа алғаш бой ұруының негізгі факторлары - өзі өскен ортаның ақыны мен әншілері, яғни халықтың теңіздей мол поэзиясы. Ақынның өз айтуына қарағанда әкесі Сейфолла он саусағынан өнер тамған домбырашы, ән құмар, сауыққой, көңілді адам болса керек. Анасы Жамал да ертекшіл, әңгімешіл кісі екен. Қазақ даласында ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ертарғын», «Қобыланды», «Алпамыс»дастандарын, Алдар көсе жайындағы қызықты ертегілерді жасында сол ана аузынан естиді. Әке мен шеше айналасынан басқа Сәкенге ерекше әсер еткен Құлмамбет деген өлеңші, гармоншы өнерпаз ақын болған. Өз ауылындағы Әзімхан деген Сәкеннің ең жақын досының бірі; кедейден шыққан сері, әзілқой, сауықшыл, қиссаларды жатқа айтатын Сатай, Сүйіндік деген жігіттер де Сәкеннің ел аралап, аң аулап, саятшылық құрғандығы өнерпаз, балуан, сері достары. Жыршы – жырау, айтыскер майталман саңлақтар өнер жарыстырып, қызықшылық думанға кенелген, кербез даланың керім табиғаты мен халық поэзиясының романтикасына бөленген сол бір тіршілік тынысы Сәкенді де бала жастан баурап алған, оның балапан жырларына қанат қақтырған.
1. Кәкішев Т. Мағжан - Сәкен. А., 1999ж, - 449 бет.
2. Ысмаилов Е. Әдебиет жайлы ойлар. А.,1968ж,- 317 бет.
3. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А.,1985ж,- 301бет.
4. Қазақ фольклористикасы. А., 1972ж, -297 бет.
5. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. А., 1969 бет.
6. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. А., 1974ж,286 бет.
7. Жұмалиев Қ. Ж. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері.
8. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. А., 1962ж, - 441бет.
9. Қирабаев С. «Көкшетау» поэмасы. Қазақстан мектебі. 1962ж. № 1.
10. Сейфуллин С. Шығармалары. III том. А., 2004ж.
11. Сейфуллин С. Шығармалары. II том. А., 2004 ж.
12. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986 ж, 396 бет.
13. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А. 1990ж, 296 бет.
14. Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961. 374 бет.
15. Қазақ фольклорының типологиясы. А., 1981 ж.
16. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991
17. Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. А., 1960.
18. Кәкішев Т. Сәкен Сейфуллин. А., 1989. - 88 бет.
19. Сейфуллин С. Шығармалары. I том. А., 2004 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Дипломдық жұмыс.

Тақырыбы: Cәкен Сейфуллин және фольклор.

Кафедра :
Әдебиет теориясы.
Жетекші : Анарбай Бұлдыбай.
Студент :
Сариева Айгуль.

Реферат.

Мақсаты :

Міндеті :

Глоссарий.

Мазмұны :

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
2. Негізгі бөлім.
а) С. Сейфуллин және фольклор ... ... ... ... ... ...
ә) С. Сейфуллин шығармаларындағы фольклорлық

сарындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2
Кіріспе.

3
Негізгі бөлім.

I. Сәкен (Садуақас) Сейфуллиннің туып, өскен жері - өзі
сан рет ең тәтті жырларымен әлпештеп суреттеген сұлу Сарыарқаның сүбелі
шүйгін бір арнасы Нұра, Есіл өзендерінің құбылаға қарай бет алған өрісінде
Аба деген таудың бауыры. Туған жер, Жазғы кеш, Нұра атты өлеңдерде
және Тар жол, тайғақ кешу, Сол жылдарда атты прозалық шығармаларында
Сәкен балалық, жігіттігінің ең бір ұмытылмас қызық шақтарын еске түсіріп,
Есіл, Нұра өзендерінің сол жердегі елдік жайын суреттеп отырады.
Сәкеннің ата тегіне келетін болсақ, ол Орта жүз Алтай – Қарпық,
Қарпықтан тараған Тоқа руынан. Сейфолладан жеті бала туған. Төртеуі ұл,
төртеуі қыз. Ұлдар: Садуақас (Сәкен), Мәлік, Әбен, Мәжит. Қыздар: Рахима,
Рахила, Сәлима. Қыздары мен Әбен ертеде өлген.
Сейфолланың әкесі Оспан, оның әкесі Жәнібек сөзге жүйрік, мықты,
қайратты адам болса керек.
Сәкеннің бала кезінде Сейфолланың үй шаруашылығы жүдеу – жадаулы,
бірде аш, бірде тоқ отыратын халде екен. Дәулетті жақын ағайындары қол ұшын
беріп қарайласпаған. Кейін Сәкен Ақмола, Омбы қалаларына барып оқығанда
қарайласатын ешкімі болмағандықтан жеке адамдарға сабақ беріп, күн көрерлік
қосымша қаражат тауып отырған.
Міне, осындай отбасында (1894 жылы Ақмола уезі, Нілді болысының –
қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының бірінші ауылында) туып өскен.
Сәкен ауылында күміс көмей, жез таңдай ақындар көп болыпты.
Сәкеннің өмірді танып – білуінің, ақындыққа алғаш бой ұруының негізгі
факторлары - өзі өскен ортаның ақыны мен әншілері, яғни халықтың теңіздей
мол поэзиясы. Ақынның өз айтуына қарағанда әкесі Сейфолла он саусағынан
өнер тамған домбырашы, ән құмар, сауыққой, көңілді адам болса керек. Анасы
Жамал да ертекшіл, әңгімешіл кісі екен. Қазақ даласында ұрпақтан ұрпаққа
тарап келе жатқан Қыз Жібек, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Ертарғын,
Қобыланды, Алпамысдастандарын, Алдар көсе жайындағы қызықты ертегілерді
жасында сол ана аузынан естиді. Әке мен шеше айналасынан басқа Сәкенге
ерекше әсер еткен Құлмамбет деген өлеңші, гармоншы өнерпаз ақын болған. Өз
ауылындағы Әзімхан деген Сәкеннің ең жақын досының бірі; кедейден шыққан
сері, әзілқой, сауықшыл, қиссаларды жатқа айтатын Сатай, Сүйіндік деген
жігіттер де Сәкеннің ел аралап, аң аулап, саятшылық құрғандығы өнерпаз,
балуан, сері достары. Жыршы – жырау, айтыскер майталман саңлақтар өнер
жарыстырып, қызықшылық думанға кенелген, кербез даланың керім табиғаты мен
халық поэзиясының романтикасына бөленген сол бір тіршілік тынысы Сәкенді де
бала жастан баурап алған, оның балапан жырларына қанат қақтырған.
Нілді заводының ұстасы, жұмысшылар арасында әнші жігіт Ыбырайдан
естіп құмарта тыңдайды. Тама еліндегі Сапалай, Мүсейіп деген
4
ақын - әншілер де Сәкеннің жақын достары болған. Онан басқа сол елге келіп
– кетіп жүргенде сөзі таралған Әшек, Бітімбай деген ақын - әншілер болған.
Ал Ақмолада сөзі мен әнінен үлгі алған атақты Ғазиз әншімен, ел арасында
аты жайылған Иман Жүсіппен де жақын болыпты.
Қазақ ортасында неше түрлі айтқыш ақындарды, сері әншілерді
Сәкен Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Атбасар төңірегіндегі елдерден де көп
кездестіреді.
Сәкен орыс мектебіне түскеннен бастап, орыстың ақын,
жазушыларын, орыс тілі арқылы басқа елдердің классиктерінің шығармаларын
оқи бастайды. Сәкеннің орыс поэзиясына айрықша ынта қойып оқуына оның
мұғалімдері мен оқытушылары айрықша әсер еткен көрінеді. Сәкен шәкірт
кезінде Пушкин, Лермонтов, Надсон, Блок шығармаларын қызыға оқыған. Сонымен
қатар Сәкен сол кездерде шығып тұрған қазақ, татар тіліндегі газет,
журналдарды, жеке кітаптарды да ынта қойып оқып отырған. Мәжиттің айтуынша,
Сәкен жаз демалысқа елге келгенде жүгінің ең ауыры толып жатқан кітаптар
болған, көбі орыс тіліндегі кітаптар. Сол әкелген кітаптарының ішінде ауыл
жастары түсініп, қызығып оқығандары Қыз Жібек, Алпамыс, Қобыланды,
Мұңлық – Зарлық, Көрұғылы дастандары, Абай өлеңдері және Айқап
журналы болған.
Ауылда өтетін ойын – сауықтарда Сәкеннің өзі де домбыра тартып,
ел жастарының салты бойынша ән салып, өлеңмен жеңіл айтыстарға да араласып
жүрген. Сәкен домбырада Саржайлау, Дайрабай, Қосбасар сияқты
Тәттімбеттің майда, нәзік күйлерін тартады екен. Сәкен өзінің жаны сүйетін
жақсы күйлерін шебер тартатын Әбікен Хасеновпен өте жақын достасып
кеткен.(2)
Ақынның замандастары Сәкеннің қаршадайынан қызғалдақты қырмызы
бел, жауқазынды жазық далаға , оның күн нұрына шомған сағымына, тізіліп
ұшқан тырнасы мен топтана қонған бозторғайының тамылжыған әуеніне,
бәйшешегі мен жусанының хош иісіне құштарлығын айтады.
Батырлар жайындағы жырларға еліктегіш, ер көңілді баланың да атқа
мініп шабуға, аңшылыққа, айдалада алаулаған қойшының отына, замғар көкте
жымың қаққан жұлдызға жасынан жаны құмар болды.
Сәкен Сейфуллин - өлең жазумен он жеті – он сегіз жасынан
көбінше 1913 – 1916 жылдары Омбыдағы оқытушылар семинариясында оқып жүрген
кезінде айналысқан сияқты. Оның бірді – екілі өлеңі сол кезде Айқап
журналында жарияланады, 1914 жылы Қазанда Өткен күндер деген алғашқы
өлеңдерінің жинағы басылып шығады.
Ақын өзінің тырнақалды өлеңдерінде қалада оқып жүрген жастардың,
қала шәкіртерінің жайын, білім алу жөніндегі талап, арманын, туған, өскен
жері, ата – анасы, ел – жұрты, табиғат көріністері жөніндегі ойын, жастық,
махаббат сезімін, көңіл – күйін білдіреді. Осының бәрін жас ақын нағыз
жасша: балалық сезіммен, балалық тілмен баяндайды; күрделі, қоғамдық
мәселелерді онша елемейді; ой – пікірін албырт, аумалы - төкпелі буалдыр
етіп айтады.
5
Семинарияның соңғы курстарында жүргенде, әсіресе 1916 жылы,
қазақ халқының сол жылғы ұлт – азаттық көтерілісіне байланысты Сәкеннің
ақыл –
ойы өседі, есейеді. Ол оқушылардың мәдени – ағарту жұмыстар жүргізу
мақсатымен құрылған Бірлік ұйымының жұмысына белсене қатынасады; халықтың
хал – жайына, мұң – мұқтажына, қоғамдық мәселелерге көңіл аударады, заман
жайын түсіне бастайды.
Сәкен 1915 – 1916 жылдары жазған өлеңдерінің көбінде қазақ халін,
қоғам өмірін, заман жайын қозғайды; оларды өзінше байқап, өзінше ұғып
жырлайды; демократтық – ағартушылық тұрғыдын талдап, бағалайды, қазақ
халқына патша үкіметінің істеп отырған отаршылдық өктемдігін, қазақ
кедейлерінің ауыр тұрмысын, оларға байлар мен феодалдардың істеп отырған
зорлық – зомбылығын көреді; халыққа, кедейге жаны ашиды; қазақтың ұлт –
азаттық көтерілісіне іш тартады. (12 )
Қазақ мәдениетіне , әсіресе оның музыкалық өнеріне өлшеусіз
жанашырлық жасап, мұхиттай мол ән – күйлерінен Қазақ халқының 1000 әнін
1925 жылы жарыққа шығарған Александр Викторович Затаевичтің қасиетті
есімін құрметтеп атаған абзал. Қазақтың әу деп аузын ашқандарын емес,
шын мәніндегі өнерпаздарының көбімен кездесіп, ән жазып алғаны кітабында
сайрап тұр. Қазақстан Халық Комиссарлары Советінің председателі қызметін
атқарып, қызу еңбекпен жүрген Сәкен Сейфуллинді Александр Викторовичтің
қалай қолға түсіріп алғанына қайран қалмасқа болмайды. Фольклор тілімен
айтқанда, Сәкеннің ықтиятты, ынталы информатор ( білгенін айтып, тартып
беруші ) болғанына қуанамыз.
А. Затаевич Сәкеннен 7 ән мен күй жазып алған. Әрбір
информатор бойынша А.В.Затаевич Сәкенді әнші мен күйші, Ақмола өңірінің
әндерін жақсы біледі деп санайды. Егер А. Затаевичтен мұндай баға алатын
болса, қарапайым қазақ ортасында Сәкеннің өнердің өр биігіне қол созар
мүмкіндігі бары айқын ғой. Сәкен айтқан әндер мен күйлердің сыр – сыйпаты
да, оңай – ауырлығы да, мазмұны да ойланып – тоғануға тұрарлық. Соңғы
жылдарды көбірек ойнала бастаған шертпе күйлердің ішінен Сәкен ең бір
өзектісін А. Затаевичке тартып берген. Ол – Тоқа мен Терісқақпай.
Бұларды тарту үшін нағыз өнерпаздық керек. Ой түбінде жатқан әр алуан
сезімді шертіп оятатын сазды да пәлсафалы күйлердің тартылу машығы да
бөлек. Осыған қарағанда Сәкен күйшіліктің біраз биігін алған өнерпазға
ұқсайды. Ал Күн мен ай , Шаш сипар ( халық арасында кейде Келіншек
, Танбай не Бір қылшық деп те аталады ) мен Толғануды
айтқаннан кейін А. Затаевичтің көңілін көтеру үшін емес, Арқа әндерінің әр
қилысы кездесетініне дәлел болсын деп Сауытбектің зарын айтып берген.
Оған Александр Викторович айрықша көңіл бөліп, үлкен түсіндірме жасаған.
Мен осы әннің қалай туғаны жайындағы әңгімені әдейі келтіріп отырмын. Бұл
тәсіл – қазақ ән творчествосы үшін машықты тәсіл болып табылады. Әнді жазып
алып жүргенімде ол әннің кімге арналғаны, қай жерде, қай жылы, қандай
ортада орындалғаны жайындағы әрі тартымды, әрі сезімге әсер
етер сырлы әңгімелерді көп естідім. Әнді шығарған авторлардың көбі өз
6
атымен аталмағанына ( сорлы шал, соқыр қыз, т.б.) қарамастан, олардың қай
– қайсысы да болмасын ән шығаруға қабілетті екені анық байқалады, ал оны
тыңдаушылар бір естігеннен – ақ жаттауға, қағып алуға, басқаларға жеткізуге

әбден машықтанғанын көреміз, - деп қазақтың ән құмарлығының ішкі сырына
үңіледі.
Тау ішінде әнінің жан тебірентерлік ойнақы мақамы Сәкен
бойында композиторлық дарын бастау алып, әрі қарай дамымай қалғандығы
өкіндірері сөзсіз. Сәкен бойында басқа дарындар болмаса, осы әндерімен – ақ
Сәкен әнші – ақындар қатарына қосылып, сал – серілігімен аты шығары сөзсіз
еді ғой. ( 18) Бұл – үлкен таланттың жарқ еткен бір ұшқыны ғана. Сол
ұшқыннан сәуле алған тағы бір өмірлік машығы бар, ол, қазақ түсінігімен
айтса, сал – серілік, ал европаша – мәдениеттің ең биігіне көтерілгендердің
дағдысы. Сырт келбеттің сұлулығы мен ішкі мазмұнның бірлігі Сәкеннің
қарақан басын басқалардан айрықша ерекшелендірді.
Енді бір жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың
қатарына кіру керек. Қазаққа оқу бұрын бір мәртебе керек болса, енді мың
мәртебе керек. Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараңғы, - деген берік
түсінігі бар Сәкеннің: Елдің атқа мінген бастықтары оқу ісіне қарамай
кетсе, ел балалары оқусыз жүрсе, қазақтың келешек жас буынының мың лағнаты
артылады.
Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болсын, соған қолынан келген
жәрдемін тигізіп отыруы мойнына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен
болса да, оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда
кетеді, - деген жан сөздері қоғамдық қайраткерлігінің биік өресін танытса
керек. Сол үшін де елі, халқы оны ардақ тұтады, қадірлейді, құрметтейді.
Сәкен сөзі, Сәкен ойы қайраткер тілегі ретінде қалып қоймай,
советтік тамаша заманда нақты жүзеге асырып отырды. Қол ұшын, ақыл – сана
қайратын жұмсағандардың алдында Сәкеннің өзі жүрді. Қазақстан Халық
Комиссарлары Советінің Председателі болғандығы ғана емес, қайнаған өмірдің
қай басқышында жүргеніне қарамастан, мемлекеттік парасатын әрқашан танытып
отырды. Сәкендей адамның жаңа заман орнап, социалистік мәдениет қарышты
қадаммен алға басар шақта үкімет басшысы болуының өзі зор бақыт еді. Осының
бәрі – жау жүрек революционерлік, терең ойлы қоғам қайраткері, алымы мен
тыңдырары мол мемлекеттік парасат – Сәкен тұлғасының өрелене түсуіне
мүмкіндік берген адами қасиеттер.
Табиғат Сәкенге осы қасиеттерді еселендіре, жайната,
жарқырата түсіретін керемет өнерпаздықты берген. Жаңа заман әдебиетінің
мазмұны мүлде соныланып, суреттер кейіпкер өзгергендігін жыға түсінген
драматург Сәкен Қызыл сұңқарларымен тұңғыш революционер Еркебұланды қазақ
сахнасына шығарды. Ғасырлар бойы поэзияға үйреніп қалған халыққа қара
сөзден нәр, ләззат алдыру әдебиетті өсірудің ұлы шарты екенін әбден
ұққанда, бүгінгі күннің шындығын жарқырата көрсеткен Тар жол, тайғақ
кешуді дүниеге келтірді. (3). Тар жол тайғақ кешу романы ұлы күндерден
7
кейін іле – шала, оның ізі суымай жазылған шын мәніндегі күрес шежіресі
есепті аса бағалы, құнды еңбек. Роман деп те, тарих деп те, зерттеу деп те
кесу айту қиын осы бір кітапты тұтас оқып шыққаныңда одан романға тән қат –
қабат терең суреттеулер мен неше алуан адамдар тағдырын, тарихқа тән ақиқат
шындық оқиғалар, зертеуге тән үлкен байыптылық әділдікті көріп таң қаласың,
таңырқайсың, әдебиетіміздің сонау таң сәрісінде осындай сан қасиеттерді
бойына жинаған кесек туындының туғанына таң қаласың, қуанасың.( ). Қалың
бұқара оны оқымауы, одан үлгі алмауы мүмкін емес еді, өйткені онда бар
қазақтың жаңа заманындағы қауырт қимыл – тірлігі шар айнадай көрсетілді.
Әркім өзін көркем шығармадан көруге ынтығып, дәуір энциклопедиясын қолына
алды, құныға оқыды.
Өз қолынан шыққанға ғана емес, өзгелердің де туындыларына көңіл
бөліп, артық-кемін байқайтын қырағылық халықтың әдеби мұрасын айрықша
қастерлеу қасиетімен толысқан тұста, сыншы ғалым Сәкен жоғары оқу
орындарына арналған тұңғыш оқулық жасап (Қазақ әдебиеті,1932), қазақ
әдебиеттану ғылымының қарышты өркендеуіне негіз дайындады, тұсауын кесті.
Қолына қалам ұстаған ақын – жазушының бәрі де өзі өмір сүрген
заманның бейнесін жасауға, тыныс – тіршілігін кейінгі ұрпаққа жеткізуге
талаптанады. Алайда ондай бақытқа бәрі бірдей жете бермейді, ілуде біреуі
ғана жарып шығып, өзінің адуын үніне, алғыр пікіріне, асқан шеберлігіне
назар аудартады да, ел – жұртты қуаныш – шаттыққа бөлейді. Әуезовше
айтсақ, Сәкен шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын, ашық, жалқы
емес, тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын, бүтіндігі бар сезімдер. Шыны
қайда, өзі қайда екенін білдірмейтін, жаза баспайтын, кедір – бұдырсыз
тақтақ жолдың ақыны – Сәкен емес. Оның шыншылдығы қозып – жанып отыратын,
буы білініп тұрған барынша шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Ылдиы бар, өрі
бар шын өмір жолы, ыстық қанды Нағыз Ақын жолы. Тегінде, мағыналы, өрісті
көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса, осында қайнар көзден шығуға
лайық,- дегеннің өзіндік сипаты бар.
Сейфуллиннің жаңалығы халықтық сипатқа негізделді. Ауыз
әдебиетін сүюші және жинаушы ақын одан сюжет пен әуен іздеумен ғана
шектелмей, образдар мен теңеулерді, бейнелі сөз маржандарын терді. Ол
халықтың сиқырлы тіл байлығын жоғары бағалады, одан үнемі үйренумен
болды.(5)
Тіл атаулының бәрі де тура мағынасымен емес, бейнелі
мағынасымен сөйлеуге бейім. Қандай қарапайым адаммен кеңессең де, шама –
шарқынша әдемі сөйлеуге тырысады, сондағы қолданатыны – бейнелеп сөйлеу.
Ал, жазушы немесе ақынды алсаң, оның шығармалары тек қана бейнелі сөздерден
құралады. Бұлай жазу, әсіресе ақындарға қажет, өйткені поэзиялық
шығармалардың, әсірісе қысқа өлеңдердің көлемі аз, кей өлеңде оқиға болмай,
тек ақынның сезімін аңғартады, ондай шығармалар бейнеленген көркем сөзден
құралмаса ешкім де оқымайды.
Барлық халықтың тілі, көркем әдебиеттің тілі осылай құрылуға
бейім
8
бола тұра, бейнелеудің әр халықтың тіршілігінен туған өзгешеліктері бар.
Мысалы, қазақ халқы революциядан бұрын көшпелі өмір сүрді, мал
шаруашылығымен кәсіп етті. Осы шаруашылық оның ауыз әдебиетіне де әсерін
тигізді. Мәселен, қазақ әйелі баласын құлыным, ботам, қозым деп,
төлдерге теңеп жақсы көреді. Біржан сал өзін Қара көк арғымақпын
тұмарлаған деп жақсы жылқыға теңесе, Сара Қамысты терең көлдің
сұқсырымын деп үйрекке теңеді. Бұлай теңеулердің, ертеден отырықшы болған
елдерде біреуі де жоқ. Бағы заманнан егіншілікпен кәсіп еткен Грек
эпосында, әйелдің әдемі көзін өгіздің көзіне теңейді ( Волоокая Гера ),
өйткені отырықшы гректің көп баққан малы сиыр, ал, қазақтар әйелдің әдемі
көзін ботаның көзіне теңейді, өйткені көшпелі қазақтың көп ұстаған малы
түйе.
Жылқыны көлік есебінде ғана ұстайтын отырықшы орыс елінің
ұғымында, адамды жылқыға теңеу қорлау, сондықтан да ол тілде, кемісінген
кісіге жылқы емес екеніңді дәлелде деген сөйлем бар.
Ең алдымен фольклор деген сөздің өзіне азадп тоқталайық.
Революциядан бұрынғы мағынасында, ол біріншіден, ауызша жасалған әдебиет,
екіншіден, шығарушысы кім екені белгісіз, халық аузында ғана жүрген,
сондықтан халықтық аталып кеткен әдебиет. Бірақ, бұдан халықтық поэзияны,
көп адам бірігіп отырып жасады деген мағына шықпайды. Фольклорлық
шығарманың қайсысының болса да арғы түбінде нақты шығарушысы бар, бірақ
елдің сауатсыздығынан ол шығарушының аты жазылмаған, сондықтан уақыт
озғаннан кейін ұмытылып, ауыздан ауызға көшеді де, иесі халық болып қалады.
Бұл түрлі әдебиетке қазақ халқының бай екндігін дәлелдеудің
қажеті жоқ. Ол табиғи іс, өйткені қазақ халқы ел болған күннен бастап,
социалистік Октябрь революциясына дейін түгелге жақын сауытсыз болып келді.
Сауатсыз елде туған ақындық дарыны бар адамға, бойдағы қасиетін ауызша
шығарудан басқа мүмкіндік жоқ.
Әртінгі заманнан халықтық болып келген қазақ
фольклорыныңғ әсіресе фольклорлық поэзияның қаймағы XVIII ғасырдан
бастап бұзылды. Сол ғасырдың екінші жартысынан бастап фольклорлық поэзияның
әлемінде, кейбір шығарушылардың аты мәлім бола бастады. Мысалы, Бұқар,
Махамбет, Шортанбай, Базар тағы тағылар. Оладың жалғасы, біздің заманда
жасаған Жамбыл, Доспей, Нұрпейіс, тағы басқалар...
Бұларға байланысты шығармалардың да фольклор болатын себебі,
біріншіден, ауызша жасалған шығармалар, екіншіден, екіншіден фольклорлық
стиль сақталады. Ол не?
Ең алдымен, фольклорлық шығармада, әсіресе, поэзияда пікір
өрісі жазба әдебиеттей, оның ішінде жазба поэзиядай жүйелі жентектеліп,
бірыңғай келмейді, онда ( фольклорда ) :

Базардан алып келген жезді құман,
Пәлеге ұшырайды сөзді қуған,
9
Бал шайнап, шекер жұтқан беу қарағым,
Көзіңнен айналайын жаудыраған, -

деген сияқты, біріне бірінің байланысы жоқ мазмұндар араласып жатады.
Мысалға алған бұл өлеңде шығарушының айтайын дегені, көзіңнен айналайын
жаудыраған деген соңғы жолы ғана. Соны айту үшін, ол неге, бұл пікіріне
байланысы жоқ, әр түрлі мазмұны бар өзге жолдарды әкеп тықпалайды ?
Бұл сұрауға жауап беруден бұрын, фольклордың екінші түріне
тоқталайық : кейбір фольклорлық өлең – жырда, жоғарыда келтірілген бір ауыз
өлеңдей, біріне – бірі мазмұн жағынан жанаспай жататын жолдар жоқ, бірақ
оның орнына, айтайын деген пікірін шығарушы тұжырымдап, дәлдеп айтпай,
шұбалаңқы көп сөзге салынушылық бар. Неліктен бұлай ?
Үшінші, кейбір фольклорлық шығармада, одан басқа фольклорлық
шығармалардың шумақтары, жолдары, сөздері кесек – кесегімен жүреді.
Неліктен бұлай ?
Ең алдымен осы үш сұрауға жауап беріп алайық.
Фольклорлық өлең – жырды шығарушының көпшілігі, бұл
қызметін, көбінесе, жеке немесе топ адамның алдында орындайды. Табан
астында тыңнан сөз, тыңнан үйлес таба беруге шығарушының мүмкіндігі жоқ,
өйткені, ойланып отыруға уақыты жоқ, жағдай ойын тез айтуды тілейді.
Сондықтан ол, тың пікірлер, тың сөздер, тың ырғақ – үйлестер табу үшін,
бұрын білетін өлең – жырларынан шумақтарды, жолдарды, даяр сөз образдарын
араластыра айтып отырады, сондағы мақсаты, мәлім сөзді айтып отырып, жаңа
сөздер іздеу, оларды табу үшін бұрынғы сөздерді қолдану арқылы тыныс алу.
Осылай тыныстауды біз бұрынғы фольклор өкілдерінен ғана емес, совет
фольклорының өкілдерінен де көп кездестіреміз.
Фольклорлық поэзияның стиль өзгешелігі бұлар ғана емес.
Оның және бірнеше өзгешеліктері бар.
Бірінші, фольклорда терең қамтылған нақты ой образын
жасаудың орнына :

Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр,
Қар үстіне қан тамар
Қанды көр де бетім көр.
Самарқан барсаң сандал бар,
Сандалды көр де тісім көр, -

Деген сияқты анау мен мынаудың сыртқы бейнесін салысырып, ішкі сырына
терең үңілмеу көп кездеседі. Мысалы Абайдың :

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
10
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма –

деген өлеңі сияқты адам сырына терең ақтаратын нақты ой образы фольклорлық
өлең – жырларда жөнді кездеспейді,
Екінші, өмір шындығының жан – жақты көркем бейнесін
жасаудың орнына фольклорда :

Тауға бітер тарғыл тас,
Тарықса көзден шығар жас,
Тар қолтықтан оқ тисе,
Көтерер басты қарындас, -

деген сияқты, немесе :

Тауда арыстан ақырар,
Даусынан тау, тас қалтырар,
Ашаршылық жыл болса,
Бұлақтың көзі тартылар, -

деген сияқты ақылдымсу көп.
Өлеңдік техника жағынан фольклор кедей. Сан ғасыр жасаған
қазақ фольклоры поэзия техникасының екі – ақ түрін жасады. Бірі, бір
шумағында төрт жол бар, әр жолында он бір буын бар, үйлесі а, а, б, а, боп
келетін қара өлең . Екінші шумағы да, үйлесі де еркін, әр жолы еркін, әр
жолы жеті буыннан келетін жыр . Ал, жалғыз Абайдың өзі, қазақтың жазба
поэзиясына өлеңнің жиырмаға жақын жаңа түрін қосты.
Идеологиялық жағынан революциядан бұрынғы фольклор, аржағын
алғанда ( рим, грек, орыс, тағы басқалар ) құдайға сену, бержағын алғанда
жын, шайтан, пері, аруаққа сену сияқты мифке байланысып жатады.
Фольклор туралы ойды Фридрих Энгельстің төмендегі сөздерімен
толықтыру мақұл : Халықтық кітаптың ( фольклордың С. М.) алдына қоятын
мақсаты, - дейді Энгельс, Немістің халықтық кітабы деген еңбегінде –
күн ұзын атқарған ауыр еңбектен қалжырап, үйіне қайтқан шаруаның көңілін
аулау, сергіту, ауыр еңбекті ұмыттыру, оның құнарсыз тастақ даласын ғажап
бақшаға айналдыру, оның ( халықтық кітаптардың
С. М. ) және бір мақсаты – ұсақ қолөнер иелерінің аянышты түрдегі іс
дүкендерін поэзия дүниесіне, алтын сарайға айналдыру, тұрпайы әйелін ғажап
сұлу ханша қып көрсету, халықтың кітаптың және бір мақсаты, - библиямен
қатар, оның ( шаруа мен ұсақ қолөнер иелері С. М.) мінез – құлқын
тәрбиелеп, күші, правосы, еркіндікді сүюі қандай екенін таныту, көңілінде
ерлікті ояту, Отанды сүйдіру ( 17).
Әдебиетті жасаған адам – халықтың өзі. Солай бола тұрса да,
11
әдебиет ежелден бері – фольклор түрінде де, жазба түрінде де, ал қазіргі
заманда сан жағынан да, сапа жағынан да бай жанрлары түрінде де адам
жанының арқауы, рухани азығы ретінде қызмет етіп келеді.
Сондықтан да әдебиет – адам, халық өмірінің серігі, сүйеніші,
айнасы деп айтылады. Мұнда иненің жасуындай да асырып айтушылық жоқ. Қазақ
ауыз әдебиетін неғұрлым нақтылы, жүйелі зерттеудің жолдары.
Қоғамдық дамудағы әдебиеттің үлкен орны мен маңызын тек
теориялық қағидалардан, жалпы логикалық болжаулардан, жалпы әдебиет тарихы
мен териялары тұрғысынан ғана алып айтып отырғанымыз жоқ, қарыштап өскен,
өркендеген, сом тұлғалы, жалпы одақтық алаңға емес, бүкіл дүние жүзілік
майданға сан алуан талантты өкілдермен, самсаған қалың томдарымен шыққан
қазақ көркем әдебиетінің келелі ісі мен кең тарихына, қазақ әдебиеті туралы
жасалған ғылым нәтижелеріне сүйеніп айтып отырмыз.
Әдебиет тарихын жасауда әлі де көлеңкеде, қаға берісте қалып
келе жатқан қандай мәселелер бар, әдеби мәселелерді зерттеп, сын көзімен
қарап пайдалануды жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз қандай, әдебиеттің
шын мәнісінде кемеліне келіп қалыптасқан дәуірі – совет дәуірі кезіндегі
күрделі мәселелеріне көңіл бөлу жеткіліктіме, оның толып жатқан териялық
проблемарын – социалистік реализм мәселелерін, заманымыз адамдардың
тұлғаларын жасау, өмірді дұрыс көрсете білу жақтарын ашуда әдебиет
зерттеушілерінің алдында қандай күрделі міндеттер тұр деген мәселелерге
көңіл бөлуіміз тиіс.
Қазақтың өткендегі материалдық тіршілігінің өте мешеу тарихына
көз жібергенде, соның ішінен ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып жеткен ең бір
көрнекті, ауыз толтырып айтарлықтай мәдени мұрасы – көркем әдебиет. Сонау
алыстағы, тіпті қазақ атты елдің негізі құрылмаған, әр ру, әр тайпа, әр
дінде болып көшіп жүрген көне замандарына байланысты туған аңыз – ертегі,
эпостық жырлардан бастап, тап кешегі 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
туралы революцияшыл поэзияға дейін – барлығы да ғасырлар бойы дамып,
белгілі көркемдік творчество дәстүріне айналған қоғамдық, эстетикалық
көзқарасты, тұрмыстық қағида – ережелерді, халықтың азаттық, бақыт іздеу
жолындағы ең тәтті, ең ізгі үміт – армандарын, ең аянышты, ең бақытсыз жан
күйзелістерін, ерлік, таптық күрестерін, достық, махаббат, адамгершілік
жөніндегі сезім күйлерін, бір сөзбен айтқанда, қазақтың арғы – бергі
қоғамдық, рухани тарихын баяндайды.
Қазақ әдебиетінің көркемдік дамудың биік сатысына көтерілген
ең таңдаулы үлгілері көп уақыттан бері шығысты зерттеген орыс ғалымдарын
да, қазақ мәдениетінің тарихымен айналысқан ғалым, жазушыларды да, сондай-
ақ, бүгінгі жұртшылығын да үнемі қызықтырып, ынталандырып келе жатқандығы
бәрімізге белгілі жай.
Қазақ эпосы дүниежүзілік эпос тарихынан көрнекті орын алып,
оған өзінің қайталанбас үлесін қосып отыр. Басқа елдердің әдебиеті
тарихында
12
сирек кездесетін, осы күнге дейін дәстүр болып сақталып келген ақындар
айтысы қазақ әдебиетінің көркемдік дамуындағы жаңа бір белесі болғандығын
баса айту керек.
Ал осы көркем туындылармен қатар жарыса туған қазақтың ХIХ
ғасырдағы және ХХ ғасыр басындағы жаңа әдебиеті қоғам тіршілігіндегі тарихи
– экономикалық өзгерістерге және әртүрлі таптық, идеялық бет алыстарға
байланысты өркендеп , жазба поэиясының жаңа дәстүрін жасады. А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров сияқты классиктеріміздің шығармалары орыстың
классикалық әдебиетімен иделық - көркемдік байланысты күшейтіп,
реалистік әдебиет дәстүрін қалыптастырды. Қазақ әдебиетіндегі осындай
прогресшіл дәстүрді халық поэзиясы арқылы Жамбыл бастаған қарт ақындар,
сондай-ақ, жазба әдебиеттегі Абай дәстүрін С.Дөнентаев сияқты демократ
ақындар совет әдебиетіне әкеліп жалғастырды.
Еңбекші бұқарамен тығыз байланыста болған С.Сейфуллин Октябрь
революциясының жеңісін өзінің шығармаларымен де, қолындағы қару –
құралдарымен де қорғап шықты. Сәкеннің творчестволық қызметі біздің қазақ
әдебиетінің тарихында ерекше биік, жоғары бағаланатыны сөзсіз. Қазақ
даласында Сәкеннің Россиядағы М. Горькийдің, В. Маяковскийдің, Демьян
Бедныйдың революцияшыл поэзиясына үн қосып, пролетариат әдебиетінің туын
көтеруі тарихи аса зор еңбек екендігі белгілі. Социалистік роволюцияның
қазақ даласындағы жеңісін эпикалық өрісте дамытып бейнелеген Сәкеннің
шығармалары қазақ әдебиетінің жаңа дәуірін жасады. Сондықтан да Сәкеннің 20
- жылдарда буржуазияшыл – ұлтшыл жазушылардың немесе соларға іш тартқан
сыншылардың қатты шабуылына ұшырауы кездейсоқ емес еді.
Революлияға дейінгі қазақ ауыз әдебиетінің күрделі кемдігі
жағынан болсын, идеясы мен тақырыбы жағынан болсын қазақтың революцияға
дейінгі батырлар жыры аса мол дүние, ұшан теңіз мол қазына. Қазақ
әдебиетіндегі батырлар жырының алғашқы үлгілері ертедегі рулық тайпалық
заманда туған. Әрине, батырлар жырының бұл үлгілері сюжеттік құрылысы
жағынан болсын, көркемдік жағынан болсын, бүгінгі замандағы бізге таныс
жырлардан мүлде басқа, айырмашылығы өте көп.
Ауыз әдебиеті туындыларының шығу тегін, даму, жанрлық,
көркемдік ерекшелігін анықтаудың жол, тәсілдері мол. Фольклор
шығармаларының әрбір жанрына тән өзгешеліктерді көне мұраны нақтылы зерттеу
арқылы ғана саралап сипаттауға болады. Мысалы, эпосты тарихи- типологиялық
ретімен сөз ету түрлі тараптан пайдалы. Белгілі бір туындылардың таралу
географиясын, сақталу процесін және өзгерістерін анықтауға да мұндай тәсіл
қолайлы. Кейде жырды бір халықтың вариант, версиясы көлемінде ғана қарау
толық ғылыми қорытындылар жасауға
мүмкіндік бермейді. Эпостың нағыз табиғаты көркемдік кестесін тану үшін,
оның түрлі нұсқаларын білу, салыстыру қажеттігі ертеден ескертіліп келеді.
Фольклортану ғылымының алдында тұрған нысаналар барған сайын
күрделеніп келеді. Көркемдік даму мен дәстүрдің тарихын, өсу сатыларын
13
белгілі бір халықтың рухани жетістігімен ғана анықтау мүмкін еместігі аян.
Олай болса ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін толымды етіп тексеру мұраты
іздену мен үйренудің жаңа кеңістігіне шығуды, зерттеу тәсілін жетілдіре
түсуді қажет етеді. Тарихи – этнографиялық деректерге қарағанда дүние
жүзіндегі халықтардың қай – қайсысының да болса құдалыққа келуден бастап,
келін түскенге дейінгі аралықта жасалатын өзінше көп жора – жосыны болады.
Түркі – монғол халықтарының қыз беріп, келін түсіру ғұрпының өзара
жақындығын айтпағанның өзінде, орыс, украин сияқты славяндықтардың құда
түсу салтында да біраз ұқсастықтар бар.
Сонымен қатар ауыз әдебиетінде елеулі орын алатын аңыз -
әңгімелер. Өйткені әуел баста жазу, баспасөз шықпай, дамымай тұрғанда ел
басқарған адамдар, айнала қоршаған табиғат құбылыстары жайындағы мәліметтер
мен ұғымдарды ауызекі сөзбен баяндайтын бұл халық шығармаларының білім
берерлік, өмір танытарлық мәні, маңызы үлкен. Онда әлденеше ұрпақ
өкілдерінің бастан кешкені, көргені мен естігені, екінші сөзбен айтқанда,
тәжірибесі жинақталған, қорытылған. Алдыңғы буынның кейінгі буынға айтар
ақыл – ойлары, аманат - өсиеттері сақталған және олар ондаған, жүздеген
ақыл иелерінің, тіл - сөз шеберлерінің сыны мен өндеуінен өткен. Сондықтан
жалпы халық шығармаларының, оның ішінде аңыз - әңгімелердің мәліметтік
маңызымен бірге ғибраттық, эстетикалық мәні зор.
Қазақтың ауыз әдебиеті туралы ғылымы, негізінде, Октябрь
революциясынан бері және орыс фольклортану ғылымының игі ықпалымен,
үлгісімен өсіп өркендеді.
Белгілі совет фольклоршыларының анықтауынша аңыз - әңгіме -
ерте кезде өткен тарихи уақиғалар мен тарихи адамдар жайында баяндайтын,
атақты жер - сулардың, қалалар мен селолардың қалай пайда болғанын
түсіндіретін, қара сөзбен ауызекі тараған сюжетті эпикалық шығарма. Онда
шын фактілермен, уақиғалармен қатар ойдан шығарылған нәрселер де аралас
жүреді.
Аңыз - әңгімелер жанрлық жағынан ертегілерге және тарихи
жырларға жақын. Алайда ертегілерде қиялдан шығарылған фантастикалық
уақиғалар, жын - сайтан, дию - пері, мыстан, жезтырнақ, жалғыз көзді
жалмауыз секілді жасанды, құбыжық кейіпкерлер басым болса, аңыз -
әңгімелерде реалистік уақиғалар, тарихи адамдар басым.
Фольклористика ғылымының алғашқы кезеңінде фольклорлық
материалдар халық тарихын, этнографиясын, әлеуметтік психикасын ашып,
түсіну, ұғыну мақсатында пайдаланылса, қазіргі кезде тарихсыз,
этнографиясыз, әлеуметтік психологиясыз фольклордың өзіндік ерекшеліктерін
ұғыну, ашу мүмкіндігі еместігі аян болып отыр. Бұл – фольклортану ғылымының
сапалық жаңа белеске көтеріле бастағандығының
айғағы. Алайда, фольклорды зерттеуде археология, тарих, этнография,
әлеуметтік психология мағлұматтарын қалай болса солай пайдалануға болмайды.

Қазақ фольклорының қазынасынан жемісті үйренудің мысалын
14
халық аңыздары мен ертегілері негізінде туған Сәкеннің Аққудың айрылуы,
Көкшетау лиро – эпикалық поэмаларынан көруге болады. Бұл халықтың жомарт
жүрегін, адамның ізгі қасиеттері мен абзал істерін, кіршіксіз махаббатты,
табиғат сұлулығын мадақтаған шынайы поэтикалық туындылар.
Аққудың айрылуы аты романтикалық поэмада айна көлдің
поэтикалық келбеті, аққулардың асқан сұлу көркі пәк сезімнің жарқын
бейнесіндей аса бір жарастықпен келісім тапқан.(5)
Замана образын жасау жолындағы суреткерлік ізденісін Сәкен
Көкшетау поэмасына жалғастырады. Көкшетау Сәкеннің көп жыл зерттеп, көп
жыл бойы құмартып, қызыға жырлаған тақырыбының бірі. 1923, 1924, 1926, 1927
жылдары ұдайы Көкшетаудың елін, жерін аралап, дарқан шешен, сері ақын
әншілерінің өмірлерін зерттеп, Арқадағы ең сұлу жер – Бурабайда мезгіл –
мезгіл тынығып жатып, Көкшетау, Бурабайға байланысты аңыз - әңгімелерді
жинап, Көкшетау туралы поэмасын жазуға кіріседі. Поэманың ең алғашқы Оқ
жетпес, Ақ бура сияқты тараулары 1925 – 26 жылдары Жаңа мектеп
журналында жарияланады. Жеке тараулары кейін Еңбекші қазақ газеті мен
Жаңа әдебиет журналында да басылады. Сөйтіп, бұл поэманы толық аяқтап
жазып шығуға Сәкен бес жылдай уақытын жұмсайды. (2)
Советтік өмірдің мәнді жақтары тұлғаланып бой көрсетіп,
орнығу процесі айқын аңғарылған, бірақ түбегейлі қалыптаса қоймаған
уақытта, көрікті туған жер – Отанды жырлау қажеттігі туды. Халықтық
дастанның Болашақтағы Көкшетау дейтін екінші бөліміне негіз болған көркем
суреттер: ерен оқиғалар, алып ерліктер, қазіргі қазақ даласында зыр
жүгірген автобустар, қыран құсша шарықтаған аэропландар, жүйтки самсаған
отарбалар, қиыр шетті от басындай жақын қылатын техника жаңалықтары,
салынып жатқан жаңа қалалар келешек иесі – пионерлер большевик ақынның
замана бейнесін жасау жолындағы мұрат – мүддесіне бағынғанын аңғарамыз. Бұл
поэма Сәкеннің ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының даму процестерін
қорытындылаған шығарма. Егер алғашқы кезеңде Асау тұлпар, отарба, экспресс
айбынды қимыл, өзгеріс үстінде жасалса, қоғамдық дамуға сай социалистік
реализмнің өмір орнықтырғыш принципі айқын білінген уақытта, монументальды
Көкшетаудың дүниеге келуі әбден заңды еді.(3)
Көкшетау поэмасы жазушы творчествосында ғана емес, бүкіл
қазақ поэзиясында кезеңді шығарма болды. Поэманың нағыз халықтығы,
поэтикалық қуаты, туған жердің керемет құт мекені – Көкшетауға деген шексіз
сүйіспеншілігі шығарманың көркемдік құнын айқындайды.
Айнала қоршаған айна көлдердің ортасында көк орман
көмкерген Көкшетаудың мөлдір су айдынына түскен келбетін көз алдыңызға
елестетіңізші. Мұнда ел аузында аңыз болмаған бірде – бір көлді, шыңды
жартасты, тіпті көз тартатын елеулі шоқыны да таппайсыз. Поэма шын мәнінде
керемет таудың ғажайып керемет гауһар тасы, айна көлі жайындағы
15
халық аңыздарының сараланған поэтикалық жиынтығы десе болғандай. Поэманың
кіріспе бөлімі хош иісті гүл шоғындай тамаша жолдармен басталады.

...Талай сыр ертегіні ел айтады,
Ызыңдап таудан соққан жел айтады.
Сырласып, сыбырласып жапырақтар,
Күндіз – түн күңіренген көл айтады.

Толғанып төмен қарап шал айтады,
Таңқалып – таңырқанып бала айтады.
Тау – тасты тұнжыраған куә қылып,
От басы, қатын – қалаш бәрі айтады.

Ертегі болмаса да хатта қалған,
Аузында жешіренің қартта қалған.
Қарттардың баян қылған әңгімесін
Есіткен кейінгілер жаттап алған.

Бұл аңыздар шығарманың идеялық – көркемдік өзегі ретінде
поэманың сюжеттік құрылымына енді. (5)

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жауған жауын,
Жан – жақтан ертелі – кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен – сауын.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке – дауа, жұпар иісі –
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба ?

Осы бір тамаша көркем, әсем жыр шумақтарын оқымаған, оның
әсерлі сырын көңіліне сақтамаған оқушы аз – ақ шығар. Сәкен Сейфуллин
поэмасының кіріспе бөліміндегі осы шумақтарды күні бүгінге дейін халық
тіпті домбыраға қосып, әндетіп айтады. Бұл – ақын шығармасының халық
арасына кең тарағанының айғағы, Сәкен Сейфуллин поэзиясының халықтығының
көрінісі.
Халық ертеден – ақ өзінің арман – мұңының бесігі болған,
ерлік салт пен дәстүрге бай, табиғи сыры мол әсем жерлерді жырға қосқан,
оны мадақтаған. Мұндай жырларда жер мадақтау жалаң күйінде емес, халық
тарихының жарқын бір көріністерімен байланыстырылады. Кейде сүйіскен
жастардың сыры да, мұратына жете алмаған жас тілектер де осыған орай
айтылады. Баянаулы басынан бұлт кетпес , Баянауыл басында мұнар
16
бар, Қарақаралы басында жалғыз арша деген сияқты лирикалық жырлардың
көптеп тууы осыны дәлелдейді. Мұндай өлеңдер кезінде халық әндерінің
тексіне көп сіңісіп, ауыздан – ауызға тараған.
Қазақ даласында осындай ақын жырларына көп ілінген жерлер –
Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы. Бұл үшеуі де Арқадағы таулы, табиғаты
көрікті, Жер жаннаты атанған өлке. Халық ішінен шыққан әнші, ақын,
жыршылар осы өлкелердің көркем табиғатынан, оның сұлулық сипатына жырына
нәр, азық алады. Көкшетауда шырқалған Біржан мен Ақан әндері бүкіл қазақ
даласына тарап жатты. Баянауылда қазақтың ардагер ақыны Сұлтанмахмұт әділет
заманын іздеп, қаламынан жыр төкті. Қарқаралы да аз жырға азық болған жоқ.
Осындай жырлардың ішінен кейде ескілік еңсесін езіп, әділетсіз заманда
қуғын – сүргінді басынан көп өткізіп, күңіренген ел ерлерінің де даусын
естиміз.
Ол өлкелерге байланысты неше түрлі халық аңыздары, ертегі
сипатты әңгімелер мол. Сәкен Сейфуллин поэмасы, негізінен, Көкшетауға
байланысты осындай халық аңыздарына құрылады.
Байшыл – ұлтшыл ақындар кезінде Көкшетаудың сұлулығын, көрікті
табиғатын өздері өмір сүрген заманның феодалдық салт – санасымен, көшпелі
ел тұрмысымен, хандық дәуірдің батырлық дәстүрімен байланыстырды. Бұл
арқылы ұлтшыл ақындар өткен күннің қызықтарын тамашалап, енді ол
дәуірдің қайтып оралмайтынына күйіне күңіренеді. Ескілікті аңсау сезіміне
беріледі.
Әлеуметтік өмірде, совет үкіметі үшін күрес жолында кертартпалық
сипаттарын үнемі ашып, әшкерелеп отырған С. Сейфуллин әдебиетте де осы жат
ағымға қарсы үн қатты. Халық аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында
Арқаның көрікті жері – Көкшетауды ел тарихымен, оның ізгілік жолындағы
күрестерімен байланыстыра жырлайды.
Поэманы Көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған
ақын ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздар барлығына назар аударады.
С. Сейфуллин Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр,
Бурабай, Оқ жетпес, Жұмбақ тас туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл
аңыз әңгімелер Көкшетаудағы біраз жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы
жайын шертеді. Жеке батыр тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып
кетуімен байланысты туса, Бурабай сол көлді мекен етіп жүрген ақ бас бура
тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз әңгімелерге сын көзімен
қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға
болады. С. Сейфуллин жырлауындағы ел аузында Бурабай көлін мекендеген ақ
бас бура – ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық – жаманшылығына ортақ
жануар болып суреттеледі. Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты
болған халықтың сол малды аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы
ықтимал. Ақ бас бура ел өміріне қатысы бар
елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Оны елге білдіруге
тырысып, бақсыдай азынап тауды кезген.
Осындай ел аузындағы қасиетті бура бір күні ойда жоқта
оққа
17
ұшады. Бұл тұста ақын қазақ хандарының озбырлық қылықтарын батыл
әшкерелейді. Әсіресе халықтың қас жауы Қасым төре Абылайұлының ел
қасиеттеген, оның досы болған бураға оқ атуын ызамен жырлайды.
Қасым Абылай балаларының ішіндегі тентек, басбұзар болғаны
тарихтан белгілі. Орта жүз қазақтары өз еркімен Россияға қосылған кезде,
Қасым бөлініп, өзінің хандық монархтық дәрежесін сақтауды көздеген. Ол және
оның балалары Россияға қарсы феодалдық – монархиялық көтерілісті бастаушы
болған.
Кенесары Қасымов қозғалысының әлеуметтік негізі, - дейді
тарих ғылымының докторы, профессор Е. Бекмаханов, - феодалдардың талап –
тілегіне қысым жасала бастауымен байланысты болды. Қозғалыстың негізгі
тірегі Қасымовтар ұрпағы еді. ( Е. Бекмаханов, Присоединение Казахстана к
России. Издат. АНСССР, Москва. 1957 г. стр. 110).
Сәкен Сейфуллин пайдаланған аңыздарда Қасым бейнесі осы
тарихи шындық негізінде сақталады. Ақын оның өзін Жасынан сотқарлығы басым
төре десе, қасындағы нөкерлерін көрінгенге соқтыққан өңкей сотқар, жалақ
– жалақ еткен тенектері етіп суреттейді.

Қасым хан туғаннан – ақ қанға құмар,
Дірілдеп өлім күткен жанға құмар,
Анадан қан уыстап туған мұңдар,
Қан ұрттап жүрсе ғана көңілі тынар.

Қасымның ақ бас бураны атуы арқылы автор қанқұмар ханның
халыққа қарсылығын тағы бір аңдатады. Оның халықтың киелі тұтатын,
қадірлейтін бурасын атуы – осының дәлелі. Екінші жағынан, аңыз Қасым
тұқымының тозуы халық қарғысынан деп түсіндіреді. Ақын бұл арқылы халықтың
ханға деген көзқарасын танытады. Ал атылған ақ бас бура мәңгі тас болып
қатып, шөгіп қалған. Бурабай жөніндегі аңыздың қорытындысы осы.
Оқжетпес, Жұмбақтас аңыздары – С. Сейфуллин поэмасының
негізгі тараулары. Ақын сол дәуірдің шындығын, ондағы таптық қарым –
қатынастарды, ұнамды – ұнамсыз адамдар образдарын да осы тарауларда ашады.
Бұл аңыздардың негізі – қазақ пен қалмақтар арасындағы ерте кездегі
жауласушылықтың оқиғалары болып табылады. Қазақ ханы Абылайдың қалмақты
жаулауын көрсететін бір эпизодты баяндай отырып, автор сол арқылы хандар
ісіне халықтық тұрғыдан баға береді.
Поэманы оқып отырғанда, автордың жазып отырған обьектісін
терең білетінін және оның әрбір көрінісін ақынша сезініп, суреттей алатынын
мойындайсың. Ол фольклорлық материалдарды сын көзімен қарап пайдалана
отырып, оларды жалаң баяндамайды. Оны Көкшенің көрікті табиғатының шебер
жасалған суреттерімен араластыра отырады.

Сүп – сүйір бейне найза шың, құз биік,
18
Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп,
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсер тұрған киіп.

Бұл – Оқжетпес суреті. Ақын оны таусылмайтын мәңгілік ой
ойлап тұрған кейіпте көреді. Осыдан кейін шыңның Оқжетпес атануы тарихын
әңгімелейді.
Бұл тарих Абылай ханның өз есімімен байланысты. Ақын Абылай
атына қатысы бар материалдарды көп зерттеп, көп тексергенге ұқсайды. Бірақ
одан мақтарлық мінез – құлық таба алмайды. Қайта ол ханның ел тонаушылық
пен қанды жол , қатыгездігін айтып, әшкерелейді. Оны ел шапқыш хан Абылай
деп атайды.
Көкшетауды жырлаумен бірге Абылай хан тұқымының ел
шапқыштығын ерлік деп мадақтаған ұлтшыл – байшыл, ескішіл ақындарға қарсы
С. Сейфуллин :

Біреулер батыр мен би, ханды мақтап,
Бұрынғы надан шірік заңды мақтап,
Сарнайды, жыр қылады сөзін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Қазақ әдебиеті - күні бүгінге дейін халықтың ауыз әдебиетімен біте қайнасып дамыған әдебиет
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Қазақтың қайсар Үш Арысы
Пәндер