ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ(1858-1931) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ(1858-1931) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРЫ

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде казақтың коғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Қүдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші, өз бетімен ғылыми-білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. .

Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылыктарына қарай әлеуметтік, экономикалық қайшылык, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, казақ даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен, орталықта революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге кұлшына араласып, Шокан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстурін әрмен карай жалғастырды.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, ұлы Абайдың ізін қуушы, оның немере інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалсада атасы Құнанбайдын ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті. Жастайынан енер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға күмар болып, он бестен былай қарай ез бетімен ғылым жолына ойысып, білім өрісін кеңейтеді. Бірнеше тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс т. б. ) меңгеріп, төл шығарм алар жазумен қатар, басқа халықтардың, рухани байлығына бойлайды, олардың кейбірін казақ тіліне аударады. Ол Географиялық орыс қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей белімшесіне мүше болады. 1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралады, жолда Стамбул кітапханаларындағы рухани асыл мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу, жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша әлсіз жерге барып мекендейді. Сол жылдары оньщ қаламынан көптеген төл енб ктер туындайды. Солардьщ бірі «Түрік, қырғыз, казак һәм хандар шежіре-сі» атты шығарма (1911) . 1912 жылы «Казақ айнасы»

(бірінші: бөлім), ертеректе жазылған «Қалқаман - Мамыр» мен «Еңлік Кебек» поэмалары жек кітап болып жарық көреді (1912) . Осы жылдары «Toм ағайдын балағанын» Л. Н Талстойдың кысқа әңгімелсрін қазақ тіліне аударады. Шәкәрім көптеген философиялық, психологиялық (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Қазан төңкерісі әкелген жаңалықтар мен дүрілдей келген өзгерістер, бірі киpaп, бірі түзіліс тауып жатқан құбылыстар аясында Шәкәрім белгілі себептермен әр түрлі кезқарастар ықпалында бола тұрса да негізінен үстазы Абай салған гуманистік, демократиялық, ағартушылық көзқарасқа, өркениет жолында қызмет ету мақсатына берілгендік, бекемдік танытты. Кеңес дәуірінде де оның жекелеген шығармалары жарық көрді. Мәселен, «Абай» журналында «Хафизден аударма» және Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасынан еркін аударған нұсқасы (ол «Шолпан» журналының. 1922-23 жылғы 2-8-сандарын-да жарияланған) кейіннен Сәкен Сейфуллиннің, алғы сөзімен Алматыда 1935 жылы жеке кітап болып басылып шықты.

Ұзақ жылдық үзілістен кейін 1959 жылы «Қазақ әдебиетінде» және 1978 жылы Ленинградта орыс тілінде шыққан «Қазақ ақындары» атты жинақта Шәкәрімнің бір том өлендері жарық көрді. Шәкәрімнің ақындык, аудармашылық еңбектері мен тарих шежіресін жасаудағы игі істері жайында соңғы жылдары газет-журнал бет-терінде көптеген мақалалар жазылып, шығармаларының толық жинағы 1988 жылы «Жазушы», «Жалын» баспа-ларынан шықты. Алайда әлде де болса Шәкәрім жайында қомақты ғылыми еңбектер жоқ. Әсіресе, оның психологиялық, - педагогикалық кезқарастарын арнайы зерттеп сөз етуді қажет ететін тың тақырып.

Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран түтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді: .

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлык,

Білім, әдет, акылды ойға аларлық. Надандықтан еліріп босқа жүрсек, Мына заман көрсетер бізге тарлық . . . Асыл сол - ақыл, білім бойда барлық, Айла, өтірік, арсыздық өнер емес. Мен де анаудай болсам деп таласарлық, -

деп оларға катарыңнан қалма, өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулыктан, жамандьіқтан қаш, өнегелі өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу окып, білім ал, талаптанып, талпын, бойындағы өнерің мен бі-ліміңді ел қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздың, адалдық пен арсыздың ара жігін былай ашып көрсетеді:

Ақылды сол - ынсап пен ар сақтайды, Арсыз сол - адамдықпен жан сактайды. Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды, -

деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп, үлкендер айтқан ақылды қабыл алып, ар тазалығы үшін күресуді, өтірік-өсек, ұрлық жолы адамгершіліктен аздыратындығын, қу-сұм болма, өзгеден айлаңды асыр, азғырушылардың «ақыл-кеңесін» алсаң оңбайсьщ, қор болып азып-тозып адамдык калыптан айрыласын, дей келе:

«Өнер кылма ар сатып, жалданбақты, Ұлық болып, елді жеп малданбакты. Біреуді жеп, біреуді табамыз деп, Қашан жақсы көруші-ек алданбақты. Өлсең де ондай сөзге күлақ салма, Ардан күсіп, ақылдан қүры калма, Әкең түгіл, арғы атаң айтса-дағы Білімі жоқ наданның тілін алма!»

Залымдықпен санға кірмейсің, кісі акысын жеген адамньщ ісі не құдайға, ңе адамға жақпайды, «ажал оғы бір күні-ақ оған да тиеді», обал бар жерде сауап бар, қу-сұм атану, алдап-арбау, кісі ақысын жеумен ұзақка бармайсын, «арамдық пен жамандық көрінбей қалмайды», «Шөлмек мың күнде емес, бір күнде сынады» дегендей, ондайлар қақпанға өзі-ақ келіп түседі деп акыл-гей ағасы Абайға ұқсап-әділет жолын сілтеген еді. Шәкәрім жүрегі егіліп, жастарға жаны ашып, жігерленсін, оң-солды білсін деп ашына жазады. Бірақ ол кездері ақылшы ағаньщ ақылын ұғайын деген талап қылып талпынған қазақты не жастан, не үлкендерден көрмегеніне налиды. «Күнде жау боп, күрілдеп жұлынады.

Тек отырган бір жан жок, кұдайым деп,

алты бақан алауыздықты, пәле-жаланы, дау-шарды қуып елдің береке-бірліктен кетуі неге әкеп соғар екен» деп қапаланады.

Ақынның жастарға үсынған адамгершілік жолы - адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екі жол кісіні қиындықтан құтқарады, надандықтан арылтады, адамгершілік тезге салады. Осыған орай, ақын жастарға арнап:

Байладым белді бекем буайын деп,

Жүректі адалдықпен жуайын деп.

Талпынған мақсат іздеп мақұрым қалмас, Адамдық ғылым жолын куайын деп

ойын түйіндейді. Шәкәрім осы ойды «Арман» атты өлеңінде әрмен қарай жалғастырып, адам дүниеге келген күннен, көз жұмып о дүниеге аттанғанға дейін алдына мақсат қойып, соған жетсем екен деп арман-тілекпен ғұмыр өткізгені абзал дейді. Арман алға жетектейді, «мақсатсыз өмір тұл», арманның үлкені бар, бай да, кедей де, хан да, қара да, үлкен де, бала да, еркек те, әйел де арманмен өмірін өксіп өткізеді. Арман деген қусаң жеткізбес сағым сияқты, арман біткен күні өмір де бітеді дегендей үлкен пәлсапалық толғаныс жасап, тағы да былайша тебіренеді:

Бағаласам, адамның бәрі арманда,

Санай берсем, табылар сан арман да.

Өзі білмес, білгеннің тілін алмас,

Анық ойлап қарасам, әне, арман да,

нағыз сорлылық «білгеннің тілін, ақыл-кеңесін алмау» - деп ойын тұжырымдайды.

Ақын жастарға ғибрат алуға ылғида ақылмен ойлап іс кылуға, құлқынның құлы болмай, «адамдық борыш - ар үшін қызмет етуде» «жаным арымның садағасы», . . . Мал да аяулы, жан да аяулы болса, жаның үшін малыңды сат! Ал жан да аяулы, жар да аяулы болса жар үшін жаныңды қүрбан ет!» - дейді.

Адалдық пен адамдык борышым деп сана, дүниедегі не сүмдықтың бәрі араны ашылған қу нәпсіден, тойымсыздықтан туады, Абай айтқандай, «адамның адал ұлы болам десең, алдыменен өзіңнің нәпсіңді ти, оны жең», «нәпсіге еріп болма мат» «бақ келсе аспа, cop келсе қашпа», «киянат кылма адамға, таза еңбек ет қоғамға, бүгінгі ар билейтін заманда», «адалдың арқаны үзын», «адал жан өлмек емес ешқашанда» дегендей терең тұжырым жасайды.

Шәкәрім өзінің осы идеясын «Дүние мен өмір» деген өлеңінде де тереңдете түседі. Ол жастарға байлық, кедейлік, қулық, сұмдық, алдамшылық, жақсылық, жамандықтың «бәрі де құдай ісі», - деп өз бойындағы мініңді қудайға жауып күнәдан пәк болғың келеді, «дүние

алдамшы, өмір қу» дейсің, бойыңды мініңді біреуден көрмей, өз бойыңнан ізде «тумақ, өлмек, қартаймақ» табиғи құбылыс; «себепсіз нәрсе жаралмақ емес, дүние сырын ұғу, мінездегі мінді түзеу өзіңе байланысты, ол

үшін талаптан, талпын, адал еңбек ет, өз мініңді өзің көріп түзете біл дейді:

«Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,

Дүние - алдамшы, өмір қу деп елерме.

Қамдан, сақтан, қағып бақ бәле келсе,

Бәрін кұдай қылды дегенге ерме», -

деп ұлы Абай көтерген ғылыми пәлсапалық ойды жалғастырып, оны поэзия тілімен өзінше өрнектейді. Ол «Міндеу мен күндеу» деген өлеңінде жастарға тағы да былайша ой тастайды: бұрынғы ғүламалар көп мұра, өсиет қалдырды, сол байлықты оқып, үға білсең өміріңе жетер таусылмас рухани азық. Олар айтқан әрбір ақыл-нақылды ой елегінен өткіз, соған қарап, өз мініңді түзе, ақыл біткенді талғаусыз-тандаусыз ала бермей ой сарабына сал» дейді:

Тегіс тексер, сөз көрсек сыр мен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мінін.

Әдеп сақта жалғыз-ақ қате айтты деп

Былшылдапты дей көрме білсең шынын, -

деп әдептен озба, сабырлылық, салмақтылык қасиетіңді сакта, өмірдегі байлық пен бақыт еңбекпен келеді, тек талаптанып, талпынсаң, ерінбей еңбек етсең ғана ол сенің қолыңа өзі келіп қонады дегенді айтады.

Ерінбесең еңбекке дәулет дайын,

Жараткан жоқ жатсын деп бір құдайың.

Ойласын деп ой берді, көруге көз,

Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.

Ылғида біреуге телміріп, көзіңді сатып өмір өткізбей теріңді төк, адалдан мал жи, Абай айтқандай, «егіннің, ебін, сауданың тегін үйрен», «қолөнерін кәсіп қыл, мал жұтайды, өнер жүтамайды, ол үрім-бұтағыңа өмірлік азық болады» дейді.

Егін сал, не сауда кыл, малыңды бақ,

Білім білмек - әр іске шебер. болмақ.

Қолөнерден пайда қыл үйреніп-ак

Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хак.

Қолөнер - өзің өлсен бірге өледі,

Сондағы қалғандар үйренеді.

Сен кетсең де өнерің елде қалып

Талай жанға азық пен мал береді.

Ақын «Өкінішті өмір» атты өлеңінде ел ішінде мақтан сүйіп, дау қуып партияласумен жұрттың шырқын бұзып жүрген жандарды өткір мысқыл, ашы тілмен шаншып «ез, еріншек, корғалак, шабан болсаи, не мактаншақ, дарақы, надан болсаң қайда барып оңасың, сенін хайуаннан қай жерін, артық» деп, мінеп-шенейді. «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы-өнер мен білімде ғана, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, сол кенді жас күнінде үйреніп, игеріп бақ дей келе:

Онан да өнер үйрен тек жүрсең де,

Акы алмай, тамақ кана жеп жүрсең де.

Өнер білсек - он күнде жүзді аласын,

Басында пайда алмай-ақ көп жүрсен де . . .

Жастарым, кұмар болма көрінгенге

Жас күнде бойды үйретпе ерінгенге.

Ғылым тап жас күнінде буын қатпай,

Басында байқамассың дәмін татпай.

Менің көрген жәйімді сендер білсең,

Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай, -

деп, өмірін жастарға үлгі-өнеге етіп, ғылым жолының аса қиындығын, жасында еркелікпен өмірді еткізіп алып, есейе келе оны іздеп, бүкіл дүниені шарлап, өмір азабын кешуіне ағасы Абай сияқты өкінішін білдіреді. Ақын тіпті елуге аяқ басқан шағының өзінде де ғылым-білім жолын қуудан жалықпай, ұзақ жол азабын шегіп; 1905 - 1906 жылдары дүние жүзі ойшылдарының еңбектерін оқуға Меккеге, одан Стамбул кітапханасына барып кайтуы, онан келе жатып «Ясная полянадағы» орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың қора-жайың барып көріп, онымен дидарласуы, Салтыков пен Толстойды, Гоголь мен Пушкинді, Лермонтов пен Некрасовты бүкіл казақ жұртына «пайғамбар» етіп үсынуы оның нағыз гуманист, демократ, ағартушы екеніне айқын айғақ.

Психологиялық көзқарастары. Ш. Қүдайбердиевтің педагогикалық пікірлері әр кезде жол-жөнекей сөз еткен адамның жан сырьт, психологиясы туралы айтқандары-мен орайласып жатады. Мәселен, ақынның психология-ға байланысты көзқарасын «Анық пен танық», «Қазак айнасы», «Мұсылмандық шарттар т. б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларды ғұлама адамдарға сырты дүниенің, қоршаған табиғаттың жүмбақ сырын ұқ, танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратьңа, қажетіңе жарат, бұл үщін жаратқан адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану - бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасады.

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мүрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әрі істі сол тексермек.

Ми қызметі адамнын, сезім мүшелеріні, әрекеті арқылы іске асады, ойға алған істі жүзеге асыруы, адамның әділетті, әділетсіз болуы, ізгілікті кууы немесе жауыздық жолға түсуі ақыл мен жүректің ісі, сондықтан әр нәрсені сарапқа салып, байыбына барып, терен ойлап, топшылап ақылмен іс қылу адамдықтьщ басты парызы дейді. Шәкәрім өзінің пәлсапалық сыпаттағы ой-пікірлерін әрмен қарай жалғастырып: жер жүзінде неше түрлі халық бар, олардың бәр-бәрі де жаратылыстың ішкі сырын үғып білуге ынтық, бірі «дүниені жаратушы тәңірі - күн» тіршілік күн нұрынан жаралды десе, енді бірі -«күдай жок» деп жар салады, үшіншісі көп қүдайға табынса, төртіншісі міне қүдай деп суретке табынып, ойын он саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын білуге үмтылушылық, «нағыз тәңірі жолы - қиянатсыз ақ жүрекпен адал еңбек ету», - деп ой түйіндейді. Ақын «Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, өлу, сондай- ақ өлген жанның топырақка, өсімдікке нәр болып тіршілікке қайта айналып келуі табиғи қүбылыс, бар зат мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды, тек заттың, қүбылыстың түрі ғана езгереді, жан мен тәннің байланысы:

Тіпті кетпес, еш жоғалып, Түрлі жанда дене түрлеп,

Байқасаныз барша жан. Өзгеріп түр бүл ғалам.

Тағы дене тауып алып, Жоғалатын нәрсе жоқ деп,

Тағы еседі қайтадан. Айтты ғылым байқаған, -

деп, тіршіліктің негізін ғылыми көзқарас тұрғыдан дәлелдегісі келеді.

Ш. Құдайбердіүлы адамның жан дүниесінің дамып, қалыптасу жолын эволюциялық (тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп дамуы) түрғыдан түсіндіреді. Осы айтқанымызға оның төмендегі пікірлері жақсы дәлел: «Жәндіктен адам жаралғйн . . . Айуаннан өсіп, болдық адам, -дейді ол. Сірә, ойшыл ақын ағылшыы табиғат зерттеушісі Ч. Дарвннңің ілімімен жаксы таныс болса керек. Ол сондай-ақ жанның сан алуан түрлері болатындығын, кандай жан болса да (жануар, адам) денемен, тәнмен байланысты болатындығын айтады. («Табиған неше түрлі жан жаратты, жан тенге, ақыл жанға матаулы тұр») .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердиев - өмірі мен қызметі
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы. Шәкәрім - Абайдың бауыры
Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде
Қазақ педагогтары
Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz