Компьютердің классификациясы



1 Критерийлермен компьютерлер классификациясы
2. Кезеңдері қарай классификаця негізі
3. Қысқаша тарихи анықтама
4. Бірінші кезең компьютерлері
5. Екінші кезең компьютерлері
классификацияланады?
Компьютерлік техниканың бірнеше классификациясы бар:
• даму этабы бойынша (кезеңдері бойынша);
• архитектурасы бойынша;
• шығарылуы бойынша;
• эксплуатация талаптары бойынша;
• процессорлардың саны бойынша;
• пайдалану қасиеттері бойынша және т.б.
Компьютердің класстарының арасында анық шекара болмайды. Құрылымдары мен технологияларын шығаруда, компьютерлердің жаңа кластары пайда болады және кластар арасында шекара өзгереді.

3.2. Кезеңдері бойынша классификацисы неге негізделген?
Компьютерлік техниканы кезеңдерге бөлу — бұл келісілген, есептеу жүйелердің аппараттық және программалық жабдықтарының даму дәрежелерінің классификациясы және де компьютермен қарым-қатынас жасау тәсілдері.
Компьютерлік технологияның дамуының қысқаша тарихында көптеген жаңалықтар жасалынып келуінің барысында машиналарды кезеңдер бойынша бөлу пайда болды. Олар электрондық базалар (лампа, транзисторлар, микросхемалар және т.б.), құрылымы өзгерді, қолданылуы жағынан жаңа мүмкіндектері пайда болды.

3-ші тарау. Компьютердің классификациясы 

3.1. Қандай критерийлермен компьютерлер классификацияланады?

Компьютерлік техниканың бірнеше классификациясы бар:
• даму этабы бойынша (кезеңдері бойынша);
• архитектурасы бойынша;
• шығарылуы бойынша;
• эксплуатация талаптары бойынша;
• процессорлардың саны бойынша;
• пайдалану қасиеттері бойынша және т.б.
Компьютердің класстарының арасында анық шекара болмайды. Құрылымдары мен
технологияларын шығаруда, компьютерлердің жаңа кластары пайда болады және
кластар арасында шекара өзгереді.
 

3.2. Кезеңдері бойынша классификацисы неге негізделген?

Компьютерлік техниканы кезеңдерге бөлу — бұл келісілген, есептеу
жүйелердің аппараттық және программалық жабдықтарының даму дәрежелерінің
классификациясы және де компьютермен қарым-қатынас жасау тәсілдері.
Компьютерлік технологияның дамуының қысқаша тарихында көптеген
жаңалықтар жасалынып келуінің барысында машиналарды кезеңдер бойынша бөлу
пайда болды. Олар электрондық базалар (лампа, транзисторлар, микросхемалар
және т.б.), құрылымы өзгерді, қолданылуы жағынан жаңа мүмкіндектері пайда
болды.

3.3. Қысқаша тарихи анықтама

Есептеу құрылғыларының тарихы бірнеше ғасырлар бойы шығарылып келеді.
Төменде осы тарихтағы негізгі кейбір оқиғалар, шыққан күндері мен ойлап
табушылардың аттары көрсетілген.
Б.э. 500 ж. шамамен. (абака) есептеуіштерін ойлап табу — стерженьдерге
жалғанған сүйектерден құралған құрылғы.
1614 ж. Шотландтық Джон Непер логарифмдерді ойлап тапты. Көп ұзамай
Р. Биссакар логарифмдік сызғышты шығарды.

 

Блез Паскаль
1642 ж. Француз ғалымы Блез Паскаль дөңгелектердің және тісті
рейкалардан құралған арифметикалық машинаны ойлап табуға көшті. Ол
қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алатын және сандарды есте
сақтай алатын мүмкіндігі болды.

          Перфокарта
1804 ж. Француз инженері Жаккар перфокарты - күрделі оюларды шағара
алатын автоматты тоқыма станоктарын басқаратын құрылғы.
1834 ж. Ағылшын ғалымы Чарльз Бэббидж "аналитикалық" машинаның жобасын
ойлап шығарды, оған мына құрылғылар кірді: мәліметтерді енгізу және шығару
құрылғылары, сандарды сақтау үшін есте сақтау құрылғылары, арифметикалық
амалдарды орындайтын құрылғы және машинаның іс-әрекетін басқаратын
құрылғы. Командалар перфокарт көмегімен енгізілді. Бірақ бұл жоба іске
аспады.
1876 ж. Ағылшын инженері Александер Белл телефонды ойлап тапты.
1890 ж. Амарикан инженері Герман Холлерит статистикалық табуляторды
шығарды, бұл перфокартаға енгізілген мәліметтер, электрлік тоқпенен
шифрланды. Табулятор АҚШ халқының санағын жүргізгендегі нәтижесін
есептегенде қолданылды.
1892 ж. Амарикан инженері У. Барроуз бірінші космостық қосатын
құрылғыны ойлап тапты.
1897 ж. Ағылшын физигі Дж. Томсон электронды-сәулелі трубкуаны
құрастырып шығарды.
1901 г. Итальян физигі Гульельмо Маркони Европа мен Америка арасында
радиобайланыспен байланыстырды.
1904—1906 ж.ж. Электронды диод пен триод құрастырылды.
1930 ж. Массачусет технологиялық институтының профессоры (МТИ) Ванневар
Буш дифференциалды анализаторды жасады, осы құрылғымен компьютерлік
ғасырдың бастамасы байланыстыруға болады. Бұл күрделі дифференциалды
теңдеулерді шешетін алғашқы машина болды. Және де жылжып бара жатқан
объектілердің теңдеулерін алдын ала шешіп отырды, мысалы, гравитациялық
өріс.

        Алан Тьюринг
 
 
1936 ж. Ағылшын математигі Алан Тьюринг және Э. Пост абстрактылы
есептеу машинасының концепциясын ойлап тауып, оны құрастырды. Алгоритм
мүмкіндігінің шартына байланысты оның кез келген мәселелерін автоматпен
шешуге болатын мүмкіндіктерінің принциптерін дәлелдеп берді.
1938ж. Неміс инженері Конрад Цузе ең алғаш таза механикалық компьютерді
құрастырды.

     Конрад Цузе
1939 ж. Болгар тегінен шыққан американ профессор физигі Джон Атанасофф
екілік элементпен жұмыс жасайтын есептеу машинасын ойлап тапты.

       Компьютер "Марк—1"
1941 ж. Конрад Цузе электромеханикалық элементпен жұмыс жасайтын алғашқы
әмбебап машинасын ойлап тапты. Ол екілік сандармен жұмыс жасады және
сандарды жылжымалы үтір ретінде қабылдады.
1944 ж. Американдық математик Говарда Айкена басқаруымен "Марк—1"
программалық басқарылатын автоматты есептеу машинасы ойлап табылды. Ол
электромеханикалық реле көмегімен тұрғызылды, ал мәліметтерді түрлендіру
программасы перфолентамен енгізілді.

Джон фон Нейман
 
 
1945 ж. Джон фон Нейман "Эдвак машинасы туралы алдын ала баяндама"
есебінде жаңа компьютерлердің компоненттері мен жұмыстарының негізгі
принциптерін атап өтті.
 

                Компьютер "Эниак", 1946 г.

 
1946 ж. Американдықтар Дж. Эккерт и Дж. Моучли "Эниак" (Electronic
Numerical Integrator and Computer) деген алғашқы электронды цифорлық
компьютерді құрастырып шығарды. Машинаның 20 мыңдаған электронды лампасы
мен 1,5 мың релесі болды. Ол "Марк—1" –ге қарағанда мыңдаған есе жылдам
жұмыс жасады, секундына 300 көбейтулер немесе 5000 қосуларды орындады.
 
 

Транзистор
 
1948 ж. Bell Laboratories американдық фирманың физиктері Уильям Шокли,
Уолтер Браттейн және Джон Бардин транзисторді шығарды. Осы еңбектері үшін
оларға Нобель сыйлығы ұсынылды.
1948 ж. Норберт Винер (Norbert Wiener) "Кибернетика" кітабын жазды, ол
кейінгі ойлау қабілет облысындағы еңбектерге әсерін тигізді.
1949 ж. Англияда Мориса Уилкса-тың басқарылуымен әлемдегі ең бірінші
жадысында EDSAC программасы сақталынған компьютер ойлап табылды.
1951 ж. Киевте алғаш рет Европада МЭСМ компьютері (малая электронная
счетная машина) құрастырылды, оның 600 электронды лампасы болды.
Құрастырушы С.А. Лебедев.
1951—1955 жж. Ресей ғалымдарының қызметтерінің көмегімен С.А. Лебедева,
М.В. Келдыша, М.А. Лаврентьева, И.С. Брука, М.А. Карцева, Б.И. Рамеева,
В.С. Антонова, А.Н. Невского, Б.И. Буркова және олар басқаратын
коллективтер Советтік Кеңесте есептеу техникасындағы лидерлердің бірі
болды, олар аз уақыт аралығында Космос зерттеулеріндегі және ядерлық
энергияның саласындағы маңызды ғылыми-техникалық мәселелерін шеше білді.
1952 ж. С.А. Лебедева-тің басқарылуымен Москвада БЭСМ—1 (большая
электронная счетная машина) компьютері шығарылды — сол кездегі Европадағы
және әлемдегі ең жақсы машиналардың бірі болды.
1953 ж. Джей Форрестер магниттік жүрекшелердегі оперативті жадысын
(сore memory) шығарды, олар компьютерлер бағасын түсіріп, жылдам жұмыс
жасауларын көбейтті. 70-ші жылдар басында магниттік жүрекшелердегі
оперативті жады кеңінен қолданылды. Оның орнына кейіннен жартылай
өткізгішті элементті жадылар келді.
1955—1959 жж. Ресей ғалымдары А.А. Ляпунов, С.С. Камынин, Э.З.
Любимский, А.П. Ершов, Л.Н. Королев, В.М. Курочкин, М.Р. Шура-Бура және
т.б. "программалау программаларын" құрды. В.В. Мартынюк символды кодтау
жүйесін құрды.
1955—1959 жж. Программалау теориясының (А.А. Ляпунов, Ю.И. Янов, А.А.
Марков, Л.А. Калужин) және сандық әдістердің фундаменттері қаланды. (В.М.
Глушков, А.А. Самарский, А.Н. Тихонов).

Джон Бэкус
 
 

        Интегральная схема
1958 ж. Джек Килби Texas Instruments фирмасынан бірінші интегралды
схеманы құрды.
1957 ж. Фортран тілі туралы ең алғашқы хабарлама (Джон Бэкус) шықты.
1957 ж. NCR американ фирмасы бірінші болып транзистормен жұмыс жасайтын
компьютерді ойлап шығарды.
1959ж. С.А. Лебедев-тің басқарылуымен секундына 10 мың операцияны
орындайтын БЭСМ—2 машинасы шығарылды. Оның қолданылуымен бірінші рет
жасанды Жер серігі мен космостық ракетаны ұшырудың есебімен байланысты

     С.А. Лебедев
1959 ж. М—20 машинасы жасалынды, негізгі құрастырушысы С.А. Лебедев. Өз
уақытында дүние жүзінде жылдам істейтін (секундына 20 мың). М—20 осы
машинаға негізделіп, өз уақытында дүние жүзінде жылдам істейтін
(секундына 40 мың) М—40 микропроцессорлық машина шықты. М—20 орнына
жартылай өткізгішті БЭСМ—4 мен М—220 (200 мың с.опер.) келді.
1959 ж. Алгол тілі туралы бірінші хабарлама, программалау тілдері
облысында көп уақытқа дейін тұрақты болды.
1961 ж. IBM Deutschland фирмасы компьютерді модем көмегімен телефон
желісіне қосылуды жүзеге асырды.
1964 ж. IBM360 үшінші кезеңгі машиналары шағарылды.
1965 ж. Дж. Кемени мен Т. Курц Дортмунд колледжі (АҚШ) Бейсик
программалау тілін ойлап тапты.

                          БЭСМ—6
1965 ж. Сеймур Пейперт (Seymour Papert)— балалар үшін арналған
компьютерлік тіл LOGO-ны ойлап тапты.
1967 ж. С.А. Лебедев-тің ұйымдастырылуымен есептеу техникасында дүние
жүзіндегі ең жылдам жұмыс жасайтын— миллионник БЭСМ—6 машинасы шықты. Оның
артынан ЭЕМ-нің жаңа типі - "Эльбрус", 10 млн. с.опер. орындайды..
 

     Никлаус Вирт
 
 
1968 ж. Intel фирмасы құрылды, болашақта микропроцессорларды жасайтын
және басқа компьютерлерге интегралды схеманы жасайтын ең ірі лидерлердің
бірі болды.
1970 ж. Швейцар ғалымы Никлаус Вирт Паскаль тілін жасады.
1971ж. Эдвард Хофф 2250 транзисторлардан құралған Intel—4004
микропроцессорларын шығарды.
1971ж. Француз оқымыстысы Алан Колмари Пролог (PROgramming in LOGic)
логикалық программалау тілін ойлап тапты.

     Деннис Ритчи
1972 ж. Bell Laboratories фирмасынан Деннис Ритчи Си тілін ойлап
шығарды.
1973 ж. Кен Томпсон мен Деннис Ритчи UNIX операциялық жүйесін ойлап
шығарды.
1973 ж. IBM (International Business Machines Corporation) фирмасы
"винчестер" типтес бірінші қатты дискті құрастырды.
1974 ж. Intel фирмасы 4500 транзисторлы алғашқы әмбебап сегізразрядты
8080 микропроцессорларын құрастырды.

        Альтаир
1974 ж. АҚШ-тің жас офицері Эдвард Робертс, инженер, 8080 процессордың
негізінде Альтаир микрокомпьютерін құрастырды.
 

   Билл Гейтс
   и Пол Аллен
1975 ж. Жас программист Пол Аллен және Гарвард университетінің студенті
Билл Гейтс Альтаираға арнап Бейсик тілін жасады. Нәтижесінде Майкрософт
(Microsoft) фирмасын құрды, қазіргі уақытта ол программалық қамтамасыз
етудегі ең ірі фирма болып табылады.
1975 ж. IBM лазерлік принтерді сата бастады.

                        Apple—1
1976 ж. Студенттер Стив Возняк және Стив Джобс, Apple корпорациясының
бастамасын құрып, Apple—1 компьютерін құрастырды.

Стивен Джобс и
Стефан Возняк
1978 ж. Intel фирмасы 8086 микропроцессорын шығарды.
1979 ж. Intel фирмасы 8088 микропроцессорларын шығарды.
1979 ж. SoftWare Arts фирмасы дербес компьютерлерге арнап бірінші
қызметтік VisiCalc (Visible Calculator) программалар пакетін шығара
бастады.
1980 ж. Control Data корпорациясы Cyber (Сайбер) 205 суперкомпьютерлерді
жасап шығарды.
1980 ж. Sharp, Sanyo, Panasonic, Casio жапондық компаниясы мен Tandy АҚШ
фирмасы базарға алғашқы қалталы компьютерді шығарды, олар үлкен
компьютерлердің барлық мүмкіндіктерін жасай алды.
1981 ж. IBM фирмасы 8088 микропроцессор негізінде жасалынған алғашқы
IBM PC дербес компьютерді шығарды.
1982 ж. Intel фирмасы 80286 микропроцессорын шығарды, олар 134 000
транзистордан құралған және барлық жазылған программаларды орындай алды.
Осы программалық қасиет әлі күнге дейін Intel фирмасының ерекшеліктерінің
бірі болып табылады
1982 ж. Митч Капор (Mitch Kapor) Lotus 1—2—3 жүйесін ұсынды, ол Visicalc-
пен бәскелестік кезінде жеңіп шықты.

                        Lisa
1983 ж. я Apple Computers корпорациясы Lisa дербес компьютерін жасады —
бұл алғашқы тышқанмен басқарылатын кеңселік компьютер.
1983 ж. Иілгіш дисктер мәліметтерді тұрақты тасмалдайтын құрал болды.

Андерс Хейльсберг
1983 ж. Borland фирмасындағы Андерсом Хейльсбергом (Anders Hejlsberg)
құрастырушысы көмегімен Turbo Pascal компиляторы сатыла бастады.
1984 ж. Laptop типтес алғашқы компьютер шығарылды, мұнда жүйелік блок
дисплеймен және пернетақтамен бір блокқа біріктірілген.
1984 ж. Sony мен Phillips фирмасы мәліметтерді CD-ROM компакт
дискілеріне жаза бастады.

            Macintosh
1984 ж. Apple Computer корпорациясы 32 разрядпен жұмыс істейтін Motorola
68000 процессорлы Macintosh компьютерін шығарды — сол кездегі MS-DOS-пен
жұмыс істейтін дербес компьютерлер сияқты қолданылушыларға ыңғайлы
операциялық жүйесімен жұмыс жасайтын, жетілдірілген графикалық
мүмкіндіктері бар. Білім беру мен баспа жұмысы саласында кеңінен
қолданылды.
1984 ж. FIDO коммерциялық желі емес компьютерлік желісі пайда болды.
Оның құрастырушылары Том Дженнингс пен Джон Мэдил. 1995 жылы 3 млн.
адамдарды біріктіретін осы желінің 20 мыңдай торабы саналды.
1985 ж. Intel фирмасы 80386 микропроцессоран жасады, онда 275000
транзисторлары бар. Бұл 32-разрядты "көпмәнді" процессор бір уақытта
бірнеше программаларды орындайтын мүмкіндігі бар.
1985 ж. Бьярн Страуструп объектілі-жобалау С++ тілінің жобасын ұсынды.
1989 ж. Poquet Computers Corporation американ фирмасы Subnotebook —
Pocket PC класының жаңа компьютерін ұсынды.
1989 ж. Тим Бернерсом-Ли HTML (HyperText Markup Language) гипертеекстік
тілін ұсынды, World Wide Web гипертекстік жүйесінің бір құрамы ретінде.
1989 ж. Intel фирмасы Intel 486 DX микропроцессорларын жасады. Intel
486 микропроцессоры бірінші болып математикалық сопроцессорларымен
құрастырылған, амалдарды ол мәліметтерді өңдеу жұмыстарын тездетті,
орталық процессорлар орнындайтын күрделі математикалық амалдарды орындай
алды. Транзистрлардың саны — 1,2 млн.
Microsoft корпорациясы MS Windows 3.0 графикалық үлгіні құрды.
1990 ж. "Эльбрус 3.1" векторлы-конвейерлік супер ЭЕМ шығарды және оны
пайдалануға жіберді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты сақтау негіздері. Антивирустық программалармен жұмыс
Компьютерлік желілер туралы ақпарат
Есептеу жүйесі туралы ақпарат
Антивирустық бағдарламалармен жұмыс
Вирус және оларға қарсы күрес
Есептеу жүйесі. ДК архитектурасы
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
ЕК бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық құралдары
Информатикадан практикалық жұмыстар
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Пәндер