Анықтау органдары


ЖОСПАР.

КІРІСПЕ. . …. . …. . ………3

I ТАРАУ. АНЫҚТАУ ОРГАНДАРЫ. . 5

  1. Анықтау органдарының құзыреті. . …. ……. 16
  2. Анықтау органның бастығының құзіреті. . ……. ……. 21
  3. Анықтаушының өкілеттігі. ……. . ……. 28

II ТАРАУ. АНЫҚТАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . 37

2. 1 Алдынала тергеу міндетті істер бойынша анықтау . . . … . . . …. . 39

2. 2 Алдынала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау. . … . . . 40

III ТАРАУ. АНЫҚТАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ АРЫЗДАРМЕН ХАБАРЛАРДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 51

ҚОРЫТЫНДЫ. . 56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . 57

КІРІСПЕ.

Біліктік жұмыс анықтау органы бастығының қылмыстық іс-жүргізу қызметінің ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін талдауға бағытталған . Зерттеу барысында жалпы алғанда, анықтау органы бастығының құқықтық мәртебесі, ал жеке алғанда, оның қылмыстық іс-жүргізу қызметін құқықтық реттеу мәселелері мен кемшіліктері, қылмыстық іс-жүргізу қызметін құқықтық реттеу мәселелері мен кемшіліктері, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жүйесінде алатын орны мен рөлі, анықтау органы бастығының ведомстволық бақылау қызметі және оның прокурорлық қадағалаумен ара қатынасы, сондай-ақ анықтау органы бастығының қылмыстарды тергеу саласындағы ұйымдастырушылық-іс жүргізушілік аспектілері қарастырылады.

Біліктілік жұмыстың өзектілігі . Адам құқықтары жөніндегі халықаралық актілерде Қазақстан Республикасының Конституциясында адам мен және оның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары басты құндылықтар деп танылған. Осы құндылықтарды басты басымдылық ретінде белгілей отырып, іске асырылып жатқан мемлекеттің құқықтың саясаты адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің жоғарғы деңгейде қорғалып, сақталуына бағытталған. Сонымен бірге, Қазақстанның әлуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократиялаудың жолына түсуі осы сияқты міндеттерді шешуде қылмыстылықпен күресетін құқық қорғау органдары жұмысының кәсіпкойлығы мен біліктілігін жоғарлатуды, сапалығын арттыруды талап етеді. Демек олардың қызметтерін осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға сәйкес жаңарту мен жетілдірудің қажеттілігін негіздейді.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда жүргізіліп жатқан тұжырымдамалық-құқықтық реформалар қылмыстармен күресетін құқық қорғау органдарының әсіресе, ішкі істер органдары қызметінің сапалық өзгеруіне бағытталған. Осыған байланысты, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындау қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметінің, оның ішінде анықтау органның бастығы қызметінің тиімді болуымен сәйкес келеді. Бұл жөнінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында былай деген: «Әрбір мемлекеттік ведомствоның тұтастай және жекелей алғандығы шенеуліктің қызметін бағалаудың стандарты атқарылған жұмысының тиімділігі болуға тиіс». Сонымен қатар кәзіргі кезде «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына » сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі кадрлық саясатты қолға алған болатын. Ондағы басты назар кәсіпқойлықтың жалпы деңгейін жоғарлатуға, заңдылың пен тәртіпті нығайтуға, полицияның беделін арттыру бойынша шаралар жүйесңн іске асыруға бағытталған. Министірдің айтуына қарағанда, осының барлығы жұмыстың соңғы нәтижелері бойынша жауаптылықтың қатаң қолға алынуына себеп болады. Осылайша анықтау органдарының қылмыстық іс жүргізу тәжірбиесіндегі бірқатар мәселелер алаңдатарлық болып отыр. Атап айтқанда, қылмыс туралы арыз немесе хабар жөнінде жиналған тіркеуге дейінгі тексеру материялдары бойынша іс жүргізу шешімдерінің заңсыз және уақытында қабылданбау жағдайлары көп кездесіп отырады.

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтары ың, мүдделерін бұзылуы күрт мәселе болып қалып отыр. бұған бірқатар жағдайларда анықтау органы бастығының өзіне бағынысты қызметкерлердің қылмыстық істерді тергеу бойынша қызметіне ведомстволық бақылауды төмен деңгейде жүзеге асыруы себеп ьолды. мұны заңбұзушылықтарды жіберудің мнадай салдарлары растайды: 2002-2003 жылдар аралығында 32 қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 2004 жылы қылмыстарды есепке алу-тіркеу тәртібін бұзған үшін Ішкі істер органдарының 2183 қызметкері, оның ішінде 391 басшы жауапқа тартылған. 24 қызметкерлер лауазымдық қызметтерінен босатылған, 9-ы жұмыстан босатылған, екі қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған. осындай заң бұзушылықтар жіберілетін қылмыстардың тізбесі шектелмеген. қылмыстық іс жүргізу тәжірбиесінде сондай-ақ, азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту, заңсыз ұстау мен қамауға алу, азаматтардан күш көрсету арқылы кінәлі мойындайтын жауаптар алу сияқты заңбұзылушылықтардың жасалынуы әлі де болса жалғасып келе жатыр.

«Анықтау органның бастығы қылмыс туралы арызды немесе хабарды шешу бойынша анықтаушылардың әрекеттерінің уақытылы, заңды және дәлелді болуына бақылауды жүзеге асырады, қылмыстық белгілерін көрсететін мәліметтердің мейлінше толық алуына шаралар қабылдайды. Анықтау органның бастығы анықтаушыдан қылмыс туралы алғашқы мәліметтерді және қылмыс туралы өзге материалдарды талап етуге және оларды тексеруге, қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде қатысуға және қылмыстың белгілерін көрсететін мән жайларды анықтауға құқылы».

ҚР ҚІЖҚ-нің 66-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы нан кейін, төртінші тармақ енгізіп онда «Анықтау органның бастығы қылмыстық істер бойынша жүргізілген іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығы, дер кезділігі және негізділігі үшін жауапкершілік атқарады» деген, ал осы баптың 4-бөлігінің 4-тармағынан кейңн, бесінші тармақ енгізіліп, онда «Анықтау органның бастығы осы қылмыстық істердің сапалы тергелуі үшін толық жауап береді» деген толықтырулар енгізуді ұсынамыз.

Зерттеудің теориялық және тәжірбиелік маңызы. Зерттеудің нәтижелері қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымның сотқа дейінгі іс жүргізу саласын жаңа білімдермен байытып, анықтау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізу қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін одан әрі қарай жетілдіруге, анықтау органы бастығының құқықтық мәртебесінің нығая түсуіне көмегін тигізеді.

I ТАРАУ. АНЫҚТАУ ОРГАНДАРЫ.

Анықтау органдары - деп заңда көрсетілген өкілетті мемлекеттік органдардың (олардың лауазымды адамдардының) қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, қылмыс жасған адамдарды табу және қылмысты ашу мақсатында жедел - іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін қамти қолданып жүргізетін қызметін айтады.

Іс бойынша анықтау ісін жүргізу анықтау мен тергеу органдары шешетін, сотта қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндетіне құрамдас ретінде кіретін жеке міндеттерге сай келетін іс жүргізу әдістерімен және құрлымдарымен ғана жүргізілуі мүмкін. Мәселен, Конституцияның 84-бабына сәйкес қылмыстық істер анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді арнаулы органдар жүзеге асырады және бұлар сот пен прокуратурадан бөлінген. Яғни анықтау мен тергеу қызметінің құралдық толықтырылуы олардың қосымша фнукциясының мазмұнымен шектелген. Мұндай шектеулер прокуротура органдарының істі мәніне қарай жүзеге асыру мен шешу жөніндегі қызметінде де орын алады.

Қылмыс белгілері анықталған жағдайда ҚІЖК прокуротура, анықтау мен тергеу органдарына қылмыстық іс қозғау жөнінде заңды шаралар қолдануға тең деңгейде уәкілеттік береді.

Анықтау органдарының міндеттеріне кіретіндер қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау, оларды жою, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдардаң алдын алу қызметінің шараларын белгілеу. Ол шараларға жататындар: экономикалық, саяси, идеологиялық, әлеументтік-мәдени, құқықтық және өзге де анықталған криминогенді мән-жайларды жоюға бағытталған шаралар. 1

Анықтау органдарының қызметіне тән жағдай - олардың өз міндеттерін орындау барысында жедел - іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін аралас қолданулары болып табылады.

- ҚІЖК-нің 65-бабынында көзделген анықтау органы қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының, қылмыстық процестің қатысушыларына телу;

-анықтау нысанында ізге түсіруді жүзеге асыратын қылмыстық ізге түсу органы үшін көзделген құқықтар мен міндеттердің барлық жиынтығын ҚІЖК-нің 65-бабында қамтылған кез келген органға қолдану.

ҚІЖК-нің 65-бабынының 2-тармағында анықтау органдарына мыналар жатады:

  1. ішкі істер органдары;
  2. ұлттық қауіпсіздік органдары;
  3. әділет органдар;
  4. қаржы полициясы органдары;
  5. кеден органдары;
  6. әскери полиция органдары;
  7. әскери бөлімдердің, құрлымдардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
  8. шекара бөлімдерінің командирлері;
  9. Қазақчтан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
  10. мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;
  11. алысқа жүзу сапарында жүрген теңіз кемелерінің капитандары, геологиялық барлау партияларының, 1-10 тармақтарында аталған, сондай-ақ анықтау органдарынан алыстағы мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктеледі.

Анықтау органы - деп аталған органдардың барлық жүйесін емес, тікелей анықтау мақсаттары үшін қалыптасқан құлымдық бөлімдері ғана ( департаменттер, басқармалар, бөлімдер, бөлімшелер) түсіну, мәселен, тұтас жүйе ретінде ішкі істер органдары Ішкі істер министлігінің аппаратының, аумақтық органдардан (облыстық басқармалар, аудандық бөлімдер) тұрады, олар өз кезегінде (сондай - ақ анықтауды жүзеге асыру құқығы бәріне бірдей берілмеген) жекелеген қызметтерден тұрады:

-белгіленген өкілеттіктер шегінде қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана анықтауды жүзеге асыру құқығының пайда болуы

( мәселен, шекара бөлімінің командирі қылмыстық іс қозғап, сотқа құрмет көрсетпеуге байланысты қылмыскер бойынша анықтау жүргізуге құқылы емес) ;

- анықтау органдарына жедел-іздестіру іс-қимыл орындау құқығын беру;

- қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының анықтаушылары жүргізеді;

- қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру ҚІЖК -ке сәйкес жүргізідеді.

- алдын-ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша толық көлемде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау.

-ҚІЖК-нің 65-бабының 2-тармағында аталған органдар анықтауды жүзеге асырған уақыттағы белгілі бір шектеулер арқылы жүргізеді.

1. Ішкі істер органдары сотқа дейінгі іс жүргізудің анағұрлым көлемді жұмысын атқаратын негізгісі болып табылады, мұндай жағдай оларға тән бастапқы анықтау мен жедел - іздестіру қызметінен қалыптасады. Ішкі істер органдары қылмыстық істі анықтау ҚІЖК - нің 104, 107 (1б), 108, 109, 110, 115, 116 (1-2 б), 117 (1-2 б), 118, 119, 123, 124, 126 (1б), 132 (1б), 134 137, 139, 140, 141 (1б) , 142 (1б), 144, 145 (1-2б), 175 (1б), 178 (1б), 181 (1б), 183 (1б), 185 (1б), 186 (1б), 178 (1б), 188 (1б), 230 (1б), 253, 254 (1б), 257 (1б), 258, 259 (1б), 261 (1б), 262, 263 ( 1-2 б), 264 (1б), 265, 266, 270, 271 (1б), 272, 274, 275 (1б), 276, 287 (1б), 288 (1б), 290, 291, 292 (1б), 293, 296, 297, 298 (1-2 б), 299 (1б), 300 (1б), 302 (1б), 317, 320 (1б), 323, 324, 326, 327 (1-2 б), 328, 329, 330-1, 330-2, 330-3, 332, 334, 339 (1б), 342, 358 (1б), 359, 360, 362 баптары арқылы жүргізіледі.

2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының 2-баптың 5-тармағы заңда қарауына жатқызылған қылмыстарды айқындау, тыю, ашу және тергеу жөнінде құқылы.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының 6-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл туралы, олардың қатарына қылмыстық ізге түсу және сот органдары жатады.

3. Әділет органдары - сотқа құрмет көрсетпеу және сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер жөнінде анықтау жүргізеді және т. т. Әділет органдары қылмыстық істі анықтау ҚІЖК - нің 358 (1 б), 359, 360 баптары арқылы жүргізіледі.

4. Салық полиция органдары - салық төлеуден жалтару жөнінде ғана анықтау жүргізіледі.

Салық полиция органдары қылмыстық істі анықтау ҚІЖК - нің 190 (1б), 198, 208, 221 (1б), 222 (1б), 223 (1б), 226 (1б) баптары арқылы жүргізіледі.

5. Қаржы полиция органдары немесе ішкі істер органдары қылмыстық істі анықтауды ҚІЖК - нің 190 (1б), 198, 208, 221 (1б), 222 (1б), 223 (1б), 226 (1б), баптарында көздеген қылмыстар бойынша жүргізеді.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізуге уәкілеттік берілген ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының және қаржы полициясы органдарының лауазымды адамы жүргізеді. ҚІЖК - нің 64 - бабына сәйкес.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183 - бабында (1б) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер қаржы полициясының органдары тергейтін істер бойынша анықтау жүргізуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, қаржы полициясының органдары жүргізуі мүмкін.

6. Кеден органдар контрабанда туралы істер мен кедендік төлеуден жалтару жөнінде ғана анықтау жүргізіледі.

Кеден органдары қылмыстық істі анықтау ҚІЖК - нің 214 (1б) бабының көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізіледі.

7. Әскери полиция органдары қылмыстық істі анықтау ҚІЖК - нің 367 (1-2 б), 368 (1 б), 369 (1б), 370 (1-2 б), 371, 372 (1-2-3-4 б), 373 (1б), 374 (1б), 377 (1б), 378 (1-2 б), 379 (1-2 б), 387 (1-2 б), 379 (1-2 б), 387 (1-2 б), 388, 389, 390 (1 б), 391 (1 б) баптары көзделген қылмыстық ітер туралы бойынша, сондай-ақ осы бапта көрсетілген, әскери қызметті шақыру немесе келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрлымдарында өткеруші әскери қызметшілердің, запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өту уақытында; әскери бөлімдердің мемлекеттік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалар мен мекемелердің орналасқан жеріне жасаған қылмыстары туралы істер бойынша жүргізеді.

8. Шекара бөлімдерінің командирлері - шекара тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер жөнінде анықтау жүргізеді және т. т.

Шекара бөлімдерінің командирлері қылмыстық істі анықтау ҚІЖК - нің 330, 331 ( 1б) баптары арқылы жүргізіледі.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес шекара әскерлерінің заңмен өз қарауына жатқызылған істер бойынша анықтау жүргізу немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мүдделерінде жедел-іздестіру қызметімен шұғылдану; қылмыс жасаған және қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдарды кемеден түсіріп алу мен ұстау, сол адамдарды анықтау және тергеу органдарына беру және т. т (8 -баптың 4, 8, 21, 32-бөліктері) .

9. Қазақчтан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары қылмыстық істі анықтау ҚІЖК -тің 496 (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 б), 497 (1, 2, 3, 4 б), 498 (1, 2, 3б), 502 (1, 2б), 503 (1, 2, 3, 4 б), 504 (1, 2, 3, 4, 5, 6 б) бабтары арқылы жүргізеді.

10. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары - өрт сөндіру, оның алдын алу, өртке қарсы шаралар мен ұйғарымдардың сақталуын қадағалау; өрт туралы істерді анықтау.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қылмыстық істі анықтау ҚІЖК - нің 256 бабы арқылы жүргізіледі.

11. Анықтау органдарының жүйесінде ішкі істер органдары сотқа дейінгі іс жүргізудің көлемді жұмысын атқаратын негізгісі болып табылады, мұндай жағдай оларға тән бастапқы анықтау мен жедел-ідестіру қызметінен қалыптасады. Өйткені заң бойынша бұл органдардың міндеттеріне қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жататын болғандықтан, қылмыстар жөніндегі арыздар мен хабарлар көп жағдайларда алдымен осы органдарға келіп түседі. Осыған байланысты бұл органдар қажетболған жағдайларда барлық қылмыстық істер бойынша анықтау қызметін бастап жүруге құқылы. Қазақстан Республикасы Приезидентінің «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң күші бар Жарлығының «Ішкі істер органдарының міндеттері атты 10 - бабынан туындайды. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері туралы түсінік толық болуы үшін ішкі істер органдарының жүйесіне не кіретінін ескеру қажет. Мәселен жоғарыда аталған Жарлықтың 4 - бабына сәйкес : «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі оған бағынысты обылыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының және көліктегі, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік ішкі істер басқармалары, желілік ішкі істер органдары, қылмыстық атқару мекемелері, өрт күзеті бөлімшелері, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер мен өзге де ұйымдар ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін құрады». Сонымен ҚІЖК-нің 65-бабындағы анықтау органы ретінде аталған ішкі істер органдары ішкі істер органдарының жүйесіне жататын органдарды да осы тізбеге қосады, мұның өзі өз кезегінде осы органдар жүзеге асыратын анықтау қызметінің көлемін ұлғайтады.

Кезінде В. Н. Батюк былай деп атап өткен болатын: «Милиция қылмыстық істердің басым көпшілігі бойынша анықтау жүргізеді, өйткені қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі өзіне заң жүктелген міндеттерге байланысты әрбір жасалған қылмыс бойынша дерлік қылмыстық іс қозғауға құқылы. Милиция бөлімшелері (қылмыстық іздестіру, учаскелік инспекторлар қызметі, МАИ және т. б) ішкі істер мекемелерінің құрамына енеді. Ішкі істердің тиісті мекемелерінің бастығы милиция бастығы болып табылады»2.

Жоғарыда айтылғандар облыстың (қаланың) ІІАБ, ІІҚБ, ІІБ- ның бастығы бір мезгілде аудандық, қалалық, облыстық анықтау органының бастығы болып табылатындығын білдіреді. Аталған қызмет адамдары анықтау органының бастығы бола отырып, анықтау жөніндегі қызметке іс жүргізушілік басшылықты жүзеге асырады.

12. Қылмысты жасады деген сезікті адам белгілі болған кезде жүргізіледі. Қылмыс жасады деп анықтау нысанында сотқа дейінгі іс жүргізу жүзеге асырылатын сезікті адамды ҚІЖК- тің 132 - 138 -баптарында белгіленген ережелер бойынша анықтау органы ұстауы мүмкін.

13. ҚІЖК- тің 139 -бабына сәйкес бұлтаратпау шарасы

қолданылуы мүмкін.

Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынды, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚІЖК-тің 140- бабында көзделген бұлтаратпау шараларының бірін қолданады.

Бұлтаратпау шаралары 140-бап.

1) ешқайда кетпеу және дұрыс ұстау туралы қол қойдыру;

2) жеке кепілдік беру;

3) әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру;

4) кәмелетке толмағанды қарауға беру;

5) кепіл болу;

6) үйде қамауда ұстау;

7) қамау болып табылады.

14. Сонымен бірге іс жүргізу әдістері мен құралдары тұтас бір жүйесі қарастырылып отырған барлық мемелекеттік органдар үшін ортақ болып табылады. Жасалған кез-келген қылмыс немесе әзірленіп жатқан қылмыс туралы өтініштер хабарламаларды қабылдау міндеттілігі де барлық қылмыстық қудалау органдарына тең мөлшерде жүктеледі (183-бап) . Бұл өзінше бір әмбебеап деп аталатын құралдар, оларсыз сотта қылмыстық іс жүргізу мүмкін емес.

ҚІЖК - тің 184 -бабына сәйкес қылмыс туралы арыз немесе хабар анықтау органы сол күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауға міндетті.

Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, сондай-ақ өзге де іс-әрекеттер жүргізу үшін бұл мерзімнің он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда - бір айға дейін ұзартылуымүмкін, ол туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.

15. Анықтау және алдын ала тергеу органдары, анықтаушылар мен тергеушілер, анықтау бөлімдерінің бастықтары функция субьектілері болып табылады.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК- і бойынша анықтау органдарының процессуалдық жағдайының ерекшелігі - осы органдардың заң белгілеген жағдайларда алдын ала тергеуді жүзеге асыру құқығы болып табылады.

1. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері делелдемелері жинауды, зерттеуді және бағалауды реттейтін ҚІЖК-тің ережелеріне сәйкес ҚІЖК-тің 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық істер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.

2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

3. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтимжесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайларын ҚІЖК-те көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.

4. Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтап және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше ҚІЖК-тің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана ҚІЖК-тің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырылып жүргізіледі.

Қылмыстық белгілерін және оны жасаған адамды табу мақсатында анықтау органдары қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау міндеті жүктеледі. Қылмыстық іс жүргізу заңы жедел-іздестіру шараларының мазмұнын ашып көрсетпейді. Жедел-іздестіру қызметінің мәні, әдістері, құралдары Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңы реттейтін тақырып болып табылады, мұның өзі өз кезегінде қылмыстық іс жүргізу құқығының, сондай-ақ тиісті ведомстволық нормативтік актілердің көзі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру
Құқықтық мәртебеге ресми атауы
Қылмыстық іс жүргізудегі анықтау өндірісі және оны ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар
Алдынала тергеудің жалпы шарттары
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Ішкі істер органдары
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz