Қазақ халқының тарихында (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)



Жоспар:
1.Төле би . данышпан.
2.Қаз дауысты Қазыбек би.
3.Әйтеке би.
Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге жоғары баға бере келіп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды»-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-тәні елбіреп тұрған би туралы «бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен»- деп ағынан жарылыпты
Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің «Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар шежіресі» атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: «Әбілмансұр жетім бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін” деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен, киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты.
Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би:
- Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе:
- Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті.
Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың,
ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!” деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып:
- Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Төле би – данышпан.
2.Қаз дауысты Қазыбек би.
3.Әйтеке би.

Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі
тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы
билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам
тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның
күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге
жоғары баға бере келіп: Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның
жерін жау араламайды-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-
тәні елбіреп тұрған би туралы бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін
билікке Төле би жеткен- деп ағынан жарылыпты
Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында
жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн
білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан
Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын
керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар
шежіресі атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: Әбілмансұр жетім
бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына
келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында
әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін”
деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен,
киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты.
Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп
келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би:
- Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе:
- Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның
өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті.
Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың,
ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер
басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен.
Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен
барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!”
деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп
айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан
шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып:
- Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның
атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан
болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің
Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды
өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып
барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі
қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-
жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған.
“Ел - жұртым” деп бауыры елжіреп тұрған Әз Төле би жалғыз ғана Абылай
ханды тәрбиелеген десек, қателесер едік, бұл ғажайып көреген жан қаншама би
мен батыр тәрбиелегенін бір жаратқанның өзі ғана білер. Ал біз Өтеген
батырды, Жанкел ақынды қасына ертіп жүргенін, олардың халық үшін туған
ұлдар екенін терең сезінгенін білеміз.
“Төле бидің тарихы” атты қолжазбада көп уақыт жер шолып ел аралап
келген Өтегенге:
Төле би: “Шырағым, Өтеген мен әлі аурудан дұрысталып түзелген жерім
де жоқ, белгі беріп саған үй салдырып отырмын. Өзім де оңашалап айтайын,
жақында дүниеден көшсем керек?! Едігісін көпшілік өзі білер... ел болып
Ташкентке ие болып тұрсаңдар да жаман емес, менің бір ауыз тілімменен бар
өміріңді сапарда өткіздің, екі дүниең болсын”, - Төле (Өтегенге) осылай
бата беріпті:
Өтеген Төле биден бата алды,
Абырой тегіс көр деп бас пен малды.
Мамыр боп анау жайын оңлансын деп,
Көзінен жасын төгіп іркіп алды.
Сонымен тарқады жұрт жай – жайына,
Жиналған әңгімеге жұрттың бәрі, -
Десе, біз шын сенеміз, өйткені бүкіл тірлігін өз халқына арнаған батырдың
ел-жұрты сүйіп қойған мүйізді Өтеген, сері Өтеген, батыр Өтеген деген үш
аты болыпты.
Егемендігіміз енді ғана алып, өз алдымызға ел болайық, жұрт болайық
деген бізге Төле бидің барлық ізгі іс-әрекеті үлгі-өнеге.Төле би бабамыздың
асыл қасиетін жете түсінген ақын-жыраулар оны өздерінің отты жырына қосты,
әділдігін, мәртігін, адалдығын, кішіпейілдігін, биік парасатын толғады.
Абылай ханнан бастап Бөгенбай батырға дейін тоқтау, сын-ескертпе айтқан ұлы
жырау Бұқар да Төле биді бүкіл қауым-халайыққа үлгі-өнеге етіп жырлады.
Қазақ қара өлеңінің қызыл жолбарыс Сүйінбай атамыз Тезек төреге тепсіне, іл
көрсете отырып:
Үш жүзге би Төле еді.
Заманында сол Төле
Ташкентке бір күні келеді.
Сенің атың Абылайды,
Әбілмансұр атанвп,
От жағып жүрген жеріндегі
Шайханадан көреді.
Сол құлдықтан құтқарып,
Сабалақ деген ат қойып,
Төле би алып келп еді.
Ел түйесін бақтырып,
Қызметін көпке жақтырып,
Кірме екенін айтқызбай,
Хан қоған бабам сол еді,-
Деп толғаса бұл сөзде иненің жасуындай да жалғандық жоқ. Абылайдың тегін,
нәсілін, түп-тұқияны таныған Төле би екенін ұлы жазушы мұхтар Әуезов те
растайды: Абылай әкесінен кішкене күнінде жеім қалған екен. Абылай ұлы жүз
Төле бидің қолында малшы болыпты, басына үлкен сеңсең тымақ киіп түйе
жаяды, үсті-басы далба-дұлба, қалай болса солай жүреді екен, сонда төле би
мұның аты Сабалақ болсын депті.
Асқан тапқырлығымен, нәзік сезімталдығымен, биік парасатымен үш жүзге
аты тұтас жеткен Төле биді көзінің тірісінде Бұқар сияқты ұлы жыраудың
мадақтауы, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сынды алты алашқа қадірлі, жалпақ
жұрты аузына қаратқан билердің аға тұтыну тегін емес. Төле өзінің алдындағы
түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би делініп ел арасында мақал
болған, хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы атанып, кедей-
кембағалға пана, қамқор болған Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиренше
шешендердің сарқыты еді.
Бар ғұмырын халықтың игілігіне жұмсаған Төле би туралы көп жазылып,
көп айтылған. Соның бәрінде атақты бидің ғажап тапқырлығы, терең ой, биік
парасат иесі екенін баса көрсетіледі.
Аты шулы Төле би 1723 жылы ел азып-тозып, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама болған қиын жағдайдан кейін де жұртының басын қосып, ортақ жауға
қарсы тұруға үндеген. Азып-тозған елге демеу, сүйеу болған. Тіпті қалмаққа
елшілікке барған екен. Осы сапарында жасы егде тартқан қарт сөз саңылаған
қалмақтың бас сардары Шарыш қарсы алыпты деседі. Ол атақты атамызды білсе
де білмегендей, көрсе де көрмегендей болып: Азу тісін аршыған мына ақбас
атаныңкім? -депті. Сонда Төле би:
Уа, ханзада!
Қарттығымды сұрасаң,
Қап тауындай көнемін.
Ақылдан тартып сұрасаң,
Асқар бермес төбемін.
Хан көз жетпес қайғыны,
Қашықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖАЙЛЫ
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Қазақ халқының үш биі
Қазақтың ұлы билері
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Қазақ қоғамына билер ықпалы
Тарих қойнауынан сыр тартқан
Қазақ би - шешендері туралы
Әйтеке ( Айтық) би
Пәндер