VI-XVҒ.Ғ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ


VI-XVҒ. Ғ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ
Жоспар:
1. 1 . Қорқыт (Дада Қорқыт ) және оның нақыл сөздері
1. 2 Әбу Насыр Әл - Фарабидің (870-950) педагогикалық мұралары
1. 3 Ежелгі түрік көздеріндегі білім беру және тәрбие мәселелері
1. 4 Жүсіп Баласағұн
1. 5 Құлқожа Ахмет Иассауидің педагогикалық көзқарастары
1. 1 . Қорқыт (Дада Қорқыт ) және оның нақыл сөздері
Қорқыт (Дада Қорқыт ) - 8- ғасырда Сырдария бойында мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған. Қорқыт ата - халық қамқоршысы, ақын, күйші дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда обылысында) УІІ-УІІІ ғасырда өмір сүрген, көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ұлы данышпанның қалдырған мұрасы “Қорқыт ата кітабы” аталып, дүние жүзіне тараған. “Қорқыт ата кітабының” бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екіншісі Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралған (жалпы толық қолжазба 12 жырдан тұрады) . Қазақ арасында Қорқыт туралы жыр дастандары мен аңыз-ертегілері бар. Қорқыт туралы Ватикан архивінде мынандай дерек сақталған: “Расул Пайғамбар (Мұхамет пайғамбар) заманына жақын кезде (8-ғасыр) Баят (Сырдария) бойында Қорқытты атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәләйатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине, іс болса, бәрі алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса соны қабыл етер еді”. (“Дада Қорқыт кітабы”, Стамбул, 1980. ) Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға - Инал, Құл еркін, Қаңлы қожа сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған. Осы кезде ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас-той өткізу тәртіптерді қатарлы заң-жораларды белгілеп, әлеуметтік жора (заң-тәртіп) жасаған екен. (Қазақ ауыз әдебиеті туралы пайымдаулар”, 80-82 беттер Шинжаң халық баспасы. 1984. )
Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, ХУ ғасырда Кавказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда ұзандар жырлаған. Түрік Лұғатын жазған Фарханг Шури бұл атауды қолына тамбур алып өлең жыр айтатын адам оларды оғыздар ұзан деп атаған. Өздері көбіне оғызнаманы жырлаған деп көрсетеді. Кейбір тарихи мағлұматтарға қарағанда Қорқыт ата кітабының айтушысы Қорқыттың өзі тек соны оғыз ханына оның немелері жырлап беретін болған. Әрбір қисаны аяқтаған соң жырау бұл жырды менің Қорқыт атам айтып сөзін құрастырған еді деп отырады. Қорқыт ата кітабы бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға Кавказдағы әзербайжан Осман түріктеріне кеңінен жазылған сюжет. ХІУ-ХУ ғасырларда Оғызнама Қорқыт ата кітабы иран, арап тілдеріне де аударылған.
Бұл жырды әзербайжан халқы да иемделіп келеді. ХІУ ғасырдағы сұлтан баязит заманынан бері бұл сюжетті көбірек зерттеген елдердің бірі Осман түріктері Қорқыт жырларын соның елімен байланысты айтылатын көрінеді. Бартольд Осман түріктерінің мал бағудан қол үзе бастағанын ескеріп, бұл анықтаманы қабыл алмайды. Қорқыт ата кітабындағы Сыр бойындағы көшпелі түркі тайпалардың өмірі жырланады. Жырдың Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында туғандығында дау жоқ. Оған оның мазмұны жер, су аттары түрлі әдет-ғұрып көрністері айғақ Қорқыттың бейіті де Сырдың төменгі бойында болған. Ол жерді Қорқыт станциясы деп атайды. Қорқыт жәдігерін 1896, 1898 жылдары Ә. Диваев зертеп, ол туралы бірқатар ертегі, аңыздар келтірген. Көптеген орыс ғалымдары да Қорқыт жайында көптеген аңыз-әңгімелер жинаған. Қорқыт кітабін сөз еткенде оны Қорқыт жайындағы ел аузында жүрген түрлі аңыздармен шағылыстыруға болмайды. Ондай ертегілердің арғы тегі осы Қорқыт ата кітабына енген жырларға барып тірелетіні де рас. Қорқыт атаның жырлары ХІІ ғасырлардан бергі шығыс елдерінің жазба мәдениетінде айтыла бастаған. Қорқыт есімі ХІУ ғасырлардан бастап айтылады. Түркімен тарихында Қорқыт Инвал Ябы, Дойлы Қай Ерекке, Туман, Қаңлы, Жаулы деген хандарға қызмет көрсеткен қазақтың Сыпыра жырауы сияқты көп жасаған қария ретінде айтылады. Қорқытты ІХ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында өмір сүргені барынша анықталады. В. Бартольд пікіріде осыған жуық келеді. Ол шығыс халықтарының тарихын зерттеуші Розен және Жәми сөздеріне сүйене отырып, Қорқытты Х ғасырлардағы бүкіл Орта Азия халықтарының данасы, сәуегейі болған дейді. Қорқыт Орта Азиядағы түркі тайпаларының эпостық жырларының атасы болып табылады. . Қорқыт ата кітабының сюжетіне келсек, оның оғыз тілінде жасалған бір нұсқасын ХІХ ғасырлардың бас кезінде неміс ғалымы Диц жазып алған. Қорқыт ата кітабының алғашқы үш саласын академик В. Бартольд оғыз тіліндегі нұсқасымен бірге орыс тілінде бастырған 1962ж ССРО Ғылым академиясының баспасы В. Бартольд аудармасының толық нұсқасын "Книга моего деда Коркута” деген атпен басып шығарады. Қорқыт ата кітабы жайында Қ. Инастранцев, Ә. Диваев, А. Туманский, В. Бартольд т. б. ғалымдардың көптеген еңбектері бар.
“Қорқыт ата” кітабындағы жырлар құрылымы жағынан қазақ эпостарының тектес сюжеттерімен юажайлас: әсіресе перзентке зар болған қарт ата-ананың қасіретті өмірі жиі қайталанады ("дер“ехан-ұлы Бұқаш туралы жыр”, т. б. ) . Қорқыт жырларында әйел ананың ақыл-ойы, ерге беріліп, ел үшін ерлік жасауы, ана абыройы қастерлене баяндалады.
Атақты жырау ұлы күйші оғыз -қыпшақ елінің данышпаны ақылгөйі Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алауыздықтан аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін біліп, батырлыққа бейімдейді.
Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Әулие атамыздың асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қасиетті еңбегінің қадірін арттырып, қастерлей береміз. Өйткені, ол- этностық тәлім-тәрбиенің алатын бастауы деп білеміз.
“Қорқыт ата кітабында” және “Қорқыт жырларында” Қорқыт айтқан афористік қорытындылар да бар. Мысалы: “Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас”, “Ақын тілді, ат тұяқты келеді”, “Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес”, “есекті жүгендегенімен жылқы болмас, ”, “қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ” т. б.
Қорқыт ата- дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары қобыз мен домбыраны алғаш жасаушысы, өз заманының кемеңгер ойшылы. Қорқыт ата өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің қүз келісімен сарғайып солғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулармен мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, “сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ” деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықтан іздейді. Өмірінің соңғы кезін домбыра-қобыз тартып, күй шығарумен өткізеді. Ең ақырында қобыз күймен көз жұмып, артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырады”. (“Қорқыт жыры”, “Мұра журналы, 1982ж. і-саны) . “Қорқыт күйлері” дейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ардақталып, ойналып келеді. Қорқыт жырының қорытындысы: “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмтылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дегенді аңғартады.
Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы-достық елдерді мекендейтін түркі тілдес халықтардың барлығының ортақ игілі болып табылады. Аталған шығармада тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тарихи-этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді. Қорқыттың есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан-ақ ерекше қастерленген. Сондықтан да халық:
“Жыраудың үлкен пірі - Қорқыт ата,
Бата алған барлық ақын асқан ата.
Таңдалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда, ” - деп тегін жырламаған.
Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай: ”Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиеленген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.
Қорқыт атаның нақыл сөздері
Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды.
Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды.
Қорқыт тұлғасы халқымыздың мәдениетінің дамуындағы көп ғасырлық желісі жалғастырып, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе, тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріндегі салт-дәстүр, құндылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда “Қорқыт ата кітабының” халқымыздың тәлім- тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай екендігі даусыз.
1. 2 Әбу Насыр Әл - Фарабидің (870-950) педагогикалық мұралары
Әбу Насыр әл Фараби (870-950) і рі сауда орны, мәдениет орталығы болған Отырар (Фараб-Қарашоқы) қаласында туып, сонда, білім алған, кейін Бағдат (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген. Түркі, парсы, араб тілдерінде сөйлей де, жаза да білген. Грекше, латынша, санскритше, т. б. тілдерді біліп, ертедегі грек тілінен араб тіліне көп еңбектер аударған.
Әбу Насыр әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Әл- Фарабидің толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мухаммед ибн узлай Тархани-деп жазылатын болған. Мұндағы “Тархан” сөзі 2 мағнаны білдіреді. 1) . Әл-Фарабидің түркі тектес ру тайпалардан шыққанын білдіреді. 2) . Оның ой -санасы дәулетті қыпшақтар арасында есімі бел -жастайынан асқан зерек әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алды, өсе келе, Бағдат, Қорасан, Каир т. б шаһарда болды. Ол логика, философия, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т. б. ғылым салаларынан көп ғылыми еңбектер жазды.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей -теңіздей мол дүние. Оның оқу- білім, тәлім-тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулының гуманистік, ізгілік қасиетттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасындағы достық, қастық қарым-қатынастар жайлы айтқан пікірлері ерекше маңызды. Фараби жастарға ғылым-білімді қалайша меңгерту керектігі жөнінде көптеген ақыл-кеңес береді, ғалым адамның моральдық бейнесі қандай болуы керектігі жайлы пікірін ортаға салады.
Фараби нағыз ғалым принципшіл, қулық-сұмдықпен, ұсақ-түйекпен, өсек аяңмен ісі жоқ, жұртты алдап, арбауды білмейтін, басқаларға асқан ілтипатпен қарайтын, ерекше кішіпейіл болуы керек, білімділік, оның өнегелі мінез-құлқымен ерекше безендіріл тұрмаса болмайды, - дейді.
Фараби еңбектерінде ұстаз бен, шәкірттің арақатынасы, бұл екеуінің психологиялық қасиеттерінің қандай болуы керек екендігі жайлы да аз айтылмаған. Ұстаз өз шәкіртінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы аталған қасиеттер болуы шарт.
Фарабидің ұғымында ізгі, қайырымды қаланың басшысы да, медресе имамы да жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиешісі.
Мінез-құлықты тәрбиелеу мәселесінде Әл-Фараби ұстаздардың ролін оның жеке бас әдебіне үлкен мән береді. Шәкірттің аңғарымпаз ақыл иесі айтылғанның қажеттілігін түсініп мойындауы үшін оқытушының сапалық қасиеттері маңызды болса керек деген ой айтады.
Ғалымның “Музыканың үлкен кітабы” және т. б. еңбектерінде эстетикалық тәрбие, сондай-ақ музыканы қабылдау психологиясы мәселелерін жан-жақты қаралған. Мәселен, Әл-Фараби пікірінше, музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді, алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді, -деп, ол музыканың адам психологиясына әсерін 3 түрге бөледі. Осыған байланысты өмірдің түрлі сәттерінде әртүрлі музыка тыңдауды ұсынады.
Әл-Фараби дидактика мәселелерімен де айналысқан. Өз еңбектерінде ол оқытудың көрнекілік, ғылымилық, жүйелілік, сабақтастық, ұғынықтылық секілді принциптеріне үлкен мән береді, “оқыту” ұғымының анықтамасын негіздеуге әрекет жасайды. Ол оқу-білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. “Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет”- дейді ұлы ұстаз.
Ол тәрбие әрекетінде қатты әдіс пен жұмсақ әдісті ұштастыра білуді ұсынады. Ол оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Ал білім беру-ғылым теорияларын іске асыру әрекеті дейді. Тәрбиелеу- жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді. Тәрбиелеу дегеніміз- халықтардың бойына білімге егізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы- адал, өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс - тұрысы ізетті болуынан ғана туады.
… Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.
Музыка ғылымының негізін қалаушы әл- Фарабидің әрі күйші де екенін дәлелдейтін аңыздар бар. Ол музыканы математикамен байланыстырады. Өйткені музыка әлемі- қасиетті жеті сатыға, сегіз өлшемге тән. “Музыканың негізгі мақсаты адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру. Музыка өзінің байсалдығынан айырылған адамды түзетуге, қызба адамды қалпына келтіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті жетеді.
Әл-Фараби адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық, еңбек, білім жеке адамның адамдық бейнесінің негіздері деп көрсетеді. Оның философиялық тұжырымдары- бүкіл әлемдік философия ғылымының негіздері.
Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, - міне, осының бәрі оның тәңірлікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы”, “Бақыт жолына сілтеу”, “Ақылдың мәні туралы”, “ Данышпандықтың інжу маржаны”, “Бақытқа жету жайында” және т. б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын ұғымы- “қала”. Қаланы Әл-Фараби жай ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемелекет мағынасында қолданылады. Ізгілер қаласының тұрғындары, ұлы ұстаздың ойынша, өздерінің инабаттылығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер түйгіштігімен көзге түседі. Олар надандар, адасқандар қалаларының тұрғындарынан мүлдем өзгеше.
Ұлы ғұлама әрі ақын да болған. Оның туған жерге, туған елге арналған сағыныш сазды өлеңдері қазақ поэзиясының арғы тегіндегі ұлттық калориттерімен ерекшелінеді.
Оның педагогикалық мұрасының ішінде ерекше орын алатын “Математикалық трактаттар” Әл-Фараби геометриялық есептерді шешу әдістерін көрсетуде өзін өте үздік әдіскер ретінде танытқан. Ойшылдың көптеген принципті педагогикалық ойлары өз уақытынан бері асып, бүгінгі күні де мәнін жоғалтқан жоқ. Әл-Фараби мұрасы қазіргі заман ғылымы үшін аса зор құндылық болып есептеледі және жан-жақты терең үйренуді талап етеді.
1. 3 Ежелгі түрік көздеріндегі білім беру және тәрбие мәселелері
Туған өлкеміздің ортағасырлық жұлдыздарының бірі- Махмуд Қашқари . Махмуд Қашқаридың әкесі - Барсағандық рудан шыққан адам, кейін Қашқарға көшіп барған. Махмуд сонда туған болу керек. Махмуд Қашқари 1029-1038 жылдар арасында өмір сүрген. Қарахан әулетінен шыққан, өйткені оның әкесі Хусаинбин Мухаммед Маверенахрды жаулап алушы Барсағанның әмірі Бағра ханның немересі деп танылады.
Ол Қашқарда оқып білім алған. Кейін өзінің білімін Бұхара, Нишапур, Бағдат қалаларында одан әрі жетілдіреді. Көптеген зерттеушілердің мойындағанындай, ол өз дәуірінің аса білімді адамдарының бірі болды. Түркі, араб грамматикасын жетік білген ғалым бүкіл түркі тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеуге аса көңіл қояды. Оның “Диуани дұғат ат-түрік (“түркі тілдерінің сөздігі”) еңбегі қоғамдық өмір салаларын түгел қамтыған шығарма.
Махмуд Кашкари -11 ғасырдағы түркі ғалымы. “Диуани лұғат ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы”) атты кітабы арқылы өз заманының аса білімдар тіл маманы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылды.
“Сөздіктегі” түркі ру- тайпаларының мекен-жайлары, шаруашылығы, түрлі кәсіптері халықтық бай дәстүрі, наным-сенімдері, сөз өнері, тіл мәселелеріне қатысты материалдардың білімдік-тәрбиелік міндеттерді шешудегі мәні ерекше.
Махмуд Қашқари 3 кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің лұғатын” қарастырып, артынан мәңгілік өлмес ғылыми мұра қалдырған ғұлама. “Диуани лұғат ат-түрік” қамтылған сөздері -түгелдей түркі тілдеріне тән сөздер. Бірақ ол сөздердің түсінігін Махмуд Қашқари араб тілінде жазған. Осы себептен “Диуан” қаншалықты өз мұрамыз болғанымен, қарапайым халық, тіпті білімді адамдардың да бірден оқып, түсіне беретін ескерткіш емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz