Қаржы бақылауы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қаржы бақылауы.

1. Қаржы бақылауының мәні және маңызы.

2. Қаржы бақлауының түрлері.

3. Аудиторлық бақылау.

4. Қаржы бақылауының тэсілдері.

Бақылау - қаржы жоспарының орындалуын, барлық шаруашылық деңгейде ақшалай қорларды қалыптастыру мен пайдалану процесстерін қадағалап отыру. Қаржы бақылауы жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қаражат қорлары мен олардың белгілі мақсаттарға жұмсалуына сәйкес құндық бөлінісінің негіздемесін тексеруге бағытталған ерекше қызмет болып табылады. Бақылау латын сөзінен аударғанда «Контро - рутлус» деген сөзден шыққан, қарама-қарсы қою деген мағынаны білдіреді.

Қаржы бақлауының ерекшелігі ол ақшалай формада жүзеге асырылады. Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтардың қалыптасу процесі, ақшалай қорлардың қалыптасуы мен қолданылуы жатады.

Бірақ қаржы бақылаудың қозғалысы - қаржы басқа да құндық категориялармен тығыз байланысты (табыс, өндірістік қорлар, күрделі салымдар, еңбек ақы, өнімнің өзіндік құны) болғандықтан, өте кең ақшалай қатынастарға таралады.

Қаржы бақылауы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік бөліністі дұрыс қолдануын, олардың қызметінің барлық жақтарынан бекітілген қаражаттарды жұмсау нормативтерінің сақталуын бақылайды.

Қаржы бақылауының қозғалыс саласы басқа бақылау түрлерімен де сәйкес келуі мүмкін: әкімшілік әлеуметтік, техникалық қаржы тәртібі мемлекеттің ақшалай қорлардың кәсіпорындар мен ұйымдардың, оның қалыптасуы, бөлінуі, қолдану тәртібімен белгіленген нормативтерді нақты сақтауы.

2. Қаржы бақылауын жіктеу - субъектілер бақылау қозғалысының өткізу уақыты, бақылаудың өткзілу тәртібі, тәсілі белгілеріне байланысты болады. Осы белгілеріне сәйкес қаржы бақылау 3 бағытқа бөлінеді: түрлері, формалары, жүзеге асыру әдістері бойынша.

Субъектілерге байланысты қаржы бақылауы келесі түрлерге бөлінеді:

Өткізу уақытына байланысты қаржы бақылауының үш түрі бар:

а) қайта бақылау

б) ағымды бақылау

в) келесі бақылау

Қайта бақылау - ақшалай қорлардың қалыптасу, бөлінуі және қолданылуы туралы операциялар жасалғанға дейн өткізіледі. Сондықтан да бұл қаржы тәртібін бұзғандықтан ескерту үшін маңызды. Бұл жағдайда орындау мен бекітуге жататын құжаттар, бюджет жобасы, қаржы жоспары мен сметасы, несиелік және кассалық тапсырыстар тексеріледі.

Ағымды бақылау. Ақшалай операцияның жасалу процесіндегі бақылау (мемлекет алдындағы қаржылық міндеттерінің орындалуы мен алу және қолдануды жұмсау) .

Келесі бақылау. Қаржы операциясы жасалғаннан кейін өткізілетін бақылау.

3. Аудиторлық бақылау - бұл тәуелсіз аудиторлық фирмамен кәсіпорын, компания, банк иесінің арасында жасалатын келісім-шарт негізінде қаржы шаруашылық қызметтің жағдайын тексеру. Аудиторлық фирмалар өз қызметін жүзеге асыруда кез келген кәсіпорын немесе үшінші жақтың тексеруімен қорытынды беруге заң және нормативтік акті талаптарына сәйкес өткізуі керек.

Аудит келесі тәртіптегі кезеңдерде өткізіледі:

- жоспарлау

- аудит объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау

- аудит процедурасын жасау және бағдарламасын дайындау.

- Тексеру және бақылау жүйесінің тесті

- Аудит процедурасын өткізу

- Аудиторлық қорытынды жасау.

Аудиторлық қызмет нәтижесі қорытындсы - бұл құқықтық мәні бар ресми құжат. Аудиторлармен сенімделген және бухгалтерлік есеп беру, шаруашылық субъектінің балансы және басқа құжаттардың ұсынған бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп беруді құру талаптарына сәйкес жасалғаны туралы толық ақпарат мазмұны бар құжат болып саналады.

Қорытынды тексерілген объектінің қаржылық жағдайы турлы бекітілген заң тәртібіне сәйкес оның қызметі туралы есебі мен табыс пен зияндар шоттар балансымен бірге жарияланады. Аудиторлық фирмалар бір мезетте кеңес беру қызметін де орындауы мүмкін.

4. Қаржы бақылауы әр түрлі әдістермен өткізіледі және оларды жүзеге асыру тәсілдері, жолдар, құралдары деп түсіну керек. Нақты әдісті қолдану бірқатар факторларға байланысты қаржы бақылауының келесі әдістері қолданылады:

- ревизиялар, тексеру (құжаттарды, есеп беру мен есепке алу жағдайын, шаттық тексеруін, т. б. ), тексеріс, қаржы жоспарының жобаларын қарау, тапсырыстарды, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді, баяндамаларды тыңдау, міндетті қызметтер ақпараты және т. б. Қаржы бақылауының неізгі әдісі - ревизия (латын тілінен аударғанда, қайта қарау деген мағынаны білдіреді) . Бұл өткен бір белгілі мерзім бойынша кәсіпорынның, мекеменің, ұйымдардың қаржы - шаруашылық қызметін толық тексеру. Ревизияны әртүрлі органдар өткізеді. Жоспар бойынша немесе жоғары тұрған басқару органының нұсқаулары бойынша жүргізіледі.

Тексеру объектісі бойынша ревизияның келесі түрлері бар:

- құжатты

- нақты

- толық (біртұтас)

- таңдаулы (бөліктер бойынша)

Олар ұйымдастыру белгісі бойынша жоспарлы немесе жоспардан тыс (арыз, өтініштер түскен кезде ), және кешенді болып бөлінеді.

Құжатты ревизияны өткізуде құжаттар тексереді. Әсіресе бастапқы ақшалай құжаттар (шоттар, төлем ведомстволары, ордер, чектер, бағалы қағаздар) қаралады, есептер мен сметалардан бөлек қарастырылады.

Нақты ревиязия тек қана құжатты ғана тексеріп қоймай, ақша санын, материалдық құндылықтарды да тексереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін салықтық бақылау қызметін ұйымдастыру арқылы реттеу
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілер
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі
Салық қызметі органдарының салықтық әкімшілік ету қызметін ұйымдастыруды және құқықтық негiзiн кешендi зерттеу арқылы салық органдарының қызметiн талдау және жалпылау негiзiнде салық органдарының бақылау-экономикалық қызметiн жетiлдiруге байланысты тәжiрибелiк ұсыныстар
Салықтық бақылаудың нысандары мен әдістері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет етуінің тиімділігі
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, салық әкімшілігінің экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу және салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Қазақстандағы салық бақылауын ұйымдастыру
Қаржыларды басқаруды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz