Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану
Жоспар
1 Пролетариат диктатурасының үш негізгі міндеті
2 Алашорда басшыларының Кеңес үкіметімен келіссөздері
3 Үшжүздіктердің кеңестік автономия идеясын қабыл алуы
4 Бүкілқазақ съезін сайлау мәселесін бекіту
5 Съездің күн тәртібі
6 Пайдаланылған әдебиет

Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану Ресей империясының ұлттық аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Коммунистік партияның ұлттық бағдарламасына сәйкес бұрынғы отар халықтардың мемлекеттілігін құру мәселесі тұрды.
Осыған дейін айтылып кеткеніндей, коммунистік партияның ұлттық саясатының негізгі принциптерін Қазан революциясының жеңісінен бұрын-ақ В.И. Ленин теориялық жағынан тұжырымдап берген болатын. Бұл саясаттың басты қағидасы ұлттың бөлініп шығуға және жеке мемлекет құруға дейін өз даму жолын өзі анықтау құқығын талап ету болып табылды. Мәселенің бұлайша қойылуы қа билік үшін жүргізген күресіне ттастай қолдау көрсетуіне жағдай туғызды. Алайда большевиктер билікті жеңіп алғаннан кейін В.И. Ленин ұлттардың шыныменен өз даму жолын өзі анықтауын, Ресейден бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекет құру құқығын аяғына дейін жеткізгісі келмеді, бұл мәселені шешуге бірінші кезекте социализм үшін күрескен еңбекшілердің мүддесі тұрғысынан қарау керек дегенді баса атап көрсетті. Ал бұл ұлттық мемлекеттілік — халықтың барлық топтары үшін қызмет ететін мемлекет емес, жұмысшылар мен шаруалар мемлекеті, яғни таптық мемлекет дегенді білдірді.
Пролетариат диктатурасының үш негізгі міндеті
В.И. Ленин Кеңестер ғана мемлекеттілік идеясын. жүзеге асыра алады және Коммунистік партияның басшылығымен пролетариат диктатурасының үш негізгі міндетін: революция жолымен биліктен тайдырылған таптардың (помещиктер, капиталистер және ұлттық шет аймақтағы олардың одақтастарының) қарсылығына тойтарыс беру, капитализмді қалпына келтіру әрекеттерін болдырмау; барлық еңбекшілерді пролетариаттың төңірегіне топтастыру және оларды социализмді құруға жұмылдыру; революциялық күштерді қаруландыру және елді сыртқы жаулардан қорғауды ұйымдастыру функцияларын барынша толы шешуге мүмкіндік береді деп есептеді. Большевизмнің көсемі және орталық Кеңес үкіметі басшысының бұл теориялық тұжырымы кейін РКФСР түріндегі Кеңестік федерацияны және оның құрамына кіретін ұлттық кеңестік республикаларды (ал кейін КСРО-ны) құру практикасында толығымен жүзеге асырылды.

Пайдаланылған әдебиет
1 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. –
Алматы: «Атамұра», 2010
2 Народная Сибирь. 1918, 16 ноября.
3 Алаш-Орда
4 Сөз В.И. Ленин қол қойған және Кеңестердің III Бүкілресейлік съезі
(1918 ж. қаңтар) қабылданған «Еңбекші және қаналушы халықтар
құқықтарының Декларациясы» туралы
1 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. –
Алматы: «Атамұра», 2010
2 Народная Сибирь. 1918, 16 ноября.
3 Алаш-Орда
4 Сөз В.И. Ленин қол қойған және Кеңестердің III Бүкілресейлік съезі
(1918 ж. қаңтар) қабылданған «Еңбекші және қаналушы халықтар
құқықтарының Декларациясы» туралы
Жоспар
1 Пролетариат диктатурасының үш негізгі міндеті
2 Алашорда басшыларының Кеңес үкіметімен келіссөздері
3 Үшжүздіктердің кеңестік автономия идеясын қабыл алуы
4 Бүкілқазақ съезін сайлау мәселесін бекіту
5 Съездің күн тәртібі
6 Пайдаланылған әдебиет
''Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану''
Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану Ресей империясының
ұлттық аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін
Коммунистік партияның ұлттық бағдарламасына сәйкес бұрынғы отар халықтардың
мемлекеттілігін құру мәселесі тұрды.
Осыған дейін айтылып кеткеніндей, коммунистік партияның ұлттық
саясатының негізгі принциптерін Қазан революциясының жеңісінен бұрын-ақ
В.И. Ленин теориялық жағынан тұжырымдап берген болатын. Бұл саясаттың басты
қағидасы ұлттың бөлініп шығуға және жеке мемлекет құруға дейін өз даму
жолын өзі анықтау құқығын талап ету болып табылды. Мәселенің бұлайша
қойылуы қа билік үшін жүргізген күресіне ттастай қолдау көрсетуіне жағдай
туғызды. Алайда большевиктер билікті жеңіп алғаннан кейін В.И. Ленин
ұлттардың шыныменен өз даму жолын өзі анықтауын, Ресейден бөлініп шығып,
тәуелсіз мемлекет құру құқығын аяғына дейін жеткізгісі келмеді, бұл
мәселені шешуге бірінші кезекте социализм үшін күрескен еңбекшілердің
мүддесі тұрғысынан қарау керек дегенді баса атап көрсетті. Ал бұл ұлттық
мемлекеттілік — халықтың барлық топтары үшін қызмет ететін мемлекет емес,
жұмысшылар мен шаруалар мемлекеті, яғни таптық мемлекет дегенді білдірді.
Пролетариат диктатурасының үш негізгі міндеті
В.И. Ленин Кеңестер ғана мемлекеттілік идеясын. жүзеге асыра алады және
Коммунистік партияның басшылығымен пролетариат диктатурасының үш негізгі
міндетін: революция жолымен биліктен тайдырылған таптардың (помещиктер,
капиталистер және ұлттық шет аймақтағы олардың одақтастарының) қарсылығына
тойтарыс беру, капитализмді қалпына келтіру әрекеттерін болдырмау; барлық
еңбекшілерді пролетариаттың төңірегіне топтастыру және оларды социализмді
құруға жұмылдыру; революциялық күштерді қаруландыру және елді сыртқы
жаулардан қорғауды ұйымдастыру функцияларын барынша толы шешуге мүмкіндік
береді деп есептеді. Большевизмнің көсемі және орталық Кеңес үкіметі
басшысының бұл теориялық тұжырымы кейін РКФСР түріндегі Кеңестік
федерацияны және оның құрамына кіретін ұлттық кеңестік республикаларды (ал
кейін КСРО-ны) құру практикасында толығымен жүзеге асырылды.
Жаңа өкіметтің ұлттық-мемлекеттік құрылыс саласындағы негізгі
принциптері Кеңес үкіметінің аса маңызды екі құжатында — Ресей халықтары
құқықтарының Декларациясы (1917 жылғы 2 қараша) және Ресей мен Шығыстың
барлық еңбекші мұсылмандарына (1917 жылғы 20 қараша) деп аталған Кеңес
үкіметінің үндеуінде жарияланды.
Кеңестердің Бүкілресейлік III съезінде (1918 жылғы қаңтар) қабылданған,
В.И. Ленин жазған Еңбекші және қаналушы халықтар құқықтарының
Декларациясында Коммунистік партияның кеңес республикалары мемлекеттік
құрылымының нысаны ретіндегі Кеңестік Федерацияға қатысты ұстанымы көрініс
тапқан. Кеңестік Ресей республикасы, — деп атап көрсетілді құжатта, —
кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы ретінде ерікті ұлттардың одағы
негізінде құрылады.
РКФСР-дың - кеңестік типтегі алғашқы көп ұлтты мемлекеттің құрылуы жаңа
ұлттық автономиялық кеңестік мемлекеттердің құрылуына серпін берді. РКФСР-
дың құрылғанынан кейін жоғарыда айтылған лениндік тұжырымның негізінде және
И. Сталин басқаратын Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатының
(Наркомнац) бақылауымен елдің шығысында автономиялық республикалар құруға
дайындық жұмысы басталды.
Қазақстанның және Түркістанның коммунистік ұйымдары Ұлттар істері
жөніндегі Халық Комиссариатының белсенді түрде қатысуымен Кеңестердің
Бүкілқазақстандық және Бүкілтүркістандық съезін шақыруға дайындық
жұмыстарын бастады.
Сонымен қатар Кеңес өкіметі 1917 жылы желтоқсанда II Бүкілқазақ
съезінде құрылған Алашорда ұлттық-аумақтық автономиясын да, 1917 жылы
қарашада IV өлкелік Жалпы мұсылмандық съезде жарияланған Түркістан
автономиясын (Қоқан автономиясын) да мойындамайтынын ашық білдірді.
Тіпті, ол туралы жоғарыда айтылып кеткендей, Түркістан (Қоқан)
автономиясын 1918 жылы ақпанда большевиктер талқандаған болатын.
Алашорда басшыларының Кеңес үкіметімен келіссөздері
Осындай аса қиын жағдайда Алашорда басшылары Алаш автономиясын оны 1917
жылдың аяғында құрылған принциптер негізінде тануы туралы орталық Кеңес
үкіметімен келіссөздер жүргізуге тырысты. Осы мақсатпен РКФСР ХКК-нің
төрағасы В. И. Ленинмен және Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссары И.
Сталинмен кездесу үшін Әлихан Бөкейханов Мәскеуге өзінің екі сенімді серігі
— Халел мен Жанша Досмұхамедовтерді жіберді. Ә. Бөкейхановтың тапсырмасымен
1918 жылы 2 сәуірде Семейден Халел Ғаббасовтелефон арқылы И. Сталинмен
сөйлесті. Алайда осы келіссөздер барысында Алашорда басшылары В.И.Ленин мен
И.Сталиннің талап етуі бойынша Кеңес өкіметі елде барлық автономиялық
мемлекеттік құрылымдардың орталық өкіметі екенін амалсыз мойындады.
Осыған қарамастан, олар кеңестік басшылардың алдына дұрыс шешілген
жағдайда Алаш автономиясының тәуелсіздігін белгілі дәрежеде қамтамасыз
ететін бірқатар мәселелер мен талаптар қойды. Олардың мазмұны мына тұрғыда
еді: автономия ауқымында Қазақстан аумағының тұтастығын қамтамасыз ету;
Алашорданың қолына заңдық және атқарушылық билікті беру; қазақ ішіндегі
даулы мәселелерді шешуді халық өзі сайлайтын уездік және облыстық соттарға
беру; халық милицияларын — автономияның қарулы күштерін ұйымдастыру;
Алашорданы қолдағаны және Кеңес өкіметіне теріс пиғыл танытқан қоғамдық-
саяси ұйымдарға қатысқаны және т.б. үшін Алаш қайраткерлері мен қазақ
интеллигенциясы өкілдеріне қарсы саяси жаза қолдануға тыйым салу.
Алашорданың бұл ұсыныстары РКФСР-дың құрамдас бөлігі ретіндегі таптық
принципке негізделген бірқатар халықтардың (қазақтар, татарлар, башқұрттар,
Орта Азия халықтарының) кеңестік автономиясын құру жоспарын жүзеге асыруға
кірісіп кеткен ел басшылығынан ешқандай қолдау таппады. Бұл туралы
Алашорданың көрнекті қайраткерлерінің бірі Халел Ғаббасовтың 1929 жылы 10
қарашада ОГПУ тергеушісінің сұрақтарына берген жауабында айтылады. Атап
айтқанда, X. Ғаббасов былай деп мәлімдеді: Сталинмен болған әңгімеде
(тікелей телефон арқылы) мен Кеңес өкіметінің Деклараниясына. сәйкес
ұлттардың Ресей халықтарынан бөлініп, дербес мемлекет құруына дейінгі
ерікті өзін-өзі билеу құқығын тез арада іске асыру қажет екенін айттым...
Дәл есімде жоқ, бірақ мен негізінен жойылған қазақ мекемелерін қалпына
келтіру, кеңестер ауқымында ұлттық автономияны құру, қазақ халқының
тұтқынға алынған қайраткерлерін босату мәселелерін қамтитын 14 пунктті
ұсындым. Сталин өз жауабында біз Кеңес үкіметін мойындасақ, Құрылтай съезін
ұйымдастыруға дереу кірісетіндіктерін білдірді... Біз Сталинге Кеңес
үкіметін мойындайтынымыз туралы жеделхат жібердік және сол кезде Мәскеуде
болған Досмұхамедовтарға (Халел мен Жаншаға. — авт.) орталық Кеңес
үкіметінің алдына Алаш мүддесін толық жеткізуін хабарладық.
Бұл жеделхаттар Бөкейханов, Омаров, Мәрсеков, Ермеков, Сәрсенов және
мен қатысқан (тағы да Байтұрсынов Дулатов екеуі болған сияқты) жиналыстан
кейін жіберілген болатын. Бұл актіні Алашорда кеңесінің кезекті шарады
ретінде қарау керек.
Сталиймен телефон арқылы сөйлескеннен кейін облыстық кеңестің (Семей. —
авт.) торағасы Шұғаев шақырылды, бірақ олар не туралы сөйлескенін мен
білмеймін. Осы әңгімеден кейін облыстық кеңес бізге деген қатынасын біраз
өзгертті, тіпті тұтқындағылардың кейбіреуін босатты.
Жанша мен Халел Досмұхамедовтердің Мәскеуде Кеңес үкіметінің
басшылығымен кездесулерінің қорытындысы, сондай-ақ Сталинмен тікелей
телефон арқылы сөйлесудің нәтижесі орталық Кеңес үкіметі ұлттық
ауызбіршілік пен бірігу принциптеріне негізделген қазақ мемлекеттілігіне
үзілді-кесілді қарсы екенін, қоғамды таптық тұрғыда бөлуге негізделген
кеңестік автономия құруға ұмтылатынын көрсетті.
Кеңес басшылығы 1918 жылы сәуір-мамыр айларында Қазақ Кеңес
автономиясын құру мақсатымен Кеңестік Қазақстанның Құрылтай съезін шақыруға
қолайлы жағдай қалыптасты деп есептеді. Осы кезге қарай өлкенің бүкіл
аумағында дерлік (Орал облысын қоспағанда) Кеңес өкіметі орнады және едәуір
мөлшерде нығайды, жергілікті жерлерде биліктің бірыңғай органы жұмысшы-
шаруа Кеңестерінің облыстық және уездік съездері өткізілді; бірқатар ауыл-
селоларда болыстық, ауылдық және селолық Кеңестер өз қызметіне кіріскен
еді; Кеңестерге қарулы қарсылық көрсеткендер толық талқандалған болатын.
Шығыстағы алғашқы Кеңестік көп ұлтты республика Кеңестердің Түркістан
өлкелік V съезінде (Ташкент қаласы, 1918 жылғы 20 сәуір — 1 мамыр)
жарияланған Түркістан АКСР-і болып табылды. Оған қазіргі Қазақстанның
оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары (бұрынғы Сырдария мен Жетісу) кірді.
Қазақстанның қалған аумақтарында — Оралдың Торғай өңірінде, Ақмола, Семей
облыстарында, Бөкей Ордасы мен Маңғыстауда Қазақ кеңес мемлекеттілігін құру
мәселесі бойынша аса күрделі жұмыстар атқарылып жатты. Сонымен қатар
Қазақстан мен Орта Азиядағы тәуелсіз ұлттық автономия идеясына сенімсіздік
таныту үрдісі де ұйымдастырылды, қазақстандық және түркістандық мерзімдік
баспасөз беттерінде осы мәселе бойынша еңбекшілердің хаттары жарияланды.
Мәселен, 1917 жылы 16 желтоқсанда Ақмоладағы сан мыңдаған қазақ
еңбекшілерінің демонстрациясы атынан В.И. Ленинге жолданған жеделхатта
Қырғыз (қазақ. — авт.) интеллигенциясының басым көпшілігі байлар мен
аққсүйектерді қолдап, Алашорда автономиясын құрды... Алашорда автономиясы
қырғыз (қазақ. — овя.) еңбекшілеріне керек емес деп жазса, 1918 жылы 25
сәуірде кеңестердің Ақмола уездік съезі РКФСР Ұлттар істері жөніндегі Халық
Комиссариатына кадеттердін өзара келісіп алып, Алашорда атаған қазақ
автономиясы туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімі мүлде жарамсыз деп
танылсын. деген жеделхат жіберді. Түркістан (Қоқан) автономиясы
талқандалған күндері Қоқан қаласының жұмысшылары атынан Біздің газеттін
(Ташкент кеңесінің органы) беттерінде мақала жарияланып, онда былай
делінді: Біз, еңбекшілер мен жұмысшы-мұсылмандар, барлық автономиялық
авантюристерге лағынет айтамыз, Ресей социалистік республикасын
мойындаймыз, сонымен бірге және жұмысшы, солдат, шаруа және диқан-мұсылман
депутаттары кеңестеріне бағынамыз.
Кеңес өкіметін нығайту және Қазақ кеңес автономиясын құруға дайындық
жұмыстарын жүргізу кезінде Үш жүз партиясының көсемдері, бірінші кезекте
Қолбай Тоғысов Алаш партиясына арсы күресті күшейе түсті. 1918 жылы
сәуірдің басында К. Тоғысов телеграф арқылы Семей Кеңесінің төрағасы К.
Шұғаевка Алаш құрған барлық ұйымдарды таратуды ұсынды.
Бірнеше күн өткен соң ол РКФСР ХКК-нің төрағасы В.И. Ленинге
ультимативтік сипаттағы мынадай жеделхат жібереді. Бөкейхановтың қырғыз
(қазақ. — авт.) автономиясы туралы сізбен телефон арқылы сөйлескен хабары
Үш жүзпартиясының төрағасы мағанда белгілі болды. Алаш партиясы
таратылып, оның мүшелері тұтқындалғанын сіздің назарыңызға жеткізіп тұрмын.
Бөкейханов — Дутов қозғалысының көрнекті белсенді мүшелерінің бірі қазір
іздестіріліп жатыр. Газет мәліметі бойынша Алаш партиясының көрнекті
өкілі Ғаббасов Мәскеуге барып, сізбен кездескен. Ғаббасовты дереу тұтқынға
алып, Омбыға жіберуге, революцияға қарсы қозғалысқа қатысқаны үшін
революциялық трибуналдың сотына тартуға бұйрық беруіңізді сұраймын.
Іс жүзінде үш жүздіктердің ұлттық-мемлекеттік құрылыс бойынша айқын
бағыт-бағдары болған жоқ. Олар 1918 жылдың басынан бастап Алаш
автономиясына қарсы шыға отырып, Қазақстанның мәдени-экономикалық артта
қалушылығы, халқының аса үлкен жер аумағында шашыраңқы (Астраханнан Қытайға
дейін) орналасуы, өлкенің көп ұлттық сипаты қазақ мемлекеттілігін құру
жолындағы басты кедергі деп есептеді. Олар қазақ мемлекеттілігі бір ғана
қазақ ұлты негізінде құрыла алмайды, басқа халықтар оған кедергі
келтіреді деп есептеді.
Үш жүздіктер ұлттық мәселені шешудің мемлекеттік формасы Түркі-татар
қоғамдастығын құруда деп білді, басқаша айтқанда, бір ғана түркі тілдік
белгісіне қарай Ресей мұсылмандарын жасанды жолмен біріктіру идеясын
көтерді. Сондықтан олардың Түркілер мен татар ұландары жасасын! деген
ұраны партиямен аттас орган Үш жүз газеті әрбір нөміріні бірінші бетіне
басылып отырды.
Үшжүздіктердің кеңестік автономия идеясын қабыл алуы
Ал 1918 жылы көктемнің аяғында большевиктер қазақ кеңестік мемлекетін
құрудың дайындық жұмыстарына кірісіп кеткен кезде үшжүздіктер ойланып
жатпастан, кеңестік автономия идеясын қабыл алып, Кеңес өкіметін қолдап
шықты да, оның Алашордаға қарсы күресін қуаттады. Бұл орталық Кеңес
үкіметіне пайдалы болды. Ә.Т. Жангелдиннің айтуынша, Үш жүз партиясының
Алаш партиясымен қарым-қатынасы айқындалған кезде, Кеңес үкіметі оған К.
Тоғысовпен байланыс орнатып, мына жағдайды жүзеге асыруды тапсырған: Егер
бл партия шыныменен Алашордаға қарсы әрекет етсе, онда оны біздің жағымызға
тарту керек.
Қазақстанның кеңестік автономиясын құру мәселесі бойынша жұмыс одан әрі
жалғаса түсті. РКФСР Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатының 1918
жылы 12 мамырда ұйымдастырылған қазақ бөлімінің аса маңызды міндеті Қазақ
Кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстарын жүргізу болатын.
Қырғыз (қазақ) дала өлкесінің төтенше комиссары болып тағайындалған
Ә.Т. Жангелдин кеңестердің Бүкілқазақстандық съезін өткізуге дайындық жасау
мен оны шақыру жұмыстарына жауап берді. 1918 жылы 20 мамырда ол Сырдария,
Жетісу және Ферғана облыстық кеңестерінің атқару комитеттерінде болып, мына
мәселелерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz