Машиналар мен жабдықтар



Жоспары:

1. Кіріспе
1.1. Машиналар мен жабдықтар жөнінде директива

2. Қауіпсіздіктің талаптары:
2.1. Машиналар мен жабдықтарды стандарттаудың талаптары
2.2. Машиналар мен жабдықтар жөніндегі Еуропалық Одақтың
мақсаты
2.3. Техникалық құжаттама
2.4. Машиналар және қауіпсіздік туралы заңнама
2.5. ЕО.да қолданылатын қауіпсіздік туралы ереженің Қазақстанға
әсері
2.6. Өндіруші машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3. Қорытынды
Кіріспе
1.1. Машиналар мен жабдықтар жөнінде директива 98/37/EC Еуропалық Одақтың барлық елдері үшін машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігінің ең төменгі талаптарын үйлестірудің реттеуші базасын қамтамасыз етеді. Директива екі функцияны орындайды: машиналар мен жабдықтардың Бірыңғай нарықта еркін қозғалуына ықпал етеді және ЕО-ның жұмысшылары мен азаматтарының қорғалу деңгейіне кепілдік береді. «Жаңа Ұстанымдағы» Директиваның бірі ретінде ол денсаулық пен қауіпсіздікті сақтаудың міндетті талаптарын ерікті стандарттарымен үйлестіру арқылы үйлесімділікке жәрдемдеседі. Директива стандарттарға сілтеме жасалмай, қауіпсіздік жөніндегі міндетті талаптар толық жазылған осының алдындағыдан ерекшеленеді. Жаңа Ұстаным Директивалары ЕО нарығында тұңғыш рет орналастырылатын немесе енгізілетін өнімдерге ғана қолданылады.
Машина Директивада «Өзара бөліктермен немесе компоненттермен байланысқан қосылыстар, олардың бірі ең кем дегенде тиісті реттеушілермен, бақылау тұтқаларымен және қайта қосылғыштармен, басқалармен қозғалатын, белгілі бір қолданыс үшін, атап айтқанда, материалды өңдеу, қайта өңдеу, орналастыру немесе орау үшін бірге жиналған» ретінде сипатталады. Өндіруші өз өніміне Машиналар мен жабдықтар жөніндегі директиваның қаншалықты ықпал ететінін айқындауға жауапты.
Осы курстық жұмыс машиналар мен жабдықтарды өндірістік процестерде пайдалану үшін жеткізуге байланысты заңдық және практикалық мәселелермен қысқаша таныстыруға арналған. Ол Еуропалық Одақтың денсаулық пен қауіпсіздікті қорғау жөніндегі заңының негізгі талаптарын қамтиды және олардың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған қажетті іс-қимылды сипаттайды. СЕ белгісімен таңбалау – бұл небәрі «айсбергтің беті» ғана, өйткені басқа да көптеген міндеттемелер бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
• kaztowto@gmail.com.
• Жобаның веб-сайты: www.memst.kz/tacis
• Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің веб-сайты: www.memst.kz.
• www.ibf.be.
• Машина жабдықтары туралы Директива бойынша негізгі веб-сайт: http://europa.eu.int/comm/enterprise/mechan_equipment/machinery/index.htm;

Жоспары:

1. Кіріспе
1.1. Машиналар мен жабдықтар жөнінде директива

2. Қауіпсіздіктің талаптары:
2.1. Машиналар мен жабдықтарды стандарттаудың талаптары
2.2. Машиналар мен жабдықтар жөніндегі Еуропалық Одақтың

мақсаты
2.3. Техникалық құжаттама
2.4. Машиналар және қауіпсіздік туралы заңнама
2.5. ЕО-да қолданылатын қауіпсіздік туралы ереженің Қазақстанға
әсері
2.6. Өндіруші машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3. Қорытынды

Кіріспе
1.1. Машиналар мен жабдықтар жөнінде директива 9837EC Еуропалық
Одақтың барлық елдері үшін машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігінің ең
төменгі талаптарын үйлестірудің реттеуші базасын қамтамасыз етеді.
Директива екі функцияны орындайды: машиналар мен жабдықтардың Бірыңғай
нарықта еркін қозғалуына ықпал етеді және ЕО-ның жұмысшылары мен
азаматтарының қорғалу деңгейіне кепілдік береді. Жаңа Ұстанымдағы
Директиваның бірі ретінде ол денсаулық пен қауіпсіздікті сақтаудың міндетті
талаптарын ерікті стандарттарымен үйлестіру арқылы үйлесімділікке
жәрдемдеседі. Директива стандарттарға сілтеме жасалмай, қауіпсіздік
жөніндегі міндетті талаптар толық жазылған осының алдындағыдан
ерекшеленеді. Жаңа Ұстаным Директивалары ЕО нарығында тұңғыш рет
орналастырылатын немесе енгізілетін өнімдерге ғана қолданылады.
Машина Директивада Өзара бөліктермен немесе компоненттермен
байланысқан қосылыстар, олардың бірі ең кем дегенде тиісті реттеушілермен,
бақылау тұтқаларымен және қайта қосылғыштармен, басқалармен қозғалатын,
белгілі бір қолданыс үшін, атап айтқанда, материалды өңдеу, қайта өңдеу,
орналастыру немесе орау үшін бірге жиналған ретінде сипатталады. Өндіруші
өз өніміне Машиналар мен жабдықтар жөніндегі директиваның қаншалықты ықпал
ететінін айқындауға жауапты.
Осы курстық жұмыс машиналар мен жабдықтарды өндірістік процестерде
пайдалану үшін жеткізуге байланысты заңдық және практикалық мәселелермен
қысқаша таныстыруға арналған. Ол Еуропалық Одақтың денсаулық пен
қауіпсіздікті қорғау жөніндегі заңының негізгі талаптарын қамтиды және
олардың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған қажетті іс-
қимылды сипаттайды. СЕ белгісімен таңбалау – бұл небәрі айсбергтің беті
ғана, өйткені басқа да көптеген міндеттемелер бар.

Курстық жұмыс бірінші кезекте, тіпті оны басқа тұлға өндірсе де,
жұмыс орындарында пайдаланылатын машина жабдықтарын жеткізетін
импортерлардың, экспортерлардың, және өкілдердің назарын аударуға арналған.
Ол сондай-ақ жұмыста пайдаланылатын машина жабдықтарын өндірушілер мен
сатып алушылардың негізгі міндеттемелерін қамтиды, алайда олардың алдында
соған сәйкес болу қажет қосымша міндеттемелер де тұрады. Қосымша ақпарат
көздері курстық жұмыстың соңында берілген. Өндіруші термині машина
жабдықтарын жинаумен және орнатумен шұғылданатын тараптарды қоса алғанда,
кеңейтілген мағынада пайдаланылады.
2.1. Машиналар мен жабдықтарды стандарттаудың талаптары :
Стандарттау әртүрлі экономикалық субъектілер (өнеркәсіп салалары,
шағын және орта бизнес, мемлекеттік билік органдары, тұтынушылар,
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар және басқалар)
арасындағы мәмілеге негізделген ерікті процесс болып табылады. Оны
ұлттық, халықаралық және еуропалық деңгейде жұмыс істейтін
стандарттаудың тәуелсіз орындары жүргізеді. Мыналар: Стандарттау
жөніндегі Еуропалық Комитет (CEN), Электротехникалық Стандарттау
жөніндегі Еуропалық Комитет (CENELEC) және Телекоммуникациядағы
стандарттау жөніндегі Еуропалық Институт (ETSI) стандарттау жөніндегі
еуропалық мекемелер болып табылады. 80-ші жылдардың ортасынан бастап,
Еуропалық Одақ өзінің саясаты мен заңнамасына жәрдемдесетін
стандарттарды неғұрлым кең пайдалана бастады.

Стандарттау CEN, CENELEC және ETSI ұйымдары әзірлеген еуропалық
стандарттармен байланысты Жаңа Ұстаным туралы заңнаманың аясында ішкі
нарықты іске асыруға едәуір үлес қосты. Бұдан басқа, стандарттау бәсекеге
қабілеттілік, ақпараттық және коммуникациялық технология, мемлекеттік сатып
алу, жүйелердің өзара іс-қимылы, қоршаған ортаны қорғау, көлік, энергетика,
тұтынушыларды қорғау және басқа салаларда европалық саясатқа жәрдем
көрсетеді.

Бүгінгі күнгі ең басты мәселелер:

- стандарттарды нарық талаптарына сәйкес қабылдауға болатын мерзімдерде
әзірлеу;
- стандарттау рәсімдері үшін мамандардың құзыреттілігін арттыру;
- стандарттау нәтижелеріне қатысты ақпаратқа қол жетімділікті кеңейту;
- стандарттарды неғұрлым кең пайдалану болып табылады.

Қауіпсіздік жөніндегі кейбір стандарттармен CENELEC жұмыс істегенімен,
машиналар мен жабдықтарға байланысты стандарттардың көпшілігін CEN
әзірлеген. ETSI бұл секторды қамтымайды. Машина жабдықтары жөніндегі
стандарттар Еуропалық Комиссияның ерекше мандатына сәйкес әзірленеді.
2.2. Машиналар мен жабдықтар жөніндегі Еуропалық Одақ Директивасының
мақсаты
Директива көп жағдайда адамның, машина жабдықтарымен шұғылданатын
адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудың ең төменгі талаптарын
белгілейді.

Директива қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша машиналар мен
жабдықтарды және компоненттерді жабады. Машиналар мен жабдықтардың
негізінде механикалық болатыны жетекші принцип. Машиналар мен
жабдықтардың қосымша сипаттамасы мыналарды қамтиды:

➢ Ол жеке бөліктерден құралады.
➢ Бөліктер бір-бірімен байланысты болуға тиіс. Ол сондай-ақ ең соңғы
өнім Директиваның талаптарына сәйкес келу шартымен тасымалдауды
жеңілдету үшін сатылатын алуан түрлі жабдықтарды қамтиды.
➢ Тым болмағанда, бөліктердің бірі қозғалатын болуға тиіс. Бұл қозғалыс
не сыртқы энергиядан (электр, батарея, жанармай т.б.), не жинақталған
энергиядан (рессор, ауырлық) пайда болуға тиіс.
➢ Белгілі бір қолдануға қызмет етеді. Бұл жабдықтардың бітпегенін,
сондықтан жұмыс істемейтінін, Директивамен қамтылмайтынын білдіреді.
Машиналар мен жабдықтар термині сондай-ақ бірнеше машиналардан немесе
кешенді жабдықтардан тұратын жиынды қамтиды. Кешенді жабдықтар – бұл жалпы
нәтижеге жәрдемдесу мақсатында, өзара байланысты жұмыстар үшін құрылған
және орнатылған машиналар мен жабдықтардың, құралдардың немесе
механизмдердің тобы.
2. Қауіпсіздіктің ең төменгі талаптары
Жабдықтар өзінің қарастырылған мақсаттарына қызмет ететіндей, сондай-ақ
адамға қауіп төндірмей реттелетіндей және қызмет көрсететіндей үлгіде
әзірленуге тиіс. Жинауды және бұзуды қоса алғанда, машина жабдықтарының
көзделген өмірлік мерзімі бойында бақытсыз жағдайлар қатерін болдырмау
жөнінде қажетті шаралар қабылдануға тиіс. Егер оларды алдын ала байқау
мүмкін болса, төтенше жағдайлар да назарда ұсталуға тиіс. Негізгі
факторлар:
- Қауіпсіздіктің интеграциясын (жабдықтарды әзірлеуді)
- Материалдар мен өнімдерді
- Жарықты
- Басқаруды қамтиды
Қауіпсіздік жөніндегі ең төменгі талаптардың қоршаған ортаны қорғау немесе
машина жабдықтары өндірісінің технологиялық процесс проблемаларына тікелей
қатысы жоқ. Алайда, олар өзінің ықпалын тигізе алады. Мысалы, машина
жабдықтарынан шығатын шуды азайту қоршаған ортадағы шудың төмендеуіне де
ықпал етеді. Кейде қауіпсіздік жөніндегі ең төменгі талаптарды және басқа
талаптарды үйлестіру қиын. Мысалы, жабдықтар шығаратын газдардың жинақталуы
және сыртқа шығарылуы экологиялық қатер тудыруы мүмкін. Қауіпсіздіктің
рұқсат етуге сәйкестігі тамақ гигиенасына байланысты проблема туындатуы
мүмкін.

Стандарттау қауіпсіздік талаптарының осы алуан түрлерін үйлестіре алады.
Еуропалық Директивамен қамтылмаған техникалық салаларда мүше мемлекеттер ЕО-
ның Келісім міндеттемелеріне сәйкес келген жағдайда, өздерінің меншікті
регламенттерін қабылдауға құқылы екенін атап көрсету қажет.

ЕО-ға сәйкестік туралы Декларация
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық машиналар мен компоненттерде
ЕО-ға сәйкестік туралы Декларация болуға тиіс. ЕО-ға сәйкестік туралы
Декларацияда:
• Егер жабдық Еуропалық Экономикалық Аймақтан тыс өндірілген жағдайда,
өндірушінің немесе импортердің атауы мен мекенжайы (ЕЭА Швейцарияны
қоспағанда, Еуропалық Одақ елдерін және Еуропалық Еркін Сауда Аймағын
қамтиды).
• Машина жабдығының сипаты, оның құрамы, түрі мен сериялық номері.
• Жабдық сәйкес келетін барлық тиісті Еуропалық заңдарды
(Директиваларды) көрсету.
• Жұмысқа қосылғаны ресми жарияланған органдар туралы ақпарат.
• Өндіру кезінде пайдаланылған стандарттарды көрсету.
• Уәкілеттіжауапты адамның қолы қамтылуға тиіс.
Еуропалық Экономикалық Аймаққа орналастырылған, машина жабдықтарына
арналған Сәйкестік туралы декларация ағылшын, француз немесе неміс
тілдерінде рәсімделуге тиіс. Сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқаулық жабдық
қызмет көрсету үшін орналастырылатын елдің тілінде жазылуға тиіс.
2.3. Техникалық құжаттама, оның мақсаты
Сәйкестік туралы ЕО Декларациясын жасаудың алдында, өндіруші немесе оның
Еуропалық Одақтағы уәкілетті өкілі инспекция үшін белгілі бір маңызды
ақпараттың бар екендігіне кепілдік беруге дайын болуға тиіс. Бұл ақпарат
немесе Техникалық Құжаттама мыналардан:
• Басқару тұтқаларының схемасымен бірге, машина жабдықтарының толық
схемасынан
• Есептеу жазбалары (ондайлар болған жағдайда), сынақ нәтижелері (немесе
соған ұқсас құжат) бар толық схемадан, ол жабдықтардың денсаулықты
қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ең төменгі талаптарға сәйкестігін
тексеруге мүмкіндік береді
• Жабдықтарды жобалау кезінде пайдаланылған Директивалардың,
стандарттардың және басқа техникалық ерекшеліктердің ең төменгі
талаптарының тізімінен
• Қатерлерді болдырмау үшін пайдаланылатын әдістемелерді сипаттаудан
• Құзыретті органнан немесе зертханадан алынған кез келген техникалық
есептерден немесе сертификаттардан
• Өндіруші жабдықтың үйлестірілген стандартқа сәйкестігі туралы
мәлімдеген жағдайларда, өндіруші немесе құзыретті орган немесе
зертхана жүргізген тестілердің нәтижелерімен бірге кез келген
техникалық есептен
• Жабдықтарға арналған нұсқаулықтың көшірмесінен
• Сериялық өндіріс үшін жабдықтардың Директиваның ережелеріне
сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын ішкі шаралардан тұрады
Жабдықтарға арналған нұсқаулықты қоспағанда, барлық құжаттар Еуропалық
Одақтың ресми тілдерінің бірінде берілуге тиіс. Құжаттама құзыретті ұлттық
органдар үшін оның сериялық өндірісі шығарылған жағдайда жабдық немесе
соңғы машина өндірілген күннен бастап он (10) жыл бойы сақталуға тиіс.
Басқа жеткізушілер немесе машиналар мен жабдықтарды өндірушілер үшін
техникалық құжаттамаға рұқсат беруге шектеу енгізілуі мүмкін.
2.4. Машиналар және қауіпсіздік туралы заңнама
Бұл регламенттер ЕО-да өндірілген немесе оған жеткізілген немесе Еуропалық
Экономикалық Аймақтың ішінде пайдаланылатын барлық жаңа жабдықтарға
қатысты. Машиналар мен жабдықтар деген термин кеңінен пайдаланылады.
Жалпы мысалдар:
• Кешенді өндірістік желі
• Автотиеуші
• Циркулярлық ара
• Ауыл шаруашылық соқасы
• Көтергіш жабдықтар мен құрылғылар
• Эскалатор
Алайда, төменде келтірілгендей, бірнеше басқа жағдайлар да бар.
2.5. ЕО-да қолданылатын қауіпсіздік туралы ереженің Қазақстанға әсері
Қауіпсіздік туралы ЕО ережесі ЕЭА-ға жаңа машиналар сатумен немесе
жеткізумен шұғылданатын барлық қазақстандық өндірушілерден және
жеткізушілерден машина жабдықтарының қауіпсіздігіне кепілдік талап етеді.
Тиісінше, олардан мыналар:
• Машиналар мен жабдықтардың Еуропалық заңнамада тізбеленген
қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретіндігі.
• Жабдықтар пайдалану жөніндегі тиісінше нұсқаулықтармен бірге
берілетіні.
• Техникалық құжаттаманың бар екендігі.
• Жабдықтардың қажет жағдайда ресми жарияланған органмен
тестіленгендігі.
• Сәйкестік туралы Декларацияның (немесе жалғамалылығы туралы Декларация
(16-мәселені қараңыз) бар екендігі.
• Жабдықта ЕО-ның таңбасы (немесе жалғамалылығы туралы Декларация) бар
екендігі талап етіледі.
Жалпы мақсат талаптарда белгіленгендей, машина жабдықтарының қауіпсіздігі
болып табылады.

Қазақстанда жасалған машиналар мен жабдықтарды ЕЭА-ға экспорттау
Бірінші міндеттеме – бұл машинамен жұмыс істеген кезде адам
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Машиналар мен жабдықтар және тиісті
стандарттар туралы Директива осының ең жақсы бастамасы болып табылады.
Тексерудің барлық талаптарын жүргізу қажет (төмендегі тізімді қараңыз). Бұл
сарапшылардың жоғары лайықтылығын талап ететін айтарлықтай ұзақ процесс.

Белгілі бір өнімдер үшін Машиналар мен жабдықтар туралы Директивалар
үйлестірілген стандарттарда белгіленген қауіпсіздік деңгейіне сілтеме
жасайды. Мұндай жағдайларда, Директива кейін атқарылатын істерді осында
қабылданатын стандарттардың өзінде қалдыра отырып, жалпы деңгейді ғана
көздейді. Себебі, барлық ықтимал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР, ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ
Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні
Машина жасау өнеркәсібі
Негізгі капитал
Негізгі құралдардың тозу аудиті
Негізгі құралдардың түсінігі, топтастырылуы және бағалануы
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
Семей силикат зауыты ЖШС-ның негізгі құралдарының есебі
Машина жасау өнеркәсібі кешені
Пәндер