Капиталдың қорлануы және инвестиция



Кіріспе
I. Капиталдың қорлануы және инвестиция
1.1 Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
1.2 Қоржындық инвестицияның тиімділігі
II. Капитал теориясы: даму кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі айналатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Рас, қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақшалар капитал бола алады. Мысалы, А-Т-А', мұндағы А"=A+ΔA, ал A'=A+ΔA, ал ΔA – бұл ақшаның алғашқы саласынан арта өсуі. Осы алғашқы құннан өсімшені қосымша құн деп атап "m" әрпімен белгілейді.
Ақша ақша ретінде және ақша капитал ретінде алғашқыда бір – бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты – ақша иегерінің нақты сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп, өзінің бай – тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға – жұмыс күші тауары жатады.
Экономикалық теорияда капитал мәніне деген көз – қарастар біркелкі емес.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А.Смит (1723-1790ж.ж) пен Д.Рикардо (1772-1825ж.ж) және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самуельсон,У.Нордхауздың ойынша, капитал – бұл өндіріс
1. Несиелік серіктестік туралы ереже. Ұлттық банк жаршысы, 15 – н 1997ж.
2. «Кәсіпорын экономикасы» (Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.А).
3. Капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды тіркеу тәртібі туралы ереже. Ұлттық банк жаршысы, 23 – н 1997ж.
4. Деньги, кредит, банки. Учебник под ред. профессора Сейткасымова Г.С. – Алматы: Экономика 1995г.
5. Төменгі резервтік талап туралы ереже. 23 мамыр 1997, 222 – н. Ұлттық банк жаршысы, 25 – н 1997ж.
6. Қазақстан Республикасының ата – Заңы, 30 тамыз 1995ж. Алматы, Қазақстан, 1995ж.
7. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережесі. Ұлттық банк жаршысы. Апталық мерзімді басылым, 25.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе ___________________________________ _________________ 3
I. Капиталдың қорлануы және инвестиция________________ 5
1.1 Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері_____ 11
1.2 Қоржындық инвестицияның тиімділігі________________ 18
II. Капитал теориясы: даму кезеңдері______________________ 21
Қорытынды ___________________________________ ___________27

Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _______31

3
Кіріспе
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде капитал сөзі жиі айналатын
болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Рас, қандай да бір
капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды.
Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар.
Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақшалар тауар
айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым
қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы
салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақшалар капитал бола
алады. Мысалы, А-Т-А', мұндағы А"=A+ΔA, ал A'=A+ΔA, ал ΔA – бұл ақшаның
алғашқы саласынан арта өсуі. Осы алғашқы құннан өсімшені қосымша құн деп
атап "m"әрпімен белгілейді.
Ақша ақша ретінде және ақша капитал ретінде алғашқыда бір – бірінен
тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты – ақша иегерінің нақты
сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті,
одан да көп, өзінің бай – тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға – жұмыс
күші тауары жатады.
Экономикалық теорияда капитал мәніне деген көз – қарастар біркелкі
емес.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А.Смит
(1723-1790ж.ж) пен Д.Рикардо (1772-1825ж.ж) және қазіргі белгілі американ
экономистері П.Самуельсон,У.Нордхауздың ойынша, капитал – бұл өндіріс

4
құрал – жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж.ж) және
ағылшын экономисі Джон Робинсон (1903-1983ж.ж) т.б., капиталды – бұл ақша
сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқада
көзқарастар бар: капитал – бұл өндіріс аясында қолданылатын адамның білімі,
қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал – бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде
табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің
көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал – жабдығы, адамдар және
ақшалар да капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К.Маркс былай деп жазған:
сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал – жабдығында (тұрақты
капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай (ақша капиталы) болып
келеді. К.Маркс осыдан соң капиталды – күрделі ұғым санаған. Барлық аталған
материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана
капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе
қосымша құнды жасауға қолданса.
Өзінің басты еңбегі Капиталды К.Маркс капиталдың бірқатар
анықтамасын берген. Бұл кездейсоқ емес. Капиталдың бірінші томында:
капитал - бұл құн, бұл өзін - өзі өсіретін құн деп көрсетілген.
Капиталдың екінші томында: капитал бұл қозғалыс екенін дәлелдеген.
Капиталдың мәні толыққанды Капиталдың үшінші томында ашылған. Ол
капиталды заттар жинағы ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал – бұл
зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екнін
айтқан.

5
I. Капиталдың қорлануы және инвестиция.
Материалдық және рухани игіліктер қоғамдық өндірісі тоқтамайды. Күн
сайын адам қандай да бір өнімді тұтынады. Қоғам тұтынуды тоқтатпайды. Демек
өндіруді де тоқтатпақ емес, бірақ тұтынатын өнімдерді үнемі жаңартып отыру
қажет. Өндірістің тұрақты жаңалану процесін ұдайы өндіріс дейміз. Ұдайы
өндіріс жай және ұлғаймалы болады. Өндірістің жыл сайын өзгерісіз ауқымда
жаңару процесін жәй ұлғаймалы өндіріс дейміз. Өндірістің жыл сайын көбірек,
ұлғаймалы ауқымда жаңаруын ұлғаймалы өндіріс дейміз. Осы ұлғаймалы
өндірістің есебінен өндіріс ауқымы (масштабы) өсе түседі.
Өндіріс ауқымының өсуі қосымша құн есебінен жүзеге асады.
Мысалы. Айталық, кәсіпкер жыл басында өндіріске 800с. теңге ақша
бірлігі - өндіріс құрал – жабдығын (тұрақты капитал – С), ал жұмыс күшіне
(өзгермелі капитал – V) - 200 V теңге ақша бірлігін жұмсайды. Жыл соңында
өндірілген өнімнің құны мынаған тең:
800с+200v+200m=1200 ақша бірлігі.
Келесі жылы кәсіпкер өндіріс ауқымын арттыруға бел буып, өндірісті
ұлғайтуға 100 теңге ақша бірлігінде қосымша құнға жұмсап, қалғанына 100
теңге тұтынуға кетеді.
80c+20v→100m (өндірісті ұлғайтуға кетеді)
800с+200v+200m=1200 теңге ақша бірлігінде.
100 теңге (тұтынуға кетеді)
Тұрақты және өзгермелі капиталдың арасында 100 т бірлігін бөліп
олардың ара қатынасына пропорционалды түрде жүзеге асады. Осы жағдайда бұл
арақатынас 4с:1v тең. Демек,
6
тұрақты капиталды толтыруға 80т, ал өзгермелі капиталды толтыруға 20т
жұмсалады. Егер қосымша құн нормасы 100% деңгейінде қалса, онда жыл аяғында
өндірілген өнім құны өсіп, ол мынаған тең:
880с+220v +220m = 1320 теңге ақша бірлігі.
Егер келесі жылдың басында қосымша құнды осылай бөлу процесі
қайталанса, онда өндіріс көлемі тағы да артпақ. Демек, ұдайы ұлғаймалы
өндіріс процесі жалғасып, қосымша құнның бір бөлігі жыл сайын функционалды
капиталға айналып отырады. Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың
қорлануын көрсетеді.
Капитал қорлануының факторлары:
- қосымша құнның нормасы;
- қызмет атқаратын капитал мөлшері;
- еңбек өнімділігінің артуы;
- қосымша құн бөлігінің қорлану және тұтыну арасындағы пропорция.
Осы аталған факторлардың барлығында бір мезгілде жүзеге асады.
Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың
құн бойынша (С:V) құрылымы өзгереді, яғни өндіріс құрал – жабдығын (С)
алуға жұмсалатын капитал тезірек өседі. Ал, жұмыс күшін (V) сатып алуға
жұмсалатын капитал үлесі азаяды, себебі, кәсіпкер бәсекелестік жағдайында
кәсіпорынды (фирма) техникалық жарықтандыруға барынша ұмтылады. Капиталдың
техникалық құрылымы өзгеруінің нәтижесі – бұл С мен V арасындағы өзгеру,
яғни өндіріс құрал – жабдығы санын жұмыскер санына қатынасы.

7
Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады:
1. Капиталдың шоғырлануы;
2. Капиталдың орталықтануы.
Капиталдың орталықтануы – бұл қосымша құнның есебінен капитал
мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың
бірігуі жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте бар капиталдың өзі
жойылады немесе басқаларға қосылады.
Капитал орталықтануының бірден - бір түрі болған акционерлік
қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы
өндірістің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі
кәсіпорында барынша өндіріс құрал – жабдығын, жұмыс күшін және өнімді
шығаруды бір қолға жұмылдыруды айтамыз.
Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге
асады. Күрделі қаржы (инвестиция) – бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс
жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын –
үй, мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткн шығындар.
Инвестиция немістің invesition деген сөз және бұл кәсіпорынға
пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынға капитал мөлшерін көрсетеді. Осы
тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін
былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, зейнеткерлік
қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
8
Инвестиция қайнар көзіне - өнеркәсіп кәсіпорынның (фирма) көптеген
пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары,
мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден
салығы және т.б) оның барлығы шығындарын алып тастау. Тұтынуға кетпеген
барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде
жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқарып тұрғандарын жабдықтауға сондай –
ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау оқу – ағарту, мәдени объектілеріне
бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қоррлану теориясын
К.Маркс Капиталдың бірінші томында қарастырған, онда капиталдың
қорлануының мәні мен механизімін ашады, ол өз кезегінде оның органикалық
құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейне өзінің Жалақы пайыз
және ақшаның жалпы теориясы (1936ж.) еңбегінде қарастырған онда ол
инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы
ретінде қарастырады. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске
қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен
салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске
қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке

9
үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогресивті өнімді шығаруды айтамыз.
Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
- инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға
шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен
реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі
қаржының жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес
болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау
қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы проектісін ескісімен
салыстырғанда мына параметірлермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен
өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және т.б. Сондай – ақ пайдалы
проектінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі қызмет жасаудың ыңғайлығы,
еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.
Кәсіпорын мен фирма тәжірбиесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігін
жоғарыда көрсетілген параметрмен ғана шектелмейді, онда өндірілген өнімнің
бағасы, өзіңдік құны бойынша да жағдайлар жиі туындайды.
Бұрынғы КСРО - да жаңа техникаға норматифті коэффицент сала бойынша
0,1-ден 0,5-ке дейінгі диапозода бекітілген, ал халық шаруашылығы үшін
орташа – 0,15 болады.

10
Бұл минимальды жіберген қайтарым мерзімінің 2-ден 10 жылға болатындығы
байқатады, ал орташа 6 жыл шамасында.
Сондай – ақ күрделі қаржы тиімділігіне білімді, ғылыми зерттеуді,
оқуды инвестициялау арқылы қол жеткізеді. Адам капиталына шығын жұмсау
экономикалық өндірістік әлеуетін ұлғайтады.
Нақты қорланған капиталдың өсуі соңы 10 жылда индустриалды елдерге
өмір деңгейінің материалды артуының басты факторы болып отыр. Бүгінгі
инвестиция ең жаңа өндіріс құүрал – жабдығының, ең жаңа ғылымы мен
техниканың негізінде еңбек өнімділігін артунына дінгек болды. Сондықтан да
бүгін өндірілген нәрсенің көп бөлігін сақтап, инвестицияласақ, онда
біздердің ертең тұтынатын мүмкіндіктеріміз мол болмақ.

11
1.1 Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері.
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға,
резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен
құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды.
Инвестицияны материалдық – заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады.
Материалдық – заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және
өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар, және т.б., сонымен
қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық
заттарды басқа инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың
материалдық – заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды
қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол –
негізгі капиталдың (негізгі қор) артуын қодауға бағытталады. Жалпы
инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі –
амортизация. Ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын
өндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдың қаржы жұмсау
негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру,
қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске
асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар,
олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім,
денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғай, осы
салалардағы жаңадан салынатын

12
объектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан
әрі жетілдіруге жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық
қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылды. Кәсіпорынның
экономикасында инвестицияның маңызы өте зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ
мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай
жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс
қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерін бәсекеге жарамдылығын
арттырып және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал
салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық
стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны
үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден
анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты біріктілігін талдау
кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік
салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар,
жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген
басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және
әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу
мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық
түрлері. Ал экономикалық жағынан
13
экономикалық анықтамалығы ол құруға, қеңейтуге, қайта құуға, негізгі
капиталды техникамен жарықтандыруға, сол сияқты айнымалы капиталға осымен
байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын щығыстар деп түсінуге болады.
Шынын айтқанда тауар – материалдық босалқы қорлардың өзгерістері
көпшілігіде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау
просеці ретінде табыс табуға немесе қандайда болмасын басқа да нәтижеге
жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып болжаланған нәтижеге
жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметінің екі
жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни
инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе
ұзақ мерзімді күделі қаржылар формасында жүзеге асырылады.
Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей,
портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып
табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі
есебіндегі өз өзінен байәланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне
түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

14
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстар
түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы
жалға капиталға жұмсалу болып табылады.
Портферьдік инвестициялар - портферьді қалыптастыруға байланысты
(түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол
сияқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс
әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды
көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды
жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің
ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық
жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі
уақытта жүргізілген нарықтық экономикалық оң нәтижелерін айқын көруге
болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 1999
жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері
ішінде алғашқы орындардың бірін иеленеді.
15
1993 – 1999 жылдар Қазақстан Республикасына шет елдердің тікелей
инвестицияларының салалары бойынша келіп түсуі
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша)
млн. доллар
1993 – 1999ж.ж 1999ж
Игерілгені% Игерілгені %
Барлығы 7229,2 100 1799,3 100
Оның ішінде:
Мұнай – газ кешені 3764,5 47,5 1529,5 84,7
Түсті металлургия 1907,5 24,1 51,2 2,8

Қазақстан экспорты мен импортындағы жекелеген елдердің үлес
салмағы.
Экспорт Импорт

1995 1996 1997 1998 1999 1995 1996 1997 1998 1999 Барлығы
100 100 100 100 100 100 100 100 100 100 оның ішінде:
Германия 3,3 3,1 5,4 5,2 5,9 5,2 4,7 8,5 8,4 7,8
Италия 2,7 3,3 5,5 9,1 7,5 0,8 1,0 2,0 2,1 2,9 Ресей
Федерациясы 45,1 42,0 35,2 29,6 19,8 49,9 54,8 45,8 39,4 36,7
Ұлыбритания 2,1 3,9 8,4 8,9 3,4 2,2 1,8 3,3 5,0 6,3 Қытай
5,7 7,8 6,8 7,0 8,5 0,9 0,8 1,1 1,2 2,2 Швейцария 3,6 3,6
4,4 6,2 5,3 1,5 1,1 1,2 1,5 1,2 Өзбекстан 2,9 3,4 2,3 2,2
1,2 7,1 2,1 1,5 2,2 2,4 Украина 2,3 3,6 4,7 4,8 2,1 2,3
2,2 2,2 2,1 1,6
16
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар
өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары
субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Жеке инвесторлар мемлекттік инвесторларға қарағанда коммерциялық
табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді
сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен
нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке
инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет
тарапынан олрға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие
беру, кедендік пошлиндар жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996 - 1998 жылдарға арналған
мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарлама қаржылық
секторды, құқықтық реформаны, мұнай және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Халықаралық капитал қозғалысы
Капитал нарығы
Капиталды шетке шығару тенденциясы
Капитал нарығы экономикалық негізгі нарықтың бірі ретiнде
КАПИТАЛДЫҢ ШЕҢБЕР АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫ
Қаржылық қызметте лизингті қолдану,жалпы сипаттамасы және түрлері
Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты
Пәндер