Айыпталушы ретінде жауапқа тарту



1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту. Ұғымы, маңызы
2. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері
3. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы
4. Айып тағу
5. Айып тағуды өзгерту және толықтыру. Қылмыстық ізге түсуді айып тару бөлігінде қысқарту
Қылмыстық іс жүргізу заңында, ғылыми-теориялық әдебиеттерде және заң тәжірибесінде "айыпталушы ретінде жауапқа тарту" термині бір мағынада түсіндірілмейді және оның мағыналық салмағы жоқ.
"Кейде келтірілген терминдердің мазмұны жөніндегі көмескі түсініктердің ықпалымен айыпталушы ретінде жауапқа тартудың қылмыстық іс жүргізу актісінің құқықтық табиғаты бұрмаланады, "айып тағу", "айыпталушы ретінде жауапқа тарту", "қылмыстық жауаптылық" және "қылмыстық жауаптылыққа тарту", сондай-ақ "қылмыстық ізге түсу" секілді сапа жағынан әр түрлі құқықтық ұғымдар орынсыз араласып кетеді" деп көрсеткен А.И.Трусов дұрыс айтқан.
Бұл мәселені ұғыну үшін қылмыстық процестегі айыптау ұғымын, оның мәнін, маңызын анықтау қажет.
Айыптау — бұл басқару өкілеттігі бар адамның, органның адамды айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде, шағым (кассациялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйғарымдарында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы.
Айыптаудың мәні мынада:
— адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту алдын ала тергеп тексеру сатысындағы басты, орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезеңде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни нақты адам — кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады.
Тергеуші мен прокурордың айыпталушының қылмыс жасауға кінәлылығы туралы қорытындылары олардың ішкі сенімдері екенін атап көрсету керек. Ол ешқандай жағдайда да ҚІЖК-нің 11-бабының 2-бөлігінде баянды етілген соттың үкімінсіз және заңға сәйкес келмесе, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлы деп танылмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылмайды деген қағидаға қайшы келмейді. Кінәсыздығының анықтығы (презумпция невиновности) тергеушіге айыптауды тұжырымдауға, айыпталушыны әшкерелеуге, оның кінәлылығын дәлелдеуге мүлде тыйым салмайды. Ол сонымен қатар, соттың заңды күшіне енген үкімімен айыпталушылың кінәсы анықталғанға дейін оған қылмыскер ретінде қарауға тыйым салады. Тергеуші қабылдаған шешімнің маңызы мынада: - адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы дәлелденген қаулыда тергеп тексерілетін іс бойынша анықталған мән-жайлар нақтыланады; адам оны жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатын осы қылмыстың нақты жіктемесі айқындалады;
— қылмыс жасағаны әшкереленетін айыпталушының қылмыстық кодекстің бабында көзделген жауаптылық шеқарасы анықталады;
— айыпталушы ретінде жауапқа тарту қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары жүйесін тудырады, адам өзінің не үшін айыпталатынын біледі және заңда берілген құқықтарын пайдаланып өзінің мүдделерін мақсатты түрде қорғай алады;
— тергеуші мен прокурор айыпталушыны қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның жеке басы мен мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті;
— қылмыстық істегі айыпталушының мәртебесі тергеушіге ай-ыпталушыны әшкерелеу жөніндегі бұдан былайғы тергеп тексеруді неғұрлым тиімді және мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. Өйткені айыпталушыға әр түрлі мәжбүрлеу және бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін, ал айыпталушыдан алынған жауаптар дәлелдемелердің дербес түрі болып табылады;
— ең ақырында, қаулыдағы айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы тұжырымдама айыптау қорытындысында жаңғыртылады да, одан соң оны сотқа беру ауқымы мен сотта қарау шегі анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы сезікті адамға бұлтартпау шараларын қолданудан басқа жағдайларда адамды айыпталушы ретінде қашан жауапқа тартуға болатынын анықтамаған, мұнда 10 тәуліктен кешіктірмей айыптау тағылуы немесе бұлтартпау шарасын жою ту¬ралы мәселе шешілуі тиіс (ҚІЖК-нің 142-бабы).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту. Ұғымы, маңызы

Қылмыстық іс жүргізу заңында, ғылыми-теориялық әдебиеттерде және заң тәжірибесінде "айыпталушы ретінде жауапқа тарту" термині бір мағынада түсіндірілмейді және оның мағыналық салмағы жоқ.
"Кейде келтірілген терминдердің мазмұны жөніндегі көмескі түсініктердің ықпалымен айыпталушы ретінде жауапқа тартудың қылмыстық іс жүргізу актісінің құқықтық табиғаты бұрмаланады, "айып тағу", "айыпталушы ретінде жауапқа тарту", "қылмыстық жауаптылық" және "қылмыстық жауаптылыққа тарту", сондай-ақ "қылмыстық ізге түсу" секілді сапа жағынан әр түрлі құқықтық ұғымдар орынсыз араласып кетеді" деп көрсеткен А.И.Трусов дұрыс айтқан.
Бұл мәселені ұғыну үшін қылмыстық процестегі айыптау ұғымын, оның мәнін, маңызын анықтау қажет.
Айыптау —бұл басқару өкілеттігі бар адамның, органның адамды айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде, шағым (кассациялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйғарымдарында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы.
Айыптаудың мәні мынада:
—адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту алдын ала тергеп тексеру сатысындағы басты, орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезеңде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни нақты адам —кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады.
Тергеуші мен прокурордың айыпталушының қылмыс жасауға кінәлылығы туралы қорытындылары олардың ішкі сенімдері екенін атап көрсету керек. Ол ешқандай жағдайда да ҚІЖК-нің 11-бабының 2-бөлігінде баянды етілген соттың үкімінсіз және заңға сәйкес келмесе, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлы деп танылмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылмайды деген қағидаға қайшы келмейді. Кінәсыздығының анықтығы (презумпция невиновности) тергеушіге айыптауды тұжырымдауға, айыпталушыны әшкерелеуге, оның кінәлылығын дәлелдеуге мүлде тыйым салмайды. Ол сонымен қатар, соттың заңды күшіне енген үкімімен айыпталушылың кінәсы анықталғанға дейін оған қылмыскер ретінде қарауға тыйым салады. Тергеуші қабылдаған шешімнің маңызы мынада: - адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы дәлелденген қаулыда тергеп тексерілетін іс бойынша анықталған мән-жайлар нақтыланады; адам оны жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатын осы қылмыстың нақты жіктемесі айқындалады;
— қылмыс жасағаны әшкереленетін айыпталушының қылмыстық кодекстің бабында көзделген жауаптылық шеқарасы анықталады;
айыпталушы ретінде жауапқа тарту қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары жүйесін тудырады, адам өзінің не үшін айыпталатынын біледі және заңда берілген құқықтарын пайдаланып өзінің мүдделерін мақсатты түрде қорғай алады;
тергеуші мен прокурор айыпталушыны қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның жеке басы мен мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті;
қылмыстық істегі айыпталушының мәртебесі тергеушіге айыпталушыны әшкерелеу жөніндегі бұдан былайғы тергеп тексеруді неғұрлым тиімді және мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. Өйткені айыпталушыға әр түрлі мәжбүрлеу және бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін, ал айыпталушыдан алынған жауаптар дәлелдемелердің дербес түрі болып табылады;
ең ақырында, қаулыдағы айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы тұжырымдама айыптау қорытындысында жаңғыртылады да, одан соң оны сотқа беру ауқымы мен сотта қарау шегі анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы сезікті адамға бұлтартпау шараларын қолданудан басқа жағдайларда адамды айыпталушы ретінде қашан жауапқа тартуға болатынын анықтамаған, мұнда 10 тәуліктен кешіктірмей айыптау тағылуы немесе бұлтартпау шарасын жою туралы мәселе шешілуі тиіс (ҚІЖК-нің 142-бабы).
ҚІЖК-нің 206-бабының негізінде белгіленген негіздерде және тәртіпте ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға болады.
Дәлелдемелердің жеткіліктілігі, яғни тергеушінің адамды жасаған нақты қылмысы үшін жауапқа тарту қажеттігі туралы дәлелдемелердің жиынтығына негізделген сенімі тергеушіге адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға құқық беретін негіз болып табылады.
Алайда дәлелдемелердің жеткіліктілігі адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде жасалған қылмыс туралы толық және жан-жақты мағлұматтар жиналып болды деген сөз емес, өйткені алдын ала тергеу аяқталған жоқ және дәлелдемелерді жинау жалғасуда, тергеушінің белгілі бір айыпталушы осы қылмысты жасады деген қорытындысы түпкілікті емес. Тергеп тексеру процесінде барысында айыптау өзгертілуі, толықтырылуы немесе, қысқартылуы мүмкін.
Егер тергеушінің қолында қылмысты кімнің, қашан жасағаны және қандай қылмыс жасалғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейтін қылмыс жасаудың әдістері мен тетіктері жөніндегі мағлұматтары ғана болса, онда адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға болмайды.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу жолымен алынған мағлұматтар ҚР "Жедел іздестіру қызметі туралы" Заңының талаптары сақталғанда ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тексеру үшін негіз бола алады.
Тергеуші айыпталушыны айып тағылған күн туралы хабардар етуге және осымен бір мезгілде оның қорғаушы шақыру немесе тергеушіден қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуін өтіну құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті.
КІЖК-нің ережелеріне сәйкес адамға айыптау тағылған кезде, егер қорғаушыны айыпталушының өзі, оның заңды өкілі немесе оның тапсыруымен яки келісімімен басқа адамдар шақырып қоймаса, қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші оның келуін қамтамасыз ету шараларын қолданады.
Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуды қылмыстық іс қозғалған нақты адамға қатысты қылмыстық ізге түсудің басталуы деп есептеу қажет. ҚІЖК-нің 7-бабының 13-тармағылың мәтіні де осыған дәлел болады - "қылмыстық ізге түсу (айыптау)" —бұл қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, оның қылмыс жасаудағы кінәлылығын анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық ізге түсудің анықтамасылан қылмыс жасаған адам осы әркеттің орталық буыны болып табылады, демек, істе нақты адамның —айыпталушының пайда болуы қылмыстық ізге түсу әрекетінің басталуы деген қорытыңды жасауға болады.

2. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері

Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізі дұрыс шешім қабылдау тұрғысынан қарағанда қылмыстық іс жүргізу ғылымы ұғымдарының теориясындағы барынша күрделі ұғымдардың бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде осы ұтымды анықтауда ғалымдар оған редакциялық жағынан ғана емес, сондай-ақ мағынасы жағынан да өзара айырмашылығы бар түсінік беруде.
Н.С. Алексеев, Б.З. Лукашевич, П.С. Элькиндтің редакциялауымен шыққан оқулықта адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері "нақты адамның іс-әрекеттерінде қылмыстың құрамы бар екенін көрсететін жеткілікті дәлелдемелер" ретінде анықталады.
"Тергеп тексерілетін қылмысты, —деп жазады В.В. Шимановский —қылмыстық әрекет жасады деп кінә тағылған нақ сол адамның жасағаны туралы қорытынды жасау үшін қажет болатын дәлелдемелердің жиынтығы адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады".
С.Б. Бородиннің редакциялауымен шыққан оқулықта айыпталушы ретінде жауапқа тартуды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес, "дәлелдемелер жеткілікті болатын реттерде қылмыс жасады деген айыптау тағылуы мүмкін. Кеңестік қылмыстық процесс теориясында дәлелдемелер ("іс жүзіндегі деректер") бұл үшін негіз болып табылады деген пікір үстем болып келді. Алайда аталған бапты мұқият таңдау шын мәнінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі мән-жайлардың дәлелденгендігі осындай негіз болып табылатынын көрсетеді...".
Қарастырылып отырған мәселеде А.С. Кобликовтың редакциялауымен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанады. Онда былай деп көрсетілген: "Алдын ала тергеудің барысында жиналған және тексерілген жеткілікті дәлелдемелер арқылы қылмыс оқиғаларының және осы қылмысты жасады деген адамның кінәлылығының дәлелденгендігі айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады".
Біздінше, айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің кез келген анықтамасында осындай шешім қабылдауға жеткілікті дәлелдемелердің болуы керектігін көрсететін нұсқау жазылуы тиіс.
Бұл, біріншіден, ҚІЖК-нде берілген мынадай тұжырымдамаға (206-бап) сай келеді: "Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығарады".
Екіншіден, қылмыс оқиғаларының және адамның кінәлылығылың дәлелденгендігі (немесе тағылатын айыптаудың мазмұның құрайтын мән-жайлардың дәлелденгендігі, бұлардың екеуі де бір мағынаны білдіреді) түрінде айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің анықтамасы іс жүзінде оны айыптау үкімін шығарудың негізімен бірдей деп тануды білдіреді.
ҚІЖК-нің 375-бабының 3-бөлігінде бұл жөнінде былай деп айтылған: "Айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиіс емес және сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсы соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады". Заң адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздеріне қатысты мұндай талап қоймайтынын атап көрсету қажет.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып бұл ұғымды қарастыру адамның кінәлылығын шүбәсыз анықтау айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің болатыны туралы мәселе бойынша айқындаманы талдауды талап етеді.
Мәселен, М.И.Баканов пен Ю.М. Грошевойдың редакциялаумен шыққан оқулықта адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде қылмысты тұтастай алғанда ақиқат секілді оның кінәлылығы анықталуы тиіс деген тұжырымдама қорғалады. Онда, атап айтқанда, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы барлық мән-жайларды тергеушінің күмәнсыз анықтап, олар ақиқат болуға тиістігі айтылған. Қаулының өзі бұл мән-жайларды дұрыс бейнелеп көрсетуге тиіс. Қаулыңа қылмыстың нақты құрамы және оны жасаған адам туралы ақиқат қорытындылар болуы тиіс. Заң айыптау қорытындысы мен айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы айыптаудың бүтіндей бара-бар талаптарын басшылыққа алады. Алайда егер айыптау қорытындысында тұжырымдалған айыптауда ақиқат қорытындылар болса, онда аталған қаулыда да нақ осындай қорытындылар болуға тиіс.
Сондықтан айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін тергеушіге қылмыстың болғаны туралы және оны айыпталушының жасағаны туралы өзінің қорытыңдысын тек ықтималдықпен растайтын мағлұматтарды анықтау жеткілікті деп әдебиеттерде айтылып жүрген пікірлермен келісуге болмайды. Келтірілген қағидалардың авторлары айтқан пікірді құкықтың дамуындағы кеңестік кезеңнің бірқатар іс жүргізуші ғалымдары қолдады.
Мәселен, А.М. Ларин былай деп жазады: "Айыпталушының қылмыстық жауапқа тартылатын кездегі кінәлылығы туралы тергеушінің қорытындысы түпкілікті, анық емес, керісінше алдын ала, проблемалық ықтимал маңызын, яғни болжамдардың біреуін білдіреді".
М.С. Строговичтің пікірінше, "айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде бұл адамның кінәлылығы дәлелденген деп есептеле алмайды және тергеушіден оны кінәлынының орнына емес, қылмыс жасаған айыпталушының орнына қою үшін жиналған дәлелдемелердің жеткіліктілігіне сенімділік талап етіледі".
Егер заң адамды айыпталушы деп жауапқа тарту үшін қажетті жағдай ретінде осы адамның кінәлылығының дәлелденгендігін және бұған тергеушінің көзі жеткендігін белгілеген болса, бұл бұдан былайғы тергеудің айыптау жағына бейімделіп, айыпталушының кінәлылығынан басқа болжамдарды зерттеусіз қалдыруға әкеп соққан болар еді.
С.В. Бородиннің редакциялауымен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанып, қылмыстық жауапқа тарту үшін жеткілікті болатын негіздерді анықтауда дәлелдеуге жататын мән-жайлар да, сондай-ақ олардың дәлелденгендік дәрежесі де ескеріледі деп көрсетеді.
Біз нақ осы қағида қолдауға тұрарлық деп ойлаймыз. Заң ақиқатты анықтауды және адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайлардың шүбәсыз дәлелденуін талап етпейді.
ҚІЖК-нің 278-бабына сәйкес айыптау қорытындысының соңғы болімінде тағылатын айыптау тұжырымдамасы баяндалуы тиіс деген қағида тергеушінің қолында адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде де міндетті түрде айыптау қорытындысын жасау кезіндегідей дәлелдеме материалдары болуға тиіс деген сөз емес. Мұнда заң дәлелдеу процесі айыптау тағылғаннан кейін де жалғаса береді дегенді негізге алады. Мұның үстіне, ол қылмыс оқиғасын да, дәлелдеу тақырыбына кіретін айыпталушының кінәлылығын да қоса алғанда, барлық мән-жайларды зерттеуді қамтиды. Атап айтқанда, айыпталушы қылмыстық іс бойынша объективті тергеп тексеруге богет жасайды деп ойлауға негіз болған кезде оған бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігін көздеген ҚІЖК-нің 139-бабы да осыны көрсетеді. Демек, заң істе адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға мүмкіндік беретін дәлелдемелердің болғанына қарамастан, ақиқатты елі де анықтауға тұра келетінін негізге алады. Заң айып тағуды өзгерту мен толықтыру қажеттігін (ҚІЖК-нің 210-бабы), сондай-ақ айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуі себеттті істің қысқартылуын (ҚІЖК-нің 269-бабының 2-бөлігі) туғызатын жаңа дәлелдемелер алу мүмкіндігін ескереді.
Заңда адамның кінәлылығы шүбәсыз дәлелденген жағдайда айып тағу талабы жазылған болса, тергеп тексеру органдары өте қиын жағдайға тап болар еді. Олар бұған дейін негіз болса да бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, көптеген істер бойынша тергеп тексерудің соңында айып тағуға мәжбүр болар еді, өйткені жалпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы тек айыпталушыға ерекше жағдайларда сезікті адамға ғана қолданылады.
Қылмыстың жасалу мән-жайларын анықтауға жәрдемдесетін дәлелдемелерді жинау мен бағалау тергеп тексеру кезеңдерінің мақсаты болып табылады да, осыдан кейін адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім қабылданады. Адамның қылмыс жасағанын көрсететін бұлтартпайтын дәлелдемелер оны дер кезінде қорғану құқығымен қамтамасыз ететін тиісті іс жүргізу жағдайына қою қажеттігіне байланысты бұл мән-жайлардың осы кезеңде мүмкін болатын дәлелдеу дәрежесі шектеледі. Сондықтан осы кезге таман жиналған дәлелдемелердің жиынтығы жеткілікті бола алмайды. Ол айыпталушылардың берген айғақтарын ескере отырып, кейінгі тергеп тексерудің барысында толықтырылады.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту жөніндегі шешімнің маңызы істі одан ері жүргізу үшін жағдайлар туғызу қажеттігі болып табылады. Айыл тағудың мазмұнын құрайтын мән-жайлар бірдей дәрежеде анықталмауы мүмкін, бұл олардың әрбір қылмыс пен оны саралаудың ерекшеліктеріне қарай анықталатын маңызына байланысты. Алайда дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы жоқтығын осындай мән-жайлардың біреуін дәлелдеу процесі аяқталды деп есептеуге болмайды.
ҚІЖК-нің 206-бабы адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізін тергеп тексеру аяқталды деп тану үшін емес, айып тағу үшін жеткілікті дәлелдемелердің болуымен байланыстырады. Осыған орай, тергеуші бұл кезде өзінің шығарған шешімі жорамалдарға немесе тексерілмеген мағлұматтарға емес, қылмыс жасалған және оны нақ айып тағылып отырған адам жасаған, бұл дәлелдемелердің бәрі заң талаптарына сәйкес жиналып, бағаланған және айыпталушыдан жауап алғанға дейін мүмкін болатын толық дәрежеде тексерілген деген қорытынды шығаруға болатындай дәлелдемелерге сүйенетініне көз жеткізуі тиіс.
Жоғарыда айтылған жағдайлар, біздінше, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың дәлелдігі іс бойынша ақиқат міңдетті түрде анықталуға тиіс және қылмыстың оқиғалары мен оған айыпталушының кінәлылығы жөнінде білім жеткілікті болуға тиіс дегенді білдірмейді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Тергеушінің айып таіудың мазмұнын құрайтын мән-жайлар туралы білетіндері ықтимал деректер ретінде қарастырылуы мүмкін, ал мұндай ықтималдық дәрежесі жоғары болып, шүбәсыздыққа дейін жуықтауы тиіс.
Қылмыстық іс бойынша мұндай жағдайға жетуге болады және тәжірибеде әдетте "адамның кінәлылығы туралы болжамды осы кезде қолда бар барлық құралдармен тексергеннен кейін мұндай болжамды дәлелдемелердің жиынтығы нанымды растап, қылмысты басқа адамдардың жасауы жөніндегі болжамдар көз жеткізе жоққа шығарылатын кезде де осындай мүмкіндік туады.
Іс жүргізу жөніндегі әдебиеттерде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін дәлелдемелердің жеткілікті болуы туралы мәселе көбіне тергеушінің айыпталушы адамның кінәлылығына қатысты сенімінің болуымен байланыстырылады. Бұған қоса, осындай пікірді ұстанатын авторлар мұндай сенім ақиқатты, шүбәсыз білімді анықтаудың нәтижесі болып табылады деген тұжырымды негізге алады. Қарастырып отырған мәселе бойынша қарама-қарсы айқындаманы жақтаушылар, керісінше, тергеушіде адамның кінәлылығына қатысты күдік, екіұдай пікір болса, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту мүмкін деп есептейді.
Тергеушінің айыпталушы адамды кінәлы деп есептейтін сенімін оның да қателесуі мүмкін екенін ескере отырып, қорытынды ақиқаттығының өлшемі ретінде қарастыруға болмайды. Және, керісінше, тергеп тексеру іс жүргізіліп жатқан адамды әшкерелейтін дәлелдемелердің жоқтығына қарамастан, сенімнің дұрыс болып шығуы да мүмкін. Өзінің кәсібіне өмірінің көптеген жылдарын арнаған тергеушілердің ішінде сезіктімен "хаттамаға түсірілмейтін" ашық әңгіме үстінде оның қылмыс жасағанын егжей-тегжейіне дейін айтып, тергеушінің көзін жеткізгенін, ал оған айып тағу үшін жеткілікті дәлелдемелер жинай алмағандары да болды.
Бұл айтылғандар айыпталушы ретінде жауапқа тартқалы отырған адамының кінәлылығына тергеушінің сенімі туралы мәселенің ешқандай тәжірибелік маңызы жоқ дегенді біндірмейді. Керісінше, жалпы ереже бойынша, тергеушіде айыпталушының кінәлылығы туралы ішкі сенімінің болмауы нақты адамның қылмыс жасағаны туралы қорытындыға келу үшін дәлелдемелері жетіспейтіңдігінің белгісі болып табылады. Сондықтан тергеушіде мұндай сенімнің болуын оның адамды сезікті ретінде жауапқа тарту жөніндегі мәселені оң шешуі үшін қажетті жағдайлардың (әрине, іс жүргізетін емес) бірі ретінде қарастыруға болады.
Бұдан былайғы тергеп тексеру барысында дәлелдеме материалдың көлемі мен сапасының өзгеруіне қарай тергеушінің айыпталу шының кінәлылығына деген сенімі де өзгеруі мүмкін. Кейде өзін кінәлы деп есетттемейтін айыпталушының берген айғақтарын тексеру барысында, мен-жайларды ертерек көріп-білмесе де, тергеушіге оның кінәлы еместігін дәлелдейтін мән-жайлар белгілі болады. Сондықтан ақтайтын негіздер бойынша айыпталушының ісін тоқтату барлық уақытта бірдей дәлелсіз айыл тағылған дегенді білдіре бермейді.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының дәлелділігі жөніндегі мәселенің күрделілігі мұндағы дәлелдеу айып тағуға негіз болатын дәлелдемелерге сілтемені қамтитындығына әр түрлі көзқарастардың болуымен анықталады. Заңның мағынасына қарай бұл қаулыда айыпталушыны әшкерелейтін негізгі далелдемелер келтірілуге тиісті дейтін тұжырымдама бірқатар жұмыстарда айтылады. Мұндай көзқарас оқу әдебиеттерінде де қолдау тапқан.
Жоғарыда баяндалған жайларды негізге ала отырыл, кейбір жұмыстарда айтылған адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда тергеушінің әшкерелеуші дәлелдеме келтіру міндетін заңда белгілеу жөніңдегі ұсыныстарды қолдауға болмайды. Мұндай қашанда, сөз жоқ, көптеген жағдайларда айыпталушыдан дұрыс айғақтар алуды қиындатқан болар еді адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде ақиқат анықталып, айыпталушы толығымен әшкереленген болса, ол тергеуге кедергі жасамас еді. Соған қарамастан барлық істер бойынша осылай бола бермейді. Қылмыстың жасалғаны айдан анық болатын кезде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда дәлелдеулерді көрсетуге айрықша кедергілер болмайды. Шынын айтқанда, айыпталушылың өзі (беттесуден, сараптама актісінен және басқа көздерден) қандай дәлелдемелер арқылы әшкереленіп отырғанын біледі. Алайда көптеген істер бойынша адамға айып тағу айыпталушылың кінәсын дәлелдейтін материал жинаумен аяқталмайды. Мұндай жағдайларда айып тағудан кейін айыпталушыны әшкерелейтін жаңа мағлұматтар анықталады, оларсыз ақиқатты анықтау жөніндегі мәселе дұрыс шешілмейді. Айыпталушыны жиналган дәлелдемелердің сипаты мен жиынтығынан мезгілінен бұрын хабардар ету белгіленген жауап алу тактикасы жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасауы мүмкін. Біздінше, тергеуші түсінік алатын дәлелдемелерін жауап алудан бұрын емес, оған дейін келтіретін болса, айыпталушының айқындамасын анықтауы тиіс.
Әлбетте, айыпталушы адам айып тағудың мәнін ғана емес, сондай-ақ негізгі дәлелдемелерді де біле отырып, өзінің мудделерін барынша толық, белсендірек қорғай алатын болады. Егер айыпталушы адам кінәсыз болса, мұндай мүдделері де заңды болады. Алайда кінәлі адамға барлық дәлелдемелер ұсынылатын болса, онда бұл мемлекет пен қоғамның мұнделеріне зиян келтіреді де, қылмыскер жауаптылықтан құтылып кетуге тырысатын болады. Заң шығарушы осыны негізге ала отырып, сот ісін жүргізуді тергеп тексеру органдары қылмыскерлерді әшкерелей алатындай етіп, сонымен бірге айыпталушылар өздерінің заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігіне ие болатындай етіп реттейді.

Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы

Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы іс жүргізу шешімі дербес қаулы түрінде ресімделеді. Осы құжаттың мазмұндық және сыртқы көрінісіне қойылатын талаптарды сақтау қабылданған шешім заңдылығының маңызды өлшемдерінің бірі болып табылады. Осы тараудың 1-параграфында айтылғанындай, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту фактісінің өзі заң тұрғысынан алғанда зор маңызға ие болады. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезден бастап оның іс жүргізу-құқықтық мәртебесі өзгереді. Тиісті қаулыны дұрыс ресімдеудің зор маңызы болатынын осы жағдаймен түсіндіруге болады.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар ҚІЖК-нің 207-бабы арқылы реттеледі. Дәлелденген қаулыда былай деп көрсетіледі:
күні, айы, жылы, елді мекеннің атауы;
бұл қаулыны шығарған адамның лауазымы, атағы, тегі;
ол қай іс бойынша шығарылған;
- айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты, оның туған күні, айы, жылы, туылған жері (бұл деректер жеке куәлік немесе басқа құжаттар арқылы анықталады); мүмкін болса, бұл құжаттардың көшірмесін қылмыстық іске қоса тіркеген жөн;
— айыпталушыға тағылатын қылмыстық әрекеттің сипаты, ұрланған немесе келтірілген зиянның уақыты, орны, әдісі, мөлшері және ҚІЖК-нің 117-бабына сәйкес оны жасаудың өзге де мән-жайлары;
— айыпталушы жауапқа тартылатын қылмыстық заңның бөліктерін, тармақтарын, баптарын, орналасуын, нормаларын, сондай-ақ саралаушы белгілерін дәл көрсету; егер адамға бірнеше қылмыс тағылатын болса, онда қаулыда оның қылмыстық әрекеті сараланатын Қылмыстық кодекстің барлық баптары көрсетіледі.
Қаулының негізділігі онда адамға тағылатын қылмыстың мәні ішкі бірлікті сақтай отырып, хронологиялық ретпен баяндалатындығында болып табылады. Мұнда Қылмыстық кодекстің нақты бабына сәйкес қылмыстың мәні мен құрамы арасындағы өзара байланыс анықталуы тиіс. Осыған қатысты Р.Х.Якупов былай деп жазған: "Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы дәлелденген болуға тиіс. Дәлелдеу дегеніміз іс жүзіндегі мән-жайларды қисынды ретпен және үйлесімділікпен баяндауды, олардағы қылмыстың нақты құрамындағы заңды белгілерін түсіндіруді және қылмыстық заңның осы қылмыс жататын белгілі бір бабын (бөлігін және тармағын) көрсетуді білдіреді".
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының жасалу уақыты мен орнын көрсетудің мынадай тұрғыдан маңызы бар:
адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан кезден айып тағуға дейінгі уақыт үш тәуліктен аспауы тиіс. Қаулының шыққан уақытын дәл көрсету уақыт есептеуді жоғарыда айтылған үш тәуліктің ішінде дұрыс жүргізуді көздейді;
кең мағынада алғанда қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық сот ісін жүргізу орны ұғымның құрамдас элементі болып табылатын кеңістікте әрекет етеді. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының жасалған орнын көрсету қылмыстық ізге түсу органының өзінің қызмет көрсететін аумағына сай келетінін білдіреді.
Осы қаулы шыққан кезден бастап адам айыпталушы деп танылады (ҚІЖК-нің 69-бабының 1-бөлігі), яғни қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған адамның іс жүргізу жағдайы айтарлықтай өзгереді (сезікті мен айыпталушының мәртебесі туралы ҚІЖК-нің 68, 69-баптарын қараңыз) деген мән-жайлар қаулыда оның шыққан уақытын белгілеудің маңыздылығын түсіну үшін зор маңызға ие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту ұғымы
Іс жүргізу актісін даярлаудың жалпы ерекшеліктері
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері
АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту жайлы
Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Алдын ала тергеуді аяқтау
Сот тергеуі — сот талқылауының басты бөлігі
Пәндер