Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіл дамуының деңгейі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жалпы тіл кемістігі.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіл дамуының деңгейі.
3. Баланың тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары. Сөйлеу тілінің даму жолдары.
4. Балалар сөйлеу тілі бұзылған балалармен тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі.
5. Логопедиялық сабақтардың жүелілігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселесі – бұрыннан педагогтар, психологтар, дәрігерлер мен социологтардың көңіліндегі мәселелер. Олар балалардың ақыл-есі кем топ қатарына жатпайтын,білімде қажетті қабілеттілікке ие ерекше тобын анықтады. Бұл балалар психикалық дамуы тежелгендерге /ПДТ немесе орысша ЗПР-задержка психического развития/ жатқызылды.
М.С.Певзнер мен Т.А.Власовалар бұл топтағы балалардың тұлғалық қалыптасуындағы эмоционалды дамудың роліне көңіл бөліп,нейродинамикалық бұзылулардың мәніне тоқталды. Осыған орай психикалық және психофизиологиялық инфантилизм негізінде пайда болатын психикалық дамудың тежелуі анықталды. Бұның өзі жүктілік кезеңдегі орталық жүйке жүйесіне зиянды әсердің болуымен байланысты болды.Баланың алғашқы өмір сатысындағы әртүрлі патогендік факторлардың нәтижесінде пайда болған тежелулер де осымен байланысты өрбіді.
Психикалық дамудың тежелуін психикалық инфантилизмнің күрделі емес түрі деп бағалау көбінесе арнайы оқыту әдістерін талап етпейді. Дегенмен, айқын нейродинамикалық, бірінші кезекте церебрастеникалық бұзылыстың басым болуы ПДТ балаларға психо-педагогикалық түзетулерді ғана емес, сонымен бірге, емдеу іс-шараларын жүргізуді талап етті. К.С.Лебединскаяның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ПДТ-нің этиопатогенетикалық жүйесі ұсынылды. Оның негізгі клиникалық типтері этиопатогенетикалық принциптер бойынша былай жіктеледі:
1/конституционалды шығу типі
2/соматогенді шығу типі
3/психогенді шығу типі
4/церебралды-органикалық шығу типі.
Бұл типтер структуралық ерекшеліктері мен кемістіктің екі негізгі компоненттері бойынша ажыратылады. Екі компоненттеріне инфантилизм құрылымы және нейродинамикалық бұзылу сипаты жатады. Инфантилизм ақыл-ой түрткілерінің және өндірушілік қажеттіліктің аз болуымен байланысты болады, ал нейродинамикалық бұзылу психикалық процестердің әрекетшілдігі мен тонусына байланысты болып келеді. Енді жоғарыдағы типтерге жеке-жеке тоқталайық.
1. Л.О.Бадалян.”Невропатология”-М.,1987.
2. Дефектологический словарь. –М.,1970.
3. Т.А.Власова. М.С.Певзнер. О детях с отклонениями в развитии.-М.,1973.
4. Основы обучения и воспитания аномальных детей. (Под. Редак., А.И.Дьячкова. -М.,1965.
5. Коберник Г.Н., Синев В.Н. Введение в специальность. Дефектология.-Киев,
6.Актуальные проблемы диагностики ЗПР детей. / под ред. К.Д.Лебединской М. 1982/.
7. Дети с ЗПР /под ред. Т.А.Власовой, В.И.Лубовского, Н.А.Цыпиной. М. 1984/
8. Обучение детей с задержкой психического развития. Пособие для учителей. Под ред. Т.А.Власовой. М. 1981.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жалпы тіл кемістігі.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіл дамуының деңгейі.
3. Баланың тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыттары. Сөйлеу
тілінің даму жолдары.
4. Балалар сөйлеу тілі бұзылған балалармен тәрбиешінің жұмыс
ерекшелігі.
5. Логопедиялық сабақтардың жүелілігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының
үлгермеушілік мәселесі – бұрыннан педагогтар, психологтар, дәрігерлер мен
социологтардың көңіліндегі мәселелер. Олар балалардың ақыл-есі кем топ
қатарына жатпайтын,білімде қажетті қабілеттілікке ие ерекше тобын
анықтады. Бұл балалар психикалық дамуы тежелгендерге ПДТ немесе орысша
ЗПР-задержка психического развития жатқызылды.
М.С.Певзнер мен Т.А.Власовалар бұл топтағы балалардың тұлғалық
қалыптасуындағы эмоционалды дамудың роліне көңіл бөліп,нейродинамикалық
бұзылулардың мәніне тоқталды. Осыған орай психикалық және
психофизиологиялық инфантилизм негізінде пайда болатын психикалық дамудың
тежелуі анықталды. Бұның өзі жүктілік кезеңдегі орталық жүйке жүйесіне
зиянды әсердің болуымен байланысты болды.Баланың алғашқы өмір
сатысындағы әртүрлі патогендік факторлардың нәтижесінде пайда болған
тежелулер де осымен байланысты өрбіді.
Психикалық дамудың тежелуін психикалық инфантилизмнің күрделі емес
түрі деп бағалау көбінесе арнайы оқыту әдістерін талап етпейді. Дегенмен,
айқын нейродинамикалық, бірінші кезекте церебрастеникалық бұзылыстың
басым болуы ПДТ балаларға психо-педагогикалық түзетулерді ғана емес,
сонымен бірге, емдеу іс-шараларын жүргізуді талап етті.
К.С.Лебединскаяның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ПДТ-нің
этиопатогенетикалық жүйесі ұсынылды. Оның негізгі клиникалық типтері
этиопатогенетикалық принциптер бойынша былай жіктеледі:
1конституционалды шығу типі
2соматогенді шығу типі
3психогенді шығу типі
4церебралды-органикалық шығу типі.
Бұл типтер структуралық ерекшеліктері мен кемістіктің екі негізгі
компоненттері бойынша ажыратылады. Екі компоненттеріне инфантилизм
құрылымы және нейродинамикалық бұзылу сипаты жатады. Инфантилизм ақыл-ой
түрткілерінің және өндірушілік қажеттіліктің аз болуымен байланысты
болады, ал нейродинамикалық бұзылу психикалық процестердің әрекетшілдігі
мен тонусына байланысты болып келеді. Енді жоғарыдағы типтерге жеке-жеке
тоқталайық.
Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушылардың жалпы
психикалық-педагогикалық сипаты.
Жарақат етуші факторлардың бала ағзасына әсер ету уақытына және шығу
типіне (соматогенді, психогенді, конституционалды, церебралды) қарай
балалардағы танымдық іс-әрекеттің және эмоциналды-еріктік саналарының
ауытқуларының әртүрлі варианттарын көрсетеді.
ПДТ балаларды оқыту мүмкіндіктері мен психикалық процестерін зерттеудің
қорытындысында олардың танымдық, эмоционалды-еріктік сапаларындағы,
қылықтары және жалпы тұлғасындағы өздеріне тән көптеген
ерекшеліктері анықталды. Мынадай ПДТ балаларға тән этиологиялық
белгілер анықталды: арықтаудың негізіндегі жұмыс істеуге деген ынтаның
төмендігі; эмоция мен еріктің піспеуі; түсініктері мен елестету қорының
аздығы; сөз қорының жұтаңдығы; ақыл-ой іс-әрекет дағдыларының нашар
қалыптасуы; ойын іс-әрекетінің толық қалыптаспауы. Қабылдауы баяулығымен
ерекшеленеді. Ойлауында сөздік-логикалы операциялар жасауы қиындықтар
туғызады. Көрнекі-әрекеттік міндеттерді шешуде ой іс-әрекетінің
сапасы мен пәрменділігі жоғарылайды. Бұл балаларда естің барлық
түрлері нашар болып, есте сақтау үшін көмекші құралды пайдалану
ептілігі болмайды. Сенсарлы операцияларды өңдеп, қабылдауларына
ұзақ уақыт қажет. Бұған қоса, оқу іс-әрекетінде ерекше көрінетін
өзін-өзі ұстау деңгейі төмендігі анықталған. Мектепке келгенде
талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау сияқты негізгі ой
операциялары қалыптаспаған болып шығады. Олар міндеттерді
бағдарлауды білмей, өз іс-әрекеттерін жоспарлай алмайды.
Орта мектептегі ПДТ бала өз мүмкіндігінің төмендігін,
үлгерімінің нашарлығын алғаш рет түсіне бастайды. Ақыл-ойы
төмен балалар сияқты бұл балаларды да арнайы оқыту және тәрбиелеу
керек.
Бұл балаларды оқыту мен түзету жұмыстары әртүрлі және өте
көп. ПДТ балалармен жұмыс жүргізу ережесі:
-жалпы білім беретін және арнайы сабақтарда бұл балалармен
жекелей жұмыстар жасау керек;
-әртүрлі оқыту құралдарын пайдалану арқылы баланы шаршатпау
керек;
-оқыту процесінде баланың танымдық іс-әрекетін белсендіретін,
тілін дамытатын, оқу дағдысын қалыптастыратын тәсілдер қолдану
керек;
-сабақ кезінде және сабақтан тыс кездегі баланың барлық іс-
әрекетіне көңіл бөліп отыру керек;
-мұғалім оқушымен жұмыс кезінде педагогикалық такт
көрсету керек; Баланың кез келген қарапайым жетістігін ескеріп,
мадақтап отыру керек. Әр баланың өз күші мен мүмкіндігіне
сенуіне көмектесу керек.
Ақыл-ойы кем ұғымының анықтамасы. Дефектологиядағы “ақыл-ой дамуы
кешеуілдеген” деген ұғым орталық нерв жүйесінің органикалық жарақаттануы
негізінде туындаған баланың танымдық іс-әрекетінің төмендеуі деп
түсіндіріледі. Орталық нерв жүйесінің жарақаттану сатысы ауырлығына
қарай, пайда болған уақыта қарай әртүрлі болады. Басқа сөзбен айтқанда,
патологиялы дамудық этиологиясы әртүрлі болуы мүмкін, ал бұл өз
кезегінде, ақыл-ойы кем балалардың зиялылық дамуында, эмоциональды
еріктік дамуында, физиологиялық дамуындағы жеке ерекшеліктерін туғызады.
Зиялылық дамуында ақаулығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, оларды
зерттеу мәселелерімен арнайы педагогиканыың бір саласы-
олигофренопедагогика айналысады. “Олгофрения” ұғымын (грекше olydos –аз
және phren-ой) неміс психиатры Э.Крепелин енгізді. Бұл ұғым арнай
педагогикада үнемі қолданылады. Бірқатар шетелдерде осыған ұқсас ұғымдар
қолданылады, мысалы ағылшын тілдес елдерде mental retardatіon-“зиялылық
дамуы кешіккен” деген ұғым пайдаланылады. Отандық арнайы әдебиеттерде
1960 жылдарға дейін “ақыл-ойы” деген ұғыммен қатар “ойлау дамуы кешіккен
” деген ұғым кең қолданылады.”Ойлауы төмен” ұғымына “ақыл-ой дамуы
кешіккен” ұғымының айырмашылығы бұл ұғым дефектінің сипаттау санын ғана
емес, санымен бірге сасын да көрсетеді,.Айтып өткеніміздей, ақаулықтың
құрылымының әртүрлі болуы ақыл-ой дамуы кешеуілдеуінің әртүрлі сатысын
туғызады. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар ішіндегі ең көп топты
құрайтын, олигофрения синдромының жетекшісі болатын ақыл-ой дамуының
кешеуілдеуі, яғни олигофрен-балалар. Олигофрения-бұл жатыр ішінде, туған
кезде, өмірге келгеннен кейінгі дамудың алғашқы сатысы кезінде орталық
нерв жүйесінің зақымдануы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой мен психиканың
жетілмеу формасы.
Олигофренияның себептері. Олигофренияның топтап бөлінуі.
Бас миының органикалық бұзылуына әкелетін эндогенді(ішкі )және экзогенді
(сыртқы) әртүрлі факторлар олигофренияның себептері болуы мүмкін.
Экзогенді факторларға жүктілік кезіндегі ананың әртүрлі жұқпалы
аурулармен ауыруы жатады, бұлар вирусты аурулар, қызылша, Боткин ауруы
(сары ауру) және т.б, сонымен бірге ана ағзасына түскен паразиттердің
жатырдағы балаға жұғуы, яғни токсоплазмоз, әртүрлі туу кезіндегі
травмалар, мысалы асфиксия.
Эндогенді (ішкі) кері факторлар туа пайда болған олигофренияға әкеп
соғады. Бұған тұқымқуалаушылық патологиясы, яғни ата-анасының әртүрлі
венерический (қан) аурумен ауыруы, ата-анасының екеуінің немесе біреуінің
ақыл-ой кемістігімен ауыруы хромосом наборының бұзылуы (хромосом
аберациясы) эндокринді жүйе (фенилкетонурия) ана мен баланың резус-
факторы бойынша қан құрамының бірікпеуі жатады.
Әсіресе алкоголик, наркоман және токсикоман ата-аналардың
жанұясында кемтар балалар дүниеге келеді. Олардың ішінде ақыл-ойы кем
балалар да бар. Алкоголизм мен наркомания ақал-ой кемістігінің экзогенді
де, эндогенді де себебі болады. Бірінші жағдайда алкоголь және наркотик
токсиндері ана мен баланың ортақ қан айналым жүйесі арқылы жатырдағы
сәбиді улайды. Екінші жағдайда алкогольді ішімдік пен наркотикті ұзақ
уақыт қабылдау ата-ананың генетикалық аппаратына патологиялық өзгерістер
туғызады, сонымен бірге баланың хромосомды және эндокринді ауруларының
себебі болады.
Арнайы клиникалық зерттеудің анықтағанындай, бас миының үлкен жарты
шарының диффузды (санды) жарақаттануы олигофренияның негізгі симптомы
болып табылады. Олигофренияда бас миының тек санды жарақаттануы ғана
емес, нейродинамикалық процесстің сапалы бұзылуы да орын алады.
Олигофренияның топтап бөлінуі.
Олигофренияда ақал-ой кемістігі дефектісінің тереңдігіне қарай үш
топқа бөлінеді: идиотия, имбецильность және дебильдер.
Идиотия-ақыл-ой кемістігінің ең терең түрі. Идиот балалар
айналадағы адамдардың, қоршаған ортаны түсіне алмайды, тіл даму функциясы
шектеулі және өте баяу дамиды, кей жағдайда дыбыстар мүлде дамымайды.
Идиот балалар моториктері бұзылған тірек-қозғалысы, айналаға бағдар
жасауды білмейді. Оларда өзіне-өзі қызмет ету дағыдысы, соның ішінде
қарапайым гигиеналық дағдылар өте баяу қалыптасады. Көбінде бұл дағдылар
мүлде қалыптаспайды. Идиот балалар оқымайды және ата-аналарының
келісімімен арнайы мекемелерде болдады. Мысалы ақыл-ойы кем балаларға
арналған балалар үйінде тұрады. Оларға өкімет тарапынан әлеуметтік көмек
көрсетіледі, қажетті медициналық көмек көрсетіледі, оларды сол жерде
күтеді және бақылайды.
Имбецилдік идиотпен салыстырғанда ақал-ой кемістігінің жеңілдеу
түрі. Имбеция балалар сөйлеуде белгілі мүмкіндіктерге не, еңбек
дағдыларының оңай түрлерін игереді. Бірақ қабылдаудың, естің, ойлаудың,
тіл функциясының моториктің және эмоциональды еріктің дефектілері бұл
балалардың көмекші мектепте оқуына да мүмкіндік бермейді. Олар құқықтық
қатынаста идиот балалар секілді қабілетсіз болып табылады, сондықтан
оларға ата-анасының немесе олардың орнын ауыстыратын адамның қамқорлығы
керек. Кәмелетке толғанша бұл балалар да ақыл-оййы кем балалар үйінде
болады. Соңғы жылдары дефектологияның ғылыми зерттеу институттарының көп
жылдық арнайы ұйымдастырған зерттеулері имбеция балалар белгілі білікті,
дағдыны арнайы жасалған бағдарлама көлемінде игеретінін көрсетті. Бұл
бағдарламада оқу, жазу мен санаудың қарапайым дағдыларын үйренумен қатар,
кейбір еңбек дағдылары қарастырылған. Бұл имбеция балалардың мектептер
мен интернаттарда арнайы ұйымдастырылғын шеберханаларда ары қарай жұмыс
істеуіне көмектеседі.
Дебилдік - ақыл ақыл-ой кемістігінің идиот пен имбецилге қарағанда
жеңіл түрі. Дегенмен, интеллект кемістігі төмендігі мен эмоционально-
волевая сфера ерекшеліктері дебил балаларды жалпы білім алатын орта
мектептің бағдарламасын игеруге кедергі жасайды,. Мектеп бағдарламасының
кез-келген пәнінің материалын оқу, оны түсінк дебил балалар үшін өте
қиын. Мысалы жазу мен сөйлеуді игергеннен кейін де сан түсінігі мен
санау, есептеу дағдысы, әріп пен буын түсінігін ұғу қиыға соғады.
Бастауыш мектеп көлеміндегі математикалық қарапайым білікті
қабылдау жоғары деңгейдегі абстракты ойлауды қажет етеді, ал бұл функция
дебил балаларда бұзылғандықтан, олар математиканың қарапайым амалдарын
үлкен қиыншылықпен меңгереді.
Уақыт пен ара қашықтықты түсіну және белгілеу қабілеті жеткіліксіз
дамығандықтан дебил балалар жалпы білім беретін орта мектептерде өтетін
тарих, география сызу, физика, химия және т.б. пәндерді оқымайды.
Мектепке дейінгі ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен
тәрбиелеу.
Ақыл-ойы кем баланы мектепке дейін арнай оқыту мен тәрбиелеудің
негізгі мақсаты дене, ақыл-ой дамуының деңгейін көтеру, арнай мектепте
оқуға дайындау. Мектепте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Мектеп жасына дейінгі III деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дамуы
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
Байланысты сөйлеуді дамыту - балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Пәндер