Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)



Жоспар


Кіріспе

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)

1 Дәстүрлі емес діни қозғалыстармен күресу жолдары
2 Діни ағымдарға қарсы күресу әдістері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Республикамыз егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің конфессиялық кеңістігі едәуір кеңейіп, түрленді. Осыған орай, халықтың діни нанымының деңгейі өсіп, діни бірлестіктердің саны төрт еседен астам көбейді. Қазақстан Республикасы әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.
Экономика өрлеп, әлеуметтік саясат тереңдеген сайын пост-материалдық, немесе рухани құндылықтар алға тартыла бастайтыны бұл тарихи заңдылық. Сондықтан бүгін бәсекелестік экономика, қорғаныс, қаржы, басқа да салаларда, әсіресе рухани салада шиеленісіп тұр.
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер дінге сенетін адамдардың санын әртүрлі статистикалық көрсеткіштермен өлшейді. Сағаттың кілті (маятнигі) сияқты атеизммен дінге бет бұрыс бар, бірақ біздің діни сеніміміз өте тайыз. Ол түсінікті де. Ол кешегі атеисттер. Шынайы бет бұрыс жастардың арасында да бар, бірақ ізденіс қай бағытта екені, екінші мәселе. Сонымен бірге сенімнің тайыздығын білген бөтен дін өкілдері ел халқын өз ықпалына көндіріп деп жатыр.
Шолуды құрастыру кезінде ашық ақпарат – жарияланған заңнамалық актілер; БАҚ мәлімдемелері; мемлекеттік органдардың ресми есептері және ресми тұлғалардың ресми мәлімдемелері; мемлекеттің адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау бойынша есептері; ЕҚЫҰ Кеңестерінің материалдары, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың баяндамалары; құқық қорғау органдарымен жүргізілетін Қазақстандағы ой, ар-намыс және дін бостандығына қатысты жағдайдың жүйелі мониторингінің нәтижелері, сондай-ақ діни сенім бостандығы құқықтарының бұзылуы туралы тұлғалардың және топтардың мәлімдемелері; қылмыстық және әкімшілік істердің материалдары және өзге ақпарат көздері қолданылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http://mckr.kz/...of.../--/16-2011-10-28-17-33-38.
2. Жандарбек, З. Елдегі діни ахуалды жаңа заң тәртіпке сала ала ма?// Шымкент келбеті. – 2011. - 23 қыркүйек.
3. http://abai.kz/content.- 2012.-10 желтоқсан.
4. www.muftyat.kz › Соңғы мақалалар › Таңдаулы мақалалар.
5. www.adilet.gov.kz/ru/node/9132‎.
6. www.knb.kz.
7. musilman.kz
8. www.antisekta-kyzylorda.kz
9. dinislam.kz
10. www.muftyat.kz

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)

1 Дәстүрлі емес діни қозғалыстармен күресу жолдары
2 Діни ағымдарға қарсы күресу әдістері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қысқартылған сөздер:

ҚР – Қазақстан Республикасы

ОАА – Орталық Азия аймағы

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ШЫҰ – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ҰҚК ШҚ – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Кіріспе

Республикамыз егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің конфессиялық
кеңістігі едәуір кеңейіп, түрленді. Осыған орай, халықтың діни нанымының
деңгейі өсіп, діни бірлестіктердің саны төрт еседен астам көбейді.
Қазақстан Республикасы әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн
демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни сеніміне
қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін
дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң
маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын
құрметтейді.
Экономика өрлеп, әлеуметтік саясат тереңдеген сайын пост-материалдық,
немесе рухани құндылықтар алға тартыла бастайтыны бұл тарихи заңдылық.
Сондықтан бүгін бәсекелестік экономика, қорғаныс, қаржы, басқа да
салаларда, әсіресе рухани салада шиеленісіп тұр.
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер дінге сенетін адамдардың санын
әртүрлі статистикалық көрсеткіштермен өлшейді. Сағаттың кілті (маятнигі)
сияқты атеизммен дінге бет бұрыс бар, бірақ біздің діни сеніміміз өте
тайыз. Ол түсінікті де. Ол кешегі атеисттер. Шынайы бет бұрыс жастардың
арасында да бар, бірақ ізденіс қай бағытта екені, екінші мәселе. Сонымен
бірге сенімнің тайыздығын білген бөтен дін өкілдері ел халқын өз ықпалына
көндіріп деп жатыр.
Шолуды құрастыру кезінде ашық ақпарат – жарияланған заңнамалық актілер;
БАҚ мәлімдемелері; мемлекеттік органдардың ресми есептері және ресми
тұлғалардың ресми мәлімдемелері; мемлекеттің адам құқықтары мен
бостандықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау бойынша
есептері; ЕҚЫҰ Кеңестерінің материалдары, үкіметаралық және үкіметтік емес
ұйымдардың баяндамалары; құқық қорғау органдарымен жүргізілетін
Қазақстандағы ой, ар-намыс және дін бостандығына қатысты жағдайдың жүйелі
мониторингінің нәтижелері, сондай-ақ діни сенім бостандығы құқықтарының
бұзылуы туралы тұлғалардың және топтардың мәлімдемелері; қылмыстық және
әкімшілік істердің материалдары және өзге ақпарат көздері қолданылды.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)
1 Дәстүрлі емес діни қозғалыстармен күресу жолдары

Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз.
Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық
тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат
қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-
дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. Секта сөзі
латынның sekta сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а)
бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. Sekta сөзінің шығуына байланысты
латын тілінде secare - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және sequi -
ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында
және басылымдарда көбіне тоталитарлық секта деген ұғым қолданылады.
Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамаларының шет елдерден
айырмашылығы - Республикада діни ағымдар мен топтардың, олардың
деструктивті бағыттағы қызметін көре тұра, секта ұғымының қандай да бір
белгісіне анықтама бермеуінде. Дегенмен, азаматтарды өз қатарына күштеп
тарту және алаяқтық жолмен физикалық және психологиялық қысым көрсететін
діни ұйымдардан азаматтарды қорғау мақсатында 2006-2011 жылдардағы
азаматтық қоғамның дамуы жөніндегі Концепцияда қолданылады.
БАҚ-да жарияланатын, әдебиеттерде, дін проблемасына арналған
материалдарда секта ұғымының негативті мағынасы кеңінен қолданылады.
Бірақ, БАҚ-да қолданылатын терминологияда бұлай деп тануға заңдық тұрғыда
еш негіз жоқ. Сондықтан, аталмыш мақсаттағы діни ағымдарды деструктивті
діни ұйымдар деп атап, бұларды 1985 жылы өткен Америкалық отбасылық Қорының
(American Family Foundation) және Новые религиозные организации Росси
деструктивного и оккультного характера анықтамасының авторын анықтауға
мүмкіндік берді. 
Қазірде елімізде етек жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар
көп. Солардың төмендегі басты-басты дегендерімен таныстыра кетейік [2,3].

Діни ағымдар атаулары Пайда болуы
Ахмади (қадияни) ағымы Үндістанның Пенджаб өлкесі Қадян
қаласында пайда болған.
Ғұлам Мұртазаұлы Ғұлам Ахмад
Қадяни(1835-1908)
Исматуллашылар тобы Пәкістаннан келген
Исматулла Мақсұм негізін салған
Уаххабилік-діни-саяси ағым УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд
өлкесінде пайда болған.
Мухаммед ибн Әбдел Уаһһаб
Салаф ІУ ғасырда Арабияда п.б.
Ахмад ибн Таймийя .
уаһһабилік ілімнің жалғасы
Әт-Тәкфир уәл Хижра
Бабизм-Бехаизм Иранда пайда болған
Хизбут-Тахрир 1953 жылы Мысырда құрылған Мұсылман
бауырластар қоғамының Палестинадағы
бөлімшесі
Иегово куәлары АҚШ-та құрылған
Милтон Эриксон
Халықаралық Кришна санасы қоғамы Нью-Йорк 1966 жыл
Мормондар Иисус Христос жайлы уағыздар
айтқанымен діннен айырмашылығы бар.
Оккультизм Латынша-
Құпия-жасырын

Таблиғи жамағат атауын алған қозғалыс туралы
Таблиғи жамағат – сөзбе сөз берер болсақ, Уағыз қауымы, 1926 жылы
Үндістанда Маулана Мұхаммад Ильияс тарапынан ұйымдастырылған саяси,
пацифистік діни қозғалыс.
Қозғалыстың ерекшелігі бағдарламасының, жарғысының, мүшелік
институтының жоқтығы. Осыған байланысты, сырт көзге бұл топ жоқ та сияқты.
Бұл ұйым көзге көріне бермейді, тиісінше, көптеген жылдар бойы
сарапшылардың назарынан тыс қалып келді.
Таблиғшылар жүйелі практика мен үй аралап, есіктен есікке жалғасқан
белсенді уағызды ең басты құндылық деп біледі. Дегенмен олар терең діни
білім алғанды құптай бермейді, оған немқұрайды қарайды, арзымайтын нәрсе
деп есептейді. Ал бізде сауатсыз уағызшылар онсыз да жеткілікті. Өткен
ғасырдың 20-шы жылдарына Үндістанда лайық болған нәрсе XXI ғасырдағы
Қазақстанға мүлде үйлеспейді.
Бұдан бөлек, бұл қозғалыстың өкілдері жұмыс істеу, отбасын бағу секілді
міндеттерді мүлде ескере бермейді. Мысалы, олар әйел, бала-шағасын тастап,
алыс сапарға кете береді. Ел аумағын адақтап кетсе мақұл, шетелдерге тартып
кетуі де ықтимал.
Бүгінгі таңда еліміз үшін жат діни ілімдердің жаппай таралу қаупі бар
екенін ескере отырып, осы мақсатқа азаматтық қоғамның барлық салауатты
күшін жұмылдыру қажет. Халықтың жалпы рухани тұтастығының құрамдас бөлігі
ретіндегі діни сауаттылықтың жеке ведомстволық емес, жалпы мемлекеттік
мақсат болып табылатынын барша қоғамның түсінуі қажет.
Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген
дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын
таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы
психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең
білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді
қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі
емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық,
қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар назарларына іліккен
жандарды отбасылық байланыстардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес діни ұйымдар саны өсуде. Бас-аяғы
жиырма жылға жетпейтін уақыт ішінде Сайентология шіркеуі (статистикалық
есеп бойынша: 2003 ж. - 1; 2008 ж. - 5; 2009 ж. - 4), Кришнаны тану
қоғамы (статистикалық есеп бойынша: 2008 ж. - 12; 2009 ж. - 10;), Фархад
атаның жолын қуған үмбеттер, Ата жолы (басқаша атауы Ақ жол), Иегова
куәгерлері (статистикалық есеп бойынша: 1990 ж. - 27; 2003 ж. - 100; 2008
ж. - 76; 2009 ж. - 78), тағы да басқа толып жатқан дәстүрлі емес діни
ұйымдар (cтатистикалық есеп бойынша: 2003 ж. - 51; 2009 ж. - 44;)
Елуіншілер, (статистикалық есеп бойынша: 1990 ж. - 42; 2003 ж. - 32; 2008
ж. - 48; 2009 ж. - 51) еліміздің түкпір-түкпірін жаулап үлгерді. Көптеген
отбасының шырқы бұзылып, түтіні түзу ұшқан талай шаңырақ ортасына түсті.
Өкініштісі, діни сауаты әлі кемеліне келмеген азаматтар олардан қалай
сақтану керектігін, қандай жолмен тойтарыс беруге болатындығын жете біле
бермейтін сыңайлы. Қой терісін жамылған қасқыр тәрізді, діннің атын
жамылған теріс пиғылды ағымдар қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін
екендігіне енді ғана ой жіберіп жатқандаймыз. Жалпы, дәстүрлі емес діни
ағымдардың көздеген мақсаты - халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа
айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу
болып табылады. 
Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас
бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның
ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі.Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен
бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол
ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады. Оның сыры неде? [3].
Бейімделгіш ұйымның ең түсініксіз жері мынада: жеке тұлға, бір топқа
айналғаннан кейін ортақ жүйеге, бір мақсатқа бойұсынады. Осылайша,
әрқайсысы дербес ойлау, әрекет ету қабілеттерінен айырылады. Жаңа күйге
енеді. Бұрын өзіндік идеясы мен сезу қабілеті бар тұлғалар топ санатына
енгеннен кейін біртұтас ұйымның мүшесіне айналады. Зерттеушілер осы ұйымның
іс-әрекеті мен психологиялық жағдайына да сипаттама береді. Мәселен, ерік-
жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге
бейімделгіш келеді. Дәстүрлі емес діни ұйымындағыларды салқын санамен
ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы
орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті
талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда,
жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі
ол өзін шексіз күшті сезінеді.
Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді.
Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес
діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес.Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті
зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра
алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады. Әрине, белгілі бір
тұлғалардың айдап салуымен ашу-ызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу,
оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті. Демек, өзіңді-өзің
қорғау үшін солардың дегеніне көнуге тура келмек. Яғни қасқырлардың
ортасында өмір сүру үшін қасқырша алысып-жұлысуға мәжбүр боласыз деген
сөз. 
Ескішіл көзқараспен өмір сүретін, аңыз-әңгімелерде айтылған жайттарды
шындыққа балайтын дәстүрлі емес діни ағым мүшелері кез келген жаңашылдықты
жақтырмайды, тіпті оны жек көруі де мүмкін. Себебі осы топ ықпалына түскен
жандар үшін ұйымдардың рәсімдері мен салт-дәстүрлері бірінші орында тұрады.
Осы орайда елімізде өріс алып бара жатқан сананы арбаушы дәстүрлі емес діни
ағымдардың, біраз елді әуре-сарсаңға салған Ата жолы, Елуіншілердің
әлегі туралы айтпай кете алмаймыз. Еліру, психопатологиялық дерттің
салдарынан долдану, өздеріне ғана мәлім жұмбақ ләззатқа бөлену, қалшылдап-
дірілдеу, жүрекпен сөйлеу - Ата жолы, мен Елуіншілердің әрекетіне тән
құбылыстардың бірі. Осы жүрекпен сөйлеу, қалшылдап-дірілдеудің сырын Ата
жолы және Елуіншілердің өздері былай деп түсіндіреді: Бұл - қасиетті
рухтың адам тәніне енуі кезінде болатын құбылыс. Осы сәтте олар өз-өздерін
және қоршаған адамдарды мүлде естен шығарады. Кейбіреулерінің көздеріне
түрлі елестер елестейді. Олар дәстүрден тыс діни ағым мүшелері миына
сіңірген бейнелерді көреді. Атап айтқанда, Ата жолындағылар, әулие-
бабалармен, аталар рухымен байланысқа түсеміз десе, ал Елуіншілер
Христосты, Мария ананы, жұмақты, тозақты, тағы басқаларын көретіндерін
айтады. Бұл феноменге қатысты халық арасында көптеген оқиғалар тіркелген.
Мәселен, бірде шіркеу қызметкері ләззатқа бөлену кезінде бір сағат бойы
басын еденге соққылаумен болған. Бір айта кетерлігі, ол ешқандай ауыр
жарақат алмаған, тіпті басының қаншалықты ауырғанын да сезбеген. 
Жаны бейімделгіш жандардың сыртқы күштердің шабуылына ұшырап, оған
қарсылық көрсете алмаған жандарға қатысты осы тектес мысалдарды көптеп
келтіруге болады.Теріс мақсатты көздейтін діни ағымдардан құрылған топтар
жалпыға ортақ құндылықтарды, тіпті мемлекеттің Ата заңын мойындамауы
мүмкін.
Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірінен орын
алған бірқатар оқиғалар осының бір дәлелі. Мәселен, Қазақстанда кең қанат
жайған Иегова куәгерлері әскерде қызмет етуге қарсы. Сондай-ақ олар
мемлекеттік әнұранымызды, мемлекеттік туымызды мойындамайды. Сол сияқты,
дәстүрлі медицинаны жоққа шығарып, тек дәстүрлі емес діни ұйымдарға ғана
табынушылар көптеп кездеседі.
Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу оңайлықпен шешімін табатын мәселе
емес. Адам осындай жағдайда бұрын тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе-
бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар жандар
өмірмен мезгілсіз қоштасып жатады. Елімізде тұрақтылыкты, дінаралык
татулықты нығайту мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап
шеккендерді оңалту мақсатында бірінші болып Қазақстанда 2007 жылы
Ю.Денисенко Қостанай қаласында Дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап
шеккендерге көмек көрсету үкіметтік емес ұйымын ашып, бөгде ағымның
ықпалына түскен жандарға тура жолға бағыттау ісінде көптеген іс-шаралар
атқарып келеді. 
Бүгінгі таңда, республикамыздың әр аймағында ашылған дәстүрден тыс діни
ағымдардан зардап шеккен жандарды қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар саны 17-
ге жетті. Осындай оңалту орталықтардың бірі Ареал діни істер ақпараттық
қорының президенті А.Рустембекова, Көкшетау қаласындағы Дәстүрлі емес
діни ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының президенті
Г.Оразбаева, облыстағы жергілікті тұрғындармен, жастармен кездесулер
өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді анықтау, олардың
ақиқат жолдан адасуына ықпал еткен себеп-салдарын зерттеу, азаматтардың
теріс діни бағытқа өту процесін тоқтату барысында үгіт-насихат жұмыстарын
күшейтуде. Зардап шеккен жандарға арнайы тәжірибелі психолог мамандар кеңес
беруде. Олар қазіргі күрделі ахуалды жұртшылыққа көмек көрсету үшін барлық
мешіттерде сабырлылық, рухани азық, күмәнге жауап бөлмелерін ашып,
заңгерлік көмектер көрсетуді қолға алған. Осының бәрі - теріс мақсатты діни
ағымдар ықпалына еріп, ой-санасы тәуелсіз күйге түсудің салдарынан болып
жатқан оқиғалар. Сол себептен, азаматтардың діни сауаты кемел болса ғана
оларға лайықты тойтарыс беруге болады.
Дін істері агенттігі конфессияаралық келісіммен қамтамасыз ету,
азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын және діни бірлестіктермен өзара
байланыс салаларын, сондай-ақ аталмыш бағыттағы сала аралық үйлестіруде
мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып
табылады.
Татулық пен тұрақтылық Қазақстанның ішкі саясатының басты басымдығы
және де республикамыздың өрлеп өркендеуінің қажетті алғышарты болып
табылады, сондықтан да мемлекетте оларды қамтамасыз ететін тұтастай бір
жүйе қалыптасқан. Осы жүйеде Агенттік өзіндік орынға ие.
Бүгінгі дін секілді өте нәзік саладағы тұрақтылыққа төнген сын
тегеуріндер мен қатерлер экстремизм түрінде бой көтерді. Идеология, теріс
пиғылға үндеу яки лаңкестік әрекеттер арқылы діни экстремизм өзіне жол
салып жатыр.
Сөз жоқ, біз Қазақстан Республикасының Экстремизмге қарсы іс-қимыл
туралы Заңына сәйкес діни саладағы экстремизмге тойтарыс беріп, ымырасыз
күресуге тиіспіз. Осы Заңға сәйкес, діни экстремизммен күресу мемлекеттік
органдардың қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен азаматтардың
бостандықтарын, конституция негіздерін қорғауға бағытталған шараларды
жүзеге асыру көпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін
экстремизм қатерінен қорғап, экстремизмнің алдын алу, анықтау, жолын кесу
және оның салдарын жою, сондай-ақ экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын
себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың
басты міндеті. Бір сөзбен айтқанда, заңнамалық деңгейде экстремизмнің
тамырын терең жаюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңінен бастап оны
залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі.
Экстремизмнің алдын алу профилактикалық жұмыстарда көрініс табады. Атап
өтілген заң бойынша, бұл – құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік,
насихаттық және өзге де шаралардың қалыпты жүйесі.
Отандық заңнаманың нормаларын орындау үшін Агенттік өз Ережесінде
бекітілген ақпараттық-насихаттық шараларды жүзеге асыру міндетіне ден
қояды. Осы міндеттің аясында халық арасында  діни экстремизмнің алдын алу
үшін ақпараттық-насихат топтары құрылып, олар Агенттік пен оның жергілікті
департаменттері басшылығымен бүкіл Қазақстан аумағында ақпараттық жұмыстар
жүргізуде. Мұндай топтардың құрамына имамдар, дінтанушылар, ғалымдар, дін
істері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері
кіреді. Жұмыс барысында ақпараттық-насихат топтары халықтың барлық
әлеуметтік топтарын қамтуға тырысуда, бұл жұмыстарда бірінші кезекте,
әрине, жастар ортасы кеңінен қамтылуда. Бұл ретте қалың бұқараға діннің
шынайы гуманистік бастауларын көрсетіп, дәстүрлі рухани құндылықтармен
дәріптеу және де радикалды діни жамағаттарға қосылудың қатерлілігі
турасында ақпараттар беру басты назарда.
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында осынау ақпараттық-насихат топтары
1600-ден астам іс-шара, яғни семинарлар, отырыстар мен дөңгелек үстелдер
республика деңгейінде өткізілді, жұмыс аясына жалпы саны 53 мың адам
қамтылды.
Бәріміз экстремизм атаулының идеология ілгішінен басталатынынан
хабардармыз, яғни, адамдарды мотивациялап іс-әрекетке итермелейтін идеялар
шоғыры. Сондықтан да діни экстремизмді КСРО тарауының көп салдарының бірі
ретінде көрсетсек қателеспейміз. Ескі идеалдар құлады, ал қоғам жаңаларын
қалыптап үлгермеді. Міне, нақ сол сәтте посткеңестік кеңістікке әлемнің
түкпір түкпірінен қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың
әралуан нұсқалары ентелей енді. Бұл дүрмектен шетелдік діни және діни-саяси
топтар да тыс қалмады. Бұған біздің батыс шекарамызға таяу аумақта Ресей
Федерациясының лаңкестерге қарсы әскери қимылдар жүргізгенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету
Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
Қазақстандағы миссионерлік әрекет
Дінінің пайда болуы және даму кезеңдері
Пәндер